СӨЖ

Тақырыбы:Ақпаратты жинау әдістері мен тәсілдері

ЖОСПАР

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

А)Ақпаратты жинау әдістері және түрлері

Б) Ақпаратты жинаудағы негізгі көңіл аударатын мәселелер

ІІІ.Қорытынды

ІV.Пайдаланылған әдебиеттер

Әлеуметтану басқа ғылымдар сияқты белгілі бір әдістеме жүйесіне арқа сүйейді, яғни ақпараттарды жинау мен өндеуде және талдаудан өткізуде әр түрлі тәсілдер мен ережелерге бағынып, оларды басшылыққа алады.

Зерттеудің мәселесінің  тұжырымдалуы мен негізделуі

Нақты социологиялық зерттеуді өткізудің себебіне әлеуметтік өмірдің қарама-қайшылығы болып табылады. Осылай, мысалы тұлға дамуының қажетті деңгейі мен оқу орын түлектерінің жалпы дамуының шын деңгейі арасында қайшылықтар әлеуметтік мәселені құрайды.

Объективті  қарама-қайшылықтың сипаты, әлеуметтік мәселенің негізінде жататын,  зерттеу түрін  айқындайды.  (оның теоретикалық немесе қолданбалы бағытын)

Әдетте, эмпирикалық социологиялық зерттеу  аралас болып табылады:  ол тек  тәжірибелік ғана емес, сондай-ақ  ғылыми мәселелерді шешеді.

Мәселелік әлеуметтік жағдай  ғылыми мәселеде  нақты  бейнеленеді, онда ол  қоғам сұранысы мен білімі арасындағы қарама-қайшылық ретінде және оны белгілі әрекеттер негізінде ұйымдастыруда  іске асырудың жолдарын мен  амалдарын білмеуден тұрады.

Егер әлеуметтік мәселені  белгілі құралдармен шешуге болса, онда бұл тәжірибелік мәселе болып табылады.  Ғылыми мәселелерді шешудің ерекшелігіне жаңа білім алу, сондай-ақ мәселенің тәжірибе аспектісін ғылымимен ұштастыру  жатады.

Зерттеу мәселесін тұжырымдау үрдісінде  едәуір толық және айқынды көрініс алуға  тырысады.  Шын әлеуметтік жағдайды көрсетпейтін немесе бұрын шешілеген қиындықтарды алға мақсат етіп қоюдан бас тарту керек.

Кең жоспарлы мәселелерді қоюдан да бас тартқан жөн, себебі бір зерттеу шеңберінде бірнеше мәселерді шешу мақсатсыз болып келеді.

Зерттеу объекті мен  пәнін белгілеу

Социологиялық зерттеудің  объектісіне  кең мағынада әлеуметтік үрдіс немесе әлеуметтік шындық саласы, немесе әлеуметтік қарама-қайшылықтан тұратын, қандай да бір  қоғамдық қатынастар жатады.

Тар мағынада социологиялық зерттеу  объектісіне  қандай да бір әлеуметтік мәселенің,  яғни адамдар қауымдастығының  және олардың әрекетінің белгілі қасиеті болып табылады.

Зерттеу объектісін  суреттеу барысында  келесі сипаттамаларды ескеру қажет: кәсіптік ерекшелігі, кеңістік шектеулігі (ауыл, қала), функционалды бағыттылығы (өндірістік,  тұрмыстық, саяси және т.б.),  уақытша шекаралары (зерттеу  жүргізу  мерзімін белгілейді).

Социологиялық зерттеудің кезеңдері өндірістік циклдарға  байланысты белгіленеді(жұмыс күні, жұмыс сменасы).

Зерттеу пәні зерттеу мәселелерін  едәуір толық айқындайтын, объект қасиеттері мен  жақтарынан тұрады.

Зерттеу мақсаттарын белгілеу

Социологиялық зерттеудің мақсаты  айрықша оның бағытын – теоретикалық немесе  қолданбалы белгілейді. Зерттеу бағдарламасы   қандай мәселені шешу үшін және берілген зерттеу қандай нәтижеге бағытталады   деген нақты сұраққа жауап беру керек.

Мақсат пен гипотезаларға  сай  зерттеу міндеттері  айқындалады, олар негізгі және негізгі емеске бөлінеді.

