А витамині–(ретино -латын сөзі «ретина»-көздің тор қабаты).Ас қорыту, тыныс алу процестерінде және тері жасушасында эпителийдің түзілуін реттейді.Қорғаныштық нәруыздар (антидене) лизосим ферментінің қалыптасуына қатысады. Лизосим бұл әртүрлі ауру тудырғыш микорбтардан қорғайтын фрагмент. Ксерофтальмия – көздің мүйізді қабаты зақымданып, адам соқыр болып қалуы мүмкін.Каротиноидтер А винаминінің ізашары(провитамин )-сәбіз, өрік ,аскөк, асқабақ, уылдырық, шпинат, балық майы, сары май, ет, балық, жұмыртқа , сүт. Жетіспесе ақшам соқыр, организм өсімін баяулатады, тері зақымданады. Бойдың өсуін баяулатады.

Д витамині (кальцеферрол- мешелге қарсы витамин). Мешел (рахид) – фосфор кальцилік алмасудың бұзылып, сүйектердің беріктігі төмендеп, аяқ сүйектерінің қисаюы. Д витамині кальций және фосфор алмасуына қатысады, сүйек пен тістің қалыптасуына қажет. Жас кезде Д витамині жетіспесе сүйек қисаяды, қартайған кезде сүйек сынғыш келеді, бұл – ортеопороз ауруы. Балықтың уылдырығы ,теңіз балығы, сүтқоректілердің бауыры, құс еті, жұмырқа.

Е витамині (токоферрол көбеюге қатысатын витамин). Ең негізгі биомембранана зақымдану нәтижесінді – бедеулік, түсік тастауға, әкеп соқтырады, қаңқа бұлшықеттері жансызданады. Е витамині – Эритроциттер қабықшасының бұзылуынан сақтайды, зат алмасу, көбеюге әсер етеді. Дәрумені – көкөністің жасыл жапырақтары , астық дәндері, өсімдік майы, жұмыртқа.

К витамині (филохинон – қан кетуге қатысатын витамин). Ең негізгі қасиеті қанның дұрыс ұюына әсер етеді. Дәрумен ас жапырақ, қырыққабат, қызан, бауыр. туралы мәлімет

С витамині (аскорбин қышқылы, антискорбут, антисингонтты витамин).Зат алмасуға қатысады, ауруға қарсы тұруды арттырады, тері тамырларын бекітеді. Жетіспесе құрқұлақ (цинга) – ауруға қарсы тұруы төмендейді , тез шаршау, буынның ауруы, бұлшықеттің ауруы,капилярлардың үзілуі,қызыл иектің қанталауы, қан кету. Аскорбин қышқылы – тері жасушаны күшті тотықтырғыштардың зиянды әсерінен қорғайтын антиоксидант С авитаминозы құрқұлақ ауруына шалдықтырады. Бұл аурумен тек адам , маймыл, теңіз шошқасы ауырады. Белгілері- тіс етінің қанталап тұруы, тістің босап түсіп қалуы, сүйек оңай сынғыш, жалғастырғыш, шеміршекті , серімді т.б. тіс ұлпалары зақымданады. Жыныс безі ,бауыр ,бүйрек . Негізгі қоры-көкөніс, жемістер, сүт, бұрыш,аскөк,көкжуа,қызан,қырыққабат,картоп, лимон,құлпынай, итмұрын.

В (тиамин)-Көмірсу, нәруыз, май, зат алмасуға қатысады. Ас қорыту мүшелерінің сөл бөлуін арттырады, жұмыстың жұмысын жақсартады. Жетіспесе бери-бери ауруына ұшыратады,соның әсерінен жүрек, асқазан жұмысы бұзылады. Негізгі қоры-бидай, бұршақ, бауыр, бүйрек жүрек.

Р витамині (никотин қышқылы). Клетканың тыныс алуына , зат алмасуға, ас қорыту мүшелерінің жұмысына, бауырдың қызметіне әсерін тигізеді. Негізгі қоры-сиыр еті , бауыр, бүйрек, жүрек, албырт балығы, майшабақ.

