Мазмұны

Кіріспе……………………………………………………………3

1.Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі……………………………………5

1.1 Тамақтану тәртібі…………………………………………… 5

  1. Тамақтанудың негізгі ережелері…………………………………………8

2.1 Тамақтану процесінің принциптері………………………………………………………9

2.2 Тамақ ішу тәртібі……………………………………………10

Аннотация ( Қысқаша мазмұны)

Бұл ғылыми жобада дұрыс тамақтанудың  маңыздылығы туралы ақпараттар беріледі. Адамдардың тамақтану  мөлшері, тамақтану тәртібі, адам денсаулығына пайдасы болатын тағамдар,тәуліктік ас мәзірлері туралы мәліметтер жинақталып, күнделікті ас мәзірінде қолданылу мөлшері ұсынылады. Дұрыс тамақтану денсаулықтың басты факторы. Ол адамның өмір сүруі мен жұмысына тиімді әсер ететіні туралы жоба жұмысы ұсынылады.

Аннотация

Этот исследовательский проект предоставляет информацию о важности правильного питания. Была собрана информация о количестве еды, диете, продуктах, полезных для здоровья человека и количестве потребляемых продуктов в ежедневном меню. Правильное питание – ключевой фактор здоровья. Рекомендуется работать над проектом, который положительно повлияет на жизнь и работу человека. Аnnotation This research project provides information on the importance of proper nutrition. Information is collected on the amount of food, diet, foods that are good for human health, the daily menu, and the amount of use in the daily menu. Proper nutrition is a key factor in health. It is recommended to work on a project that will have a positive impact on human life and work.     Кіріспе  Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі.

Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін артырады. Дұрыс тамақтану денсаулықтың басты факторы. Ол адамның өмір сүруі мен жұмысына тиімді әсер етеді. Адамның тамақтануында минералды заттар маңызды рөл атқарады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.

Балалардың тамақтануының үлкендерге қарағанда  едәуір айырмасы болады. Үлкендерге тамақ организмдегі тіршілік процестерін қолдану үшін  әртүрлі жұмыстарға жұмсалған күш қуатты қалпына келтіру үшін қажет болса, өсіп келе жатқан жас организмге тек өмірлік процестерді ғана қолдану үшін емес, сонымен бірге бүкіл организмнің өсу, даму, қалыптасу процесіне қажет.

Тамақтану сауаттылығының бес негізі бар:
1) Тамақ құрамында негізгі оректік заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу);
2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлемент);
3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;
4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;
5) Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы.

Зерттеу мақсаты: Дұрыс тамақтанудың адам үшін атқаратын рөлі.  Ғылыми жобаның басты мақсаты – тамақтану режимі адам өмірі үшін маңызы мен қажеттілігі, пайдасы туралы түсінік бере отырып, тағам рационын реттеу,денсаулықты сактауга, қорғауға үйрену. Мақсатқа жету жолында төмендегі міндеттерді алға қоямыз: тамақтану тәртібін білу,тағам құрамындағы пайдалы  ,құнарлы өнімдерді дұрыс пайдалану.

            Жоспар

1) Дұрыс тамақтану туралы ақпарат жинау;

2) Тамақтану тәртібі денсаулық үшін қаншалықты қажет екенін білу;

3) Тәжірибе жасап, қорытынды жасау.

              Болжамдар:

1)Тамқтану тәртібін білмеген,денсаулығын бұзады.

2)Тамақтанудың негізгі ережелерін білу.

3) Тамақтың каллориясын білу,дұрыс тамақтану принципі қалыптастыру.

Тамақтану тәртібі.

Тамақтану тәртібі дегеніміз – ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай — ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді. Тамақтану режиміне мына төмендегі принциптер енеді. Бірінші,тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу. Екінші, тәулігіне бір — екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш – немесе төрт рет тамақтану керек. Үшінші, тамақ құнарлы болғаны жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт. Бұл ретте дәрігер — диетологтың да кеңесі артық болмайды. Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл — күйіне баса назар аударғаны жөн. Кей ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей ретте ол керісінше бұл процесті бәсеңдетеді.Мұны мамандар физиологиялық процесс деп те атайды.