Негізгі зерттеу міндеттері орталық сұраққа жауап ретінде  зерттеу мәселелерін шешудің құралдары мен жолдары қандай деген ізденісінен  тұрады.

Негізгі емес міндеттер зерттеу мәселесіне тікелей қатысы жоқ, қосымша гипотезаларды тексеру үшін қойылады.  Негізгі емес міндеттер жаңа бағдарлама бойынша,  жаңа  зерттеу  дайындауға көмек көрсете алады.

Зерттеу гипотезаларын тұжырымдау

Зерттеудің жалпы  бағыты тұжырымдалған гипотезалармен  белгілену керек.

Гипотеза  — бұл  ғылыми ұсыныс, қандай да бір фактілерді, құбылыс пен үрдістерді  түсіндіруге, оларды мойындау немесе жоққа шығарудан тұрады.

Ғылыми гипотеза, тек  зерттеу объектісін алдын ала  талдау нәтижесінде ғана тұжырымдалуы  мүмкін болады.

Ғылыми негізделген гипотеза бірқатар талаптарға  жауап беру керек:

1) әлеуметтік үрдістердің ғылыми танымының   теоретико-әдістемелік  негізі болатын, жалпы социологиялық қағида  принциптеріне сай келу керек;

2) әлеуметтік фактілерді түсіндіретін гипотезалар, бірқатар салаларда  ақиқаттылығы берілген салада дәлелденген қағидаларға қарама-қайшы келмеу керек.  Бірақ жаңа қағидалар ескі қағидаларға  қарама-қайшы келуі мүмкін.

Гипотезалардың дәйектігін  өсіру үшін, келесі ережелерді жетекшілікке алу жөн: өзара байланысты  гипотезалардың  мүмкін біршама көп санын  қоюға ұмтылу және  әр гипотеза үшін мүмкін эмпирикалық көрсеткіштерді  белгілеуге тырысу керек. Әлеуметтік объекті зерттеуде  бейнелеу және  түсіндірмелі гипотезаларды ажыратады.

Бейнелеу — бұл  зерттеу объектінің  құрылымдық және функционалдық  байланыстары жөнінде  ұсыныстар.  Олар  әлеуметтік  объектінің классификациялық  сипаттамаларына жатқызыла алады.

Түсіндірмелі гипотезалар — зерттеу объектісінің  себеп-салдар  байланыстары жөнінде  ұсыныстарды белгілейді.

Маңызы мен сипаты бойынша гипотезалар  негізгі және қосымша болып ажыратылады.

Түсініктердің интерпретациясы мен операционализациясы

Бағдарламаның бұл бөлімінде түсініктердің операционализациясы мен  интерпретация процедуралардың көмегімен  социологиялық зерттеудің теоретикалық концепциясы  бастапқы ақпарат  жинаудың инструментарийне айналады.

Социологиялық  талдау пәнінің мәнін ашуға зерттеу мәселесінің теоретикалық түсінуіне қызмет ететін, бірқатар шешуші түсініктер мен категориялар қолданады.

Қолданылған негізгі түсініктердің мағынасын ашу  интерпретациялау деп аталады. Түсініктің  мазмұны  толық ашылды деп  айтуға  болады, тек сол жағдайда,  егер  оның интерпретациясы  екі бағытта  жүреді: берілген ұғымды басқа  ұғымдармен салыстыру  (түсініктердің теоретикалық  интерпретациясы) мен  оны берілген бақылау мен экспериментімен салыстыру (түсініктердің эмпирикалық интерпретациясы).

Көбінесе негізгі түсініктер басқа жеке түсініктерден құралады. Осылай, «Өңдірістік ереже  жағдайы» негізгі түсінігі  бірнеше түсініктерден тұрады: « еңбек ереже жағдайы», «технологиялық ереже жағдайы», өз арада «еңбек ереже жағдайы» түсінігі жоспарлы тапсырмалар мен орындау нормаларын атқаруды; ішкі еңбек тәртібінің ережелерін орындау;  жұмыс уақытының қолдану режимін, жетекшілердің бұйрығын орындау және т.б. білдіреді.

