-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына  арналған

МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫНЫҢ

ТІЗІМІ

– «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері үшін мемлекеттік емтихан сұрақтарының

ТІЗІМІ

Педагогика пәнінен сұрақтар:

  1. Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбиенің пайда болуы.
  2. Таяу Шығыста және Орталық Азиялық Ренессанс дәуірінде (VI-XV ғ.ғ.) білім беру мен педагогикалық идеялардың дамуы
  3. Тәрбиені ұйымдастыру формалары мен тәсілдері
  4. Әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950 ж.ж.) педагогикалық тұжырымдамасы
  5. Қорқыт Атаның (IX ғ.) ізгілік сипаттағы көзқарастары
  6. Жүсіп Баласағұнның (XI ғ.) педагогикалық көзқарастарының жүйесі
  7. Махмуд Қашғаридің «Диуани лугат-ат-турки» алғашқы филологиялық еңбегіндегі «Жеті ата» қағидасы. Қожа Ахмет Йассауи Хазрет Сұлтан (1105-1166) мұрасындағы әділдік пен адамгершілік – сопылық ілімнің негізі
  8. Омар Хайямның педагогикалық көзқарастары
  9. Ислам әлеміндегі білім беру жүйесі: китаб мектебі, мешіттердің ролі, ағартушылық кружка-фикха және қалам, мектептер мен медреселердің дамушылық маңызы
  10. Византияда христиандық педагогикалық дәстүрлердің дамуы
  11. Ерте ортағасырда Еуропадағы білім берудің ерекшеліктері
  12. Ортағасырдың (XI-XIII ғғ.) даму кезеңіндегі тәрбие мен білім беру
  13. Қайта өрлеу (XIV-XVI) дәуіріндегі педагогикалық ойлар: Л.Бруни, Л.Валла, Л.Альберти – «азаматтық ізгілік» өкілдері.
  14. XVII-XVIII ғғ. еуропалық елдердегі ағартушылық
  15. Я.А.Коменскийдің педагогикалық ілімі. Я.А.Коменский теориясындағы сынып-сабақ жүйесі мен білім берудің әмбебаптығы идеясы
  16. XVIII ғасырдың басында Батыс Еуропа елдеріндегі педагогикалық ойлар (Джон Локк, Жан-Жак Руссо). Англиядағы мектептік білім беру
  17. Француз революциясының мектептік білім беруге әсері
  18. XIX ғ. 80-ж.дейін Батыс Еуропадағы педагогикалық ой-пікірлерде оқытудың тәрбиелеу және дамыту идеяларының қалыптасуы: И.Г.Песталоцци, Ф.А.Дистервег және т.б. шетелдегі білім берудің қазіргі тенденциялары.
  19. Ежелгі Рустегі мәдениет пен білім беру
  20. Ежелгі славян халықтарының тәрбие мен білім беруі
  21. Киевтік Русьтегі (X-XIII ғғ.) тәрбие мен оқыту
  22. Орыс мемлекетіндегі білім беру. XVII ғасырдың соңында Ресейдегі педагогикалық ой-пікірлер
  23. Ресейдегі жетекші педагогтар – И.И.Бецкой, Ф.И.Янкович де Мириево, Н.И.Новиков, А.Н.Радищев т.б.
  24. К.Д.Ушинский – ғылыми педагогиканың негізін салушы
  25. Л.Н.Толстой. Н.И.Пироговтың педагогикалық іс-әрекеттері
  26. Тәрбие мен білім беру туралы көзқарастар: 1) классикалық педагогиканың дамуы (Н.Ф.Бунаков, В.Я.Стоюнин, П.Ф.Каптерев және т.б.); 2) тұлғаның тәрбиесі мен дамуы мәселелерін философиялық түсіну (П.Ф.Вахтеров, В.В.Зеньковский, В.В.Розанов және т.б.); 3) Батыстағы реформаторлық педагогикамен ұқсас қозғалыс (К.Н.Вентцель, , П.Ф.Лесгафт, А.П.Нечаев және т.б.)
  27. XIX-XXғғ. аралығында Ресейдегі тәрбиелеу-білім беру мекемелері: К.Н.Вентцельдің «Еркін балалар Үйі», С.Т.Шацкий мен А.У.Зеленко «Сетлемент»
  28. Кеңестік мектеп пен педагогиканың ерекшеліктері мен өзіндік белгілері: 1917ж. – 1930 ж.басы, 1930-1940 жж., 1945-1991 жж.
  29. КСРО-да міндетті жалпыға білім берудің қалыптасуы
  30. Білім берудің жетекші тұжырымдамалары: В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, Л.В.Занковтың дамыта оқыту; жалпы орта білім беру тұжырымдамасы (В.В. Краевский, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин), тұтас педагогикалық үдеріс теориясы (Н.Д.Хмель, В.А.Сластенин және т.б.)
  31. Алғашқы ұлттық мектептері: Отырардағы татар мектебі (1744), Омбыдағы азиат мектебі (1786), Омбыдағы әскери училище   (1813). Мұсылман мектептері (1836)
  32. Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары мен іс-әрекеті
  33. Ағартушы-демократтар Ш.Уалиханов, А.Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары
  34. Қазақстандағы қоғамдық педагогикалық қозғалыстар
  35. Ахмет Байтұрсыновтың прогрессивті көзқарастары мен іс әрекеті
  36. Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық еңбектеріндегі ізгілікті педагогика идеялары
  37. Жүсіпбек Аймауытовтың педагогикалық іс әрекеті мен жалпыадамзаттық тәрбие идеялары
  38. С.Көбеевтің отбасы тәрбиесі туралы педагогикалық көзқарастары
  39. Назипа Құлжанованың мектепке дейінгі тәрбие беру теориясы мен әдістемесі
  40. Білім мазмұны және мұғалім кадрларын даярлау
