Аймақтағы тұрмыстық  қалдықтарды тиімді  өңдеу жолдары

Жұмысты орындаушы: Нугурбек Тоқтар Қазбекұлы

Жобаның  мақсаты: Тұрмыстық  қалдықтардың пайда болуының алдын алуды және оларды азайтуды, есепке алу мен бақылауды, қалдықтардың жиналып қалуын, сондай-ақ қалдықтарды тасымалдап, залалсыздандыру жайы, оларды өңдеп, кәдеге асырудың жолдарын анықтау.

Жобаның міндеттері: – Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар туралы мәліметтерді жинақтау және оларға талдау жасау;

– Тұрмыстық қалдық заттарды өңдеудің әлемдік әдістерімен танысу және оларға талдау жасап, экологиялық тиімдісін анықтау; 

– Аймақтың тұрмыстық  қалдықтармен ластану дәрежесін бағалау;

Зерттеу объектісі: қоршаған орта, экология.

Зерттеу әдістері: сараптама, сұрақ-жауап, қадағалау, салыстыру және жинақтау.

Зерттеу әдістері:Ғылыми зерттеулерге сүйене отырып , тұрмыстық қалдық заттардың құрамын және қайта өңдеу жолдарын дәлелдеу.

Зерттеу мәселелері: тұрмыстық қоқыс, қайта қолдану мүмкіндігі және қайта өңдеу.

Зерттеу жаңалығы. Қалдықтарды пайдаға асыру үшін қазіргі заманға сай, жаңа технологияларды пайдалана отырып әдемі  тұмар түрлерін жасап сатып пайда келтіру, тоқыма жіптер қалдықтарынан гобелен түрлерін тоқу. Былғары қалдықтарынан түрлі сумкалар тігу, паннолар жасау т.б құнды нәрселер жасалуы, сусындардың пластмасса құтыларынан  бұйымдар жасалуы.

Қалдықтарды пайдаға асыру қол өнері қазіргі заманда ең әдемі, өтімді, қымбат бұйымдар. Мектеп қабырғасында да оқушылардың қалдықтан жасалған бұйымдарын сату,  көркемеңбек   сабағында қалдықтармен жұмыс жасаймыз, мысалы мата қалдықтарынан ою-өрнек пайдаланып көрпешелер тігу,жіп қалдықтарынан пано жасау, қағаздар қолданып, папье-маше  ыдыстар, жеміс- жидектер жасау, былғары қалдықтарынан ұлттық бұйымдар жасау, былғарыдан гүл түрлерін жасау.

Жұмыстың нәтижесінің практикалық маңызы:

Зерттеу барысында тұрмыстық қалдықтарды, шикі затты  қабылдау  оны іске асыру туралы ақпараттар жинақтау. Әр тұрмыстық қалдықтың өзінен әр-түрлі заттар жасап  пайдаға жаратуын дәлелдеу.

Ғылыми жұмысқа пікір

Оқушының аты-жөні: Нугурбек Тоқтар «Аймақтағы  тұрмыстық қалдықтарды  тиімді  өңдеу  жолдары» тақырыбында ғылыми жұмыс жүргізді. Зерттеу барысында  тұрмыстық қалдық заттарды   өңдеудің жолдары туралы  білуге тырысты.  Ақпараттың аздығына қарамай, үлкен жауапкершілікпен ізденудің нәтижесінде жеткілікті ақпаратты жинақтай алды.  Тұрмыстық қалдықтың  керек екенін, олардан түрлі заттар жасауға болатынын зерттеп,  адамдар түрлі заттарға қолданатынын танып білді. Нәтижесінде Тоқтар әр тұрмыстық қалдықты жинап тапсыруға болатынын біліп және оны қайта өңдеуге болатынын білді.

Ұсыныс. Болашақта ғылыми жұмысқа әлі де толықтырулар қажет.

Мазмұны:

Аңдатпа………………………………………………………………………………. 1-бет

  1. Кіріспе…………………………………………………………………………….. 4-5-бет
  2. Негізгі бөлім

2.1.Тұрмыстық қоқыс мәселелері мен оны шешу жолдары           6- 8 бет

2.2. Қоқыс индустриясы                                                                8-11 бет

2.3. Химиялық қоспалардан келер қауiп көп                            11- 13 бет

2.4. Тұрмыстық қалдықтардың сақталу мерзімі, оларды

 жою әдістері                                                                                    13-21 бет

  1. Қортынды                                              22 бет
  1. Кіріспе

Адамзат баласы өзінің бүкіл ғұмырында, тұрмыс тіршілігінде табиғат байлықтарын әр түрлі деңгейде, әр түрлі талаптармен, қолдан келгенінше игере отырып, өзінің қажетін қанағаттандыруға тырысады. Өз қажетін қанағаттандыру «алмақтың салмағы бар» деген қағида бойынша табиғатқа белгілі дәрежеде зиян келтіру, жапа шектірумен қабаттасып отыратынын бүгінде әркім біледі. Адамзат тарапынан табиғатқа әсер ететін осындай зияндардың бірі – қоршаған ортаның тұрмыстық тұтыну қалдықтарымен ластауы.

Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жарату – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Бұл әлемдік деңгейдегі мәселе. Мысалы, Қаныш Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің мәліметі бойынша, Швецияда тұтыну қалдықтарының 25 -ы қайта өңделіп, пайдалануға жіберіледі, Жапонияда ол 30  құрайды, Германияда 35. Ал, Қазақстанда коммуналдық тұрмыстық қалдықтардың 2,5-ы ғана кәдеге жаратылып, қалғаны 97,5-ы компоненттерге бөлінбестен тасымалданып полигондарға немесе Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және санитарлық заңнамасының талаптарына сай емес арнаулы орындарда жинақталып, ашық қоқыстарда қордаланады. Нәтижесінде өңірдің экологиялық жағдайының нашарлауына үлкен үлес қосады.

Ежелгі замманнан бері келет жатқан мәселелердің бірі қоқыс қалдықтары бүгінгі заманда да әлі толық шешімін тапқан жоқ. Қалдықтарды, оның ішінде улы қалдықтарды екінші қайтара өңдеу бізде қолданыста жоқ. Қалдық атаулы арнайы полигондарда, жинақтаушы орындарда, қоймаларда жинаумен шектеледі. Мәселен, еліміздегі электр стансылардағы күл қалдықтарын кәдеге жарату және пайдалану 1 пайыздан аспайды. Ал Еуропада бұл көрсеткіш орта есеппен 60 пайызды құрайды.

