Ғылыми жоба

Тақырыбы: «COVID-19» вирусы. Емдік шаралары

Секциясы: медицина, психология

Аннотация

Бұл жобада оқушы вирус жайлы, олардың түрлері жайлы, ауру (COVID-19) туралы негізгі ақпаратты, аурудың белгілерін, асқынуларын, оның қалай берілетіндігі және оны басқаларға таралуын қалай тоқтату керектігі туралы айтылған. COVID-19 туралы нақты фактілерді біліп, денсаулықты сақтап қалу туралы тоқталған. Сонымен қатар емдік шараларына егжей-тегжейлі тоқталған

Аннотация

Этот проект предоставляет основную информациюо вирусах,  о болезни учащихся (COVID-19), симптомах, осложнениях болезни, способах ее передачи и о том, как остановить ее распространение среди других. Узнайте факты о COVID-19 и оставайтесь здоровыми. и рассказал о том, как оставаться здоровым, а также подробно рассказал о лечении.

Annotation

This project provides basic information on student disease (COVID-19), symptoms, complications of the disease, how it is transmitted and how to stop its spread to others. Learn the facts about COVID-19 and stay healthy.

Жобаның өзектілігі: «COVID-19» вирусының тез таралуы және көптеген елдерде төтенше жағдайдың енгізілуі мемлекеттік басқарудың тиімділігі мәселелерін алдыңғы қатарға шығарды. Қазіргі эпидемиологиялық терминология COVID-19 таралуына байланысты алдыңғы қатарға шыққан және инфекцияның таралуының әр түрлі кезеңдерін бейнелейтін бірқатар ұғымдарды қамтиды. Атап айтқанда, эпидемия күтпеген жерден көп болған кезде тіркеледі. Тарату фокусы тек бір территориямен шектелуі немесе бірнеше аумаққа бөлінуі мүмкін. Эпидемияның ұзақтығы бірнеше күннен бірнеше жылға дейін созылуы мүмкін. Кейде мамандар эпидемияны тіпті ерекше жұқпалы аурудың жағдайы деп атайды. Бұл ауру белгісіз, белгілі қоғамдастық үшін жаңа болған немесе белгілі бір популяцияда ұзақ уақыт байқалмаған жағдайларда маңызды. Ғалымдар оған жаңа коронавирус деген анықтама беріп отыр. Бұл – латынның crowns (тәж) немесе halos (шеңбер) деген сөздерінен пайда болған атау. Өйткені, коронавирус микроскоппен қарағанда, осы екеуінің қосындысын еске түсіреді.

Мақсаты: талдау, саралау негізінде «COVID-19» вирусының ерекшеліктерін, елдегі пандемия жағдайы мен олардың алдын алу ерекшеліктерін зерттеу.

Міндеттері:

– Пандемия жағдайында қабылданған шаралардың тиімділігін өлшеу тәсілдерін талдау және түйіндеу;

– Қазақстандағы пандемия жағдайын саралау;

– Аурухана дәрігерімен, мектеп медбикесімен сауалнама, талдау жұмыстарын жүргізу.

Зерттеу әдістері: Іздену, анықтау, тәжірибе жасап бақылау, сауалнама өткізу, қорытындылау, тұжырымдау.

Ғылыми жаңалығы: вирусқа  қатысты қымыздың, сарымсақтың, мияның емдік қасиеттерін анықтадым.

Гипотезі: «COVID-19» вирусыны адам ағзасына қауіпті. Дегенмен, сақтық шараларын тиісті деңгейде, талапқа сай қолдану арқылы вирусты алдын алуға болады. 

МАЗМҰНЫ: 

Кіріспе                                                                                                                  5 

Негізгі бөлім

1.1.Вирустың биологиялық ерекшелігі                                                             6-7

1.2.Covid-19 вирусы                                                                                            8-9

1.3.Covid-19 вирусына қатысты елдегі пандемия                                            10-12 

Зерттеу бөлім

2.1.Covid-19 ауруымен күресу жолындағы

санитарлық-гигиеналық талаптары  (практикалық көрсетілім)                    13-14

2.2.Сауалнама жүргізу арқылы қазіргі таңдағы

пандемияның елдегі ахуалы                                                                               15

2.3. Тәжірибелік бөлім

Дәрігерлік сараптама                                                                                         16

Қай масканы таққан дұрыс?                                                                             17

Вакцина алған адамдардың қазіргі жағдайы                                                  17

Қымыздың короновирусқа қарсы емдік қасиеті                                             18

Емдік шөптер жолдары                                                                                    18 

Қорытынды                                                                                                        19

 

Кіріспе 

     Вирус (латынша – «у») – тірі ағзаның ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі.

Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан – кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі ағзаның барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр. Вирустардың биологиясы, теориялық және практикалық зерттеу арқылы анықталады

5

Негізгі бөлім

1.1.Вирустың биологиялық ерекшелігі

Табиғатта вирустар бірнеше жағдайда тіршілік етеді.

  1. Клеткалардың ішінде кездесетін вегетациялық немесе көбею түрлері. Мұндай вирустарға «вирус – клетка кешені» деген синоним қолданылады.
  2. Клетканың сыртындағы көбеймей, жай тұрған түрі. Бұл жағдайда «вирион» деген ұғым қолданылады. Вирустар тек қана клетка ішінде өсіп жетілетін арамтамақтар және бір иеден екінші иеге ауысып отырады. Вирустар тек клетка ішінде ғана өсіп-өнеді.

          Вирустардың негізгі ерекшеліктері:

  1. Вирустың құрамында тек бір нуклеин қышқылы ғана бар: РНҚ (рибонуклеин қышқылы) немесе ДНҚ (дезо-ксирибонуклеин қышқылы).  Сондықтан да вирустар құрамында РНҚ-лы немесе ДНҚ-лы бар вирустар болып бөлінеді. Ең негізгісі РНҚ-лы бар вирустардың барлық генетикалық ақпараты осы РНҚ-да. Мұндай жағдай биологияда тіпті де кездеспейді.
  2. Вирустар тек клетка ішінде ғана тіршілік ететін арамтамақтар, демек тек клетка ішінде ғана көбейеді.
  3. Вирустардың көбею ерекшеліктерін «дисьюнктивтік» түрге жатқызады. Себебі барлық жанды дүние екіге бөліну, бүршіктену, спора арқылы көбейсе, вирустардың өсіп-өнуі одан да ерекше.
  4. Вирустардың белок құрайтын жүйесі – рибосомдары жоқ. Демек, вирустар өздері белок құрай алмайды.
  5. Вирустар – генетикалық деңгейдегі арамтамақтар. Вирустар жасанды орталарда (ЕПА, ЕПС) өспейді. Себебі оларда тыныс алу деген жоқ, қоректенбейді, ештеңе бөлмейді. Вирустардың көбеюі үшін тек қана тірі клетка керек, тек клетканың ішінде ғана, клетка материалдарын пайдаланып қана көбейе алады.

6

  1. Вирустардың ендігі бір ерекшелігі ол өте ұсақ. Олар нанометрмен өлшенеді. 1 нм – метрдің миллиардтан бір бөлігі 1/1000000000 м.

Демек,  1 метрде – 1 000 000 000 нм, ал 1 мм – 1 000 000 нм, 1 мкм – 1 000 нм,

1 нм – 10 А°. Мысалы, ең ірі деген шешек ауруы вирусының мөлшері жөнінен бактерияға жақындайды. Үлкендігі 250 – 350 нм. Осындай өте ұсақ вирусты тек электрондық микроскоппен ғана көруге болады. Себебі ондай микроскоп 200000 – 500000, не 1 – 2 млн рет үлкейтіп көрсетеді. Вирустардың осындай ұсақ болуына байланысты оларды зерттеу үшін сүзгіден өткізу тәсілдері қолданылады. Сондықтан да уақытында «Сүзгіден өтетін вирус» деген ұғым пайда болды. Қазіргі кезде «Вирус» деген ұғым ғана қолданылады.

  1. Вирустардың тағы бір ерекшелігі – олар кристалл ретінде де кездеседі. Мұндай қасиет тек өлі дүниеде ғана болады (минералдарда).

Темекі жапырақтарының ауруын қоздыратын вирусты кристалл түріндегі вирусты американдық ғалым – биохимик, вирусолог Уэнделл Стенли алған еді. Оған сол еңбегі үшін Нобель сыйлығы берілді.

