КӨШПЕНДІЛЕР ФИЛОСОФИЯСЫ 

Көшпенділер философиясы қазақ халқының ертедегі тыныс тіршілігмен байланысты қалыптасқан дүниетаным мен ойтолғамдар. Қазақ халқының даналығының бастаулары ертедегі түркі немесе мұсылман философтарының шығармашылықтармен сабақтасып жатыр.

Отандық философия    

  Қазақ руханиятының ерекшелiктерi

Көне гректердiң айтқанындай, философия дүниеге таңғалудан басталады. Ал оның өзi өмiрдегi күнбе-күн кездесетiн айқын да түсiнiктi құбылыстардан туындамайтыны баршаға мәлiм. Таңғалатын құбылыс сиқырлығы мен көпқырлығы, әсемдiлiгi мен орасан-зор күш-қуаты, я болмаса ерекше нәзiктiгiмен көрiнiп, адамның жан-дүниесiнде ерекше iз қалдырады.

Әрине, дүниеде таңғалатын нәрселер көп. Оған бiз жастық шағымызда тоймаймыз. Есейе келе, олардың көбi үйреншiктi нәрселерге айналып кетедi де, көп адамдар, өкiнiшке орай, сол ғажап қасиетiнен – дүниеге таңғалудан – айырылып қалып, өз руханиятын жүдетедi.

Философиялық деңгейге көтерiлсек, бұл дүниеде мәңгiлiк адам таңғалатын екi-ақ құбылыс бар. Оның бiрi – әлем, барлық, өмiр сүрiп жатқан Дүние болар болса, екiншiсi – өзiндiк сана-сезiмi, iшкi рухани өмiрi бар адам болмақ. Бiрiншiсi – құшаққа да, ой елiгiнiң ауқымына да симайтын шексiз де мәңгiлiк Әлем, Дүние, Ғарыш болатын болса, екiншiсi – ғарыштағы құбылыстармен салыстырғанда атом сияқты, бiрақ, өзiнiң нәзiк жан-дұниесi бар адам. Бiреуi – макрокосм, екiншiсi – микрокосм. Адам – кiшi әлем ретiнде ұлкен әлемге – Ғарышқа тең. Бұкiл ғарыштың барлық сиқыры мен талпынысы адамның табиғатында жиналған.

Мiне, философия, негiзiнен алғанда, осы екi құбылысты бiр-бiрiмен салыстырған кезде, адамның ғарыштағы орны мен рөлi жөнiнде ойланған кезде пайда болады. Ал, ол – саналы пенде – адамға тән нәрсе.

Сондықтан, көркемдеп айтсақ, осыдан мыңдаған жылдар бұрын өмiр сұрген белгiсiз тұрiк бабамыз алдындағы жатқан дүниеге таңғалып, сол жөнiнде алғашқы рет ойланып, ондағы адамның орны қандай екен деген сұрақты өз алдына қойған кезде – сол сәтте отандық философия бұлағының көзi ашылды десек те болады. Өйткенi, әрбiр халық өз тiлiнiң негiзiнде өзiне тән дүниесезiм мен дүниетанымын қалыптастырады. Олай болса, жер бетiнде өз тiлiнiң негiзiнде қанша халық өмiр сүрiп жатса, соншалықты дүниесезiм, дүниетаным, философия болады.

Әрине, жер бетiндегi адамзатты қоршаған орта бiр, табиғаттың барлық заңдылықтары да бiр, оларды зерттейтiн ғылымдағы жетiстiктер де барлық халықтарға ортақ. Айталық, немiс физикасы, американ биологиясы, орыс химиясы  т.с.с. жоқ. Ал, философияға келер болсақ, мұндағы жағдай басқаша. Өйткенi, ол толығынан ғылым емес, ол – метафизика, оның қойған сұрақтарын бiрде-бiр жаратылыстану ғылымдары шеше алмайды, өйткенi, ол сұрақтар “физиканың әржағында² жатыр. Сондықтан, әр халық оларға өзiнше жауап бередi. Сол себептi бiз “немiс², “орыс², “қазақ философиясы² т.с.с. деп  аузымызды толтырып айта аламыз.

Екiншi үлкен мәселе – қазақ философиясының дүниежүзiлiк философиядағы алатын орны қандай, жалпы алғанда, оның сол өз орны бар ма? Бiздiң философиялық ой-өрiстiң шеңберiнде қалыптасқан қандай рухани құндылықтарды бiз мақтан етiп басқа халықтарға ұсына аламыз? Ал, бұл сұрақтар бiздi отандық философияның  differencia specifica, яғни өзiне тән ерекшелiктерiн iздеп табуға ұмтылдырады.

Қазақ халқының дүниесезiмi мен дүниетанымының ерекшелiктерi, әрине, ол өмiр сұрген табиғаттың, соған бейiмделiп қалыптасқан шаруашылық формаларының, өмiр салтының жұйелерiмен тығыз байланысты болса керек. Оған уақытында Ш.Уалиханов та көңiл аударған болатын. Расында да, қазақ елi Бразилия, я болмаса Франция емес.

Жоғарыда айтылған тұрғыдан бұл мәселеге көз жiберсек, онда бiздiң ата бабаларымыз таңдап алып өз Отанына айналдырған жерлер мал өсiруге лайықты, табиғаты қатал, суға тапшы, сонымен қатар өрiсi кең, малдың соңында көшiп-қонуға мол мұмкiншiлiгi бар кеңiстiкте орналасқан болатын. Ал табиғаты жұмсақ, суы мол жерлерде (мысалы, Сыр-Дария, Шу өзендерiнiң т.с.с. бойларында) халық жерге тұрақтанып, егiн егiп, қол өнерiн дамытып, қалалар тұрғызды. Оған мысал ретiнде «Жiбек жолы» бойында орналасқан Орта ғасырдағы қалаларды айтуға болады (Отырар, Жүйнек, Мерке, Құлан, Талғар, Алматы т.с.с.)

Негiзiнен алғанда, Жаңа дәуiрге – машиналық индустрия пайда болғанға дейiн – қазақ жерiндегi ең тиiмдi шаруашылық формасы көшпендi мал шаруашылығы болды. Сондықтан, бiздiң арғы бабаларымыз мыңдаған жылдардың шеңберiнде осы iспен айналысты. Ол, бiрiншiден, табиғатқа бас июдi, оған табынуды талап еттi – қазақ халқы басқа да Шығыс халықтары сияқты ешқашанда табиғаттың патшасы болу, оны өз еркiне сай етiп қайта өзгерту мақсатын өз алдына қойған жоқ. Сондықтан, ежелден қазақ халқының қазiргi тiлмен айтқанда экологиялық санасы биiк деңгейде болған;

Екiншiден, бiздiң бабаларымыз тұрақты бiр жерге байланбағандықтан ерiктi болып бас бостандығын қатты сыйлаған. Қазақ жерiнде ешқашанда құлдық болмаған;

Үшiншiден, негiзiнен алғанда, көшпендiлiк теңдiктi талап етедi, оған тән саяси формалар – соғыс демократиясы, әрi кеткенде – алғашқы феодалдық қатынастар, дамыған феодализм қазақ жерiнде ешқашанда болған жоқ, ол көшпендiлiк шаруашылық формасының табиғатынан шығады;

Төртiншiден, көшпендi халықтың арасындағы әлеуметтiк айырмашылықтар аз болғандықтан теңдiкке негiзделген әдiлеттiлiк құндылығы. Сондықтан да бүгiнгi таңда жұрiп жатқан қайта әлеуметтiк топталу – рестратификация –  (аса байлар мен қатар кедей, қайыршылардың пайда болуы) адамдардың жан-дүниесiнде ауыр жарақаттар қалдыруда;

Бесiншiден, байлыққа жетуден гөрi арнамысты жоғары ұстау – бұл да халықтың қанына терең сiңген құндылық болып табылады. Онымен тығыз байланысты бар нәрсеге қанағат ету де қазаққа тән нәрсе;

Алтыншыдан, ұжымдық мүдденi жеке мүддеден гөрi жоғары ұстау – ол да көшпендiлiк өмiр салтынан шығатын құндылық;

Жетiншiден, өне бойы көшiп-қону барысында әрқашанда неше-түрлi қиындықтарды, қауып-қатерлердi бастан кешуге тура келедi – ол ерлiктi, батырлықты қасиет етудi талап еттi. Сондықтан, беске келгенде жылқының жалында ойнап, 14-15-ке келгенде батырлықты армандап, бiздiң бабаларымыздың көбi 20-25-iнде елiн аман сақтау жолында өмiрлерiн қия бiлген. Ұлы Отан соғысында қазақ азаматтары осы ұлттық қасиеттi бұкiл әлемге айқын көрсеттi. Қазақ халқының дербестiгiн көтере алмай жүрген кейбiр арам пиғылды саясатқорлар оны бiлуi қажет;

Сегiзiншiден, көшпендiнiң өмiрi қысқа, өне бойы қауып-қатерлерден, соқтығыстардан тұрғаннан кейiн ол күнбе-күнгi өмiрдi бағалап өмiрден алудан гөрi болуды жаратқан. Әрбiр күндi той-думанға айналдыру, өзiн шешен сөзбен, даналықпен көрсете бiлу, неше-тұрлi сайыстарға қатысу, “бiр сырлы, сегiз қырлы болу» – бабаларымызға тән нәрселер болған;

Тоғызыншыдан, дүниеге, басқа халықтарға деген ашықтық, қиналғандарға риясыз қол ұшын беру – бұл да бiздiң халықтың керемет қасиеттерiнiң бiрi;

Оныншыдан, көшпендiлердiң негiзгi құндылықтарының бiрi – ата-ананы, үлкендердi сыйлауы;

Әрине, халықтың мыңдаған жылдар шеңберiнде бойына жыйнаған көп қадыр-қасиеттерiнiң iшiнен бiз негiзгiлерiн ғана көрсеттiк. Ендi келесi мәселеге – қазақ философиясының ерекшелiктерiне тоқталуға мұмкiншiлiк пайда болды.

Бiрiншiден, қазақ философиясында онтологиялық (болмыс) және гносеологиялық (дүниетаным) мәселелерден гөрi адам мәселесiне көбiрек көңiл бөлiнедi;

Екiншiден, адам мәселесi, қазiргi тiлмен айтқанда, көбiне экзистенциалдық тұрғыдан қаралады және ол көшпендiлiк өмiр салтын еске түсiрсек, түсiнiктi де болар;

Үшiншiден, Отандық философияда абстрактылы- теоретикалық жүйелер жасау өте сирек кездесетiн құбылыс – философиялық iзденiс адамның нақтылы өмiрдегi жұрiс-тұрысын сараптауға, яғни практикалық мәселелерге көбiрек көңiл бөлiнедi;

Төртiншiден, адам болмысының этикалық жақтарына, жақсылық пен жамандық, iзгiлiк пен зұлымдық, ар-намыс, абырой, т.с.с. категорияларға терең талдаулар жасалады;

Бесiншiден, қоғам өмiрiнiң негiзгi мәселесi ретiнде әрқашанда әлеуметтiк әдiлеттiлiкке көбiрек назар аударылады;

Алтыншыдан, Отандық философияны аксиологиялық философия десек те болғаны, өйткенi, онда құндылық әлемiне зор көңiл бөлiнедi. Ендi мәселенi нақтылай тұсiп, Отандық философияның негiзгi сатыларына қысқаша көз жiберейiк.

    Қазақ мифологиясы Алғашқы философиялық түсiнiктер

   Басқа халықтардың философиясы сияқты Отандық философия да өз қайнар көзiн көне аңыздар мен дастандар, ертегiлерден бастайды. Егер аңыздармен бай халықтарға үндi мен гректердi жатқызса, қазақ елi де олардан кем түспейтiн болар, өйткенi өне бойы көшiп-қонып жүрген халықтың бiр ғана байлығы болды – ол оның тiлi, бабалардан келе жатқан дәстүр, аңыз-хикаялар, нақыл сөздер. Олардың көбi жаңа ғана жарық көрiп, философиялық тұрғыдан талдануда.

Көне түрiктердiң түсiнiгi бойынша, бұл Дүние жоқтан пайда болған. Оны ұстаға ұқсайтын Жаратқан тудырды. Дұние негiзiнен жер, су, от, ауадан тұрады. Ол неше-түрлi қайшылыққа толы : жер мен күн, өмiр мен өлiм, адам мен табиғат, бақ, құт пен зардап, жарық пен қараңғы, жылы мен суық т.с.с.

Аспанға көз жiберген ежелгi түрiк бабаларымыз оны Тәңiр, Жаратқан әлемiне жатқызған. Адамдар мен басқа тiршiлiк өмiр сүрiп жатқан дүние – ол Жер мен Су әлемi, ал өлгендердiң паналайтын орны – ол Жер асты әлемi. Бiлге қаған мен Күлтегiннiң  құрметiне тасқа ойылып жазылған ескерткiште Дние былайша суреттеледi: “Биiкте көк Тәңiрi, төменде қара жер жаралғанда, екеуiнiң арасынан адам баласы жаратылған…»

Тәңiрге, Жер-Суға табынудың пайда болуы адамда әуелде қалыптасқан жағалай ортаға деген бiр жағынан тәуелдiлiк, табиғаттың стихиялық күштерiнен үрейлену, екiншi жағынан ризашылық сезiмдермен байланысты болса керек. Өйткенi, олардың түсiнiгiнше, бұл құдайлар қарапайым адамдарға қамқорлықпен қараған, ауыр кезеңдерде оларға балық пен жануарларды, жабайы өсiмдiктердiң жемiстерiн сыйлаған.

Сонымен қатар, көне түрiктердiң нанымында ерекше орынға ие болған әйел құдайҰмай болды . Ол үйдiң, шаңырақтың, ошақтың қамқоршысы, балалардың сүйеушiсi, содан кейiн өнердiң қолдаушысы болған. Ұмайға монғолдардың Этуген құдайы сәйкес келедi. Кейбiр ғалымдар Ұмайды ежелгi үндi құдайы Ұмамен салыстырады, ол да Ұмай сияқты мiндеттердi атқарған. Ұмай деген сөздiң өзi “бала орны», “ана iшi» сияқты ұғымдарға сай келедi. Тұқым тарату құдайы болып табылатын ұмай балалардың туылуында, олардың тағдырында аса маңызды рөл атқарады. Тувадағы Ұйық өзенiнiң бойынан табылған түрiк ескерткiшiнде былай деп жазылған: “20 жасымда мен елiммен, туыстарыммен, қаруыммен, ерлiк даңқыммен қоштастым. О, Ұмай ана! О, менiң сүрген өмiрiм! Мен сендердi тастап кетiп барамын, туыстарым.» Жас жiгiт майдан даласында өлiп бара жатып, өзiнiң соңғы осы өмiрдегi сәтiнде Ұмай анаға, шаңырақ қорғаушысына өзi өсiре алмаған кiшкене балалар алдындағы кiнәсiн, туысқандарының артқан үмiтiн ақтай алмағанын айтады. Мұның өзi туыстық байланыстардың, отбасының, ру мен тайпаның қадiр-қасиетiнiң зор маңыздылығын көрсетедi.

Аңшылар мен малшылар әлемiн әр қилы аңдар, жан-жануар, хайуанаттар жайлап, әр-тұрлi заттар мен өсiмдiктерге, жануарлар құдiретiне Тәңiрдей сыйыну елеулi орын алған. Түрiктер өзiнiң тотемi ретiнде әсiресе қасқырды ең жоғары орынға қойған. Бугуттағы жазу түрiктердiң шығу тегi жайлы аңыздан бастап, түрiк мемлекетiнiң 30 жылын сипаттауға мүмкiншiлiк бередi: үстiнде тұрған басты бөлiгi – қаған белгiсi – қасқырдың бейнесi арқылы берiлген. Бұл аңның тотемдiк сипаты өз көрiнiсiн тұрiк қағандарының патшалық рәмiздерiнен тапты – олардың туларында қасқырдың алтындаған басы бейнеленген. Ал олардың жеке қорғаушыларын “бөрiлер» деп атаған.

Бұл жануардың көне түрiктердiң негiзгi тотемiне айналу себебi – сол көшпендiлiк өмiр салтына байланысты болса керек, өйткенi, қасқыр жыртқыш аң ретiнде малшылардың баққан табынынан онша алыстамаған, үйiрдегi әлсiреген, ауру жануарларды қырып отырған, ал малшылардан аса сақтықты, қырағылықты талап еткен. Кiм бiледi,  бiздiң арғы бабаларымыздың “сақ» деген өз атының өзi осындай себептермен байланысты болуы мүмкiн. Өзiнiң күнбе-күнгi өмiрiнде жиi кездесетiн аң болғаннан кейiн малшылар оның мiнез-құлқын терең зерттеп оның батылдығы мен қатар сақтығына, шыдамдылығына, айла-амалына, үйiрлiк өмiрiне т.с.с. қасиеттерiне қарап қайран қалып, соларды өз бойынан табуға тырысқан. Өзiнiң “қасқыр мiнездiлiгiнiң» арқасында қазақ халқы трагедияларға толы тарихында “мың өлiп, мың тiрiлсе» де көп көшпендiлер сияқты жойылып кетпей, мiне, бүгiнгi таңда өзiнiң дербестiгiне қолы жетiп, жаңа өмiрге ұмтылу үстiнде. Бүгiнгi таңдағы бiздiң қасқыр бейнесiн ысырып тастап “Орта Азиялық барысқа» елiктеуiмiз жоғарыда айтылған тұрғыдан  қарағанда бiздiң жаңа өмiрге деген ұмтылысымыздың символы болса керек. Бiрақ барыс басы бiрiкпейтiн, қысқа қашықтыққа секiргенмен, алысқа шаба алмайтын жануар екенiн ұмытпағанымыз да жөн болар.

Ежелгi түрiктер жер не су, тау не орман болсын, табиғаттың әрбiр бөлшегiнде киелi күштер бар деп есептедi. Қазақтардың бұгiнгi күнге дейiн ағашқа, басқа да нәрсеге жыртыс байлауы, “киелi қасиеттi жер» деп санауы ислам дiнiнiң ғұрпына жатпайды, бұл сонау көне заманнан берi келе жатқан архаизмдер.

Ежелгi түрiктер үшiн қайырымды рухтар – атабаба рухтары (аруақтар) болды. Оларға сыйынып, ақ мүйiздi, аша тұяқ сиырды, ақсарыбас қошқарды, ақ қойды және табынындағы алғашқы төл басын құрбандыққа шалды. Егер адам өлсе, оның аруағына арнап арнайы қырық күн от жағылды. Өлiктi жерлегенде онымен бiрге үй заттарын, тағамды бiрге жерледi т.с.с.

Қазақ халқының ұғымында аруаққа сену өте жоғары, қысылған кездерiнде әр уақыт аруақты шақырып, құрбандық шалып, сәтi түскен iс болса аруақтың көмегi деп бiлдi. Өлген ата-бабаларын түсiнде көрсе “аруақ қолдайды» деп жориды. Аруақтың басына барып түнейдi, оларға арнап мал шашып тiлек тiлейдi. Мысалы, “Шора батыр» поэмасында шешесi Шораның әкесiне: “түйеден – нар, жылқыдан – айғыр, сиырдан – бұқа, қойдан-қошқар алып бала тiлеуге барайық»,- дейдi. Қобланды және Алпамыс жырларында да олардың ата-аналары бала тiлеп “әулие қоймай қыдырып, етегiн шеңгел сыдырып» жүрген кезде Баба-түктi Шашты-Әзиз олардың тiлегiн орындайды.

Көне бабалар “киелi» және оған қарсы “кесiр» деген ұғымдарға өте жоғары маңыз берген. өздерiнiң жартылай көшпелi тұрмысындағы пайда келтiретiн әр-түрлi заттарға ерекше күш таңады.