Соңғы мәлімет бойынша, ел ішінде 30 миллиардтан астам қоқыс жиналған, оның 100 млн шамасы – тұрмыс қалдықтары. Бұл мәселені шешу үшін өткен жазда қалдықтарды қайта өңдеу орталығы мен қоқыс өңдеу зауыттарын салу туралы сөз қозғалған-тұғын. Орталық қоқыс сұрыптайтын және өңдейтін зауыт құрылысымен айналысады делінген. Республикалық бюджет есебінен бірқатар

қоқыс зауыттарының құрылысы жоспарланған. Бірақ бұл шаруаның қашан жүзеге асатыны белгісіз. Еске түсірсек, 2004 жылы Алматыда қоқыс өңдейтін зауыттың тұсауы кесілген еді. Бірақ бұл кәсіпорынның «жүргенінен» тұрғаны көп болды. Әрі дау-дамайдан көз ашпады. Ал, шындығында, Алматы сияқты күніне 600 тонна тұрмыс қалдығын шығаратын ірі қала үшін бір зауыттың өзі аз. Әрі жыл сайын қоқыс көлемі 10 пайызға артып, оны сақтайтын жердің де тарылып бара жатқанын ескерген жөн. Соңғы жылдары қоқысты кәдеге жарату мәселелері көп қалаларда үлкен драмаға айналды.  Мысалы, егер барлық қоқыс қалдығын өзіміздің қалада  тіпті қабат бойынша бірдей қабатта орналастырсақ оның қалдығы 10 см биіктікке жетуші еді. Осындай қоқыс қалдығында батып кетпеу үшін қоқысты кәдеге жарату керек.  Жұмыр жерді мекендейтін сан-мыңдаған тіршілік атаулының ішінде Жер-анаға адам баласынан артық қиянат жасайтын жан иесі жоқ екен. Басқасын былай қойғанда, саналы тіршілік иесі саналатын «нome sapins»-тің күнделікті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық қалдықтары мен күл-қоқысы ортақ планетамызды тұншықтырып барады. Қасиетті даласын көзінің қарашығындай аялайтын қазақ «ат аунаған жерде түк қалады» деп қастерлеуші еді. Енді табиғат аясына демалысқа шыққан әрбір адамның артында кемінде 10 кило қатты тұрмыстық қалдықтар қалатын болды. Қасіреті қалың қазақ даласында бүгінге дейін жиналған 22 млрд. тонна қалдықтың 96 миллион тоннасы қатты тұрмыстық қалдықтар екен. Бұл арнайы есепке алынған күл-қоқыс алаңдарына төгілгені. Ұлы даламыздағы күл-қоқыс «қоры» жыл сайын бірнеше миллион тоннаға көбейіп отыратын көрінеді. Табиғат-бұл бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Демек,«Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ».

Табиғат – адамның бойына қуат,көңіліне шабыт,сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол- ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «табиғат адамзаттың өмір нәрі,қажетіңнің табылар содан бәрі» деп дәріптеген. Өзім тұрып жатқан Красный Яр селосында қалдықтар  тұрмыстық қатты қалдықты сақтау полигонына жиналады да, полигоны жоқ елді мекендерде тұратын  адам жылына  тұрмыстық қалдықты көшеге және селолардың айналасына төгіп отырады. Сондықтан бұл қазіргі таңдағы үлкен мәселеге

айналып отыр.Қоқысты кәдеге жарату жолдары туралы біз  өзіміздің ғылыми жұмысымда айтып, талқылап кетеміз.

ІІ. Негізгі бөлім:

2.1.Тұрмыстық қоқыс мәселелері мен оны шешу жолдары

Ертеде қоқыстарды өңдеу мәселесі бүгінгідей бірінші орында тұрмаған. Себебі адамдар өз шаруашылығында шығарған өнімдерін өңдемей, түрлі қаптарға қаптамай, жарнама жасамай қолдана берген. Көкөністердің қалдықтары малға берілетін немесе жерге тыңайтқыш ретінде қолданатын.

Адамдардың ауылдан қалаға көшуі күнделікті қолданатын заттардың тұтыну және сұраныс құрылымын өзгертті. Ауылда өндірілетін өнімдерді қалада сату үшін және алушыға ыңғайлы болу үшін қаптау қажет.

Қаланың экологиясына, әсіресе үлкен қалаларда халықтың кіші ауданда орналасуына, көлік және индустриялық кәсіпорындардың қалдықтары қала экологиясына кері әсер етеді.

Көшелерге қоқыстарды тастағанға тыйым салынатын бірінші құжат 500 жыл біздің заманымызға дейін Афинада шығарылған. Қоқыстырды тастау үшін қаладан тыс арнайы орындар бөлінген. Сол кезден бастап қоқыстарды арнайы бөлінген алаңшықтарға (полигондарға) тастайтын болған. Қалалардың өсу нәтижесінде бос орындар азайып, ал сүйкімсіз иіс және егеуқұйрықтың саны көбейуі нәтижесінде қаланың экологиялық жағдайы нашарлап кетті. Сол себепті алаңшықтар шыңыраулармен ауыстырылды[3].

Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады. Үй-жай шаруашылығының қалдықтарына пайдалануда болған және тозған, өзінің тұтыну қасиетін жойған бұйымдар мен материалдар жатады. Тұрмыстық қалдықтардың тағы бір түрі – тамақ қалдықтары. Бұл қалдықтар тұрмыста тасталынады. Тамақ қалдықтарының қауіптілігі олардың түрленуіне байланысты.

Қалдықтардың көлемі мен құрамы және олардың алып жатқан ауданы жөнінде дәл мәліметтің болмауы мәселенің шешімін қиындатады.

Тұрмыстық қалдықтардың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту немесе болдырмау үшін оларды міндетті түрде жіктеуге, топтастыруға тура келеді. Тұрмыстық қалдықтарды жіктеу және топтастыру аса күрделі де қиын мәселе. Қалдықтарды ең алдымен агрегаттық күйлеріне байланысты топтастыруға болады. Бұл кәдімгі қатты, сұйық және газ тәрізді деп жіктеу болып табылады. Тұрмыстық қалдықтар пайдаға асырылатын және пайдаға асырылмайтын болып бөлінеді. Пайдаға асырылатын және асырылмайтын қатты және сұйық қалдықтар, жанатын және жанбайтын топтарға бөлінеді.

Тұрмыстық қалдықтар пайдаға асырылмайтын

Тұрмыстық қалдықтардың топтастырылуы

Тұрмыстық қалдықтар пайдағ аасырылатын

Жанатын

Жанбайтын

Қатты қалдықтар

Сұйық қалдықтар

Жанбайтын пайдаға асырылатын қалдықтарға үй-жайды жөндеуден өткізу кезінде түзілетін қоқыстар, ыдыс-аяқтардың сынықтары, т.б. жатқызуға болады. Ыдыс-аяқ сынықтарын құрылыс материалдары ретінде, яғни қабырғаларға мозаика түрінде жапыстыруға, есік алдын, үй іргетасын әрлегенде пайдаланып жатады. Ал, мүлде пайдалануға жарамайтындары көмуге жіберіледі.

Жанатын пайдаға асырылатын қалдықтарға ағаш қалдықтарын, қағаз қалдықтары – макулатураны, құрамында резеңкесі бар қалдықтарды, түрлі

майлар мен еріткіштерді жатқызуға болады. Бұл қалдықтарды зиянсыз түрге айналдыру үшін камералық цехтарда жағады. Бөлініп шыққан жылуды өндірістік айналымдарда немесе жанбайтын қалдықтарды зиянсыздандыру үшін пайдаланады. Кейбір қалдықтарды көму алдында жағу арқылы көлемін кішірейтуге болады.

Тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды негізгі түрлері келесі түрде топтастырылады :

  • Макулатура;
  • Медициналық қалдықтар;
  • Істен шыққан құрал-жабдықтар;
  • Қолданыстан шығып қалған аккумуляторлар мен қоректену элементтері;
    • Ағаш қалдықтары;
  • Мұнай өнімдерінің қалдықтары;
  • Азық-түлік өндірістерінің қалдықтары;
  • Полимер қалдықтар, пластмассалар;
  • Өндірістік қалдықтар;
  • Радиоактивті қалдықтар;
  • Шыны сынықтары мен қалдықтары;
  • Құрылыс қалдықтары,
  • Тоқыма қалдықтары және тері;
  • Түсті металл сынықтары;
  • Қара металл сынықтары;
  • Дөңгелектер мен резеңке қалдықтар;
  • Электрондық сынықтар.

Бүгінгі күні тұрмыстық тұтыну қалдықтарына қолданыстан шығып қалған компьютерлер, теледидарлар және ұялы телефондар, түрлі салқындатқыштар сияқты т.б. электр құралдары жатады. Осы электр құралдарының компоненттері қоршаған ортаға салыстырмалы түрде көп зиян келтіреді[4].
Қорғасын, мышьяк, сурьма, кадмий, кобальт, сынап, хром және

пластиктердің адам денсаулығына және қоршаған ортаға зияны көп.

Тұрмыстық тұтыну қалдықтарының ішінде гигиеналық мақсаттарда пайдаланылатын заттардың қалдықтары да қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянды әсер етеді.

Гигиеналық қалдықтар:

  • Памперстер;
  • Мақтасы бар таяқшалар;
  • Гигиеналық ылғал майлықтар

Егер қаланың күндіз –түні бір тынбайтын желін ескерсек, аталған қалдықтар мен қоқыстар ұшып, ауылды ластап, қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Ауылдағы қоқыс адамзаттың әсерінен туындап отыр. Табиғатта өте тамаша бір қасиет бар.

Оның өзі бөліп шығарған қалдықтардан біздің көмегімсіз-ақ өзін-өзі тазартып

ала аллды.

 

Ал адам баласының бөліп шығарған көң-қоқсығынан ақыл-оймен өмірге келген халық шаруашылығының улы, зиянды қалдықтарынан өздігінен тазалауға табиғатта шама жоқ. 2020 жылдың 22  сәуірі күні мен тұрып жатқан Красный Яр ауылының іргесіндегі  тұрмыстық зат палигонында өрт болды. Төтенше жағдай қызметкерлерінің айтуынша, 200 шаршы метр аумақтағы күл-қоқыс жанған. Оны ауыздықтауға 12 бірлік техника мен 31 адам жұмылдырылып, өрт түнгі 11-де сөндірілді. Бұл жұмысқа жергілікті билік өкілдері де ат салысты. Айта кетейік, полигонның жалпы аумағы 30 гектар», – деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов. Осындай  жағдай болмас үшін халық табиғатпен бірге тұрмыстық қалдық зат төгілетін палигонды дұрыс пайдалана білу керек. Әр тұрмыстық затты дұрыс пайдалансақ олардан да түрлі заттар жасауға болады. Не болмаса  қабылдайтын орынға апарып берген дұрыс.

2.2. Қоқыс индустриясы

Қоқыс қалдықтарды қайта өңдеу адамзаттың өзектi проблемасының бiрi болып отыр. Әлемдегi жетекшi елдердiң тәжiрибесi көрсеткендей, бұл проблеманы

оңтайлы шешуге толық мүмкiндiк бар. Мәселен, Швейцарияда әрбiр тұрғын қоқысты сұрыптап төгуге мiндеттi: шыныны шыныға, металды металға, қағазды қағазға. Соның нәтижесiнде, шыны сауыттардың 90 пайызы, қағаз өнiмдерiнiң үштен бiрi қайта өңдеуге пайдаланылады. Осыдан келiп, Швейцария мен Сингапур сияқты елдер әлемдегi экологиялық ең таза мемлекеттердiң қатарында есептеледi. Шынында да, қазiргi уақытта тұрмыстық және өндiрiстiк қалдықтарды жинақтау, жою, өңдеу бүкiл мемлекеттiк мәселеге айналып отыр. Республика экологтарының басты құжаты болып саналатын Стратегиялық жоспарда қоршаған ортадағы ластану деңгейiн кемiту, тым болмаса өсiрмей, тұрақтандыру жайы ерекше назарда тұр.

Әлемде қоқысты болашақ өнімнің әлеуетті шикізаты ретінде қарастырады және ол бизнестің элементі болып табылады. Бірақ қоқысты тиімді пайдалану және өңдеу үшін оларды бөлу кажет, мысалы қағаз қоқысын бөлек, шыны заттарды бөлек, пластикалық бөтелкелерді бөлек, полиэтилен пакеттерін бөлек жинау қажет. Осы қалдықтарды жинау үшін арнайы кәсіпорындар керек. Кәсіпорындар арнайы құрал-жабдықтармен, жинау орынмен, мамандармен камтамасыз етілуі қажет.

Әрине қалдықты 100 пайыз өңдеу мүмкін емес, тек қана 75 пайызын өңдеуге болады, сондықтан қалған 25 пайызын жою үшін қоқыс күйдіретін зауыт қажет.

Мынаны қараңыз, адамдар күн сайын тау-тау қылып күл-қоқысқа тастайтын пластмасса құтылар жер бетінде 500 жылға дейін, кәдімгі полиэтилен пакеттері 200 жылдан астам уақыт бойы шірімей, жатып алады екен. Ал  консерві қалбырлары мен шыны сынықтары 1 мың жылға дейін жер қойнын ластап, «жегі құртша» топырақ құнарын жеп жатады.Ағаш жапырақтарын жаққанда ауаға улы заттар таралады . (ангидрид, бензопирен, күкіртті сутек және диоксин). Оның

түтіні 1 м-ге ғана көтерілетіндіктен көбінесе жас балалардың тыныс алу жолдарына және ойлау қабілеттеріне кері әсерін тигізеді.

Осыған орай Мұнайлы ауданында басқа дамыған мемлекеттер сияқты қалдықтарды салатын арнайы контейнерлер қолданылып, қоқысты қайта өндіргенде судың, энергияның, ауаның ластануына, судың ластануын үнемдейді екенбіз. Мұнайлы ауданында қоқыстың көбі: 35% қағаз, кардон, 15% полимер, 5% резенке, тері, 10% текстиль болып табылады.

Қағазды қайта өндіргенде 1 тонна өндірілген қағаздан – 1 тонна дәретханалық қағаз жасауға болады.1 тонна өндірілген қағаз 17 ағашты құтқарады. Қоқыс қағаздарын қайта өндіргенде судың-60%, энергияның-40%, ауаның ластануына -64%, судың ластануын – 35% үнемдейді екенбіз.

Ал пластмассаны өндіргенде құрылыс материал (1000 пластикалық бутылкадан 5 м кв. тротуарлы плитка) жасауға болады екен. Ал тамақ қалдықтары тыңайтқыштар, биогаздар өндіру үшін пайдаланылар еді. Осыған орай мен сараптама жүргізген едім. Әлеуметтік сараптама сұрақтары мынадай еді:

  1. Сіз гарбология сөзін қалай түсінесіз?

2.Сіздің ойыңызша келешекте қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт салатынына    сенесізбе?

  1. Сіз қоқысты арнайы қоқыс жәшігіне саласыз ба?
  2. Сіздің үйініздің жанында қоқыс жәшігі бар ма?
  3. Сізді Красный Яр ауылымыздың экологиясы қызықтырама?
  4. Қоқыс қалдықтарынан адам денсаулығына әсері бар ма?

