СӨЖ

Тақырыбы: Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану

Жоспары:

  • Кіріспе.
  • Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану
  • Негізгі бөлім
  • Табиғат ресурстары және олардың жіктелуі
  • Кешенді пайдалану
  • Жер байлықтарын тиімді пайдалану шаралары
  • Қорытынды бөлім
  • Табиғатпен келісіп өмір сүру

Табиғат ресурстары жане олардың жiктелуi

Табиғат ресурстары

Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат объектілері жатады.

Сарқылмайтын
Басқа ресурстамен алмастыруға болатын (мысалы, металдарды пластмассалармен)
Алмастыруға болмайтын(мысалы, атмосфера ,су)
Сарқылатын
Қалыпына келетін
Салыстырмалы қалпына келетін
Қалпына келмейтін

Басқа ресурстармен

«Табиғи ресустар» деген терминмен қатар «табиғи жағдайлар» деген неғұрлым кең ұғым жиі қолданылатын болды. Бір ұғымды екіншісінен саралайтын шек кейде өте шартты болып шығады. Мысалы, желді табиғаттың компоненты деп қарауға болады, бірақ осымен бірге ол маңызды ресурс та, ең алдымен энергия алынатын ресурс.

Табиғи жағдайлар планетамыздағы табиғи ортаның бүкіл сан алуан бейнесін көрсетеді және адамзаттың тарихымен, оның қоныстануымен тығыз байланысты. Олар адамдардың өміріне әрқашан ықпалды болды, ал адамдар табиғи ортаға әсер етті. Осылайша, адам табиғат байлықтарын пайдаланбайынша тіршілік ете алмайды және осы мағынада табиғатқа тәуелді. Бірақ осымен қатар адам табиғатқа белсенді ықпал ете алады. Адам мен табиғаттың қарым-қатынасының мәнісі осы.

Дүние жүзінде белгілі бір табиғи ресурссыз ел жоқ. Олар аз болған, ал кейбір елдерде мүлдем болмаған жағдайда бұл мемлекет кедейлікке душар болады деуге келмейді. өйткені қай елдің болсын ұлттық байлығы оның материалдық игілікктері мен табиғи ресурстары қорларының жиынтығымен ғана өлшенбейді, бұған қоса әр елдің адамдары, олардың тәжірибесі мен еңбекқорлығы, білімдері мен шеберліктерінің пайдаланылу дәрежесі де ұлттық байлықты құрайды.

Мысалы, экономикада үздік жетістіктерге жеткен Жапонияның ассортимент жағынан болсын, мөлшер жағынан болсын минералдық ресурстары өте-мөте шектеулі. Онда күкірт пен пириттердің ғана мол қорлары бар, ал мұнай, табиғи газ, темір рудасы, сирек металдар рудалары, фосфориттер, калий тұздары және т.б. өте-мөте жетіспейді. Жапонияға қарағанда минерал шикізат ресурстары орасан мол болғанымен, әлеуметтік-экономикалық дамудағы жетістіктері мардымсыз көптеген мысалға келтіруге болады.

Табиғи байлықтардың планета бойынша әркелкі орналасуы, бір жағынан, халықаралық еңбек бөлінісі процесі мен халықаралық экономикалық байланыстардың дамуына себепші болса, екінші жағынан, кейбір табиғи ресурстары жоқ елдерді белгілі бір экономикалық қиыншылықтарға ұшыратады.

Табиғат байлығын тиімді пайдаланудың ең негізгі бағыты кешенділік

Табиғат байлығын тиімді пайдаланудың ең негізгі бағыты кешенділік. Табиғат қорғау шаралары да кешенділікті талап етеді.

Кешенді пайдалану деп – табиғат байлығының барлық тиімді қасиеттерін табиғи ортаға зиян келтірмей пайдалануды айтамыз.

Кешенді пайдалану ұғымына өндіріс және тұтыным қалдықтарын пайдалану да кіреді.

Белгілі бір жағдайда минералдық шикізат қорын кешенді пайдалану деп аймақтағы барлық ресурстарды пайдалануды айтады. Бүл ұғымға минералдық шикізат кешенді барлау, мейілінше толық өндіру, өндірілген қорды кешенді пайдалану, шикізаттың жеке түрлерін кешенді ұқсату ұғымдары кіреді.