Адамдар әдет-ғұрыптарды сақтап отырса, олардың басына байлық, бақыт орнап “құт» қонады. Ал, әдет-ғұрыптар сақталмаса, онда кедейлiкке ұшырап, қырсыққа шалдығады, яғни кесiрге айналады. Сонымен бiрге, “Қызыр» немесе “Қыдыр» деген қасиет үлкен орын алады. “Қыдыр дариды, бақ қонады, ақыл барлығына басшылық етедi»,- деген нақыл сөздердi осы уақытқа шейiн естуге болады. Ендi көне бабаларымыздың алғашқы философиялық тебiренiстерiне тоқталуға уақыт келген сияқты.

Қазақ топырағында қалыптасқан философиялық ойлардың құрамдас бөлiгi ретiнде, осыдан 2,5 мың жыл шамасында бұрын өмiр сүрiп, көне грек ой-өрiсiнде өзiнiң өшпес iзiн қалдырған Анахарсистi (Анарыс) айтуға болады. Тарих атасы Геродот Анарысты қара теңiздiң солтүстiк жағалауын жайлаған тайпалардан шыққаны жөнiнде айтады. Оның айтуына қарағанда, ол өнер-бiлiмге құмар, өз Отанының әдет-ғұрпын жетiк бiлген, дұниенiң сырын бiлмекке ұмтылған атақты адам болса керек. Бiздiң жыл санауымыздың бiрiншi ғасырында өмiр сүрiп, ел басқарған атақты Майқы-би бабамыз Анарыстың өсиеттерi деп ел билеудiң жолдарын айтып отырады екен деген аңыз халық жадында сақталған.

Диоген Лаэртий деген көне грек заманындағы атақты философия тарихшысы  Анахарсистiң Афинадағы Солон патшаға алғашқы келiп танысып дос болғаны жөнiнде мынандай аңызды келтiредi. “Қиырдағы скиф қаласынан iлiм iздеп, ақыл-зердемдi сынатып қайту үшiн Солонға келiп тұрмын. Көңiлi қаласа – достыққа жараймын, пейiлi түссе – қонағы боламын,- деп Солонның қызметшiсiнен сәлем айтады. Сонда Солон: “Есi бар ер досты өз елiнен iздейдi»,- дептi. Анахарсис мүдiрместен: “Солон дәл қазiр өз Отанында. Ендеше, өз елiнiң төрiнде отырып  нелiктен досына дос қоспасқа ,- деп жауап қайтарыпты. ұтымды айтылған сөздiң ойлы астарына риза болған Солон Анахарсистi құшақ жая қарсы алып, олар бiр-бiрiне дос болып кетiптi.

Грек философиясында Анахарсистi өздерiнiң дана жетi бабаларының бiреуi деп санайды. Олар  артында үлкен кiтаптар қалдырмағанмен, өздерiнiң нақыл сөздерi арқылы даналыққа ие болды. Анахарсис “жұзiм шыбығы бiр шоқ ләззәт, содан кейiн мастық, соңында жеркенiштiк әкеледiұ,- деген екен. Бұл ғажап нақыл сөздiң iшкi сыры – әр нәрсенiң өлшемiн бiлiп сақтауда болса керек. Оған арнап гректердiң қойған ескерткiшiнде мынандай оның сөзi жазылған: “Тiлiң мен құлқыныңды, нәпсiңдi ауыздықтай бiл!ұ Бiрде Анахарсис “Адамның бойындағы ең жақсы және ең жаман нәрсе не ,- деген сұраққа – “Тiлұ,- деп жауап берiптi. Кезектi бiр пiкiрталас ұстiнде, iстiң барысын тыңдап отырып Анахарсис былай дептi: “Элладалықтар қызық осы: мұнда сөздi ақылдылар айтады да, мәселенi ақымақтар шешедiұ(мұның бұгiнгi бiзге де қатысы жоқ па екен?). “Элладада жарысқа өнерпаздар қатысады да, өнерсiз адамдар қазылар алқасында жұредiұ,- деген сөздi де Анахарсис айтқан екен. Оның ойынша, “адам мен адамның айырмашылығы – тiлi мен атақ-даңқында емес, – ақылында». «Қызғаныш пен қорқақтық – ең қасиетсiз сезiмдер». Грек елiнiң бiр азаматы, “сен жат елдiң тұқымысың»,- деп кемсiткенде, ол “Мен үшiн – елiм  қайғы, ал сен – елiңе қайғысың»,- деген екен.

Анахарсис сол кезден бастап қалыптаса бастаған батыс менталитетiн, нарықтық қатынастарды сынға алады: “Саудагерлер халықты ашықтан-ашық алдап жатқанда қалайша өтiрiкке тиым салуға болады.

Әсiресе бiздi таңғалдыратын мәселе – Анахарсис ХХ ғ пайда болған экзистенциализм  философиясында қойылған кейбiр мәселелердi сол кезде-ақ сезiнiп, тебiренген. “Кiмдер көп: өлiлер ме, әлде – тiрiлер ме ,- деген сұраққа, ол:  “Теңiзде жүзiп келе жатқандарды кiмге жатқызуға болады?,- деген қарсы сұрақты қойыпты. Ол сұрақтың шын мәнi – адам өмiрiнiң нәзiктiгi, оның өне бойы өмiр мен өлiм арасында болуы,- ал мұның өзi экзистенциалдық философияның негiзгi мәселесiне жатады. Бiреулерден кеменiң тақтайының қалыңдығы төрт саусақтай екенiн бiлген Анахарсис: “кемешiлер өлiмнен төрт саусақтай қашықтықта жұзiп келе жатыр»,- деген екен. Мұндай ғажап ойлар мен адам кұтпейтiн салыстырмалар, әрине, Анахарсистiң өз заманының ғұламасы болғанын көрсетедi.

Анахарсис грек елiнен тәлiм-тәрбие алып өз елiне қайта оралып, сондағы игерген бiлiмiн өз елiне қолдануға тырысады. Бiрақ, оның реформаторлық идеялары қалың бұқараның қолдауын таппай, ақырында оны көре алмаған бiреудiң қанды жебесiнен қазаға ұшырайды. Соңғы демi үзiлерде ол: “Эллада жерiнде менi ақылым қорғап едi, өз елiмде қызғаныштың құрбаны болдымұ,- деген екен.

Философиялық ой-пiкiр бүкiл дүниежүзiлiк деңгейде б.з.д. VII-V ғғ пайда бола бастаған кезде, бiздiң бабаларымыз да аса кемеңгер дана тұлғаны – Анарысты тудырды. Олай болса, бiз сол заманнан берi бүкiл дүниежүзiлiк рухани көштен қалмай тарихи халықтардың арасында өз орнымызды алдық. Оны бiз әрқашанда мақтан етуiмiз керек.

Орта ғасырдағы Отандық философия

Жоғарыда айтып өткенiмiздей, бiздiң бабалар көшпендiлiк мал шаруашылығымен қатар “Жiбек жолы» мен Сыр-Дарьяның т.б. өзен-сулардың бойында қалалар орнатып, егiн егiп, қол өнердi дамытып, сауда-саттықпен айналысқан. Сонымен қатар, әрине, мәдениет пен философия да биiк деңгейге көтерiлген.

Орта ғасырдағы Отандық философияның айқын жұлдызы – ол Аристотельден кейiнгi “Екiншi ұстаз» аталған дана бабамыз әлФараби. Бiз оның шығармашылық жолын “Араб философиясына» арналған тарауда талдаған болатынбыз, өйткенi ол түрiктер мен қатар арабтардың да рухани атасы болып табылады. Сонымен қатар, Орта ғасырларда басқа да көрнектi тұлғалар өмiр сұрiп өздерiнiң тамаша ойларын халыққа сыйлаған.

Орта ғасырлардағы Отандық философияның бастауын ғалымдар УIII ғ өмiр сүрген Қорқыт атаның шығармашылық жолына апарып тiрейдi және ол заңды да. Тарихи деректер мен халық шежiресi бойынша, Қорқыт – УIII ғ Сыр бойында өмiр сүрген батыр, атақты ақын, асқан кұйшi, қобызшы, аңыз кейiпкерi. “Қорқыт ата кiтабы»- түркi тектес халықтардың ежелгi тарихын, өмiр салтын, әдет-ғұрпын, ақындық дәстүрiн танытатын эпикалық-тарихи мұра. Оның iшiнде 12 тұрлi дастан бар және оның әрқайсысы өзiнше аяқталған шығарма. Бұл шығармалардың тұп-тамыры, шамасы, сонау көне замандарда пайда болған мифологияға кетедi, сондықтан, олардың құндылығы да, мiне, осында. Мысалы, Дерсе хан жөнiндегi аңызда әйелiнiң кеңесi бойынша, хан қарапайым халыққа садақа ұлестiрiп, ата-бабасының аруағына сиынып, тәңiрден бала тiлеп алады. Ол бала дәу бұқаны жұдырықпен ұрып-жыққаны ұшiн Бұқаш аталып кетедi. Мұндай желiс қазақ дастандарында көп кездеседi. Батырлар “әулиеге ат атап, қорасанға қой атап»ата-бабалар қабiрiне түнеп, көп тiлектерден кейiн барып туылады. Осылайша өмiрге келген балалар өсе келе ел-жұртының қорғаны, қамқоршысы болып шығады. (Ертөстiк, Алпамыс, қобыланды т.с.с.)

“Қорқыт ата кiтабындағы» Төбекөз (қазақ, қырғызда “Жалғыз көздi дәу» ертегiсiнде кездеседi) өзiнiң iс-әрекетi, ой-мақсаты, қатыгездiгi жағынан “Одиссей» жырының үрейлi кейiпкерiн еске түсiртедi.

Кiтаптың бесiншi тарауындағы “Тоқа баласы Ержүрек Домрул туралы жырда» ажалмен күресу, өлместiк мәселесi талданады.

Жалпы алғанда, “Қорқыт ата кiтабындағы» көтерiлген әлеуметтiк мәселелерге келер болсақ – олар: халықтың бiрлiгiн сақтау, әлеуметтiк әдiлеттiлiктi жақтау, жер мен суды ақылмен пайдалану, қылмыскерлермен заңды жолмен күресу, әдет-ғұрыпты сақтау, елдi жаулардан қорғау т.с.с. Халықтың жадында қалған аңыздар бойынша, Қорқыт ата өмiрiнiң соңғы кезiнде қобызын тартып, неше-түрлi әуендер шығарған. Табиғаттың тылсым күштерiн, адам жанының көңiл-күйлерiн, сезiмiн ұлы бабамыз қобыз сарынымен жеткiзе бiлген. Ол өлгенде оның артында  шығарған күйлерi қалады. “Қорқыт күйлерi» осы уақытқа дейiн ойналады.

Қорқыт атаның артында қалған нақыл сөздерi өзiнiң  даналығымен тарихта сақталып, осы уақытқа дейiн бiздi таңғалдырады. “Ер жiгiтке қара таудай мал бiтсе, жияр, көбейтер, талап етер, бiрақ несiбесiнен артығын жемес». Қазiргi экономикалық реформалардың барысында әрбiр iскер адам, жалпы алғанда, әрбiр азамат осы нақыл сөздердi терең сезiнуi қажет, ол қазiргi бизнес этикасының негiзгi қағидаларының бiрi болса екен деймiз. Сонда ғана iскерлер “мерседес» мiнудiң орнына жиналған қаражаттарына жаңа жұмыс орындарын ашып, өзiн қарапайым ұстап, шынайы халықтың алғысына кенелiп, қоғамдағы абыройлы әлеуметтiк топқа айналады. “Тәкаппарлықты тәңiр сүймес», “Көңiлi пасық ерде дәулет болмас» деген нақыл сөздер де жоғарыдағы айтылған ойларға жақын екенiн оқырман сезiнген болар.

“Ескi темiр бiз болмас, ескi мақта бөз болмас», “Қар қаншама қалың жауғанмен – жазға бармас, гүлденiп өскен бәйшешек – күзге бармас»,- деген нақыл сөздердiң де терең сыры бар. өйткенi, дүниедегi барлық құбылыстар мен заттар уақыттың шеңберiнде өмiр сұредi, олай болса, әр нәрсе өз уақытында ғана құнды, оның өз өлшемi бар.

“Ат қиналмай жол шалмас», “Ақылсыз балаға ата дәулетiнен қайран жоқ»,- деген нақыл сөздер де өмiрлiк тәжiрибеден алынған. Дүниеде бақытқа жету үшiн қиындықтар мен қайшылықтардан өтiп тек ақылмен жасалған ұлағатты iстер атқару қажет деген ойға әкеледi.

“Кiмнiң батыр, кiмнiң бақыл екенiн жырау бiлер»,- деген нақыл сөз тек көпшiлiктiң мүддесi үшiн iстелген iстер ғана құнды, қоғамның алға басуының тетiгi, негiзi деп қарағаны болып шығады.

Сонымен, Қорқыт атаның қалдырған терең философиялық ойлары (ел қорғау, ар-намыс, бiрлiк үшiн күресу, iзгi ниетте болу, ұлағатты iс-әрекеттерiңмен халықтың рухында қалып өлместiк дәрежесiне көтерiлу т.с.с.) ұрпақтан-ұрпаққа рухани мұра болып қала беретiне бiз кәмiл сенемiз.

Орта ғасырлардағы Отандық философияда ерекше орын алатын, бүкiл Дүниежүзiлiк ағарған қауымға мәлiм тұлға  Ж8сiп Хас Хаджиб Баласағұн (1017-1083 ж.ж.).  Баласағұн қаласында дүниеге келген, ол сол кездегi Қараханид мемлекетiнiң сауда, қолөнер, мәдениетi дамыған басты қалаларының бiрi болған.

Негiзгi еңбегi “Құтадғу бiлiг» (Құтты бiлiк) – алғашқы түркi тiлiнде жазылған мәдени-эстетикалық, философиялық дастан. Онда қазiргi түркi тiлдес халықтардың Орта ғасырлардағы тарихы, қоғамдық саяси өмiрi, ғылым мен әдебиетi, әдет-ғұрпы, жалпы алғанда мәдениетi жөнiнде қыруар мол деректер бар туынды.

Ж. Баласағұнның ойынша, Дүние жер, су, от, ауадан тұрады. Адам басқа тiршiлiктерге қарағанда ерекше жаратылған пәнде. Оның жан-дүниесiнен өнер, бiлiм, ақыл-ой, көңiл, ұятты табуға болады. Соңынан ұлы Абай да осы рухани құндылықтарға үлкен мән берген болатын. әсiресе, таным, бiлiм мәселерiн ойшыл жоғары орынға қояды: “Бiлiм биiк, ақыл ұлық,

« Бiлiмсiздiк – ауру…»,- деп қорытады ұлы ойшыл.

Дастанның арқауы ретiнде 4 қағиданы көрсетуге болады.

Бiрiншiсi – әдiлеттiлiк, өйткенi, мемлекеттi дұрыс басқару ұшiн қара қылды қақ жаратын әдiл заңдар болуы қажет. Баласағұнның айтуынша : “Кiсiге үш дүние пайдалы

Iзгi iс немесе мiнезi түзулiк.

Екiншiсi – ұят, үшiншiсi – әдiлдiк.

Бұл ұшеуi арқылы адам шын бақыт табады.

Iсi iзгi болса, бұкiл халық сұйедi.

Iсi әдiл болса, төрге шығады.

Екiншiсi – бақ-дәулет. “Барлық iзгi нәрсеге байқап көр»,- дейдi ұлы бабамыз.

Үшiншiсi – ақыл-парасат. “Бiлiк бердi – адам бүгiн жетiлдi.

Ақыл бердi – талай түйiн шешiлдi.

Төртiншiсi – қанағат-ынсап :

“Дүние сүйiктi болғаны үшiн бүкiл айыбы

Саған игiлiк болып көрiнедi, ей, елден асқан қымбаттым!

Кiмде-кiм дүниеге көңiл байласа,

Тiршiлiгi оған ауыр тауқымет әкеледi».

Ойшыл осы төрт құндылық – әдiлет, дәулет, қанағат, ақыл – бiр – бiрiмен ұндескен жағдайда ғана ел бақытқа жетедi деп қорытады.

“Құтты бiлiктегi» “бiлiк» сөзiнiң екi мағынасы бар. Оның бiрi “бiлiм» болатын болса, екiншiсi “билiк ету», “елдi басқару». Соңғы мағынада ойшыл: “Бек халықты тек бiлiкпен сендiрер.

Барлығын да ақылына жеңдiрер.

Дана келсе елдi ұзақ билегiң

Заңды ұстап, бұрсын елге бүйрегiң»,- дейдi.

Өзiнiң дұниеге деген көзқарасында Ж.Баласағұн рухты бiрiншi орынға қояды. Адам-ақыл-парасаты бар ерекше пәнде, ақыл адаммен қоса жаратылады. Сондықтан, дұниеде адам зерттеп бiлмейтiн нәрсе жоқ. Адамның ақыл-парасаты құдiреттi :

“Ақыл – шырақ, қара тұндi ашатын,

Бiлiм – жарық, нұрын саған шашатын.

Кiсi ұланы қара жерге қол салды,

Көтердi бәрiн, бiлiмiн ол қолдандыұ»

Өзiнiң шығармасында Ж.Баласағұн имандылық, әдептiлiк, жалпы тәлiм-тәрбие жөнiнде де тамаша өсиеттер қалдырды. Оның ойынша, адамдардың қарым-қатынасында үш жаман нәрсе бар. Олар: жауыздық iстеп, мәмлеге келмей қасарысып тұрып алу, яғни, қазiргi тiлмен айтқанда компромиске, келiсiмге келмеу; екiншiсi, жалған сөзбен шұғылдану. Тiл, бiр жағынан адамды бiлiкке жеткiзсе, екiншi жағынан, адамды өмiрден әкетуi мұмкiн; үшiншiсi – сараңдық : “Дүние жинайды, жемейдi, артында қалады»,- деп қорытады ойшыл. Жалпы алғанда, ойшыл аскеттiк өмiр салтын жақтайды. Оны бiз мына сөздерден байқауымызға болады:

“Баянсыз Дүние қылығын ұқтырады.

Мiнез-құлқы қыз сияқты,

Сұйiндiредi – бiрақ қолын бермейдi.

Сүюшiнi сүймейдi, киiк сияқты қашады.

қашқанға жабысады, аяғын құшады…»

Жоғарыдағы көрсетiлген ұлы бабамыздың ойлары бұгiнгi өзгерiстегi Қазақстан қоғамына өзiнiң өзектiлiгiмен пайдалы. Оны әрбiр азамат бiлуi қажет.

Орта ғасырдағы ұлы ғұламалардың бiрiне Махмуд Қашқаридi (ХIғ) жатқызуға болады. Негiзгi еңбегi – Диуани лұғат ат-түрiк (Түркi сөздерiнiң жинағы). Бұл қазiргi түркi халықтарының бәрiне ортақ мұра. Бұл еңбектен бiз сол кездегi түркi тайпаларының тiлдерi мен жалпы мәдениетiнiң деңгейiн ғана емес, сонымен қатар, олардың қоғамдық-экономикалық, әлеуметтiк жағдайын, көне тарихы мен әдет-ғұрыптары жөнiнде сан-алуан мәлiметтер аламыз. “Диуанида» 200-ден астам өлең, 300-ге тарта мақалдар, толып жатқан қанатты сөздер, 29 тайпаның аты аталады, ондағы көптеген жырлар өте ертеде  өмiрге келгенiн аңғару қиын емес. Тiл ғалымдарының айтуына қарағанда, “Диуанидағы» 875 сөз бен 60-қа жуық мақал-мәтелдер қазақ тiлiнде қазiргi өмiрде сол қалпында қолданылады екен. Кейбiреулерiн келтiрейiк:

“Жанжал шықса, ағайын ақылдасар,

Жау келсе, ел тебiренер».