Осыған байланысты,  басты түсініктердің интерпретациясы  оның  құрушылардың ажыратылуын белгілейді.  Негізгі түсініктерді интерпретациялауын жалғастыру және бөлшектендіру  операционализация түсінігі деп аталады.  Ол   негізгі түсініктерді  сипаттайтын,  жеке түсініктердің  ізденісін іске асырады.

 Зерттеу жиынтығын анықтау

Зерттеу объектісі 500 не одан жоғары болса, сұрыптау әдісі қолданылады.

Сұрыптау әдісі зерттеу объектісінің минимумын зерттеу барысында, генералды жиынтық жөнінде көріністі толық қалыптастыру.

Көптеген әлеуметтік үрдістер  социологиялық зерттеу бағдарламасымен белгіленген шеңберінің пәні болып табылады және өзінің территориалдық  уақыт шекаралары бойынша, генералды жиынтықты құрайды.  Әрбір зерттеу жиынтығын  белгілі қасиет сипаттайды,  оның мәңі  бойынша, берілген объекттің генералды жиынтыққа жататынын немесе жатпайтынын  үнемі белгілеуге болады. Осылай, генералды жиынтық  негізінде  берілген қала  тұрғындарын, кәсіпорынның  өндірістік персоналын,  студенттерді және т.б. қарастыруға болады.  Генералды жиынтықтың берілген бөлігі  бақылау объектісінің негізі ретінде айқындалатын,  сұрыптау жиынтығы деп аталады.  Сұрыптау жиынтығы  генералды жиынтықтың микромоделі  болып белгілену керек.  Сұрыптау жиынтығы  сапалық сипаттамалар мен бақылау  қасиеттері  негізінде зерттеледі және генералды жиынтық  құрылымымен сай келу керек.  Сұрыптау жиынтығының  элементтеріне  байқау бірлігі жатады.

Негізгі элементтерін сұрыптау үрдісінде үнемі бақылау бірлігі, яғни, зерттелетіндер болып табылмайды. Басында кәсіпорын, мекеме, кейін мектеп, отбасы таңдалады. Әр кезеңде белгілі жоспар бойынша, таңдалынатын   элементтер (кәсіпорын, респонденттер тобы) сұрыптау бірлігі деп аталады.

Генералды жиынтыққа  толық, айқын  сипаттама  беретін, сұрыптау қасиеті репрезентативтілік деп аталады.  Сұрыптаудың негізгі принципіне  барлық генералды  жиынтық элементтеріне  сұрыптауға түсу тең шарттармен қамтамасыз ету.  Сұрыптау негізі – бұл генералды жиынтық  элементтерінің тізбегі. Негізіне меке қызметкерлерінің алфавиттік  тізімі, пропуск номерлері және т.б.  қызмет ете алады. Сұрыптау түрі:

1) қарапайым кездейсоқ – барлық элементтері белгілі, біртүбірлі жиынтықтан тұрады және кездейсоқ сандар кестесі көмегімен сұрыптау таңдау  бірлігімен іске асырылады

2) жүйелік сұрыптау;

3) ұялы;

4) стратификациялық;

5) көпсатылы;

6) квоталық.

Бағдарламаның әдістемелік бөлімінде қолданылған әдістердің сипаттамасы және  бастапқы социологиялық  ақпарат  жинақтау тәсілдері, қолданылған инстументарийдың  логикалық құрылымы, зерттеу пәнінің сипаттамасы кіреді. Инстументарий өзіндік құжат ретінде  бағдарламаға тіркеледі.

ІІ.Социологиялық зерттеу — методологиялық, методикалық және ұйымдастырмалы – техникалық процедуралардың логикалық жалғастырмалы жүйесі, бір-бірімен ортақ мақсатпен  байланысты: зерттеу құбылысы немесе үрдісі жөнінде  мәлімет алу және  оны әлеуметтік басқару тәжірибесінде қолдану.

Социологиялық зерттеу төрт  өзара байланысқан  кезеңнен тұрады:

—    зерттеуге дайындық;

—    бастапқы ақпаратты жинақтау;

— жиналған ақпаратты өңдеу және ЭВМда өңдеуге  дайындау;

— өңделген ақпаратты талдау. Зерттеу нәтижелері бойынша,  есеп дайындау, қорытындыларды және кепілдемені тұжырымдау.

