СОӨЖ

Тақырыбы: Клиника бөлімшелеріндегі емдік қорғаныс режимі

Жоспары:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  • Емдік қорғаныс режиміне анықтама беру
  1. Емхана мен стационардағы емдік қорғаныс режимін қамтамасыз етудің ерекшеліктері мен маңыздылығы.
  2. Қорытынды
  3. Пайдаланған әдебиеттер
  1. Кіріспе:

Емдік қорғаныс режимімен қамтамасыз ету барлық медицина қызметкерлерінің міндетіне жатады. Бұл науқастың барынша тыныштығын сақтауға арналған жинақты шаралар. Белгілі мейірбике Флоренс Найтингель айтқан: «Науқасқа бәрінен де күшті әсер ететін қажетсіз шу мен бейберекетсіздік. Ондай жағдайда науқастар қатты қозып, бір нәрсені күткендей онан сайын мазасыздана түседі».

Сондықтан да  стационар мен емхананың әр бөлімшелерін емдік қорғаныс режимімен қамтамасыз етудің ерекшеліктері туралы айтылады, сонымен қатар емдік мекемелерде де міндетті түрде емдік қорғаныс  режимін қатаң сақтау керек.     Емдік қорғаныс режимінің ерекшеліктері туралы мәлімет алып, оның қалай орындалып отыратыны туралы айтылады және қолданылу бағыттары көрсетілген.

Емдік қорғаныс режимі туралы түсінік және негізгі элементтері.

Жалпы  айтқанда  емдік  қорғаныс  режимі  дегеніміз  – науқасты  максимальды  физикалық  және  психикалық тыныштықпен  қамтамасыз  етуге  бағытталған  сақтандыру және  емдік  шаралардың  жиынтығы.  Бұл  режимнің  негізінде науқастың  ағзасына  зиянды  әсер  ететін  сыртқы  ортаның факторын  жою  шектеу  жатыр.  Негізгі  емдік  қорғаныс режимінің  бірнеше  элементі  бар.  Олар:

1.Науқастың  психикалық  қорғау  режимімен  қамтамасыз ету.  Бұл  бөлімшеде  тыныштық  сақтау  арқылы жүргізіледі,  яғни  әр  медицина  қызметкерлері  бір-бірімен ақырын  сөйлеуін  және  телевизордың  дауысын  қатты шығаруға  рұқсат  бермеу  керек.     Психологиялық  тыныштық  бөлімшедегі  интерьерге  де  байланысты: холлдағы  және  палатадағы  қабырғалар  ашық түспен  боялуы  қажет,  холлда  жұмсақ  жиһаз,  кілем-алашалар,  телевизор,  гүлдер,  журнал  столы  болуы  керек. Науқастың  психологиялық  тыныштығын  сақтауда бөлімше  медицина  қызметкерлерінің  медициналық  этика мен  деонтология  принциптерін  қатал  сақтаудың  да  әсері зор.  Физиологиялық  жіберулерде  немесе  науқас  жағдайы кенеттен  нашарлағанда  жедел  көмек  көрсетуге  арналған манипуляцияларды  жүргізгенде  науқасты  басқалардан ширма  арқылы  бөлу  де  науқастың  психикасына  оң  әсер етеді.  Науқасқа  айтылған  әр  жылы  сөз  «оның  жазылуға деген  үмітін  жандыратынын»  ұмытпау  керек.

2.Ішкі   күн  тәртібі  ережесін  қатал  сақтау. Күндізгі  және түнгі  демалыс  кезінде  жинастыру  жұмыстары  арқылы  науқастың  ұйқысын  бұзбау  керек.  Бөлімшеде  науқастардың  күн  тәртібін  бұзбауын  қадағалау  және  медицина  қызметкерлерінің  өзі  де  бұзбауы  керек: науқасты  уақытынан  ерте  оятпау,  телевизор  және  радионы  уақытында өшіру  (түнгі  22  сағаттан  кейін  қостырмау).