“Бақыт белгiсi – бiлiм мен ақыл», “әдептiң басы – тiл».

“Күздiң келетiнi – жаздан ақ белгiлi», “ұлық болсаң – кiшiк бол», “Батыр майданда, ғалым – әңгiмеде сыналар», “Кеңестi iс- келiсе бередi, кеңессiз iс кер кетедi» т.с.с.

М.қашқари түркi халықтарын бiрлiкке, өз халқын сүйуге, халықтың бостандығы үшiн жан аямауға шақырады, батырларды мадақтайды.   “Каһарланып атылдым,

Арыстандай ақырдым.

Батырын жерге батырдым,

Ендi менi кiм ұстар.

Есiнен дұшпан ауысты.

Басар жолын тауысты.

Ажалменен қауышты,

Сөзге аузы келместен».

Қорыта келе, М.Қашқаридiң шығармалары көне түрiк тайпаларының дүниесезiмi мен дүниетанымымен таныстыратын бiрде-бiр құнды құжат екенiн айтып кетудi жөн көрдiк.

ХII – ғасырда өмiр сүрген ұлы ойшылдардың қатарына А. Иугнекидi ( Әдiб-Ахмед Махмуд Жүйнеки ) жатқызуға болады. Ол жөнiнде “…ақындардың ақыны, даналардың көш басы, гауһардан сөз теретiн, одан ешкiм озбады»,- деген өлең сөздер қалған. Негiзгi еңбегi “Ақиқат сыйы». Бұл дастанда көтерiлген негiзгi мәселе – ол адам өмiрiнiң мәнi. Осы орайда ойшыл моральдық мәселелерге көп көңiл бөледi. Адам – саналы түрде iс-әрекет жасай алатын пәнде, ал оның санасын, рухын дамытатын – бiлiм. Ойшыл ол жөнiнде:

“Бiлiмдар “iстi бiлiп, бекiн!»,- дейдi,

Ақылмен iс iстеген өкiнбейдi.

Бiлмеген талай жұмыс iстеп жүрiп,

Амал жоқ, түбiнде сол опық жейдi»

А.Жүйнекидiң ойынша, “бiлiмсiздiк – тiрi өлiк». Оны ол мынандай шумақпен қорытады:

“Сүйекте жiлiк болар, ерде – бiлiк,

Ақыл ғой ердiң көркi, етте – жiлiк.

Жiлiксiз ет секiлдi бiлiмсiздiк –

Қол созбас сүйексiзге бұл тiршiлiк».

Ғұлама ақын адамның бақытты болуы – бiлiмге, ал бақытсыздық – қараңғылыққа, надандыққа байланысты деп ұғынды.

“ Кедейдiң кертiп жейтiн малы – бiлiм,

Бiлiмнiң жоқ-жiтiкке берерi мол».

Ойшылдың көтерген бұл ойлары бұгiнгi таңдағы Қазақстан халқына өзiнiң өзектiгiмен көрiнедi – бүгiнгi жұмыссыз жүрген көп азаматтардың бiлiмi мен мамандығының төмендiгi – соның негiзгi себебiнiң бiрi емес пе? Тек қана Дүниеде жинақталған жаңа технологияларды терең игерiп, оларды шығармашылық деңгейде пайдалану арқылы ғана бiз Дүниежүзiлiк қауымның терезесi тең мүшесiне айналамыз. Ал ол үшiн халықты ағарту, ғылымдағы жетiстiктердi оқу-бiлу қажет. Алайда бiз бұл жолда “технократизм», “сциентизм» шырмауында қалып қойып, өзiмiздiң мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан дұнисезiмiмiзден айырылып қалмаймыз ба,- деген ащы ой ерiксiзден көкiрегiмiзге ұялайды. А. Жұйнекидiң даналығы – ол бiлiмдi қажеттi түрде моральдық санамен бiрге ұштастырып қарайды. Ол бiзге “дәрежең өскен сайын ұстамдырақ бол, тәкәппарлықтан құтыл, кiшiпейiлдiк ұста. Ұлықсынба, абайла, ол – бiр құдай!,- деген тамаша өсиеттердi қалдырды. А. Жүйнекидiң бiршама моральдық қағидалары Библия, я болмаса Құран сияқты дiни құжаттарда берiлген терең ойлармен үндесiп жатады. Мысалы, “қанды қанмен жусаң тазармайды», өйткенi алғашқы қанның iзi кеткенмен жаңа қанның iзi қалады. “Бiреу зәбiр жасаса қарымына рахат көрсет, кешiр, зәбiрлiк жасама»,- дейдi ұлы ойшыл.

“Бал бар жерде ара да бар. Ең алдымен араның зәрiн байқап көр»,- деген бабамыздың сөзiнен бiз Дүниенiң қайшылығын байқаймыз. Ойшылдың пiкiрiнше, “небiр асқан өнерде бiрер мiн болады», сондықтан “бiр айыпқа бола бас кесушi Дүниеде тiрi адамсыз қалады». А.Жүйнеки бiлiмдi соншалықты зор бағалағанмен, сол бiлiмдi тудыратын, насихаттайтын адамдардың еңбегiнiң ақысы қайсыбiр болмасын қоғамда төмен болатындығын қынжыла айтады. Оны бiз мынау ойдан көремiз: “Өнер арқылы дәулеттiң келуi мүмкiн емес. қиындық атаулының ең қиыны осы. Дүние арамдарды көтерiп, адалды шалады»,- деп қынжылады ұлы ойшыл.

Дүниенi танып-бiлудегi сөз құдiретiне ежелгi түрiктер өте үлкен мән берген. Оны бiз А.Жүйнекидiң шығармашылық жолынан да табамыз. Ол әсiресе оның мәнiн адамдардың қарым-қатынасына тигiзетiн әсерiнен байқайды:

“…Есептi сөз – ер сөзiнiң асылы,

Мылжың тiлдi “жау» деп ұғын тартыста»,- дейдi ойшыл.

Ол адамды мағналы сөйлеуге, сыр сақтай бiлуге шақырады:

“Ақылды ма көп сөйлеген күбiне,

Талай бастың тiл жеттi ғой түбiне.

Оқ жарасы жазылады, бiрақ та

Тiл жарасы жазылмайды: түбi не  ,- деп тебiренедi ұлы ойшыл.

Шын сөз – бал секiлдi, жанға жайлы, дертке шипа болып келедi деп, ұлы ойшыл адамды әдiлдiкке, шындыққа, ұстамдыққа шақырады.

Орта ғасырдағы аскеттiк өмiр салтына сәйкес, ойшыл адамдардың қарым-қатынасындағы жомарттық пен сараңдық мәселесiне де тоқтап, оларға талдау жасайды.

“Жомарт ер бiлiм жолын жете бiлер,

Мал берiп, атақ алып өте бiлер.

Жарылқап кем-кетiктi бiлiмменен,

Жақсы атпен дұниеден кете бiлер»,- деп тебiренедi ұлы ойшыл.

А.Жүйнекидiң ойынша, “сараң – малдың құлы», ол емдегенмен жазылмайтын ауру, оның түбi – менмендiк, өр көкіректiк тәкәппарлық, ол нағыз адамның табиғатына сай келмейтiн, мұлдем жат нәрселер. Қорыта келе, ойшыл адам өмiрге жамандық емес, жақсылық, игiлiктi iстер жасау ұшiн келедi деген тұйiн жасайды:

“…Iспен тәуiр жұрттың көңiлiн анықтап,

Өз бойыңды парықсыздан аулақ сап.

Әуелi iстер жұмыс иiнiн ойлап ал,

“Керек пе, әлде жоқ па екен»,- деп анықтап»,- деген ғибрат сөздердi айтады.

Ұлы тұлғалардың ойларының ерекшелiгi – олар әрқашанда өзiнiң өзектiлiгiмен көрiнедi. Осы тұрғыдан алғанда, жоғарыда көрсетiлген ұлы бабамыздың ойлары бұгiнгi заманда өрлеу үстiндегi халқымызға ауадай қажет.

Сопылық философия.

 Қожа-Ахмет Яссауидiң шығармашылық ойлары

Орта ғасырлардағы қалыптасқан философиялық ағымдардың iшiнде сопылық философия ерекше орын алады. “Сопы» деген сөздiң төркiнi шамасы “sophos»- “дана» деген грек сөзiнен шықса керек. Сопылық философия ислам дiнiнiң шеңберiнде пайда болған мистикалық (құпия) аскеттiк (өз-өзiн шектеу) ағым. Оның дүниеге келу себебiн жете түсiну үшiн бiз ислам дiнiнiң кейбiр ерекшедлiктерiне өз назарымызды аударуымыз қажет.

Ислам дiнi тарихи ең соңғы дүниеге келген дүниежүзiлiк дiн. Сондықтан, бұл дiндегi аса үлкен басымдық –  бiрлiк, бiрқұдайлық – ол абсолюттi, оған ешқандай күмән келтiрiлмеуi керек. Бұл қағиданы мықты ұстаудың астарында  осы уақытқа шейiн бытыраған көшпендi араб тайпаларының басын бiрiктiрiп, оларды бiр халыққа айналдырып үлкен мемлекет құру қажеттiгi жатқан едi. Иудаизм мен христиандық дiн аз да болса “көпқұдайлықтыңұ сарқыттарынан әлде де болса арылған жоқ-ты (мысалы, құдайды адамға ұқсатып бейнелеу – икона, бiр құдайдың үштiгi – құдай – әке, ұл және киелi рух т.с.с.). Ислам дiнiндегi “Алла-тағаланы» алсақ, Ол адамнан тым алшақ, қаһарлы, қатал,  адамды саналы пәнде етiп жаратқанмен өзiне ұқсас еткен жоқ. Сондықтан, адам адасып кетпес үшiн Ол қоғам өмiрiндегi болуға тиiс тәртiптiң негiздерiн, адамның өмiрдегi жүрiстұрысының қағидаларын Мухаммед пайғамбар арқылы Құрандағы Шариғатта алдын ала берген және олар бұлжытпай орындалуы керек.

Алайда, ақиқат әрқашанда нақтылы, өмiр өне бойы өзгерiсте болғаннан кейiн ресми мешiттiң бұлжымас қағидалары шынайы өмiрде әр-тұрлi қайшылықтарды тудырады. Сондықтан, жаңа дiндi уағыздаушылар көп ұзамай екi топқа бөлiнедi. Олардың бiрiн “абид»(құдайдың құлы) десе, екiншiсiн “захид»(дәруiш) деп атады. Бiрiншiлерi дiннiң талаптарын ойланбастан бұлжытпай орындауға тырысса, екiншiлерi өз iзденiстерi мен тебiренiстерi арқылы Алла-тағаланы жете түсiнуге, оған рухани жетiлу арқылы жақындасып, онымен қосылуға, сiңiсуге тырысты. Мiне, осы екiншi бағыт ислам дiнiнiң шеңберiнде сопылық ағымды тудырады.

Алғашқы уақыттағы сопылар пендешiлiкке қарсы шығып, дұниеқорлық, байлықты жинаудан бас тартып (зухд) Алла-тағаламен бiрге болуға тырысты (тақуа). Бұл ауыр жолда олар Мухаммед пайғамбардың өмiр жолын өнеге еттi, өйткенi ол қандай керемет бай өмiр сұру мұмкiншiлiктерiне қарамастан, өзiн өте әдептi ұстап, қайыршы мен  кедейлерге қол ұшiн беруге тырысты. Алғашқы сопылардың бiрi Хасен Басри “бұл дүние үшiн о дүниенi сатқан екi дүниеден бiржола айырылады, бiрақ, о дүние үшiн бұл дүниенi сатқан екi дүниеге де ие болады»,- деген екен. Яссауи бабамыздың сыйлаған, өнеге тұтқан сопыларының бiрi – осы Хасен Басри. Ол жөнiнде Яссауи :

“Нәпсiсiн тиып қаһар қылды Хасен Басри…

әзiздердiң жағында болғым келер…»,- деген екен. Сонымен, сопылық философия адамдарды аскеттiк өмiрге, дұниенiң алдамыш қызықтарына құмартпауға, рухты биiк дәрежеде ұстауға шақырды.

Сопылық жолдың екiншi үлкен басымдығы – Құдайды шын жүрекпен сүйiп оған толығынан берiлу мәселесi. Ол үшiн адам өзiнiң менмендiгiн толығынан ұмытып кұндiз-тұнi тек Алла-тағалаға деген құштарлық ғашықтық сезiмде болуы қажет. Сонда ғана адамның өзiндiк сана-сезiмi жойылып, құдайлыққа жол ашылады. Мұндай жан-дүние ақуалын сопылар фана  (бейболмыс, құдайға жетiп сiңiсу) деген ұғыммен берген. Орта ғасырлардағы Шығыс жұлдыздарының бiрi Руми Джалаледдин төмендегiдей нақыл сөздер арқылы бiзге оны ашық та айқын түсiндiредi:

“Бiреу сүйген жарының (Абсолюттiң) есiгiн қағады. “Бұл кiм?,- деген сұраққа “Менмiн»,- деп жауап бередi. Есiктiң әржағынан “Бұл үйге Менiмен Сен сыймайсың»,- деген дауыс естiледi. Есiк жабық қалпында қала бередi. Ол тақыр далаға кетiп, жалғыздықтың азабын тартып, аузын берiк ұстап, күндiз-түнi қ»дайға құлшылық етедi. Бiр жылдан кейiн қайтып оралып, есiктi тағы қағады. “Бұл кiм?“,- деген сұраққа, Ол : “Сенсiң»,- дейдi. Сол сәтте есiк дереу ашылады. Сонымен, тек “мендiк» толығынан құдайлықтың шеңберiнде ерiп-сiңген кезде ғана адам рухтың ең биiк сатысына көтерiлiп, Алланың құшағына қосылады.

Сопыларды ресми мешiт алғашқы ғасырларда қанша қудаласа да қарапайым халық арасында олардың беделi өсе бердi. Олар тек қана Құранның аяттарын, шариаттың қағидаларын  түсiндiрiп қана қоймай дiндi философиялық тұрғыдан тереңдете бiлдi. Сопылардың ойынша, Шариғатты терең игерiп, оның талаптарын бұлжытпай орындау – ол құдайшылдықтың бiрiншi сатысы ғана.

Өйткенi, адамның сыртқы iс-әрекеттерi мен оның iшкi пиғылы, ниеттерi бiр-бiрiнен тiптi алшақ болуы да мүмкiн. құдайлыққа өтудiң екiншi сатысында адам осы екi ортада ешқандай қайшылықтар болмауы ұшiн iс-әрекеттер жасауы керек, ол Алла-тағаланың алдындағы ең жоғарғы адалдық дәрежеге көтерiлуi қажет. Ол ұшiн адам  өзiндiк сана сезiмiне өне бойы тереңдей түсiп, оны Жаратушының құдiреттi күштерiне бейiмдеуi қажет – бұл адамның екiншi сатыданТариқаттан өтуiмен тең.

Сонда ғана адам құдайға, яғни үшiншi сатыАқиқатқа көтерiлiп, Алла-тағаланы жүрекпен сезiнiп, онымен қауышады. Алайда бұл сиқырлық мистикалық қиын жол, ол адамның құдайды iздеудiң жолында күндiз-түнi құлшылық етiп, өне бойы рухани iзденiсте болуын талап етедi. Сонда ғана оның iшкi көкей көзi (интуиция) ашылып, аян арқылы ол Алла-тағаламен сұхбаттаса алады.

Мiне, осындай сопылық философияның Орта Азиядағы көрнектi өкiлi ретiнде қожа Ахмет Яссауи (10941167ж.ж.) бабамызды айтуға болады. Ол халықтың дiлiнде аса ұлы дiни қайраткер ретiнде осы уақытқа дейiн сақталған : “Меккеде – Мухаммед, Түркiстанда – қожа Ахмет», -деген сөздердiң өзi оны бiзге ашық көрсетедi. Негiзгi осы уақытқа шейiн жеткен еңбегi “Диуани Хикмет» (Даналық кiтабы). Бұл еңбектi негiзiнен алғанда адамның рухани даму жолын жарқырытып көрсетiп тұратын шамшырақ ретiнде қарауға болады.

Қ. А. Яссауи философиясында қойылған негiзгi мәселе – ол адам болмысы, ал оның өзiнiң екi жағы бар. Бiрiншiден, адам – дене, оның қажеттiктерi өтелмей өмiр сүру мүмкiн емес; екiншiден, адам – рух, ол оның басқа тiршiлiктермен салыстырғандағы негiзгi ерекшелiгi, аса баға жетпейтiн қасиетi. Бұл арада қ.А. Яссауи үзiлдi-кесiлдi адамның терең мәнiн оның рухани тұңғиығынан iздейдi – бұл көзқарас ХХ ғ өмiр сүрген немiс ойшылы К.Ясперстiң “нағыз адамның өмiр сүру ақуалы – рухани ақуал» деген сөзiмен үндеседi. өзiнiң жас кезiндегi пендешiлiктiң шырмауында болғанын жасырмай сынай келiп, ұлы ойшыл былай дейдi:

“Жиырма тоғыз жасқа кiрдiм, халiм харап.

Ғашық жолында бола алмадым мысал топырақ.

Халiм харап, бауыр кәуәп, көз бұлдырап,

Сол себептен хаққа сиынып келдiм мiне.

Пендешiлiктiң жолында (байлыққа, билiкке, дене ләззаттарына ұмтылу т.с.с) адам өз өмiрiнiң мәнiн ашып адамгершiлiк қасиеттерiн сақтап қалуы мұмкiн емес – ол жалған жолға тұседi.

“Нәпсiге сен ерiк берсең не тiлемес,

Еңiресең де Алла саған мойын бұрмас.

Қолға алсаң, жаман құстай қолға қонбас…»,- дейдi ұлы ойшыл.

Сондықтан Алла-тағалаға жақындау жолы – пендешiлiктен арылу, нәпсiнi тию. Ойшыл бұл жолдағы өнегелiк мысал ретiнде Парсы патшасының ұлы Ибрахим ибн Әдхамды келтiредi. Руми Джалаледдин ол аңыз жөнiнде былай дейдi:

Бiр күнi әдхамның сақшылары сарайдың шатырынан айғай-шу естидi. Сақшылар шатырға шығып, сондағы жүрген адамдарды ұстап алып Әдхамның алдына әкеледi. “Мұнда не iстеп жүрсiңдер ,- деген сұраққа, олар: “Түйелерiмiздi iздеп жүр едiк»,- дептi. “Қай заманда кiм түйенi шатырдан iздеген екен ,- деген сұраққа, олар: “Бiз сенен өнеге аламыз, сен тақта отырып Алла-тағаламен жақындасқың келмей ме? Қай заманда, кiмде-кiм осындай орыннан құдайға жақындаған ,- дептi. Осыдан кейiн Әдхам сарайдан қашып шығып, ел кезiп дәруiштiк жолға тұскен екен. Мiне, Қ.А. Яссауи Әдхамды өнеге етiп былай дейдi:

“Әдхам сипат тақ пен бақтан қашып жүргiл,

Тiлек берсең дүние қызығын тепкiм келер»

Сопылық философияның көрнектi өкiлi Баязиттi де өнеге келтiрiп:

“Шайық Баязит жетпiс рет өзiн сатты,

Бұл дүниенiң бар қызығын тастап атты»,- дейдi.