Тәбет дегеніміз – аштыққа қарсы тұратын құбылыс. Ол мына бір принциптермен дәлелденеді.  Атап айтқанда, тамақ қабылдау мезгіліне, тағамның түрі, дәмі немесе иісі, түрлі қоспалар, тіпті бұл ретте адам ойы да өзіндік рөл атқарады. Адамның тәбеті шылымға, кофеге, шайға, апиын, ішімдік, тағы басқаларына ашылатын көрінеді. Бірақ, мұндай физиологиялық қажеттіліктен аулақ болған дұрыс. Тәбет кей ретте асқазанның шұрылдап, маза бермеуі, бос, еш жұмыссыз тұрғандығымен қиналады. Бұл симптом мешкейлерге тән. Бұл орайда халықтық медицина ондай адамдарға бірнеше күн өзіне аштық жариялағанды ұсынады. Тамаққа деген тәбет сыр білдірмей де келеді. Ол сыртқы факторлардан делдал іздемейді. Адам белгілі тамақты құмартқанда, тәбеті өздігінен пайда болады. Міне, осы кезде адам асханада өзі қалаған ас әзірлеп, дастархан басына жайғасып, тамақтанғанға не жетсін дейді. Және солай да жасайды. Бұл адамның организмі шын мәнінде ас қабылдауға дайын екендігінен хабар бергендігі.Тамақ ішу  тәртібін жүйелі  түрде сақтамау  асқазан  ауруларының дамуының негізін салады, ағзадағы  зат  алмасуының бұзылуын туындатады.Осындай ретсіз тамақтану  асты  көп  ішу  дағдыларын қалыптастырады, яғни  дене  салмағының  артуына , ал  кейде  семіруге  әкеп  соқтырады. Әсіресе, организмі калыптасу  мен қарқынды өсу  деңгейінде  болатын жеткіншектер  дұрыс  тамақтану тәртібін  сақтағаны  маңызды , ал  мектептін  немесе КТМ-нің  жоғары сыныптарындағы (қурстарындағы) сабақтарда  оларға қойылатын  талаптар  жеткілікті  жоғары. ТМД  елдерінің  жетекші  ғалымдары  балалар  мен  жеткіншектердін тамақтық заттар  мен  қаутқа ( яғни  күнделікті  рационының калориялығы ) кажеттілік  нормаларын жасаған . Осы  ғылыми  негізделген  ұсыныстарға сәйкес  14-17 жастардағы  жасөспірімдердің тәуліктік  тамақ  рационының калориялығы 2900 килокалорияны , осы  жастардағы  қыздарда -2600 килокалорияны,құрауы керек.Тамақ калориялығы  күш-қуатты жұмсаукөлеміне байланысты белгіленеді,  сондықтан  да КТМ оқушылары үшін олардың  оқу- өндірістік  жұмысының сипатын  есептей  отырып,  осы  норманы 10-15%-ке артгыру қарастырылған.

Белгілі  бір  сағаттарда  ғана  тамақ  ішу  маңызды. Бұл  жағдайда ағзада  уақытқа  шартты рефлекс қалыптасады, яғни  тамақ  ішу  белгіленген уақытта  асқазан  сөлі  көбірек  бөлінеді,  тәбет  ашылады, тамақты  жақсы  қорытуға жағдай  жасалады.
Тамақ  ішудің  жекелеген уақыттарды  мектептегі  сабақтың басталуына, олардың  ұзақтығына,  мектеп  пен  үй  арасындағы  жолға  кететін уақытқа  байланысты біршама  ауысуы  мүмкін . Дегенменде  бұл айырмашылық 30-40 минуттен аспауы  керек.
Мектеп  ыстық  тамақтың  міндетті түрде  берілу қажеттілігін  атап  өткен жөн. Бутерброд, бәліш, тәтті  тағамдар  ыстық асқа деген ағзаның  қажеттілігін  өтей  алмайды,  құрғақтай  тамақ  жеу де  зиянды. Мектептегі  дұрыс  ұйымдастырылған  тамақтану оқушының  үлгерімі  мен  жұмыс  қабілеттілігінің артуына   жәрдемдеседі. Мектептегі  тамақтың сауықтыру әсері  тәрбиелеуге мәнмен  үйлестіріледі – болашақ өмірде режим  сақтау  әдетін  баянды  етеді.

Тамақты  өте жәй, ұйықтар  алдында қабылдау зиянды, ол ұйқыны қашырады, ас қорытуды қиындатады, май  жиналуына  себепші  болады.Кейде үйықтар  алдында  бір  стакан айран ішкен  пайдалы . Бұл ретте кешкі  ас жеңілдеу  болғаны жөн.
Дұрыс  құрастырылған  тамақтану рационының құрамында  сұйықтың  жеткілікті  көлемі  болады. Дегенменде денеге  елеулі  ауырлық  түскенде, жорық  күндері ,жазда  сүйық-сусынның  қажеттілігі  артады , өйткені   тер бөлінуі күшейеді  де, ағзаның  сұйықты қажет  етуі  көбейеді. Шөлді қайнаған  су, шәй ішіп басу  керек. Лимонадты, газдандырылған суды және құрамында қанты бар өзге де сусындарды  шектелген  көлемде қабылдау  керек.

