Ғылыми жоба

Тақырыбы:  «АҢЫЗ БЕН АҚИҚАТТЫҢ ҮНДЕСТІГІ»

Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………2

Негізгі бөлім…………………………………………………………………………………………3

Қазақтың  аңыз-әңгімелері…………………………………………………………………….3

Қиял – Ғажайып ертегілер……………………………………………………………………..5

Адам ата мен Хауа ана жайлы аңыздар………………………………………………….7

Қазығұрт тауы жайлы аңыз-әңгіме……………………………………………………….13

Бурабай туралы аңыздар……………………………………………………………………….29

Бүркіт пен оның балапандары (аңыз-әңгіме)………………………………………….31

Ғылыми жұмыстың өзектілігі:  Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр» және т.б. батырлар мен шешен, көсемдердің айтқан әңгімелерінен үлгі-өнеге ретінде тың аңыздар құрастыру, жазу. 

Ғылыми жұмыстың мақсаты:  Қазақ аңыз-әңгімелері негізінде оның ақиқаттығына тарихи тұрғыдан көз жеткізу.

Ғылыми жұмыстың міндеті:  Қазақ аңыз-әңгімелерін  тереңірек зерттеген жазушығалымдардың еңбектеріне шолу жасау, талдау. 

Ғылыми жұмыстың практикалық маңыздылығы:  Қазақ аңыз-әңгімелері негізінде тәрбиелік мазмұнын ашу және қолдану.

«АҢЫЗ БЕН АҚИҚАТТЫҢ ҮНДЕСТІГІ»

тақырыбындағы ғылыми жұмысына

ПІКІР

Қазіргі таңда халық ауыз әдебиеті үлгілерін әдістемемен қатар қолдану, баланың шығармашылық, коммуникативтік, танымдық қабілеттерінің деңгейін көтереді. Халық ауыз әдебиеті – тәлім-тәрбиелік ой-пікірдің алғашқы бастауы, халықтың рухани мұрасы.

Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр» және т.б. – бәрі де қарапайым адамдар ретінде суреттеледі. Кейбір аңыз әңгімелердің басты кейіпкері көрші елдерге де ортақ болып келеді. Мысалы, Қожанасыр қазақ, қырғыз, өзбек ауыз әдебиетінде ортақ кейіпкер. Ол «ауылы аралас, қойы қоралас»,  қыз алысып, қыз берісіп құда-жекжат болып кеткен көрші елдердің ежелгі мәдени байланысының куәсі. Аңыз әңгімелерде көбінесе сараңдық пен сақилықты, жалқаулық пен қиқарлықты өткір сатирамен әжуалап сынау арқылы жастарды жаман әдет, жат мінездерден аулақ болуға баулуды мақсат тұтады.

Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Оқиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылған аңыз-әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейді.

Ғылыми жұмыста аңыз әңгіме – баланың шығармашылық танымдық коммуникативті қабілеттерін, тілін дамытудың маңызын ашып көрсеткен.

Қазақ аңыздарына ерекшелігіне кеңінен тоқталып, ауызекі сөйлеудің негізін қалаудағы, ана тілін меңгерудегі өзіндік ерекшелігін айқындаған. Сонымен қатар, халықтық жанрлар –аңыз арқылы балалардың тілдік біліктіліктерін, шығармашылық қабілеттерін дамытатын жұмыс түрлері сараланып, әрқайсысын оқытудың өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес әдіс-тәсілдерін ұсынған.

Зерттеу еңбектің нәтижелерін балалар фольклорын таныту барысында қолдануға болады.

Тақырыбы:     Аңыз бен ақиқаттың үндестігі 

АННОТАЦИЯ

Бұл ғылыми жоба жұмысында қазақ халқының аңыздары мен  әңгімелері – халық ауыз әдебиетінің жанры болып табылады.   Аңыздың  оқиғасы шындық өмірден алынғанымен, ауызша айтылып таралғандықтан, фольклорлық сапалармен толыққан көркем шығарма. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Оқиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылған аңыз-әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейді. 

АННОТАЦИЯ

В этой научной работе мы рассматриваем о мифах и рассказах казахского народа. Мифы недалеко от реальности. Мифы переданы из уста в уст.  Мифы-рассказы посвящены к отдельным героям, богатырям, а также защитникам своей Родины. Мифы похоже к сказкам, но здесь реальности больше охватывается.

ANNOTATION

The Technical possibilities of the personal is used as training facility, it  allows: to promote the educational process;  to individualize the education;  to raise the visual aids in presenting the new material;  to displace the accents from theoretical knowledge to practical; to raise the interest of the students to education.  The Sound facilities of the education  include the radio broadcasts and sound recording different type (magnetic record, phonograph records), a positive photographic scene moving object on movie film with fixed by sound accompaniment. The Fund of educational film aids consists of film, film clip and film hoop.