Әрине, мұндай пiкiрлер кейбiр оқырмандардың дүниеге деген көзқарасына сай келмеуi мүмкiн. Бүгiнгi жеке меншiктi қалыптастырып оны әрi қарай дамыту жолында “баю идеологиясы» көп насихатталынғаны баршаға мәлiм – саяси тұрғыдан алғанда ол керек те болған шығар, өйткенi, бұрынғы Кеңес Одағындағы өндiрiстi бiрегей (тотальды) мемлекеттендiру адамдардың өндiрiстi дамытуға деген ынталарын су сепкендей басып, өндiргiш күштердi тоқыраулатқан болатын. Негiзiнен, сол себептi ол қоғам да құлдырап, келмеске кеттi емес пе? Алайда, тек дүние қуу жолында дұрыс қоғам орнату мүмкiн бе? -әрине, жоқ. Бұл жөнiнде қ.А.Яссауи былай дейдi:

“Дүние менiкi дегендер – жаһан малын алғандар,

Құзғын құстай арамға белшесiнен батқандар.

Молда, муфтий болғандар – жалған жала жапқандар,

Ақты қара қылғандар: ол тамұққа тұседi.

Қазы, имам болғандар – нақақ жала қылғандар,

Есектей болып жегiлiп жұк астында қалады.

Пара алған әкiмдер – арамдықпен жұргендер,

Өз бармағын өзi шайнап өкiнiшпен қалады»

Ол өз заманындағы рухани-адамгершiлiк ақуалға көңiлi толмай, ондағы кемшiлiктердi қынжыла сынайды:

“үлкен-кiшi адамдардан әдеп кеттi,

қыз, келiншек, нәзiк жаннан ұят кеттi.

“ұят барда иман бар»,- деп Расул айтты…

Ғажап сұмдық замана болды, достар.

Ел, дүние, халқымызда қайырым жоқ,

Патша мен уәзiрлерде әдiлет жоқ…

Түрлi бәле халық үстiне жауды…»

Шамасы, Қ.А.Яссауидiң өмiр сүрген заманы – ерте феодалдық қатынастардың қалыптасып қарқымды даму, таптық қатынастар қайшылықтарының өсу кезеңi болса керек. Ендi бүгiнгi күнге көз жiберсек “қазы, имам болғандар» (қазiргi соттар), “пара алған әкiмдер», “ар-ұждан, әдеп, ұят, имандылық, қайырымдылық, әдiлеттiлiк» т.с.с. рухани құндылықтардың құлдырауы Қ.А.Яссауидiң заманасына ұқсамай ма екен? ,- деген ащы сұрақ ойымызға келедi.

Жоғарыда қойылған сұраққа жауап беру үшiн бiз қысқаша болса да өткен жақын тарихқа көз жiберуiмiз керек. Кеңес үкiметi бүкiл ұлттық байлықты мемлекеттендiрiп, жеке меншiктi түбiрiнен опырып, оның иелерiн қуғын-сүргiнге ұшыратып, қоғам өмiрiне тұрпайы теңдiк принципiн еңгiзген болатын. Мұндай жағдайда адамдар ерiктi еңбек етiп, өз қалауынша өмiр сұре алмай iшiнен тынып, екiжүздiлiкке, айтылған сөзбен ой арасындағы алшақтыққа баруға мәжбүр болды. Ендi мiне, үш үрпақ бойы (75ж.) жаншылған ерiктiкке деген ынта, ырық тұрпайы социализмнен бас тартқан кезде өзiнiң арнасынан шығып қоғамның рухани-адамгершiлiк құндылықтарына өзiнiң терiс әсерiн тигiздi. Көркемдеп айтсақ, көп жылдар бойы  бетi жабық ыстық қазанның iшiнде жыйналған пар ұлкен жарылысқа әкелiп қоғамның бiршама рухани iргетастарына зақым келтiрдi. Сондықтан да, мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру басталған кезде бiршама байлық “тiстегеннiң аузында, ұстағанның қолында» кете барды, лезде бай, өте бай адамдар пайда болып, халықтың көпшiлiгi кедейленiп, бiршама бөлiгi тiптi қайыршылық жағдайға кез болды. Кеңес заманында шын билiкке жете алмай Мәскеу партократтарының қолшоқпарларына айналған, сол рухта ондаған жылдар бойы тәрбиеленген көп шен иелерi жаңа ғана қалыптасып жатқан мемлекеттiң шеңберiнде өздерiн бүкiлұлттық сана-сезiмнiң, талаптардың деңгейiнде ұстай алмай, өз қамын ойлауға, жемқорлыққа көшкендерiнiң негiзгi себебi де осында жатса керек. Қ.А. Яссауи бабамыздың сөздерiмен айтсақ, сол кезде пендешiлiк руханияттылықтан басым болып, “өзiмшiлдiк», қоғамдық мүддемен санаспаушылық өз тойын тойлады.

Бүгiнгi таңда, мемлекеттi басқаруға жаға ұрпақтар легi келген кезде, нарықтық қатынастар бiрте-бiрте  заңды жолға қоя басталды да сол себептi қоғамдық ақуал да басқаша өзгере бастады. қазiргi басты мiндеттердiң бiрi – қоғамның рухани өмiрiн жандандырып адамгершiлiктi басым ұстау болып отыр. Сонда ғана қоғамның бiрлiгiн нығайтып қарапайым адамдардың өмiрге деген ынтасын арттыруға болады. Ал оның өзi бiздiң бостандығымыздың iргетастарын нығайтып, бұкiладамзаттық қауымның шеңберiнде абыройлы орын алуға мұмкiншiлiк бередi.  Расында да, адам бұл өмiрде жалғыздан-жалғыз өмiр сүрмейдi – менiң еркiмнiң шеңберi екiншi адамның еркiнiң аумағына жеткен кезде тоқталуы қажет. Белгiлi француз ойшылы Ж.П. Сартр айтқандай “ерiктiк дегенiмiз адамның басқалардың алдындағы жауапкершiлiгiнiң ауыр жүгi». Бiреу күйзелiс пен зардап шегуде болған жағдайда екiншiнiң қанша дәулетi тасығанымен бақытты болуы мүмкiн емес.

Қ.А.Яссауи бабамыздың даналығы – қоғамдағы күйзелiстен шығу жолдарын қайсыбiр зорлық-зомбылықтан, қантөгiстен, төңкерiстен iздемеуi. Ол Сократтың “өзiңдi тани бiл», Будданың “ең ұлы жеңiс – адамның өзiн-өзi жеңе бiлуi» деген қағидаларына жақын жолды ұстайды :

“Залым егер жәбiр қылса Алла дегiл,

қолың жайып, дұға оқып мойын сұңғыл.

құдай тiлек бермесе сабыр қылғыл,

Хақтан естiп бұл сөздердi айттым мiне».

“Сабыр түбi сары алтын»,- деген халықтың нақыл сөзi осы Яссауидiң жоғарыдағы ойларымен үндесiп жатыр. Адамзаттың өткен жазулы тарихында зорлық-зомбылықтың негiзiнде бақытты қоғамды орнатқан бiрде-бiр ел аталмайды. Керiсiнше, зорлық қарымына одан де өрескел зұлымдықты тудырады. “Жек көру жек көрушiлiкпен ешқашанда тоқталмайды. Тек жек көрушiлiктiң жоқтығы ғана жек көрушiлiктi жояды»,- деген екен ұлы Будда. Зорлық-зомбылықтың жолымен “жер бетiнде жұмақ – коммунизмдi –  орнатқысы келген большевиктер қоғамды қандай кұйзелiске әкелгенiн өткен жақын тарихымыздан жақсы бiлемiз. Бұгiнгi таңда бүкiладамзаттық деңгейде соғысты, зорлық-зомбылықты болдырмау, әр болуы мүмкiн шиеленiстердi бейбiт жолмен шеше бiлу, жеке адамның құқтарын басымды орынға қою мәселелерi үлкен орын алып отыр.

Қ.А. Яссауидiң қойған пендешiлiктi шектеу, нәпсiнi тиу, руханиятты жоғары ұстау, қанағаттыққа келу мәселелерi бүгiнгi  жер бетiндегi өмiр сүрiп жатқан адамзат қауымына өзiнiң өзектiлiгiмен танылуда. әрине, арада сан ғасырлар өттi, өндiргiш күштер ол заманда түске де кiрмейтiн ғажап биiктiктерге көтерiлдi, бiрақ, сонымен қатар қоғамның рухани-адамгершiлiк саласы да сондай биiктiктерге замғады деп айта алмаймыз. әрине, бұл сала да бiр орнында қалған жоқ, онда да алға жылжушылық байқалады, бiрақ оның даму қарқыны материалдық саламен салыстырғанда анағұрлым төмен болуда. Нәтижесiнде, дамыған елдер бүгiнгi таңда өз халықтарына материалдық жағынан  қандай биiк тұрмыс деңгейiн жасағанмен, миллиондаған адамдар  өз өмiрiнiң терең мән-мағнасын таба алмай iшiмдiкке, нашақорлыққа, қылмыстыққа т.с.с. бұрмаланған өмiр жолына тұсуде. Тойымы жоқ қоғамда қанша мол материалдық игiлiктер өндiрiлсе де үне бойы жетiспеушiлiк байқалады. Сондықтан да осы елдердiң көш басындағы АҚШ мемлекетi өз шекарасынан ондаған мың шақырым алыстағы жерлердi “өз ұлтының мүддесi бар аймақтар» деп жариялауда…

Қорыта келе, Қ.А.Яссауи бабамыздан қалған идеяларды бұгiнгi адамзаттың рухани-адамгершiлiк кұйзелiстен шығу жолында iске жаратуға болатындығына бiз кәмiл сенемiз.

 ХУ – ХУIII ғғ қазақ жырауларының шығармашылығы

ХУ ғ қарай тарихының тамыры көне заманға кететiн  түркi тайпаларының өмiрiнде елеулi өзгерiстер басталады. Мыңдаған жылдар бойы лек-легiмен сонау Байкал көлi мен Алтайдан бастап Балқан тауларына шейiн ағылған, ерiктi өмiр сүрген, басқа белгiлi бiр жерлерде орын тепкен мемлекеттердiң аузы батпаған , керiсiнше, сол мемлекеттердi әрқашанда қорқынышта ұстаған көшпендiлер тарихының сарқылу кезеңi басталады__Өйткенi,  осы кезде  дүниежүзiлiк тарихта, нақтылай келе, Еуропа топырағында, Жаңа дәуiрге өту кезеңi – қайта ґрлеу заманы басталады. “Ұлы мәртебелi Табиғаттың» балалары – көшпендiлер – өзiнiң өмiр аясының сарқыла бастағанын iшкi көкей көзiмен болса да бiрте-бiрте сезiне бастайды – садақ пен найзаның, шоқпар мен бiлектiң күшiнiң мүмкiншiлiгi азая түседi. Батыс қоғамдарында машиналық өндiрiстiң негiздерi қалыптаса бастайды, зеңбiрiктер мен мылтық оқтары соғыс технологиясын күрт өзгертедi.

әңгiменi нақтылай келе Еуразия топырағына келер болсақ, Алтын Орда мемлекетiне екi ғасыр бойы салық жинап келген Москва князьдығы, барлық Орыс жерлерiн қол астына бiрiктiрiп күшейiп, Шығысқа қарай қол сұға бастайды. Ежелгi түрiк бабаларымыз иемденген Едiл мен Жайықтың екi ортасындағы жайылымдарға үлкен қауып төнедi. Ал Шығыс жақты алар болсақ, Түркi тайпаларынан кейiнгi Азияның ұлы көшпендiлерi – ойраттар да қытай жағынан қысылып, берi қарай жылжи бастайды. Ал мұның өзi ХУIII ғасырда екi көшпендi халықтың бiр-бiрiмен маңдайларымен соқтығысуына, олардың тарихында болмаған қантөгiске, апатқа әкелiп соғады. әрине, бұл қақтығыс жаңа ғана күшiн алып, Шығыстағы жаңа жерлерге қолын сұға бастаған Ресей мемлекетi мен қытай әмiршiлерiнiң мүдделерiне сай келгенi сөзсiз едi. Ал ендi Орта Азиядағы жерге отырып, тұрақтанып, халықтық дәрежеге көтерiлген түбi бiр түркi ұлыстары да көшiп-қонған әлсiреп жатқан өз ағайындарына – көшпендiлерге –  қысым жасай бастайды.

Сол себептi Жәнiбек пен Керей бастаған көшпендi тайпалары олардан үзiлдi-кесiлдi бөлiнiп, қазiргi қазақстан жерiнде өз мемлекеттiгiнiң туын тiгедi де өзiнiң жаңа этнонимiне – “қазақ»,- деген атқа ие болады. Алайда,“…елдiң басы қосылған соң да бұрыннан бар ру-тайпалық құрылым, сондай-ақ шаруашылық типi мен мәдениет дәстүрлер жүйесi негiзiнен сақталады». ( Н.Назарбаев. Тарих толқынында. Алматы. Атамұра, 1999, 211б.) Оның себебi – көшпендiлiк өмiр формасының қайсыбiр өзгерiске ұшырамауында, оның консервативтiк табиғатында болса керек. Әскери-демократиялық деңгейде, одан асса – ерте феодалдық қатынастардың негiзiнде өмiр сүретiн көшпендiлер сол байырғы бытыраңқы жағдайда қала бердi. “Ал әр ұлысқа кiретiн әр тайпа, әр ру жалпақ елге ортақ күн туған кезде болмаса, өз ноқтасын өзi ұстап, ешкiмге билiк бере қоймайды. Бұл оғыз, тiптi қазақ хандығы тұсында да қала бердi» (Ә.Кекiлбаев. Түркiстан тағлымы. Егемен қазақстан. 12 сәуiр, 2000ж., 3б.). Жоғарыдағы көрсетiлген жаңа гео-саяси жағдайларға, жалпы алғанда, жер бетiнде қалыптаса бастаған  Жаңа дәуiрдiң талаптарына сай жауап қайтару үшiн шынайы ел тұтастығы, халық бiрлiгi қажет едi. Бiрақ, ол iске аспады, тiптi Абылай ханның заманында, елге қатерлi қауып төнген кездiң өзiнде бұкiл қазақтың басы бiрiкпедi. Ұлы Шыңғыс-ханның өз уақытында құрған алып  “Алтын Орда» империясының да түбiне жеткен әлсiз жерi –  осы өзiне-өзi жеткiлiктi, бiр-бiрiне күнi түсе бермейтiн көшпендiлiк өмiр салты, соның негiзiнде қалыптасатын бiр орталық билiкке бағынбаушылық, оны керектi қылмаушылық едi. әрине, Сары-Арқа даласының ойшыл-даналарының балтырын сыздатқан негiзгi мәселе, мiне, осы болатын.

ХУ-ХУIII ғғ дүниеге келген философиялық ой-талғамдар негiзiнен алғанда жыраулық түрде таралып өмiр сүрдi. ґйткенi, көшпендiлердiң арасында сауаты ашылған, жазылған сөздi оқитын адамдардың саны көп болмай, олар көбiне ақсүйектерге ғана тән болатын. қарапайым сөзбен жеткiзiлген ой бiреуден-екiншiге тарау жолында өзгерiп алғашқы мән-мағнасын тез жоғалтатыны баршаға мәлiм. Тек қана өткiр де терең, нақышына келтiрiлген өлең шумақтары адамның ақыл-ойымен қатар оның сана-сезiмiне өзiнiң зор әсерiн тигiзiп, халықтың жадында сақталып, оның дүниеге деген көзқарасы мен iс-әрекетiне өзгертулер еңгiзе алды. Жалпы алғанда, бұл тек қана қазақ халқына ғана тән нәрсе емес. Қай заманда,   қай халық өз поэзиясын жан-тәнiмен сүймеген, –  ол әрқашанда адамның жан-дүниесiн билейтiн әмiршiсi емес пе ?! ХХ ғ өмiр сүрген немiс философы М.Хайдеггердiң өз өмiрiнiң соңына қарай поэзияға бетбұрыс жасап, болмыс жөнiндегi нағыз терең ойларды ұлы өлеңшiлердiң шығармаларынан iздегенi осыған байланысты болса керек. Сол себептi де бiз қазақ халқының қалыптасу жолындағы терең философиялық мәселелердi жыраулардың шығармашылық жолдарынан iздеуiмiз керек.

қазақ халқының ақын-жырауларының iшiнен аса көрнектi тұлғалар ретiнде Сыпыра жырауды (ХIУ ғ), Асан Қайғы, Қазтуған Сүйiнiшұлын (ХУ ғ), Доспамбет пен Шалкиiз жырауларды (ХУI ғ), Жиембет пен Марғасқа жырауларды (ХУII ғ), Ақтамбердi мен Тәтiқара, Бұқар жырау мен Шал ақынды (ХУIII ғ) атап өтуге болады.

Сыпыра жырау Тоқтамыс хан билеген сұрапыл кұнгiрт уақытта өмiр сұрген жырау болса керек. Ол тарыдай бытыраған, басы бiрiкпеген халықты бiрлiкке шақырған, аңыздар бойынша “тоғыз ханды түзеткен» тұлға болған. Бейбiт өмiрдi уағыздаған ақын, өткен баяғы заманды аңсап былай дейдi:

“Отырушы едiк жайласып,

Шалғында бие байласып,

құлын-тайдай ойнасып,

Иiндесiп, сырласып…»

Қандай қиын заманды халық басынан өткiзiп жатса да Сыпыра жырау оның жарқын болашағына сенедi:

“Көп iшiнде сөйлесем,

Жас жiгiт саған қарасам-

Қара лашын тұйғынсың,

Асылыңа қарасам –

Құс алатын қырғисың.

Қызыл тiлге келгенде,-

Сар садақтың оғындай,

Көлденеңдеп зырғисың»,- деп сүйсiне қарайды.

ХУ ғ өмiр сүрген Қазтуған Сүйiнiшұлы Едiл мен Жайық арасын мекендеген ұлыстарды өмiр бойы бiрлiкке шақырып, ел-жұртына тыныштық, бақ-дәулет тiлеген жырау.

“Алаң да алаң, алаң жұрт,

Ақ ала ордам қонған жұрт»,- деген ақынның екi жолынан бiр жағынан оның халқына деген махаббатын, екiншi жағынан, оның оған деген аяныш сезiмiн байқауға болатын сияқты. Жырау өзiнiң жеке өмiрiн халқының тағдырымен  ажырамастық тұрғыдан қарап:

“Кiндiгiмдi кескен жұрт,

Кiр-қоңымды жуған жұрт»,- деп оны биiк бағалайды.