  41. Мектеп құрылысы мәселесі
  42. Білім беруді реформалауға бағытталған негізгі құжаттар
  43. Педагогика ғылым ретінде. Педагогиканың объектісі, пәні және қызметтері
  44. Педагогиканың негізгі категориялары (тәрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық үдеріс), олардың өзара байланысы
  45. Педагогикалық ғылымдарда пәнаралық ұғымдардың (тұлға, іс-әрекет, қарым-қатынас, дамыту, әлеуметтену, қалыптастыру) қолданылу ерекшелігі
  46. Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогиканың философия, психология, әлеуметтану, физиология және басқа ғылымдармен байланысының түрлері
  47. Педагогика ғылымының әдіснамасы және педагогтың әдіснамалық мәдениеті жөніндегі түсінік. Педагогиканың әдіснамалық деңгейлері
  48. Диалектиканың заңдары, олардың жалпы сипаты
  49. Таным теориясы туралы түсінік
  50. Тұлға теориясы туралы түсінік
  51. Іс-әрекет теориясы туралы түсінік
  52. Құндылықтар теориясы туралы түсінік
  53. Басқару теориясы туралы түсінік
  54. Әлеуметтендіру теориясы туралы түсінік
  55. Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру
  56. Педагогика ғылымдарының әдістері
  57. «Тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары және олардың арақатынасы
  58. Тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру» ұғымдарына сипаттама және олардың арақатынасы
  59. Адамның биологиялық және әлеуметтік дамуының арақатынасы, оның тұлғасын (биологиялық, әлеуметтік және биоәлеуметтік) қалыптастырудың негізгі тұжырымдары
  60. Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер ететін факторлар (сыртқы және ішкі, биологиялық және әлеуметтік)
  61. Негізгі факторлар: тұқымқуалаушылық, орта, тәрбие, олардың өзара байланысы
  62. Тұлғаны дамытудың және қалыптастырудың қозғаушы күштері мен негізгі заңдылықтары
  63. Өзін-өзі тәрбиелеу – тұлғаның дамуы мен қалыптасуының шарты, нәтижесі
  64. Жеке тұлға дамуының жас ерекшелігі туралы түсінік, оның табиғи әлеуеті
  65. Білім берудегі инклюзивті тәсіл және оны Қазақстанда іске асыру
  66. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің мәні, құрылымы және қызметі, қалыптасу үдерісі
  67. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәні мен мазмұны, технологиясы
  68. Мұғалімнің зерттеушілік іс-әрекетінің әдістері
  69. Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері
  70. «Мұғалімнің іс-әрекет объектісі» және «педагогикалық үдеріс» ұғымдары (П.Ф.Каптерев, Н.Д.Хмель, В.А.Сластенин және т.б.)
  71. Педагогикалық үдерістің белгілері, сапалары, мен қасиеттері
  72. Мұғалім мен оқушылардың әрекеттестігі іс-әрекет субъектісі ретінде (субъект-субъектілі қатынас) – педагогикалық үдерістің маңызды сипаттамасы
  73. Педагогикалық үдерістің біртұтастығы, компоненттерінің құрылымы мен сипаттамасы
  74. Тұтас педагогикалық үдерістің қызметтері (білімділік, тәрбиелік, дамытушылық)
  75. Педагогикалық үдерістегі мақсаттардың иерархиясы
  76. Оқушылардың дүниетанымының мәні мен қызметтері. Дүниетанымның құрылымы: білім, көзқарастар, сенім, идеалдар, өмірлік ұстаным
  77. Тұлғаның іс-әрекеті – оның дүниетанымының көрінуі. Дүниетанымның түрлері
  78. Дүниетанымды қалыптастырудың әдіснамалық негіздері
  79. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру құралдары: оқыту мен тәрбиенің мазмұны, формасы, әдістері, пәнаралық байланыс, оқушыларды әр алуан іс-әрекет түрлеріне қатыстыру; отбасы мен мектептің өзара әрекеттестігі, педагогикалық үрдісті жобалау және т.б.
  80. Тәрбие мазмұны ұғымы, мақсаты, міндеттері мен мазмұнының өзара байланысы
  81. Тәрбиенің түрлері және оларға сипаттама
  82. Тұтас педагогикалық үдерістің қозғаушы тетіктері ретінде тәрбиенің құралдары, формалары, әдістері туралы түсінік, олардың өзара байланысы мен бір-біріне тәуелділігі
  83. Оқушылармен тәрбиелік жұмыс формаларының негізгі топтары: мектептік өмірді басқару және өзін-өзі басқару формалары; қызықтырушылық формалары және т.б.
  84. Тәрбие әдістерін жіктеу және оларды дайындаудың өлшемдері
  85. Тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері
  86. Педагогика ғылымындағы «ұжым» ұғымы. Балалар ұжымы – әлеуметтік ортаның құрамдас бөлігі
  87. Ұжым теориясы мен практикасының қалыптасуы және дамуындағы А.С.Макаренконың ролі
  88. Балалар ұжымын қалыптастырудың кезеңдері, заңдары және атқаратын қызметтері
  89. Балалар ұжымын қалыптастырудың негізгі құралдары
  90. Сыныптың тәрбиелік жүйесінің қызметтері, мақсаты мен міндеттері