Күн жеткілікті  тығыз және  калориялы  ыстық  таңертеңгілік астан басталады. Бұл  дайындауы  онша  қиын емес сосиска, жұмыртқа, омлет, ботка, сүт қатылған шәй немесе  кофе, какао, бутерброд  болуы керек. Екінші  таңертеңгілік асты оқушылар  мектептегі үшінші  сабақтан кейін,  яғни  таңертеңгі бірінші  астан  кейін 3-3,5 сағат  өткеннен  кейін  қабылдайды . Бұл  ас ет не  балығы бар, гарнирлі  ыстық  ас және шәй. Түскі асқа салат немесе венегрет, сорпа, ет не балығы бар гарнирлі  екінші тамақ, компот немесе кисель ұсынылады. Кешкі тамакка сүзбе,сүт,айран, жеміс-жидек тағамдары  желінеді. Кешкі  асқа шөлдетіндей  тамақ даярлауға болмайды.
Ет  немесе  балық, сүт, жеміс- жидектер, нан секілді  тағамдар күн  сайынғы ас мәзіріне, ал өзге – қаймақ, жұмыртқа, сүзбені күнде емес етіп ас мәзіріне қосу керек , бірақ бұлардың  бәрі де апталық рационда болуы керек.   Тамақ  әр түрлі болуы үшін азық-түліктің  түрін көбейтіп  қана қоймай, сондай- ақ  олардан түрліше тағамдар дайындау қажет.  Тамақтану  режимінің маңызды  элементтерінің  бірі- тамақтың  қайда  ішілетіндігі, тазалығы т.б. «Жүріп  келе  жатып», не өте  ыстық  немесе суып қалған тамақты ішуге  болмайды. Бірінші және екінші ыстық  тамақтың  температурасы  шамамен 50  С  болуы тиіс. Негізгі  тағамдарды  ішу  арасында  тәтті тағамдарды  жемеу  керек, өткені бүлар  тәбетті,  ішек- асқазан  жолы жұмысының ырғағын  бұзады. Спортпен  шүғылданған  кейін, үлкен  дене  жүктемелерін  орындағаннан  кейін  бірден  дастарханға  отыру  ұсынылмайды.
Әрбір  оқушы  тамақтану  тәртібін  сақтанудың маңыздылығын, мектепте немесе КТМ-де ыстық тамақ бар, жоқтығын есте үстауы керек. Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін артырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.

Тамақтану режимі және құрамы төмендегі проценттік қатынас негізінде жүруі қажет:

1 Таңертеңгілік ас 7.30 – 8.00 25%
2 Таңертеңгілік ас 11.00 – 11.30 10%
3 Түскі ас 14.00 – 14.30 35%
4 Түстен кейінгі ас 16.30 – 17.00 10%
5 Кешкі ас 19.00 – 20.00 20

 

Жасөспірімдердің тамақ нәрлігі мен құрамы нормаға сай болуы керек. Бала немесе жасөспірім тәулігіне 80 – 100 гр нәруыз, 100 гр май, 380 гр көмірсу қорек ету керек. Нәруызды сүттен, дәнді – дақылдардан, еттен, көмірсуды нан, салат, картофельден, майлы заттарды май, жұмыртқа, сүттен, витаминдерді өсімдік және жануар майынан, минералды тұздар мен микроэлементтерді шай, шырын, компот және жеміс – жидек сияты заттардан алады. Осыған байланысты асхананың тамақтану тізімінде 2 – 6 жастағы балалардың тамақ құрамы 1 кг салмағына шаққанда 70 – 75 ккал, 11 – 15 жастағылардың ккал – сы 44 – 55, ал ересек балалардың тамақ құрамы 35 – 40 ккал болуы қажет. Біздің асханамыздағы апталық тама тізімін қарағанда, таңертенгілік ас 507 ккал, түскі ас 794 ккал, түстен кейінгі ас 545 ккал болады, яғни нормаға сай келеді деп есептеледі.

Қазіргі жағдайларда тамақтану мәселесі бірқатар себептерге байланысты бірінші орынға шықты, атап айтсақ: экологиялық ортаның бұзылуы, организмге қажет компоненттердің жеткіліксіз түсуі, дұрыс тамақтанбау, сапасы төмен азықтар және т.б. Экология нашарлайды, ал соның нәтижесінде біздің денсаулығымыз бен күшіміз толық жойылады. Организмнің көбінесе, ондағы пайда болатын және оған тамақпен, сумен, ауамен және дәрі-дәрмек заттарымен баратын зиянды заттарды шығаруды қамтамасыз етуге күші жеткіліксіз. Сау адам жейтін асына жиі зейінсіз қарайды. Ал, ауырып, күнделікті жарнама беттерінен түспейтін ең жаңа препараттарды іздей бастайды, сонымен, тамақ сияқты сенімді және тұрақты емдеу құралы туралы ұмытады. Ал, Гиппократтың өзі былай деген: «Біздің барлық емдеу құралдарымыз азық-түлік заттары болуы керек, ал азық-түлік заттары емдік заттар болуы керек». Зат алмасуының бұзылуының (семіру, қант диабеті және т.б) салдарынан пайда болатын аурулар жиі кездеседі. Осыған байланысты, қазіргі таңда, дұрыс тамақтану энергетикалық шығындарға және организмнің физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкес келу үшін тамақтану мәдениетін жоғарылату мәселесі өзекті бола бастады [1, 15-18 б.].