Минералдық шикізатты кешенді пайдалану – өндірілген кешендегі пайдалы негізгі және қосымша элементтерді және өндіріс қалдықтарын пайдалану. Минералдық шикізат қорын кешенді пайдалану – кен қорын және өндіргенде қосымша өнім болып табылатын тау жыныстарын, жер асты суларын, газдарды толық ұқсату.

Аймақтағы кен көздерін кешенді пайдалану деп жақын орналасқан кендерді бір-бірімен байланысты ортақ игеруді айтады. Жеке-дара игеруге тиімсіз ұсақ кеніштерді бірге пайдаланғанда тиімді болуы мүмкін. Өйткені ортақ байыту фабрикалары, ортақ өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар салынады. Соның нәтижесінде шығындарды үнемдеуге мүмкіндік туады.

Минералдық шикізатты кешенді пайдалануды бірнеше натуралдық және құндық көрсеткіштермен сипаттауға болады. Кешенді пайдалану дәрежесі: тауарға алынған элементтер саны, шамасы; кеннің құрамындағы пайдалы элементтерді айырып алу дәрежесі; тауарға алынған элементтер мен компоненттер құны; экономикалық тиім және тиімділік т.б.

Минералдық шикізатты кешенді пайдалану көрсеткіштері: кешенді пайдалану дәрежесі- тауарға алынған элементтер саны; минералдық шикізат қорын пайдалану- кеннің құрамындағы элементтерді айырып алу: жалпы көрсеткіш – тауарға алынған элементтер құнының кеннің құрамындағы элементтер құнына қатынасы, кешенді пайдалану тиімділігі- экономикалық тиімдер соммасының шығынға қатынасы.

Шикізат қорын толық пайдалану дәрежесі жіберілген қөлдықтың шамасын өлшеу арқылы анықталуы мүмкін немесе алынған өнім мен есептелген өнім шамасын салыстырады.

Қазіргі ғылыми техникалық жетістіктер кендегі барлық элементтерді алуға мүмкінік береді, бірақ соның ішінде тиімдісі алынады.Осы тиімді кешенділікті анықтау ерекше экономикалық мәселе болып табылады.

Кешенді пайдалану варианттарын экономикалық тиімділігін анықтаудың түпкі мақсаты- халық шаруашылық қажетін шикізаттан алынатын өнімдермен неғұрлым аз шығын жұмсап қанағаттандыру. Бұл тұрғыдан шикізатты кешенді пайдалану вариантын анықтау өндірістің, қолданылатын технологияның тиімдісін таңдау болып табылады. Осыған сәйкес шикізатты кешенді пайдаланудың тиімді вариантын таңдау әдісі өндірістің халық шаруашылық тиімділігін анықтау әдістерінен туындайды.

Тиімді өндірістің ең басты белгісі-нақты және өткен еңбектің, табиғат ресурстарының үнеделуі, табиғи ортаға нұқсан келтірмеу. Осы белгіні табиғат ресурстарын кешенді пайдалануды бағалауға қолдануға болады. Варианттарды салыстыру үшін баланстық есептеулер жүргізу қажет болады бірақ бұлай істеу қиындықтармен байланысты.

Өкінішке орай,адамдар осы күнге дейін қазбалы кендерді ұтымды пайдалану өздеріне де, қоршаған ортаға да тиімді екенін ескере бермейді. Оның орнына қазбалы кен құрамындағы бір-екі пайдалы затты алып, қалғандарын қалдыққа жіберіп шашып-төгіп, айналаны ластап жатады. Бар пайдалы заттарды айырып алуды үйренбей қазіргідей шаша берсе, ондай қоғамның тез арада баюы екі талай.

Айтылғанның дұрыстығын дәлелдейтін мысалдар келтірейік. Жаңа салынған электр станцияларда жағылған отынның тек 40-42% ғана электр энергиясын шығаруға жұмсалады. Ал ертеде салынған электр станциялары бойынша бұл көрсеткіш онанда төмен. Токты электр жүйесімен таратқанда энергия қуатының тең жартысы жоғалады. Электр қуатымен жүретін поездар энергия қуатының 15-20% пайдаланса,көмір жағатын паровоздармен тепловоздар тек 3-5% пайдаланады. Сөйтіп жаққан отынның 80-90% босқа шығын болып, аспанды жылытуға, түтінді көбейтуге кетеді.