  91. Тәрбиелік жүйені диагностикалау
  92. Тәрбиелік жүйені модельдеу технологиясы
  93. Отбасы тәрбиесінің нормативтік-құқықтық негіздері
  94. Отбасы тәрбиесінің ізгіліктік және этнопедагогикалық аспектісі
  95. Отбасының қызметтері, типтері. Қазіргі отбасының ерекшеліктері
  96. Отбасындағы педагогикалық үдерістің негізгі компоненттері: отбасы тәрбиесінің мақсаты, міндеттері, мазмұны, балалар мен ересектердің өмірлік тіршілігін ұйымдастырудың құралдары, формалары, әдістері
  97. Отбасы тәрбиесінің қазіргі мәселелері
  98. Дидактика – оқыту және білім беру теориясы. Дидактиканың негізгі категориялары
  99. Оқытудың мақсаты мен міндеттері
  100. Оқытудың заңдылықтары және қағидалары
  101. Тұлғалық-бағдарлық оқытудың негіздері
  102. Оқытудағы құзыреттілік тәсіл
  103. Оқытудың психологиялық теориялары: ассоциативтік-рефлекторлық, ақыл-ой әрекеттерін сатылап қалыптастыру және т.б.
  104. «Білім мазмұны» ұғымы. Білім мазмұнының теориялары
  105. Білім мазмұнына қойылатын талаптар
  106. Білім мазмұнын іріктеу факторы және көздері
  107. Білім мазмұнының негізгі компоненттері
  108. Білім мазмұнын ізгілендіру, гуманитарландыру, этнопедагогикаландыру
  109. Білім мазмұнын анықтайтын нормативті құжаттарға сипаттама: білім беру стандарттары, базистік оқу жоспары, оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер
  110. Оқытуды ұйымдастыру формасы, әдістері мен құралдары арасындағы арақатынас
  111. Қазіргі заманғы мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың формалары: сабақ, экскурсия, практикумдар мен семинарлар, оқушылардың оқу үй жұмыстары, сынақтар, консультация, емтихан, факультативті сабақтар және т.б.
  112. Сыныптан тыс оқу жұмысының формалары: пәндік үйірмелер, ғылыми қоғам, олимпиадалар, байқаулар және т.б.
  113. Сабақ – тұтас жүйе, оның компоненттері мен міндеттері (білімділік, дамытушылық, тәрбиелік). Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар. Сабақтың типологиясы және құрылымы
  114. Сабақта оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың топтық, дербес, фронтальды формалары
  115. Сабақты ұйымдастырудың дәстүрлі емес формалары: «авторлық сабақтар», конференция –сабақ, бинарлы сабақ, сипаттау сабағы, ойландыру сабағы, пікірсайыс сабақ, ойын сабағы, зерттеу сабағы және т.б.
  116. Сабақты талдаудың типологиясы мен түрлері (толық, дидактикалық, психологиялық, тәрбиелік, жүйелі, қысқа, құрылымдық, аспектілі, кешенді, ұйымдастырушылық, біріктірілген және т.б.)
  117. Әдіс туралы жалпы түсінік. Оқытудың әдістері мен әдістемелік тәсілдері
  118. Оқыту әдістерінің дидактикалық, психологиялық және технологиялық аспектілері
  119. Оқыту әдістерінің ерекшеліктері: тәрбиелік, білімдік, дамытушылық міндеттері; екі жақты сипаты; жеке әдісті қолдану логикасы; сабақта оқыту әдістерінің кешенін таңдау негіздері
  120. Оқыту әдістеріне сипаттама: сөздік, көрнекілік, практикалық
  121. Оқыту сапасын диагностикалау. Ұғымдар: бақылау, бағалау, оқушының оқу жетістігін белгілеу
  122. Диагностика, бақылау, бағалау, оқушылардың оқу жетістіктерін есепке алу ұғымдарының мәні. Үлгерім – оқушылардың оқу жетістігінің сипаттамасы
  123. Оқушылардың оқу жетістігін бақылау мен бағалаудың қазіргі заманғы формалары
  124. Бағалау үдерісіне оқушылардың қатысуы және өзара әрекеттестігі: бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау, бағалау пікірі
  125. Оқушылардың танымдық шығармашылық іс-әрекеті
  126. Педагогикалық технология туралы түсінік. «Әдістеме», «технология», «оқыту технологиясы», «педагогикалық технология» ұғымдарының арақатынасы
  127. Педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамалары
  128. Педагогикалық технологиялардың түрлері
  129. Оқушыларлың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту технологиясы
  130. «Педагогикалық менеджмент» ұғымы. Басқарудың мәні және оның негізгі қызметтері
  131. Басқару қағидалары. Мектеп әкімшілігінің білім беру жүйесінде менеджер ретіндегі іс-әрекеттері: директор, тұтас педагогикалық үдерістің әртүрлі аспектісіндегі директордың орынбасарлары, менеджер
  132. Мұғалімдердің біліктілігін арттырудың жаңа түрлері
  133. Мұғалімдерді аттестациялау – олардың кәсіби шеберлігінің шынайы деңгейін айқындайтын құрал
  134. Портфолио – педагог іс-әрекетінің және оның кәсіби құзыреттілігін дамытудың мотивациялық негізі
  135. «Тұтас педагогикалық үдеріс диагностикасы», «педагогикалық диагностика» ұғымдарының мәні

