Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы мен мәні.

Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.

Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары:мәдени әрекет,мәдени орта,мәдени игіліктер мен қажеттіліктер жәнемәдени ұйымдар мен ұжымдар.

Қайсыбір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер жүйесіне бірден назарымыз ауады. Белгілі философ Иоганн Готфрид Гердер :  «Салт-дәстүр, тіл мен мәдениет бастауларының анасы» 

Мәдениет тарихы

Мәдениет ұғымы алғашқы пайда болған кезде ол адамның табиғатқа ықпал етуін анықтау үшін, яғни оның дүлей күштерін бағындырып, көздеген мақсатына жететіндігін білдіру үшін қолданылады. Әсіресе Мәдениет туралы түсініктің кең қолданылуы 19 ғ-да Мәдениет өрлеу дәуірінде тарихшылар мен этнографтардың еңбектерінде ерекше орын алды. Тіпті сол кезде «Мәдениет тарихы» деген пән де пайда болды.

uМәдениеттің қоғамдағы бүл қызметміндетінің сан алуан қыры бар. Бірден біздің назарымызды өзіне аударатын нәрсе — мәдениет пен білімнің ара қатынасы. «Табиғаттан қулығын асырып жіберуге» (Гегель) бағытталған адамдардың білімі, әрине мәдениеттің негізгі қүрамдас бөлігіне жатады. Ертедегі гректің «пайдейя», ислам Өркендеуіндегі «маариф», қазіргі өркениеттегі «интеллигенттілік» үғымдары мәдениет пен білімділіктің іштей туыстығын, үндестігін білдіреді.

uМәдени болмыстың тірегі деп қарым-қатынасты айтамыз. Мәдениеттің қоғамда атқаратын басқа да қызметтері жеткілікті. Зерттеушілер оның аксиологиялық, футурологиялық, герменевтикалық тағыда басқа түрлерін атайды.

You May Also Like

Наши верные помощники

Утверждаю______________ УРОК 37. Наши верные помощники Школа: Алгинская средняя школа Дата: 24.01…

Маңғыстау облысындағы тарихи ескерткіштер, мақала

ТАҚЫРЫБЫ: «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР» Үздік мақала Ел аузында Маңғыстаудың бойында 362…

Мамандық таңдау – жауапты іс, мақала

Мамандық таңдау – жауапты іс Мамандық таңдау әр адамның өміріндегі маңызды кезеңдердің…

Ә.Бөкейхан ғылымға қалай келді? мақала

Ә.Бөкейхан ғылымға қалай келді? Ә.Бөкейханның экономикалық көзқарасын түгелге жуық оның артында жазып…