Ағарған ғұмырыңды ұзартады
Алатаудың баурайы адам жанын жадыратып, жастық сыйлары анық. Ондағы ауаның тазалығы тынысыңды кеңейтіп, деміңді ала бергің келеді. Міне, менің әжем Бүбәшір Қожанқызы да дәл осы Алатаудың бөктерінде, салқын самал жерде туып-өскен екен. Жаз жайлауда, қыс қыстауда мекен еткен атамыз ірі қара малды да, ұсақ малды да өсіріп, жайлаудың патшасы болған көрінеді. Әжеміз Бүбәшір сол замандағы байдың қызы атанып, ішкені алдында, ішпегені артында болған. Азанды-кеш дастарханнан тек табиғи өнімдерден жасалған қымыз-қымыран, құрт-май үзілмейді екен. Осындай тағамдарды ішіп-жеп өскен әжеміз Бүбәшір қазір сексен бес жасқа келіп отыр. Міне, бүгінде әжеміз ұл-қыздарынан өрбіген отыз бес немере мен елуден астам шөберенің асыл әжесі атанып, бақытты күндерін басынан кешуде.
Қазіргі кезде әжем сексеннің бесеуіне келсе де қара ошаққа ас-ауқат әзірлеп, малдың қиына таба нан пісіруден жалықпайды. Немерелері барған сайын «Қаладағы химиялық қоспалары бар заттарды жеп-жеп жалыққан шығарсыңдар. Мен сендерге өз қолыммен тамақ әзірлеп, бойларыңа дарытайын» деп дәмді асын алдымызға әкеледі. Сондай-ақ, бұл жұмыстарды басқа ешкімнің істегенін қаламайды. Тіпті, келіндерін де жолатпайды. «Әже, сіз отыра беріңіз, өзіміз-ақ дайындаймыз ғой» деген сөздеріне құлақ аспайды. Сөйтсек әжем осылайша еңбектенуден шаршамай немерелеріне көңіл бөліп, олардың денсаулықтарына да алаңдайды екен. Міне, менің әжем осындай асыл жан.
Әкем Өмірзақтың айтуына қарағанда атамыз Қожан, яғни, әжемнің әкесі әрдайым осы қызының тілеуін тілеп, ұзақ жас беруін Алладан сұрап отырады екен. Мүмкін, атамыздың тілегі қабыл болып, әжеміз Бүбәшір бүгінде ортамызда отырған болар. Бұл да болса Алланың адамға берген үлкен сыйы шығар. Әрбір қария отбасының нұры, асыл қазынасы емес пе?! Оның айтқан ақылы мен нақыл сөздерінің өзі өмірлік сабақ алуға жетерлік. Сондай-ақ, әжеміз Бүбәшір бата беруде алдына жан салмайды. Ауылға барған сайын әжеміздің ақ батасын алып, арасында үйреніп те қайтамыз.
Бірде әжемнің ұзақ жасаудағы сырын сұрағанымда ол кісі үнсіз, бетіме күлімсіреп Қарап, содан кейін ғана ашылып әңгімесін бастап кетті:
– Біздің заманымызда бөрі де басқаша болатын. Көбіне мен Алатаудың баурайына барып, таңертеңгі уақытта біраз уақыт серуендеп, таза ауамен тыныстап қайтатынмын. Адамды мақсаты алға жетелейді емес пе?! Мен арманшыл едім. Ой үстінде жүріп, күн шапағы бетіме түскенде ғана үйге қайтатынмын. Байдың қызы болсам да еңбектенуден жалыққан емеспін. Әрқашанда анама көмектесіп, қолғабыс етіп жүремін -, деп әжем жастық шағын есіне алды. Әжем, осы уақытқа дейін қатты сырқаттанып көрмеген. Ол кісіні ауырып, ауруханаға түсіпті деп біз де ешқашан естімеппіз. Ал, бет-жүзіне қарасаң бұрынғы көрікті жас кезіндегі келбетінен әрі таймаған сыңайлы. Мұның да өзіндік сыры бар. Себебі, әжем Бүбәшір «Ішкі ағзаң таза болса, бет-жүзіңнің ажарына ештеңе де әсер етпейді. Мен жас күнімде сол қымыз-қымыран, шұбатты ішіп өстім ғой. Бетіме елуге келгенше әжім түспеген. Қазірде сол өнімдерді ауылдан алдыртып ішіп тұрамын» деп әдемілігінің құпиясымен бөліскентін.
Алдағы уақытта да Алла қаласа әжеміздің денсаулығы сыр бермей, 10о жасқа келсін деп тілейміз. Біз әжеміздің осылайша ортамыздан кетпегенін қалаймыз. Әрдайым айтқан ақылынан үлгі-өнеге алып, айналасында пгүйіркелесіп отырғымыз келеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Жасуша дегеніміз не?

Жасуша – тірі ағзалардың құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі;…

Жеткізу бағдарламасы

Бағдарламаның мақсаты Кез-келген адам, кез-келген уақытта курьер болып жұмыс жасауы және тура…

Абсолютты сілтеменің көмегімен жалақы есептеу

Задание 4.2.    Мекеме қызметкерлерінің жалақысын есептеу кестесін құру. Тұрақтыларды абсолютты сілтеме түрінде…

Тұтыну несиесі түсінігі және оның түрлері

Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және…