Жырау өз жұртын Отанды сүюге, ата-бабалардың ғұмыр кешкен жағалай ортасын әлпештеуге, оны қорғауға шақырады. Оның қадiрiн ол мынандай өлең жолдарымен суреттейдi:

“Салп-салпыншақ анау үш өзен,

Салулы менiң ордам қонған жер…

Жабағылы жас тайлақ,

Жардай атан болған жер…»

“…Боз сазаны тоқтыдай,

Балығы тайдай тулаған,

Бақасы қойдай шулаған»,- деген шумақтардан бiз оның өз Отанына деген шексiз махаббатын көре аламыз. Мұндай әсем табиғатта өмiр сүрiп жатқан елдiң “…      Жарлысы мен байы

Жабысы мен тайы тең

Жары менен сайы тең»,- дейдi ақын. Бұл сөздерден бiз “дала демократиясыныңұ шеңберiнде ерiктi өскен жыраудың қоғамдық қатынастардың қандай болуы тиiстiгi жөнiндегi ой-арманын байқаймыз. Бiрақ, елде тыныштық жоқ, қырғыс-тартыс бiр де толастамайды:

“Бекiре ойнар ақ Жайық,

Бес қаруын асынып,

Батырлар жауға жортқан жер…

Көрiнген мынау көк Нарын,

Ойран салып өткен жер»,- деген жолдардан жыраудың бiр жағынан дала батырларының ерлiгiне сұйсiне,  екiншi жағынан тоқталмайтын тартысқа өкiне қарайтынын сезгендеймiз…

ХУ ғ аса көрнектi жыраулардың бiрi – Асан Қайғы. Оның аты ғасырлар бойы халықтың жадында сақталып, аңызға айналып кеткен. Жырау өмiр сүрген уақыт – Алтын Орда мемлекетiнiң ыдырап жаңа қазақ хандық мемлекеттiгiнiң қалыптаса бастау кезеңi болатын. Мiне, Асан қайғы осы күрделi де жауапты iске ат салысып, жаңа мемлекеттiң iрге тасын қаласқан ұлы тұлға. Халықтың қамын көп ойлап, сол кездегi ел басындағылардың кемшiлiктерiн, кейбiр  тайыздықтарын көрсетiп, оларға ақыл берiп, дұрыс жол сiлтегенi үшiн оны халық Асан қайғы деп атап кеткен. Жырау өзiнiң iшкi көкей көзiмен болса да халықтың тарихындағы шешушi кезеңi келгенiн сезiп, жаңа мемлекеттiлiктi құру жолында кетiп жатқан қателiктердi әшкерлеп, Жәнiбек ханға былай дейдi:

“- Ай, Жәнiбек хан!

Айтпасам бiлмейсiң,

Жайылып жатқан халқың бар,

Аймағын көздеп көрмейсiң.

Қымыз iшiп қызарып,

Мастанып қызып терлейсiң.

Өзiңнен басқа хан жоқтай

Өзеуреп неге сөйлейсiң? «

Әрине, мемлекеттi құру үшiн халықтың алып жатқан жерiн анықтап, оны қорғай бiлу керек,- оны жырау жақсы түсiнедi. Ал, “қымыз iшiп қызарыпү деген жолдары тiптi қазiргi заманға дейiн өзектi – бүгiнгi халық тарихының шешушi кезеңiнде – осындай ауқымды көлемде қазақ жерiнде тарихи алғашқы рет халықтың басы бiрiгiп, жаңа заманға сай мемлекеттiлiгiн орнатып жатқан кезде,- қаншама iрi-кiшi лауазым иелерi әлi де болса өз қалтасын мемлекеттiң қазынасымен шатыстырып, “мастанып, қызып», қызмет бабын өз мүддесiне жаратып, жаңа мемлекеттiң абыройына  нұқсан келтiруде! Бұл да болса ұлы жыраудың даналығын көрсетедi.

Ал, “Аққу құстың төресi,

Ен жайлап көлде жүр едi.

Аңдысып жұрген көп дұшпан,

Елiңе жау боп келедiұ,- деген жолдардан жыраудың қазақ халқының болашақтағы қалмақтармен қақтығысын, бодандыққа ұшырайтынын алаңдап сезгенi сияқты ой келедi. Ол жаулардан құтылудың негiзгi жолы – бейбiт өмiрдi қамтамасыз ету.

“Едiл бол да Жайық бол

Ешкiмменен ұрыспа,

Жолдасыңа жау тисе,

Жаныңды аяп тұрыспа»,- деген ақыл айтады ұлы жырау. қазақ халқына нағыз керек нәрсе – ол ел бiрлiгi, рулар мен тайпалардың арасындағы тартыс, қантөгiске тиым салу.

“…Есенiң де тiрiң де,

Бiр болыңыз бәрiңiз!»,- деп ұран тастайды Асан Қайғы.

Асан Қайғы халықты бiрлiкке шақырып қана қоймай, оны қалай қамтамасыз ету керектiгiн талдайды, ел бастайтын топты халық қамын ойлауға, әдiлеттiлiкке шақырады.

“Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтып күн көрер…

Хан мен билер қысқанда, халық қайтып күн көрер ?

Онда халық түнерер. Халыққа қысым күш берер,

Халықтың кегi күшке енер»,    – деп ұлы жырау үстем тапқа халық атынан қатты ескерту жасайды.

Сонымен қатар, Асан қайғы қоғам өмiрiндегi моральдық қағидаларға да көп көңiл бөледi. Оның ойынша, әдiлдiк – өтiрiк-өсекпен, алдау-арбаумен қабыспайды; даналық – өткен күндегi шындықты iздеу; қорқақтық – жау мен жауыздың алдында қашқақтау; залымдық – әлсiзге жәбiр көрсету; ақмақтық – айтқан ақылға көнбеу; т.с.с.

Асан қайғы – қазақ жерiнен шыққан алғашқы утопист. Елдiң ауыр тұрмысы, табиғат қатаңдығы, оқтын-оқтын болатын жұт, аштық т.с.с. оны қатты кұйзелтедi. Табиғатқа қарсы тұру, оны өзгерту керектiгi сияқты Батыс қоғамдарында пайда болған идеялар көшпендiлерге тән нәрсе емес едi. Сондықтан, ұлы жыраудың назары “жерұйықтыұ iздеуге бағытталады. Оның суы – сұт, топырағы – май, тасы – алтын, онда халық зардабы, соғыс, тартыс-қырқыс дегендер жоқ, бай да, кедей де – жоқ, бәрi де – жеткiлiктi, бәрi де – бақытты. Ол мұндай “жұпар қорығынұ өмiр бойы iздедi. Ол, әрине, қай халық болмасын, бақытты өмiрдi аңсаған армандарының бiр көрiнiсi едi.

Жоғарыда көрсетiлген ой-толғаулар ХУI ғ өмiр сұрген жыраулардың шығармашылығында өз жалғасын тапты. Бұл кезеңнiң көрнектi өкiлi өмiрден жастай кеткен Доспамбет жырау болды ( 30 жасқа келгенде  Астрахан маңындағы бiр шайқаста қаза табады). Оның толғауларынан өткен әскери-демократия кезеңiндегi көшпендiлердiң ерiк пен теңдiк, өз елiн қорғаудағы ержұректiк қасиеттерiн мадақтап мақтаныш еткенiн байқаймыз.

“…Айнала бұлақ басы тең,

Азаулының Стамбулдан несi кем ,- деген сұрақ қойып, олай болса, “…Ер Доспамбет ағаның Хан ұлына несi жоқ,

Би ұлынан несi кем! Тәңiрiнiң өзi берген күнiнде,

Хан ұлынан артық едi менiң несiбем!»,- деп  өзiн ең жоғары тұрған тұлғалардан кем санамайды. Шiркiн, осы белгiлi бiр орталыққа бағынбауды мойындамайтын еркөкiректiк болашақта халықты қандай апатқа әкелетiнiн, әрине, ол сезiне алмады – жағалай қоршаған әлеуметтiк ақуал оны мүмкiн қылмады.

Ел жұрт ұшiн ерлiк жасағанын мақтаныш етiп өз өмiрiнiң әрбiр кұнiне қанағат етедi:

“Тоғай, тоғай, тоғай су. Тоғай қондым өкiнбен,

Толғамалы ала балта қолға алып,

Топ бастадым, өкiнбен. Бүгiн-соңды өкiнбен,

Ер Мамайдың алдында Шахид кештiм, өкiнбен».

Жыраудың ойынша, әңгiме бұл өтпелi фәниде ұзақ та солғын өмiр кешуде емес, оны мазмұнды өткiзуде. Яғни, ол қазiргi тiлмен айтсақ, өмiрде алу, иелену, байлыққа масаттану емес, керiсiнше, болуды аңсаған ержүрек батыр.

ХУI ғ көрнектi жырау Шалкиiз Тiленшiұлы болды. Жыраудың ой-толғаулары ел-жұртты қорғау, адамның қысқа өмiрiн той-думанмен өткiзу, әлсiзге қол ұшын беру т.с.с. әдеттегi тақырыптарға арналса да өзiнiң ерекшелiктерiмен сипатталады. Мысалы, халықтың белгiлi бiр орталық билiкке бағыну керектiгi. Темiр биге арналған толғауында жырау:

“Сен алтынсың – мен пұлмын,

Сен жiбексiң – мен  жүнмiн,

Сен сұлтансың – мен құлмын»,- деп оның лауазымын мойындайды. Басқа жағдайда өзара қырылыс-тартыстың жойылмайтынына оның көзi жетедi. Жыраудың ойынша, халықтың бiрлiгiн арттыратын – жақсылық жолы, сондықтан ол “жығылғанды тұрғыз, жылағанды уат, қисағанды түзет» дейдi.

Көшпендi замандағы ер жiгiттiң аяулы да нәзiк қысқа өмiрiн толғай келе Шалкиiз дiни бейсаналық (иррационализм) бағытын ұстайды. Жыраудың ойынша, бәрi де Тәңiрдiң жазғанымен болады:

“Жапрағы жасыл жаутерек,

Жайқалмағы желден дүр.

Төренiң кежiгуi елден дүр.

Байлардың мақтанбағы малдан дүр…

Жалаңаш барып жауға ти,

Тәңiрi өзi бiледi,

Ажалымыз қайдан дүр».

Адамды аспанға көтеретiн де, құзға құлататын да – Тәңiр. “Тең атаның ұлы едiң, дәрежеңдi артық етсе – Тәңiрi еттi»,- дейдi жырау. Мұндай көзқарастың жұрнақтары осы кұнгi қазақтардың да бойында бары сөзсiз. Өмiрi толығынан қауып-қатерге толы, ертеңгi кұнi не болатынын бiлмейтiн көшпендiнiң дұниесезiмiне мұндай өмiр философиясы оған тiрек болып, оны батырлыққа итердi.

Табиғат және оның ажырамас бөлiгi – адам – Шалкиiздiң шығармашылығының өзектi тақырыбы. Қазiргi тiлмен айтсақ, жырау философиялық антропологизм бағытын ұстаған ойшыл. Адам – табиғаттың төл туындысы, сондықтан ол оның қасиеттерiн табиғатпен салыстырып қарайды.

“Алма мойын сам үйрек,

Ана Едiлден көксiген

      Көлдi тастап қырға ұшса,

Бiр тарланға жолығар !…». Сондықтан, ер-жiгiттер әрбiреуi әр жаққа тартпай бiрiккенде ғана елдi жаудан аман сақтап қала алады:

Атаның ұлы ерлерге,

Малыңды бер де басың қос.

Басыңды қос та бек сыйлас,

Күндердiң күнi болғанда,

Басың жауда қалар ма!»,-деп қорытады жырау.

Шалкиiздiң ойынша, адамдар өз табиғаты бойынша жамандар мен жақсыларға бөлiнедi:

“Ағайынның iшiнде бiр жақсысы бар болса,

Қоңқалаған көп жаман, сол жақсыны көре алмас…»

“Құсты жисаң бүркiт жи, қыстауыңды түлкi етер.

Бiр жақсымен дос болсаң, азбас, тозбас мүлк етер.

Бiр жаманмен дос болсаң, күндердiң күнi болғанда,

Жұмыла ғаламға кұлкi етер»,- дейдi ақын.

Бұл дұние өтпелi, “…мынау жалған дұние, кiмдерден кейiн қалмағанұ дейдi жырау. Сондықтан, адам бұл дұниедегi қызықты тегiс көрiп, өмiрдi думандатып өткiзу керек. Бiрақ, оның да өлшемi бар:

“…жүйрiкпiн деп мақтанба,

О-дағы бiр құба арланға жолығар,

Ерiккенде қызыл тiлiн тимаған,

О-дағы бiр пәлеге жолығар.

Салмақтама немеңдi,… Тәңiрi тесер төбеңдi»,- деп жырау адамды өлшемдiкке, ұстамдыққа, әдет-ғұрыпты бұзбауға шақырады.

Тарих сахнасына келген ХУII ғ әлi басы бiрiкпеген қазақ халқына жаңа қиындықтар әкелдi. Бiр жағынан кұннен-кұнгi кұшейiп келе жатқан Ресей мемлекетiнiң суық лебi бұрынғыдан да гөрi айқын сезiле басталса, екiншi жағынан осы ғасырдың бiрiншi жартысында Шығыста жатқан жоңғарлардың ру-тайпалары бастарын бiрiктiрiп, өз хандығын дүниеге келтiредi. Шығыста жатқан қытай мемлекетiне бата алмаған қалмақтар өз өрiсiн қазақ жерлерiн жаулап алу арқылы кеңейткiсi келдi. Осыдан қазақ халқының басына орасан-зор қауып туады. 1723 ж. ойраттар қазақ жерiне бас салып, бытырап жатқан қазақ руларын орасан зор күйзелiске ұшыратады – халықтың үштен-бiрi қырылып, қыруар мал жау қолына түседi. Халықтың санасында бұл апат “Ақтабаншұбырынды, Алқакөлсұлама»,- деген атпен тарихқа кiрдi.

Әрбiреуi өз жағына бұратын қазақ билерiнiң есi ендi ғана жыйналып, жоңғарларға төтеп беру үшiн бiрiге бастады. Мұндай қауып-қатер туған жағдайда халық өз iшiнен ұлы саясаткер-билердi – Төле, Қазыбек, Әйтеке т.с.с. – тудырды. Халық арасынан Отан үшiн өз жанын беруге даяр Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Жәнiбек, Қарасай т.с.с. мыңдаған батырлар шығып, халықтың басын бiрiктiрдi. Шешушi кезең де келiп қалды. 1730 ж.  Балхаш көлiнiң төңiрегiндегi шайқаста қазақтар жоңғарларға ойсырата соққы берiп, күйретiп өз жерiн жаулардан босатты. Халық бұл шайқасқа Аңырақай жеңiсi деген ат қойды.

Әлсiреген қазақ халқы екi жаққа бiрдей тойтарыс бере алмады. Сондықтан, осы кезден бастап, Ресей қазақ жерлерiн өзiне  қоса бастады.

Мiне, жоғарыдағы көрсетiлген ауыр қайғы-зардапқа толы тарих кезеңдерi халықтың өзiндiк сана-сезiмiн жаңа деңгейге көтердi. Сол уақыттағы өмiр сүрген жыраулардың, ойшыл-билердiң де шығармаларындағы халық тарихы, тағдыры жөнiндегi ойлары пiсiп-жетiлiп, жаңа сапалық деңгейде көрiне басталды.

Осы кездегi жыраулардың iшiнен Ақтамбердi, Үмбетей, Қожаберген, Бұқар, Шал ақынды ерекше атауға болатын сияқты. Сол кездегi халықтың ауыр жағдайы, арманы мен мұңы бұл жыраулардың шығармаларында кеңiнен орын алды. Өкiнiшке орай, оқулықтың көлемi жыраулардың бәрiне де тоқтауға мұмкiншiлiк бермейдi.

Бұл Дүниеде ұзақ өмiр сүрiп ХУII ғ екiншi, ХУIII ғ бiрiншi жартысын қамтыған жыр алыбы Бұқар жырау болды. Жырау өмiрiнiң жас кезiнде Тәуке ханның жанында болса, өмiрiнiң соңында – Абылай ханның ақылшысы, кеңесшiсi. Сол кездегi сұрапыл заманды жырау былайша суреттейдi:

“Ай заман-ай, заман-ай,

Түстi мынау тұман-ай,

Iстiң бәрi кұмән-ай…

Арғымағын жоғалтып,

Тай жүгiрткен заман-ай»,- деген жолдардан сол кездегi халық тағдырындағы қайғылы да күнгiрт ахуалды көзге елестетуге болады.

Осы, ақынның сөзiмен айтсақ: “Асан атты iспеттi

Ен жайлауынан көшкен жұрт.

Зар илеп, баспай өксiктi,

Ауыр кұндi кешкен жұрт»,- неге соншалықты қамықты, оның себебi неде болды, – деген сұрақ қойсақ, оған жырау былайша жауап бередi:

“Ақтың жолын кұзетпей,

Жамандықты тұтқан жұрт.

Сабыр етпей сандалып,

Сайда көшiп, жортқан жұрт.

Өз ағасын сыйламай,

Өзгенiң соңынан ерген жұрт.

Ханына тiзгiн бермеген,

Орысқа ырғын болған жұрт.

Ханның ойын бiлмеген,

Жауына таланып қалған жұрт…

Бiрауызды болмаған,

Тозуды тосқан бiздiң жұрт…» Бұл шумақта жырау халықтың арасындағы бiтпейтiн алауыздықты, бiр орталық билiкке бағынбай оның әлсiз болып қалғанын, сол себептi әрбiреудiң сiлтеген жағына ауытқып, өз-өзiн жоғалтқанына тоқтала келе “Өзiңнен өзiң безбе жұрт»,- деген терең нақыл сөздер айтады.

Сол себептi де, Бұқар жырау барлық жан-тәнiмен Абылай ханның бүкiл халықтың басын бiрiктiруге бағытталған саясатын қолдап, өзiнiң жыр-толғауларында оның тұлғасын мақтаныш етедi:

“Басыңа бiткен кұнiңiз,

құтты болсын ұлыңыз.

Хан Абылай атандың…

Алтын тақтың ұстiнде

Үш жұздiң басын құрадың.

Жетiм менен жесiрге

Ешбiр жаман қылмадың.

Әдiлетпен жұрдiңiз,

Әдептi iске кiрдiңiз.

Арманым бар ма, хан ием «,- деп өзiнiң қанағат еткенiн бiлдiредi. Сонымен қатар, жырау Ел басының кемшiлiктерiн әшкерлеп, саяси батылдық көрсетiп, адал ниетпен кейбiр уақытта оны қатты сынай бiлген:

Ай, Абылай, Абылай,

Ал тiлiмдi! Аласың,

Егер тiлiмдi алмасаң,

Жалғыз жәутiк қаласың…»

Абылай хан өлгенде, жырау қазақ халқының орны толмайтын қазаға ұшырағанын терең түсiнiп, оны жоқтады:

Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай,

Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай…

Үш жүздiң басын қосқан, Абылай !

Үш жүзден үш кiсiнi құрбан қылсам,

Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай ?!,-деп зар жылады.

Таңқаларлық нәрсе, Бұқар жыраудың тарихи көрегендiгi, төмендегi жолдар оны айқын дәлелдейдi:

“Күнбатыстан бiр дұспан

Ақырда келер сол тұстан.

Өзi сары, көзi көк,

Дiндәрiнiң аты поп…».

Егер сол кезде тiптi қазақ жерiнде Ресей мемлекетiнiң суық желi байқалып тұрған деп есептесек те, боданданған халықты олардың қалай өз еркiне көндiрiп, басқаратыны жөнiнде айтқан жыраудың сөздерi өзiнiң асқан көрегендiгiмен адамның жан-дүниесiн  дүр сiлкiндiредi:

“Жемқорларға жем берiп,

Азды көпке теңгерiп,

Ел қамын айтқан жақсыны

Сөйлетпей ұрар ұртына !

Бауыздамай iшер қаныңды,

Өлтiрмей алар жаныңды,

Қағазға жазар малыңды,

Есепке салар барыңды…». Тарих беттерi соңынан толығымен бұл  болжаудың даналығын көрсеттi. Мына жыраудың гео-саяси көзқарастарына көз жiберсек, ол бұгiнгi қазаққа да үлкен ой тастайды:

“Шүршiтпенен құлақтас,

Қырғызбенен жұбаптас.

Ортасында ұйлығып,

Кетпейiн десе, жерi тар,

Кетейiн десе, алды-артын

Қоршап бiр алған кәуiр бар.