  1. Науқастың қозғалыс белсенділік  режимін  қамтамасыз  ету.  Бұл  әсіресе  халі  ауыр  науқастарға  байланысты.  Мысалы,  жедел  миокард  инфарктісі,  гипертониялық  криз,  қан  айналуының  созылмалы  жетіспеушілігі  т.б.  Осы  аталған  ауруларды  қозғалыс  белсенділігін  аз  ғана  ұлғайтқан  жағдайда  науқастың  жағдайы  нашарлауы  мүмкін  және  кейде  ол  жазылмайтын   асқынуларға,  өлімге  дейін  алып  келеді.  Сондықтан  дәрігер  тағайындаған  белсенділік  режимі  қатал  сақталуы  тиіс.

Емдеу  мекемелінде  қозғалыс  белсенділігінің  4  түрі  қолданылады:

  1. Қатал төсек режимі
  2. Төсек режимі
  3. Палаталақ режим
  4. Жалпы режим

Қатаң  төсек  режимі  жедел  ауыр  ауруларды  қолданылады.  Науқасқа  тұруға,  отыруға,  кейде  бір  жағына  қарай  аунауға  да  қатаң  тиым  салынады.  Барлық  санитарлық-гигиеналық  шаралар  (гигиеналық тазалау,  жайманы  ауыстыру,  дәрет  ыдысын  беру)  тамақтандыру  мейірбике  арқылы  жүргізіледі.  Науқасты  тасымалдау,  емдік-диагностикалық  манипуляциялардың  өзі  де  абайлап  тыңғылықты  жұмыс  істегенді  қажет   етеді.  Режимнің  ұзақтығы  науқастың  жағдайына,  ауруының  ағым  ерекшелігіне  байланысты  тағайындалады.

Жағдайы жақсарып,  асқынулар  болмаса  науқасқа  төсек  режимі   тағайындалады.  Бұл  режимді  науқасқа  төсекте  бір  жағына  қарай  аунауына,  дәрігер  мен  мейірбикенің  бақылауымен  жеңіл  гинекологиялық  жаттығулар  жасауға,  соңында  төсек  шетіне  отыруға  (аяғын  түсіріп) рұқсат  беріледі.

Палаталық  режимде   науқас  төсек  жанындағы  орындыққа  отырады,  кейде  белгілі  бір  уақытта  палата  ішінде  жүрге  болады.  Туалет,  науқасты  тамақтандыру,  манипуляциялар  палатада  жүргізіледі.

Жалпы  режим  науқас  коридор,  табалдырықта,  аурухана  аймағында  еркін  жүреді.

Науқас  өзіне-өзі  қызмет  көрсете  алады.  Науқастың  емдік  қорғанысы  режимін  сақтауды  қадағалау  мейірбикенің  негізгі  міндеті  болып  саналады.

Емхана  мен  стационардағы  емдік  қорғаныс  режимімен  қамтамасыз  ету  ерекшеліктері

Мәселен,  қатал  төсек  режимі  кезінде  мейірбике  науқасқа  көмегін  көрсете  білуі   керек.  Себебі  бұл  халі  ауыр  адамдарға  тағайындалаған  режим.  Мейірбике  науқасқа  қозғалуына Емхана  –  біріккен  аурухана  құрамына  кіретін  емдеу  профилактикалық  мекеме.  Емханадағы  барлық  диагностикалық  кабинеттер  бар,  олар  қазіргі  құрал-жабдықтармен  және  ең  жаңа  аппараттармен  жабдықталған,  оның  өзі  сырқатты  білікті  медициналық  жәрдеммен  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  береді.  Емханада  дәрігерлерді  барлық  мамандық  бойынша  қабылдайды.  Лабораториялық,  рентгендік  және  басқа  түрлі  тексерулер  жасалады.

Ауруханалар  –   төсек  тартып  жатқан  сырқаттарға  арналған  емдеу-профилактикалық  мекеме. Денсаулық  сақтау  министрлігі  бекіткен  нормативтер  бойынша  іске  асырылады.  Қазіргі  ауруханалар  қажетті  емдеу  диагностикалық  аппараттармен, құралдармен  жабдықталған  медициналық  мекеме.

