2  Ұңғыларда парафин шөгінділердің алдын-алу және оларды жою есептері.

        2.1 Қабатты жылумен өңдеудің өндірістік үрдіс есебі

Мұнай кен орындарында парафин шөгінділерімен күрес үшін жылу әдістері кеңінен қолданылады: өндіру ұңғының құбырсыртындағы кеңістікке ыстық мұнай (конденсат), қыздырылған бу немесе  бу ауалы қоспа кезеңмен айдалады. Фонтанды құбырлар арнайы бу қозғалмалы қондырғы (БҚҚ) көмегімен қыздырылады.

          Есеп 2.1.  Ұңғылар 7-нүктелі сұлба жүйесі бойынша орналасқан (шеңбер бойымен 6 пайдалану ұңғылары және ортасында бір айда ұңғы). Пайдалану және айдау ұңғылардың арақашықтығы R=100м. Қабаттың орташа қалыңдығы һ=20м. Қабаттың кеуектілігі m=0,2. Қабаттың қалдық мұнайға  қанығуы β= 0,5. Қабатты жылумен өңдеудің жалпы ұзақтығын анықтау қажет.

          Шешімі. Жылумен өңдеуге ұшырайтын қабат көлемі

(2.1)

Жылумен өңдеуге дейін мұнайдың абсолюттік қоры

(2.2)

Осы қордан мұнай бумен ығыстырған кезде 80% мұнайды алуға болады, яғни

Алдын ала түп аймақтың температурасын DТ=700 0С деп қабылдап, түп аймақтың көлемін анықтаймыз:

(2.3)

мұнда, – бастапқы t-дан қыздырылған будың температурасының өсуі; – қайнау нүктесіне дейін суық судың температурасының өсуі; Сс– 1ккал/кг0С- судың жылусиымдылығы; i=500 ккал/кг- судың буға айналғандағы жылуы.

Осыдан,

Өңделетін қабат көлемінен түп аймақтың көлемі    құрайды.

Осындай қабат көлемін қыздыру үшін келесі жылу энергиясы қажет:

Q1= (DТп -DТв)×і×Vо      (2.4)

Осы формулаға мәндерді қойып, келесіні аламыз

Q1= (700-150)×500 × 89 000 = 24 475 × 106 ккал

25% жылуға кететін шығынды ескеріп, жалпы осындай энергияны алуға қажетті газ мөлшерін анықтаймыз:

Q=8000ккал/кг – табиғи газдың жану жылдамдығы.

3 газды жандыру үшін 9,5м3ауа қажет екендігі лабораториялық тәжірибелерде анықталған.

Сондықтан ауаның шығымы:

Vв= 9,5×Vг= 9,5 × 3 824 218=36 330 078м3

Газауалы қоспаның барлық көлемі:

Vсм= Vг + Vв= 3 824 218 + 36 330 078 = 40, 154 млн.м3

Қабаттың қызатын радиусы:

    (2.5)

Айдау ұңғысының қабылдағыштығы R=100мың м3/тәу, кем болмауы керек.Егер одан кіші болса, онда қабылдағыштарды арттыру шараларын жүргізу қажет.

Қабатты қыздыру  ұзақтылығы:

Түп аймақты қыздырғаннан кейін, тез арада су айдап, ол буға айналғаннан кейін қабатты өңдей бастайды.

Айдау үшін қажетті судың көлемі:

(2.6)

мұнда Сп=500 ккал/м3 0С-қыздырылған будың жылусиымдылығы; Св=1000 ккал/м3 0С-судың жылусиымдылығы.

Айдау қондырғысының qайд=500м3/тәу өнімділігінде мұнайды бумен ығыстыру ұзақтылығы:

Қабатты жылумен өңдеудің жалпы ұзақтығы:

tжал = tығ + tқыз = 401+ 628 = 1029күн3жыл

Осы мерзім ішінде жылумен өңдеу арқылы 50 000м3 мұнай өндіру қажет, немесе 6 ұңғыдан дебит 50000/1029= 49м3/тәу құрайды.

2.2 Бу жылуымен өңдеген кезде ұңғы оқпаны бойымен жылу шығынын есептеу.

Есеп 2.3. Келесі белгілі мәндер бойынша ұңғы оқпаны бойымен жылу шығынын анықтау қажет: сорапты-компрессорлы құбырлардың ішкі диаметрі rв=0,031м; жылубергіштің қосынды коэффициенті k=159ккал/м2×0С×ч; тау жыныстарының орташа жылу өткізгіштік коэффициенті lп=0,245 ккал/м× 0С×ч; қыздыру уақыты ішінде тау жынысында жылу шығынын анықтайтың уақыт функциясы f (t)=3,84; қыздыру уақыты t=10тәу; ұңғы сағасында жұмыс агентінің (бу) температурасы Т0=1950С ; ұңғы сағасында ауаның орташа жылдық температурасы qо= 2 0С; жұмыс агентін айдау тереңдігі Н=1300м; геотермиялық градиент s=0,0154 0С/м.

Шешімі. Ұңғы оқпаны бойымен жылу шығынын келесі формуламен анықтаймыз:

(2.7)

Сонда,

немесе  (400×106 Дж/сағ).

Қосынды жылу шығыны

Ұңғыға жеткізілген жалпы жылу мөлшері:

мұнда і –жылу қасиетін сипаттайтын бу энтальпиясы (12кгс/см2 қысымында және 195 0С і=672,9  ккал/кг температурасында); G=300т, немесе 300 000 кг, – айдалатын будың салмағы.

Түпке жеткен жылу мөлшері,

Жылу шығынының пайызы

Кесте 7- Бу жылуымен өңдеген кезде  ұңғы оқпаны бойымен жылу шығынын есептеуге вариант бойынша тапсырма

№ варианта R, м h, м m b
1 150 20 0,2 0,6
2 135 18 0,3 0,5
3 120 10 025 0,4
4 110 9 0,5 0,38
5 90 25 016 0,52
6 170 15 0,3 0,7
7 200 18 0,4 0,9
8 180 30 0,42 0,56
9 150 17 0,306 0,8
10 140 10 0,25 0,86
11 85 8 0,38 0,45
12 70 13 0,41 0,4
13 90 14 0,22 0,3
14 120 26 0,2 0,52
15 40 10 0,18 0,6
16 55 20 0,23 0,7
17 100 18 0,3 0,9
18 120 12 0,25 0,8
19 184 24 0,3 0,74
20 160 20 0,28 0,6

 

You May Also Like

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекетін белсендіру үшін бірнеше дидактикалық ойындар жасаңыз. слайд

Загадки поваренной соли

Исследовательский проект «Загадки поваренной соли» Содержание: Введение………………………………………………………………….стр. 3 1.Теоретическая часть ……………………………………………    стр…

Қазақтың ұлттық ойындары

      Қазақтың ұлттық ойындары. Алтыбақан. Бұл – жас-тардың кешкілік бас қосып, ән…

Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар, дәріс

Дәрістің тақырыбы: Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар «Табиғи және техногендік сипаттағы…