Сараптаманың  нәтижелері:

Гарбология терминінің мағынасын ауыл тұрғындарының 85% нақты білмейді.

  1. Ауыл тұрғындарының 48% ҚТҚ қайта өңдейтін зауыт салатынына сенімді.
  2. Ауыл тұрғындарының 65 % арнайы қоқыс жәшігіне салады.
  3. 44 % үйінің жанында қоқыс жәшігі жоқ екені айтылды.
  4. Ауыл тұрғындарын 45% қызықтырмайды.

Өкініштісі,өзіміз мекенетіп отырған жердің келбетін көп жағдайда өзіміз осылай бұзып жатамыз. Қай жерде де контейнерге жетпей «желкесі қиылып», шашылып жатқан қоқысты көресіз. Сөйтіп, табиғат адамдардың қолдан жасаған қиянатынан зардап шегіп отыр. Бұл жауапсыздық экологиялық ахуалды одан сайын бұзуда. Халық көп, көшеде ығы-жығы адам, кептелісте сірескен көліктер, олардан бөлінген түтін… Бұған тұрғындардың салақтығынан әр жерде шашылып қалатын қоқыстарды қоссаңыз, не болады? Мұның бәрі қаланың сәнін бұзғаннан бөлек, әрқайсымыздың денсаулығымызға зиян екенін ойласақ қайтеді?

Статистикалық мәліметтер Қазақстан бойынша денсаулығы нашар адамдардың ішінде тыныс жолдарының қабынуына душар болған жандардың көп екенін көрсетеді. Бұл мәселенің ең алдымен қоршаған ортаның ластануынан туындап отырғаны анық.

Дамыған шет мемлекеттерде көшедег ітазалық мәселесі қатаң қадағаланады. Бейжіңде (Қытай), мысалы, көшеде түкіргені, қоқыс тастағаны, тіпті, итінің бүлдіріп кеткен «әлеметі» үшін арнайы айыппұл салынады. Сингапурде сағыз шайнамақ түгілі оны сақтауға, бір-біріне таратуға болмайды. Ол есірткімен теңестірілген және бұл үшін үлкен айыппұл (1000 АҚШ доллары) салынады. Сондай-ақ, тасталған қоқыс үшін 500-ден 1000 долларға дейін, көшеде түкіргені үшін 1000 доллар, жеделсатыда темекі тартқаны үшін 1000 доллар айыппұл

қарастырылған. Малайзияда асфальтқа тасталған сағыз үшін 1 ай қоғамдық жұмыс және 500 доллар көлемінде айыппұл салынады. Мұндай салақтық үшін

Ұлыбританияда 90 фунт стерлинг айыппұл белгіленген. Ал, Біріккен Араб Әмірліктерінде көшеде тасталған сағыз үшін кінәлі адам 137 долларға, ал темекі тұқылы үшін 55 долларға айыпталады.

Аталған мемлекеттердің көпшілігі – заң талабына мойынсұнатын елдер. Соның өзінде тұрғындардың жауапсыздығы, мәдениетінің төмендігі ішінара байқалып қалатынын аңдап отырмыз. Ал қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау, тәртіп сақтау, әдептен аттамау секілді атам қазақтың бойында баяғыдан болған ізгі қасиеттерден жұрдай болып бара жатқан біздің адамдар туралы не айтуға болады? Демек, бізде де қоршаған ортаны ластаушыларға, көше тазалығын сақтамай, отырған орнына шашылған қоқыс тастап кете беретін салақтарға деген қадағалауды күшейтіп, жаза қолдануымыз керек. Рас, қалалық әкімдіктер тарапынан бұл бағытта біраз жұмыстардың атқарылып жатқаны белгілі. Бірақ, аңғарып жүргеніміздей, талапты қатаңдата түспесе болмайтын сияқты.

2.3. Химиялық қоспалардан келер қауiп көп

Жоғарыда айтылған қоқыс өңдейтiн кәсiпорын осы пластиктердi балқытып, диаметрi әртүрлi су құбырларын жасауды қолға алып едi, бұл iс те орта жолда тұрып қалды. Ғалымдардың зерттеуiнше, пластик жүз жыл бойы ашық аспан астында шiрiместен жата бередi екен. Ал, олардан ауаға «диоксин» дейтiн улы зат таралатынын көпшiлiгiмiз бiле бермеймiз. Сондай-ақ, автокөлiк жөндейтiн, май құятын (ауыстыратын) бекеттерден шығарылатын, кәсiпорындарда, жылу пештерiнде жағармай ретiнде жиi қолданылатын «мазут» дейтiн мұнай қалдығының ыдыстары бар. Ол да табиғат үшiн өте зиянды. Арабтың «мазхулат» (қалдық) сөзiнен шыққан, құрамында көмiртегi мен күкiрт қышқылы бар бұл қара-қоңыр түстi қоймалжың сұйық төгiлген жерге ешқашан шөп шықпайды

және исi көп уақытқа дейiн кетпейдi. Сол себептi, департамент мамандары қоршаған ортаны қорғау мақсатында химиялық қоспалар ыдыстарын қайта өңдеу мен көмудi арнайы лицензиясы бар кәсiпорындар арқылы ғана жүзеге асыруды ұсынуда.

Бүгінгі мәселе тек біздің ауданымызда, елімізде ғана өзекті емес. Ол бүкіл әлем жұртының алдындағы күрделі проблемалардың бірі.Жалпы мұнайға балама негіздегі отын көзін әлем ғалымдары көптен бері іздестіруде. Күнделікті тұрмыста пайдаланатын заттардан қалған қатты қалдықтарды (резина, пластик қалдықтар) қайта өңдеп, онан сұйық отын алу жолында дүние жүзі ғалымдары тер төгуде.  Әлемде қатты қалдықтарды өңдеудің өзіндік әдістері бар. Соның бірі «Пиролиз» әдісі деп аталады. Терминді өз тілімізге аударар болсақ, «пиро»- жоғарғы температура, ал «лиз» – ажырату деген мағынаны береді. Мұның жақсы жағы, қалдықты өте жоғары температурада өңдегенде газ түзіледі. Қалдықтан көп көлемде газ алуға да болады. Әрине, мұны өндіріске енгізу үшін оған қомақты қаражат керек. Еуропа елдері, оның ішінде Германия мемлекеті де

тазалыққа бірден қол жеткізген жоқ. Оларда  қалдықтар айналымын, тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинау тәсілін тұрғындардың санасына сіңіру үшін 25 жыл уақыт кетіпті[9]

