Менің отбасым

Отбасы-  шағын   мемлекет.  Отбасы   адам   баласының   жылы   ұясы.   Менің   отбасым – менің   бақытым.  Мен    бақытты   баламын.   Олай  дейтін   себебім,  еркелігімді  көтерер    атам,  мерейімді   асыратын   асыл   әжем,  қамқоршы   әкем, ақылын   аямайтын  аяулы  анам,  өзгелерден  ерек  інілерім  мен  бір  сіңлілерім  бар.  Мен  отбасымның  тұңғыш  немересі  болғандықтан  ба,  отбасы  мүшелерінің   ықыласы   мен  мейірімі ерекше.  Артымнан   ерген   бауырларыма  қамқор   болып,  үй   жұмысына   көмектесемін.  Отбасым   маған   қымбат  жандар.  Мен  отбасымды   өте   қатты  жақсы   көремін.  Атам,   әжем,   әкем,     анам    біздерге    жақсы   тәрбие   беруде.  Біз   ата-анамыздан   алған   тәрбиемізді  өмірде  қолданамыз.  Бірлігіміз жарасқан ,  дәстүрді   дәріптейтін   біздің   отбасының  өзгелерге  көрсетер  үлгі- өнегесі  мол. Себебі,  біздің  отбасында  бәрінің   өз міндеттері , өз  орындары   бар.  Мен  ата – анамның   қолғанатымын,   бауырларыма   қамқорлық  жасаймын,  егіз   сіңліммен  інімді   бағып,  анама   көмектесіп,    үй  шаруасына  қолғабыс  жасаймын Отбасы  мүшелері  бір-біріне  қамқор болу керек. Бірін- бірі  тыңдағаны жөн.  Әр  отбасындағы  балалар   өскенде  ата- анасын  асырап,  құрмет  өрсету  керек  деп ойлаймын. Әр  ата-ана  өзінің баласының тәрбиелі болғанын  қалайды. Мен  өз  отбасымды  жақсы  көремін  және  сыйлаймын. Өскенде  ата- әжемді,  ата-  анамды  асыраймын. Біздің  отбасының  әр  күні  мереке. Мейірім  мен  жылулық ұялаған  отбасында  дүниеге  келгеніме  қуанамын. Менің  отбасым- менің  қамалым, менің  бар  асылым. Міне,  менің  отбасым   осындай,   бақытты,   әрі   тату- тәтті.( 192 сөз)

You May Also Like

Баптау панелінің көмегімен желі кемшіліктерін жою, Дәріс

11 Дәріс. Баптау панелінің көмегімен желі кемшіліктерін жою 11.1 TCP/IP мен DNS-ті…

Негізгі білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлігілік оқу бағдарламасы

Көздің жасаурағанын емдеу

Жұмыртқаны суға пісіріп, сыртқы қабығымен бөліп, ортасындағы сары уызын алып, орнына құмшекер…

Машина жасау технологиясы мамандығы

«Мен таңдаған мамандық» Мамандығы: 07150100 – «Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)» 2…