Зерттеу жұмысының тақырыбы:

«Менің отбасымның энергияны үнемдеуге қосқан үлесі»

Аңдатпа

Аталған ғылыми жобада біз энергия және оны үнемдеу туралы тақырыпты қозғаймыз.Қарастырылып отырған мәселе өте өзекті деп ойлаймын.Ғылыми жоба мақсаты энергияны үнемдеп қолдану тәсiлдерiн қарастыру.2018-2019 жылдар аралығында менің отбасым ай сайын қанша элетр қуатын пайдаланғанын анықтау.Энергияны дұрыс және үнемді пайдалану – негізгі айтылатын ойымыз болып табылады.

Аннотация

В данном научном проекте мы затрагиваем тему энергосбережения и энергии.Я думаю, что рассматриваемый вопрос очень актуален.Целью научного проекта является рассмотрение способов энергосбережения. Определить, сколько электроэнергии было использовано моей семьей в течение 2018-2019 годов ежемесячно. Правильное и экономичное использование энергии – это основное мнение, о котором мы говорим.

Annotation

In this research project, we address the topic of energy conservation and energy efficiency.I think that this issue is very relevant.The purpose of the research project is to consider ways to save energy.Determine how much electricity my family  used during 2018-2019 on a monthly basis.Correct and economical use of energy is the main opinion that we speak.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Тұрмыстық техникалар қанша электр энергиясын тұтынатынын бақылап, зерттеп, үйде қаншалықты электр энергиясын үнемдеуге болатынын қарастыру.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  1. Электр энергиясының қанша тұратындығын және айына қанша төлейтінімізді біліп алу;
  2. Әр түрлі жұмыс режимдерінде электр аспаптары қанша электр қуатын тұтынатынын өлшеп алу керекпіз;
  3. Шамдардың қандай түрлері жарықтандыруға болатындығын, ал қайсысы электр энергиясын үнемдейтінін анықтау;
  4. Үйдегі электр қуатының босқа кетпеуін қадағалап үйрену және басқаларына насихаттау;
  5. 2018-2019 жылдар аралығында менің отбасым ай сайын қанша энергияны пайдаланғанын анықтау;
  6. Ғылыми – зерттеу жұмысы арқылы сыныптастарыма энергия жайында көбiрек ақпарат берiп, энергияны үнемдеу, дұрыс пайдалануға дағдаландыру.

Тақырыптың өзектілігі:

Ата-анамнан электр қуатын үнемдеу керек дегенді жиі естимін. Біз электр қуаты жұмсалған кезде ақша төлейміз. Шам жанған кезде, теледидар, компьютер немесе басқа электр құрылғылары жанған кезде. Мен қандай құрылғылардың электр қуатын қанша тұтынатынын және оны қалай үнемдеуге болатынын білгім келді.

Болжау:

Егер әрбір отбасы энергияны  дұрыс қолдануды үйреніп дағдыланса, онда  энергияны үнемдеуге болады.

Мазмұны

Кіріспе. 1- кезең. Ұйымдастырушылық                                                         5- бет

Басты бөлім. 2-кезең. Теориялық бөлім

2.1. Тұрмыста қолданылатын құрылғылар                                                     5- бет

2.2  Энергия деген не?                                                                                      5- бет

2.3. Энергияны қолдану ережелері                                                                  6- бет

2.4. Біздің үйдегі электр аспаптар                                                                           6- бет

Практикалық бөлім. 3-ші кезең

3.1.   2018-2019 жылдар аралығында менің отбасым

қанша энергияны қолданған                                                                          7- бет

3.2. Энергияны қалай үнемдеуге болады?                                                       8- бет

3.3 Сыныптастармен  жүргізілген  сауалнама                                                 9- бет

(1-2-қосымша)                                                                                               9-11 бет

3.4 Шешім                                                                                                        11- бет

КІРІСПЕ

1- кезең. Ұйымдастырушылық

Қажетті әдебиеттерді зерттей келе, мен эксперименттер жүргізіп, белгілі бір тұжырымдар жасауға бел будым, зерттеу жұмыстарына арналған іс-шаралар жоспарын жасадым.