Металл кендерін қазып, өңдеп,болат қорытып, онан машина және басқа жабдықтар жасағанша алынған металлдың 25% үгіндікке, жаңқаға, өртеуге айналады. Ал егерде керекті жабдықтарды оның бөлшектерін қалыпқа салып дайындаса (штамповка) мұдай көп қалдық болмас еді.

Академик Т.С. Хачатуровтың айтуынша дайын өнім салмағы жөнінде жұмсаплған шикізат пен  материалдың 1-1.5% мөлшерінде болатын көрінеді. Қалғаны (98,5-99%) бос жыныс, сыпырынды, қалдық немесе шлак атанып тау тау болып үйіліп жатады. Металды рудаларды, тас көмірді,мұнайды, газды, құрылыс материалдарын қазғанда олардың біраз бөлігі жер астында алынбай қалады. Мысалы, осы күнгі әдіс бойынша мұнайдың тек 35-40% алынады,ал егер скважинаға су толтырса 70-80% алуға болады. Тек көмір мпен металды руданың 20,каллий тұзының 50% алынбай,жер астында қалдып жатыр.

Біздегі қара және түсті металлургия, химия кәсіпорындары артта қалған технологиямен жұмыс істеп, қазбалы кенденрдегі барлық пайдалы заттарды айырып ала алмайды.

Өскемен мен Лениногор түсті металлургия, Жамбыл,Қаратау, Шымкент химия, Рудый мен Теміртау қара металлургия, Қарағанды мен Екібастұз көмір кәсіпорындарында тау тау болып үйіліп жатқан қалдықтар қазбалы кендерді ұтымды пайдалану жолдарын әлі игере алмай жатқанымыздың куәсі. Балқаш, Жезқазған,Алға,Текелі т.б. қалалардағы жасанды «таулар» да соның белгісі.

Соколов Сарбай кенорындарында қазылатын темір рудада оннан астам пайдалы заттар бар. Олардың тек біреуін темірді алып, қалған тоғызын қалдыққа жібереді. Осындай жағдай Жезқазған тау металлургия, Өскемен қорғасын мырыш,Балқаш мыс, Қарағанды металлургия зауыттарында да бар.Бұл, әрине, табиғат байлықтарының шашылып төгілуіне, қоршаған ортаға зиянды болуына, жер беті мен ауаның ластануына әкеліп соқтырады.

Ғылым мен техника тезірек бұл тығырықтан шығу жолдарын іздестіріп, қазбалы кендерді ұтымды пайдалануға көмектесуге тиіс.

Запорожье (Украина) қаласында қалдықтарды пайдалану жөнінде қызғылықты тәжірибежасады.

Қаладағы барлық қалдықтардың ( домна шлактары, қышқылдар, сілтілер, темір қақтары, май қалдықтары барлығы 66 түрлі) түрлері мен мөлшерін біліп, үлес салмағына сәйкс көлемде олардан сынама алып, жабық ыдыста ұстаған. Онда бейтараптық реакция жүріп, бірқалыпқа келген соң тексергенде, бөлінген газ судағы газға ұқсап, бірақ көмірқышқыл газдары көптеу болған. Сұйық қалдық теңіз суына ұқсаса, қою қалдықтар сазды топыраққа ұқсас болған. Осы қалдық суларда теңіз организмдері-балдырлар мен моллюскі өмір сүріп, қою қалдықта-арпа, қызылша, қияр өскен. Ыдыстағы ауаны теплицада пайдаланғаннан кейін көмірқышқыл газы азайып, атмосферадағы ауамен бірдей болған.

Зиянды қалдықтар химиялық реакциямен араласу нәтижесінде ауаға, суға, топыраққа зиянсыз қалыпқа түскен. Запорожье қаласындағы барлық қалдықтарды осылай тазалап, зиянсыз ету үшін жүз миллион доллор тұратын кәсіпорын салса, ал бес жылда шыққан шығынды қайтарар еді. Бірақ бұл тәжірибе одан әрі жүргізілмей қалды.

Бұрын егістік немесе шабындық болған жерлер қазір күл мен шлак төгетін орынға айналды. Металл қорытқанда немесе көмір жаққанда пайда болатын шлак салқындаған соң ауаға уытты газдар бөледі, ал күл болса желмен ұшып жан жақты ластайды.ХХ ғ. аяғында кісі басына бір тонна шлак қалдықтары келді. Осыншама шлакты жинап, босқа жер алдырғанша, олардан түйіршіктер жасап, минералды мақта, құрылыс материалдарын, жолға төсейтін тас тақталар, құбырлар т.б. пайдалы заттар шығаруға болар еді.