Барлау зерттеу – социологиялық зертеулердің ең қарапайым түрі. Ол шағын зерттеу жиынтығын қамтиды және қарапайым  бағдарлама  мен көлемі қысылған инструментарийге негізделеді. Барлау зерттеу терең және көлемді зерттеудің алдын ала сатысы ретінде қолданылуы мүмкін (егер қиындық аз немесе мүлде зерттелмеген жағдайда). Бастапқы ақпарат жинаудың ең қарапайым әдісі қолданылады (әдейі әдебиеттің анализі, эксперттерді сұрау).

Суреттеу зерттеу. Мақсаты мен міндеті  бойынша, ол зерттеу құбылысы және оның  құрылымдық кезеңдері жөнінде  біршама тұтас  түсінік беретін эмпирикалық мағлұматтарды алуды көздейді. Толық өңделген бағдарлама бойынша жүргізіледі. Суреттеу зерттеу түрі  талдау объектісі  — үлкен адамдар қауымдастығы (қала, аудан, облыс, аумақ халқы) болған кезде қолданылады.

Аналитикалық зерттеу – зерттелетін құбылыстың  құрылымдық элементтерін бейнелеуді ғана мақсат қоймайды, сондай–ақ  тәжірибелік құндылығы  жоғары болып келетін негізінің себептерін айқындауға бағытталған, социологиялық  зерттеудің тереңдетілген түрі болып табылады.  Аналитикалық зерттеу дайындығы  біршама уақыт талап ететін, мұқият  құрастырылған бағдарлама мен инстументарийды талап етеді. Зерттеу объекті жөнінде көрініс алу үшін, барлау және  бейнелеу зерттеу түрлерін қолданады.

Қолданылған әдістер негізінде  бұл зерттеу  жиынтық сипатқа ие болады. (зерттеудің әртүрлі әдістері қолданылады)

Социологиялық зерттеу түрін таңдаудан кейін, социологиялық зерттеу бағдарламасын  құрастыруға көшеді. Бұл құжаттың ғылыми  негізделу дәрежесінен  жүргізілген социологиялық зерттеудің сапалық деңгейі айқындалады.

Социологиялық зерттеу  бағдарламасы – ғылыми құжат,  әдістемелік тәсілдердің жан-жақты теоретикалық негізделуін және  барлық бөлімдері бір  тұтасқа біріккен, әлеуметтік үрдіс немесе құбылысты зерттеуде әдістемелік амалдарды  қолданудан тұрады.

Зерттеу бағдарламасы  екі бөлімнен тұрады – әдістемелік және  әдістік. Әдістемелік бөлім мәселенің  негізделуі мен  тұжырымдауын, зерттеу мақсаты мен міндетін суреттеу, зерттеудің обьекті мен пәнін анықтау, негізгі ұғымдардың логикалық талдауын жасау, жұмыс гипотезаларын тұжырымдаудан тұрады. Бағдарламаның әдістік бөліміне зерттеу жиынтығын  анықтау (сұрыптау), бастапқы ақпарат жинауда қолданылған әдістерге сипаттама беру, ақпарат жинаудағы инструментариялардың логикалық құрылымы, логикалық кестелер және оның ЭВМ-да өңдеу элементтері  кіреді.

Бағдарлама жұмыс жоспарымен толықтырылады. Онда жұмыс кезеңдері,  зерттеуді жүргізу уақыты, ғылыми, ұйымдастыру және қаржы шығындарының көлемі реттеледі.

Тәжірибенің белгілеуі бойынша,  бағдарламаны құрастыруға  зерттеуді жүргізуге қарағанда көп уақыт қажеттілігін белгіледі. Мұқият құрастырылған социологиялық зерттеу  бағдарламасы  оның жоғары ғылыми дәрежеде іске асыруының  кепілдеме шартының бірі есептеледі. Бағдарламаның негізгі элементтері ұсынылатын оқулықтарда (4,5,6) жеке-жеке қарастырылатындықтан, ерекше назар талап ететін,   бағдарлама бөліктерінің сипаттамасына  тоқталайық.