Уэнделл Стенли (1904-1974)

1955 жылы полиомиелит (балалардың сал ауруы) вирусының кристалл түрі алынды. Вирустардың кристалл түрін жай микроскоппен де көруге болады. Бір кристалда бірнеше миллион вирус болады. Кристалдар оншақты жыл бойы сақталуы мүмкін. Дегенмен кез келген уақытта олардың өсіп-өніп миллиондап көбейіп кетуі де мүмкін.

  1. Вирустардың кейбір түрлері торша ішінде «денешіктер», «қосылыстар» ретінде кездесуі мүмкін және олар торшада өздері өсіп көбейген жерде ғана болады. Мысалы: құтырық жұқтыратын вирус – цитоплазмада, аденовирустар – ядрода болады. 

7

1.2.Covid-19 вирусы

Covid-2019 – жұқпалы жолмен тарайтын коронавирустың жаңа түрі.

Індет ошағы – Қытайдың Ухань қаласы.

Коронавирустың негізгі белгілері респираторлық ауруларға ұқсайды:

  • дене қызуының көтерілуі;
  • шаршау;
  • құрғақ жөтел.

Кейде болуы мүмкін белгілер:

  • мұрынның бітелуі;
  • тұмаурату;
  • фарингит;
  • диарея.

Кейде ауру симптомдары білінбейді. Дене қызуы көтеріліп, жөтел мен тыныс алу қиындағанда дереу медицина көмегіне жүгіну қажет. ДДСҰ мәліметінше, вирусты жұқтырған науқастардың 80 пайызы жазылуда.

Вирус қалай таралады?

Covid-2019 жұқтырған науқас жөтеліп, түшкірген кездегі мұрын мен ауыздан шығатын ұсақ тамшылар арқылы адамнан адамға жұғады. Тамшылар заттарға жұғып, ауаға тарайды. Оларға жанасқан соң, вирус көзге, мұрын мен ауызға түседі. Сол себепті науқас адамнан бір метрден астам қашықтықта алшақ жүру керек. Вирустың өмір сүру әзірге ұзақтығы анықталмады.

Коронавирус бүкіл әлем бойынша таралып жатқан таңқаларлық жылдамдықты және басқа елдердің тәжірибесін зерделеп, Қазақстан ерте кезеңде шешуші шаралар қабылдауға тырысып келеді.

Алдын алу шараларын ұстануды ұсынамыз:

-қолды және бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;

-медициналық маскаларды пайдалану, қол үшін спирттік антисептиктерді пайдалану;

-адамдар көп жиналатын жерлерді болдырмау;

8

-науқас адамдармен қарым-қатынасты болдырмау;

-суық тию белгілері пайда болған жағдайда (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауыруы) тез арада үйге жедел жәрдем шақыру қажет.

Коронавирустық инфекция COVID-19 (ағылш. cоronavirus disease 2019), коронавирусымен қоздырылатын ауыр респираторлық инфекция. Жіті респираторлық вирустық инфекциясы жеңіл түрде де, ауыр түрде де өту қауіпі бар ауру. Оның ерекше асқынулары вирустық пневмония, жіті респираторлық дистресс-синдромға, тіпті өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Аурудың ең көп тараған белгілеріне дене қызуы, шаршағыштық және құрғақ жөтел жатады. Ауруға қарсы қандай да бір арнайы вирусқа қарсы емдеу немесе алдын алу құралдары жоқ. Көптеген жағдайларда (шамамен 80%) адамдар арнайы емдеулерсіз сауығып кетеді. Аурудың ауыр түрлері қарт адамдарда және демікпе, диабет және жүрек аурулары бар адамдарда дами алады. Төтенше жағдайларда өмірлік маңызды органдардың функцияларын қолдауға арналған құралдар қолданылады. Вирус құрамында вирусы бар тамшылар арқылы жөтелу немесе түшкіру кезінде, сондай-ақ көзге, мұрынға немесе ауызға түсуі арқылы таралады. Алдын алудың тиімді шараларының қатарына қолды жиі жуу және респираторлы гигиена ережелерін сақтау жатады. Шамамен 15% жағдайда ауру оттегі терапиясын қолдану қажеттілігін тудырады.

