ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС 

Бағыты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ өнерінің              сарқылмас қайнар көзі –құрақ құраудың маңызын насихаттау арқылы    оқушылардың бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіру.

Секциясы:  Этномәдениеттану

Тақырыбы: Қазақтың сәндік қолданбалы өнері –құрақ құрау

Мазмұны

Аңдатпа (Аннотация)…………………………………………………………………………2

I Кіріспе…………………………………………………………………………………………….3-4

II Негізгі бөлім

2.1. Құрақ құраудың шығу тарихы…………………………………………………….

2.2. Құрақтың көркемдік мән-маңызы ………………………………………………..

2.3. Қиыстырып құрақ қию Қазақтың ежелгі қолөнері………………………..

2.4. «Ана көрген тон пішер….» (сұхбат)……………………………………………..

III Құрақ өнерінің жаңашылдығы

3.1. Өзімнің шығармашылық жұмыстарым………………………………………

3.2. Жаңа тәсілмен құрақ көрпе тігу әдісі………………………………………….

IV Қорытынды…………………………………………………………………………………..

Аңдатпа (Аннотация)

Құрақ құрау өнері атты ғылыми жобада жас зертеуші құрақтың шұғу тарихынан бастап олардың қай мемлекетте қалай пайда болғандығына ерекше көңіл аударып, түркі халықтары арасында, онын ішінде қазақ халқының ұлттық қол өнерінің соның ішінде құрақ құрау қолонердің ерекше бір түрі екенін аңғарған. Зерртеу барысында өзімдік көз қарасын білдіріп, ұтымды ұсыныстар жасаған. Халық арасында күнделікті тұрмыста кездесетін құрал жабдықтар тек әдемілік үшін ғана жасалған емес, оның иесін тіл көзден сақтап, үйіне бағыт алып келетындігіне сенген. Ал ең бастысы, құрақ құрау бұйым от басының татулығын сақтап, ру мен ру, тайпа мен тайпа арасындағы адамдардың бірлігін нығайтатындығына нанған.

Аннотация:В исследовательском проекте под названием ласкутное шитье молодой исследователь обратиль особое внимание на их историю и в какой стране оно появилось и поняла что у тюркских народов,среди них у казахов ласкутное шитье был особым видом рукоделья.В ходе исследования она высказала свою точку зрения и дала хорошие предложение.Рукаделья встречаюшиеся в повседневной  жизни у людей сделаны не только для красоты,но есть и суиверия что они зашишиют владельцов от сглаза и приносят счастья в его дом.И самое главное, они верили чтоизделия из ласкутного шитья сохраняли семейную атмосферу и укрепляли единство их предков.

Annotation :In a research project called delikcate sewing,a young researcher paid special attention to their history and in which  country it appred and understood that among the Turkie peoples,among Kazakhs delicate sewing was a special kind of needlework.In the course of her research,she expressed her point of view and gave good suggestions.Among people,the mittens found in everyday life are made not only for beauty,but there is a superstition that they protect the owners from the evil eye and bring happiness to his house.And most importantly,they believed that products from the delicate sewing retaineda  family atmosphere and strengthened the unity of their ancestors.