Әлеуметтану ақпараттарының қайнар кезі болып есептелетін құжаттардың алуан түрлі топтамалары бар. Сонымен, құжаттар мынандай топтарға бөлінеді:

1) ақпараттың техникалық құралдарда белгіленуіне орай ерекшеленетін құжаттар. Бұның өзі үш түрді қамтиды:

а) жазба түріндегі құжаттар, оған қолжазба мен баспасөз басылымдары жатады;

б) секенографиялық құжаттар, бұған кино, фото, бейнелеу, сурет түріндегі құжаттар саяды;

в) фонетикалық құжаттар, яғни дыбыспен берілетін магнитофон, күйтабақ жазбалары жатады. Айта кететін бір жай, құжаттық ақпаратты сақтайтындардың жаңа түрлері мыналар: микрофильмдер, ЭВМ дискісі, т.б. Жазба құжаттардың кен тарағаны архив материалдары, статистикалық есептемелер, ғылыми жарияланымдар, баспасөз басылымдары, т.б.;

2) құжаттың түпнұсқасының статусына жатқызылғандар немесе авторына бөлініп берілгендер ресми және ресми емес құжаттарға ажыратылады. Ресми құжаттар деп лауазымды адамдардың, қызметкерлердің арнайы дайындаған құжаттарын айтады. Бұған мемлекеттік статистика мен мемлекеттік архив мәліметтері, жиналыс хаттамалары, т.б. жатады. Ал ресми емес құжаттарды жеке адамдар жасайды, яғни хаттар, күнделіктер, т.б. ресми емес деп атауға болады;

3) ақпараттың сақталу көзіне орай ол бастапқы және екінші рет жасалған құжаттар болып екіге бөлінеді. Бастапқы құжаттар — тікелей бақылаудың немесе сауалнама өткізудің негізінде алынған мәліметтер, ал екінші қатардағы құжаттар бастапқы құжаттарды сипаттаушы немесе қорытындылаушы болып саналады;

4) мақсат – міндетке қарай ажыраған құжаттар, бұған зерттеу бағдарламасына сәйкес ғалымдардың күшімен алынған материалдар, басқа да мақсаттар үшін жасалған қолдағы құжаттар жатады;

5) мазмұнына қарай бөлінген құжаттар. Бұлар экономикалық, құқықтық, тарихи, техникалық, т.б. болып топтасқан. Зерттеуші өз кызметінде көбіне-көп жазба құжаттармен, әсіресе әдебиеттермен, баспасөз басылымдарымен және машинкаға басылған материалдармен жұмыс істейді. Ол тұрақты түрде статистикалық түп нұсқалар, есеп беру баяндамалары, мақалалар, сондай-ақ коғамдық пікірді білдіретін баспасөз және теледидар мәліметтеріне арқа сүйейді.

Құжаттармен жұмыс істегенде зерттеуші олардың сенімділігіне назар аударуы қажет. Осыған орай құжаттан алынар ақпараттың сенімділігін тексерістен өткізетін ережені білу шарт. Мұндай ережеге мыналар жатады:

1)    Оқиғаларды суреттеуден оларға берілген бағаны ажырата білген дұрыс. Оқиғаларға берілген бағадан фактілер әлдеқайда сенімді болады. Кейде құжаттарға берілген баға болады, бірақ оларды суреттейтін жағдай толық берілмеген болып шығады. Әдетте мұндай құжаттарға күмәндана қарау керек;

2)    Құжатты құраушының оны дайындаудағы ниетін, мотивін анықтаған жөн. Оз жұмысы жөнінде есеп беріп отырған автор өзінің еңбегін асыра көрсетуге тырысады. Ал бақылаушы органдар, керісінше, жұмыстағы кемшіліктер мен қателіктерді теріп жазады;

3)    Құжатты әзірлеуші адамның фактілерді, т.б. іріктеп алу әдісін де білген жөн. Бастапқы құжат екінші рет жасалған құжатқа қарағанда әлде-қайда сенімді болады;

4)    Құжатты дайындау кезіндегі елдің, ұжымның, т.б. жағдайын білу шарт. Сонда ғана құжаттың сол уақыттағы жағдайды объективті беруі немесе бұрмалап отырғандығы анықталады.