 

Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінен сұрақтар:

  1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні
  2. Қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеудің эмпирикалық және теориялық түрлері
  3. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздері, оның философия, логика, психология, педагогика, ақпараттық педагогика, кибернетика т.б. ғылымдарымен байланыстылығы
  4. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттер, мазмұны
  5. Қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихи қалыптасу және даму жолдары
  6. Қазақ тілі пәнінің білім берудегі тәрбиелік, дамытушылық маңызы
  7. Қазақ тілін меңгерту барысында оқушыда қалыптасуы тиіс біліктер мен дағдылар
  8. Әдістеме – қоғамдық ғылым
  9. Қазақ тілі бойынша оқу материалын меңгертуде баланың жас және дара ерекшеліктерін ескерудің маңызы
  10. Тілдік қабілет – дамыта оқытудың негізгі компоненті
  11. Білім, білік, қабілет, дағды, т.б. ұғымдардың мәні
  12. «Қазақ тілін оқыту әдістемесінің» лингвистикалық, педагогикалық, әлеуметтік, когнитивтік негізі
  13. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
  14. Қазақ тілін оқытудың арнайы ұстанымдары: жалпы әдістемелік (экстралингвистикалық, құрылымдық, құрылымдық-семантикалық, деңгейаралық, стилистикалық, тарихи) және жеке әдістемелік (тілдің жекелеген тақырыбының ерекшеліктерінен туындайтын ұстанымдар)
  15. «Қазақ тілі» пәні арқылы меңгерілетін құзыреттіліктер
  16. Әдіс туралы түсінік
  17. Педагогикалық зерттеу әдістері
  18. Дидактикалық әдістер және оларды классификациялау туралы көзқарастар
  19. Оқу-танымдық қызметті ұйымдастыру, бақылау мен бағалау әдістері
  20. Теориялық әдістер туралы түсінік
  21. Лингвистикалық әдістер және олардың қазақ тілін оқытуда қолданылуы
  22. Қазақ тілін оқыту әдістері
  23. Жекелеген тақырыптардың ерекшелігінен туынадайтын әдістер
  24. Білім беру технологиялары туралы түсінік
  25. Білім беру технологиясының жіктелуі
  26. Қазақ тілін оқытудың формалары мен түрлері, оқу әдістемелік кешені
  27. Сабақтың түрлері және оны жүзеге асырудың амал тәсілдері
  28. Дәстүрден тыс сабақтардың құрылымы мен жүйесі, оқушы қызығушылығын арттырудағы рөлі
  29. Оқушылардың қазақ тілі бойынша білім нәтижесін бақылау қызметі мен міндеттер
  30. Қазақ тілін тереңдете оқытудың мақсаты мен міндеттері
  31. Қазақ тілін оқыту құралдары
  32. Қазақ тілі пәніне арналған оқу-әдістемелік кешен
  33. Қазақ тілі бағдарламасы, мазмұны
  34. Оқулықтың негізгі атқаратын қызметі: ақпараттық, трансформациялық, жүйелілік, тәрбиелік
  35. Қазақ тілінің фонетикасын оқыту әдістемесі
  36. Фонетиканы оқыту ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері
  37. Фонетикалық талдау туралы түсінік
  38. Фонетикалық жаттығулар, оның негізгі түрлері
  39. Фонетикалық диктанттар
  40. Қазақ тілінің лексикологиясын оқыту әдістемесі
  41. Қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясын оқытудың мақсаты мен міндеттері, мазмұнының көлемі мен мөлшері
  42. Лексикалық ұғымдар және оларды меңгертуде қолданылатын әдіс-тәсілдер
  43. Оқушы тілінде кездесетін лексикалық қателер, оларды болдырмау жолдары
  44. Лексиканы меңгерту барысында оқушыда қалыптастырылуы тиіс білік дағдылар
  45. Фразеологияны меңгерту барысында ұлттық дүниетаным ерекшеліктерін таныту
  46. Мектепте сөзжасамды оқытудың маңызы, мазмұны, міндеттері, ұстанымдары
  47. Сөзжасамды сөз таптарымен, орфографиямен, тіл мәдениетімен және стилистикамен байланыстыра оқыту
  48. Сөз құрамын талдау мен сөзжасам жолын талдау
  49. Сөзжасамды оқытуда көрнекі құралдарды, техникалық құралдарды пайдалану
  50. Грамматиканы (морфология, синтаксис) оқыту әдістемесі
  51. Мектепте грамматиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері
  52. Мектепте оқытылатын грамматикалық ұғымдар, оларды меңгерту әдістері
  53. Грамматикалық дағды, оның түрлері
  54. Грамматикалық қатемен жұмыс жасау әдістемесі
  55. Грамматикалық талдау әдістемесінің теориялық негіздері
  56. Грамматикалық талдаудың түрлері
  57. Морфологияны оқыту әдістемесі
  58. Морфологияны оқытуың мақсат, міндеттері мен жалпы әдістемелік ұстанымдары
  59. Орта мектепте морфология курсынан берілетін білім мазмұны және қалыптасатын қабілет пен дағды
  60. Морфологияны оқытудың жеке әдістемелік ұстанымдары: лексика-грамматикалық, парадигматикалық, морфология синтаксистік.
  61. Морфологияның оқушылардың логикалық ойлауын дамытудағы рөлі
  62. Негізгі морфологиялық ұғымдар. Сөз таптары ұғымының ішкі мазмұнын танытудың жолдары
  63. Атауыштық сөздер мен көмекші сөздерді оқытудың өзіндік ерекшеліктері