Симптомдар пайда болған сәттен бастап аурудың өршуі (күн):

Жағдай Күн
Госпитализациялау 7(4-8)
Ентікпе 8(5-13)
Жіті респираторлық 9(8-14)
Өкпені механикалық желдету дистресс-синдром 10,5(7-14)
Төтенше жағдай бөлімшесіне ауыстыру 10,5

9

1.3. Covid-19 вирусына қатысты елдегі пандемия

COVID-19 коронавирустық инфекциясының алғашқы жағдайлары Қазақстанда 2020 жылы 13 наурызда тіркелді. Ресми статистикаға сәйкес, 2021 жылдың 14 қазан айындағы жағдай бойынша Қазақстанда инфекцияның зертханалық расталған 981.129 жағдайы анықталды, 964.783адам сауығып,

16.346 адам қайтыс болды. [1.2]

Аурудың таралуын болдырмау үшін 2020 жылдың 16 наурызы мен 11 мамыры аралығында елде төтенше жағдай енгізілді: елге кіруге және шығуға шектеулер енгізілді, іс-шаралар, ірі азық-түлік емес сауда орындарының, кинотеатрлардың және басқаларының жұмысы уақытша тоқтатылды, адамдар жаппай жиналатын орындар жабылды.

2020 жылы 5 шілдеде Қазақстанда қатаң оқшаулау режимі жұмыс істей бастады.

2020 жылдың 8 шілдесінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілдені COVID-19 коронавирусының салдарынан қайтыс болғандарды ұлттық аза тұту күні деп жариялады.

2020 жылдың 26 қаңтарынан бастап мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтіліп, жаттығулар өткізілді. Сонымен қатар, Қытайдан келетін адамдарға медициналық бақылау жасалды, Қытай азаматтарының Қазақстандағы 72 сағаттық визасыз болу тоқтатылды. [1.3]

COVID Қазақстан Республикасында 2020 жылдың наурызынан бастап пайда болды және Еуропа елдерінен импортталды. Бүгінде коронавирустың өлім-жітімі ҚР-да жұқтырған адамдардың жалпы санының 1 пайыздан сәл

астамын құрайды (1,3%).

2021 жылдың басынан бастап әлемнің көптеген елдерінде вакцинация басталды, бұл аурудың ағымын жеңілдететін антиденелер шығаруға мүмкіндік береді. Ресейде шығарылған «Спутник» вакцинасы Қазақстан Республикасында сертификатталған.

10

Коронавирус туралы ағымдағы статистика 17.05.2021 ж. (Қазақстан)

13 наурыз күні Алматы қаласында коронавирусты жұқтырған алғашқы адамдар анықталды. Германиядан ұшып келген екі Қазақстан азаматы, 1974 жылғы ер адам мен 1984 жылғы әйел адамнан COVID-19 табылды. Олардың біреуі елге 10 наурызда, екіншісі 12 наурызда ұшып келгені мәлім болды. [1.5]

13 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласында

20 наурызда Қарағандыда,

21 наурызда  Алматы облысының Қарасай ауданында,

22 наурызда  Ақтөбе облысында,

24 наурызда Шымкент қаласында, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында,

27 наурызда Ақмола, Атырау, Павлодар және Маңғыстау облыстарында,

28 наурызда Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында,

29 наурызда Батыс Қазақстан облысында,

31 наурыз күні  Түркістан облысында анықталды.

Біраз уақытқа дейін Қостанай облысы бірде-бір ауру жұқтырған адам анықталмаған жалғыз аймақ болды. Бұл жағдай 3 сәуірге дейін созылды. Елде бірінші жағдай тіркелгеннен кейін 21 күн өткен соң Тобыл қаласындағы карантинды ауруханада жатқан 1991 жылғы Қостанай тұрғынынан COVID-19 анықталды. Ол әйелдің 23 наурыз күні мысырлық Шарм-эш-Шейх курортынан Алматыға ұшып келгені белгілі болды.