Қалдықтар – өндірістік, ауылшаруашылығы және тұрмыстық қатты қалдықтар болып бірнеше түрге бөлінеді. Соның ішінде бүгінгі жобамыздың тақырыбына тамызық болып отырғаны – тұрмыстық қалдықтар мәселесі. Биылғы жылдан бастап Италия мемлекеті өз тұрғындарына полиэтилен пакетті пайдалануға тыйым салыпты. Өйткені бір адам жылына 400 дана(бірлік) полиэтилен пакет тұтынады екен. Алайда оның пайдалану мерзімі 10-12 минут қана. Ал бір пакеттің табиғи жағдайда жойылуы үшін кемі 400 жыл уақыт керек екен. Яғни оны жер астына көмген күннің өзінде 3-4 ғасыр бойы шірімей жата беретін көрінеді. Ал біздің елдің, қаланың тұрғындары мөлтек аудандарда тұрған қоқыс жәшіктеріне от қойып, қоқысты өртей салады. Полиэтилен пакет пен пластмасса құтылар өртенген кезде адам ағзасына орасан зиян келетін улы газ бөледі. Еуропа елдерінде шыны қалдықтарын бір бөлек пакетке, қағазды бір бөлек пакетке, ал азық-түлік қалдықтарын бір бөлек пакетке жинап, қоқыс жәшігіне салған кезде де бөлек-бөлек салады. Яғни үйдің ішінде оларды бөлек жинайды.Бізге осыны үйренетін кез келді. Статистика бойынша бір адамнан жылына 350-400 келі қалдық шығады. Және ол жылына 5-7 пайызға өсіп отырады екен.  Осы қалдықты  үйден шығарып тастауды ғана білеміз. Арғы жағына басымызды қатырмаймыз. Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәліметінше, елімізде 22 млрд. тонна қалдық бар екен. Оның 6 млрд. тоннасы қауіпті қалдықтарға жатады. 98 млн. тоннасын тұрмыстық қатты қалдықтар құрайды. Елімізде оның 5 пайызы қайта өңделсе, біздің облыста 0,01 пайызы ғана өңделеді екен. Осы қалдықтар атмосфераны ластап, адам денсаулығына күллі зиян келтіруде. Бұл табиғатта тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соғуда. Қоршаған ортаның ластануына байланысты әр түрлі аурулар пайда болуы, ел халқының өміріне қауіп-қатердің тигізер әсері өте өзекті мәселеге айналып отыр.Басқа алпауыт мемлекеттерді айтпағанның өзінде, көршіміз Қытай ел экономикасын көтеруде жоқтан бар жасап, халқының тұрмыс-тіршілігін күнбе-күн жақсартып келеді. Ол осы қарқыныменендібір 15-20 жылда Американы да басып озамыз деп отыр. Оған әсте таңғалуға болмайды. Өйткені жербетін қытайдың тауары басып кеткендігі  жасырын емес.

Біз жер-көкке сыйғыза алмай экологиялық апатты қолдан тудыратын қоқыстарымызды қайда сыйғызарымызды білмей ірітіп-шірітіп, түрлі ауру тудыратын үйіндіге айналдырып жатсақ, көршілеріміздің жоқтан бар жасағаны сол: олар тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп, халық тұтынатын тауарлар шығаруда.

Шындығында, қалдық атаулыны түр-түрге бөліп, қайта өңдеуден өткізу арқылы небір зат шығарып, соның арқасында телегей табысқа кенеліп отырған елдердің қатары жыл санап көбейіп келе жатыр. Ал бізде ше?! Өкінішке қарай, біздің елде қоқыстан пайда болған таудай төбелер табыстың емес, қоршаған ортаға орны толмас зиян келтірер қауіптің көзі болып тұр.

Қала да, дала да «ән салып тұрған» жоқ. Қоқысқа, шиша-шөлмекке, пакетке көміліп тұр. «Денсаулық кепілі – тазалық». Үйіндінің арасында жүріп адасқан бізде қайдағы денсаулық?! Қоқыс салатын контейнерлердің өзі «арнасынан» асып-тасып жатады. Одан қалғанын көрсоқырлар бықсытып өртейді. Күлі көкке ұшады. Онда қанша індеттің ұя салғанын кім білсін?! Балконнан, терезеден қоқысты лақтыра салу немесе далаға шығармай, үй ішіне тастап кету, болмаса аулаға қалдыру секілді ұятсыздыққа мойынсынып алыппыз әбден. Етіміз өліп кеткен. Көзіміз ашылмай келеді. Әдеп, мәдениет мүлде ұмытылған. Осыдан барып қоғамдық сұраныс туады. Бүгіннің сұранысы – бұл. Көшелерге қоқыстарды тастағанға тыйым салынатын бірінші құжат 500 жыл біздің заманымызға дейін Афинада шығарылған. Қоқыстырды тастау үшін қаладан тыс арнайы орындар бөлінген. Сол кезден бастап қоқыстарды арнайы бөлінген алаңшықтарға (полигондарға) тастайтын болған. Қалалардың өсу нәтижесінде бос орындар азайып, ал сүйкімсіз иіс және егеуқұйрықтың саны көбейуі нәтижесінде қаланың экологиялық жағдайы нашарлап кетті. Сол себепті алаңшықтар шыңыраулармен ауыстырылды[3].

Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады. Үй-жай шаруашылығының қалдықтарына пайдалануда болған және тозған, өзінің тұтыну қасиетін жойған бұйымдар мен материалдар жатады. Тұрмыстық қалдықтардың тағы бір түрі – тамақ қалдықтары. Бұл қалдықтар тұрмыста тасталынады. Тамақ қалдықтарының қауіптілігі олардың түрленуіне байланысты.

Қалдықтардың көлемі мен құрамы және олардың алып жатқан ауданы жөнінде дәл мәліметтің болмауы мәселенің шешімін қиындатады. Сондықтан да болса керек Республика бойынша тұрмыстық қалдықтардың жинақталуы жөніндегі статистикалық мәліметтер әр БАҚ-да, ғаламторда әр түрлі.

2.4. Тұрмыстық қалдықтардың сақталу мерзімі, оларды жою әдістері

Қалдықтар:  тұрмыстық, кәсіптік, ауылшаруашылық, медициналық, химиялық  және т.б., қалдықтарды қасиеттері бойынша да бөлуге болады ең маңызды бөлімдері ол қауіпті (жаңғыш, уытты, қышқылдық, улы т.б) және қауіпті емес қоқыстар. Барлық қоқыстар бір жерде сақталып денсаулыққа зиян келтіруде. Қатты өнеркәсіп қалдықтарының негізгі түрлері.

Тұрмыстық қалдықтардың негізгі түрлеріне сипаттама беріп көрейік:

 Тамақ қалдықтары

Табиғаттағы залалы:  Әр түрлі ағзалар қорек ретінде қолданады.

Адамға зияны: шіріген таиақ қалдықтары – микробтар ортасы.

Таралу жолдары: ұсақ ағзалар үшін қорек.

Таралу жолдарының соңғы өнімі: ағзалар денесі, көмірқышқыл газы және су.

Ыдырау уақыты: 1–2 жұма.

Қайта өндеу әдісі: компостирлеу.

Отта тастауға тиым салынады, себебі диоксидтер түзілуі мүмкін.

Қағаз қалдықтары

Материал: қағаз, әр түрлі бояулармен боялған және қоспалармен сіңірілген.

Табиғатқа залалы: негізі қағаз қалдықтарының зияны жоқ, бірақ қағаз сіңірген әр-түрлі бояулар зиянды газдар бөледі.

Адамға зияны: бояғыш заттар ыдырау кезінде улы заттар бөледі.

Ыдырау жолдары: ұсақ ағзалар қорек ретінде қолданады.

Сонғы ыдырау өнімі: шымтезек, әртүрлі ағзалардың қалдықтары, көмірқышқыл газы және су.

Ыдырау уақыты: 2–3 жыл.

Қайта өндеу әдісі: Қаптама қағаз үшін өңдеу.

Зиянсыз ету кезінде түзілетін өнімдер: көмірқышқыл газы, су, күл.

