СӨЖ                                                                                                                                                                    

Тақырыбы: Жыраулар поэзиясындағы фитонимдер.

Кіріспе.

ХV-ХVІІІ ғасырлар аралығын  қамтыған жыраулар поэзиясында сол заманның шындығы ғана емес алуан түрлі елді-мекен атаулары, тарихи оқиғалар да сөз болды. Тіпті алуан түрлі өсімдік атаулары да кездеседі.

Жер бетінде 500 000-нан астам өсімдік түрлері бар. Қазақстан жері де өсімдіктерге қаншалықты бай болса, халқымыз сол өсімдіктердің атауына да соншалықты бай. Өсімдік атаулары ауызекі тілде де көп қолданылады. Өсімдік атауларының қазақ тілінде этимологиялық жағынан арнайы зерттелген емес. Дегенмен Ә.Қайдаров, Ш.Сарыбаев, Ә.Нұрмағанбетов секілді ғалымдарымыздың еңбектерінде бірлі жарым өсімдік атауларына этимологиялық талдау жасалғандығын табуға болады.

Ш.Сарыбаев «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігінде» «алмұрт» сөзін өз тілімізде «ашық қызыл» мағынасындағы ал сөзі мен парсының «моруд» сөзінің қосылуынан жасалғанын, «қарақат» сөзін «қаражидек» деп түсіндіреді.

Ал, Ә.Қайдаров «меңдуана» (белена, дурман) сөзінің этимологиясына байланысты: «Бұл сөз Иран тілдерінде банг (үнді қара сорасы) және девана (ақылынан адасқан, есерсоқ, есуас) деген дербес екі сөздің бірігуінен, яғни қазақ тілінің фонетикалық ерекшеліктеріне сәйкес «банг» сөзі мен формасына, «девона» сөзі «дуана» формасына ауысу арқылы жасалған»,-дейді.

Ә.Нұрмағанбетов «Жергілікті тіл ерекшеліктерінің төркіні» деген кітабында «аскелді», «боташық», «келімдәрі», «көмбеқонақ» – деген сияқты өсімдік атауларының төркінін ашуға талпынған. Автордың айтуынша, Маңғыстау,Шымкент облыстарының кейбір өңірлерінде қолданылатын аскелді (асқабақ сөзі) ас және келді деген екі сөзден тұрады. Мұндағы «келді» сөзінің төркіні – парсының «кәду»(асқабақ) деген сөзі. Бұл сөз парсы тілінен түрікмен тіліне ауысқан. Түрікменде тұратын қазақтардың тілі сол туыстас тіл арқылы ол сөзі «кеді» түрінде енген. Сондай-ақ ғалым «боташық» сөзінің түп төркіні арабтың «бататис» сөзінен, ал керімдәрі, келімділі (қызыл бұрыш) сөздері арабтың «керім» сөзінен шыққандығын дәлелдеген.

Өсімдік атауларының этимологиясын ашуда Э.Севортян, Л.Дмитриева, А.Боровков сияқты ірі ғалымдар да еңбек сіңірген.  Фитонимдердің пайда болуы мен таралуы туралы С.Арыстанғалиев пен Е.Рамазанов, Б.Қалиев, Е.Бекмұханбетов сынды зерттеген. Сондықтан жыраулар поэзиясында қолданылған фитонимдерге тоқтала отырып, олардың қай тілден енгендігі, қалай пайда болғандығы жөнінде қысқаша түсініктер берейік.

Негізгі бөлім.

Қазақ хандығы тұсында өмір сүрген, еліне жайлы қонысты, желмаясымен дүниені кезіп жүріп Жерұйықты іздеген Асанның «Ай,хан,мен айтпасам білмейсің» деген өлеңінде:

…Ай, Жәнібек, ойласаң

Қилы-қилы заман болмай ма?

Суда жүрген ақ шортан,

Қарағай басын шалмай ма,

Мұны неге білмейсің?

Мұндағы фитоним – қарағай, ол-мәңгі жасыл , қылқан жапырақты ,дәрілік ағаш.

Сонымен бірге  «Бұл заманда не ғаріп?» өлеңінде «бетеге» сөзі қолданылады:

Ел жағалай қонбаса,

Бетегелі бел ғаріп.

