Менің аты-жөнім – Магашова Жулдуз Рашидовна, мен Инновациялық Еуразия университеті Екібастұз колледжінің төртінші курс студентімін, «Негізгі орта білім беру» мамандығының «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігі бойынша білім алудамын.

«Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП 100 студенті» республикалық конкурсына қатысуға өз кандидатурамды ұсынамын, себебі әртүрлі қалалық, өңірлік және халықаралық конкурстардың, конференциялардың, олимпиадалардың және т.б. жеңімпазымын, сондай-ақ колледжде студенттік өзін-өзі басқару белсендісі, қалалық Достық Үйінің шығармашылық ұжымының өкілі «Балдәурен» республикалық патриоттар академиясында бармын.

2016 жылы қалалық «Сұлтанмахмұт оқуларынан»  жүлделі 1 орын,  2017 жылы қалалық «Алтын микрофон» 1 орын жеңімпазы атандым. 2018 жылы «Үздік жүргізуші» байқауында 1 орын, Халықаралық «Таңғы шұғыла» сайысында Бас жүлдемен Стамбул қаласына жолдаманы иелендім.  2019 жылы Республикалық «Ұлы дала» және облыстық «Эврика» конференциларынан қатар 1 орындар иегері атанып, Санкт Петербург қаласына шақырту алдым. 2019 жылы Екібастұз қаласының әкімі алғыс хатпен өзінің алғысын білдірді. Қазіргі таңда Павлодар облысының  үздік 10 студенттерінің қатарындамын.

Мен Инновациялық Еуразия Университетінің Екібастұз колледжі әкімшілігінің және Екібастұз қаласының Достық үйінің қолдауымен Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға сәйкес өз мамандығым бойынша жобаны іске асырамын. Тіл мәдениетін арттыру және қаламыздың азаматтарының тілдік капиталын дамыту мақсатында, Қалалық Достық үйі базасында «Тіл керуені» үйірмесі аясында 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап Екібастұз қаласында тұратын өзге ұлт өкілдері үшін мемлекеттік тілді үйрену және дамыту бойынша іс-шаралар жүргізіле бастады.

Өзге ұлт өкілдері үшін «Тіл керуені» үйірмесі шеңберінде қосымша сабақтар мен іс-шаралар бекітілген бағдарламаға сәйкес жүргізіледі.

  Елбасымыз Н.Назарбаев: «Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы. Ана тілін қадірлеу – әр азаматтың перзенттік парызы. Ұлттық тілмен ұлттық сана қалыптасады. Ана тілін армансыз бойға сіңіріңіздер, өйткені бабаларымыздың ғұмыр тәжірибесі, дүниетанымы, мінез-құлқы, өзіндік болмыс-бітімі осы тілде қаттаулы жатыр. Тілге деген көзқарас – шындап келгенде, елге деген көзқарас» – дейді.

Елбасымыз саясатының арқасында тілге қамқорлық жасалып, оның аясын кеңейтуге барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Ата Заңымыздан бастап, мемлекеттік бағдарламаларда, жекелеген заңдарда тіл мәселесі қалыс қалып көрген жоқ. Тәуелсіздіктің 30  жылдығы аясында мұның да мән-маңызы ерекше деп білеміз.

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты: қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу.

Күтілетін нәтиже:

-Өзге этнос өкілдерінің қазақ тілін үйренуі;

– Этномәдени бірлестіктер базасында мемлекеттік тілді үйрету жұмыстарын жолға қою;

-Ұлттық  мәдениетін құрметтей білетін, рухани адамгершілігі мол, отансүйгіш азаматы.

«Тіл керуені» курсы  «Қазақ тілі. Қарапайым деңгей» оқулығы негізінде жасалған. Авторлары: Г.Қ. Досмамбетова, А.К. Балабеков, А.Т. Бозбаева-Хунг, А.Д. Сейсенова,  Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2016-268 бет, Қ 17 ISBN 978-601-7504-38-0.

Қазақ тілін қарапайым деңгейде меңгеруге арналған оқулық қазақ тіліндегі материалдарды тыңдап түсіну, оқып түсіну, қазақ тілінде жаза білу мен сөйлей білу қабілеттерін арттырады. Оқулық мазмұны он  бөлімнен, әр бөлім төрт сабақтан тұрады. Әр сабақта қарастырылған қазақ тілін қарапайым деңгейде меңгерудің түрлі әдістері сенімді түрде сөйлеуге дағдыландырады, өйткені тілді қарапайым деңгейде меңгерудің материалдары толық қамтылған.

Қазақ тілінен «Тіл керуені» курсы аптасына 1 сағат беріледі, барлығы – 40 сағат. Бағдарлама  бір жылдық оқу жылына жоспарланған.

Мемлекеттік тілге қызығушылық танытатындар саны қуантарлық деңгейде. Сабаққа қатысушылар жаңа тақырыптарды аса құмарлықпен меңгереді. Үйірменің алғашқы сабақтары қарапайым, жеңіл сөздерді үйренуден басталды.

Дегенмен, алда қалалық Достық үйімен Инновациялық Еуразия Университетінің Екібастұз Колледжі бірлесіп жұмыс жасауының арқасында мемлекеттік тілдің одан әрі дамуына зор үлес қосылады деген ойдамыз.

Менің мемлекеттік тілді дамытуға қосып жатқан үлесім біздің өңіріміз үшін және жалпы республика үшін одан әрі дами түсетініне сенімдімін.

You May Also Like

Заманауи білім беру технологиялары, мақала

Заманауи білім беру технологиялары (Современные педогические технология) Білім беру технологияларын мұғалімдер тәжірибесіне…

Туған жерге сағыныш, мақала

Ұлы далалардың перзенттері, мақала

Ұлы далалардың перзенттері   «Тәуелсіздік-халқымыздың   бостандығы мен дербес  даму  жолындағы  сан ғасырлық  күрес …

Бәденнің бағындырған белестері, мақала