I Кіріспе

Қазақ халқының қол өнері өзінің қайталанбас көркемдігімен,дәстүрлі әдісімен дараланып тұрады.Көнеден қалған бұйымдар өрнегінің ерекшелігімен адамды баурап алып,тарих қойнауына жетелейді.. «Ел іші-өнер кенші »-дегендей халқымыздың өткен өмір жолында бір жүйеге түскен көптеген қол өнер қазынасы бар,соның ішіндегі қол өнеріміздің бір саласы құрақ құрау өнері деп білеміз.Құрақтың түрлері өте көп.Мысалы мата қиындыларынан әртүрлі өрнек құрауға болады.Құрақпен қазақ халқымен қатар өзге ұлт өкілдері де шұғылданады, бірақ оны әр ұлт әртүрлі атайды.Орыс халқы мозайка немесе пэчверк,ал батыста құрақ көрпеше жастық мағынасында айтылады.Біздің қазақ тілінде құрақ сөзінің екі түрлі мағынасы бар.Біріншісі көл жағасында өсетін өсімдікті құрақ десе, екіншісі мата қиындысынан түрлі гиометриялық пішінде қиылып тігілетін үй жиһаздарының бірі.Бұл үй жиһаздарына құрақ көрпе, құрақ жастық құрақ көрпеше,құс жастық шынтақ жастық жөргек жастықтар енеді.Сондай-ақ құрақ жастықтардың өзіндік алатын орны бар.Мұндай жиһаз түрлері қыз ұзатылғанда қыздың дүние тірлік жасауына да қосып беріледі. Жаңа түскен жас келінге де арналып құрақ көрпеше төселеді.Құрақтан жасалған бұйым беру себебі,қыз барған жерінде,басы көбейіп,тірлігі қиюын тауып,тіршілігі дөңгелене берсін мағынада беріледі.Құрақ өнері қазір де қолданыстан шыққан жоқ

Басты бұйымдары көрпе, тұскиі, жастық, түрлі ойыншықтар болып келетін құрақ құрау – қазақ дәстүрінде қыз балалар кішкентайынан біліп, үйренуге тиісті қолөнер түрі. Ол қыздарды төзімділікке, үнемділікке, шеберлікке, бояуларды ажыратып, олардың бір-бірімен үйлесімділік табуын түсініп, тануға шыңдайды, тазалыққа, әсемдікке үндейді, жан-дүниесін байытып, ой-өрісін кеңейтеді. Құрақ негізінен, түрлі-түсті маталардан құралады. Мата қиығын қолына ұстаған әрбір әйел оны білмей тұрып қиық құрай алмайды, жасаған бұйымы көріксіз болып шығады. Яғни, құрақ құрауда қойылатын басты шарт: онымен айналысатын адамның бойында өнерді түсінетін қасиет, ұшқыр қиял, бояулардың сырын білетін таным болуға тиіс.

Қазақ халқының қолөнерінің бірі –құрақ құрау өнері туралы түсініктеме бере отырып, бізге тәрбие мен білім негізінде өз ұлтының ғасырлар бойы жинақталған тәрбиесін, адамгершілік қағидаларды бойына сіңіре отырып, өнер мен мәдениетін, тілін, әдет-ғұрпын, ата-салтын, халықтың қалпын жоғалтпау мақсатында құрақ құрау әдісін мұғалімнің ұсынысымен бойыма сіңіре отырып,ғылыми жобамды ұсынамын.

Зерттеудің өзектілігі. Қазақ халқында тәрбиелік мәні бар халықтық мұралар аз емес. Қазақ халқының өнерін, іскерлігін, өнер шеберлерінің қолынан шыққан алуан түрлі заттар мен бұйымдарды айтып, бұрынғысы мен бүгінгісін салыстыра отырып ұлттық өнерді сүюге, құрметтеуге баулу, бүгінгі шәкірттерді ертеңгі еңбеккер, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу, оқушылардың жүрегіне жол тауып, олардың бойында еліне, жеріне ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін, пәнді оқып үйренуге деген ынтасын, құштарлығын арттыру, қазақ құрақ өнерін жас жеткіншектердің санасына жеткізудің құралы.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ өнерінің сарқылмас қайнар көзі –құрақ құраудың маңызын насихаттау арқылы оқушылардың бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіру. Матаның қиындыларын іске жарату және әртүрлі фигураларды қиылыстырып бір бұйым жасап шығару жолдарын көрсету.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы аңдатпа, кіріспе, негізгі бөлім, құрақ өнерінің жаңашылдығы, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

II Негізгі бөлім

2.1. Құрақ құраудың шығу тарихы

Құрақшылық қолөнері сәнді жұмыстар жасау тарихы өте арыдан басталады. Таңғажайып талантымен талайларды тамсандырған қазақ қолөнерінің қайталанбас түрі – қиыстырып құрақ қию, одан көздің жауын алатындай өте бағалы бұйымдар жасау. Зердесінде зейіні бар әр адамның қай-қайсысы да құрақтан жасалған заттарға ойлы көзбен назар аударса, сан алуан сәнді түстердің бір-бірімен жарасым тауып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңғара алады.