Қағазды тамақ қалдықтарымен бірге жағуға мүлдем тиым салынады себебі: диоксид түзілуі мүмкін. 

Мата өнімдері

Маталар синтетикалық және табиғи түрінде болады. Төменде жазылғанның барлығы табиғи маталарға қатысты.

Табиғатқа залалы: жоқ.

Ыдырау жолдары: кейбір ұсақ ағзаларға тағам ретінде қолданылады.

Соңғы ыдырау өнімі:шымтезек, адам ағзасы,көмірқышқыл газы және су.

Ыдырау уақыты: 2–3 жыл.

Қайта өндеу әдісі: компостірлеу.

Зиянсыз етудің ең аз дегенде  қауіпті  әдісі:  толық жанып кетуді қамтамасыз ететің жағдайларда өртеу.

Зиянсыз ету кезінде түзілетін өнімдер: көмірқышқыл газы, су және күл.

 Қалбыр

Материал: мырышталған немесе қалайымен қапталған темір.

Табиғатқа залалы: мырыштың қосарлануы, көп ағзалар үшін қалайы мен темір қауіпті. Қалбырдың өткір шеттері жануарлардың денесін жаралайды.

Адамға зияны: жалаңаяқ жүргенде жаралайды. Қалбырда қан сорғыш құрттар дамитын су жиналады.

Ыдырау жолдары: Оттегінің әрекетінен темір баяу тотығады.

Соңғы ыдырау өнімі:  тоттың ұсақ даналары немесе темірдің ерігіш тұздары.

Ыдырау уақыты: жерде – бірнеше ондаған жылдар, тұщы суда шамасы 10 жыл, ал тұзды суда– 1-2 жыл.

Қайта өндеу әдісі: металлдармен қайта балқыту.

Зиянсыз етудің ең аз дегенде  қауіпті  әдісі: алдың ала күйдіруден кейін көму.

Зиянсыз ету кезінде түзілетін өнімдер:  оксидтер немесе темір,  мырыш және қалайының ерігіш тұздары.

Металл қалдықтары

Материал: темір немесе шойын.

Табиғатқа залалы: темір қоспалар көп ағзалар үшін  уытты. Металл қалдықтары жануарларды жарақаттайды.

Адамға зияны: Әр түрлі жарақаттар тудырады.

Ыдырау жолдары: Суда еріген немесе ауадағы оттегінің әрекетінен темір оксидтеріне дейін баяу тотығады.

Соңғы ыдырау өнімі:  тат ұнтағы немесе ерігіш темір тұздары.

Ыдырау жылдамдығы: жерде –10-20 жыл ішінде  1 мм терендікте, тұщы суда 3-5 жылда  – 1мм терендіте, тұзды суда – 1-2 жылда 1 мм терендікке.

Қайта өндеу әдісі: қайта балқыту.

Зиянсыз етудің ең аз дегенде  қауіпті  әдісі:  дампқа (қоқыс үйіндісіне шығару) шығару немесе көму.

Зиянсыз ету кезінде түзілетін өнімдер:  темірдің оксидтері немесе ерігіш тұздары.

Фольга

Материал: алюминий.

Табиғатқа залалы: көбінесе қауіпсіз.

Ыдырау жолдары: оттегінің әсерінен алюминий оксидіне дейін баяу тотығады.

Соңғы ыдырау өнімі:  оксидтер немесе алюминий тұздары.

Ыдырау уақыты: жерде – бірнеше ондаған жылдар, тұщы суда – бірнеше жыл, тұзды суда  – 1-2 жыл.

Қайта өндеу әдісі: қайта балқыту.

Зиянсыз етудің ең аз дегенде  қауіпті  әдісі:  көму.

Зиянсыз ету кезінде түзілетін өнімдер:  алюминий оксиді.

Сыра және әр түрлі шырындардың қалбырлары

Материал: алюминий және оның қорытпалары.

Табиғатқа залалы: темір қоспалар көп ағзалар үшін  уытты. Металл қалдықтары жануарларды жарақаттайды.

Адамға зияны: Қалбырда қан сорғыш бунақденелілер дамитын су жиналады.

Ыдырау жолдары: оттегінің әсерінен алюминий оксидіне дейін баяу тотығады.

Соңғы ыдырау өнімі:  оксидтер немесе алюминий тұздары.

Ыдырау уақыты: жерде – жүздеген жылдар, тұщы суда – бірнеше ондаған жыл, тұзды суда- бірнеше жыл.

Қайта өндеу әдісі: қайта балқыту.

Зиянсыз етудің ең аз дегенде  қауіпті  әдісі:  көму.

Зиянсыз ету кезінде түзілетін өнімдер:  алюминий оксиді.

Шыны ыдыстар

Материал: шыны.

Табиғатқа залалы: сынық шыны қалдықтары жануарларда әр түрлі жарақаттар тудырады.

Адамға зияны: сынық шыны қалдықтары жарақат тудыруы мүмкін. Шыны ыдыста қан сорғыш құрттар дамитын су жиналады.

Ыдырау жолдары: температураның өзгеруіне байланысты баяу шыны ыдыстар сынып шашылады; шыны біртіндеп кристалданып шашылады.

Соңғы ыдырау өнімі: ұсақ шыны қалдықтары сыртынан кұмға ұқсас.

Ыдырау уақыты: жерде – бірнеше жүздеген жылдар,  тыныш суда -шамасы 100 жылға дейін.

Қайта өндеу әдісі: тура  тәсілі бойынша  қолдану немесе балқыту.

Зиянсыз етудің ең аз дегенде  қауіпті  әдісі:  дампқа шығару немесе көму.

Зиянсыз ету кезінде түзілетін өнімдер: шыны ұнтағы.

Пластмастан жасалған өнімдер

Табиғатқа залалы: топарақта  және сулы орталарда газ алмасуына кедергі келтіреді. Жануарлармен жұтылып  олардың өліміне әкелуі мүмкін.

Адамға зияны: пластмастар ыдырау кезінде улы заттар түзуі мүмкін.

Ыдырау жолдары: ауадағы оттегі арқылы аз-аздап тотығады. Күн сәулелері арқылы баяу жойылады.

Сонғы ыдырау өнімі: көмірқышқыл газ және су.

Ыдырау уақыты: шамамен  100 жыл, одан да көп болуы мүмкін.

Қайта өндеу әдісі: қайта балқыту.

Зиянсыз ету кезінде түзілетін өнімдер: көмірқышқыл газы және су. Пластик өндірісінен бастап кәдеге жаратылғанға дейін қоршаған ортаға елеулі зиян келтіреді. Пластикалық өнімдерді шығаратын зауыттар жылына атмосфераға 400 млн. тоннаға дейін көмірқышқыл газын шығарады және бүгінде жануарлардың шамамен 800-дей түрінің пластикті жеп қоюына байланысты және пластикпен улану салдарынан жойылып кету қаупі төніп тұр.

Бір реттік қалталар қаланың кәріз жүйесін толтырып тастайды және су басу қаупін тудырады, пластмасса қоқыстар, туризм саласына зиян келтіре отырып, демалуға арналған орындарды, жағалаулар мен жағалау аймақтарын ластайды.