Әрбір адамның азық-түлік заттарын дұрыс пайдалануы, артық жеуі және жалықтыруы денсаулықты көп нығайтуға көмектеседі. Дұрыс тамақтану денсаулықтың және ұзақ өмір сүрудің басты факторы болып табылады. Адамның физикалық жағдайы, оның қалай және қандай көлемде тамақ жейтініне байланысты [2, 42-46 б.].

Ғылыми-техникалық прогреске байланысты, ой еңбегімен айналысатын, энергияны аз қажет ететін адамдардың (10.25 МДж көп емес (2450 ккал) ер адамдар үшін және 8,4 МДж (2000 ккал) әйел адамдар үшін) саны қатты көбеюде. Аз энергия кезінде көбінесе азық-түліктің аз минорлы құрамды бөліктері (витаминдер, микроэлементтер) қолданылады. Мұндай жағдайларда, теңбе-тең энергиямен қамтамасыз етілуге қарамастан, гиповитаминді және гипомикроэлементтік күйлердің белгілері пайда болуы мүмкін. Тазартылған тағамдар – азық-түлік заттарын жеткіліксіз тұтынудың тағы бір себебі, ең алдымен, ой еңбегінің адамдарында. Эволюция барысында адам қоршаған ортаға бейімделуді үйренді, ол үшін шынайырақ азық тазартылмаған азық-түліктер болып табылады, себебі дәл осылардың көмегімен витаминдер мен минералды заттардың қолайлы келіп түсуі жетіледі. Қарқынды эмоциялық-жүйке жүктемесі кезінде дұрыс тамақтану принциптері, қарапайым ой еңбегі кезіндегімен салыстырғанда басқаша екенін байқаған дұрыс. Мұнда организмді қолайлы белок, аскорбин қышқылының, ретинолдың, В тобының витаминдерінің көлемімен қамтамасыз ету маңызды. Егер жұмыс ауысымды болса, онда тамақтану режимі де ауысады.

Өсіп келе жатқан организмнің тамақтануында, ең алдымен, бала денесінің қалыптасып келе жатқан құрылымдарын құру үшін құнды белоктар оптимумы қажет. Белок жетіспеген кезде балалардың өсуіне кедергі пайда болады. Балалардың витаминдермен қамтамасыз етілуі қаншалықты маңызды екені белгілі. Жасы өскен сайын баланың энергия мен тамақ заттарының қажеттілігі де өседі. Жасөспірімдік жас бала өмірінің қиын кезеңіне жатады, онда оның бойы тез өседі, организмі өзгере бастайды. Бұл кезеңде баланың тамақтануы жоғары болады [3, 26-30 б.].

Энергия мен азық-түлік заттарының қажеттілігі белсенді физикалық белсенділікке байланысты дифференциалданады. Қарқынды дене еңбегі қосымша энергия көлемінің келуін талап етеді. Сонымен, ер адамдардың ауыр еңбек кезіндегі тәуліктік энергия шығыны 40 % артық ұлғаяды, сондай-ақ, ақ (30 %), май (63,5 %) және басқа да қоспалардың қажеттілігі көбейеді. Әйел адамдардың тамақ қажеттілігі ер адамдарға қарағанда аз, бұл олардың организмдеріндегі алмасу процестерінің төмен қарқындылығымен байланысты. Тіршілік әрекетінің төтенше жағдайлары (Шеткі Солтүстік, биік тау және т.б) адамдардың энергия мен азық-түлік заттарының қажеттілігін өзгертеді, бұл олардың тамақтануына үлкен өзгерістер енгізеді [3, 40-45 б.].

Адам организмі термодинамика заңдарына бағынады. Соларға сәйкес, дұрыс тамақтану принципі қалыптасты: оның энергиялық құндылығы организмнің энергия шығындарына сәйкес келуі керек. Өкінішке орай, тәжірибеде бұл принцип жиі бұзылады. Энергия сыйымды азық-түліктерді (нан, картоп, мал майы, қант және т.б) шығындық тұтынумен байланысты тәуліктік рациондардың энергетикалық құндылығы энергиялық шығындары жиі артады. Жас өскен сайын, дененің шығындық массасы жиналады және семіру басталады, ол көптеген созылмалы дегенеративтік аурулардың пайда болуына себеп болады.