Басты бөлім

2- кезең. Теориялық бөлім

2.1 Тұрмыста қолданылатын құрылғылар

Үйде  әр түрлі электр аспаптары бар. Бұл люстрадағы шамдар, тоңазытқыш, теледидар, шаңсорғыш, компьютер, кір жуғыш машина, жылытқыш. Көпшілігінде ас үйде электр плитасы, розеткадан зарядталатын әр түрлі гаджеттер және т.б.

Барлық құрылғылар жұмыс істеуі үшін электр энергиясын тұтынады. Бұл энергия ваттпен өлшенеді. Біз тұтынатын киловатт-сағат үшін төлем жасаймыз (қысқартылған «кВтсағ»). Біздің мақсат – төлемдерді азайту үшін үйде қанша энергия үнемдеуге болады.

2.2 Энергия деген не?

Электр энергетикасы — энергетиканың басты құрастырушысы, оның басты міндеті — электр энергиясының тұтынушыларын электрлік энергиямен жабдықтау үшін электр энергиясын тиімді жолмен өндіру, тарату және үлестіру. Бұл сала кез келген елдің әлеуметтік және эконономикалық дамуының маңызды бөлігі, себебі электр энергиясының энергияның басқа тасымалдаушыларынан көрі бірқатар ерекшеліктері бар: үлкен қашықтыққа таратудың, тұтынушылар арасында үлестірудің және энергияның басқа түрлеріне (механикалық, жылулық, химиялық, жарықтық және басқа да…) түрлендірудің салыстырмалы жеңілдігі.

Электрлік энергияның маңызды өзгешілігі — оны бір уақытта өндіріп, сол уақытта тұтынуға болады. Электр қуаты қайдан пайда болады? Электр тоғын қуатты электр станциялары шығарады. Содан кейін өте жоғары вольтты тоқ жоғары вольтты желінің қалың сымдары арқылы ағып, оның кернеуін төмендететін арнайы қосалқы станцияларға түседі. Содан кейін ғана қарапайым сымдарға электр сымдарға қосылып үйге  розеткаларға және ажыратқыштарға тоқ келеді.

2.3. Энергияны қолдану ережелері

Электр энергиясы туралы білуіңіз керек ең маңызды нәрсе – электр қауiпсiздiгi техникасы, оны ересек адам ғана емес, бала да өз өмiрiн қамтамасыз ету үшін білуі керек.

Сондықтан электр құрылғыларын пайдалану ережелері бар:

-қосылған электр құрылғыларын қараусыз қалдыруға болмайды.

-электр аспаптары мен электр сымдарын дымқыл қолмен ұстауға болмайды.

-розеткалармен және ажыратқыштармен ойнауға болмайды.

-үйден шыққан кезде барлық электр құрылғыларды өшіріп шығу керек.

-электр құрылғыларын тек ересектердің рұқсатымен қолдануға болады.

2.4. Біздің үйдегі электр аспаптар

Біздің үйде көптеген электр аспаптары бар. Бұл екі теледидар, компьютер, шаңсорғыш, үтік, тостер, кір жуғыш машина, тоңазытқыш, микротолқынды пеш. Мен барлығы 10 электр аспабын санадым.

(1-қосымша) Сонымен қатар бізде ұялы телефондарымыз, ноутбук, розеткалардан зарядталады.Үйде 22 электронды  шам бар. Бұл құрылғылардың барлығы электр қуатын жұмсайды. Бұл энергия ваттпен өлшенеді. 

 Практикалық бөлім. 3-ші кезең

3.1.   2018-2019 жылдар аралығында менің отбасым қанша энергияны қолданған.

Жиыны: 5349  к Вт

Жиыны: 5198  к Вт

2019 жылы 2018 жылға қарағанда 151 к Вт кем қолданылды. Бұл айтарлықтай өзгеріс емес. Егер 5 жыл бойы осы кему индексін 2 есеге арттырып отырса, онда нәтижесінде 2019 жылға қарағанда 2023 жылы 2416 к Вт энергияны жылдық көрсеткіш бойынша кем қолданатын боламыз.