Әрбір  емдеу  мекемелерінде  әртүрлі  бөлімшелер  болады.  Жоғарыда  айтып  кеткендей  бөлімшелерде  емдік  қорғаныс  режимі  қамтамасыз  етіліп  отыруы  керек.  Мысалы,  аурухананың  әкімшілік-шаруалық,  емдеу,  қабылдау  бөлмелері  бар,  ал  емханада  процедуралық,  диагностикалық  және  лабораториялық  бөлімшелер  бар.  Олардың  әрқайсысының  өз  емдік  қорғаныс  режимі  мен  қамтамасыз  етудің  негізгі  ерекшеліктері  бар.  Мысалы,  процедуралық  кабинетке  науқас  келгенде,  мейірбике  оның  ішіндегі  тәртіпті  қалай  сақтау  керек  екендігін  түсіндіреді.    Емдеу  шарасы  жүріп  жатқан  жерде  тыныштық  сақтай  білу  керек.  Жоғарыда  айтылып  кеткен  емдік  қорғаныс  режимінің  элементтері  де  қолданылады.  Ол  әр  бөлімшеде  әр түрлі  болып  жүргізіледі.  Емдеу  мекемелерінде  емдік  қорғаныс  режимді  мейірбикелер  жұмыс  атқарады.  Ол  науқасқа  бақылау  жасап,  дәрігердің  айтқан  жұмыстарын  бұлжытпай  орындап  отырады.  Мысалға,  айтып  кеткендей  емдік  қорғаныс  режимі  бірнеше  элементтен  тұрады.  Соның  психикалық  жыныстық  қорғау  режимі  кезінде  бөлімшеде  тыныштық  сақталып  отыруын  қамтамасыз  етеді,  ал  ішкі  күн  тәртібі  ережесін  қатал  сақтауда  науқастың  күн  тәртібі  күнделікті,  дұрыс  болуын  қадағалайды.  Ең  маңыздысы  мейірбикенің  қызметі  зор,  бұл  науқастың  қозғалыс  белсенділігін  қамтамасыз  ету.  Оның  өзі  бірнеше  түрден  тұрады.  Оның  әрқайсысының  өз  емдік  қорғаныс  режимі  бар.  Науқасты  дұрыстап  орналастырып,  оған  ыңғайлы  болатындай  оған  қамқорлық   жасау.  Мейірбике  өз  ,  тамақтануына  көмек  көрсете  білуі  керек.  Емдік  қорғаныс  режимін  қамтамасыз  ету  мейірбикенің  қызметінің  ең  маңыздысы  болып  табылады.

Қорытынды:

Науқастардан күн тәртібін сақтауды талап ету керек. Сонымен қатар    міндетті  түрде мейірбикелердің өздері де оны орындап  отырулары  керек.  Әсіресе  бұл  режим  емдеу  мекемелерінде қатаң сақталуы тиіс. Стационар  мен  емхананың  әр  бөлімшелерінің  емдік  қорғаныс  режимінің  өз  ерекшеліктері  бар. Медицина қызметкерлері оның  бәрін  бір-бірінен  ажырата  білу  тиіс. Күн тәртібін бұзған науқастарға тиісті шараларды қолдана білуі керек.

Пайдаланған  әдебиеттер:

  1. “Дәрігер”, ав: М. Сискенов Алматы 1982 ж “Қазақстан” баспасы  19-20 беттер
  2. “Сақтану денсаулықтың кепілі”, ав: Ж. Султанов Алматы 1970 ж Алматы “Қазақстан” баспасы 31-32 беттер.
  3. “Медбике ісі негіздері”  ав: У. Жақынбай Алматы 2007ж, “Арыс” баспанасы 12,142, 158, 160 беттер.
You May Also Like

Мінездің жіктелуі СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы: Мінездің жіктелуі Жоспар: 1.Мінез туралы жалпы ұғым. 2.Мінез бітістерінің түрлері.…

Босану әрекеттерінің ауытқулары, СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы:  «Босану әрекеттерінің ауытқулары». Орындаған: Қазақбай Б.А Тексерген: Жанабаева С.У. Қарағанды…

Синонимия грамматические конструкции. Употребление однородных членов в простом предложений, СРС

СРС Тема: Синонимия грамматические конструкции. Употребление однородных членов в простом предложений ВВЕДЕНИЕ…

Ақпаратты сақтау және қорғау әдістері, СӨЖ

Жоспар Кіріспе Ақпаратты қорғау Ақпаратты қорғаудың мақсаты Ақпаратты қорғау әдістері Ақпаратқа төнетін…