Ұйлыққан қойдай қамалып,

Бүйiрiнен шаншу қадалып,

Сорлы бiр қазақ қалды, ойла !». Әрине, бұгiнгi таңдағы егемен  қазақ елi Дүниедегi ең беделдi iрi мемлекеттерден өзiнiң дербестiгi жөнiнде кепiл алды. Сонымен қатар, бiз екi бұйiрде жатқан екi алып мемлекет бар екенiн ұмытпай, соған сәйкес ақылды да икемдi саясат жұргiзуiмiз керек, сонда ғана бiз жыраудың өсиетiн орындаймыз.

Ендi Бұқар жыраудың әлеуметтiк-саяси көзқарастарынан өтiп оның болмыс, адам жөнiндегi ойларына келер болсақ, ол бұл Дүниенi өтпелi жалған ретiнде қарайды. Ешнәрсе бұл дұниеде мәңгi емес, сонымен қатар өмiрге келген құбылыс өзiнiң белгiлi бiр заңды сатыларынан өтiп барып дүниеден кешедi:

“Он екi айда жаз келер,

құс алдында қаз келер.

Айтып-айтпай немене,

Дәуренiңiз аз келер…».

Жыраудың ойынша, адам да басқа құбылыстар сияқты өз өмiрiнiң саты-сатыларынан өтедi. Оны ол ғажап шеберлiкпен, қазiргi тiлмен айтқанда, экзистенциалды түрде қарайды:

“Балалық он жасыңыз

Балғын өскен құрақтай.

Жиырма деген жасыңыз

Жарға ойнаған лақтай.

Отыз деген жасыңыз

Таудан аққан бұлақтай.

қырық деген жасыңыз

Ерттеулi тұрған құр аттай.

Алпыс деген жасыңыз

Кұзгi соққан жел екен.

Жетпiс деген жасыңыз

Жетiм қалған күн екен…».

Жырау дүниенiң қайшылықты екенiн, олардың бiр-бiрiне өтiп жататынын басып айтады:

“…Айнала iшсе таусылмас

Көл суалмас демеңiз.

Құрсағы құшақ байлардан

Дәулет таймас демеңiз…».

Жыраудың ойынша, бұл дүниеге келiп, уақыты келгенде бәрi де кетiп жатыр. Сонымен қатар өлместiк дәрежеге жететiн бiр-ақ нәрсе бар. Ол – адам:

“…Ай мен күннiң өлгенi –

Еңкейiп барып батқаны.

Айдын шалқар өлгенi –

Мұз болып тастай қатқаны.

Қара жердiң өлгенi –

Қар астында жатқаны.

Өлмегенде не өлмейдi ?

Жақсының аты өлмейдi,

Ғалымның хаты өлмейдi» ,-деп қорытады ұлы ойшыл. Тек адам ғана өзiнiң шығармашылығымен, жақсы iстерiмен, өмiрде өзiнiң iзiн қалдыра алады. Сонымен қатар, адам – өзiнiң өмiрiнiң соңы болатынын бiлетiн пәнде болғандықтан, ол өмiрге ешқашанда тоймайды, оның арман-қиялдары, үмiтi таусылмайды – ол шексiздiкке ұмтылған жан:

“Аруды таңдап сүйсе де,

Алтынды ұйге кiрсе де,

Аспанда жұлдыз аралап,

Ай нұрын ұстап мiнсе де,

Арманын қоймас адамзат !

…қапалы күнi қабарып,

қайғының күнi төнсе де,

үмiтiн жоймас адамзат !

Жақындап ажал тұрса да,

Жаныңа қылыш ұрса да,

…өмiрге тоймас адамзат ! ,- деп қорытады ойшыл. Бұқар жырау  өзiнiң нақыл сөздерiмен, терең де әсем жырларымен “халық атасы» дәрежесiне көтерiлген ғұламалардың қатарында қала бермек.

ХУIII ғ қазақ халқының ой-өрiсiне жыраулармен қатар өзiнiң үлесiн қосқан дана “қара қылды қақ жарған» билер болды. Атақты Қазыбек, Әйтеке мен Төле билердi қазақ халқы өз жадында сақтап, олардың қазақ халқының мемлекеттiгiне қосқан үлесiн ешқашақ есiнен шығармаған. Сол заманда өмiр сүрген Жаңыл ақын:

“Төле би, ер Қазыбек, тiлдi Әйтеке

Асқартау – Қазықұрттай бiлiмдi едi,

Бiрi күн, бiрi туған айдай болып,

Заманға сәйкесiмен келiп едi»,- деген екен.

Қазiргi тiлмен айтсақ, бұл билердiң шешiмдерi адамдардың “табиғи құқтарына», олардың бiр-бiрiне деген теңдiгi мен ерiктiгiне негiзделген болатын. Сонымен қатар, олардың өмiр, адамдардың қарым-қатынастары жөнiнде айтқан талай-талай нақыл сөздерi осы күнге шейiн бiздi таңғалдырады, олардың әрбiреуi үлкен кiтапқа пара-пар. Мысалы, әйгiлi батыр Шақшақ Жәнiбек Төле биден ақыл сұрауға келгенде, соңғының айтқаны:

“ – Өгiздi өрге салма, қанатың талар,

Наданға көзiңдi салма, сағың сынар,

Досыңа өтiрiк айтпа, сенiмiң кетер,

Дұшпаныңа сырыңды айтпа, түбiңе жетер.

…Тұмау түбi құрт болар,

Тұман түбi жұт болар.

Ақылдың түбi құт болар.

Елге бай емес, би – құт…»,- деген екен. қандай асыл, әрбiр адамға керек сөздер! Төле бидiң мына айтқан ақылы қазiргi мемлекет басында жұргендердiң бiршамасына әдейi жазылған сияқты:

“Лауазымың өссе зорайып,

Адалдықты тұншықтырсаң сол айып,

Елдi билеп өскенiңнен не пайда,

Рахатыңды көрмесе,

Ағайын мен халайық!

Көпшiл болған ер дана,

Достары болар әр сала.

Өнерлiден ұлгi алып,

Салдырар сәндi мол қала…»

Ақтабан-шұбырындыдан кейiн халық тағдырын терең ойлаған Төле би көшпендiлiк өмiр салтының тарихи сарқылысқа түскенiн айқын сезiнедi. Сондықтан, ол  халықты жерге тұрақтату саясатын алғашқы бастаған тұлға десек артық айтпаған болармыз:

“Шығарсам арық қазып Сырдан бойлап,

Ел болсақ отырысты болар едi-ау,

Қыстасақ Алатауды жазда жайлап,

Бiр жағымыз қалалы диқан болсақ,

Көшпелi, бiр жағымыз бие байлап,

Елдерден қатар жатқан үлгi алайық,

Болашақ келер ұрпақ қамын ойлап»,- деген даналық ойлар айтады. Алайда, әлсiреген халық көшпендiлiктiң шеңберiнен өз iшкi күшiмен шыға алмады – оған “ұлы мәртебелi Тарих» та уақыт бермедi – тек Ресей империясының құрамына кiрiп, сан-қилы қиындықтардан өтiп барып, оның бүгiнгi Егемендiкке қолы жеттi. Сондықтан, әрбiр саналы жас өзiн қазақ халқының бейбiт бақытты өмiрiн арман еткен бабаларының өсиетiн жадында сақтап, Елдi қорғауға, оның бiрлiгi мен iргетасын нығайтуға белсендi ат салысуы қажет. Ол үшiн ең алдымен терең де сапалы бiлiм алып, оны шынайы өмiрде пайдалану жолдарын игерген жөн сияқты.

 ХIХ ғ ағартушылық философия

Қазақ халқының тарихындағы ХIХ ғ келер болсақ, Ресей империясының бодандығына өткен елде, сол алып мемлекеттiң шеңберiнде жаңаша, негiзiнен, жерде отырып өмiр сұру жолдарына икемделу, осы кұрделi де қиын жағдайда халықтың өзiн-өзi сақтап қалу мәселесi өмiрдiң алғышарттары ретiнде тарихи сахнаға шығады. Халықтың тарихында бұрынғы-соңды болмаған мұндай өткiр бетбұрыс философия саласында ағартушылық ағымды тудырады.

Бұл арада айтып кететiн нәрсе – әрбiр халық өзiнiң өмiрiнiң шешушi кезеңдерiнде Тарихтың қойған жаңа Талаптарына сәйкес Жауап қайтаруы керек. Ол үшiн ескi құндылықтар жұйесiн өзгертiп Дүниеге деген жаңа көзқарас еңгiзу қажет. Мұндай күрделi iстi  зиялылар қауымының алдыңғы қатарлы өкiлдерi жасап, халықтың сана-сезiмiн өзгертуге тырысады – оны бiз ағартушылық саты деп атаймыз. Ондай кезең барлық елдерде уақытында болған.

Отандық ағартушылықтың негiзгi ерекшелiктерiнiң бiрi – рулық, одан әрi асса – ерте феодалдық қарым-қатынастағы, көшпендiлiк өмiр салтын ұстаған халықты жаңа әлеуметтiк-экономикалық, саяси-құқтық жағдайда, болуы мұмкiн апаттан аман сақтап қалып, оның сана сезiмiне жаңа құндылықтарды еңгiзу арқылы оны жерге тұрақтандыру болды.  ґйткенi, көшпендiлiк өмiр салтының негiзгi факторы – жер көлемi – кедейленген орыс шаруаларын қазақ жерiне әкелiп отырғызу саясатының негiзiнде – жылдан жылға қысқара басталды. Ал мұның өзi кұйзелiсте тұрған көшпендiлiк мал шаруашылығын толығынан кұйретiп – елде аштық пен қатар мыңдаған жылдар бойы созылып келген өмiр салты, әдет-ғұрып құндылықтары адамдардың жан-дұниесiнен ажыратыла басталды. Бұл бiздiң ата-бабаларымыздың мыңдаған жылдардағы тарихында болмаған “зар заманды» тудырып, адамдар өз өмiрiнiң мән-мағнасын жоғалтып, қазiргi тiлмен айтқанда, экзистенциалдық вакуумге келiп тiрелдi. Халықтың өзiн-өзi жоғалту қаупы туды. Мұндай ақуалда көп жыраулар бұрынғы өткен өмiрдi көкседi (қазiргi кеңес қоғамын көксеп жұрген кейбiр саясаткерлер сияқты).

Алайда, Тарих өткен жолдарын қайталамайды, сондықтан, өткендi көксеу – тарихи тұйықтыққа әкелiп тiрейдi. Мұны тұсiнген халық ағартушылары Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Кұнанбаев секiлдi ұлы тұлғалар халықты жаңа өмiрге баулып, оны сауаттықты ашуға, бiлiмге, еңбекқорлыққа, белсендi өмiр салтына, жасампаздыққа шақырды.

Қазақ даласындағы ағартушылық көшiн бастаған аса дарынды ұлы тұлға Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865 ж.ж.) болды. Өзiнiң қысқа өмiрiнiң шеңберiнде ол өте көп iстердi тындырып, тек қана қазақ халқының өткен тарихын, әдет-ғұрпын, жалпы руханиятын зерттеп қана қоймай, сонымен қатар, сол кездегi нақтылы өмiршеңдi мәселерге ат салысып, қалың бұқараның  мүдделерiн аса батылдықпен қорғап, соның жолында “аққан жұлдыздай», өкiнiшке орай, ерте жанып кеттi.

Шоқанның онтологиялық (болмыстық) көзқарастарына келер болсақ, ол күнбе-күнгi адамның тәжiрибесiнен шығатын, сол кездегi жаратылыстану ғылымдарына сүйенетiн материалистiк бағытта болды. Оның тiкелей болмыс жөнiндегi еңбектерi болмағанмен, оны бiз Шоқанның қазақтардың шамандық (бақсылық) өмiрсезiмiн талдауынан байқаймыз. Шамандықты көшпендiлердiң алғашқы көне дiнi ретiнде қарап, ойшыл  Табиғаттың сиқырлы да үрейлi күштерiнiң осы дiнде бейнеленгенi жөнiнде айтады. Яғни, Табиғат бiрiншi де, адамның өзi сол табиғаттың төл туындысы болғаннан кейiн өзiнiң  сана-сезiмiнде жағалай ортаны дұрыс, я болмаса қияли бейнелейдi.

Ендi ойшылдың әлеуметтiк болмыс жөнiндегi көзқарастарына келер болсақ, ол “географиялық детерминизм» бағытын ұстағанын байқаймыз. қоғамның дамуына жағалай қоршаған ортаның жазықтығы, я болмаса, тау-тастығы, ауа-райы, жер құнарлығы т.с.с. факторлары жатады. Сондықтан, шегi жоқ жазық дала мал баққан көшпендiнiң енжарлығын, ерiншектiгiн т.с.с. қасиеттерiн қалыптастырса, тау мен тасқа толы, сарқырап аққан каһарлы өзен-сулары бар, неше-түрлi қауыпқа толы аймақтар, керiсiнше, адамның жинақтылығын талап етедi. Мұндай көзқарас Батыс Еуропадағы француз ағартушыларының ойларына сай келедi – мұның өзi ойшылдың тек Орыс ғалымдарымен ғана емес, сонымен қатар Батыс философиясымен де таныс болғанын дәлелдей келе, оның өз заманының ой-өрiсiнен қалмағанын көрсетедi.

Олай болмақ түгiл, ол бүгiнгi таңдағы мәселелердi тереңiрек түсiнуге көмектеседi. Мысалы, реформалардың басында ауыл шаруашылығындағы iрi ұжымдық мекемелердi жойып, олардың орнына жеке шаруашылық қожалықтарын орнату саясаты жұргiзiлдi. әрине, мұндай саясатта елдiң географиялық ерекшелiктерi ескерiлген жоқ. қазақстан АқШ, я болмаса, Бразилия, немесе Франция емес. Ендi бұгiнгi таңда ғана бiз жiберген қателiктерiмiздi байқап талдап жатырмыз. Сонау көне заманнан бастап Жаңа дәуiрге дейiн елдiң сайын даласында тек қана көшпендi мал шаруашылығы ең тиiмдi шаруашылық формасы болғанын Шоқаннан кейiнгi бiзге де мойындауға тура келедi. Тек қана индустриалық-машиналық өндiрiс пайда болып, өндiргiш күштер зор даму қарқынын алған кезден бастап қана солтүстiк және орталық өңiрлерде жерге тұрақтану мүмкiншiлiгi пайда болып, сол кезден бастап қазақ жерлерiне басқа мемлекеттердiң “қызығушылығы» пайда бола бастады.

Шоқан Уәлихановтың әлеуметтiксаяси, құқтық көзқарастарына келер болсақ, ойшыл жан-тәнiмен халықтың қамын ойлап, “әдiлеттi басқару» жүйесi арқылы “парасатты реформалардың» негiзiнде халықтың хал-ақуалын өзгертуге болатынына сендi және оны жақындату үшiн барлық күш-жiгерiн салды. Ол 1862 ж. Атбасар аймағының сұлтан-басқарушы лауазымын жеңiп алу үшiн сайлауға түсiп жеңгенмен, Патша үкiметi оны бұл орынға бекiтпей қойды. Одан кейiн Шоқан “Сот реформалары жөнiндегi жазбалар» атты өзiнiң ғылыми еңбегiн жазады. Осы кездегi Ресей мемлекетiнде буржуазиялық-демократиялық реформалар қомақты орын алып жүрiп жатқанымен “азиаттық деспотия», пара алу, заңды бұзу, қарапайым адамның ар-намысын аяққа басу т.с.с. кертартпалықтар бұрынғыдай болып жатты. Сондықтан, Шоқан Ресей мемлекетiнiң құқтығына зор күмән келтiредi. Құқтық мемлекетте заңдардың үстемдiгi әрқашанда сақталуы қажет – оны ешкiмнiң де аттап өтуiне құқы жоқ. Заңдар бұзылған жағдайда жаза әдiл сот арқылы берiлуi керек,- деп қорытады ойшыл.

Шоқан Патша үкiметiнiң Ресей сот институтын өзгертпеген, бейiмделмеген түрде қазақ қоғамының өмiрiне еңгiзуiне үзiлдi-кесiлдi қарсы шығып, оның негiзсiздiгiн көрсетедi. Ресей заңдары қазақ қоғамындағы әлеуметтiк қатынастардың ерекшелiктерiн, халықтың тарихи қалыптасқан құқтық көзқарастарын ескермейдi. Шоқанның ойынша, таяу болашақта қазақ даласында ұйреншiктi, халық алдында абыройы бар билер сотын қалдыра тұру қажет.

Ш.Уәлиханов қазақ халқының рухани өмiрiн зерттеуге де қомақты үлес қосты. Оның даналығы – болашақтағы халықтың рухани жаңаруындағы тарихи қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа жеткен жыр-дастандардың, аңыздардың, т.с.с. халық туындыларының маңыздылығын ұғып, олардың әр-тұрлi тұпнұсқаларын қағазға түсiрiп, болашақ ұрпақтарға қалдыру болды. Солардың iшiнде “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», “Едiге», “Ер Қосай», “Ер Көкше» сияқты жырлар бар.  Туысқан қырғыз халқының  аса көрнектi туындысы – “Манасты» да алғаш рет қағазға түсiрiп, оны орыс мәдениет зерттеушiлерiне көрсеткен де Ш.Уәлиханов болды. Егер бiз орыс ұлы ойшылы А.Ф.Лосевтың –  қайсы бiр халықтың мәдениетiнiң биiктiгi мен шоқтығы оның тарихи тудырған аңыздары мен жыр-дастандарының байлығына  байланысты,- деген пiкiрiне құлақ түрсек, Шоқанның бұл еңбегiн асыра бағалау өте қиын жұмыс болар. Осы ойларға сәйкес, бiз қазақ халқының мәдениетiнiң әлi талай-талай шыңдарға жететiнiне күмәнiмiз жоқ, өйткенi оның iргетасы мықты – ғажап iнжу-маржандармен безенген, мыңдаған жылдарды артына тастап, бiздiң өмiрiмiзге дейiн жеткен – халық мифологиясы. Ол қазiргi қазақ тiлi мен мәдениетiне ерекше өзiндiк сипат беретiн сарқылмайтын бұлақ, рухани тiрек.

Ш.Уәлиханов халықтың дiни өмiрiн де терең зерттеп, оны ағарту жолында көп еңбек етедi. Ол шамандықты (бақсылықты) көшпендiлердiң Табиғатқа табыну жолында тудырған дүниесезiмi ретiнде қарайды. Бұл iзденiс жолында халық осы Дүниенi жаратқан “Тәңiрдi», адамдарды әрқашанда қолдап отыратын бабалардың рухы – “аруақты» табады. Ислам дiнiнiң Орта Азия мен қазақстанға тарауы көшпендiлердiң рухани өмiрiнiң өзгеруiне әкелгенiн айтады. Дегенмен де, қазақ дұниесезiмiнде ислам қағидалары шамандықпен араласып, бiр жағынан, Аллаға тағзым етумен қатар, екiншi жағынан отқа табынумен жалғасып жатты,- деп қорытады ойшыл.

Жалпы алғанда, ойшыл ислам дiнiне терiс көзбен қарайды – молдалар халықты қараңғылық пен надандықтың шырмауынан шығармайды, сол кездегi қазақ жерiндегi мешiттердiң көп салынуына алаңдаушылықпен қарап, оларды халықты бодандаудың бiр құралы ретiнде қарайды.

Мұмкiн, бұл жаңа бодандық жағдайдағы халықтың өзiн-өзi  сақтап қалу шараларының бiрi болуы да ғажап емес – бiрақ, Шоқан ондай ойға келген жоқ-ты. Дегенмен, оның кейбiр терең ойлары бұгiнгi таңдағы дiни салада болып жатқан кұрделi өзгерiстердi, соның iшiнде мистицизм, дiни фанатизм және экстремизм сияқты келеңсiз құбылыстарды сараптауға көмектеседi.