Тамақтанудың негізгі ережелері.

Аш адам бір жапырақ нан мен суды да қанағат тұтады. Бұл орайда оның тәбеті жоғары болады. Ал, ашқарақ адамға келсек, ол алдына келгеннің бәрін опыруға дайын. Мұндайда халықтық медицина ондай адамдарға белгілі рацион, кесікті кесте, тамақты қанағатықпен тұтыну керектігін ұсынады. Асқазан өз қажетін алды делік. Бірақ, тәбет басылмай тұр. Бұл тағамның дәмді әзірленгендінен де болады. «Өзі тойғанмен, көзі тоймай тұрғанын қараша» деген қызғаныш осыны білдірсе керек. Көптеген әдебиеттерде асқазан жартылай бос болуы керек деп жазылады. Бұл ас қорыту процесін жеңілдетеді. Екіншіден, тақыл – тақыл тағам қабылдауға мүмкіндік береді. Адамның тәбеті мен оның асқа деген құмартулығын артырады дейді.Тойып тамақ ішуге болмайды. Тағамның мөлшері, оның сапасы, қабылдау кестесі, гигиена ережесі және қолайлылық этикасымен реттелуі керек. Тамаққа деген тәбетіңіз болмай тұрып, ас қабылдамаңыз. Тамақтану тәртібі дегеніміз – ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай — ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді.

Колория дегеніміз-биохимиялық рекция кезінде адам организінең бөлінетін жылудың мөлшері. Әр адамның колорияға деген қажеттілігі жасына және айналысатын жұмысына байланыста болады, мысалы ауыр немесе жеңіл жұмыс.Төменгі кестеде әр жас айырмашылығына байланысты қажет колория белгіленген.Осы берілген тәулік колорияны үшке немесе төрт-беске бөлік тамақтану керек.Мысалы:таңертең 25 пайызың, түсте 40 пайызың, кешке 25 пайызың және жатар алдыңда 10 пайызын(айран немесе сүт ), және осы ккал есептеу үшін арнайы кесте қолданылады немесе диотологтың көмегіне сүйенуге болады.

Тұтынушылар Калориялығы,ккал
Балалар үшін

7-10 жас

11-13 жас

 

2380 ккал

2860 ккал

Жасөспірім ер балалар 14-17 жас

Жасөспірім қыз балар 14-17 жас

3160 ккал

2760 ккал

Студент жастар,жігіттер,

қыздар

3300 ккал

2800 ккал

Спортсмендер:

Ер адамдар

Әйел адамдар

Ауыр жұмыспен айналысатын ер адамдар

 

4500-5000 ккал

3500-4000 ккал

4500 –жоғары ккал

 

Азық-түлік атауы Калорийность, /100 г
Азық-түліктер
Артишок 45
Баклажан 28
Жасыл бұршақ 93
Жасыл бұршақ консервіленген 41
Кабачки 22
Қырыққабат 23
Жүгері 103
Жасыл жуа 20
Огурцы свежие 15
Огурцы соленые 8
Перец сладкий 19
Петрушка 23
Түрлі-түсті қырыққабат 18
Пісірілген картоп 60
Нан 115
Ірімшік 250
Сосиска және т.б. 300

Ал егерде ккал есептейтің болсақ осындай кестеге қарап санап отыруға болады немесе бір жетілік мәзірдің кестесін есептеп шығаруға болады. Мұндай кестені арнайы кітапшалардан немесе интернеттен шығарып алуға болады.

Меңін зерттеуім бойынша таңғы ас әр түрлі болу керек және құнарлық жағынан да пайдалы болу керек. Сондықтан менің бір жетіге құрған таңғы ас мәзіріне көңіл аударатын болсақ ол мынадай:

1-күн:

1.Сүт қосылған қарақұмық ботқасы

2.Жұмыртқа

3.Қант қосылған шәй,қара нан.

2 күн:

1.Бұқтырылған картоп езбесі

2.Шай лимонмен

3.Бидай наны мен ірімшік

3 күн:

1.Бұқтырылған күріш ботқасы

2.Тоқаш нан

  1. Тәтті шай.

4 күн:

1.Пісірілген жұмыртқа

2.Көкөністен рагу

3.Нан, шәй.

5 күн:

1.Егілген картоп

2.банан

3.шәй,нан

6күн:

1.Ірімшіктен құймақ

2.Тосап

3.Шәй

7күн:

1.Макарон запеканкасы

2.Қатты ірімшік

3.Шәй сүтпен,печенье

Мұндағы минералды заттар,микро және макро элеметтер тәулік нормасына қажетті мөлшерде. Жалпы таңғы ас ккал мөлшері есептеп алғанда 600-800 ккал бұл жасөспірімге арналған кесте бойынша есептелген.  Сіздерге есептеу кестесін ұсынамын:

Тағам аты Азық-түлік массасы ккал
Таңертеңгіліе ас

Сүт жарма ботқасы

Қант пен шәй

Бидай наны

Сары май

 

 

 

Барлығы:

 

Сүт-200мл

Жарма-45 гр

Шәй 2 гр

Қант-16

Су 190 мл

Нан-50ге

Май 6 гр

Жалпы массасы: 509 гр

 

320 ккал

61 ккал

 

 

 

120 ккал

106 ккал

607 ккал

Тамақтану процесінің принциптері.