15 наурызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел аумағында төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Төтенше жағдай 16 наурыз сағат 8:00 бастап 15 сәуір сағат 7:00 дейін созылады деп шешілді. 19 наурызда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин енгізіліп, адамдардың бұл қалалардан шығуы мен кіруі шектелді. Үлкен сауда орындары жабылып, тек азық-түлік дүкендері мен дәріханалар өз жұмысын жалғастыруға мүмкіндік алды. 22 наурыздан бастап аталған қалалардан шығатын жолдар толығымен жабылды, әуе және теміржол қозғалысы тоқтатылды.

11

26 наурызда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында екі пациенттің бұл індеттен сауыққаны белгілі болды. Сол күні елордада 64 жасар Қосшы ауылының (Ақмола облысы) тұрғыны коронавирустан Қазақстанда алғашқы болып қаза тапқаны туралы мәлімет жарияланды. 28 мамыр күнгі берілген деректерге сүйенсек, елімізде 4768 адам бұл аурудан сауығып, қаза тапқандардың саны 37 болған. [2.1]

10 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Қазақстандағы төтенше жағдай режимі сәуір айының аяғына дейін созу туралы шешім қабылданды.

13 сәуір күні Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған адамдардың саны

1 мыңнан асты.

22 сәуірде бұл көрсеткіш 2 мыңға,

28 сәуірде — 3 мыңға,

4 мамырда — 4 мыңға,

10 мамырда — 5 мыңға,

17 мамырда — 6 мыңға,

21 мамырда — 7 мыңға,

24 мамырда — 8 мыңға,

27 мамырда — 9 мыңға жетті.  [3.4]

27 сәуір күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдайдың мерзімін ұзарту туралы мәлімдемесі жарияланды. Президент шығарған жаңа жарлыққа сәйкес, Қазақстанда 16 наурызда басталған Төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін созылатын болды. Карантин режимін біртіндеп жеңілдету туралы шешім қабылданды. Елдегі жағдайдың тұрақтануына байланысты 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары арасындағы әуе қатынасы жандана бастады.

12

Зерттеу бөлім

2.1.Covid-19 ауруымен күресу жолындағы санитарлық-гигиеналық талаптары (практикалық көрсетілім)

Коронавирус (COVID-19) сияқты респираторлық вирустар, адам ағзасына көз, мұрын немесе тамақ арқылы құрамында вирусы бар шырыш немесе тамшылардың түсуі арқылы таралады. Көбінесе таралу қол арқылы орын алады. Қол сондай-ақ вирустың бір адамнан екінші адамға таралуының ең жиі кездесетін жолдарының бірі болып табылады.

Жаһандық пандемия кезінде вирус таралуының алдын алудың ең қолжетімді, қарапайым және маңызды тәсілдерінің бірі – қолды сабынмен және сумен жиі жуу.

Қолды қалай дұрыс жуу қажет?

Қолды тез жуу және шаю вирустан толық құтылуға көмектеспейді. Төменде тиімді қол жуу процесі келтірілген.

Қадам 1: Қолды ағынды сумен сулаңыз

Қадам 2: Суланған қолға молынан сабынды жағыңыз

Қадам 3: Қолдың барлық жақтарын, оның ішінде алақанның сыртқы жағын, саусақтардың арасын және тырнақтардың астын кемінде 40 секундтан 60 секундқа дейін мұқият жуыңыз.

Қадам 4: Ағынды сумен мұқият шайыңыз

Қадам 5: Таза мата немесе бір реттік сүлгімен қолды құрғақ етіп сүртіңіз

Қолды қашан жуу керек?

  • COVID-19 алдын алу мәнмәтінінде қолды келесі жағдайларда жуу қажет:
  • Мұрынмен сіңбіргеннен кейін, жөтелгеннен немесе түшкіргеннен соң
  • Қоғамдық көлікті, базарлар мен діни ұйымдарды қоса алғанда, қоғамдық орындарға барғаннан кейін
  • Ақшаны қоса алғанда, үйден тыс заттардың беттеріне қолмен тигеннен кейін
  • Науқас адамға күтім жасау кезде, алдында және содан кейін

13

  • Тамаққа дейін және тамақтан кейін
  • Дәретханаға барғаннан кейін
  • Тамаққа дейін және тамақтан кейін
  • Қоқысқа қолмен тигеннен кейін
  • Үй жануарларымен ойнағаннан соң
  • Балаларға жаялықтарды ауыстырғаннан кейін немесе балаларға дәретханаға баруға көмектескеннен кейін
  • Қолда айқын ластану белгілері болған кезде [4.1]

Не жақсы: қолды жуу немесе қол үшін дезинфекциялау құралын қолдану?