Ағартушылық ағымының көрнектi өкiлi Ыбырай Алтынсарин    (18411889 ж.ж.) халықты аман сақтап қалудың, жаңа қалыптасып жатқан ақуалға сай келуiнiң бiрден-бiр жолы – оның сауаттығын арттыру, бiлiмiн жетiлдiру, орыс мәдениетi мен тiлiн игеру деп есептедi. Сондықтан, ол өзiнiң барлық күш-жiгерiн жаңа мектептер ашуға, балаларға арналған қызықты оқулықтар жазуға жұмсады.

Өзiнiң Дұниеге деген көзқарастарында ол дiни бағытта болып құдайды мойындағанымен, дiни фанатизмге қарсы шығып, шала-сауатты қазан мен Бухарадан келген молдалардың халыққа тигiзетiн терiс әсерлерiн әшкерлейдi. “Кел, балалар, оқылық !», «Жаз», “Өзен» т.с.с. оның өлеңдерi осы күнге дейiн өзiнiң эстетикалық әсемдiгi, гуманистiк идеялары, тәрбиелiк мүмкiндiктерiмен бiлiм беру саласындағы  жас ұрпаққа оң әсерiн тигiзуде.

Ағартушылық философиясының аса алып тұлғасы Абай Құнанбайұлы (18451904 ж.ж.) – тек қазақ халқы емес, сонымен қатар бүкiл дұниежүзiлiк руханиятта өзiнiң өшпес iзiн қалдырған ұлы ғұлама. 1995 ж. ЮНЕСКО тарапынан ұлы ойшылдың 150 жылдығы бұкiл адамзат көлемiнде атап өтiлiп, қазақ халқының мерейiн биiк шыңға көтердi. Абайтану бүгiнгi таңда тек қана қазақ зиялыларының үлесiнде  ғана емес, сонымен қатар, бүкiл дүниежүзiлiк құбылысқа айналды. Соңғы кезде бiрталай мәндi де терең зерттеулер жарық көрiп, қазақ халқының руханиятының дамуына өз үлесiн қосты. Бiздiң ойымызша, “Абайтану» саласының  мерзiмдi түрде шығып тұратын өз журналының да шығуына көп уақыт қалмаған сияқты. Өйткенi, бiз әрi қарай дербес мемлекет ретiнде дамыған сайын Абайдың айтқан терең ойларымен сусындап, өз өмiрiмiзде дұрыс бағыт ұстауға мұмкiндiк аламыз.

Әрине, шағын оқулықта Абайдан қалған мұраны жан-жақты сараптау мұмкiн емес. Сондықтан, бiз Абайдың бүгiнгi күндегi көкейкестi мәселелермен байланысты ойларына көбiрек көңiл бөлсек деймiз. қосымша әдебиеттi талантты оқырман қиындық көрмей-ақ бұгiнгi кiтапханалардан табады. Осы орайда бiз белгiлi Абайтанушы  проф. Ғ.Есiмнiң еңбектерiн ерекше ұсынар едiк.

Абай еуропалық мағнада айтылатын классикалық бiлiм алған жоқ (университеттерде оқыған жоқ). Бiрақ, өзiнiң iшкi жалыны, дұниенi, өмiрдi тануға деген зор iңкәрi мен  шабытының арқасында, ол араб, парсы, орыс тiлдерi мен мәдениетiн терең игерiп, өзiнiң дұниеге деген көзқарасында олардың негiзгi нәтижелерiн қазақ руханиятымен бiрiктiре бiлдi. Абайдың шығармашылық еңбегi жан-жақты универсализмдiгiмен таңғалдырады : ол – ақын, сазгер, философ, аудармашы, құқтанушы, саясаткер. Уақытында М.Дулатов айтқандай “Зәредей шүбә етпеймiз, Абайдың өлген күнiнен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз. үнемi бұл кұйде тұрмас, халық ағарар, өнер-бiлiмге қанар, сол күндерде Абай құрметi кұннен кұнге артыларұ. Мiне, бүгiн сол күндер келдi, ал жастарға қойылатын талап – ұлы Абайды мұқият зерттеп өз жан-дүниесiне сiңiру болмақ. Ол бiздiң хакiм-ата алдындағы парызымыз.

Абайдың онтологиялық (болмыстық) көзқарастарына келер болсақ, оны ғажап та терең, өзiнiң ерекшелiгi мен маңыздылығын ешқашанда жоймайтын дiннiң шеңберiндегi философиялық антропология деп бағалауға болатын сияқты. Жаратқан, Дұние, Адам – мiне, осы үш категория Абай философиясының iргетасын құрайды. Абай өз философиясының осы негiздерiн өзiнiң 38-шi қара сөзiнде егжей-тегжей талдайды. Дұние Жаратқанның құдiреттi күшi арқылы пайда болып өмiр сүрiп жатыр және онда белгiлi бiр заңдылықтар, мақсатқа лайықтылық бар – соңғылардың негiзi –  Ғылымда. Жаратқанның үшiншi сипаты – Хаят, яғни Тiршiлiк (қараңыз: Абай. Алматы. Ел.,1993, 84 б.) . Мұның сыртында Абай тағы Алланың 5 сипатын көрсетедi, бiрақ олар жоғарыда көрсетiлген негiзгi 3 сипатты нақтылайтын, тұсiндiретiн құндылықтар. Олар: Басар (қырағылық), Сәмiг (сергектiк), Ирада (қалау), Кәлам (сөз), Тәкин (жасампаздық, барлыққа келтiрушi).

Ендi Абайдың Философиялық антропологиясына келер болсақ, жаратылған адамның ақылойы, күшқуаты бар, ал ол Алланың ғылымиқұдiреттiлiгiнен шығатын қасиеттер. Бұл арада ұлы Абай Рақымшылдыққа аса көп көңiл бөледi. Ол да Алланың 8 сипаттарына кiрмесе де Оның негiзгi қасиеттерiнiң бiрi, себебi оның аттары Рахман (Жарылқаушы), Рахим (Мейiрiмдi), Ғафур (Кешiрушi), Уадуд (Сұюшi), Хафиз (қорғаушы), Сәттар (Айыпты жабушы), Разақ (Ырыздық берушi), Нафиг (Пайда берушi), Уәкил (ґкiл), Латиф ( Iлтипатты) – бәрi де Рақымшылдықты көрсетедi (қараңыз: Абай. Алматы., Ел., 1993, 86 б.) .

Абай адамның ерекше пәнде ретiнде жаратылғанын ескертедi : “Адам баласынан махшарда (о дұниеде,- С.М.) сұрау беретұғын қылып, жаратқандығында һәм ғадаләт, һәм махаббат бар» (аталған әдебиет, 87 б.). Дүниедегi өлi табиғат, тiршiлiк болсын – бәрi де адам үшiн жаратылған : “…Жер мақтасын, кендiрiн, жемiсiн, кенiн, гүлдер гүлiн, құстар жүнiн, етiн, жұмыртқасын; хайуандар: етiн, сүтiн, күшiн, көркiн, терiсiн; сулар: балығын, балықтар икрасын, хатта ара балын, балаузын, құрт жiбегiн -һәммасы адам баласының пайдасына жасалып, ешбiрiнде, бұл менiкi дерлiк бiр нәрсе жоқ, бәрi – адам баласына таусылмас азық» (аталған әдебиет, 88 б.),- деп қорытады ұлы ойшыл. Ал мұның бәрi де Алла-тағаланың адамға деген сүйiспеншiлiгiн көрсетедi, олай болса, адам да Жаратқанды барлық жан-тәнiмен сүюi керек,- сонда ғана ол өз өмiрiнiң мән-мағнасын табады.

Сонымен, адам – Ғарыштың өзегi, ерекше пәнде. Бiрақ, соған қарамастан, ол шектеулi, өлшемдi, ал Алла-тағала өлшеусiз, шексiз. Сондықтан, “бiз Алла тағаланы өзiнiң бiлiнгенi қадар ғана бiлемiз, болмаса түгел бiлмекке мүмкiн емес… өлшеулi бiрлән өлшеусiздi бiлуге болмайды» (аталған әдебиет, 83 б.). Бiз бұл арада Абай ойының сол кездегi Еуропа топырағындағы ағартушылардан анағұрлым терең екенiн байқаймыз: әңгiме дүниенiң бәрiн қайта өзгертуде емес, ол тәкәппарлыққа, құдаймен теңесуге деген адам iңкәрiн туғызып, оны шайтан жолына түсiредi. Сондықтан, Абай:

“Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де – бiр кiрпiш дүниеге,

Тетiгiн тап та, бар қалан!,- деген ұран тастайды.

Абай – Жаңа дәуiрдiң перзентi. Сондықтан, ол Орта ғасырлардағы ойшылдардың аскеттiк философиясын қабылдамайды. Оның ойынша, егер барлық адамдар тариқат жолына түсiп, материалдық дүниеден бас тартса, онда “дүние ойран» болар едi. “Бұлай болғанда малды кiм бағады, дұшпанды кiм тоқтатады, киiмдi кiм тоқиды, астықты кiм егедi, дүниедегi Алланың пенделерi үшiн жаратқан қазыналарын кiм iздейдi (аталған әдебиет, 92 б.),- деген сұрақ қойып, ойшыл оны құдай алдындағы күнә ретiнде қарайды. Алла-тағала дұниенi адамға “рахатын көрмегiне бола жаратқан», қазiрет Ғосман, Ғабдурахман ибн Ғауф, Сагид ибн Абдукас сияқты Пайғамбардың жақындары да өз байлықтарымен даңқты болған.

Алайда, байлықтың да байлығы болады. Кейбiреулер мал жинау, мүлкiн көбейту арқылы басқалардан озып, өзiн биiкке көтерiп, дандайсып кетедi. Екiншiлер кем-тарларға көмектесу, өзiн өзгелерден  тәуелдi еткiсi келмес үшiн баюға тырысады. Соңғы жолды құдай қалайды. Нағыз адамға тән биiктеу – ол рухани самғау. Адамның абыройы оның сыртқы әсем киiмi мен жұрiс-тұрысында емес, оның iшкi таза ниетiнде, сол арқылы ғана бiздi құдай таниды. Руханияты биiк адам өмiрде кездесетiн өрескел қиын жағдайлардың өзiнде өз абыройын жоғалтпайды. Адамның өз-өзiн мадақтауы, басқа адамдарды төмендетуге тырысуы – оның тайыздығын көрсетедi. Абайдың бұл ойлары қазiргi қоғамдағы болып жатқан өзгерiстердi дұрыс тұсiнуге мұмкiндiк бередi.

Бүгiнгi таңдағы нарықтық экономиканың негiздерiн қалыптастыруда Абайдың өз дәуiрiндегi айтқан ойлары өзiнiң өзектiгiмен таңғалдырады. Оның ойынша, бақытты өмiрге жету адам өз ақыл-ойын, ынтасы мен қабiлетiн, өмiрден алған оң тәжiрибесiн бiрiктiрiп алға қойған мақсатын жұзеге асыруға жұмылдырса ғана iске асады. әйгiлi “Сегiз аяқта»:

“Болмағын кекшiл,

Болсайшы көпшiл,

Жан аямай кәсiп қыл !

Орынсыз ыржың,

Болымсыз қылжаң

Бола ма дәулет, нәсiп бұл ?

Еңбек қылсаң ерiнбей –

Тояды қарның тiленбей.

Егiннiң ебiн,

Сауданың тегiн

Үйренiп, ойлап, мал iзде.

Адам бол – бай тап

Қуансаң, қуан сол кезде»,- деген ақыл-ойын халыққа тартады.

Халықтың бойына сiнген кертартпа қасиет – ол ерiншектiк. Оны Абай надандық пен зұлымдықтың қатарына қояды.

Абай өзiнiң 1886 ж. жарық көрген “Базарға қарап тұрсам, әркiм барар» деген шығармасында былай дейдi:

“Базарға, қарап тұрсам, әркiм барар,

Iздегенi не болса, сол табылар.

Бiреу астық алады, бiреу маржан,

Әркiмге бiрдей нәрсе бермес базар.

Әркiмнiң өзi iздеген нәрсесi бар,

Сомалап ақшасына сонан алар.

Бiреу ұқпас бұл сөздi, бiреу ұғар,

Бағасын пайым қылмай, аң-таң қалар.

Сөздi ұғар осы кұнде кiсi бар ма ?

Демеймiн жалпақ жұртқа бiрдей жағар.

Жазған соң жерде қалмас тесiк моншақ,

Бiреуден бiреу алып, елге тарар». Бұл шумақтан Абайдың нарықтық қатынастарды жақтап, оның ертелi-кеш елге келетiнiн, сонымен қатар, сол кездегi ақуалға көңiлi толмағанын байқаймыз.   Абайдың ойынша, қайсыбiр iскер адам артық пайданы, табысты халық игiлiгiне, қайырымдылыққа, мұқтаждық құрсауынан жапа көргендерге, кемтар, мүгедектерге, мәдениет пен бiлiмдi дамытуға жұмсауы керек. Тек қана “өзiң үшiн еңбек қылсаң – өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың. Адамшылдықтың қарызына еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бiрi боласың»,- дейдi Абай өзiнiң 37 қара сөзiнде. Ешкiмге қол ұшын бермей, мерседес мәшине мiңгенiне, оқтын-оқтын шет елге барып сауық құрып келгенiне мәз кейбiр iскерсымақ адамдар бұл Абайдың ойын ұғар ма екен ?!

Абай өзiнiң әйгiлi 2 қарасөзiнде қазақты өзбек, ноғай, тәжiк, орыстармен салыстыра келе қазақтар сол халықтардан үлгi алып егiн егу, сауда, ғылым, қолөнермен айналысып, тазалық пен тәртiпке, әскери қызмет атқарып, құдайды құрметтеуге және маңдай терiн төгiп еңбек етуге шақырады. Сонда ғана елге молшылық келедi. Тек бүгiнгi таңда ғана халықтың көпшiлiгi осы ойдың даналығын мойындаған секiлдi. Сонымен қатар, енжарлық көрсетiп, осы уақытқа шейiн мемлекетке қарап, қол қусырып отырғандар да аз емес сияқты.

Абай “байлық» атты ұғымның адамгершiлiк жағына аса көп назар аударады. Әуелi, құдайдан мал тiлейсiңдер,- дейдi Абай. “Құдай тағала саған еңбек қылып, мал табарлық қуат бердi. Ол қуатты халал кәсiп қыларлық орынға жұмсаймысың ? Жұмсамайсың …Сенiкi бiреуден қорқытып алсаң, бiреуден жалынып алсаң, бiреуден алдап алсаң болғаны, iздегенiң – сол»(аталған шығарма, 27 б.). ґз ойын әрi қарай жалғастырып, Абай сол жолмен тапқан малыңды ендi сарып қылып, ғылым табу керек дейдi. -Өзiңе табылмаса, балаң тапсын деген талап қояды. “Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан руза, қылған қаж ешбiр ғибадат орнына бармайды. Ешбiр қазақ көрмедiм, малды иттiкпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған» (атал. шығ, 28 б.),- деп қорытады ұлы ойшыл.

Қорыта келе, Абайдың нарықтық қатынастардың жетiк бiлгiрi болғанын айта келiп, оның көтерген мәселелерi осы кұнi де өзiнiң өзектiлiгiмен байқалады деуге болады.

Абайдың саясиқұқықтық көзқарастарына келер болсақ, онда да өнегелi көп терең ойларды табамыз. әрине, Абайдың еңбектерiнен “құқтық мемлекет» деген ұғымды iздеу бекер болар, адам қандай ұлы болса да өз заманының перзентi ғой. Бiрақ, Абайдың саяси-құқтық көзқарастары осы ұғыммен байланысты екенiн байқауға болады. Абай отарлық саясатты әшкерлей келе, “бөлiп ал да, билей бер» деген саясаттың негiзiнде халықтың iшiнде iрiткi пайда болып, жеке адамның құқтарының өрескел бұзылғанын әңгiме қылады. “Болыс болдым мiнеки»,-деген өлеңiнде Абай:

“Бұрынғыдай дәурен жоқ,

ұлық жолы тарайды,

өтiрiк берген қағаздың

Алды-артына қарайды.

Тауып алып жалғанын,

қылмысыңды санайды.

өзi залым зәкүншiк

Тонап алды талайды.

Көрмей тұрып құсамын

Темiр көздi сарайды»,- деп, Патшалық саяси тәртiптi әшкерлейдi.

Абайдың сот тәуелсiздiгi жөнiндегi ойларына келсек, ол да бүгiнгi күнгi талаптармен үндесiп жатыр. Бұл қағиданы iс жұзiнде өмiрге еңгiзу ұшiн сот қызметкерi сол жұмысқа өмiрлiк сайлануы қажет. “Әрбiр елден толымды-бiлiмдi кiсi билiкке жыл кесiлмей сайланса, олар түссе – жаманшылығы әшкере бiлiнгендiктен түссе – әйтпесе, түспесе»,- дейдi ұлы ойшыл. Егемен мемлекетiмiзде Абайдың айтқан бұл ойын iске асырдық, бiрақ етек жайып кеткен пара алатын “зәкүншiктер» осы уақытқа шейiн таусылар емес.

Абай бүкiл болмысымен, жан-тәнiмен өз халқын сүйген, сол себептi оның тарихи қалыптасқан кемшiлiктерiн әшкерлей бiлген. Өз кемшiлiгiн сезiну – одан жартылай құтылумен тең емес пе, қалған жартысын бiлiм алу, қажырлы еңбек ету жолында жоюға болады. Абай “Жарлы болсаң, арлы болма» деген мақалды талдай келе “Ардан кеткен соң, тiрi болып жүргенiң құрысын»(29 сөз.,аталған шығарма, 63 б.),- деп қынжылады. “қалауын тапса қар жанады», “Атың шықпаса, жер өрте», “Алтын көрсе, перiште жолдан таяды», “Ата-анадан мал тәттi, алтын үйден жан тәттi»,- деген мақал-мәтелдерге сындық көзбен қарап, қазақ дұниесезiмiнде қалыптасқан терiс кертартпа қылықтарды қатты сынға алып, оларды тұзеуге шақырады.

Бiз бұл мәселеге тоқталған себебiмiз – дербес мемлекет болып қалыптасып, жаңа өмiрге ұмтылып жатқан жағдайда, ұлттың өзiндiк сыны 100 жылдан аса уақыт өтсе де Абайдың деңгейiнен төмен болып тұрғандығы. Керiсiнше, қоғамдық санада “Жаманымызды жасырып, жақсымызды асырайық» деген сорақы пiкiр кең тараған. Сонда бiз халықтың терiс қылықтарынан қалай арыламыз ?! Я болмаса, бұгiнгi таңдағы қазақ халқының кемшiлiктерi жоқ па ? Олай болса, бiз неге басқа алға кеткен халықтарды озып кетпеймiз ? Бұл қойылған сұрақтарға қарсы “қазақ елi көпұлтты мемлекетке айналғаннан кейiн басқалардың алдында өз кемшiлiктерiмiздi әшкерлегеннiң жөнi болмас»,- деген пiкiрдi де естiп жұрмiз. Ал, басқалар сынаса, жатып алып долданамыз.

Әрине, көпұлтты елде бiрiн-бiрi сынау үлкен саяси қата болар едi. Сонымен қатар, “ауруын жасырған – өледi» дегендi еске алсақ, ұлттық сын керек сияқты, және оны жасайтын өз ұлтыңның зиялылары болу керек. Сонда ғана алға жылжулық орын алып, ұлттың санасезiмi өседi. Басқа жағдайда, орынсыз, Абай уақытында сынға алған, өркөкiректiкке келемiз. Ал жақсы жақтарымызға келер болсақ, оны басқа халықтар айтпай-ақ бiлiп, бiздiң ұлтымызды сыйлайды. Мiне, осындай ащы ойлар Абайды оқығанда еске келедi – ол да болса ойшылдың өсиеттерiн орындау парызынан шығады.

