Мамандық таңдау – жауапты іс

Мамандық таңдау әр адамның өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі. Себебі, ол мамандыққа бірнеше жыл оқып, кейін ұзақ жыл уақытыңды арнайсың. Ол саған болашақта тек қаражат қана емес, сүйікті ісің ретінде қуаныш сезімін де сыйлай білуі керек. Сол кезде жұмыс жасаған әр күнің қиын да көңілсіз емес, жеңіл сезіммен өтеді. Бұл таңдауды жасау мектеп бітіруші түлектерге аса қиын қойылуы мүмкін. Олар әлі 16-17 жастағы, үлкен өмірге енді ғана қадамдар жасап жатқан, өмірден нақты нені қалайтындарын таппаған жасөспірімдер. Бірақ «Мен қалайтын, мен таңдайтын мамандық қандай?» деген сұраққа қазірден бастап көңіл бөліп, өзіңе не ұнайды, қандай мамандықпен өміріңді байланыстырғың келеді, арманың не, мақсатың не- бәрін жақсылап талқылап, жаныңа жақын істермен айналысып көру керек деп ойлаймын. Мысалы, егер сен биге жақын болсаң, би студиясына жазылып, өзіңді сынап көп, бұл бағытты танып көр. Бәлкім, болашақта хореограф болатын шығарсың немесе би сен үшін тек қана хобби ретінде қала ма.

Мен де мектеп бітіруші түлектердің қатарынанмын. Әрине, маған өмірімдегі маңызы зор шешімді қабылдау қажет. Сондықтан ізденіс пен талпыныс – менің басты қаруларым. Алайда, қазіргі сәтте жаныма жақын сала бар деп айта аламын, және ол- журналистика болып табылады. Неліктен екенін жеткізу үшін сіздерге кішігірім оқиғамен бөліскім келеді. Балдырған балалық шағымнан бастап мәнерлеп оқуға, өлең шығаруға, жазуға икемім болып, әрқашан да осымен байланысты байқауларға қатысатынмын. 4 сынып оқып жүргенде Ұлы Отан Соғысының аяқталуына 69-70 жыл болғанына қатысты Иван Бабинге арнау өлеңін шығарып, орын алдым, ал өлеңді кітапқа бастырды. Ұлы Отан Соғысының аяқталуына 70 жыл толған кезде Павлодар қаласындағы М. Катаев атындағы Оқушылар Сарайы өткізген үлкен мерекелік концертте өлеңімді сахнада оқып берген едім. Осыдан кейін Оқушылар Сарайының іскері Асем Аипова мені байқап, өзінің жүргізетін үйірмесіне қатысуға шақырды. Осылайша 5 сыныптан бастап «Қаламгер» баспасөз- орталығының тілшісі атандым. Міне, дәл осы шешімнің арқасында қалауым да айқындалды. Уақыт өте көбірек үңіле бастап, оның көп қырларын таныдым.

Маған бұл бағытта қызықты, ұнайтын, өзім үшін артықшылық болатын не?

-өте көп тұлғалармен, басқа салада қызмет ететін адамдармен танысып, байланыс орнату

-жаңа нәрселерді көру, көптеген жерлерге бару, саяхаттау -әр кез дамып, күн сайын шеберлігіңді ұштау

-өте көпқырлы, көпсалалы болып келеді. Солардың бірнешеуі: радио, теледидар(диктор, жеке бағдарламада жүргізуші болу), корреспондент, редактор және т.б

-танымал болу мүмкіндігі

-белсенді өмір салты

-мансаптық өсу.

Қазақстанның Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов: «Адамзат ішіндегі ең жүрдек жандар – журналистер. Журналистердің бармайтын жері, шықпайтын шыңы жоқ», деп бекер айтпаған. Журналист- ол қоғаммен тыныстайды, барлық ақпараттың куәгері де, жаршысы да болады. Қоғамдағы проблемаларға назар салады. Ол халықтың мұның да жеткізіп, қиын мәселелерді шешуге ұмтылады. Ол тек жаңалықты жеткізуші емес, табушы да. Журналист шындықтың бетін ашып, бүкпесіз айта алуы құнды. Егер мен журналист болсам, ащы проблемаларды көтере білуден тайсалмай, шындықтың бетіне қарап, өзгелерге де қарауға назар салар едім. Ол үшін асқан батылдық пен сенімділік болуы шарт.

Сондықтан егер журналист болам десеңіз бұл қасиеттерді бойыңызда тәрбиелеңіз. Одан бөлек ізденіс пен дамуда жүріңіз, басқа салаларды да игеріңіз, саясат пен елдегі және әлемдегі проблемаларды зерттеңіз.

Осымен, мен сіздерге өзімнің қандай салаға қызығушылығым бар екенімен, неліктен және оның маған несімен ұнайтынымен бөлісіп, кеңесімді айттым. Ізгі ниетпен барша мектеп оқушыларына өздерінің сүйікті мамандықтарын тауып, онымен жұмыс жасауды тілеймін.

You May Also Like

Инклюзивті білім беру ерекшеліктері, мақала

Инклюзивті білім беру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде инклюзивті білім…

Физиканы оқыту әдістемесі, мақала

Окушылардың физикалық ұғымдарды түсініп, талдап ұғуы, олардың логикалық және диалектикалық ойлауын дамытуға…

Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз, интелектуалдық ойын

Тақырыбы: «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты интеллектуалды – танымдық сайыс. Мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік…

Бәсекеге қабілеттің медия ұстаз, мақала

«Бәсекеге қабілеттің медия ұстаз»         Ұстаз – бұл қоғамның негізгі тірегі… болашақ…