Бұл көрсеткішке қалай қол жеткізуге болады? Бірнеше тиімді жолдарын қарастырып көрейік.

Қазіргі таңда әлемде энергия тапшылығы байқалатындықтан, электр қуатын үнемдеу – қоғамдағы басты қажеттіліктердің бірі болып отыр.

3.2. Энергияны қалай үнемдеуге болады?

Электр қуатын үнемдеудің келесідей жолдары бар:

  1. Алдымен, бөлмеден немесе үйден шығарда шамның барлығын сөндiрiп тек қажет уақытында қосып жүру керек.
  2. Шам демекшi, қазір электр энергиясын аз пайдалатын, яғни энергия үнемдегiш шамдар жетерлiк.
  3. Кiр машинада киiм жуған кезде мүмкiндiгiнше жақсы ұнтақ таңдап, салқын суда жуу, себебi кiржуғыш машина жұмсайтын электр қуатының шамамен 90 пайызы суды ысытуға кетедi екен.
  4. Жуылған киiмдi кептiргiш машинада кептiрмей, күн жылы болса, далаға жайсаңыз, бұл да үнемдеудiң бiр жолы.
  5. Егер үйiңiзде термостат болса, қыс мезгiлiнде температурасын төмендетiп қойыңыз. Ал жазда салқындататын қызметiн жиi қоспаңыз. Ұйықтап жатқаныңызда немесе үйде болмаған уақытыңызда жылуды сөндiрiңiз.
  6. Желдеткiш пен кондиционердi жиi пайдаланбай, кей кездері терезенi ашқан да жеткiлiктi болады.
  7. Тамақты жылыту керек болған жағдайда электр пешiнiң орнына микротолқынды пештi қолданыңыз.
  8. Тамақты мультиваркада пiсiрiңiз, электр пешiмен салыстырғанда электр энергиясын әлдеқайда аз пайдаланады.
  9. Тоңазытқышты таза ұстау. Тоңазытқышты тұрақты түрде тазалап отырсаңыз, моторының жұмысы жеңiлдейдi. Осылайша электр қуатын үнемдеп қана қоймай, тоңазытқышыңыздың өмiрiн ұзартасыз.
  10. Үйiңiзде су жылытатын титан болса, су жылыту қызметiн ең төменгi деңгейде ұстау керек.

3.3 Сыныптастармен  жүргізілген  сауалнама  (2-қосымша)

Мен сыныптастар арасында қашықтықтан онлайн сауалнама жургіздім. Нәтижесінде сыныптастарымның көпшілігі  үйлерінде энергияны үнемдейтін шамдарды қолданады екенін білдім. Осы онлайн конференция кезеңінде  сыныптастарыма  тұрмыста электр энергиясын үнемдеудің 10 қарапайым  тәсілдерімен таныстырдым.              

3.4  Шешім:

  1. Зерттеу барысында энергияның қайдан пайда болып және адам өміріне тигізетін пайдасын білдім.
  2. Электр есептеуіштің арқасында қанша кВт энергия жұмсалатынын білуге болады.
  3. Қазіргі таңдағы біз қолданатын барлық дерлік құрал-аспаптар тікелей энергияға байланысты жұмыс істейді.
  4. Электр энергиясының мөлшерден тыс ысырапталуы жылдан жылға артып келеді.
  5. Қазіргі кезде қоршаған ортаның жағдайы жақсы болу үшін баламалы энергия көздерін пайдалануға жаңа жобалар жасалу керек.

4.1  Қорытынды:

Қазіргі таңда энергия адамзат үшін тіршілік етудің басты көздерінің бірі болып табылады. Энергия болашақ пен дамудың басты факторы. Оны қолдану көрсеткіші жылдар жылға еселеп артып келеді. Бұған себеп: халық санының өсуі және энергия көздеріне тікелей байланысты заттардың артуы. Күнделікті өмірде энергия өте қажет. Ол тек адамның үйдегі мұқтаждықтарын қамтамасыз етіп қана қоймай, коммуникация, экономика, ғылым және өндірісте өте маңызды рөл атқарады. Шектен тыс ысырапшылдық жағымсыз нәтижеге әкеп соғатыны құпия емес, мысал ретінде айта кетсек:

Энергияны мөлшерден көп қолданған кезде, электрстанцияларының жұмыс істеу жүйесінде ақаулар пайда болып, аудан немесе қала ток көзінен ажыратылуы мүмкін. Бұл жағдай ауруханаларға өте қатты әсерін тигізеді. Тіпті соның салдарынан адам өмірі тоқтауы мүмкін.

Айта кететін болсақ энергияны үнемдеу ол тек өзіміздің қолымызда. Ысырапшылдықтан арылып, үнемдеуді үйренсек біздің өзімізге жақсы болары анық. Әрине бұл ұзақ уақытты талап ететін жайт. Бірақ бұл уақытты созып жүре берген дұрыс болмайды. Бұлай істемеген жағдайда  ресурстарды үнемдеуіміз қиындай түседі. «Адамның күні адаммен», сондықтан бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып өз болашағымызды өзіміз құрайық.  

 ЖОБАҒА ПІКІР

тұрмыста қолданылатын құрылғылардың электр қуатын қанша тұтынатынын және оны қалай үнемдеуге болатынын жан – жақты қарастырып жұмыстың мазмұнын анықтап аша білді. Ділдә зерттеу жұмысының практикалық бөлімінде алға қойған міндеттері бойынша жұмыс жасай алды.Электр энергиясының қанша тұратындығын және айына қанша төлейтінін анықтап есептеп, 2018-2019 жылдар аралығында өзінің отбасының ай сайын қанша энергияны  пайдаланғанын анықтап, диаграмма турінде көрсетіп, салыстырмалы сипаттамасын бере алды.

Ғылыми – зерттеу жұмысы арқылы сыныптастары арасында ZOMM  платформасында  онлайн энергия жайында көбiрек ақпарат берiп, энергияны үнемдеу, дұрыс пайдалануға дағдаландыру мақсатында кеңестерін берді. Ділдәнің жүргізген онлайн кеңес жұмыстарына  сынып  оқушылары қызығушылықпен белсенді қатысты.

Жалпы жұмыс теориялық және практикалық бөлімнен тұрады. Жұмыстың теориялық бөлімінде электр энергиясына байланысты негізгі түсінік мәліметтерін берсе, ал практикалық бөлімде зерттеу жұмыстары мен олардың қорытындылары келтірілген.

Жұмыс тиянақты түрде жазылған, әрбір бөлімінде нақты мәліметтер мен мысалдар келтірілген. Жұмысқа дұрыс баға бере отырып,

оны бұқаралық ақпарат көздері арқылы көпшілікке жеткізу керек деп есептеймін. Себебі ондағы берілген мәліметтер мектеп оқушыларының күнделікті электр энергиясын үнемдеуге, қоршаған ортаға қамқорлық көзқарастарын кеңейтіп, экологиялық білімдерін кеңейте түседі.

You May Also Like

Қазақ ертегілерінің маңызы, ғылыми жоба

Ғылыми жоба Тақырыбы:   «Қазақ ертегілерінің маңызы»  Бағыты:   Әдебиеттік оқу Секциясы:  Бастауыш сынып…

Қазақтың сәндік қолданбалы өнері –құрақ құрау, ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС  Бағыты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ өнерінің              сарқылмас қайнар көзі…

Анимация, ғылыми жоба

КІРІСПЕ Барлық елдердің балалары сәби кезінен мультфильмге құштар болады. Мультфильм баланың ата-анадан…

Тұздың пайдасы мен зияны, ғылыми жоба

Тұздың пайдасы мен зияны  Сараптама Бұл ғылыми шығармашылық жұмыс оқушылардың тілін, шығармашылығын,…