Қазтуғанның шығармаларында өзімен қоса табиғаттың да портреті керемет кескінделген. Жырау шығармаларында фитонимдерді тіркес түрінде қолданады:

Қарағайдан садақ будырып,

Қылшанымды сары жүн оққа толтырып,

Жанға сақтау болған жұрт.

Боташығы бұзаудай,

Боз сазаны тоқтыдай,-  деген өлең жолдарындағы «боташық» сөзінің түп төркіні -арабтың «бататис» сөзінен шыққан картоп деген өсімдік.

«Азаулының Стамбулдан несі кем?» деп жырлаған Доспамбет жырау шығармасында :

-Бетегелі Сарыарқаның бойында,

Соғысып өткен өкінбес- дегенде бетеге фитонимін, ал «Айнала -бұлақ, басы -Тең!» өлеңінде алма, қаңбақ, қарағай атауларын қолданған:

1)Азаулыда аға болған ерлер көп еді,

Әйтсе де алмаға ат байлағаны жоқ еді.

2)…Май қаңбақта ағалардың аты жусап жатыр деп,

Ақ шаңдақты құрып қойған шатыр деп,

Жазыда көп-ақ жортқан екенбіз.

3)Қарағайлы көдік бойында,

Қамшым қалды ойында:

Бүлдіргесі бағлан терісі,

Өрімі құнан білдің қайысы.

Шырмауығы алтын, сары жез.

Шалгез Тіленшіұлының шығармалары терең тарихпен ұштасып, замана жайында сыр шертіп жатады.

Шағырмақ бұлт жай тастар,

Ақжелкенді жел бастар.

Әділ төре ел бастар,

Батыр жігіт қол бастар,- деген жолдарда жамандықтан аулақ болуын айта отырып, ақжелкен фитонимін қолданған екен, мұндағы ақжелкен – ашық далада өсетін шөптесін өсімдік. Сондай-ақ өз жырау шығармаларында  жаутерек, терек, қыршын тал, тобылғы, ақжелкен, қурай, қара ағаш, қоға, сынды өсімдік атауларын көп қолданғанын аңғаруға болады.

1)Жапырағы жасыл жаутерек,

Жайқалмағы желден дүр.

2)Жағасына қыршын біткен тал еді,

Жапырағын жайқалтып,

Терек етсе тәңірі етті.

3)Тобылғының берегі,

Иіл болып беріш бітсе,

Айбар болар терегі.

4)Қара басты ақ құспен,

Кендір баулы ақжелкен

Көк теңізді жал толқынға жектірдің.

…Соқса бір қурай сындырмас,

Құладын жаман қу алмас.

Құладын қудың теңі түгіл-ді.

5)Қоғалы көлдер, қом сулар,

Кімдерге қоныс болмаған.

Саздауға біткен қара ағаш,

Кімдерге сайғақ болмаған.

6)Ақжелкенді жел бастар,

Ғаділ төре ел бастар.

7)Емен шайнап, тал қайзар,

Құлан, бұлан баласы.

Қайырылып барып тез сынар

Қайың оқтың жарқасы.

8)Жел, жел есер, жел есер,

Жел астына қарасаң,

Қоға менен тал өсер.

9)Қамалған қалың тоған арқасы,

Балпаң-балпаң басқан күн.

Жалп-жалп еткен бәйтерек,

Жайылмағы желден дүр.

Би Темірдің қасында халықтың ахуалын ащы тілімен жеткізе отырып, шығармаларында фитонимдерден жасалған тіркестерді қолданған – Жиембет жырау. Шығармаларында қарағай мен қайыңдай тіркесін, тал сөзін қолданады.

1)Зорлығымды сұрасаң,

Бекіре мен жайыңдай.

Пектігімді сұрасаң,

Қарағай мен қайыңдай.

2)Тал шарбаққа мал сақтап,

Тас қалаға жан сақтап,

Тасқан екен мына хан.

Ақтанберді Сарыұлы – суырыпсалма сөз өнерінің жетік өкілі, тарихи тұлға. Ақтанбердінің туындыларында өсімдік атаулары көптеп қолданылған. Көбіне теңеу түрінде кездеседі.

1)Байраққа біткен құрақпын,

Саусағым жерге түсірмен.

Жапанға біткен терекпін,

Еңсемнен жел соқса да теңселмен.

Қарағайға қарсы біткен бұтақпын,

Балталасаң да айрылман.

2)Қызыл алмас жан қияр,

Қызыл талға қынаса.