Қазақтың қолөнерінің өмірге келуі халықпен, көшпелі өмірмен тығыз байланысты. VII-VIII ғасырда тігіншілік, етікшілік пайда балған. Сауда саттық дамыған кезде әр халықтың өнері араласып ұлттық құрақ түрлері пайда болды. Қазіргі уақыт талабына сай жаңа үлгідегі «сегізжапырақ”, «қызғалдақ”, «ботакөз”, «құдық”, «жұлдыз”, «шахмат” құрағымен жастық тыс, көрпе, сырмақ, паннолар жасалады. Қазақ халқы-кең байтақ елімізде қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы, ұлттық қолөнердің үздік үлгілерін атадан балаға мұра етуші.

Құрақ дегеніміз ерте заманнан келе жатқан жан өнер Каирдің Булат мұражайында қарақұйрық терісінен құрап тігілген өрнектер әрі күнге дейін сақталған, ал Токио мұражайының бірінде Майома Әдонің (1569-1867) асыл тастар мен түрлі маталардың қиындыларынан құрап тігілген киімі әлі күнге дейін сақталған. Демек құрақтар тек кедейлер емес байдың, ханның үйінде де одан жамылғы көрпелер, киімдер тігіп киген.

Ғасырлар бойы уақыт елегінен өтіп ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ұлттық қолөнер бабалардан қалған мәдени мұрамыздың ең асыл құнды қазынасының бірі. Ол келер ұрпақ тәрбиесінде баланың ой санасына жаңа заман талаптарымен үндесе тарап ақыл-ойды асқарға, қиялды-қияға жетелейтін киелі мұра.

Құрақ құрау – бұл нағыз өнер, мата қалдықтарын үнемдеп тігудің ерекше түрі. Бұл құрақ өнері бүкіл елге белгілі өнердің бірі болып табылады. Құрақ құрау көптеген халықтарға бұрыннан белгілі өнер. Ең көне бұйым болып табылатын пэчворк техникасы, ең алғаш рет шыт отаны – Индия елінен табылған. Ерте заманда құрастырылған киімдерді кедей, нашар тұратын адамдар киген. Ал қазіргі таңда құрастырылған киімдерді авангард стилінде пайдаланады. Орта Азия халықтары қазақпен қырғызда – «құрақ”, Ресейде – мозайка немесе «ляпочка” деп, ал ағылшынша «квилт» деп, Жапон халқында «сашико» деп аталады. АҚШ, Германия, Швеция сияқты елді мұражайларында құрақ бұйымдарының коллекциясы бар.

Ал қазақ халқының тұрмыс тіршілігінен хабар беретін бір қатар бұйымдар Ә.Қастеев мұражайнда сақталған.

Қасиетті қазақ халқының, соның ішінде әйел адамдардың қолдарынан шыққан қолөнер туындыларының тарихы тым тереңде жатыр. Ол кең байтақ жерімізді мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн тәрізді көне түрік тайпаларының мәдениетінен арқау алады. Және де оған Оңтүстік-Сібір, Орта Азия мен Ресей халықтарының да мәдениеті өз әсерін тигізген. Осындай үнемі жаңғыру үстінде болған қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінің даму биігіне көтерілген кезеңі ХІХ ғасырдың 2-жартысы мен ХХ ғасырдың басы.