  64. Морфологияны оқытуды синтаксистік негізде жүргізудің маңызы
  65. Морфологиялық талдау, оны жүргізу әдістемесі
  66. Грамматикалық қателер, оны болдырмаудың жолдары
  67. Морфологиялық жаттығулар, оларды қолдану жолдары
  68. Морфологияны оқытудағы көрнекілік пен қосымша оқу құралдар жүйесін пайдалану әдістемесі
  69. Синтаксисті оқыту әдістемесі
  70. Сөз тіркесі және сөйлем синтаксисінен берілетін білім мазмұны
  71. Сөйлемнің түрлерін оқытудың жолдары
  72. Мәтін синтаксисі, мәтінмен жұмыстың түрлері
  73. Мектепте оқылатын синтаксистік ұғымдар жүйесі және оларды меңгерту әдістемесі
  74. Синтаксистік байланыстар мен қатынастардың оқушының сөйлеу мәдениетін дамытудағы маңызы
  75. Синтаксис бойынша оқушыда қалыптасуы тиіс білік-дағдылар мен іскерліктер
  76. Синтаксистік талдау және оны жүргізу тәсілі
  77. Сөз тіркесін меңгертудің ұстанымдары
  78. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлерінің тіл дамытудағы рөлі
  79. Сөз тіркесін талдау әдістемесі
  80. Сөз тіркесіне байланысты жаттығулар және оның түрлері
  81. Сөз тіркесін оқытудағы көрнекіліктер мен қосымша оқу әдістемелік құралдар
  82. Жай сөйлемді оқыту әдістемесі
  83. Мектепте жай сөйлем синтаксисінен берілетін білім мазмұны
  84. Оның ұстанымдары мен әдіс тәсілдері.
  85. Жай сөйлемнің құрылымдық мағыналық жүйесі және оны меңгерту әдістемесі
  86. Жалаң және жайылма сөйлемді проблемалық әдіспен меңгерту әістемесі
  87. Жақты және жақсыз сөйлемдерді оқыту және олардың стильдік қызметіне назар аудару.
  88. Толымды және толымсыз жай сөйлемдерді оқыту және оларды қатысым синтаксисі тұрғысынан меңгерту әдістемесі.
  89. Атаулы сөйлемді оқыту және оны логикамен байланыстыру жолдары.
  90. Жай сөйлемді сатылай кешенді талдау әдістемесі.
  91. Сөйлем мүшелерінің орын тәрбібінің мағыналық қызметін талдау әдістемесі
  92. Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі
  93. Құрмалас сөйлем синтаксисінен берілетін білім мазмұны
  94. Құрмалас сөйлемнің құрылымдық мағыналық жүйесі туралы түсінік
  95. Құрмалас сөйлемді сатылай кешенді талдау әдістемесі
  96. Салалас құрмалас сөйлем және оның жасалу жолдары
  97. Салалас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін оқыту әдістемесі
  98. Салалас құрмалас сөйлем компоненттерінің байланысу жолдарын талдау әдістері
  99. Сабақтас құрмалас сөйлем және оның жасалу жолдарын оқыту әдістемесі
  100. Сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері мен олардың жасалу жолдарын меңгерту
  101. Аралас құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі. Аралас құрмаластың өзіне тән жасалу жолдарын меңгерту әдістемесі
  102. Көпкомпонентті құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі
  103. Көп компонентті құрмаластың ішкі жүйесін құраушылар: көп компонентті салалас, аралас құрмалас сөйлем
  104. Синтаксистік талдау, оны жүргізу әдістемесі
  105. Мәтінді оқыту әдістемесі
  106. Мәтіннің негізгі белгілерін анықтаудағы логикалық операциялар және оларды оқушыларға меңгерту
  107. Мәтіннің тұтастығы, оның құрылымдық және мағыналық бірлігі
  108. Мәтінді талдау әдістемесі
  109. Мәтінді фонетикамен, лексикамен, сөзжасаммен, морфологиямен, сөз тіркесі, сөйлеммен байланыстыра оқыту әдістері
  110. Орфографияны оқыту әдістемесі
  111. Орфографияны оқытудың ғылыми-практикалық маңызы, міндеттері мен ұстанымдары
  112. Орфографиялық жұмыстың мазмұны
  113. Орфографиялық талдау туралы түсінік беріңіз
  114. Пунктуацияны меңгерту әдістемесі
  115. Мектепте пунктуация бойынша жұмыс жүргізудің маңызы мен міндеттері
  116. Пунктуацияны оқыту ұстанымдары: мазмұндық, құрылымдық, интонациялық
  117. Пунктуация және синтаксистің өзара байланысы
  118. Пунктуация және мәнерлеп оқудың өзара байланысы
  119. Пунктуация және интонацияның өзара байланысы
  120. Пунктуациялық дағдыларды қалыптастырудың негіздері
  121. Пунктуациялық жаттығулар мен талдау түрлері
  122. Пунктуацияны оқытуда көрнекілік пен қосымша оқу құралдарын қолдану әдістері
  123. Тіл дамыту әдістемесі туралы түсінік
  124. Тіл дамытудың мақсаты мен міндеттері
  125. Тіл дамыту жұмыстарының мазмұндық-құрылымдық жүйесі
  126. Оқушының сөздік қорын кеңейту жұмыстары мен кезеңдері
  127. Тіл дамытудың ауызша және жазбаша түрлері
  128. Мазмұндама, шығарма эссе, т.б. жазу әдістемелері
  129. Сөз медениетін оқыту әдістемесі
  130. Сөз мәдениетін қалыптастырудың мақсат, міндеттері
  131. Сөз мәдениетін оқыту ұстанымдары
  132. Сөз мәдениетіне қатысты білім мазмұны
  133. Сөз мәдениеті бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі мен түрлері
  134. Қазақ әдеби тілінің нормаларын оқыту
  135. Әдеби норма, ол туралы түсініктерді қалыптастыру

