Пікір

«Алоэның емдік қасиеттері».

Уалихан  зерттеу   жұмысының  тақырыбын  толық  ашу    үшін  ізеніс танытып,  осы  тақыпыпқа   көптеген   ғылыми  әдебиеттерді  пайдаланды. Алдына  мақсаттар  мен  міндеттер  қоя  отырып  қортындылар, тәжірибелер жасап  байқаған.  Зерттеген    нысаны  туралы   дәлелдер  келтіріп  ойларын баяндай  алды.  Ғылыми   жұмысын   бағалауға   болатын    ғылыим   жұмыс деп есептеймін.

Пікір жазушы жетекшісі:     Бекшоинова Р. С.

АЛОЭ  ӨСІМДІГІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ  ЕМДІК ҚАСИЕТТЕРІ

І. Кіріспе

 ІІ. Негізгі бөлім

 2.1. Алоэ өсімдігінің сипаттамасы

2.2. Алоэ өсімігін практика жүзінде қолдана отырып, емдік қасиеттерін анықтау.

 ІІІ. Қорытынды 

ІУ. Пайдаланылған әдебиеттер

Тақырыбы:  Алоэның  емдік  қасиеті.

Қазақстан ұлы державада болуы үшін ақылды да ойлы, дарынды жастар керек.
(Н. Ә. Назарбаев)

Зерттеудің мақсаты: Туған өлкеде өсетін және бөлме өсімдіктерінің дәрілік қасиеттерін тану, ажырата білу, олардың емдік қасиеттерін анықтау, салауатты өмір салтын насихаттау.

Зерттеудің міндеттері: Туған өлкеде өсетін және бөлме өсімдіктерін зерттей отырып, олардың адам, қоғам өміріндегі маңызын ашу. Бұл өсімдіктердің таптырмайтын емдік көзі екенін дәлелдеу. Олардың өсетін жерлерін, өсу ерекшеліктерін анықтап, қоршаған ортаны таныту, олардың адам өмірінің арашасы екеніне көз жеткізу.

Зерттеудің өзектілігі: Туған жерде өсетін дәрілік өсімдіктердің құпиасын Аша, зерттей отырып, адамзат қауымын өзін қоршаған табиғат аясын қорғауға және оны аялай білуге шақыру. Табиғат әлемінің адамдарға берер нәрі мол екеніне көз жеткізу.

 Аннотация
«Өсімдіктердің емдік қасиеттері» атты бұл зерттеу жұмысын таңдап, зерттей бастағаныма бір жылдан асты. Сынып жетекшім мен ата анамның көмектесуінің арқасында көптеген іс шаралар атқарылды.

Зерттеудің алғашқы баспалдағы жалпы дәрілік өсімдіктер туралы мәліметтер жинақтаудан басталды. Осы мақсатта мектеп, аудан кітапханаларын үздіксіз аралап, дәрілік өсімдіктер туралы деректер жинақталды. Сонымен қатар, аудандық аурухана қызметкерлерімен және халық емшілерімен жие жүргізілген сұқпаттар оң нәтиже бере бастады.

Зерттеудің келесі сатысында жинақтаған деректерге сүйене отырып жасалған жұмыс өз нәтижелерін бере бастады. Зерттеу барысында аулада, бақшада өсетін дәрілік өсімдіктердің ( итмұрын, түймедақ, жусан, бақбақ, қалақай, өгейшөп) түрлерін жинақтау, теру, өңдеу жұмыстары атқарылды. Бұл өсімдіктер туралы көптеген деректер жинақталып, жұмыс алға жылжыды. Бос кездің бәрінде бөлме өсімдіктерін өсіріп, баптап, күттім. Өсіріп ғана қоймай олардың ауырғанда қандай мүшесін, қандай ауруға қолдануға болатынын зерттеп білдім.

Зерттеу жұмысы көп оқуды, білуді талап етті. Өзім зерттеп жүрген дәрілік өсімдіктердің, атап айтсақ алоэ, герань, золотой ус, жусан, түймедақ, итмұрындардың қаншама шипасы екеніне көзім жетті.

Осы дәрілік өсімдіктерді пайдалана отырып, мектеп жасындағы балалар және жас сәбилер жиренбей іше алатын, түрлі дәмдеуіштер қосылған, дәмі жағымды дәрілер жасалса нұр үстіне, нұр болар еді.