Жалпы алғанда, қолды сабынмен дұрыс жуу, сондай-ақ қол үшін дезинфекциялау құралдарын дұрыс пайдалану көптеген микробтар мен патогендерді жоюда өте тиімді. Қолды дезинфекциялау құралын үйден тыс жерде болғанда пайдалану әлдеқайда ыңғайлы.

Коронавирустың таралуын тағы да қалай болдырмауға болады?

  • Түшкіру мен жөтелудің дұрыс әдебін сақтаңыз: жөтел немесе түшкіру кезінде ауызды және мұрынды бүгілген шынтақпен немесе майлықпен қалқалаңыз, пайдаланған майлықты дереу тастаңыз және қолды жуыңыз
  • Бетіңізге (ауызға, мұрынға, көзге) тимеңіз
  • Әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз: қол алысу, құшақтасу немесе сүйісу, бірге тамақтану, бір ыдысты, кеселерді және сүлгілерді бірге пайдаланудан аулақ болыңыз.
  • Суық тиген немесе тұмау белгілері бар адамдармен тығыз байланыстан аулақ болыңыз.
  • Егер сізде немесе сіздің балаңызда жоғары температура, жөтел немесе тыныс тарылу белгілері болса, уақтылы медициналық көмекке жүгініңіз
  • Вируспен жанасуы мүмкін беттерді барынша жиі тазартыңыз (әсіресе қоғамдық орындарда)

14

2.2.Сауалнама жүргізу арқылы

қазіргі таңдағы пандемияның елдегі ахуалы

Пандемия жағдайында елде қалыптасқан жағдайға байланысты мен Ақтөбе қаласы, Бейбітшілік даңғылында орналасқан Ақтөбе облыстық балалар инфекциялық ауруханасының инфекционист маманы –  Айбосынова Гүлжахан Нұрмағамбетқызымен онлайн режимінде сұхбат жүргізген болатынмын. Сонымен қатар, мектеп медбикесі – Дүйсенбаева Нұрпатша Майғұлқызынан мектептегі сақтық шаралар туралы ақпарат алдым. Оқушылар,  мұғалімдер мен мектеп қызметкерлерінің дене температурасының көрсеткіштері арнайы журналдарға тіркеуге алынады.

Бақылау жүргізілді:

-үзіліс кезінде мектеп бөлмелерінде жүйелі түрде желдету жүргізілуіне;

-үзіліс кезінде мектеп бөлмелерінде оның ішінде сыныптарда, коридорларда дезинфекциялық заттардың пайдалануылуымен жүйелі түрде сапалы жуып шаю және тазалау жүргізілуіне;

-қолды жуу ережелері мен техникасын үйреу мақсатында мектеп оқушыларына сабақтарды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады («Сынып сағаты»), қол терісінің антисептиктерін қолдану, сабаққа кіре берісте орнатылған санитайзерлерді қолдану тәртіптерімен таныстырады.

-мектептің техперсоналымен жуып шаю, тазалау принциптері және дезинфекциялық заттарды және тазалау құралдарын тазалауда пайдалану, оларды сақтау ережелерімен таныстырады, жеке гигена сақтауда жеке қорғаныс құралдарының маңызын үйретеді

Мектеп медбикесі қойылған сұраққа нақты жауап бере отырып, өз сыныптастарымен жұмыстануға көмек берді.

15

Тәжірибелік бөлім

Дәрігерлік сараптама

Науқастың медициналық картасынан: Науқас 2021 жылдың 26 қыркүйегінде ауруханаға түскен.  Диагнозы: Covid-19

Шағымдары:

Науқастың 20 қыркүйек күні дене қызуы көтеріліп, дәм, иіс сезбеген. Ауруының 3-күні әлсіздік, құрғақ жөтел, физикалық күш түскенде ентігіп, тершеңдік  пайда болған. Тыныс алуы кеуделік, аралас ентігу. Қиындықпен бөлінетін, қақырықты жөтел. Кеуде сарайын қарағанда қалыпты, қабырға аралықтары кеңейген. Өкпесінде әлсіз тыныс, орта көпіршікті, сырылдар естіледі. Жүрек жиырылысының жиілігі: минутына 93рет соғады.

