Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.

Тұтыну несиесінің басты тағайындалуы халыққа тауарлар сатуды ынталандыруға бағытталады. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан, тауар айналымының ұлғаюына сай несиенің көлемі өседі, сонымен қатар, тауарды несиеге алу сұранысы туындайды; екінші жағынан, халықты несиелеудің өсуі, сұраныстың төлем қабілеттілігін ұлғайтады. Мұндай тәуелділік бүгінгі тауарлар нарығын толтыру жағдайында пайда болуда.

Қазақстан тұтыну несиесі кеңінен дамып отырған несиеге жатады. Екінші деңгейдегі банктер тәжірибесінде тұтыну несиесінің мынадай түрлері қолданылуда:

  • автомобильдік несие;
  • ұзақ мерзімді пайдаланылатын тауарлар сатып алуға берілетін несие;
  • тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына берілетін несие;
  • кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге (оқу, емделу, демалу) берілетін несие.

Мұнда автомобильдік несие бойынша жаңа және жүрілген автомобильдерді банк несиесі көмегімен алуға болады.

Ұзақ мерзімді пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады: жиһаз, сантехника, аудио-видео және тұрмыстық итехникалар, компьютер және оргтехника.

Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына: үйдің ішінде және сырятында құрылыс және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу жатады.

Тұтыну несиесін ҚР-дағы Казкоммерцбанк, Альянс Банк, БТА, Каспийский Банк, Темірбанктер ұсынуда.

Тұтыну несисін алуға қажетті құжаттар:

  1. Қарыз алушының анкетасы.
  2. Жеке куәлігі (көшірмесі).
  3. СТТН (көшірмесі).
  4. Соңғы 12 айға бөлініп көрсетілген жалақы және басқа табыстары туралы жұмыстан берілетін анықтама.
  5. Жұмыс стажы туралы жұмыс орнынан анықтама.
  6. Отбасы құрамы туралы анықтама (№3 форма).
  7. Неке туралы куәлік, жұбайыңыздың куәлігі.
  8. Кепілге қоятын мүліктің құжаттары.

Халықтың тұтыну несиесін ұйымдастыру

Тұтынушы несиесі халыққа  оның ағымдық сипаттағыц  қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін   беріледі.

Оның м ішінде, жеке шаруашылықтағы  үйді  жөедеуден  өткізуге, ұзақ  уақыт пайдалануға жарамды заттарды сатып алуға беріледі.

Халықты несиелеу халықтың  өмір деңгейін  арттыруға  бағытталған  мемлекеттік  несие  саясатының маңызды бөлігі болып табылады.

Тұтыну несиенің қаржы қызметі бар: бір  жағынан тауар айналымы  артатын болса, несие мөлшері  тауар  сұранысы несие  сұранысын тудырады, екінші  жағынан, халық  неғұрлым  несиеленетін болса, төлем  қабілеті  бар  сұранысты  арттырады.

Несие халыққа тауарлы формада  және  ақшалай формада  берілуі мүмкін. Иауарлық форма халыққа тауарлы оның  төлем  мерзімін  ұзартумен сатуда қолданылады, яғни бұл коммерцияның  неше болып  табылады. Ақшалай форма банк  нестесі  секілді халыққа  тікелей  немесе сауда желісі арқылы  жанама түрде беріледі.

Тұтыну  несиесі  халықтың  тауарға  деген сұранысын ынталандырады әрі олардың өндірілуі мен сатылуын арттырады

You May Also Like

Тың игерудің пайдасы

Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді; 1) Тың игеру жылдары…

Көшпенділер философиясы

КӨШПЕНДІЛЕР ФИЛОСОФИЯСЫ  Көшпенділер философиясы қазақ халқының ертедегі тыныс тіршілігмен байланысты қалыптасқан дүниетаным…

ЭТЖ электрмен жабдықтау құрылғыларының автоматика және телемеханика негіздері, тест тапсырмалар жиынтығы жауабымен

                               ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ                         Пән   «ЭТЖ электрмен жабдықтау құрылғыларының автоматика…

Ірімшіктен жасалған пирог

Қажетті өнімдер: Қамырын дайындау үшін: -1,5 стақан (150-160г) ұн; – 0,5 стақан…