Тамақтану режиміне мына төмендегі принциптер енеді.
Бірінші, тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу.
Екінші, тәулігіне бір — екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш – немесе төрт рет тамақтану керек.
Үшінші, тамақ құнарлы болғаны жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт. Бұл ретте дәрігер — диетологтың да кеңесі артық болмайды. Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл — күйіне баса назар аударғаны жөн. Кей ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей ретте ол керісінше бұл процесті бәсеңдетеді.Мұны мамандар физиологиялық процесс деп те атайды.

Аштық – «табиғаттың дауысы», немесе, асқазан тамақ қажет етеді деген ұғымі. Бұл қағида тамақ ішетін уақыттың келгендігін білдіреді. Ертеректе тамақ ішетін кесікті бір кесте, уақыт жоқ – тын. Адамда тамаққа деген тәбет пайда болғанда ол өзінде ауыз бен өңешінің барын сезінеді. Ал, асқазандағы бұлшық еттердің жұмылуы аштық пен тәбеттің ашылғанынан хабар береді.
Аш адам бір жапырақ нан мен суды да қанағат тұтады. Бұл орайда оның тәбеті жоғары болады. Ал, ашқарақ адамға келсек, ол алдына келгеннің бәрін опыруға дайын. Мұндайда халықтық медицина ондай адамдарға белгілі рацион, кесікті кесте, тамақты қанағатықпен тұтыну керектігін ұсынады.
Асқазан өз қажетін алды делік. Бірақ, тәбет басылмай тұр. Бұл тағамның дәмді әзірленгендінен де болады. «Өзі тойғанмен, көзі тоймай тұрғанын қараша» деген қызғаныш осыны білдірсе керек. Көптеген әдебиеттерде асқазан жартылай бос болуы керек деп жазылады. Бұл ас қорыту процесін жеңілдетеді. Екіншіден, тақыл – тақыл тағам қабылдауға мүмкіндік береді. Адамның тәбеті мен оның асқа деген құмартулығын артырады дейді.
Тойып тамақ ішуге болмайды. Тағамның мөлшері, оның сапасы, қабылдау кестесі, гигиена ережесі және қолайлылық этикасымен реттелуі керек. Тамаққа деген тәбетіңіз болмай тұрып, ас қабылдамаңыз.    Оңтайлы   тамақтану – ағзаның калыпты  өсуі  мен дамуының, оның  барлық мүшелері  мен жүйелерінің  қызмет  істеуінің  негізгі жағдайларының  біріТамақ  көлемі  бойынша  жеткілікті, оның  құрамында  ағзаның  тіршілігі үшін қасиетті  барлық   нәрселер  болуы,  адамның  жасына, оның  тіршілік ету  жағдайларына  сәйкес  жұмсалған  күш- куатты  орнына  келтіретіндей  болуы  керек.Оңтайлы  тамақ  ішудің  маңызды принципі режим болып табылады,яғни тамақ белгілі бір  сағаттарда  ғана  ішілуі тиіс.

Асқазан  ішілген тамақтан  шамамен 4 сағат шамасында  босайды, сол  себепті  тамақ  ішудің  арасы 3-3,5 сағаттан  кем  және 4-4,5 сағаттан  аспасын.Тамақты  жиірек ішкен  сайын  асқазан –ішек  жолдары жұмысының ырғағы  бұзылады. Егер тамақ ішу аралығында үзіліс  өте үзаққа  созылып  кетсе, онда  күшті  ашығу сезімі  туындайды және  оны  қанағаттандыру үшін  көп  тамақ ішу  қажет болады, бұл да асқазанның  қорытуын  киындатады.