Зерттеу жұмыстарының оң нәтижелерін көре отырып мынадай ұсыныстарды алға міндет етіп қойғым келеді:
– Мектеп оқушыларына өз жерінің дәрілік өсімдіктерін таныту мақсатында жазғы демалыстарында мамандар немесе мұғалімдер топсеруендер ұйымдастырса;
– мектеп қабырғасынан емдік қасиеттері бар бөлме өсімдіктерін арнайы өсіріп, баптап, зерттеп, күтетін бұрыш берілсе;
– тек дәрілік өсімдіктерді және олардың емдік қасиеттерін жарнамалайтын дәріханалар ашылса;
– дәрілік өсімдіктерге түрлі дәмдеуіштер қоса отырып, жас балалар жиренбей іше алатын түрлі – түсті кәмпиттер секілді дәрілер жасалса;
Егеменді, тәуелсіз мемлекетте тұрып салауатты өмір салтын сақтай білейік!

                                                   Кіріспе     
«Өсімдік өмір кепілі» деген қағиданы ұстана отырып өсімдіктердің емдік қасиеттерін зерттеуге бел будым. Менің бұл тақырыпты таңдауыма сынып жетекшім мен анам ықпал етті. Өзім кішкентайымнан бөлме өсімдіктерін өсіріп, күтіп, баптауды ұнататынмын. Ес білгеннен бері оқыған – түйгенімнің арқасында тек бөлме өсімдіктері ғана емес, жалпы өсімдік атауының адам өміріне, олардың денсаулығына тигізетін пайдасы, қасиеттері қызықтыра бастады.

Қоршаған ортаның адамдарға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Соның ішінде дәрілік өсімдіктердің адам өміріне тигізетін маңызы зор екеніне ешкім күмән келтіре алмас.

Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген.
Өсімдіктердің емдік қасиеттерін білу үшін көп еңбек етуге тура келді. Мектеп және аудан кітапханаларында болып осы төңіректе көптеген мәліметтер, деректер жинақтадым Көп ізденіп, көп оқыдым.Көп ізденіп зерттеу барысында өсімдіктердің емдік қасиеттері туралы деректер жинала бастады.

Отбасымызда анам  Римма  емдік мақсатта пайдалану үшін бөлме өсімдіктерін көп отырғызады. 2 – 3 сыныптардан бастап  менде анамнан көргенімді ойға түйе отырып, бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттерін біле бастадым.
Атап айтсам, бөлме өсімдіктерінен емдік мақсатта алой (алоэ), орыс халқы оны «столетник» (жүзжылдық) деп те атайды, герань, фикус, золотой ус, кактус т. б. өсіремін.

Жаз айларында өзіміздің бақшамызда өсетін аскөкті, меруетгүлді, бақбақты, сонымен қатар даланың кез келген жерінде өсетін түймедақ, өгейшөп, жусан өсімдіктерін теріп, кептіріп емдік мақсатта пайдаланамын.

Қазіргі технология қарқындаған заманда ауаның түрлі себептермен ластануына байланысты адамдарда көптеген ауру түрлері көбейіп отырған жайы бар. Сол ауруларды өсімдіктермен емдеу жолдарын білген әрбір адамға тиімді болар еді. Өкінішке орай аяғымыздың астында өсіп тұрған емдік қасиеті жоғары өсімдікті тани бермейміз. Егер әрбір саналы, сауатты
Қазақстан азаматы, азаматшасы өз елінің табиғат сыйлаған сыйын танып, қолдана білсе, салауатты өмір кепілі болмас па еді. Олай дейтінім ерінбей бар затты пайдалану керек.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демей ме атам қазақ.
Сондықтан табиғаттың сыйға тартқан дәрілік өсімдіктерін тану, оларды зерттей білу, қасиеттерін ашу мен үшін алға қойған басты мақсат деп білемін.
Қоғам бар жерде адам бар. Адам бар жерде түрлі аурулар бар. Бірақ, сол мәселені шешу әр адамның саналы қорғанысында.
Бөлме өсімдіктерін зерттеу сәтінен көрініс.