Қазақстанның мұхиттарға шығуы болмағынына қарамастан, мұхиттардағы пластмассалар, әдетте, жыл бойында ыдырайды, бірақ толықтай емес және бұл процесс барысында бифенол А және полистирол сияқты улы химикаттар белгілі бір пластмасса түрлерінен суға түседі. Пластикалық ластану – су қоймаларының ластануы (өзендерге, көлдерге, теңіздерге антропогендік қалдықтарды тастау), бір реттік пластикалық бөлшектермен, пластикалық торлармен және т.б. судың ластануы. Жыл сайын шығарылатын пластмассадан жасалған өнімдердің көп мөлшері бір рет қолдануға арналған: әдетте бір жыл ішінде бір рет пайдаланылатын бір реттік орауыш заттар немесе өнімдер.

Пластиктің екі жүз жылға жуық уақытта ыдырайтындығы белгілі. Пластмассалар жерге түскенде ұсақ бөлшектерге ажырайды да, өзінен қоршаған ортаға химиялық заттарды бөле бастайды. Жер асты сулары арқылы пластиктің ұсақ түйіршіктері және оның химиялық заттары ең жақын су көздеріне түседі, бұл жануарлардың жаппай қырылуына әкеледі.

ТҚҚ үйінділерінің полигондары үнемі пластмассаның әр түрімен толтырылып тасталған. Бұл қоқыстарда пластиктің биодеградациясын жеделдететін көптеген микроорганизмдер бар. Биоыдырайтын пластиктерге келер болсақ, олар ыдыраған кезде метан бөлініп шығады, бұл атмосфераға диоксиндер мен фурандар бөліп шығаратын өте күшті парниктік газ болып табылады.

Пластмассалар құрамында пластиктің түріне байланысты көптеген химиялық заттардың түрлері болады. Пластмассаның жан-жақты қолданылуының негізгі себептерінің бірден-бірі құрамына химиялық қосылуы болып табылады.

Пластмасса өндірісінде пайдаланылатын кейбір химиялық заттар адамдардың тамақ тізбегінің нәтижесінде жұтылу қаупін тудырады.

Сондай-ақ, пластикалық ластанудың әсерінен жануарлардың да улану қаупі бар, бұл өз кезегінде адамға азық-түлік өнімдерін жеткізу барысына кедергі келтіруі мүмкін.

Пластикалық ластану ірі теңіз сүтқоректілеріне өте зиянды әсер ететін заттар ретінде сипатталған және «Introduction to Marine Biology» кітабында олар үшін «ең қауіпті қатер» деп аталды (пластмасса жануарлардың асқазан-ішек жолдарын бекітіп тастайды, теңіз сүтқоректілері пластмассалық торларда шырмалып қалады да, оның соңы өлімге немесе ауыр жарылуларға және жараларға алып келеді).

Өркениеттің заманауи игіліктері көбінесе адамдар үшін жайлылық жаратып қана қоймай, табиғатқа орны толмас залал келтіреді. Тек соңғы 10 жылда ғана әлемде өткен ғасырмен салыстырғанда пластикалық өнімдер көп өндірілді.

Бір реттік ыдыс, қалталар, қаптамалар, бөтелкелер және түрлі ыдыстар – біз күнделікті «өндіретін» пластикалық қалдықтардың ең көп тараған түрлеріне жатады. Қазақстанда қалыптасқан көлемнің тек 28,7 пайызы ғана қайта өңделген және адам өмірінде және тұрмыстық шарттарда қайта қолданылады.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР экологиялық кодексінің 301-бабына сәйкес полигондарда пластмасса, пластика, полиэтилен қалдықтары және полиэтилентерефталат орамасы; макулатура, картон және қағаз қалдықтары; құрамында сынап бар лампалар мен аспаптар; шыны сынықтары; түсті және қара металдар сынықтары; литий, қорғасын-қышқыл батареялары; электрондық және электр жабдықтары қалдықтарын көмуге тыйым салу енгізіледі.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тамақ қалдықтарын және құрылыс материалдарының қалдықтарын полигондарда көмуге тыйым салынады.

Мысалы, Астана қаласының аумағында 2016 жылы 394,9 мың тонна, ал 2017 жылы – 345,4 мың тонна ТҚҚ қалыптасты. ТҚҚ қайта өңдеу үлесі (сұрыптауды қосқанда) 2016 жылы – 4,94%, ал 2017 жылы – 8,33% құрайды.

2017 жылы пластик қалдықтарды бөлек жинау үшін 686 торлы контейнер, құрамында сынап бар пайдаланылған шамдар үшін 670 контейнер, жеке үй-жайлардан күлқожды қалдықтарды жинау үшін 300 контейнер орнатылды, электронды-тұрмыстық өнімдер бойынша мамандандырылған сауда орталықтарында электронды қалдықтарды жинау шаралары ұйымдастырылды.

Астанада «құрғақ» (пластик, (полиэтилентерефталат), ПЭ (полиэтилен), ПЭТ-бөтелке, макулатура, қара және түсті металдардың сынықтары, шыны сияқты) қалдықтарды шығару үшін арнайы сары түсті контейнерлер орнатылған.
Сондай-ақ, Астана қаласының тұрғындары үшін пластик қалдықтарды жинауға арналған торлы контейнерлер қарастырылған.

ҚР Энергетика министрлігі Әкімдікпен бірлесе отырып, қала тұрғындарын «қайта өңдеуге болатын «құрғақ қалдықтарды» және «көмуге болатын «ылғалды қалдықтарды» жеке жинау қағидасын назарыңызға аударамыз.

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚАУІПСІЗ ЖӘНЕ ТАЗА ЕТУ БІЗДІҢ ҚОЛЫМЫЗДА!                            

Азық-түлік өнімдерге арналған қорабтар

Материал: қағаз және пластмасс түрлері.

Табиғатқа залалы: жануарлар  жеп қоюы мүмкін.

Ыдырау жолдары: ауадағы оттегі арқылы аз-аздап тотығады. Күн сәулелері арқылы баяу жойылады.

Ыдырау уақыты: ондаған жылдар, одан да көп болуы мүмкін.

Қайта өндеу әдісі: жоқ.

Зиянсыз етудің ең аз дегенде  қауіпті  әдісі:  көму.

Зиянсыз ету кезінде түзілетін өнімдер: көмірқышқыл газы, су, хлорсутегі және улы қоспалар.

Көрсетілген заттарды  жағуға мүлдем тиым салынады себебі: диоксид түзілуі мүмкін.

Батареялар

Өте улы қоқыс!  Материал: мырыш, көмір, марганец оксиді.

Табиғатқа залалы: көптеген ағзалар үшін улы.  Адамға зияны: адам үшін улы.

Ыдырау жолдары: оттегінің әсерінен тотығады.

Сонғы ыдырау өнімі: марганец және мырыш тұздары.

Ыдырау уақыты: жерде –шамамен  10 жыл, тыныш суда–бірнеше жыл, тұзды суда – шамамен бір жыл.

Қайта өндеу әдісі: мырышты мектеп зертханасында сутекті алу үшін қолдануға болады, ал  марганец оксидің –хлорды алу үшін.

Зиянсыз етудің ең аз дегенде  қауіпті  әдісі:  дампқа шығару.

Зиянсыз ету кезінде түзілетін өнімдер: марганец пен мырыш тұздары.

