ЖАҺАНДАНУДАҒЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІ 

Аннотация

Бұл баяндама қазіргі  жаһандану дәуіріндегі қазіргі замандағы ағылшын тілінің маңыздылығы мен артықшылығын анықтай отырып. Сонымен бірге ағылшын тілінің таралуы мен жаһандану арасында екі жақты бір-біріне ықпалды ара қатынас тілі . Ағылшын тілі қазіргі заман талабына сай, кең ауқымда қолданылатын тіл. Жаһандық экономикадағы тіл десек, кем түспес едік. Ағылшын тілі заманымызда өте маңызды рөл алып отыр. Халықаралық сипаттағы ағылшын тілінің рөлі, қазіргі  XXI ғасырда тереңдетілген, маңызды болып саналуда. Біздің елімізде заман талабынан қалыспай ағылшын тілін жақсы меңгеріп, үнемі назарда ұстап  отырғаны айтылады.

Тірек сөздер:   Жаһандану, ағылшын тілі, кең таралған

Аннотация

В этом отчете подчеркивается важность и преимущества современного английского языка в эпоху глобализации. В то же время английский –это язык взаимовыгодного взаимодействия между распространением и глобализацией.  Английский-современный, широко используемый язык. Язык мировой экономики не меньше. Английский язык играет очень важную роль в наше время. Роль английского ”как  международного “  языка считается глубокой и важной в 21 веке. Говорят, что в нашей стране он свободно говорит по-английский и всегда  обращает на это внимание.

Ключевые слова: Глобализация, Английский язык, широко распространен

Annotation

This report highlights the importance and benefits of modern English in the age of globalization. At the sаme time, English is a language of mutually beneficial Interaction between the spread and Globalization. English is a modern, widely used language. The language of the global economy is no less. English language  a very important role in our time. The role of English as an international language is considered to be deep and important in the 21st century. It is said that in our country he had been fluent in English and always pays attention to it.

Қазіргі уақытта жаһандану экономика саясатта емес, мәдени – әлеуметтік саланы да қамтып отыр. Қәзіргі әлеуметтік теориядағы жаһандану ең өзекті тақырыптардың қатарында тұрғандығы мәлім. Жаһанданудың артықшылығы білім саласында да әлемдік деңгейде білім алуды қолжетімді жасады. Қай мемлекетке барып оқимын десеңде есік ашық. Тек соған  білімің жеткілікті болса болғаны. Тілдік жаһанданудың айқын салдары дегенде халықаралық байланыстағы, цифрлық технологиялар , саясат ғылым мәдениет саласында планетарлық  тіл болып табылатын ағылшын тілінің таралуын біліеміз. Ағылшын тілі – Ұлыбритания, Ирландия. АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия сонымен қатар Кариб аймағындағы бірқатар елдердің тұрғындары үшін ана тілі, Азия мен Африканың ондаған елдерінің тұрғындары үшін екінші тіл және әлемнің көптеген елдерінде ең көп оқылатын шет тілі. Алайда халықаралық қатынас тілдері ХХ ғасырдың ойлап тапқан шығармашылығы емес және олардың саны өте көп, әйтсе де қазіргі уақытта олардың ешқайсысын ағылшын тілімен сөйлеу-шілер саны жағынан да, қолдану салалары бойынша, әлеуметтік ықпалы, білім беру жүйесіндегі рөлі және т.б. бағыттарда салыстыруға келмейді. Ағылшын тілінің халықаралық аренада кеңінен қолданылуы бұл көбінесе осы заманның латыны деп аталады Ағылшын тілі бос уақытты өткізу сферасына да еніп кетті. Әлемдегі ең ірі теле-дидарлық компаниялар ағылшын тілінде шамамен 500 миллионға жуық аудиторияға арналған бағдарламалар жүргізеді, танымал журналдар мен газеттер ағылшын тілінде шығады, осылай-ша ғаламшардағы көптеген адамдар саяси және мәдени жаңалықтарды ағылшын тілінде оқиды. Ағылшын тілі әлем жастарының музыкалық мәдениетінің тіліне айналды. Сонымен бірге ағылшын тілінің таралуы мен жаһандану арасында екі жақты бір-біріне ықпалды ара қатынас дамуда: ағылшын тілінің таралуы экономикалық жаһанданудың нәтижесі бола тұра, экономикалық интеграцияға ықпал ететін және оның әсерін тезде-тетін де фактор болып табылады.