Құжаттарды талдау дәстүрлі жолмен және формальды түрде жүреді. Барлық құжаттар түрлерін оқып – пайымдау сын тұрғысынан қарауды талап етеді. Құжаттарды дәстүрлі жолмен талдаудың (кейде сапалы талдау деп те атайды) мәні мен сыры – құжаттардың мазмұнын сұңғыла түрде зерттеу, негізге алынған ой-пікірді игеру, негізгі идеяларын бөліп алу, логикалық жағынан терең зерттеу, олардың авторларының саяси, азаматтық бағытын қадағалау, кейбір «айта алмағандарын», бүркеме пікірлерін іздеп табу, автордың құжатты жазудағы тілі мен стиліне аса көңіл аудару болып табылады. Осындай сараптау жасағанда зерттеуші өзіне-өзі сұрақ қойып, айталық, құжаттың құндылығы неде, оны дайындаудағы мақсат не, ондағы фактілердің сенімділігі қандай деген сауалдарға жауап беруі керек.

Дәстүрлі әдіспен саралауда көбіне-көп зерттеуші интуицияға (көкейкөз) бой ұрып, құжатты өзі ұғымы төңірегінде ғана түсініп, елге түсіндіруде субъективтік бұрмалаушылыққа жол беруі мүмкін. Құжаттың мазмұнын түсіну мен талдауға субъективтік пен катар психологиялық алғышарттар да әсер етуі ықтимал, атап айтқанда, ес пен зер салудың тұрақтылығы, шаршап-шалдығу, т.б. Неғұрлым жан-жақты талдаудан еткен құжаттардың саны мен көлемі көп болса, соғұрлым олардың субъективтік бұрмалаушылығы кемиді. Баспасөз ақпараттары деректерінің саны мен оның көлемінің артуы, ақпарат процесінің «бұқаралық» сипат алуы конвент талдаудың пайда болып, қалыптасуының объективті алғышарттарына айналады.

Әдетте жүйеге келтірілмеген кеп материалды сараптау қажеттігі туындағанда, талдауды іске асырғанда нақты жоғары дәлдік пен объективтілік талап етілгенде, зерттеуші үшін құжаттың тілі маңызды болғанда ғана конвент талдау әдістемесі қолданылады.

Құжаттарды формальды немесе конвент талдау кезінде зерттеу текстпен жүргізіледі, бірақ мұнда құжаттың мазмұнын ашатын мәнді белгілері анықталады, сонда ғана ол түсінуге, есептеу операциясын жүргізуге қолайлы болады және мәтінге кірмей тыс қалған ақиқат іздестіріледі. Мәтінде көрсетілмеген шындықты оқиғалар мен фактілерден, адамдар арасындағы қатынастардан іздеу жеткіліксіз, сондықтан ақиқатты мәтінді дайындау кезіндегі материалдарды іріктеу принципіне де іздестіру шарт. Басқаша айтар болсақ, зерттеуші үшін мәтіннің мазмұнына енген ой-пікірдің бәрі өте құнды, маңызды болып саналады.

Конвент талдаудың келесі маңызды принципі ретінде құжаттың мағынасын ашатын бірліктерді анықтау қажет. Мәтіндегі ұғымдар, терминдер құнды әлеуметтік ақпарат береді. Мысалы, 1989-1991 жылдардағы баспасөз беттерінде жиі қолданылған егемендік, нарық, нарықтық қатынастар, т.б. ұғымдар елдің әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайының өзгергенін көрсетеді, осыларды ескере отырып, зерттеуші әлеуметтік талдау жасауы қажет.

Арнайы тақырыпқа арналып жазылған мақала болмаса, онда керекті тақырыпты мәтіннің мағыналы абзацтарынан іздестірген жөн. Іздеп отырған тақырып мәтінде көп жағдайда әр түрлі көріністерде кездеседі, айталық, сез түрінде, сез тізбегі, айдар түрінде беріледі. Мысалы, 1990— 1991 жылдардағы баспасөз беттерінде нарықтық экономикаға көшу, оған өтудің жолдары, оның әлеуметтік салдарын сараптау басымырақ орын алады. Сондай-ақ зерттеуші сол тақырыптарды қолдаушыларды және оған қарсыластарды да анықтағаны дұрыс.

Тарихи тұлғалардың, саясаткерлердің, ғалымдардың есіміне де ерекше көңіл бөлген жөн. Олар баспасөз беттерінде, т.б. жиі кездесетін болса, онда олардың қоғамдық пікірге ықпалын анықтауға болады. Бұлардан кейін қоғамдық оқиғалар, фактілер де назардан тыс қалмауы тиіс.

Мақаланың, т.б. мән-мазмұнын ашатын мағыналық бірліктер тандап алынғаннан кейін, зерттеуші сандық көрсеткішке арқау болатын есепшот бірлігін анықтайды. Есепшот бірлігі дегеніміз — мағыналы бірлікті мақалада, т.б. қолданудағы жиілікті есептеу. Шығарманың жолдары, абзацтары, тыныс белгілері, таспа ұзындығы, тақырыптың аты немесе айдар көлемі, жұмсалған уақыт, сөл немесе өзге хабарға бөлінген сағат есепшот бірлігі болып табылады.

Сонымен бірге конвент талдау әдістемесінің қолдану аясының шектеулігін де есте ұстау керек. Проблеманың ізденіс қырлары сан қатпарлы болғандықтан, ол формальды түрде талдап – саралауға көне бермейді. Бұл әсіресе құжатты жартылай немесе толық аша алмаудан, сез мағынасының рең бермеуінен, т.б. көрінеді.

Сауалнама әдістемесі. Әлеуметтанушыға бақылау жүргізу арқылы алуға болмайтын немесе құжаттарда жазылмаған құбылыстар мен процестер (респондент пікірі, себептері, т.б.) жөнінде ақпараттар өте жиі қажет болады. Мұндай ақпаратты сауалнама әдісін қолдану арқылы алуға болады. Бұл әдіс ғылымда кеңінен тараған және барынша жиі қолданылатын әдістеме болып саналады. Оның мұндай дәрежеге көтерілуі әмбебаптығымен де түсіндіріледі. Бақылау барысында зерттеуші объектінің тек қана нақты мінез-құлқын белгілейтін болса, сауалнаманың көмегімен ол адамдардың бүгінгі қылықтары туралы кең көлемді мағлұмат ала алады, сонымен қатар олардың өткен уақыттағы тыныс-тіршілігімен бірге болашақ жоспары, ниеттері жөнінде де ақпарат алады. Сауалнама, әсіресе, индивидтердің субъективті жай-күйі жөнінде мәлімет алу қажет болғанда таптырмайтын ерекше құнды әдіс болып есептеледі. Сұрақтардың жиынтығы бұл әдістің түп негізін қалайды. Сұраулардың көмегімен ақпарат алынып жиналады. Ғылымда сауалнаманы жүргізуші адамдар – анкет ерлер (сау алшылар) және сұрақтарға жауап қайтарушылар — респонденттер (жауап берушілер, жауапкерлер) деп аталады. Алынған ақпараттың сипатына және оны алу тәсіліне қарап, сауалнама бірнеше түрге бөлінеді.

Сауалнама әдісінің екі түрі бар: олар — анкеталық және сұхбат немесе сұхбаттама (интервью). Сауалға жауап алу ұжымдардың және жеке адамдардың кез-келген проблема бойынша пікірін білуге мүмкіндік жасайды. Әсіресе бұл әдіс құжаттар арқылы зерттеу, бақылау, т.б. әдістерді қолдану үлкен қиыншылықтар туғызғанда пайдаланылады. Анкеталық сауалнама кәп жағдайда алдын ала дайындалған анкетамен жүргізіледі, респонденттің аты жөні көрсетілмей (анонимді) өткізіледі. Әдетте анкета үш бөлімнен құралады: үндеуі, негізгі, төлқұжаттық. Үнделік бөлімде қысқаша зерттеудің мақсаты туралы айтылып, оның мәні мен маңыздылығы атап өтіледі және зерттеу нәтижесі қалайша қолданылатыны жазылады, анкетаны толтыру ережесі көрсетіледі, қайтарылған жауаптардың құпиялығы сақталатынына кепілдік беріледі. Анкетаның (сауал хат) негізгі бөлімінде қажетті ақпарат алуға бағытталған сұрақтар орналасады. Алғашқы сұрақтар барынша түсінікті, қызықты болуы керек. Осылай жауап берушілердің қызығушылығын арттырып, ынтымақтастыққа жетуге болады.

