Дәрістің тақырыбы:

Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар

«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» (5.07.96ж) ҚР Заңы республика аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.

Онда, халықты, қоршаған орта мен шаруашылық

объектілерін төтенше жағдайлардан және одан

туындаған салдардан қорғау мен мемлекеттік саясат жүргізуде басым салаларының бірі екендігі ата көрсетіледі.

Занда төтенше жағдайға, зілзалаға, аварияға, апатқа анықтама беріледі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы ұйымдардың міндеттемесі, халықтын құқығы мен міндеттемсі белгіленіп, мемелекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарының өкілеттігі атап көрсітілген. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы заңның бұзылғандығы үшін жауапкершілік белгіленген.

Зілзала – бұл кенеттен туындайдын және халықтың қалыпты тіршілігінің қүрт бұзылуына, адамдар мен хайуанаттардың қаза болуына, материалдық құндылықтардың бүлінуіне және жойылуына алып келетін табиғат құбылысы. Зілзала салдарынан төтенше жағдай туады.

Көптеген зілзалалар адамның еркінен тыс жер сілкінісі, тасқын, сел, сырғыма, қар көшкіні, долы жел, бұрқасын, орман және дала өрттері сияқты табиғат күштерінің әсерінен болады.
Әрбір зілзаланың тек өзіне ғана тән пайда болу себебі, козғаушы күші дамуының сипаты мен сатысы қоршаған ортаға өзіндік әсері сияқты физикалық қасиеті бар.

Зілзаланың бір-бірінен айырықты ерекшеліктеріне қарамастан ортақ белгілері бар.

Олар: үлкен кеңістікті қамтуы, қоршаған ортаға айтарлықтай ықпалы, адамға, қатты психологиялық әсер етуі.
Авария – технологиялық процесстердің бұзылуы, механизмнің, қондырғының және ғимараттың зақымдалуы. Шаруашылық объектілерінде ең көп тараған авария себептері – агрегаттарды, механизмдерді пайдалану ережесін бұзу. Сондай-ақ техника қауіпсіздігі ережесін бұзу, зілзала.

Авария салдарының сипаты оның түріне, көлеміне және ол пайда болған кәсіпорынның ерекшелігіне байланысты. Бірқатар жағдайда атмосфера газданады, мұнай өнімдері, тұтанғыш сұйықтар мен қатты әсер ететін улы заттардың төгілуі, авария салдарын тудырады.

Апат – бұл адамның өзі күтпеген іс-әрекеті, зілзала немесе әлеуметтік қиыншылық, олар адамдардың үлкен тобы тіршілігінің бұзылуымен, қаза болуымен немесе өмір мен денсаулығына төнген қауіппен және айтарлықтай экономиқалық және экологиялық залалмен сипатталады.

Апаттар көлемі мен түрлері бойынша жіктеледі.

Көлемі бойынша: кіші, орта және үлкен.
Көлемді анықтау кезінде өлшеу үшін екі көрсеткіш алынады:

-зардап шеккендердің жалпы саны немесе емделуге мұқтаждардың саны;

-апат салдарының әсеріне ұшыраған аумақ көлемі.

¢Түрлері бойынша барлық апат екі топқа бөлінеді:
– табиғи (олар табиғи және стихиялық зілзала)
– жасанды (антропонгендік, яғни адамдық факторлардан туындайды).

Табиғи апаттар:

1. Метеорологиялық (боран, дауыл, циклон, қарақұйын, қатты ыстық, құрғақшалық, аяз, найзағайдан болған өрт).
2. Тектоникалық және теллурлық (жанартаудың атқылауынан болған өрт, жер сілкінісі).
3. Топологиялық (сел, сырғыма, қар көшкіні, тастың құлауы, су басу).
4. Космостық (метеориттердің және басқа космостық денелердің құлауы, олармен соқтығысуы).

Жасанды апаттар:

1. Көліктік (космостық, авиациялық, автомобильдік, теңіз, өзен, темір жол).
2. Өндірістік (радиациялық, химиялық, термикалық).
3. Спецификалық (ерекше жағдайдағы: бактериологиялық, эпидемиологиялық)
4. Әлеуметтік (соғыс, аштық, қоғамдық және ұлттық тәртіпсіздіктер, лаңкестік, маскүнемдік, нашақорлық, т.б.)

Төтенше жағдай
Төтенше жағдай – апат нәтижесінде қалыптасқан ахуал, оның басты көрсеткіші бүлдіру процесстерінің жиілігі болып табылады. Бұл процесстерді қалыпқа келтіру үшін қосымша күш пен қаражатты тарту және айрықша шешім қабылдауды талап етеді.

Төтенше жағдайлар үш негізгі белгілер бойынша жіктелінеді:

¢1) Пайда болу саласы бойынша.
2) Ведомстволық қатыстылығы бойынша.
3) Аумақтық таралуы бойынша.

Пайда болу бойынша төтенше жағдайлар:
– табиғи;
– техногенді;
– жанжалды болып бөлінеді.

Табиғи төтенше жағдайларға:
– геофизикалық қауіпті құбылыстар
– геологиялық қауіпті құбылыстар
– метеорологиялық және агрометеорологиялық қауіпті құбылыстар
– теңіздегі гидрологиядық қауіпті құбылыстар
– гидрологиядық қауіпті құбылыстар
– табиғи өрттер
– адамдардың жұқпалы ауруға шалдығуы
– ауылшаруышылық малдардың жұқпалы ауруға шалдығуы
– ауылшаруашылық өсімдіктердің ауруға және зиянкестерге шалдығу жатады.

Техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға:
– өндірістік
– транспорттық авариялар
– өрттер
– ҚӘУЗ тасталуымен авариялар
– РЗ тасталуымен авариялар
– БҚЗ тасталуымен авариялар
– ғимараттардың кенеттен құлауы
– электр-энергетиқалық жүйелердегі
– коммуналдық тіршілікті қамсыздандыру желілердегі авариялар
– тазартқыш құрылыстардағы авариялар
– гидродинамикалық авариялар жатады.

Жанжалды сипаттағы төтенше жағдайларға:
– қарулы шабуыл
– кейбір аймақтардағы толқулар
– соғыс уақыттағы әскери әрекетерде қазіргі зақымдау тәсілдерді қолдану жатады.

Ведостволық қатыстығы бойынша төтенше жағдайлар мыналарға бөлінеді:
– құрылыста
– өндірісте
– халыққа үй-жайлылық және коммуналды-тұрмыстық қызмет көрсету саласында
– көліктік байланыста

Аумақтық таралуы бойынша төтенше жағдайлар мыналарға бөлінеді:
– объектілік
– жергілікті
– аймақтық
– кең ауқымды

You May Also Like

Проект «We learn English together»

«We learn English together» он для тех, у кого есть желание и…

Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған мемлекеттік емтихан сұрақтары

-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына  арналған МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ – «Қазақ…

Бөлме өсімдіктерінің түрлері

Бөлме өсімдігі. Алоэ.   Алоэ- суккулентті ылғалдылықты сақтай алатын арнайы  ұлпасы бар өсімдіктер…

Кәсіптік – қолданбалы дене дайындығы

Кәсіптік – қолданбалы дене дайындығы Жоспар. Қолданбалы дене мәдениеті Дене мәдениеті және…