3)Тобылғы түбі құралай,

Бытыратып атар ма екеміз.

Жарлауға біткен жапырақ,

Жамылсақ тоңар ма екеміз.

Жазыққа біткен бүлдірген,

Сұғынсақ тояр ма екеміз!

4)Ей, азаматтар, шоралар,

Атты мінсең зорды мін,

Биік біткен теректей.

5)Еділ,Жайық екі өзен,

Талсыз болар деймісің.

Көкшетаудың көп көлі,

Елсіз болар деймісің.

Қазақ әдебиеті тарихындаңы ең соқталы тұлғалардың бірі- Бұқар жырау Қалқаманұлы. Жеке басының ерлігімен ғана емес, Абылай заманындағы ахуалды жыр ете отырып, шығармаларына көрік беру үшін фитонимдерді, теңеуді, салыстыруларды қолданады.

1)Жалғыз туған жігіттен,

Сырым тікен тал артық.

2)Ай не болар күннен соң,

Күн не болар айдан соң.

Құлпырып тұрған бәйшешек,

Қурай болар солған соң.

3)Терең сайға жарасар,

Тобылғылы саласы.

4)Саясы жоқ бәйтерек,

Саздауға біткен талмен тең.

Жақсы ағаңыз бар болса,

Алдында сары белмен тең.

Абылай ханның замандасы Тәтіқара ақын қалмаққа қарсы жорықтарға қатысып, сол жорықтарды жырлаған. Ақынның шығармаларында заман шындығымен қоса ағаш, шөптесін өсімдік атаулары да қолданылған.

1)Қамыстың басы майда, түбі сайда,

Жәнібек Шақшақұлы болат найза.

…Ағаштан биікті айтсаң қарағайды айт,

Найзасының ұшына жау мінгізген.

Үмбетей жырау шығармасынан фитонимді Жауқашарға айтқанына аңғаруға болады:

Бұрала біткен емендей,

Қисық туған адамсың.

Өмірді бұқара халық идеясымен жырлаған Шал ақын шығармаларында өсімдік атаулары көп қолданылған.Баспай деген кісіге айтқан сөзінде қына фитонимін қолданған:

Басеке, мал жануар басқа бітер,

Қына шөп сен секілді тасқа бітер.

2)Мектептен білім алсаңыз,

Алуа шекер балмен тең.

Саясы жоқ бәйтерек,

Сазға біткен талмен тең!

3)Жиырма деген жасым-ай,

Көлге біткен құрақтай.

4)Гүл шешек, орман өсіп желкілдеген,

Биік тау, асқар төбе жердің көркі.

5)Жарға біткен жаңғақты,

Жаннан безген жан жейді.

6)Көлдерді де түрленттің,

Жағалай біткен құрақпен.

7)Көкала көл, нар қамыс,

Қар үстінде от жанар.

8)Кәрілік елден бұрын түсіңді алар,

Арпа шайнап, ас ішер тісіңді алар.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1)Бес ғасыр жырлайды: 2 томдық./ Құрастыр. М:Мағауин,М.Байділдаев.             –Алматы: Жазушы,1989. – Т.1.-384бет,суретті.

2)Он ғасыр жырлайды. –Алматы,2006. -408 бет.

3)Х.Сүйіншәлиев. Қазақ әдебиетінің тарихы. Оқулық. – Алматы:Санат,2006. -904 бет.

4)Н.Әужанова. Өсімдік атауларының кейбір мәселелері, мақала.

5) Б.Қалиев. Қазақ тіліндегі өсімдік атаулары. –Алматы: Ғалым, 1988.

6)Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі.-Алмаьты:Қайнар,1966.

You May Also Like

Дезинфектологияның даму тарихы, СӨЖ

Жоспар І.   Кіріспе ІІ.  Негізгі бөлім 2.1. Дезинфектологияның даму тарихы 2.2. Дезинфектология…

Органикалық синтез процестері мен шикізаттары, СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы: Негізгі органикалық синтез процестері мен шикізаттары Жоспар Кіріспе………………………………………………………………………3 Негізгі бөлім…

Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы: Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану Жоспары: Кіріспе. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану…

Босанушы және босанған әйелдерді курациялау, СӨЖ

1.Тақырыбы: Босанушы және босанған әйелдерді курациялау. 2.Мақсаты:  Студенттерді медициналық құжаттармен таныстыру, жүкті…