 

Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінен сұрақтар:

  1. Әдебиетті оқытуда базалық білім курсы мен тарихи-әдеби курсты жоспарлау әдістері
  2. Сабақта өтілетін көркем шығарманы алдын-ала жоспарлаудың оқушының жүйелі әдеби-эстетикалық түсінігін қалыптастырудағы рөлі
  3. Календарлық, тақырыптық, сабақ жоспарларын жасау әдістемесі
  4. Тақырыптық және сабақ жоспарларының құрылымы
  5. Сабақ түрлері, ғалымдардың классификациясы
  6. Мұғалімнің сабаққа әзірлігіне қойылатын талаптар
  7. Әдебиет оқулықтары мен оқу құралдары
  8. Әдебиет пәнінің мектептік пәндер жүйесіндегі орны және өзіндік ерекшеліктері
  9. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің теориялық әдіснамалық негіздері
  10. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің философия, тарих, әдебиеттану, тіл білімі, эстетика, педагогика, психология, т.б. ғылым салаларымен байланысы
  11. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің тарихы
  12. Кеңестік дәуірдегі әдебиетті оқыту әдістемесінің дамуы
  13. Әдебиетті оқыту әдістемесінің негізін қалаудағы Ә.Қоңыратбаев пен А.Көшімбаев тың алатын орны. Олардың ғылыми-әдістемелік мұрасы
  14. Әдеби білім мазмұнын жаңарту бағытындағы жаңа ұстанымдар мен құныдылықтар
  15. Жалпы білім беретін мектептердегі әдебиет пәнінің мазмұны мен құрылысы
  16. Бастауыш (І-ІҮ), базалық білім (Ү-ІХ) сыныптарында берілетін әдеби білім көлемі, өтілу принциптері мен мақсаты.
  17. Х-ХІ сыныптардағы тарихи-әдебиеттік курстың ғылыми негіздері, мақсаты, әдістемелік құрылымы
  18. Әдебиет пәні бағдарламаларын мемлекеттік білім стандарты талаптарына сай жетілдіру, білім мазмұнын жаңарту бағытындағы соңғы кездегі әдіскер ғалымдардың ізденістері
  19. Ү сыныпта әдебиеттік оқудың бастауыш оқумен сабақтастығы
  20. Ү-ІХ сыныптардағы қазақ әдебиеті пәнінен базалық білім курсы
  21. Әдеби білім беру үдерісіндегі пәнаралық байланыстың маңызды
  22. Оқушының ауызша және жазбаша тілін дамытуға байланысты жұмыс түрлерінің маңызы
  23. Жоғары (Х-ХІ) сыныптардағы тарихи-әдебиеттік курстың базалық білім курсымен (Ү-ІХ) байланысы
  24. Жоғары сыныптарда әдебиетті оқытуда әдебиеттану ғылымының жетістіктерін пайдаланудың тиімді жақтары
  25. Шетел және туыстас халықтар әдебиетін оқыту ерекшеліктері
  26. Әдебиетті оқытуда базалық білім курсы мен тарихи-әдеби курсты жоспарлау әдістері
  27. Оқулыққа енгізілген шығармалардың оқушылардың жас ерекшелігіне, оқырманның қызығушылығына сәйкестендірілуінің маңызы
  28. Мектептік әдеби білім жүйесіндегі екі сатылы оқытуға байланысты екі типті оқулықтардың пайдалану себептері
  29. Оқулықтың мазмұны мен ғылыми аппараты туралы түсінік
  30. Оқулыққа көмекші оқу құралдары мен әдістемелік нұсқаулардың «мұғалім кітапханасының» т.б. сериялы ғылыми-әдістемелік, ғылыми танымдық әдебиеттердің оқушыға әдеби білім берудегі пайдасы
  31. Әдебиетті оқыту әдістері, топтастырылуы
  32. Әдебиетті оқыту әдістемесі бойынша теориялық және практикалық әдістерді жүйелеу
  33. Оқыту әдістерінің дәстүрлі және жаңа тәсілдерін меңгеру
  34. И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, Ю.К.Бабанский т.б.ғалымдар ұсынған оқыту әдістерінің жүйесі
  35. Оқытудың ауызекі әдістері: әңгіме, дәріс, пікірлесу т.б.
  36. Оқытудың көрнекілік әдістері:иллюстрация, демонстрация
  37. Оқытудың практикалық әдістері: ауызша, жазбаша жаттығулар
  38. Әдебиетті оқыту әдістерінің топтары
  39. Мұғалімнің оқыту әдістерін таңдауына, оны шығармашылықпен қолдана білуіне қойылатын талаптар
  40. Әдебиетті оқытудың шығармашылық оқу, эвристикалық, зерттеу, репродуктивтік әдістері
  41. Әдебиет сабағында ығармашылық оқу әдісіның алатын орны