Археологиялық қазбалар мен жазба ескерткіштерге арқа сүйенсек, Қазақстан аймағын мекендеген тайпалар жүздеген жылдар бойы металл, тас, сүйек, саз балшық, ағаш, жүн, тағы басқа да шикізаттарды шаруашылық кәсіптері мен күнделікті тұрмыс қажетіне жарап, қол өнердің өз ұлтына тән ерекше көркем түрлерін қалыптастырған. Қазақстан жеріндегі қолөнердің көне заманнан келе жатқанына Павлодар өңіріндегі Досыбай жартасынан табылған бейнелер, Өскемендегі жазбалар мен Ұлытау жартасындағы суреттер, өзіміздің облыс көлеміндегі Лебедевка, Қырықоба обаларында жүргізілген архелогиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған керамикалық қазындылардың беттеріне салынған геометриялық өрнектер нақты айғақ бола алады. Өзге де ғылыми деректерде қазақ даласында болған саяхатшылар қазақ топырағын мекендеген сақтар мен массағаттардың барлық заттардың әшекейленіп, киімдердің өзіне тән үлгісі барын айтады.

Қазақстандағы құрақшылардың басын біріктіру, халықаралық байқауларға шығуға мүмкіндік жасау,қазақтың ертеден келе жатқан ерекше қолөнеріне жастардың назарын аударту мақсатындаҚазақстан құрақ құрау шеберлерінің ассоциациясы «Бастауларға саяхат» деп аталатын Республикалық 3-ші байқау ұйымдастырған болатын.

Бұл байқауда еліміздегі құрақ құраудың нағыз шеберлері мен өнердің осы түрін өзіне серік еткен құрақшылар туындыларын көрермендер назарына паш етті.

Салонның негізін салушы Күспанова Мария Райыпқызы. Өзінің күш-жігерінің арқасында кішкене ғана жерде 1-2 тігін машинасымен өз ісін бастаған Мария апайдың еңбегі жанып, ел ризашылығына бөленді. Іскерлігі бағаланған ол «еліміздің ең үздік кәсіпкері» атанып, Ел Президентінің «Алғыс хатымен» марапатталып, « Іскер әлем» журналына енгізілді.

Халықтың ұлт екенін айыратын үш негізгі арнасы бар:тіл өнері, қолөнері және саз өнері. Халқымыздың қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық жиынтығын айтамыз. Солардың ішінде ертеден келе жатқан өнер апаларымыз тігетін құрақ құраудың да өзіндік тарихы бар. Екі түрлі матаны бір-бірімен қиылыстыра тігетін болсақ, қарапайым ғана құрақ шығады.

Абай атамыз айтқан бес дұшпанның бірі – ысырап болса, өнердің бұл саласы сол ысырапшылыққа жол бермейді.

2.2. Құрақтың көркемдік мән-маңызы

Құрақтағы бояулар сыры

Қазақ қолөнерінің, оның ішінде құрақ бұйымдарының бояуы сан алуан.Түс шеңберінде түстер екі топқа бөлінеді: жылы және суық. Түс шеңберінде бір-біріне қарсы тұрған түстерді қарама-қарсы түстер дейді.Олар қызыл-жасыл, сары-күлгін, көк-қоңыр т.б.

Халқымыздың ұғымында көгілдір түс-аспанның символы, қызыл түс – оттың, қанның, өмірдің, жасыл түс – өсімдіктің, көктемнің, бастаудың, ақ түс – биіктіктің, аспанилықтың, сары түс – даналықтың, білімнің белгісі. Сол себепті, қиықта бұл түстер бір-бірімен тығыз бірлікте тұрғанында ғарыштың, әлемнің бейнесін бедерлеп, буддистік мандаланың философиялық мағынасынан да артық мән-маңызға, құпия сырға толы екенін байқатады.

Түстер гаммасын топтау немесе түстер үйлесімділігі.

Матаны түстеріне қарай таңдаудың маңызы зор. Мата қиындыларының ішінен алдымен түсі ақ, ұсаү суреттері бары таңдап алынады. Бұлар басқа түстерге қарағанда, сирек және аз мөлшерде қолданылады.

– Сұр түс – кез келген гамманы жақсартады.

– Ақ түсті фон ретінде пайдалансақ компазицияны нәзік етіп көрсетеді.

– Бір бұйымға өте көп материал қолданудың қажеті жоқ, 3- 5 түрі жеткілікті.

– Құрақпен жұмыс істеу үшін матаға суреттің қандай тәсілмен түсірілгенін білу керек .

