Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат
етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз
салады.Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселе-леріне терең бойлауға бастайтын, күнде-лікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім
мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп.Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының
бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алу мен кез келген арнаулы мамандықтарға талпынудың ірге-
тасы осы бастауышта қаланбақ. Сондықтан, оның сипаты мен мазмұны, оқытудың әдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр. Өйткені, баланың
жеке бас қасиеттері, оның адамгершілі-гінің, белсенділігінің қалыптасуы мектеп-ке дейінгі тәрбие мен бастауыш сынып-тарда жүзеге аспақ. Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығарма-шылық қабілетінің, жалпы
мүмкіндікте-рінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту,
іскерлігі мен дүниетанымын қалыптас-тыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға
– Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.
Халқымыз әрқашан да ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға», «Адамның адамшы-лығы жақсы ұстаздан болады» деп айтқан ұлы Абай. Ал чехтің педагогы Я.А.Коменский: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын
тынымсыз жалын иесі» деп ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты,саналы азамат етіп тәрбиелеу – әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі мұғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларды халықтық педагоги-каның нәрлі қайнарымен сусындату,
әрбір оқушы бойында ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілділік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге тиіс.Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технология-ларын енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз Конфетница етуі керек. Бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі
келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, сынып мұғалімі олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны ұйым-дастыру формасын түрлендіріп отыру – мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай
жағдайда мұғалімнің шеберлігі ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рөл сондықтан да, жауапкершілігі мол, адал да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай педагогтар ғана балаға білім мен тәрбие беріп, оның жан дүниесіне әсер ете алады.Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен
жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен,топта жұмыс жасай білу. Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі,бағалаудың тиімді стратегиялары) үйретеді. Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде.Оқушыларды заманауи әдіс – тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр.
Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады.Қорыта айтқанда,жаңа бағдарламаның мәні,баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер ты-
нымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін,мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз.
Жаңартылған білім – болашақтың кепілі

You May Also Like

Жаһанданудағы ағылшын тілі, мақала

                                       ЖАҺАНДАНУДАҒЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІ  Аннотация Бұл баяндама қазіргі  жаһандану дәуіріндегі қазіргі замандағы…

Дебат ойын ережесі қандай?

Пікірсайыс? белгілі ереже бойынша қарсы тараптың өз позициясын қорғап, көпшілік алдында сөйлеуі…

Мектептің жаны-мұғалім, мақала

Мектептің жаны-мұғалім Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Өмірде мамандықтың түрі көп.…

Жаңартылған білім беру негізінде, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқушылардың шығармашылық қабілеттері арттыру, мақала

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ  БЕРУ  НЕГІЗІНДЕ, ҚАЗАҚ  ТІЛІ  МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН…