Тақырыбы: «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз»

атты интеллектуалды – танымдық сайыс.

Мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаңында оқушылардың мектепте меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан – жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру.Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан – жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру;
Көрнекілігі: Елбасы Н. А. Назарбаевтың суреті, еліміздің рәміздері, Тәуелсіздікке арналған нақыл сөздер жазылған плакаттар, қазақ халқының тарихи тұлғаларының, шар, слайд – шоу, энциклопедиялар.
Қолданылған құрал – жабдықтар: «Қызықты бестік» кестесі, компьютер, презентациялар, нөмірленген асықтар, дорба, бағалау парағы, сағат; марапаттау қағаздары; суреттер салынған конверттер.

Ойынның барысы:

І  Жүргізуші: – Армысыздар құрметті бүгінгі ойынның қонақтары, ойынға қатысушылар және жанкүйер қауым! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арнап ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты интеллектуалды – танымдық ойынымызға қош келіпсіздер!
ІІ Жүргізуші:Тәуелсіз Қазақстан елінің тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін, тамыры терең бай тарих. Елім, Жерім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз отбасынан, өз қаласынан, өз өлкесінен, өз мектебінен басталады.
Міне, бүгінгі біздің интеллектуалды – танымдық «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты ойыны осы дәлел.

Біз тәуелсіздік таңының жарық жұлдыздары сендер деп білеміз. Олай болса, ортаға ойынға қатысушы топтарды шақырайық.

(музыка)

Ортаға «Жарық жұлдыз» және «Жүйрік тұлпар» топ мүшелері шығады, орындарына жайғасады.Топтарға арналған үстелдер әзірленеді және әр үстелде топтың атауы жазылған кесте көрсетіледі.Әр топ өздерімен таныстырып өтеді. «Жарық жұлдыз» тобының топ жетекшісі-Ербошаев Мырзағали

            «Жүйрік тұлпар» тобының топ жетекшісі –Әнуар Нұрасыл
І  Жүргізуші: – Рахмет, құрметті ойыншылар, бүгінгі ойында сендерге үлкен сәттілік тілейміз.
Ал енді, ойынымыздың әділқазы алқасы және ойын барысымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер.

                   Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сізге құрметпен қол соғылады.

Әділқазы алқасының мүшелері:

Садвакасова Жаннат Мылтықбайқызы – Мұрагер мектебінің директоры

Таубаев Нұрлан Заурович – мектеп директорының оқу ісінің орынбасары

Тарих пәні мұғалімдері

Ойын 3 кезеңнен тұрады:
І кезең
 «Бәйге» – ойынды бастамас бұрын ет қыздыру, яғни, балаларды ойынға бағыттау кезеңі.
ІІ кезең «Суреттер сыр шертеді тереңінен» – сурет бойынша танымал адам туралы әңгімелеу
ІІІ кезең «Көкпар» тарих пәні бойынша сұрақтар

ІҮ кезең «Сөз асылы – мақал»- мақал – мәтел жарысы 
Міне, құрметті ойынға қатысушылар, жанкүйерлер, қонақтар ойынның барлық ережелерімен таныстық, іске сәт.
               Атыңнан айналайын, егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!

            Ғасырдың тойы болшы келе берер! – дей отырып ойынымыздың
І кезеңін бастайық.
І кезең: « Бәйге» Құрметті ойыншылар, бұл кезеңде әр топқа  17 сұрақтан қойылады, ал сендер, сол сұраққа тез арада, сол сәтте жауап берулеріңіз қажет. Әр нақты дұрыс жауап 1 ұпай. Сұрақтар топтарға кезек- кезек қойылып отырады.Бірінші болып қай топ жаңылмай, мына сұраққа дұрыс жауап берсе, сол топ ойынды бастайды.

          Биыл ҚР тәуелсіздігіне неше жыл толады? (30 жыл)
       – Рахмет, Ал, онда ойынды бастайтын топқа  іске сәт делік!

1топтың сұрақтары

  1. Сенің Отаның қалай аталады?
  2. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
  3. Отан туралы мақалды аяқта «Отансыз адам, ….»
  4. Қазақстан тарихында неше астана болған?(9 Созақ,Сығанақ,Түркістан,   Ташкент,Семей, Орынбор,Қызылорда,Алматы, Астана,)
  5. Көне түріктердің негізгі жазуы қалай деп аталады.(руна)
  6. «Қара алтын» деп нені атайды?(көмір)
  7. Мемлекеттік елтаңбаның авторлары кімдер? (Ш.Уалиханов, Ж.  Мәлібеков)
  8. «Невада-Семей» қозғалысының жетекшісі кім? (О. Сүлейменов)
  9. Ең ірі көл (Балқаш)
  10. Көлікті күтетін жер (Аялдама)
  11. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (Қазақ тілі)
  12. Бөле деген кім? (1 үйдің қыздарының балалары)
  13. Құлагер кімнің аты?(Ақан сері)
  14. Күрішті аймақ?(Қызылорда)
  15. Алтын адам табылған жер? /Есік қорғаны/
  16. Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат? (Бәйтерек)
  1. «Отан» сөзінің синонимы(туған жер,атамекен)
  • топ сұрақтары:
  1. Қазақстан республикасының рәміздерін ата
  2. Шоқан Уәлихановтың шын аты кім? (Мұхамедқанафия)
  3. Қазақстанның ең биік шыңы (Хан тәңірі) 
  4. Бәйтеректің биіктігі неше метр?(97)
  5. «Халық»сөзінің синонимі (ел)
  6. Төл теңгеміз қашан айналымға енді?( 1993 жылы 15 қараша)
  7. Ең тәтті, ең ащы не? (тіл)
  8. Астана қаласының бұрынғы атауы(Ақмола)
  9. .Жартылай тұщы, тұйық көл ( Балқаш)
  10.  Нағашы кімнің туысы? (Ананың )
  11.  Көмірлі аймақты өңір ? (Қарағанды)
  12. Ең үлкен жануар? (кит)
  13. Қазақта өлең атасы –Абай, күй атасы-Құрманғазы десе ән атасы деп  кімді айтамыз? (Әміре Қашаубаев)
  14.   Қазақстанның Ата Заңы қабылданған күн? (1995. 30 тамыз )
  15. Карта жинағы? ( Атлас)
  16. Құстың негізгі мекені? (Ұя)
  17. Жер шарының моделі?( Глобус)

– Рахмет, құрметті сайыскерлер! Осымен бірінші кезең аяқталды. Әділқазы алқасы әр топқа дұрыс жауаптарына сәйкес ұпай санын қойып та қойды.

Ал біз ойынымыздың ІІ кезеңіне көшейік.
 

ІІ кезең:
«Суреттер сыр шертеді тереңінен» 
атты бұл кезеңде сіздер мына дорбадан нөмірленген асық аласыздар және сол нөмірдегі сурет көрсетіледі. Бұл қазақ халқының өнер, мәдениет қайраткерлері мен тарихи тұлғаларының суреттері. Сендер суретке мұқият қарап, суреттегі тұлғалардың өмірбаяны мен Отан үшін, еліміздің тәуелсіздігі үшін атқарған қызметі жайлы, өз заманында әлемдік үлкен сахнаға шығып қазақты танытқан өнері, ерліктері жайлы айтып беру керексіздер. Дорбадан асықты таңдап алу үшін топбасшыларын ортаға шақырамыз.

(топтарға дайындалуға уақыт беріледі)

Топтарымыз дайындалғанынша, біз ортаға өнері бар оқушыларды ортаға шақырамыз.

(Тәуелсіздікке байланысты өлеңдер оқу) 6 « е» сынып оқушылары .

Оқушылар екінші кезең бойынша жұмыстарын ұсынады.

ІІІ кезең «Көкпар». Бұл кезеңде 5 категория беріледі, әр топ кезекпен категорияны және ұяшық  санын таңдайды. Сұраққа дұрыс жауап берген жағдайда, топқа таңдаған ұпай саны беріледі.

Категориялар:

Тіл                         10 20 30 40 50

Тарих                   10 20 30 40 50

Салт-дәстүр     10 20 30 40 50

Қала                   10 20 30 40 50

Әр түрлі           10 20 30 40 50

Бөлім «Тіл»:

10 ұяшық. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?    (қазақ тілі)

20 ұяшық.

Тіл туралы мақал мәтел айт

Өнер алды –қызыл тіл.

                Тіл жоқ жерде ұлт жоқ.

               Тәрбие басы- тіл.

30 ұяшық.

Қазақстан халықтарының тілдері күні қашан?   ( 22 қыркүйек.)

40 ұяшық. Сөздерді қазақ тіліне аударыңыз

1) Родина ( отан)

2) независимость  (тәуелсіздік)

3) суверенный  (егеменді)

4) государство (мемлекет)

50 Ұяшық. «Полиглот» дегеніміз не?(Көп тіл білген адамды «Полиглот» дейді)

Бөлім « Тарих »

10 ұяшық. Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңдегі топтасу жүйесі (тобыр)

20 ұяшық. Алматының орталық алаңындағы «Тәуелсіздік монументі» ескерткіші қай жылы қойылған ? (1996ж. 16 желтоқсанда).

30 ұяшық. Тұрмыста тұңғыш пайдаланылған металл (Мыс)

40 ұяшық. Мемлекеттік рәміздерді атаңыз.(Ту,елтаңба,әнұран)

50 ұяшық. Қазақстан жеріндегі қола дәуірін түбегейлі зерттеуді бастаған ғалым:                          (Ә. Марғұлан)

Бөлім « Салт-дәстүр  »

10 ұяшық. Ең қадірлі адам (Ана)

20 ұяшық. Мал сүтінен жасалған қандай тағамдарды білесің? (құрт,май, ірімшік,сүзбе)

30 ұяшық. Үш жұртыңды ата? ( өз жұртың,қайын жұртың, нағашы жұртың)

40 ұяшық. Үш арсызды ата? (ұйқы,күлкі,тамақ)

50 ұяшық. Киіз үйдің бөліктерін ата? (кереге,уық, есік,шаңырақ)

60 ҰяшықҚазақша апта аттарын ата? (Дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі)

Бөлім « Қала »

10 ұяшық. Қазақ хандығын құрған кім?( Керей мен Жәнібек)

20 ұяшық. Қызылорданың бұрынғы атын ата (Ақмешіт ,Перовск) .  