Мата түстерін таңдағанда – ашық түс пен күңгірт түстерді , матаның реңіне қарай қарама –қарсы түстерді (контрасные ), топтық түстер гаммасын жасауды басты назарда ұстау қажет.

Құрақ маталары.

Қамқа– алтындатқан немесе күмістеткен зерделі жіптен тоқылған жібек мата.

Қатипа – жол-жолы бар, жұқа жібек мата. Барқыт, шыт.

Торқа – ең қымбат жібек мата.

Батсайы – қалың жібек кездеме.

Торғын – қымбат бағалы жібек матаның бір түрі.

Мақпал – тығыз тоқылған, жұмсақ, түкті барқыттың бір түрі.

Қыжым – сапалы жүнен тоқылған түкті мата, плюш.

Пай – жібек мата.

Парша – алтын мен күмісті араластыра отырып тығыз тоқылған жылтырақ жібек мата және сол матадан тігілген қымбат бағалы киім.

Қазине – жібектен қалыңды – жұқалы етіп тоқитын мата.

Шағи – жұқа келген жұмсақ және таза мата.

Ләңке – сырткиімдік матаның бір түрі.

Насар – жібек кездеме.

Ұштап – ақ түсті тығыз мата.

Шыт – арзанқол жұқа мата.

Сәрпөңке – астарлық жібек мата.

Бояқ – кездеменің боялған түрі.

Борлат – қызыл түсті жұқа мата.

Тібен – түрлі-түсті қалың мата.

      Велюр              

Мақпал

Құрақтың түрлері төрт топқа бөлінеді:

Табиғат. Жануарларға.  Геометриялық.   Аспан әлемі.

     Құрақ құрауға қажетті құрал-жабдықтар: тігін машинасы,  ине, жіп, қайшы, дайын үлгі, сызғыштар, мата қиындылары

2.3. Қиыстырып құрақ қию Қазақтың ежелгі қолөнері

Құрақтан жасалған бұйымдарда да олар өз орнын тауып жатады. Негізінен, қазақ символы көп қабатты. Ол басқа символдармен астасып, мағынасын байыта береді. Этнографтардың айтуынша, бұл жерде ұшбұрыштың және оған қиысатын барлық элементтердің мәні айрықша. Олардың түсіндіруінше, үшбұрыш магиясының мәні үш дүниені тұтастыра білуінде. Қазақтың дәстүрлі көзқарастары бойынша, үшбұрыш – су, жер, ауа – үш ғаламның белгісі болып саналатын балықты, оқты, құсты меңзейді. Құрақтан жасалатын бұйымдар

Қоржын. Зат салатын бұйым. Ертеде жарапазан айтқан балалар иығына қоржын арқалап, қазақ ауылдарын аралаған. Әрбір үй оларға қолында бар құрт, ірімшік, жент тәрізді тәттілерін беріп, күміс түйген орамалдар сыйлап, балалар өз отбасына қоржынын несібеге толтырып қайтатын болған. Алыс сапарға шыққандар да астындағы атына қоржын теңдеген. Тіпті, сүндетке отырғызған баланы атқа мінгізіп, ағайын аралатқанда да жанына қоржын байлағаны мәлім. Қазір түрлі қиықтардан жасалып, сәнді қазақы қоржындар құдағилар арасында жүріп, сыйластықтың бір дәнекері болуда.

Құрақ кеудеше. Көбінесе қыз-келіншектерге арнап жасалатын киім. Халқымыздың салт-дәстүрі бойынша, ұл-қыздары той-думанда ғана емес, күнделікті өмірде де әдемі киініп, таза жүрген.

Тақия. Қазақ шеберлері ежелден-ақ құрақтарды қиюластырып тақия тігіп келеді. Құрақ тақиялар – өте сәнді баскиім болып саналады.