Өсіп келе жатқан организмнің тамақтануында, ең алдымен, бала денесінің қалыптасып келе жатқан құрылымдарын құру үшін құнды белоктар оптимумы қажет. Белок жетіспеген кезде балалардың өсуіне кедергі пайда болады. Балалардың витаминдермен қамтамасыз етілуі қаншалықты маңызды екені белгілі. Жасы өскен сайын баланың энергия мен тамақ заттарының қажеттілігі де өседі. Жасөспірімдік жас бала өмірінің қиын кезеңіне жатады, онда оның бойы тез өседі, организмі өзгере бастайды. Бұл кезеңде баланың тамақтануы жоғары болады [3, 26-30 б.].  Азық-түлік заттарының химиялық құрамының организмнің физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкес келуі – дұрыс тамақтанудың екінші принципі. Күн сайын, белгілі бір көлемде және ара қатынаста организмге 70-ке жуық қоспа түсуі керек, олардың басым бөлігі организмде синтезделмейді және өмірлік қажетті болып табылады. Организмді осы азық-түлік заттарымен қолайлы жабдықтау түрлі тамақтану кезінде ғана мүмкін. Тамақтанудың тым әр түрлі болуы дұрыс тамақтанудың үшінші принципін анықтайды.Ақырында, тамақтанудың қолайлы режимін сақтауды дұрыс тамақтанудың төртінші принципі анықтайды. Тамақтану режимі дегеніміз тамақ ішудің жиілігі, еселілігі және алмасуы. Тамақтану режимі азық-түлік заттарына және энергияны қажет ету сияқты жасқа, өндіріс ерекшеліктеріне байланысты түрін өзгертеді. Дұрыс тамақтанудың көрсетілген негізгі принциптерін сақтау оны құнды етеді.

Тамақтанудың белгілі бір ережелері бар:

1) Ұстамды жеу керек;

2) Тамақ құнды болуы керек: онда жеткілікті көлемде белоктар, майлар, көмірсулар, минералды заттар, витаминдер бар болуы керек;

3) Тамақтану режимін сақтау қажет

Тамақтану режимінде төрт негізгі принципті ажыратқан дұрыс:

  1. Жиілік, яғни, тамақты үнемі бір тәулік уақытында қабылдау.
  2. Тәулік барысында тамақтанудың бөлшектілігі. Сау адамға үш немесе төрт фазалық тамақтану ұсынылады, атап айтсақ: таңғы ас, түскі ас, кешкі ас және ұйқы алдында бір стакан айран.
  3. Әрбір тамақтанған кезде дұрыс тамақтануды барынша сақтау қажет. Бұл, тамақты әрбір қабылдаған кезде азық-түліктер жинағы организмге белоктарды, майларды, көмірсуларды, сонымен қатар витаминдер мен минералды заттарды қолайлы ара қатынаста жеткізу тұрғысынан ойланып істелінуі керек.
  4. Бір күнде тамақ ішу бойынша физиологиялық негізделіп бөлінуі. Төрт мезгіл тамақтану едәуір жағымды: жұмысқа дейін тоқ тамақ (күндіз дұрыс тамақтанудың жалпы калориялылығының 25-30 %), жұмыс арасындағы үзілісте жеңіл екінші таңғы ас (жалпы калориялылықтың 10-15 % ), құнарлы түскі ас (калориялылықтың 35-40 %), салыстырмалы жеңіл кешкі ас (жалпы калориялылықтың 15-20 %) [1, 100-104 б.]. Таңғы ас, түскі ас және кешкі ас үшін тәуліктік уақыт еңбек және демалыс режиміне байланысты жеткілікті кең шеңберде өзгеруі мүмкін. Алайда, тамақ ішу арасындағы аралық 4-5 сағат болуы маңызды. Жүргізілген зерттеулер негізінде, кешкі ас пен ұйқының алдындағы аралықта 2-3 сағат өтуі керек.Тамақтану режимімен қатар, кейбір психологиялық ережелерді сақтау артық болмайды.
  5. Үстелге шаршаған күйде отырмаңыз. Қалай аш болсаңыз да, ең болмағанда 10 минут демала тұрыңыз.
  6. Ашулы, шошынған күйде, қайғылы сезімдерге берілгенде тамақ ішпеңіз.
  7. Өзіңізге қатты ұнамайтын адаммен бірге үстел басына бірге отырмаңыз.
  8. Егер сізге қандай да бір тағам ұнамаған болса, пайдалы болса да оны татып көруге болмайды. Сізге ол бәрібір пайдасын тигізбейді.
  9. Қарныңыз ашқанша үстелге отырмаңыз.