І І.Негізгі бөлім
Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген. Шипалы өсімдіктерден дәрі жасау әдістері ұрпақтан – ұрпаққа өтіп, бұл дәстүр атадан жалғасып отырған. Қазақстан табиғи жағдайлары әртүрлі болып келетін орманды, далалы, таулы аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000 – ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады екен десек, оның 500 түрінен дәрілік заттар алынады екен. Осынша байлықты игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің, оны танып, білудің маңызы зор. Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген.Әбу – Насыр – Әл Фараби, Әбу – Әли Ибн – Сина, Беруни, Әл – Джуржани қазақ халқының медицинасының дамуына әсері дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануына зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40 -%- ы өсімдіктен дайындалады екен. Қазіргі кезде шөппен емдеу әдіс – тәсілдері кеңінен қолданылып жүр. Үй жағдайында кеңінен қолдануға жеткілікті. Ол үшін «дәрісіз ем – дом» дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек. Қай заманда болсын, адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес, сонымен қатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Қазіргі кезде «дәрі ауруы», аллергияның шығуы, иммунитеттің азаюы сияқты құбылыстардың байқала бастауына байланысты оның маңызы арта түспесе кеміген жоқ. Дәрілік өсімдіктерді ем ретінде пайдалану сонау көне заманнан бері дағдыға айналған, мұны ескі ескерткіш қолжазбалардан айқын көре аламыз. Осы дәрілік өсімдіктерінің ішінде үйде өсетін алоэ өсімдігінің ерекшелігімен емдік қасиеті жайында  бүгінгі ғылыми жұмысымда айқын көз көз жеткізугі болады.

2.1. Алоэ өсімдігінің сипаттамасы.

              Алоэ, сабыр (Aloe) — лалагүл тұқымдасына жататын көп жылдық бұта, кейде шырмауық түріндегі мәңгі жасыл, қуаңшылыққа төзімді өсімдіктер. Тропиктік, субтропиктік белдеулерде кездеседі. Биіктігі 7-12 м-дей, сабағы жуан, жапырағы шырынды, етті, тікенді болып келеді. Қызыл, қызғылт-сары, сары түсті, гүлі түтікше келген қоңырау тәрізді гүлшоғырына топталған. Сирек гүлдейді, негізінен құстар арқылы тозаңданады. Тұқымынан кейде өсімді (вегетативті) жолмен де көбейеді. Тұқымы жалпақтау қоңыр түсті. Алоэны көбейту үшін сабағының түбінен шығатын атпа бұтақтарын аналық өсімдіктен бөліп алып, құмды құнарлы топыраққа отырғызу керек. Қазақстанда Ағаш тәрізді Алоэ (Алоэ arborescens) деген түрі қолдан өсіріледі. Алоэ- емдік қасиеттерімен бөлме өсімдіктерінің патшайымы атанған өсімдік. Отаны-Оңтүстік Африка. Таралуы: Африка мен Индияның жартылай шөл далаларында, Мадагаскарда кездеседі. Алоэ-асфоделовтар тұқымдасының суккулентті өсімдіктер туысы, 400 түрі бар. Олар мәңгі жасыл немесе алабажақ, шөптесін, бұта, ағаштектес көпжылдық өсімдік.. Суккулентті, жапырағының жиектері тегіс немесе ара тісті. Құрғақшылық жылдары бұл өсімдік жапырағының шырышты өзегіне қоймалжың шырын жинайды да, ол өсімдікті солып қалудан сақтайды.. Көп жерде бөлме өсімдігі, яғни әсемдік ретінде   өсіріледі. Көбеюі вегетативтік жолмен. Ресейде мәдени өсімдік ретінде 40-жылдарда орын тапты. Гүлдеу уақыты: қысқы айлар, әр жылда емес. Қолдану бөлігі: жапырағы, сөлі. Жинау уақыты: жыл бойы. Қытайда веналық ауруларды емдеуге қолданады. Алоэ суық тигенді емдейді. Мысалы: тұмау ауруына, жара мен кесілген жерлерді жазады. Мидың үлкен ми сыңарларындағы тітіркену мен тежегішті реттейді. Жұмыс істеу қабілетін жоғарылатып, физикалық ауырлықты жеңеді. Ағзаның сақтандыру функциясын ретке келтіреді.