Анкетаның сұрақтары үш негізгі топқа бөлінеді:

1) ашық түрдегі сұраулар, мұның жауаптары анкетада жазылмайды, оны жауапкерлер өз қолдарымен жазып қайтарады;

2) жабық сұрақтар, мұның жауаптары мен варианттары анкетада жазылады. Жауап беруші жауаптың астын сызып немесе дөңгелекше алып қайтарады;

3) аралас сауалдар, бұл бірінші және екінші топтағы сұрақтардың элементтерінен құралып, белгілі мөлшерде жауаптары да жазылады, бұлармен катар «Басқасы не екенін көрсетіңіз?» — деген сұрауларға жауап алу да белгіленеді.

Анкеталы сұрақтардың түрлері түсінікті болуы үшін мысалдар келтірейік:

1) Ашық сұрақ: « Қазақстандық газеттердің қайсысы халықаралық жағдайлар туралы сауаттық жазады?» Мұнда алдын ала сұрақ жауабының тізімі берілмеген, сондықтан жауап беруші жауапты өзі әзірлеуге міндетті болады; 2) Жабық сұрақ: «Сіздің болашақ мамандығыңызды таңдауға ықпал жасаған кім?» — ата-анам, мектептегі ұстаздарым, жолдастарым, болашақ мамандықты өзім таңдадым;

3) Аралас сұрақ: «Сіздің пікіріңізше нарықтық экономикаға көшу жастарға не береді?» — материалдық жағдайды жақсартады, материалдық жағдайды нашарлатады, жұмыссыздықты көбейтеді, жұмыс орнын кеңейтеді. «Сізді қазір андай әлеуметтік проблема қатты толғандырады? Қалған жауаптарды өзіңіз жазыңыз.

Анкета (сауал хат) құрастыру мен дайындаудың ережесі мен әдістемесі жасалып, қалыптасқан. Оларда:

1) Релятативтік, яғни ақпарат жинаудың осы формасының қаншалықты дұрыс екендігін анықтаған жөн;

2)    Анкетаның кімдерге арналғандығы, яғни оның белгілі бір жауап берушіге арналып жазылғаны. Мысалы, интеллигенцияға арналған анкетаны пайдалану арқылы жұмысшылардан сауалнама алуға болмайды;

3)    Анкетаның объективтілігі, яғни қойылған сауалдарға қайтарылар жауаптардың өзге факторларға тәуелділік деңгейі;

4)    Түсінуге оңай болуы, яғни анкетаның сұрақтары мейлінше ұғымға жеңіл тұжырымдалып, жауапкер адам мазмұнын езі түсіне алатын болуы керек;

5)    Қойылған сұрақтар бір-біріне үйлесімді, сыпайыгершілікпен ерекшеленуі қажет. Күрделі сауалдарды мағынасын ашатындай етіп қоя білген жөн, яғни олар көптеген сұрақтар деп аталатындарға ұрынудан сақтайды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • kontrosha.net
  • wikipedia.com
  • kazlive.com
  • «Әлеуметтану» – Г.О.Әбдікерімова, 2011 жыл
  • «Әлеуметтану»-К.У.Биекенов, Г.А.Кенжеакимова,2012жыл
You May Also Like

Нағыз қазақ-қазақ емес, нағыз қазақ-домбыра, СӨЖ

    Жоспар: 1Домбыраның тарихы 2Домбыраның түрлері 3Сипаттамасы 4Домбыраның дамуы 5Домбырада шетелдік шығармаларды…

Экономикалық тепе-теңдік және экономикалық өсу

СӨЖ Тақырыбы:”Экономикалық тепе-теңдік және экономикалық өсу ” Мазмұны: Кіріспе Негізгі бөлім 1.Экономикалық…

Қазіргі кездегі есте сақтау құрылғылары, СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы: “Қазіргі кездегі есте сақтау құрылғылары” Запоминающее устройство — носитель информации,…

Жыраулар поэзиясындағы фитонимдер, СӨЖ

СӨЖ                                                                                                                                                                     Тақырыбы: Жыраулар поэзиясындағы фитонимдер. Кіріспе. ХV-ХVІІІ ғасырлар аралығын  қамтыған жыраулар…