Олардың топырақта сақталу мерзіміне келетін болсақ:

 

Консерв қалбыры Шамамен 90 жыл
Шылым сүзгісі Шамамен 100 жыл
Полиэтилен пакеті Шамамен 200 жыл
Пластмасса Шамамен 500 жыл
Әйнек Шамамен 1000 жыл

Келесі қолданылатын термин – »қалдықтарды басқару». »қайта өңдеу», »кәдеге жарату» тіпті »қалдықтармен жұмыс жасау» оның кең ұғымдары болып табылады, себебі ол қалдықтарды ұйымдастыруды, оларды кәдеге жаратуды (қайта өңдеуді, жағуды, көмуді және т.б. қоса есептегенде), сонымен қатар қалдықтардың санын азайтуға арналған шараларды қамтиды. Тұрмыстық қалдықтардың құрамы мен көлемі төтенше алуантүрлі және ол тек қана олардың мемлекеті мен жеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар жыл мезгіліне және басқа да көптеген факторларға байланысты. Картон мен қағаз ТҚҚ-ның аса маңызды бөлігін құрайды  (дамыған мемлекеттерде 40% дейін ). Қазақстанда санат бойынша екінші орында органикалық, сонымен қатар тамақ қалдықтары, металл, шыны және пластик қалдықтары жалпы санының 7-9 % құрайды. Шамамен 4 % ағаш, текстиль, резенке және т.б. болып табылады.

Муниципалдық қалдықтар саны Қазақстанда өсуде, ал олардың құрамы, әсіресе үлкен қалаларда ТҚҚ-ның құрамына жақындауда, шығыс елдерінде олардын көп бөлігі қағаз және пластик қалдықтары болып саналады.

Әр түрлі материалдардың табиғи ыдырау процесі белгілі бір уақытты қажет ететіндіктен, қалдықтар проблемасында өзіндік қиындықтар туады. Табиғатта тіршілігін жойған өсімдіктер мен жануарлар бактериалардың қатысуымен ыдырап, топырақ бөлшектеріне айналады. Бірақ адам соңғы уақытта табиғатты бактериалар ыдырата алмайтын көптеген синтетикалық материалдар ойлап тапты.  Олардың барлығы дамптарға лақтырылып адам ағзасына зиянды заттар бөледі.

Дамптардың қоршаған ортаға зияны

Қоршаған ортаны тұрмыстық қалдықтармен ластау экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әкеледі.

Жер көктің бәрі қоқыс! Ол бүкіл жерде. Біз қоқысты барлық жерде көреміз:

  • аялдамада (шынылар, кәмпит қағаздары және т.б..)
  • орманда (қалбыр , пластикалық бөтелкелер, орау , пластикалық қаптар.)
  • дүкенде (чектер, қабықтар)
  • серуенде (қағаз қабықтар және т.б.)

Қоқыс тек қана эстетикалық көріністі ғана бұзбайды. Ол қоршаған ортаға зияның тигізеді. Адамның көбісі бұны үлкен мәселе деп ойламайды. Сондықтан қоқысты тыйым салынған жерлерге де лақтыра береді. Бұл дамптар (кішкентай болса да) адамға қауіп төндіреді.

Қоқыспен күрес

Ғалымдардың пікірінше, қоқысты жоюдың белгілі бір әдісі жоқ болуы да мүмкін емес.

Көптің ойынша, қоқысты жоюдың ең қолайлы әдісі – жағу. Бірақ қоқысты жағуға болмайды. Осындай оттар мен түтіндер ішінде химиялық заттар қалыптасады, ал олар адам ағзасына өте қауіпті.

Қоқысты мүлдем жағуға болмайды. Қоқысты жаққанда біз өз өзімізге және қоршаған ортаға зиян тигіземіз.

Әр көктем сайын біздің қаламызда «Қаламызды қоқыстан тазартамыз» атты экологиялық қоры жүргіледі.

  • Мектеп маңайын тазарту.
  • Қаладағы су көздерін тазарту.
  • Қаладағы көшелерді тазарту.

Қорытынды:

Еліміз бүгінде әлеуетті экономикасы, тұрақты қаржылық қуаты бар мемлекетке айналғаны да ақиқат. Осының бәрі ненің арқасы? Ол қойнауы қазына, топырағы құт қазақтың қасиетті жерінің арқасы. Жасыратыны жоқ, ел экономикасының бүгінге дейін даму үрдісі тек қасиетті жеріміздің қойнауынан алынған шикізат ресурстарының арқасында ғана мүмкін болды. Қазақстан Республикасы экспортының 90 пайызын мұнай, көмір, темір және әртүрлі түсті металл шикізаты құрайтындығы да шындық. Ғасырлар бойы төл перзентін қойнауынан алынған игілікпен қамтамасыз етіп келе жатқан қайран дала қажыды, тума табиғатымыз тақырланды. Ұлы дала енді туған перзенттерінен жанашырлық күтеді. «Алмақтың да салмағы бар». Енді «бұлақ көрсең, көзін аш» деген бабалардың қасиетті қағидасына адалдық танытып, жомарт даламызды күл-қоқыстан тазартып, тынысын ашуымыз қажет-ақ. Қазақ «жер жарасы – жан жарасы» деген ұлағатты ұран тұтқан ұлт. Халқымыз атамекенін асылындай аялауды атадан балаға мирас еткен. Ендеше, қазақ даласы күл-қоқыс қоймасы емес. Бүгінгі ұрпаққа айтар ұлағат, жеткіншектер санасына құятын ғибрат туған жеріміздің тоқымдай телімін тусыратпай, сай-саласын ҚТҚ мен күл-қоқысқа толтырмай, қоқыспен бітелген бұлақтардың көзін ашып, тауы мен тасын көздің қарашығындай қорғау – халықтық мүддеміз, перзенттік парызымыз.Табиғат-бәріміздің ортақ үйіміз. Дәл қазір табиғат бізден көмек күтуде. Ал табиғатты былғайтын тек адам ғана. Табиғаттың тозуы – экологиялық кризис. Бұл үлкен ғаламат апат. Қазіргі кезде бәрімізді қатты алағдатып отырған жағдай-табиғатымыздың тікелей адамның іс-әрекетінен ластанып, бұзылуы Өз ауданымыздың экологиялық жағдайын сауықтыру үшін ағаш бұталарды кеспей, биологиялық ерекшеліктеріне қарай көктемде отырғызу керек. Жерді дұрыс пайдаланып, қоршаған орта тазалығына көңіл бөліп табиғатымызды аялайық, сақтайық. Оны таза сау күйінде болашақ ұрпаққа табыс ету-біздің парымыз.

You May Also Like

Бауыржан Момышұлының нақыл сөздеріндегі ұлтжандылық қасиет, ғылыми жоба

Жоба Жоба тақырыбы: Бауыржан Момышұлының нақыл сөздеріндегі ұлтжандылық қасиет Мақсаты: Бауыржан Момышұлының…

Идеальные пропорции человеческого тела, научный проект

Проект  ВВЕДЕНИЕ Эталонами красоты человеческого тела, образцами гармонического телосложения издавна считаются великие…

Ши тоқу өнері, Шығармашылық жоба.

Шығармашылық жоба. Ши тоқу өнері. Шым ши. Түр салып шым ши тоқу Мақсаты;…

Мектеп өмірінде қолдануға бағытталған жылулық құбылыстарды зерттеу нәтижесі, ғылыми жоба слайд