 Химиялық құрамы

Жапырағында антрагликозид-алоин бар, 1,66 алоэ-эмодин, 25% алоэзин, натолин, геманатолин, ребарберон, шайырлы қоспа, 20% эфир майы, ферменттер мен микроэлементтер, витаминдер, фитонцидтер кездеседі. Ең құндылығы сол құрамындағы 22 амин қышқылының 20-ы адам организмінде кездеседі. Ал жақында ғалымдар оның құрамынан сирек кездесетін күрделі көмірсу –ацеманнан тапты. Ацеманнан тұмау мен қызылшаны және ісік ауруларын емдеуге қолданылады. Бүгінде ол затты СПИД-ті емдеуге қолдануда.

        Қолдану бөлігі: жапырағы, сөлі.  Жапырағын кесерден 2 апта бұрын суармау керек. Емдік мақсатқа 3-5 жылдан асқан алоэ ғана жарайды. Жинау уақыты: жыл бойы. Қасиеті: кермек дәмді, усыз келеді.

Алоэның  қарсы көрсетілімдері

-өт жолдары аурулары

– бүйрек, бауыр аурулары

– гипертония

-гемморой

-жүктілік мерзімі

 Көбеюі

Жас өсімдікті жыл сайын отырғызады, ересектері әр 2-3 жылда жақсы топыраққа отырғызылады. Алоэының көбінесе шілде мен тамызда немесе көктемде көбейтеді. Олардың көбею мүшелері 10-12см болуы керек, сонымен қоса 1 тәулік ауада ұстаған жылы топыраққа 1см тереңдікте, бөліктер арасын 3-5см-дей етіп отырғызады. Тамыры пайда болғанда отырғызуға болады. Алоэның тұқымы мен де өсіруге болады. Тұқымын ақпан, наурыз айларында себеді. Температурасы 250С –тан төмен болмауы тиіс.                                                                                                

Алоэның қолданылуы

Жапырақ сөлі тәбет ашады, ас қорытады. Әр түрлі микробтарға қарсы тұра алады. Химиялық медицинада алоэның шырыны жараны таңуға, әр түрлі тері ауруларына  пайдаланады. Өсімдіктердің жаңа сөлі әсіресе қараңғы жерде ұстағаны туберкулезді емдеу үшін қолданады. Халық медицинасында жаңа жапырақтарды күйікті жазуға, дерматитке қарсы дәрі ретінде қолданылады. Алоэның су тұнбасы тәбетті толықтай ашады. Академик В.П.Филатов алоэның жапырағын түнде яғни 4-8 рет ұстауы ескертеді, себебі осы уақытта алоэ жапырағында негізгі заттар жинақталады. Олар ұлпа жұмысын жақсартады. Бұл заттар биогенді стимуляторлар деп аталады. Осы әдіс көптеген жазылмас аурудың алдын алуға көмектеседі. Тері сыртындағы іріңді жара, күйік, қағынған жараларға өсімдіктің жапырағы мен сөлін қолданады. Көздің де әр түрлі жұқпалы аурулары үшін қолданылады. Сонымен қатар демікпеде, асқазан ойық жарасында., асқазан ауруларына қарсы қолданады.  Кейбір шырындарға қосады. Алоэның дәрілік қасиеті осыдан 3000 жыл бұрын белгілі болды. Оны Египетте, кейін Индияда, Италия, Грецияда сыртқы күйіктерге арнап қолданды. Орыс медицинасында жапырақ сөлін жүйке ауруларын, бас ауруы т.б. сырқат үшін, бал мен борсық майын қосып туберкулезді емдейді.

Алоэның пайдасы

Өкпе туберкулезі                                                                                                                            

Иммунитет

Тәбет ашады                                                                                                                                                                                                                                                                                                                Ангина

Күйік

Жөтел                                                                                                                                                                                                                                                      

Жараларды жазу    Суық тию

Ағзаның жалпы жағдайын жақсарту                            Рак жасушаларының өсуіне               

                                                                                                      тосқауыл жасайды

 Алоэның басты ем болатын аурулары және қолданылуы

  1. Иммунитет көтеруде: 500 г жаңа кесілген алоэ жапырағын грек жаңғағы дәнімен араластырып, ет тартқыштан өткіземіз. Оған 1,5 стакан бал араластырып, тамақтан соң бір ас қасықтан күніне 3мезгіл бір ай ішу керек.
  2. Тісті ауырғанда алдымен тұзды сумен жуып, алоэдан 1 г ұнтақтап, оны тіске басады.

3.Сыртқы жарақаттан қан шыққанда алоэден лайықты мөлшерде алып, жаншып жарақатқа таңады.