  42. Әдебиет сабағында эвристикалық әдістің қолданылуы
  43. Әдебиет сабағында зерттеу әдісінің маңыздылығы
  44. Әдебиет сабағындағы репродуктивтік әдіс, ерекшелігі
  45. Әдебиет пәнінің мұғалімі және оның адамдық, азаматтық, ұстаздық келбет
  46. Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев қайраткер ұстаздардың әдістемелік тәжірибелері, озық өнегелері
  47. С.Көбеев, Қ.Айтқалиев, Қ.Бітібаева қайраткер ұстаздардың әдістемелік тәжірибелері, озық өнегелері
  48. Оқушылардың көркем шығарманы қабылдау үдерісіндегі жас ерекшелігі мәселесі
  49. Орта буын сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
  50. Жоғары сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
  51. Көркем шығарманы оқыту
  52. Көркем мәтінді меңгертуде мәнерлеп оқи білуге үйретудің маңызы
  53. Мазмұндау, оның түрлері
  54. Көркем туындыны талдаудың педагогикалық принциптері
  55. Талдаудың әдебиетті оқытуда кеңінен қодланылып жүрген түрлері
  56. Образ бойынша талдау, оның өзіндік ерекшелігі
  57. Тақырыптық талдаудың тиімді жақтары
  58. Проблемалық талдау, өзіндік ерекшелігі, қызметі
  59. Талдау түрлрінің өзара сабақтастығы
  60. Эпикалық шығармаларды оқыту әдістемесі
  61. Эпикалық шығармаларды оқытуды ұйымдастыру
  62. Шағын, орта, кең көлемді эпикалық түрге жататын шығармаларды оқыту әдістемесіндегі өзгешеліктер
  63. Ү-ҮІІ, ҮІІІ-ІХ; Х-ХІ сыныптарда көркем шығарманы талдауға қойылатын талаптар
  64. Проблемалық оқыту, оның эпикалық шығармаларды меңгерудегі тиімділігі
  65. Проблемалық сұрақтардың қызметі
  66. Проблемалық ситуацияны шешудегі ой белсенділігі, әр түрлі болжамдарды ғылыми негізде саралау, жүйелеу
  67. Көркем шығарманың көркемдік құндылығы
  68. Шығарманың сюжеттік-композициялық желісіне талдау жасаудың жолдары
  69. Көркем мәтінмен жүргізілетін ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмытарының түрлері
  70. Тіл дамыту жұмыстарының оқушының сөйлеу мәдениетін қалыптастырудағы қызметі
  71. Драмалық шығармаларды оқыту
  72. Драмалық шығармалардың жанрлық ерекшеліктеріне тән заңдылықтары
  73. Драмалық туындылардың жанрлық табиғатына сай мәтінмен жүргізілетін жұмыстар
  74. Драмалық шығармалаға тікелей қатысты акт, көрініс, монолог, диалог, шегініс, ремарка, тартыс т.б. әдеби-теориялық ұғымдар қызметі
  75. Драмалық шығармалардың көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасау жодлары
  76. Драмалық образ, оның көркемдік бітіміне тән ерекшіктеріне назар аударту
  77. Дарамалық қойылымдағы декорация, музыкалық көркемдеу т.б. жұмыстардың пьеса мазмұнын күшейтудегі қызметі
  78. Дарамалық шығармаларды оқытудағы әдістемелік тәжірибелер
  79. Лириканы оқыту
  80. Лириканы оқытуға арналған әдіскер ғалымдардың еңбектері
  81. Лириканы оқыту әдістемесі шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнына, эстетикалық-көркемдік қуатына сай белгіленетіні
  82. Мәнерлеп оқытудың лириканы оқып үйренудегі қызметі
  83. Лириканың табиғаты, сипаты, түрлері
  84. В.Г.Белинский, Қ.Ж.Жұмалиев, З.Қабдолов, Ә.Тәжібаев пікірлеріне шолу
  85. Лириканы оқытудағы мазмұн мен форма бірлігі, идеялық-эстетикалық талдау тұтастығын қамтамасыз ету
  86. Өлеңді қабылдаудағы эмоциялық және логикалы бірлік
  87. Лирикалық шығарманың қадір-қасиетін, азаматтық үн, әлеуметтік мазмұндағы астарлы ой-пікірді тану, эстетикалық-эмоциялық сезінудің оқу арқылы іске асырылуы
  88. Лирикалық өлеңнің ақын шығармашылығымен тығыз бірлікте жан-жақты талданатыны
  89. Көркем шығарманы оқытуда жаңа технологияларды пайдалану
  90. Әдеби білім берудегі модульдік жүйе, оның өзіндік ерекшеліктері
