«Елбасы тарихы»

Еңбек жолын жұмыскерден бастаған.

Озық ойлы, осындай ол жақсы адам.

Нұрын  төккен бүкіл қазақ халқына,

Елбасымның болғанына мақтанам.

Тәуелсіз елде білім алып шаттанам,

Елбасым бар осы күнді силаған.

Қазағымды жетелеген биікке,

Елбасымның болғанына мақтанам.

Жоспар

І Кіріспе:

Ауылдан түлеп ұшқан қайталанбас тұлға.

ІІ Негізгі бөлім:

1.Ерен еңбек, төккен тер.

2.Тәуелсіздіктің көшбасшысы

3.Жаңа Астана жаршысы.

ІІІ Қорытынды:

Халқың саған сенеді.

Қазақ халқының маңдайына біткен ерен ұлдарының бірегейі – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылдың 6 шілдесінде Іле Алатауының бөктерінде орналасқан Шамалған ауылында дүниеге келген. Соғыс қарсаңында ашаршылық пен қиыншылық кезі бола тұрғанымен, осы нәресте жаздың жаймашуақ күні дүниеге келіп, Әбіш ата мен Әлжан ананың жанұясына шаттық нұрын сепкендей болды. Сондықтан да болар, атын Нұрсұлтан қойыпты. Осы есімі өзіне жарасымын тапқандай…  Халқына «нұрын» сепкен, әділ «сұлтан», болсын дегені шығар.   Балалық жылдары соғыс уақытымен сәйкес келіп, сол сұрапыл соғыстың қиыншылығын ата-ана, бауырларымен бірге көрген бала ысылып, шыңдалған азамат болып өсті.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында Абай атындағы қазақ орта мектебінде білім алған екен. Мектеп қабырғасында үздік оқып, білімге деген құштарлығын дәлелдей білген. «Әрдайым үздіктер қатарында болу» – біздің  Елбасымыздың басты өмірлік ұстанымы, осы балалық шағынан бастау алған.

Оқушы кезінен бастап тек үлгілі тәртібі мен еңбекқорлығының арқасында ешбір шаралардан кейін қалмаған. Осы орайда, бау-бақша күту, колхоз жұмысына көмектесу сияқты жұмыстардың бел ортасынан табылған.

Днепродзержинск қаласындағы училищені бітіру кезінде қарт ұстаз Нұрсұлтанға қарап тұрып, әзілдеп; «Сен үкімет басқарасың» деген екен. Сол кезде-ақ кең маңдайлы жүзінен нұр төгіліп тұрған болашақ  Елбасының алысқа самғайтыны көрініп тұрған сияқты. 1960 жылдың мамырынан Н.Назарбаев Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы «Доменстрой» құрылыс басқармасына жұмысшы болып қабылданады. Содан кейін шойын құюшы, көрікші, домна цехының аға газ айдаушысы сияқты жұмыстар атқарған.

Соғыс кезіне сәйкес келген балалық, домна цехының жанында өткен жастық жалын, оның бойына қажырлық пен кайратты болуды қалыптастырған ғой.

«Адамның қадір-қасиеті ұлтына қарай емес, металмен жұмыс істеу барысында шыңдалған басқа сапарлармен анықталады»,- деп еске алады Н.Ә.Назарбаев.

Қоғамда белсенді болу, жас кезінен бастап партия жұмыстарын атқарған Н.Ә.Назарбаевтың сара жолы қазір «Нұр Отан» партиясы арқылы жалғасын тауып отыр.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1991 жылы 1 желтоқсанда Президент болып сайланды. Елбасымыздың ерен еңбегінің арқасында көптен күткен тәуелсіздігімізге де қол жеткіздік. Осы тәуелсіз еліміздің аспан түстес желбіреген Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы бар. 2006 жылдың қаңтар айында біздің жаңа әнұранымыз қабылданды. Осы әнұранның заңды авторларының бірі – Н.Ә. Назарбаев.

Бүгінгі таңда Елбасымыздың атқарған істері, халқы үшін жасаған еңбегі шексіз. Елбасымыздың басшылығымен бұрынғы Ақмола қаласы тәуелсіз Қазақстанның астанасы болып жарияланды. 1998 ж 10 маусым – астананың туған күні болып жылда тойланады. Астанамыздың күннен күнге көркейіп, Европалық стандартқа сай өркендеуі – елбасымыздың арқасында жүзеге асып отыр. Астанамызда атап өтілетін «Самұрық» кинотеатры, «Думан» океанариум, «Астана-Тауэр» сауда бизнес орталығы, Байтерек, Ханшатыр сияқты көркем ғимараттар бой көтерген.

Елбасымыз көптеген елдердің Президенттерімен келіссөздер жүргізеді. Келіссөз барысында сол елдермен үнемі ынтымақтастықты нығайту жолында, еліміздің экономикасын нығайту, бейбітшілік жолында күреседі. Шет елдерге ресми сапарларға барады.

Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2030 жылға дейін ең дамыған 50 елдің қатарында отыруы тиіс» деген мақсатта жүйелі жұмыс жүргізуде.

Осы орайда: «Өз халқын сүйетін адам, өз жұртына жақсылық тілеген жан өзге халықтарды ашындырмайды, өз ұлтын ешкімге қарсы қоймайды. Біз ел иесі ретінде биік бола білсек, өзгелерге сыйлы боламыз», – дейді Елбасы. Сонымен бірге Елбасымыз әрбір қазақ ана тілінде сөйлеу керек екендігін айтады.

Осы уақытқа дейін Елбасының назарынан еш нәрсе шет қалған емес. Әсіресе жастарға зор сенім артады. Ол жастарға: «Ал кейінгі толқын жастарға айтарым: Сендер – болашаққа деген үкілі үміттің тірегісіңдер. Біздің бүгінгі атқарып жатқан қыруар шаруаларымыз тек сендер үшін жаасалуда. Сендер тәуелсіз Қазақ елінің перзенттерісіңдер. Тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдыңдар. Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің – елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш», – деді.

Осы Елбасымыздың бізге, артқан сенімінен шығу жолында еңбек етуіміз керек деп ойлаймын. Ол үшін жақсы оқып, заман талабына сай өмір сүруіміз керек.

Біздің Президентіміз дүние есігін ашқанда, үлкен өмір белесіне қадам басқанда, президент болып туған жоқ. Ол да  бала болды, оқушы болды, одан келе жас болды.

Кішкене кезінен төзімділік пен табандылықтың арқасында осы күнге жетіп отыр. Ол әрқашан халқымен бірге. Батырлары білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғаған қазақ елінің мерейін үстем еткен абзал ұлы – Н.Ә.Назарбаев тарихы осындай.

Атына заты сай, келбетінен жылылық нұры төгілген, бойынан батырлық пен қайсарлық байқалатын, әр қадамы халқын ынтымаққа, бірлікке, бейбітшілікке бастайтын Елбасымның тарихы осындай…

You May Also Like

Мектеп жасындағы балалардың зат және энергия алмасуы, реферат

Мектеп жасындағы балалардың зат және энергия алмасуы. Жоспар: 1.Ағза мен сыртқы орта…

Адамның жаратылуы, реферат

 Адамның жаратылуы Барша ғаламаның иесi Аллаһ Та`ала жер бетiндегi тiршiлiкке иелiк ететiн…

Қаржылық есеп бері, реферат

Ж О С П А Р  Кіріспе Негізгі бөлім: Қаржылық есеп беру…

Саяси ой-пікірдің даму тарихы, реферат

Жоспар:  Ежелгі Греция және ежелгі Римнің саяси ойлары. Орта ғасырдағы ой. Жаңа…