Ұлы далалардың перзенттері 

 «Тәуелсіздік-халқымыздың   бостандығы мен дербес  даму  жолындағы  сан ғасырлық  күрес  тарихының  нәтижесі»   

 Нұрсұлтан   Әбішұлы  Назарбаев 

«Егемен  болмай – ел  болмас»-деп,  тура, әрі  нақты айтылған.  Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері ұлы  тұлғаларымызды жыл  сайын  құрметтеп, еңбектерін  дәріптеп келеміз. Ол  дегеніміз рухы  мықты қазақ елінің ұлы тұлғаларымызға  деген  құрметіміз. Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы- мәңгілік мұра. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге жыл  сайын  өшпес  мұрадай түрлі іс-шаралардан қалдырмай  келеміз. Солардың бірі дара, данан-  Абай атамыздың туғанына 176 жыл, артына өшпес із, мол ғылыми мұра қалдырған ұлы тұлғалардың бірі –қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уалихановтың туғанына 186 жыл.  Ұлы ағартушы Ыбырай  Алтынсаринге 180 жыл толып  отыр  Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.   Өз бойымызға ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін бойына сіңдіру  мақсатында  елімізде әр жылда   мектепте мерейтойлар  аталып тойлануда, іс-шаралар  өтілуде. Ұлы тұлғалар – өздерінің саяси немесе рухани еңбегі арқылы қоғам қажеттіліктерін анағұрлым толық қанағаттандыра алып, оның дамуына айтарлықтай әсер еткен, атқарған қызметі өз мемлекетінің аясынан шығып, бүкіл әлемге пайдасын тигізіп, баршаға әйгілі болған адамдар. Сондықтан кез келген мемлекет тарихы ұлы тұлғалар ісінің призмасы арқылы анағұрлым айқын, әрі әсерлі көрінетіні тегін емес. Қазақстанда тұратын  әрбір біздің азамат  өз  елінің  тарихын құрметтеуі, қастерлеуі керек деп ойлаймын . Қазақ елінің Тәуелсіздігінің бір тұғыры — ана тілі. Ел тәуелсіздігінің арқасында Қазақстан мемлекетінің Ата заңында қазақ тілі мемлекеттік тіл атанды. Бүгінгі күнгі басты мақсат пен мүдде де мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, оның қолданылу аясының кеңеюіне бағытталған. Бұл Қазақстанда жазу реформасының мәселелері тәуелсіздік алған сәттен бастап қолға алынды. Қоғамда бұл мәселенің мемлекеттік деңгейде бірнеше рет Елбасының, зиялы қауым өкілдерінің, ғалымдардың түрлі жиындарда өзекті мәселе ретінде сөз қозғауы оның маңыздылығын арттыра түсті. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Мәңгілік ел- ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екені, сол арманды өз қолымен орындағанын  барлығымыз білеміз. Ол арман тұрмысы бай-қуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ-мәңгілік қазақтың перзентіміз . Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы-   Мәңгілік ел», -деді       Сондықтан да,  біз бүгінгі ұрпақтар ата-бабамыздан қалған бай мұрамыз салт-дәстүрлеріміз бен, мәдени құндылықтарымызбен  тануымыз  керек, оқулықтарда терең тоқталып қайталап отыру  біздің парызымызға айналуы тиіс.  Қазақстанның Білім беру жүйесінің басты міндеті – жеке тұлғаның ұлттық және  жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау; баланың тәрбиелену, білім алу және жанжақты қалыптасу, ана тілін, ұлттық салт дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, денсаулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру Рухани жаңғыру арқылы құндылықтарды дәріптейді. Ұлы даланың перзенттері Әл-Фараби мен Абай өз ойларын әр түрлі сөзбен жазса да, олардың мағынасы бір-бірімен астасып жатыр. Абайдың қара сөзі мен өлеңдерін оқыған әрбір адам өмірін босқа өткізбесі анық деп айтсақ қателеспейміз. Себебі, олардың қалдырған еңбектері парасаттылық пен ақылдылыққа, бір сөзбен айтқанда өмірді лайықты сүруге үйретеді.

Қорыта келе, биылғы торқалы тойымыз ұлы  ағартушы-Ыбырай  Алтынсарин 180 жылдығы тойлануда. Осындай  ұлы  даланың перзенттерінің   еңбегін дәріптеп, құнды шығармаларын  кейінгі  ұрпақтар  жалғастырып  отыруымыз  керек. Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы- мәңгілік мұра. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындап адымдап келеді. Мысалы: Ұлы Абайдың өлеңдерінен ар-ұят, еңбек, намыс, адамгершілік. парасаттылық ұғымдарын жиі кездестіруге болады. Осылардың барлығы біз  жастар үшін мәңгілік мұра. Осы мұраны біз жастар бала бақшадан бастап сіңіртіп  санасына құя  беруіміз абзал. Ұлы  даланың  перзентерінің  өмірі мен шығармашылығын білу – біздің міндетіміз. Тәуелсіз еліміздің ертеңі – жастар, ендеше ұлыларымызды ардақтай білейік.

You May Also Like

Жаңартылған білім-болашақтың кепілі, мақала

Жаңартылған білім – болашақтың кепілі. Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы…

Мнемотехника әдісін балабақшада қолдану тиімділігі, мақала

«Мнемотехника әдісін балабақшада қолдану тиімділігі» Мнемотехника – тіл дамытуда тиімді есте сақтау,…

Listening as one of the most challenging skills for English learning students

Listening as one of the most challenging skills for English learning students…

Маңғыстау облысындағы тарихи ескерткіштер, мақала

ТАҚЫРЫБЫ: «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР» Үздік мақала Ел аузында Маңғыстаудың бойында 362…