30 ұяшық. Астана қаласының бұрынғы атауы(Ақмола)

40 ұяшық. Қазақстанның астаналары болған қалаларды ата (Орынбор,Қызылорда,Алматы,Астана)

50 ұяшық. 1 жылда неше күн бар?(365,366 күн бар)

Бөлім «Әр түрлі сұрақтар»

10 ұяшық.  Артық сөзді тап

  1. Тәуелсіз, егеменді, көпұлтты, кішкентай.
  2. Ту, елтаңба, астана, әнұран.

3.Ресей, Қытай, Франция, Қырғызстан.

20ұпай Қазақ халқының ұлы ақыны кім? (Абай Құнанбаев)

30 ұпай. Тәуелсіздікке  неше жыл? (Тәуелсіздікке -27 жыл.)

40 ұпай.Бұл жылдары не болды?   

* 1991 ж 1 желтоқсан -(Қазақстанның тұңғыш Президенті сайланды.)

* 1991 ж 16 желтоқсан -(Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды).

* 1992 ж 4 маусым – (Мемлекеттік рәміздер қабылданды).

* 1993 ж 15 қараша – (Ұлттық валюта қабылданды).

* 1995 ж 30 тамыз – (Қазіргі конституция қабылданды.)

50 ұпай Қазақтың тұңғыш ағартушы ғалымы  кім?

Қазақтың тұңғыш ағартушы ғалымы – (Ыбырай Алтынсарин)

ІІ Жүргізуші: Үшінші кезең бойынша әділқазы алқасы өз ұпайларын қойып қойған да болар. Енді ең соңғы кезеңді бастамас бұрын «Отаным» әні                                           

ІҮ. «Сөз асылы – мақал» деп аталады.

Бұл кезеңде әр топ мүшелері бір минут ішінде Отан, туған жер, тіл тақырыбына неғұрлым көп мақал – мәтел айтуға тырысу керек. Қай топ көп айтса, сол жеңімпаз болады. 1 мақал, 1 ұпай.Бір топтың айтқанын екінші топ қайталаса болады, бірақ топ ішінде қайталану саналмайды.

І  Жүргізуші:– Құрметті ойыншылар, менің ойымша, мектеп бағдарламасын жақсы меңгерген сияқты. Енді бүгінгі ойынның қорытындысын шығару үшін әділқазы алқасына уақыт берейік.

ІІ Жүргізуші:       Тәуелсіздік таңы сендер, білемін,
Болашаққа бар білімін берерін.
Барыс текті жастар, сендер, білемін,
Жалындатып биік шыңда жүрерін,- дей отырып, бүгінгі додадан кім озып шыққанын білу үшін сөз кезегін әділқазы алқасына берелік.
(Әділқазылар ұпай сандарын айтып, жеңімпаз топты атайды)

Жүргізуші:Құрметті ұстаздар, оқушылар! Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында  6 Е,N  сыныптары арасында «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. ҚР Тәуелсіздігі мерекесімен құттықтау үшін  тарих пәнінің мұғалімі                                                                 сөз береміз.

Марапаттау рәсімі

Қорытынды: – Осымен бүгінгі іс- шарамызды аяқтауға рұқсат етіңіздер, қашанда ойымыздың көк жиегі биік болсын, жүрісіміз нық, еңсеміз биік, Тәуелсіздігіміз қуатты, жастарымыз намысты, ұлдарымыз қайратты, қыздарымыз сымбатты болсын! Атамекеніміз – Қазақстан жасасын!

«Жаса Қазақстан» әні

«Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз»

You May Also Like

Педогогтардың жүйке психологиялық қобалжушылықтарын басуына арналған ұсыныстар

ПЕДАГОГТАРДЫҢ ЖҮЙКЕ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОБАЛЖУШЫЛЫҚТАРЫН БАСУЫНА АРНАЛҒАН ҰСЫНЫСТАР: Спортпен шұғылдану. Контрастық душ қабылдау. Ыдыс…

Изучение влияния мусора на окружающую среду и выявление способов борьбы с ним.

Цель работы: изучение влияния мусора на окружающую среду и выявление способов борьбы…

Тарихи тұлға, аруақты ер Құттығай Сатыбалдыұлының ерлік жолына тағзым, үздік мақала

«Тарихи тұлға, аруақты ер Құттығай Сатыбалдыұлының ерлік жолына тағзым»  Туады ерлер ел…

Функционалдық сауаттылық, мәтіндік жұмыс, мақала

Функционалдық сауаттылық.                Мәтінмен жұмыс ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25…