Құрақ көрпе. Оны трикотаж тоқымалардың қиықтарынан да, жібек маталардың құрақтарынан да жасайды. Мұндай маталардан жасалған құрақ көрпелер жұмсақ болады. Трикотаж тоқымалардың қиықтарынан тігілген құрақ көрпенің ені жіңішкілеу, ұзындығы екі метрдей үлгіде келеді. Бұл көрпені сегіз шаршы етіп топтастырған оңды. Әр шаршы жеке құрастырылып, оларды қиықша үшбұрыш түрінде бір-бірімен жымдастырып тігеді, астары жұқа жүн матадан жасалады, екі арасына синтетикалық синтепон матасы салынады. Ал енді жібек құрақты жұмсақ көрпені екі адам жамылатындай етіп, ашық түсті жібек маталардың құрақтарынан құрастырады. Бұл көрпеде құрақтар текше түрінде тігіледі. Оның ең оңай тәсілі дойбының тақтасындай етіп құрау. Жібек құрақ көрпенің шетіне тұтас материалдан белдеу жүргізеді. Астары мақта матасынан тігіліп, көрпенің ортасына синтепон салынады. Құрақ көрпелердің бір шаршысын бөліп алып, оны орындыққа көрпеше етіп жабуға да болады.

Құрақ жастық. Үйдегі құрақ көрпенің үстіне құрақ жастықты қойып, қонақтар оған шынтақтап жататын болса, ол отбасын ерекше бір ұлттық сән-салтанатқа бөлеп тұрады. Құрақ жастықтарды қоңыр немесе жасыл, әйтпесе қою көк түсті материалдан жасап, бетіндегі өрнегін ақ немесе ашық сары түсті матадан орнатып, жиегіне ақ түсті әшекей жіп жүргізсе, ол тіпті көрікті болып шығады.

Аяққап. Түрлі-түсті құрақтардан жасалатын аяққап ыдыстар салуға арналған. Онда сақталған ыдыстар сынбайды, таза болады. Қазір үйдің ажарын ашу үшін ғана пайдаланылады. Бұрындары ол қазақ әйелдерінің ең қажетті бұйымдарының бірі болатын. Аяққаптың шағын түріне жіп, қайшы, тарақты, басқа да ұсақ-түйек заттарды салып қояды да айнаның жанына апарып іледі. Аяққап жасау үшін көбінесе екі түсті драп маталар таңдап алынады. Оның сыртқы бетіне ою салынады, бұл оюлар аяққаптың төрт бұрышында тұрады, аяққаптың ортасына, етегіне түсті жіптерден шашақ тігеді.

Қолқапшық. Бұрындары жас қыздардың жеке заттарын салып қою үшін жасалған сәнді бұйым. Оны қоңыр, қоңырқай драптан тігіп алып,беткі жағына қошқар мүйіз ою тігеді. Оюдың шеті өрнекті жіппен бастырылады. Бауы да драптан әзірленеді. Қолқапшықтың ауызы түймеленеді. Қолқапшықты жастар иығына іліп алады.

Құрақ ойыншықтар. Оны үй ішіне сән беруі үшін тігеді. Әсіресе, қазақ шеберлері көп жасаған құрақ ойыншықтар: доп, ат, піл, күшік. Мұндай бұйымдарды диван үстіне, тіпті автокөлік ішіне де қоюға болады. Құрақ ойыншықтарды жасау үшін драп, мех қалдықтары, синтепон, ұсақ былғары қиықшалары таңдап алынып, түр-түсіне қарай сұрыпталады.

2.4. «Ана көрген тон пішер….» (сұхбат) 15.08.2019 күні ауылымыздағы  он саусағынан өнер тамған тігінші Мекеш әжемен сұхбаттасып қайттық. Әжей өзінің түрлі құрақ бұйымдарын көрсетіп, атауларымен таныстырып, олардың тігу жолдарын айта кетті. Олардың ішінде әлі күнге өңін жоғалтпаған ескіше тігілген құрақ үлгілері де бар екен. Әжей ендігі кезекте халқымыздың ежелгі қолөнерін немерелеріне үйретуде. Бізге Мекеш әжейдің сұхбаты өте қызықты болды. Әжей: «Құрақ өнерін зерттеп, ізденіп жүреген қадамдарың сәтті болсын балалар!» деп батасын беріп, бізге естелікке құрақ көрпеше сыйлады. Осындай қазыналы қарттарымыз көп болсын, жасы ұзақ болсын деп тілейміз!