  1. Демікпеге жас алоэні езіп, шырынын күніне 3 рет, әр ретте 5 мг ішеді.

5.Шиқан шыққанда, іріңді жараларды алоэның жапырағын тіліп, жараның аузына тартады. Шиқанның соқтасын соруға, тез жазылуына, әрі қарай созылмауына алоэ жапырағы көп көмектеседі.

  1. Әсемдік-косметикалық маска жасау, жұмыртқаның ақ уызы мен алоэ өсімдігінің сөлін қосып маска дайындап бетке аптасына 1-2 рет қолданса, бет тазаланып, ағарады.

Сондай-ақ адамның тәбетін ашуға, іш тоқтатқанға, асқазан ауруына, ішек аурулары мен баспаға жақсы ем. Бал қосылған алоэ шырыны туберкулез ауруына бірден-бір ем болып табылады. 

2.2. Алоэ өсімігін практика жүзінде қолдана отырып, емдік   қасиеттерін анықтау.

 Күнделікті тұрмыста халық медицинасының қоспасын даярлау

Қоспа № 1

Жаңа жапырақ сөлі қараңғыда ұстаған борсық майын араластырамыз және де бал қосамыз, май, 100 бөліктей какао, алоэның жапырағының 15 бөлігін 1 шай қасық сөлді 1 стакан  сүтке қосамыз. Туберкулез кезінде күніне 2 рет қолдану керек.

Қоспа  № 2

Әлсіреткіш қоспа ретінде келесі қоспа дайындалады: 150 гр алоэ жапырағы (тікенімен бірге) қолмен езіп, 300 гр ыстық бал қосады, қайнағанға дейін ысытады. Тәулік ұстап, сосын ысытады. Тамақ ішер алдыднда  1 сағат бұрын әр таңертең 5-10 гр қолдану қажет.

Қоспа № 3

Қолмен алоэның жапырағын езіп, күніне сөлін 3-4 тамшы қолданады. Мұрын қуысы ауруына қолданады.

Қоспа № 4

Сөлін балмен араластырып, бронхитқа қарсы күніне 3 рет шай қасықтың 1/2  бөлігін пайдаланады.

Қоспа  № 5

Жараларға жапырағын ортасынан кесіп, ылғал жағын таңады.

Қоспа  № 6

Жапырағын кесіп, тазалап жуып, мясурубкадан өткіземіз. Бал қосамыз. Асқазан қыжылына 1 шай қасықтан қолданады.

Қоспа  № 7

Суық тиюге 2-3 сағат аралығында 5-6 тамшы пайдаланады.

Қоспа  № 8

Алоэ сөлі мен жұмыртқа ақуызын қосып араластырып бетке маска ретінде аптасына 1-2 рет қолданылады.

Алоэ сөлінің адам ағзасына әсерін  зерттеу нәтижесі.

Тәжірибе №1

Алоэ сөлінің адам ағзасына пайдасы.

Зерттеу әдісі: Мұрынға тамызу

Мақсаты: Жағдайын жақсару

Зерттеу барысы: әр 5-6 сағат сайын мұрынға 5-6 тамшы сөлін  тамызу

Қорытындысы: Жағдайы жақсы

Ұсынылады: Алоэ сөлі ағзаның қызметін жақсартады. Күнделікті қолдану мұрын қуысын жақсартады.

Тәжірибе № 2

Алоэның күйікпен жараға әсері.

Зерттеу әдісі: Жараға таңу.

Мақсаты: жара мен күйктің жазылуы

Зерттеу барысы: күйікпен жараға компрес жасау немесе жапырағын кесіп таңу.

Қорытындысы: жазылу жылдамдығы жақсы

Ұсынылады: Алоэ күйік пен жараны жазады, актисептикалық жағдай туғызады.

Тәжірибе № 3

Алоэ сөлінің адам ағзасына әсері.

Зерттеу әдісі: Ауыз қуысының қағынуын шаю.

Мақсаты: Ауырғанды басады.

Зерттеу барысы: 50 % алоэ сөлімен  шаю.

Қорытындысы: Алоэ сөлі ауруды басады.

Ұсынылады: Күнделікті қолдануда ауыз қуысының ауруларын жазады.

Тәжірибе № 4

Асқазан және ішек ауруларына.

Зерттеу әдісі: Күніне 1 рет ішу, таңертең аш қарынға үлкен қасықпен 1 қасық ішу.

