Әлем өзгерcе, мен де өзгеремін!

Уақыт тез өтіп,заманымыз өзгеріске ұшырап отырады. Жыл сайын ақпарат өлшемі де өсіп,өзгереді. Алғашында біздің алған біліміміз уақыт өткен сайын ескіріп, оны жаңарту қажеттілігі туындайды. Міне,сондықтан біз үнемі өз білімімізді ұштап,жаңартып,үздіксіз білім алуымыз керек.

Заманымыздың заңғар жазушысы ғасыр ғұламасы атанған М.Әуезовтың «Халық пен халықты,адам  мен адамды теңестіретін нәрсе – білім», – деген сөзінің маңызы ешқашан жойылмақ емес, себебі кез келген мемлекеттің мәдениеті дамуының деңгейін, рухани мазмұнын, интеллектуалдық қуатын, өркендеу әлеуетін айқындайтын бірден – бір көрсеткіш – білім берудегі жүйелілік және сапалылық.

Жас ұрпақты тәрбиелеудің, оқытудың басты мақсаты – оның бойына ұлттық діл болмысты, жалпы адамзаттық құндылықтарды сіңіру, әлемдік өркениеттің бағалы ой – пікірлерін  насихаттау. Ал бұл орайда мемлекеттік тілдің алатын орны ерекше. Елге деген құрмет сезімін оятуда, мемлекетіміздің әлемдік деңгейдегі орынын танытып, көрсетуде, оқушыға эстетикалық тәрбие беруде  шығармашылық қабілетті дамыту.

Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс – әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжіребиені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктерімен келеді.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілгендей жалпы білім беретін мектептердегі білім берудің басты мақсаты –Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру,оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз етіп білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Сондықтан білім беруде озық технологияларды жүйелі қолданысқа еңгізіп, оның жемісті нәтижесін көріп отырған елдердің қатарынан біздің мемлекетіміздің де орын табуы – мамлекетіміздің басты мәселелерінің бірі. Осы мәселе мені де толғандырады.

Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан – жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан – жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Олай болса, жас ұрпаққа үйретері мол аға ұрпақтың ісі өрге жүзіп, еңбектері үстем болсын. Ал менің міндетім –жарқын болашақты, қазіргі таңдағы ойы ұшқыр, білімі терең, ақылды да, саналы ұрпақтарды тәрбиелеп, келешекке дайындау. Мұндай оқушыларды бұған дейін де оқытып келгенбіз, бірақ ескі әдіс-тәсілдер арқылы бағыт-бағдар беріп келгенімді енді ғана байқадым. Өйткені өз ойын еркін жеткізіп, одан қорытынды шығаратын бала ғана – ойлау қабілеті дамып, өздігінше бір зерттеу жұмысын жүргізе алатын тұлға болатыны сөзсіз. Әлемдегі озық мемлекеттердің қатарына ену үшін міндетті түрде АҚТ – ны жақсы менгеруді және тілді дұрыс қолдануы керек теп ойлаймын. Осындай тұлғаларды дайындау үшін алдымен, өзім соған дайын болуым керек екенін ұғындым, сондықтан, соңғы оқыту әдістерін үйрену үшін барымды салып, білімді жетілдіре отырып, әлем талабына сай тәлім беруге тырысамын. Егер осы талапты дұрыс және нәтижелі орындаған жағдайда ғана, жас ұрпақтарымыз алдыңғы қатарлы елдің зейінді де, қабілетті, дарынды ұл-қыздары болып жетілуіне сенімдімін. Әрбір жеткіншектеріміз әлемдік сайыстарда өздерінің ғылыми зерттеулерімен жаңа әлемнің есігін ашып, сол өзге әлемге сенімді қадам тастаймын. Егер мен өзіме сенімсіз болсам, менен әлсіз, өзіне сенімсіз ұрпақ өсуі мүмкін. Осындай жағдайлардан аулақ болу үшін, өзімді-өзім қамшылап отырамын. Қандай қиындық туса да, өз міндеттерімді орындаймын. Келешекте бәсекеге қабілетті, заман талабына сай жарқын болашақтын өсіп-өнуіне сенімдімін.

You May Also Like

Ахмет Байтұрсынұлының әліппелерінің әдістемелік ерекшеліктері, мақала

А. БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ӘЛІППЕЛЕРІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Бұл мақалада Ахмет Байтұрсынұлының әліппелерінің ерекшеліктері жайында…

Тұлғаның семантикалық моделі, мақала

Тұлғаның семантикалық моделі Психологияда тұлғаға өте көп анықтама берілген. Біз –бұл қиын,…

Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілеттерін арттыру, мақала

Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілеттерін арттыру Есте сақтау қабілетін арттыру Ес-…

Атырау облысы баспасөз материалдары – өлке тарихының дереккөзі, мақала