Сонымен қатар, жаһанданудың шапшаңдығын мойындай отырып, кейбір елдер жаһанданудың жаңа тенденцияларын талаптарына жауап беретін білім беру шеңберіндегі өздерінің мәдени әралуандығын нақтылау бойынша тиімді ізденістер жасады. Біздің елімізде де осы тенденциядан қалыспай білім саласында көптеген өзгерістер мен жаңалықтар енгізуде. Бірақ осы жаһандану тенденциясы біздің оқушыларымызға қалай әсер етіп жатыр деп ойлайсыздар? Білімді қазір үйде отырып ақ алып жатыр. Барлығы қолжетімді сабақты қай платформамен оқимын десең де құрылғы болса, оқуға мүмкіндіктер бар. Осындай заман талабына барлығымыз да ілесіп отырмыз.

Біздің елімізде де ағылшын тілі  1 сыныптан бастап тіпті балабақшадан бастап оқытылып келеді. Неліктен біздер шетел тілін оқи бастадық? Өйткені ол  заман талабы біз де қалыспауымыз қажет. Кішентай балалар  жылдам есте сақтай алады. Олар тіпті үйде телефон арқылы мультфиьлм көріп тілдерін  жаттықтырып, сөздерді бірге  қайталап  үйренеді. Бұл да заманымыздың дамып, бүлдіршіндердің қалыспай еріп жатқаны болып табылады. Осындай бүлдіршіндер мектепке оралғанда олар ағылшын тілінен санау, түстер, отбасы мүшелерін айта алады. Арықарай мемлекеттік стандарт бойынша сабақ  жүргізіледі. Өзге тілді үйрену , оны жетік меңгеру – бұл халықралық қатыныс кезінде айырықша орын алтыны аян. Тіл халықпен бірге өмір сүреді және қолданыстағы тіл еш  мүмкіндігін жоғалтпайды. Бүгінгідей жаһандану заманда көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орыны да ерекше.  Ағылшын тілі қазіргі заманда жаһандық тіл. Біздің елімізде де ағылшын тілі халықаралық қатынас тілі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек . 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетің тұрғындар саны  біршама көбеюі керек »- деп айтқан еді.Сондықтан ағылшын тілін үйрену ерте бастан қолға алынып айырықша мән беруде.

Елбасымыздың міндет етіп қойған бәсекеге қабілетті мемлекет құруда жас ұрпақтың тигізер үлесі зор. Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарында шет тілін кәсіби деңгейде оқыту басты орында тұр. Яғни әрбір студент өз мамандығына байланысты шет тілін жетік меңгеріп, одан ары қарай дамыта алады. Сонымен қатар шет мемлекеттерге шығып, мол тәжірибе жинақтауға мүмкіндік зор. Қазіргі заман жастары жанып тұр жан жақты дамыған қабілеттері зор оқушылар өте көп.  Оларға тек қолдау көрсетіп, жол сілтеу қажет. Тілдің қажеті артқан сайын , сұраныс артқан сайын осы қажетті қамтамасыз ету үшін арнайы шараларды жиі ұйымдастырып тұрады. Бәсекеге тек білімді мықтылар ғана қатысып жеңіске жете алады.

Туған тілді жетік меңгеруді, қастерлей білуді мақсат ете отырып, бір тілмен шектелмей ,  жан- жақты болуға тіл үйренуге талпыну керек. Бұл жастардың болашағы  ғана емес, тұтастай ұлтымыздың  болашағының жарқын болуының кепілі.

Қорытындылай келе, ағылшын тілі – байланыс тілі, жаһандық тіл. Ағылшын тілі қазіргі заман талабына сай, кең ауқымда қолданылатын тіл. Жаһандық экономикадағы тіл десек, кем түспес едік. Ағылшын тілі заманымызда өте маңызды рөл алып отыр. Халықаралық сипаттағы ағылшын тілінің рөлі, қазіргі  XXI ғасырда тереңдетілген, маңызды болып саналады.

You May Also Like

Бәденнің бағындырған белестері, мақала

Мемлекеттік тіл, мақала

   Менің аты-жөнім – Магашова Жулдуз Рашидовна, мен Инновациялық Еуразия университеті Екібастұз…

Әлем өзгерcе, мен де өзгеремін! мақала

Әлем өзгерcе, мен де өзгеремін! Уақыт тез өтіп,заманымыз өзгеріске ұшырап отырады. Жыл…

Педогогтардың жүйке психологиялық қобалжушылықтарын басуына арналған ұсыныстар

ПЕДАГОГТАРДЫҢ ЖҮЙКЕ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОБАЛЖУШЫЛЫҚТАРЫН БАСУЫНА АРНАЛҒАН ҰСЫНЫСТАР: Спортпен шұғылдану. Контрастық душ қабылдау. Ыдыс…