Тақырыбы: Сиырдың тыныс тіршілігі
Зерттеу жұмысымның мақсаты:
Төрт түліктің бірі сиырға деген сүйіспеншілікті ояту.Сиырдың сүті, еті, терісінің пайдасы туралы ғылыми дәлелдеу.
Зерттеудегі міндеті:
Құрбы құрдастарыма сиырды тереңірек таныту және олар білмейтін ақпараттармен таныстыру.
Зерттеу өзектілігі:
Сиырдың маңызы мен пайдасы және оның қыр сырын тану
Зерттеу әдістерім:
1.Үй жануары сиыр туралы жан-жақтан көптеген мәліметтер жинау
2.Сиырдың суреттері және кесене ескерткіштерінің суреттерін табу
Ғылыми жобаның мазмұны
- Негізгі бөлім
- Кіріспе
- Сиырларды сауылуына қарай атаулары
- Сиырларды күй-жайына қарай атаулары
- Сиыр сүтінен алынатын өнімдер
- Сиырдың сүті туралы мәлімет
- Қорытынды бөлім
Кіріспе
Сиыр, ірі қара, мүйізді ірі қара — сүтқоректілер класына жататын аша тұяқты, қуыс мүйізді, күйіс қайыратын жануарлар. Оның жабайы және қолға үйретілген түрлері бар. Қолға үйретілген Сиыр жабайы турдан тараған, ол біздің дәуірімізге дейін мыңдаған жылдар бойы Еуропа, Азия, Африкаматериктерінде кең тараған.Сиырдың дене бітімі олардың өнімділік бағытына (сүт, ет) байланысты болады. Сүт бағытындағы Сиырдың денесі ұзын, сүйегі салыстырмалы түрде жіңішке, терісі жұқа, жұмсақ, түгі жылтыр, қарыны кең, басы мен мойыны ұзын, құрсағы мен желіні үлкен болады. Ет бағытындағы Сиырдың тұрқы төртпақ әрі кең, омыраулы, аяғы мен мойыны қысқалау, желіні кішілеу, сүтті малға қарағанда бұлшық еттері жақсы жетілген, терісі қалың әрі жұмсақ, тері астындағы май қабаты жақсы дамыған. Сиырдың барлығының да түгінің ұзындығы мен қалыңдығы бірдей, денесін тегіс жабады, тек қарыны, шабы мен желін айналасының түгі жіңішке әрі сирек болады.
Сиырларды сауылуына қарай атаулары
Түскі сауым. Бұзаулы сиырдың түс кезінде сауылуы.
Ақ көңіл (иігіш) сиыр. Бірінші рет бұзауы арқылы идіріліп, екінші кезекте бұзаусыз–ақ сүтін толық иіп беретін сиыр.
Кешкі сауым. Сиырдың күн батар алдындағы сауылатын мезгілі.
Ию. Сиырдың сауылған кезінде бұзауын емізіп барып иіп сүт беруі.
Соңғы иінді. Сиырдың екінші рет бұзауына емізіп барып сауылуы.
Сиырларды күй-жайына қарай атаулары
Мамырлаған сиыр. Қыстан шыққан семіздігіне жазғы семіздігі қосылып, еті өте майланып семірген сиыр. Сонымен бірге, төрт аяғынан бірдей ақсап жүре алмай қалған деген мағынаны да білдіру үшін қолданылады.
Шайлаған сиыр. Әдеттен тыс қатты семіріп кетіп, денесінің ауырлығынан аяқтарын зорға алып, жай басатын сиыр.
Көтерем сиыр. Аурулықтан аузы оттан қалып, әбден арықтаған немесе қыста жемшөптің жоқтығынан қатты жүдеп, көктемде жатқан орнынан тұра алмай, арықтық шегіне жеткен сиыр.
Ту сиыр. Үш не төрт жасар сиырдыц шағылысып кетсе де, бұзауламағаны, немесе екі–үш жыл бұқаға шағылыспай, семіз, күйлі жүргені.
Босалаң сиыр. Сиырдың қысқа төзімсіз, тез арықтап жүдейтіні.
Бітеу сиыр. Өмірі бұзауламай бірқалыпты семіз болатын сиыр.
Сиыр сүтінен алынатын өнімдер
Сүт
Кілегей
Ірімшік
Құрт
Сүзбе
Май
Қаймақ
Айран
Сиырдың сүті туралы мәлімет
- Сүт – химиялық құрамы жағынан тамаша тағам. Оның құрамында адам ағзасының қалыпты жетілуі үшін барлық зат бар. Соған орай оған физиологиялық құндылығы жағынан бірде бір азық тең келе алмайды. Сүт басқа өнімдердің биологиялық құндылығын көтереді. Ас қорыту бездерінің жұмыс істеу қабілетін үнемі жақсартып отырады. Сүтті пайдаланып әр түрлі тағамдар дайындауға болады. Айран ұйытып, ірімшік, құрт кептіруден бастап, ботқа пісіруге дейін осы бір керемет өнім пайдаланылады. Ал сүт қосып дайындалған тағам өте дәмді болады. Оның үстіне сүт өнімдерінің дәрулік қасиеті бар. Олар емдеу, алдын алу, диеталық тағам ретінде де қолданылып жүр.
Қорытынды бөлім
- Қазақстанда ерте замандардан бері күтімді аса қажет етпейтін жайылым малдары (қой, ешкі, жылқы, түйе) көптеп өсіріліп келді. Мүйізді ірі қара шаруашылығы (әсіресе сүтті бағыттағы) 19 ғ–дың басынан еліміздің қара топырақты құнарлы аудандарына орыс шаруаларының жаппай қоныстануына, қалыптасқан саяси–әлеуметтік өзгерістерге сай, жергілікті халықтың көшпелі тіршіліктен тұрғылықты өмір сүруге ауысуы нәтижесінде қарқынды дами бастады.