Н Витамині (биотин). Тері қабатын түзеді, жетіспегенде-ақтаңдақ пайда болып, биотин авитаминозы пайда болады. Дерматит ауруына ұшырайды. Негізгі қоры-асбұршақ, түсті қырыққабат, саңырауқұлақ, бидай, жұмыртқаның сарысы,бауыр,бүйрек, жүрек.

В витамині(тиамин, аневрин- жүйкенің қалыпты жұмыс істеуіне қажетті витамин). Атқаратын қызметі: зат алмасу, жүрек, асқазане, жүйкенің жұмысына әсер етеді. Жетіспеушілігі: бери- бери(полиневрид) -жүдеу, қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, аяқ-қол салы (паралич) , жүйке жүйесінің бұзылуы, жүрек соғуы жиілейді. Негізгі қоры- ашытқы,күріштің ұрық бөлігі, және қабығы, бидай, картоп, бауыр, қарақұмық.

В витамині(ребуфлавин- жасушаның энергетикалық алмасуына қатысады.) . көздің жарықты ж/е түстің қабылдауына, қан жасау мүшелеріне әсер етеді.жетіспесе баланың өсіп дамуын тежейді, көздің мөлдір қабықшасы қабынады, ауыздың сілекейлі қабықшасы қабынады, тері құрғайды, әлсіздік байқалады, тәбет төмендейді.Негізгі қоры-ішектің микрофлорасынан синтезделеді:сүт, ет азығында, сыра шаытқысында, жұмыртқа , көкөніс салаттарында, бидай,бұршақ,бауыр,бүйрек,жүрек

Вв итамині (пантотен)-май қышқылдарын, бүйрек безінің гормодарын, ацитилхолинді түзу үшін керек. Жетіспегенде адам әлсізденіп, тез шаршайды, басы айналып, терісі жарылады. Ауыздың шырышты қабықшасы бұзылып, жүйке ауруына ұшырайды. Негізгі қоры-бидай, бұршақ, картоп, бауыр, жұмыртқа, теңіз ж/е мұхит балықтары.Ввитамині (пиродиксин, адермин-) –нәруыз алмасуына , ферменттердің түзілуіне қатысады, аминқышқылының алмасуын реттейді. В6 авитаминозы кезінде тері ауруы дерматит пайда болады,жануар терісі түседі. Жеткіліксіз жағдайда қояншық, селкілдеу. Анемия ауруы пайа болады.

Вс витамині(фолий қышқылы). Нуклейін қышқылдары мен аминқышқылдарын түзуге әсер етеді. Хромосомаларда клеткалардың көбеюіне де негізгі жағдай жасайды.Қанның түзілуін жақсартып, реттейді. Жетіспегенде анемия ауруы пайда болады.Негізгі қоры-салат, қырыққабат, асжапырақ, қызан, сәбіз, бидай, қарабидай, бауыр, бүйрек, сиыр еті жұмыртқа. Ішектегі микроорганизмдер тезеді.

В12 витамині (цианкобаламин). Қарын сөліндегі нәруызбен қосылады. Қан жасауға әсер етеді. Жетіспегенде-анемиа ауруы пайда балады.Негізгі қоры-балықта, сиыр бауырында, бүйрегінде. Ішектегі микроорганизмдерді түзеді.

1 comment
Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Абай қазақ әдебиетінің шамшырағы атты поэтикалық марафон

Күні: Тақырыбы: «Абай – қазақ әдебиетінің шамшырағы» атты поэтикалық марафон Мақсаты: Ұлы ақынның…

Аспан механикасы

АСПАН МЕХАНИКАСЫ Ғарышкерлердің  айқындауы бойынша адамдар Жерді Әлемнің шексіз кеңістіктерінде  жүйіткіп бара …

Ұңғыларда парафин шөгінділердің алдын-алу және оларды жою есептері

2  Ұңғыларда парафин шөгінділердің алдын-алу және оларды жою есептері.         2.1 Қабатты…

«Қоғамның даму үдерісін ілгерітудің жетекші күші – жастар».Тақырыпқа қатысты сыни пікір білдіріп жазыңыз. (Қазақстандағы Жастар жылына орай)

Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократия кезеңінде. Егеменді еліміздің болашағын…