Атом, күн сәулесі, жел, су энергиялары және жерасты жылу қазбалы кендерді аз жұмсауға, қоршаған ортаны таза ұстауға үлкен көмекші бола алады.

Атом энергиясын пайдалану ХХ ғасырдың екінші жартысында кең өріс алды. Дүние жүзіндегі АЭС 1972 жылы 30 миллиард киловат\ сағат энергия берсе, 1980 жылы одан он есе көп болды.  2000 жылы барлық электр қуатының  20 процентін АЭС беретін болады.

Чернобыль апатынан (1982) кейін АЭС жақтаушылар қатары сирей бастады. Олардың қауіпсіз жұмыс істеуіне баса көңіл бөлініп, кейбіреулері жабылып, жаңадан салыну тоқтатылды. Нақ осы кезде Қазақстанда алты атом станцияларын салу жөнінде бағдарлама жасалуы таң қаларлық іс.Ақтау қаласындағы АЭС жұмысын жолға қоя алмай жүргенде жаңадан АЭС салуға экономикалық та негіз жоқ.Біздегі отын қорлары 200 жылдан астам уақытта мұқтажсыз күн көруге жетеді. Сондықтан АЭС қауіпсіз технологиясымен жабдықтары табылғанша күте тұруға болады.

Теңіз суларының көтеріліп жағаға шығуы және кері тебу тебу энергисын пайдалану адамдардың ежелден ойлаған арманы. Судың көтерілу биіктігі әртүрлі болады.Мысалы, Қара және Балтық теңіздерінде бірнеше см-данаспайтын болса,Ақ теңізде 9метрге,Охот теңізінде- 13,5, Канада жағалауында -16-18 метрге жетеді.

1967жылы Баронцов теңізінде қуаты 0,4 МВт килогуб көтерме су электр станциялары салынды. Ақ теңізде-Мезен, Охот теңізінде-Пенжин станцияларын салу жобалары бар.

Көптеген аудандарда жел энергиясын құдықтан су тартуға, жер суландыруға, су тұшытуға т.б. жұмыстарға пайдалануға болады. Ол үшін «Ветерок», «Вихрь» , «Сокол»-деп аталатын қозғағыштар (қуаты 0,75тен 30КВт-қа дейін) қолданылады. Энергия қоры жоқ Арктика мен Оңтүстік Шығыста пайдалану үшін қуаты 100-200КВт желді қозғағыштар шығару жолға қойылған.

Жерасты ыстық сулардың қоры мол.Жылуы 2000С-тен асатын ыссы сулар Камчатка мен Курильде 300-500 метр тереңдіктен шығады. Осындай сулар Мақашқала, Омбы,  Кизляр, Черкес, Тбилиси маңайында да кездеседі. Ыстық сумен жұмыс істейтін ЖЭС Ставрополь өлкесінде,Дағыстанда, Камчаткада бар. Батыс Украина мен Румыня елінде осындай сулар үй жылытуға, кәсіпорындарда, ауылшаруашылығында пайдаланады.

Қазақстан жеріндегі жерасты ыссы сулар парниктерде, үйлерді жылытуға, жыл бойы жұмыс істейтін шомылу бассейндерінде балық өсіретін жасанды су тоғандарында кең пайдалану, келешекте жылумен қамтамасыз етудің көзіне айналады деген үміт бар.

Күн сәулесі энергиясын пайдаланудың келешегі зор. Оны тұрғын үйлерді, кәсіпорындарды жылытуға, өндірістік қажетке жұмсауға болады. Өзбекстан мен Түркіменстанда күн сәулесі энергиясымен жұмыс істейтін қондырғылар суды тұшытуға, үйлерді, парниктер мен теплицаларды жылутаға пайдаланылады. Ақтау ұаласында күн сәулесі қуаты мен радио теледидар станциясы жұмыс істейді, Семейде санаторий үйлерін жылытады.

Жер шарында сутек қоры жеткілікті және ол өте таза энергия көздері қатарына жатады.

Тәжірибе ретінде сутекті бензин орнына пайдаланатын бірнеше автомашина 60-70 жылдары ойлап шығарылды, ол экология тұрғысынан алғанды қоршаған ортаға зиянсыз болды. Сутекті газға айналдырып немесе сұйық күйде технологиялық процесстерде де пайдалануға болады.