Келесi Абаймен ақылдасатын көкейкестi мәселе – Қазақстанның ғаламдасу (глобализация) үрдiсiне кеңiнен кiруi. Уақытында оның жолын ұлы Абай орыс мәдениетi мен тiлiн игеру керектiгi жөнiндегi ойларында терең көрсетiп кеттi. “Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да – бәрi орыста тұр. Зарарынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға тiлiн, оқуын, ғылымын бiлмек керек» (25 сөз., аталған әдебиет, 51 б.),- дейдi ұлы ағартушы. Яғни, жақсы жақтарын алып, жаман жақтарынан безу керек. Олай болса, бiз шет елдерден жаңа технологияларды алып, өндiрiсiмiздi дамытып, сонымен қатар, Батыс мәдениетiнiң тұрпайы да дөрекi – зорлық-зомбылық пен тыйымы жоқ нәпсiнi көрсететiн –  түрлерiнен өз дiлiмiздi алшақ ұстауымыз қажет. Ал iс жүзiнде бiрiншiсiнен гөрi екiншiсi – елдi жаулап алып, руханиятымызды улап жатыр. Ертең-ақ соның салдарынан  төл мәдениетiмiзден жаттанып ХХI ғ “жаңа мәңгүрттерiне» айналу қаупы төнiп тұрғандай.

Абайдың ойынша, Жаратқанның тудырған бұл Дүниесiнiң кiндiгi – адам. Олай болса, “Адам бол !,- дейдi бабамыз. Яғни, әрбiр кiсi әрқашанда өзiнiң тұлғасының адам ұғымына сәйкестiгiн өлшеп өмiр-бақи соған жетуге тырысуы қажет. Тек сонда ғана адам өзiн жан-жақты дамытып, бойындағы ашылмаған табиғи дарындарын сыртқа шығарып, гүлдетiп, бұл өмiрде ерекше орны бар тұлғаға айналып, өзiн бақыттымын деп сезiне алады.

Бiрақ адам идеясы, ұғымы мен тiрi өмiрдегi пенденiң арасын қанша жақындатсақ та, олар бiр-бiрiмен толық қосылмайды. Мұны терең түсiне бiлген Абай да, қазiргi тiлмен айтқанда, экзистенциалдық ойөрiстiң шеңберiнен көрiнiп, ХХ ғ пайда болған осы Батыс ағымы қойған адам мәселерiн қамти бiлдi – оны бiз 1-шi қара сөзден-ақ байқаймыз. “…әйтеуiр бiрталай өмiрiмiздi өткiздiк: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық… Ендi жер ортасы жасқа келдiк: қажыдық, жалықтық,… бәрi қоршылық екенiн бiлдiк. Ал ендi қалған өмiрiмiздi қайтiп не қылып өткiземiз? Соны таба алмай өзiм де қайранмын»(аталған әдебиет, 7 б.) ,- деген ойшыл сөздерiнен өмiр философиясын көру қиын емес.

Дегенмен де, “Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел», бәрi де өзгерiсте болғаннан кейiн, ұлы Абай нағыз адам болу ұшiн болашақ ұрпақтарына өсиет ретiнде “Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол»,- дейдi.

“Тiлеуiң, өмiрiң алдында,

Оған қайғы жесеңiз.

Өсек, өтiрiк, мақтаншақ,

Ерiншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның бiлсеңiз,

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой –

Бес асыл , көнсеңiз».

Әрине, Абай – телегей-теңiз, бiз оның кейбiр маңызды ойларына ғана талдау жасадық. Оқырманға Абайтану жолында сәттiлiк тiлейм

ХХ ғасырдағы Отандық философия

Қайшылыққа толы ХХ ғасыр қазақ халқының тарихында ерекше орын алады. Ресей империясының шеңберiндегi қысылған, езiлген халықтың ұлттық санасезiмi оянып, ерiктiкке, халықтың өз бостандығына деген iңкәрi оянады; халық зорлық-зомбылықтың негiзiнде жартылай қырылып, геноцидке (тұқымымен құру) түсе жаздап Кеңес заманының алғашқы кездерiнде түпкiлiктi түрде көшпендiлiк өмiр салтымен қоштасып жерге отырады, сауаты ашылып, мәдениетi дамиды . Жергiлiктi халықтың саны күрт төмендеген соң, оның кең байтақ бай жерiне басқа ұлттар мен ұлыстардың өкiлдерi өз еркiмен, я болмаса, қуғын-сүргiнге ұшырап көптеп келе бастайды, қазақ елi көпұлттық елге айналады. Жаңа қалалар бой көтередi, тау-кен өндiрiстерi тез қарқынмен дамиды, тың жерлер бұрыңғы-соңды болмаған қарқынмен игерiле бастайды.

70-шi жылдардың аяғы, 80-шi жылдардың басында Кеңес Одағы iрiп-шiрiп, империя кұйзелiске ұшырайды – соның нәтижесiнде 90-шi жылдары Кеңес Одағы ыдырап, оның орнында жаңа тәуелсiз мемлекеттер пайда болады. Қазақ халқының жүздеген жылдар бойы армандаған ел бостандығы жүзеге асып Егемен қазақ Елi дұниеге келедi . Сонымен, ғасыр трагедиямен басталса, соңында халықтың шаттыққа толы жарқын үмiттерiмен, оның жаңа мемлекет орнатудағы құлшынысымен аяқталып, ХХI ғ ұласады. Мiне, жоғарыдағы айтылған тарихи өзгерiстер мен көлемдi оқиғалар философия саласында терең толғауларды тудырып, Отандық ой-талғамды жаңа сатыға көтередi. Ендi әңгiменi нақтылай келе ХХ ғ ұлы ойшылдардың философиялық шығармашылығына назар аударайық.

Шәкәрiм философиясы мен ағартушылық идеялары

Ұлы Абайдың туысы Шәкәрiм Құдайбердiұлы (1858-1931ж.ж.) – ХIХ ғ аяғы – ХХ ғ басында өзiнiң терең де жан-жақты рухани еңбектерiмен тарихта қалған, қазақ руханиятында ерекше орны бар ұлы ойшыл-философ, тарихшы, ағартушы, ақын. Оның философиялық көзқарастарының қалыптасуына ағасы, тәлiм-тәрбие берушiсi – Абайдың – ықпалы өте зор болды. Өзiнiң аса дарындылығының арқасында Шәкәрiм бес жасынан бастап сауатын ашып, араб, парсы, түрiк, орыс тiлдерiн өзiндiк жолмен оқып-бiлiп, соның нәтижесiнде Батыс және Шығыс философиясы, әдебиетi мен поэзиясынан сусындап өзiне тән ерекше дүниеге деген көзқарасын дүниеге әкелдi.

Шәкәрiмнiң онтологиялық (болмыстық) көзқарастарына келер болсақ, оны рационалдық дiни философияға, нақтылай келе деизм (құдайды Жаратушы ретiнде мойындағанмен, Табиғат әрi қарай өз заңдылықтарының негiзiнде өмiр сүре бередi)  бағытына жатқызуға болатын сияқты. Өзiнiң “Тiршiлiк, жан туралы» өлеңiнде ойшыл Дүние жөнiнде былай дейдi:

“Жаралыс басы қозғалыс,

қозғауға керек қолқабыс.

“Жан» де, мейлiң бiр “мән» де,

Сол қуатпен бол таныс.

Әлемдi сол мән таратқан,

Қозғалмаса көшпейдi,

Көшпеген нәрсе өспейдi.

Өспеген нәрсе өзгермес,

Түрден ол түрге түспейдi». Бұл шумақтан бiз бүкiл дамудың қайнар көзi қозғалыста екенiн, ол жоқ жерде өсiп-өнудiң де жоқ екенiн байқаймыз. Бiрақ ойшыл сол қозғалыстың өзi бiр қуаттың арқасында болатынын айтады. Бұл жерде ерiксiз ХХ ғ өмiр сүрген әйгiлi француз дiни философы Тейяр де Шарденнiң дүниенiң негiзiндегi “тангенциалдық» (физикалық) және “радиалдық» (психикалық) энергиялар жөнiндегi ойлары есiмiзге түседi – Шәкәрiмнiң көзқарасы оған өте жақын. әрi қарай:

“Құс, балық, шаян, көп алуан,

Айуаннан өсiп болдық адам.

Кейiмiз естi, кейiмiз надан,

Жаралыс салған сондай мән».

Бұл ақынның  жолдарынан бiз адамның өзi табиғаттың төл туындысы екенiн байқаймыз, яғни ол бұл мәселеге жаратылыстану тұрғысынан қараған екен.

“Жанымыз кұннен келген нұрдан,

Тәнiмiз топырақ пенен судан.

Күн – атам, анық жер – анам,

Бiрi нұр берiп, бiрi – тамақ,

Бұзады бiрақ қайтадан.

Ер жетем, толам, қайта солам,

Әрi анам – бұл жер, әрi – молам…»

Қандай ғажап ойлар ! Күннiң сәулесiнiң арқасында жер бетiнде тiршiлiк дүниеге келдi емес пе ? Бұл шумақтан бiз Шәкәрiмнiң тiптi деизмнен гөрi пантеизмге (Табиғаттың өзiн Құдаймен теңейтiн iлiм) жақынырақ екенiн жорамалдаймыз. Сонымен қатар, бұл дұниеде ешнәрсе де мәңгi емес, өзiнiң сатыларынан өтiп (ер жетем, толам, солам) өмiр сүруiн тоқтатады. Бiрақ, ол iзсiз жоғалып кетпейдi, басқа бiр денеге, құбылысқа айналады.

“Электриядан не шықты,

Iстедiң талай қызықты !

Дәл өзiн көрген адам жоқ,

Шын затын оның кiм ұқты ?

Iсiнен бiлдiк барлығын», – дейдi ұлы ойшыл. Бұл жолдар бiр жағынан, ақынның өз заманының ғылыми жетiстiктерiн бiлгенiн көрсетсе, екiншi жағынан, оларды тұсiнуде идеалистiк жолға тұсiп кетпей, практика, iс-әрекет арқылы оның шындығы дәлелдендi деген ой ұсынады.

“Күннен неге түсiп тұр мұнша жарық,

Сегiз минут шерiкте жерге барып.

Әншейiн құр жарқырап тұрып алмай,

Жылылық нұрмен бiрге жұр қозғалып.

Барша әлем тапжылмай тұрып қалса,

Бола ма, уақыт деген өлшеу салып ?

Мақсат, тәртiп керексiз тозаңы жоқ,

Тексермей неге отырмыз мұны ойланып.   Бұл шумақтан бiз ақынның сол кезде жаңа ғана ашылған ғажап ғылыми жаңалықты – күн сәулесiнiң жылдамдығының 300 мың км/сек. екенiн бiлгенiн байқаймыз. Екiншiден, ойшылдың қозғалыс пен уақыттың өзара байланысын байқағанын, үшiншiден, табиғаттың терең сырларын әрi қарай зерттеп диалектикалық ұғымдармен ғылымды байыту керектiгiн терең сезiнгенiн көремiз.

Терең философиялық мәнi бар ерекше мәселе – жан мен тәннiң арақатынасы, өзара байланысы.

“Жансыз  тән қалайша жүрмек ?

Сол жан емес пе денелердi қозғап өсiрмек.

Бас қозғалыс қой жанның атасы,

Ол жаратады түрлеп.

Сол жаннан талай жан өскен,

Жанына қарай тән өскен.» Сонымен, ақынның ойынша, жан мен тәннiң арақатынасында басымдылық бiрiншiде, тәуелдiлiк екiншiде, яғни, сана, ақыл тәндi билейдi.

Ендi гносеологиялық, танымдық мәселелерге келсек, Шәкәрiм өзiнiң “Анық пен танық», “Мұсылмандық шарттар» т.б. еңбектерiнде ол адамдарға қоршаған табиғи ортаның жұмбақ-сырын ұқ, танып-бiл, оның ашылған сырларын мақсат-мұратыңа жарат,- деген ой тастайды. Оның ойынша, тану, бiлу, нану, ұғыну – бәрi ақыл iсi, ал оның iргесi мида жатыр. Бiрақ, ол үшiн адам дүниеден белгiлi ақпараттар алуы қажет. Оны жеткiзетiн түйсiктер.

“Тән сезiп, құлақ естiп, көзбен көрмек,

Мұрын – иiс, тiл – дәмнен хабар бермек.

Бесеуiнен мидағы ой хабар алып,

Жақсы жаман әр iстi сол тексермек»,- деген жолдар ақынның бұл мәселенi өз заманының деңгейiнде шешкенiн көрсетедi.

Сонымен қатар, дұниенi тану жолында соңғы ақиқатқа ешкiм де жете алмайды, оның соқпақтарында шындық пен қатар қателесiп кету де кездеседi. Сондықтан, бәрiн ой елегiнен өткiзу қажет.

“Тегiс тексер, сөз көрсең – сыр мен сынын,

Түзетуге именбе тапсаң мiнiн.

Әдеп сақта, жалғыз-ақ қате айтты деп,

Былшылдапты дей көрме, бiлсең шынын.» Бұл жолдарда ақын ғылыми этиканың – бүгiнгi таңда бiзге керек –  негiзгi бiр қағидасын алға тартады. ґйткенi, гуманитарлық ғылым саласында, өткен Кеңес заманындағы жетiстiктердiң бәрiн сынап, “бәрi – терiс, қате, шындыққа бүгiн мен ғана жеттiм»,- деп лепiрiп жүрген ғалымсымақтар жоқ емес.

Ендi, мiне, ұлы ғалымның этикалық, ағартушылық идеяларына тоқталуға кезек келдi. Ол ойшылдың негiзгi еңбегi – “Үш анықты» –басынан аяғына шейiн самғап өтетiн негiзгi идея. Алғашқыда ақын екi анықты сөз қылады. Бiрiншi – ол ғылымдағы ақиқаттар, оған адамзаты мыңдаған жылдар бойы iзденiп, зерттеп жеттi. Екiншi – дiннiң берген аяндары. Бұл, әрине, философия саласында мыңдаған жылдар созылып келген “ақыл-ой мен сенiм ақиқаттарыұ, олардың ара-қатынасы. Осы «екi аныққа» ойшыл үшiншiарұжданды қосып оның iргелiлiгiн баса айтады. Яғни, Шәкәрiм Абайдың “жүрек», «нұрлы ақыл» категорияларын әрi қарай тереңдетедi. Оның ойынша ар-ұжданға ынсап, әдiлет, мейiрiм кiредi. Шәкәрiмнен кейiн жарты ғасыр өткен шақта Австрияның ұлы ғалымы В.Франкл ар-ұжданды “адамның iшкi құдайы» (В.Франкл. Человек в поисках смысла. М.,1990,с.90) ,- деген болатын. Мұның өзi де бабамыздың өз заманын озған ғұлама екенiн дәлелдемей ме ?

Ақынның ойынша, ар-ұждан – рухтың өзегi, сондықтан, бұкiл өнер-бiлiм оның сынынан өтуi керек.

“Еңбекпенен, өрнекпенен

Өнер ойға тоқылса,

Жайнар көңiл, қайнар өмiр

Ар iлiмi қосылса».

Бiз бұл мәселеге оқырманның ерекше назарын аударғымыз келедi. Өйткенi, ол бүгiнгi таңда бүкiл адамзаттың әрi қарай дамуының шешушi мәселесiне айналып отыр. Ар-ұжданның аясындағы ғылым тiршiлiктi сақтап, қоғамды гүлдетедi, ал оны еске алмайтын ғылым – бүкiл тiршiлiктi адамзатпен бiрге құртып жiберуi мүмкiн. Оған бүгiнгi таңда балама жоқ. Батыс ой-талғамы бұл пiкiрге екi Дүниежүзiлiк соғыстан, Бухенвальд пен Освенцимнен өтiп, миллиондаған адам өмiрiнен айырылып барып келген болатын.

Шәкәрiмнiң заманына келер болсақ, ол кезде  ядролық физика ғылымы тек өзiнiң алғашқы қадамдарын ғана аттап жатыр едi. Болашақ болатын апатты әлi ешкiм сезiнген жоқ-ты. Ғылымның тез қарқынмен дамуының негiзiнде сциентистiктехнократиялық (таза ғылым мен техниканың шешушi рөлiн мойындайтын iлiм) көзқарастар кең етек алған болатын. Мiне, осындай ақуалда ұлы бабамыз көрегендiк танытып, болашақта болуы мұмкiн апаттарды алдынала болжай бiлдi.  Оның кенеттен жарқ еткен ар-ұждан идеясын мыңдаған жылдарға созылған қазақ руханиятының квинтэссенциясы (тұздығы) десек те болар.

Өкiнiшке орай, қазақ елiндегi реформаларды жұргiзу сатыларының алғашқы кезеңдерiнде халықтың мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан дiлi мен руханиятымен санаспайтын технократиялық ағымға негiзделген саясат басым болып, оның қаншама терiс әсерiн тигiзгенiн қазiр ғана сезiнiп жатырмыз. Мен-мендiк, қоғамдық пiкiрмен санаспаушылық, өткен тарихи сатыны толығынан терiстеу, адамдардың бiр-бiрiнен жаттануы, шен иелерiнiң жемқорлығы, екiжұздiлiк, тәкәппарлық т.с.с. келеңсiз құбылыстар тек адамгершiлiкке, ар-ұжданға негiзделген саясат арқылы ғана жеңiледi. Оны естен шығармауымыз керек.

Қазiргi жаңару сатымызда Шәкәрiмнiң айтқан көп ағартушылық ақыл-ойлары да бiзге рухани азық болмақ.

“Ақ iсiңе құдай жақ,

Адамнан тiптi шошыма», – немесе:

Құдай таза жаратты, сен таза бол,

Ұқсаң анық айттым ғой, бұл таза жол»- дейдi ақын. Сонымен бiрге, ол әрбiр адамды жасампаздық еңбекке шақырады:

“Қамдан, сақтан, қағып бақ, бәле келсе,

Бәрiн құдай қылады дегенге ерме»,- деп ескертедi. Әсiресе, мына жолдар бiзге ауадай қажет сияқты:

“Өнер қылма ар сатып жалданбақты,

Ұлық болып елдi жеп мақтанбақты.

Бiреудi жеп, бiреудi табамыз деп,

Қашан жақсы көрушi-ек алданбақты»

Қорыта келе, Шәкәрiмнiң философиясы өте биiк, нәзiк те терең, өз заманын озған десек қаталаспаймыз. Оның идеялары қазақ руханиятынан тыс бүкiләлемдiк бiлiмге өз үлесiн қосты деп айтуға әбден болады.

You May Also Like

Жаңа жылға мерекелік сценарий құру

Пән:Мәдени қызметін ұйымдастыру Мерзімі:30.11.20 Жасаған:Кабдуалиева А Жаңа жылға мерекелік сценарий құру  Міндеттері:…

Қарбыз дәнегінің қандай пайдасы бар?

Қарбыз дәнегінің қандай пайдасы бар? Қарбыз ең пайдалы жеміс, сонымен қатар оның…

Қапшықтар

Қажетті өнімдер: 1 л сүт, 1 стақан ұн, 150 г сәбіз (кәрісше…

Инклюзивті оқыту – өзара әрекеттестікті ұлғайтудың тиімді әдіс, баяндама

БАЯНДАМА Тақырыбы: «Инклюзивті оқыту – өзара әрекеттестікті ұлғайтудың тиімді әдісі» Мемлекет қазіргі…