Мақсаты: Асқазан жарасын  жою.

Қорытындысы: Асқазан тесуі тоқтап, жараның аузы кішірейіп басылды.

Ұсынылады: Күнделікті қолдану

Тәжірибе № 5

Әдемілік-  косметикалық маска жасау.

Зерттеу әдісі: Аптасына 2 рет қолдану

Мақсаты: Әдемілік әсемдік келбет

Қорытындысы: Бет ағарып, сұлулана түсті

Ұсынылады: Аптасына 1-2 рет  қолдану.

Қорытынды

Денсаулылғымыз мықты болуы үшін батпандап кіріп, мысқылдап шығатын ауруды дәрісіз-ақ үй жағдайында бөлмеде  өсетін дәрілік алоэ өсімдігімен-ақ емдеп жазуға болады. Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсаулығымызды сақтауға көмектеседі, отбасының қаражатын үнемдейміз, табиғат байлығын қорғауға да атсалысамыз.

Міне, осындай емдік қасиеті бар өсімдіктерге оқушылар кішкентайынан мән беріп, өз игілігіне қолдана білсе, шипаны алыстан іздемейді. Дәрілік өсімдіктерді пайдалану денсаулықты сақтаумен бірге қазіргі нарықтық заманда отбасылық қаражатты үнемдеуге көмектеседі. Дәрілік өсімдіктер жанға шипа, дертке дауа болады.

Алоэ бөлме өсімдіктер ішінде ең көп тарағаны. Өзінің әсемдігімен көздің нұрын алады, гүлдеуі өте сирек, бірақ та жұмыс жазу барысында ұққаным өсімдік көптеген пайда әкеледі. Мен өз группаластарымның  арасында осы өзімнің жұмысыма байланысты сауалнама жүргіздім. Алоэны группаластарымның  арасында кеңінен насихаттадым. Ерте заманнан дәрілік өсімдіктердің қасиетін ата-бабаларымыз білген. «Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ»  дегендей  қазіргі заманда химикат дәрілер көбейіп жатыр. Олардың адам ағзасына тигізетін зияны көп. Өсімдік адам үшін азықтың қайнар көзі. Дәрілердің барлығы өсімдіктерден алынады. Аурудың алдын алуға емдеу үшін дәрілік өсімдіктердің маңызы өте зор.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты ұстанымын алға қойған жас студенттердің бүгінгі таңда осындай жобалардың халыққа тигізер пайдасы ұшан теңіз. Сондықтан Қазақстанның болашағы жастардың қолында . Өзім сияқты жастарға айтарым өз елімізде өсетін дәрілік өсімдіктерді зерттеп, халық игілігіне пайдалана білсек дені сау, салауатты ұрпақтың көп болатынына кәміл сенейік. Салауатты өмір салтын ұстанатын әр бір қазақ азаматы өз денсаулығын күте білсе, еліне де, жеріне де, тигізер пайдасы өте көп болар еді.

Ұсынысым

  • Алоэ өсімдігін күнделікті тұрмыста көп өсіріп, оларға күтіммен қарауын өз достарыма ұсынамын.
  • Алоэ өсімдігінің емдік қасиетіне байланысты халық еміне арналған қоспа жасау әдістері мен қолдану ерекшеліктері жөнінде кітапшалар шығарылып көпшілік оқырмандарға ұсынылса.
  • Алоэ өсімдігінің емдік қасиетін ескере отырып сауықтыру орныдарында көптеп өсіру жүзеге асырылса.
  • Халық еміне байланысты қоспа жасау әдістері күнделікті тұрмыста қолданысқа енгізілуіне ұсыныс жасалынса.
You May Also Like

Силикатты материалдардың саласы, ғылыми жоба

Ғылыми Конкурс: Силикатты материалдардың саласы» Бағыты: Химия   Мазмұны: Аннотация Кіріспе Негізгі…

Математика және табиғат ғылыми жоба

Ғылыми жоба Тақырыбы:            «Математика және табиғат» Бағыты:         Экономикалық және әлеуметтік процестерді …

Дұрыс тамақтану, ғылыми жоба слайд

Түйменің таңғажайып тарихы, ғылыми жоба

Түйменің таңғажайып тарихы І Кіріспе Менің зерттеу жұмысым «Түйменің таңғажайып тарихы» деп…