Артериалды қысымы: 110/60мм сынап бағанасы

Қорытындысы:

«COVID -19» ПТР анализі алынды. Науқастың жағдайының нашарлауына байланысты инфекциялық  госпитальге жатқызылды.

Лабораториялық талдау

Нәжісінің талдауы Қан талдауы
Тұзы- нормадан өте жоғары Лейкоцит-10,2 /л (8-10)
Лейкоцит-13 (болмау керек) Тромбоцит-37 /л
Ақуыз-0,066 (болмау керек) СОЭ-22 мм/ч (2-15)
Ақуыз-65 г/л, төмен (80)

​​ПТРоң

Тиісті дәрі-дәрмектері тағайындалды:

Цеф III, Дексаметазон, Тромбо АСС, Омез, Парацетамол, Левофлоксацин.

Осы емнен кейін…5 қазан күні науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Санасы анық. Тері жамылғылары:  таза, бозғылт, ылғалды. Тыныс алуы мұрын арқылы еркін. Өкпесінде қалыпты тыныс, сырылдар естілмейді. Жүрек тұсын қарағанда патологиялық өзгеріс жоқ.  Дене қызуының температурасы-36,6

Жалпы жағдайы жақсарып үйіне шығарылды

16

Қай масканы таққан дұрыс?

Сыныпта 24 оқушы бар. Олардың 6-уы бір реттік, ал 18-і көп реттік маска киіп жүр екен, солардың ішінде мен де бармын. Бір реттік масканы 2 сағат сайын ауыстырса, 1 күнде 1 балаға 75-100 теңге, 1 айда 2250-3000 теңге жұмсалады екен. Сондықтан маған анам көп реттік маска тігіп берді.

Ұсыныс: Көп реттік маска киюді ұсынамын.

Біріншіден, отбасылық қаражат үнемделеді.

Екіншіден, маскаларды өртеген кезде экологияға зиян келеді. 

Вакцина алған адамдардың қазіргі жағдайы

Елімізде жасалып жатқан вакцина түрлері:

Ресейлік-«Спутник V»

Отандық-«QazCovid»

Қытайдың-«Sinovac»

АҚШ-тың – «Phizer»

Бүгінгі таңда:

Ақтөбе облысында 1-компонентпен 331.328,

2-компонентпен 301.096

Қазақстанда 1-компонентпен 8.212.313

2-компонентпен 7.393.113 адам вакцина салдырды

Бұл тәжірибеге мен өз отбасым, тумаларым және жетекшімді қатыстырдым.

1)Менің отбасымнан: әкем және анам;

2)Туысқандарымнан: нағашы әжем және 5 әпкем;

3)Жетекшім. Барлығы – 9 адам. Олардың барлығы «Спутник-V» вакцинаның

1-кезеңін маусымда, 2-кезеңін шілде айында алғандығын анықтадым. Тамыз, қыркүйек айларында тұмауратып жетекшім, апам ауырды. Алайда,  ПТР қорытындысы теріс нәтиже берді.

       Ұсыныс:

Қазақстан Республикасының азаматтарына вакцинаны алуға кеңес беремін.

17

Қымыздың короновирусқа қарсы емдік қасиеті

Қымыз, шұбат, құрт секілді тағамдар коронавирустың алдын ала ала ма?

Бүгінде желіде коронавирустың алдын алуға арналған түрлі әдіс пайда болған. Солардың бірі – қазақтың ұлттық тағамдары, қымыз, шұбат, айран ішу керек. Себебі, аталған тағамдар иммунитеттің мықты болуына септігін тигізеді екен.

«Ұлттық тағамдардың қолдануға толерантты түрде қараған дұрыс. Сондай тағамдардың ішінде қымызға тоқталса, қымызда пайдалы ферменттер бар, жылқы сүтінде С, В1, В2, В12 дәрумендері және фолий қышқылы бар, табиғи иммуноглобулиндер бар. Сондай-ақ жылқы етінде адамның иммун  жүйесінің дамуына жақсы әсер ететін минералдар мен витаминдер (магний, фосфор,

марганец, калий, кальций, В1, В2, В6 витаминдері және басқалар) бар.