Азық-түлік заттарының 80 % термиялық өңдеуден кейін тұтынылады, бұл олардың жұмсаруына және сіңімділігінің жоғарылауына әсер етеді. Сонымен қатар, температуралық өңдеу зиянды микроорганизмдердің өлуіне және токсиндердің, әсіресе ең алдымен жануарларда бұзылуына әкеледі. Жылумен өңдеу өнімдердің микробтарға төзімділігін жоғарылатады және сонымен оларды сақтау мерзімдерін ұзартады. Жылумен өңдеу кезінде улы заттардың қатары бұзылады, мысалы, тамақ қорыту ферменттерінің ингибиторлары. Сонымен қатар, жылумен өңдеу көптеген өнімдердің дәмін түрлендіруге мүмкіндік беретіндігі маңызды [4, 405-408 б.].Позитивті әсер етумен қатар, өңдеу азық-түлік заттарына жағымсыз да әсер етеді. Жылумен өңдеу кезінде витаминдер және кейбір ас қоспалары (белок, майлар, минералды заттар) бұзылады да зиянды заттар (майларды полимерлендіру өнімдері, меланоидиндер және т.б) пайда болуы мүмкін, бұны дұрыс тамақтануды ұйымдастыру кезінде ескеру қажет. Азық-түлік заттарын жоғалту деңгейі өңдеу түріне тәуелді. Алғашқы өңдеу жеуге болмайтын бөліктері мен ластанулардан шикізатты босатуды, азық-түліктерден құндылығы төмен бөліктердің бөлінуін, сонымен қатар, қатырылған азық-түліктердің дефростациясын алдын ала қарастырады. Азық-түлік шикізатын жеуге келмейтін бөліктерден босату, тағамдық заттардың жоғалуына әкелетін болса да, өнімдердің биологиялық құндылығын жоғарылатады. Өнімдер мен шикізаттың биологиялық құндылығына жылумен кулинарлық өңдеу ерекше әсер етеді. Өнімдерді жылумен өңдеудің бірнеше амалдарын ажыратады: суға және буға пісіру, булау (қысқа мерзімді (5—7 мин) өнімді суда немесе буда қыздыру), стерильдендіру және қуыру. Қыздыру кезінде ерігіш белоктар жоғалады және күлге немесе гельге айналады. Сонымен, жұмыртқаның ағы жұмыртқаның ішінде 80° С температураға жеткен кезде гельдерді жасай отырып, біріктіріледі (коагуляция). Оралу нәтижесінде ақ гелі буын тіндердің ішінде ондағы судың маңызды бөлігін шығарумен тығыздалады. Азық-түлік заттарының көп түрлілігі және олардың әр түрлі комбинациялары кулинарлық өңдеу ерекшеліктерін ескерумен сау және ауру адамның тамақтануының, олардың теңгерілуін, емделу бағытын ескерумен ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Райман Расим өзінің ғылыми жобасында өсіп келе жатқан организмнің тамақтануында, ең алдымен, бала денесінің қалыптасып келе жатқан құрылымдарын құру үшін құнды белоктар  қажет. Белок жетіспеген кезде балалардың өсуіне кедергі пайда болады. Балалардың витаминдермен қамтамасыз етілуі қаншалықты маңызды екені белгілі. Жасы өскен сайын баланың энергия мен тамақ заттарының қажеттілігі де өседі. Жасөспірімдік жас бала өмірінің қиын кезеңіне жатады, онда оның бойы тез өседі, организмі өзгере бастайды. Бұл кезеңде баланың тамақтануы жоғары болады [3, 26-30 б.].  Азық-түлік заттарының химиялық құрамының организмнің физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкес келуі – дұрыс тамақтанудың екінші принципі. Күн сайын, белгілі бір көлемде және ара қатынаста организмге 70-ке жуық қоспа түсуі керек, олардың басым бөлігі организмде синтезделмейді және өмірлік қажетті болып табылады. Организмді осы азық-түлік заттарымен қолайлы жабдықтау түрлі тамақтану кезінде ғана мүмкін. Тамақтанудың тым әр түрлі болуы дұрыс тамақтанудың үшінші принципін анықтайды.Ақырында, тамақтанудың қолайлы режимін сақтауды дұрыс тамақтанудың төртінші принципі анықтайды. Осы жоба жұмысын жазу кезінде тамақтану режимі дегеніміз тамақ ішудің жиілігі, еселілігі және алмасуы екеніне көз жеткізді. Тамақтану режимі азық-түлік заттарына және энергияны қажет ету сияқты жасқа, өндіріс ерекшеліктеріне байланысты түрін өзгертетінін дәлелдей алды. Дұрыс тамақтанудың көрсетілген негізгі ережесін сақтау керек екенін өз жобасында мысалдар арқылы дәлелдеді.

You May Also Like

Жалбыздың адам өміріне пайдасы, ғылыми жоба слайд

Арманның бәрі орындалады, ғылыми жоба

І Кіріспе …………………………………………………………………………………………3  ІІ Негізгі бөлім  1 Армандар қайтсек орындалады? ………………………………………….4 2…

Ұлттық сусынды ұлықтай білейік, ғылыми жоба

Бағыты:  гуманитарлық Секция:  мәдениеттану Ғылыми жобаның тақырыбы:   Ұлттық сусынды ұлықтай білейік Аннотация…

Темекінің адам денсаулығына зиянды әсері, ғылыми жоба

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері  Тақырыптың  өзектілігі  мен жаңашылдығын  аша отырып  жасөспірімдерге  темекінің…