  91. Әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері
  92. Сабақ және оның кезеңдері
  93. Кіріспе сабақтар, ерекшеліктері, сабақ үдерісінде алатын орны
  94. Кіріспе сабақтарды ұйымдасытурға қойылаты нәдістемелік талаптар
  95. Жазушы өмірі мен шығармашылығын, шолу тақырыптарды, монографиялық тақырыптарды өтуге қатысты кіріспе сабақтар
  96. Сабақтың көркем мәтінмен жұмыс кезеңі
  97. Қорытынды сабақтар,
  98. Жазушы өмірбаянын оқыту әдістемесі
  99. Шолу тақырыптарын оқытуд әдістемесі
  100. Шолу тақырыптарының түрлері, олар бойынша жүргізілетін жұмыс формалары
  101. Шолу тақырыптарын өтуде әдебиетті оқту әдістерін пайдаланудың тиімді жолдары
  102. Әдеби сын зерттеу еңбектерін көркем туындымен бірлікте қарастыру
  103. Жоғары сыныптарда көркем шығарманы оқытуда әдеби-сын еңбектерін пайдаланудың қажеттігі
  104. Әдебиет теориясынан берілетін ұғымдар
  105. Әдеби-теориялық ұғымдарды меңгреудің әдіс-тәсілдері
  106. Әдеби-теориялық ұғымдарды танытудың әдіс-тәсілдері
  107. Ү-ІХ сыныптарда әдебиеттен берілетін теориялық ұғымдардың көлемі
  108. Әдеби-теориялық ұғымдардың жүйелі түрде, көркем шығамамен тығыз байланыста оқытылуы
  109. Көркем шығарманың көркемдік компоненттері, тіл көркемдігі мен сөйлем, стиль ерекшеліктері, өлең құрылысы туралы
  110. Әдебиет теориясын оқытуға қатысты еңбекетер
  111. Көркем мәтінмен жұмыс түрлері
  112. Әдебиетті оқытуды ұйымдастыру
  113. Қазіргі кезде әдебиет сабағына қойылатын талаптар
  114. Әдебиет сабақтары, оның ұйымдастырылуы
  115. Әдебиет сабағындағы тіл дамыту жұмыстары, өзіндік ерекшелігі
  116. Әдебиет сабағында білім беру мен бағалаудың біртұтастығы
  117. Оқушы білімін бағалаудың шығармашылық сипаты
  118. Оқушы білімін бағалаудағы күнделікті бағалау мен қорытынды бағалаудың мәні
  119. Әдебиет сабағында үйге тапсырма берудің, оны тексерудің, бағалаудың критерийлері
  120. Әдебиет сабақтарында көрнекіліктер мен техникалық құралдарды пайдалану және оның әдебиет пәнінің өзіндік ерекшелігіне қатысты жақтары
  121. Мұғалімнің сабақ үдерісіндегі шығармашылық қызметі
  122. Тіл дамыту жұмыстарындағы пәнаралық байланыс қызметінің маңызы
  123. Жазба жұмыстар арқылы тіл дамыту
  124. Оқушыны шығарма жазуға үйретудің әдістемелік тәжірибелері
  125. Ү-ҮІІ, ҮІІІ-ХІ сыныптардағы шығарма жұмыстарының ерекшелігі
  126. Х-ХІ сыныптардағы тақырыптық, бағдарламалық, шығармашылық, публикациялық шығарма түрлері
  127. Шығарманың оқушының жазу тілін қалыптастыруға ықпалы
  128. Әдебиет сабағының көрнекілігі
  129. Әдебиет бойынша сыныптан тыс оқу және сыныптан тыс жұмыстар
  130. Сыныптан тыс оқу, оның сыныптағы әдебиет сабағымен тығыз байланыстылығы
  131. Факультативтік сабақ, ерекшелігі
  132. Факультативтік сабақтың сыныптағы әдебиет сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстардың арасын жалғастырушылық сипаты
  133. Сабақ, және оның түрлері, классификациясы, мақсаттары
  134. Сабақ өткізу және оған талдау жасау әдістемесі
  135. Жаңа сабақтың игерілуін бақылау
You May Also Like

Лаборант- профессия на страже качества

Цель исследования: Донести информацию о своей профессии, ее особенностях и влияния в…

Дәрігер мен науқас арасында туындайтын шиеленіс.

Мазмұны: —Кіріспе —Негізгі бөлім 1.Шиеленіс. Түрлері 2.Шиеленістің классификациясы 3.Шиеленістің алдын алу —Қорытынды…

Жылан шаққан кезде көрсетілетін алғашқы жедел жәрдем

Жоспары: Жыланның шағуы Патогенезі Клиникалық көріністері Оқиға орнында көрсетілетін алғашқы көмек Жыландар…

Сүт өнімдері (қымыз, қымыран, шұбат) ғұмырыңды ұзартады.

Ағарған ғұмырыңды ұзартады Алатаудың баурайы адам жанын жадыратып, жастық сыйлары анық. Ондағы…