Негізі, коронавируста вирустық этимологиясы фактісін бар екенін ескерсек, оның негізгі зияны – ол иммунитетті төмендетеді. Сондықтан, қымыз – коронавирус жұқтырған кезде де , алдын алуға да қолдансақ болады. Алдын алу мақсатында үнемі қолданып тұру қажет. 

Коронавирусқа қарсы шөптік-дәрілер

   Қазақстанда өсірілетін 15 антивирустық қасиеті бар шөптер:

Орегано (орегано), данагөй, насыбайгүл, аскөк, сарымсақ, мелисса, жалбыз,

розмарин, эхинацея, ақжелкен, мия, астрагал, зімбір, женьшень, бақ-бақ.

Бұл өсімдіктердің ішінен тоқталғаным : сарымсақ, қара зіре.

1) Қара зіре майы, демікпеге, пневмонияға қолданылады:

1 шай қасық және қара тұқым майымен кеудеге және арқаға массаж және ингаляция жасау арқылы

(бір литр суға ас қасық); күніне 2 рет пайдалану.      

                                                  18

2) Сарымсақ тұмаудың алдын алу кезінде пайдаланылады.

150 гр. құйрық май қайнатылады. Құйрық майға майдалап үккіштен сарымсақ араластырылады. Өкпе тұстарына күнделікті 2-3 мезгіл жағуға және таңертең 1 мезгіл асқасықпен ішуге болады.

Қорытынды

Сонымен, ғылыми жобамды қорытындылай келе, COVID-19 пандемиясы бүкіл әлемдегі адамдардың күнделікті өмірін өзгертті, стресс, ауру және азап тудырды. Осы қиындықтар мен өзгерістер фонында салауатты өмір салтын сақтау өте маңызды. Біріншіден, өзімізді және өзгелерді COVID-19 инфекциясы мен таралуынан қорғау үшін бәріміз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұлттық ережелері мен нұсқауларын сақтауымыз керек. Вакцина болғаннан кейін де, бұл ережелер пандемияны тоқтатуға көмектесетін негізгі болып қала береді. Өзіңізге күтім жасауды жалғастыру және маңызды элементтердің бірі – дұрыс тамақтану.

Кейде жағдай бізді COVID-19 пандемиясы кезіндегідей денсаулық мәселелеріне ерекше назар аударуға мәжбүр етеді. Осы жыл денсаулық сақтау әлеміндегі барлық нәрсе біздің бақылауымызда еместігін айқын көрсетті. Соған қарамастан, біздің көпшілігіміз, бақытымызға орай, бір маңызды мәселеде: біз қалай тамақтанамыз, – дейді. Дұрыс тамақтану жалпы денсаулықты сақтау және иммундық жүйенің жұмысы үшін өте маңызды. Біз тұтынатын тағам біздің сезінуімізге және дененің жұмысына тікелей әсер етеді. Бұл принцип ауру кезінде де, оған дейін де, одан кейін де жұмыс істейді.

You May Also Like

Мемлекеттік рәміздердің сандық сипаттамасы, ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ ЖОБА Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздердің сандық сипаттамасы Бағыты: Экономикалық және әлеуметтік процесстерді…

Сиырдың тыныс тіршілігі, ғылыми жоба

Тақырыбы: Сиырдың тыныс тіршілігі Зерттеу жұмысымның мақсаты: Төрт  түліктің бірі сиырға деген сүйіспеншілікті…

Киік – киелі аң, ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ ЖОБА Тақырыбы:    «Киік – киелі аң» АННОТАЦИЯ  Жобаның өзектілігі: Қазақ даласындағы…

Өзін-өзі тану сабақтарында Адамгершілікке тәрбиелеудегі қанатты сөздердің маңыздылығы, ғылыми жоба

Тақырыбы: Өзін-өзі тану сабақтарында Адамгершілікке тәрбиелеудегі қанатты сөздердің маңыздылығы. Бағыты: «Қазақстанның тарихи…