Жапонияна сутек пен оттекті теңіз суларынан бөліп алатын қондырғы жобасы бар.

Дегенмен сутекті пайдалануда әзір шешілмеген қиыншылықтар кездеседі. Мысалы, сутекті сақтау мәселесі. Сутек газын қысып, көлемін кішірейтіп,-2520С салқындықта, үнемі үлкен қысым атында ұстау керек. Ол тез жарылатын газ. Сонықтан оны пайдалану және сақтау оңай емес.

Қорытынды бөлім.   Табиғатпен келісіп өмір сүру

 Басқа сөзбен айтқанда, адам мен табиғаттың қатынасына үйлесімділік және ол табиғатпен қарым-қатынас заңдылығы үйлесімділігінің нәтижесінде іске асады. Бұл жай ұран емес. Табиғаттың көптеген сансыз қасиеттері көмегімен ағза зиянды факторлармен қатар өмір сүреді, оларға қарсы күреседі және денсаулықты сақтайды. Өзіне қолайлы жағдай жасап, табиғаттан оқшауланған адам табиғаттан да, оның сауықтандыратын әсерінен де оқшауланған. Кім табиғат заңын бұзса, қоршаған ортамен өрескел байланысса, онда өзінің биологиялық мәнінен, денсаулығынан айырылатыны және ауыратыны сөзсіз.Осыған дейін мынадай үстем көзқарас болды, экология, сыртқы орта – бұл бір бөлек, ал адам өзінің әлеуметтік өмірімен басқа бір бөлек деген.

ТАБИҒАТТЫҢ өзгеруі ойламаған араласудан, әсерден болады, одан кейін оның құрамындағы адам да және адамзат та өзгереді.

 Қоғамның ерте кезеңдерінде шаруашылық құрылымы негізінен иемденуге бағытталған. Содан кейін де көптеген мыңжылдықтар өтсе де, осыған дейін де өмір сүрген адам мен қоғамда осы иемделу принципі сақталған.

 Алғашқы адам қоғамындағы қарым-қатынас бәрін жаулап алуға, иемденуге бағытталған: территорияны, тамақтарды және т.б. Қоғамның дамуымен адамдарда әртүрлі заттарға қажеттілік күшейе түсті. Өкінішке орай, бұрынғы тактика сақталады: өздеріне, жақындарына, өзінің денесіне керекті нәрсені алу, үй салу, өзіне жағдай жасау.

 Адам – жармасатын, ұстайтын жан. Өзінің мүлде ұзақ емес тарихында бәрін басып алған: өсімдікті, тышқанды, қоянды, антилопты, мүйізтұмсықты, мамонтты, құлды, қаланы, мемлекетті, мұнайды, металды, мұхитты, континентті … Дәл осы негізде әрекеттестік адам мен табиғат арасында әрекеттестік құрылды. «БЕР!» – міне бұл негізгі болған және болатын әрекеттестік нәтижесі. Бұл мүлде кінә емес, бұл заңдылық, өйткені адамның даму жасы өте қысқа.

 Ұзақ уақыттан бері табиғат бізге бәрін берді, даму мүмкіншілігімен бізді қамтамасыз етті. Біз алуды үйрендік, ал кейде жетіспегенде бағындырып алдық.

Табиғатқа нақты еш нәрсе керек емес, бар керегі – адамзат қоғамының ақыл-ой және өндірістік қарекеті Жер шарының барлық адамдарының пайдасына қызмет етуі тиіс, табиғатты көріктендіріп отыруы, өзінен кейін құлазыған өңірді ғана қалдырып кетпей, табиғаттың өз қарымын неғұрлым түгел ашуына көмектесуі тиіс.

You May Also Like

Экологиялық факторлардың организмге әсері, СӨЖ

Экологиялық факторлардың организмге әсері. Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған организмнің…

Дән массасындағы жүретін микроорганизмдердің өмір тіршілігі, СӨЖ

Тақырыбы: Дән массасындағы жүретін микроорганизмдердің өмір тіршілігі Жоспар: Кіріспе Микроорганизмдердің ылғалдылыққа әсері…

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы, СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы: Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы Жоспар І. Кіріспе Әкімшілік құқық ұғымы…

Мінез түрлері, СӨЖ

СӨЖ Тақырыбы: Мінез түрлері. Мінез жөнінде түсінік Мінез-жеке адамның өзіне тән құқық…