III Құрақ өнерінің жаңашылдығы

3.1. Өзімнің шығармашылық  жұмыстарым

3.2. Жаңа тәсілмен құрақ көрпе тігу әдісі

Қызға арналған құрақ көрпе тігеміз. Қыз көрпе құрақтың екі түрінен тігіледі, яғни шексіздік және құсмұрын құрақтарын үйлестіреміз.

Біз құрақ тігу үшін көк және ақ түсті велюр матасын, сондай-ақ сары түсті парша матасын таңдап алдық.

Құрақ әдемі, тегіс, жатық шығу үшін әрбір шаршысының астына арзанқол сафари матасын қойып, дәл ортасын белгілеп алып, оның үстіне 3х3см сары паршаны қойып, оған ені 3 см ақ түсті велюр екі қатар жүріп, одан кейін екі қатар көк түс жүргізіп құсмұрын құрағын тігуді бастаймыз.  Дәл осындай тәсілмен ақ және көк түсті маталардың арасына құстың тұмсығы пішіндес сары парша салынып тігіледі.

IV Қорытынды

Құрақ құрау өнерін дымытуды насихаттауымыздың мақсаты қолөнерді сақтап қалып, дәстүрімізді жалғастыру кешегі қажеттіліктен туындаған өнерді бүгінгі жастарды тәрбиелеуге пайдалану, өнерге баулып тәрбиелеу.

Жұмысты жасау барысында көптеген зерттеме жұмыстарын жүргіздім. Өз жұмысымның ерекшелігі қазақтың салт-дәстүрін, ұлттық қолөнер туындыларын зерттей отырып, құрақ өнерін меңгердім. Жалпы, құрақ өнерін зерттеу барысында, оның түрлерін, жасалу жолдары, тарихы айтылған. Адам, қоғам үшін құрақ өнерінің жасалуын зерделей келе қолөнер байлығымыз екенін білдім. Құрақ – қызық, әрі құнды өнер. Ол ұзақ ізденісті, ыждағатты қол еңбегін қажет ететін іс. Шын шеберлікке қоса табандылықты талап етеді.

Қазақ халқының қолөнерінің аса қымбат, қайталанбас сұлулығын, ғажайып көркін құрақ өнерінен көреміз. Ғылыми жұмысымды қорыта қеле, түйген ой-пікірім:

–құрақ өнері арқылы халықтың қолөнерін, салт-дәстүрін білу.

–құрақ өнері – есте сақтау, жобалау, шамалау, түстер жарасымдылығын жақсы айыра білуге

–құрақ өнері – өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты, шеберлікті талап етеді.

Мен құрақ құрау өнерін зерттей келе, бұл өнердің арнасы мен мүмкіндігі өте кең екеніне көзімді жеткіздім. Сол себепті бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық сезімін, мінез-құлқын, өзінің тілін, дәстүрін жоғалтпау керек деп түсінемін

You May Also Like

Мүшелде бар жұмбақ сыр, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Мүшелде бар жұмбақ сыр» Орындаған: Қожақаева Айым Мазмұны…

Менің мысығым, ғылыми жоба

Ғылыми жоба Тақырыбы: «Менің мысығым» Мазмұны Аннотация________________________________________________ Кіріспе___________________________________________________ Негізгі бөлім _____________________________________________ Зерттеу…

Функция қасиеттерінің ерекшелігі, ғылыми жоба

Секция: Математика Ғылыми жобаның тақырыбы: «Функция қасиеттерінің ерекшелігі» «Функция қасиеттерінің ерекшелігі» тақырыбындағы…

Алоэның емдік қасиеті, ғылыми жоба

Пікір «Алоэның емдік қасиеттері». Уалихан  зерттеу   жұмысының  тақырыбын  толық  ашу    үшін  ізеніс…