Кіріспе 

Аңыз әңгімелер — Халық ауыз әдебиетінің жанры. Оқиғасы шындық өмірден алынғанымен, ауызша айтылып таралғандықтан, фольклорлық сапалармен толыққан көркем шығарма. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Оқиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылған аңыз-әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейді.

Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, т.б. – бәрі де қарапайым адамдар ретінде суреттеледі. Кейбір аңыз әңгімелердің басты кейіпкері көрші елдерге де ортақ болып келеді. Мысалы, Қожанасыр қазақ, қырғыз, өзбекауыз әдебиетінде ортақ кейіпкер. Ол «ауылы аралас, қойы қоралас», қыз алысып, қыз берісіп құда-жекжат болып кеткен көрші елдердің ежелгі мәдени байланысының куәсі. Аңыз әңгімелерде көбінесе сараңдық пен сақилықты, жалқаулық пен қиқарлықты өткір сатирамен әжуалап сынау арқылы жастарды жаман әдет, жат мінездерден аулақ болуға баулуды мақсат тұтады.

Қожанасыр әңгімелерінде (аңызда) оғаш қылығы, аңғал мінезі әжуа-күлкі туғызып отырғанымен, негізі түйін ойда үлкен тәрбие-тәлім толқыны анық байқалады; оқушы оқып күле отырып шындықты түсінеді. Осындай халық арасына кең тараған күлкілі сықақ аңыз әңгімелердің бір тобы Алдар көсе атымен байланысты туған. Көсе образы – қарапайым халықтың күлкіні сараң байларға, оның өкілдеріне қарсы жұмсау, оларды келеке-мазақ ету тілегінен туған образ. Мұны біз [«Алдар көсе мен Алаша хан», «Алдар көсе мен шық бермес Шығайбай», «Алдар көсе мен саудагер», т.б. аңыз әңгімелерден көреміз. Осы аттары аталған хан, бай, саудагерлерді Алдар көсе өзінің тапқырлығы, ақыл-айласының арқасында алдап соғады, ел алдында мазақ, күлкі етеді. Халық аузындағы мәтелге айналған «Жұмыртқадан жүн алатын», «Өзі тойса да, көзі тоймайтын», «Кесіп алса қан шықпайтын» шық бермес Шығайбай – сараңдықтың жиынтығы. Шығайбайдың әдеті мен ісінен сараңдық, дүниеқорлық, өзімшілдік айқын көрінеді. Оның осы мінезін жек көрген халық қапияда жол, қапылыста сөз табатын, айла-амалы мол Алдар көсені жіберіп, Шығайбайды бірнеше рет жер қаптырады. «Ұрының әйелі өзіне лайық» дегендей, оның тәрбиесіндегі үй-іші – әйелі, қызы Шығайбайдың өзі тәріздес пиғылы тар сараң жандар. Көсе үйге кіріп келгенде әйелі илеп отырған нанды, қызы үйтуге әзірлеп отырған қазды жасыра қояды. Бұл әрекеттер Шығайбайдың образын толықтыра түседі. Сараңдық пен дүниеқорлыққа жаны қас Алдар көсе табан аузында сөз тапқыштығымен өзінің жаңа ғана көргендерін әңгімеге қосып, келе жатып үлкен сары бас жылан көргенін, оны өлтіргенін тұспалдап айтып береді. «Осы айтқандарым өтірік болса, байеке сіздің астыңыздағы қазыдай тілінейін, бәйбішенің нанындай иленейін, қызыңның астындағы қаздай жұлынайын», – деп аяқ астында оларды масқара етеді. Алдар көсе ақыры байдың қызы Бізбикені алдап алып кетумен оқиға аяқталады. Ал «Алдар көсенің шайтанды алдауы» деген әңгіменің сюжеті, құрылысы басқаша болып келеді. Халық ұғымында шайтанды ешкім алдай алмайтын болса, бұл әңгімеде Алдар көсе өзінің қулығымен шайтанды да алдап кетеді. Оның өтірік өліп тірілуі, шайтанға қазы алдыруы, үлкендігін бұлдап, шайтанның мойнына мініп қамшымен сабауы, шайтандар қорқатын тікен арасына тығылып, ала қаптағы алтынды алып құтылып кетуі арқылы адам айласы шайтанды да жеңеді деген идеяны білдіреді. Алдар көсе туралы аңыздардың қай-қайсысы болмасын оны тапқырлықтың өкілі етіп және ол қандай іс-әрекет жасаса да жазғырмай, сүйікті етіп көрсетуі Алдардың ел санасынан ұнамды кейіпкер түрінде тұрақты орын алғандығын аңғартады. 

Негізгі бөлім 

Қазақтың  аңыз-әңгімелері

Аңыздар тарихта шын мәнісінде болған әлдебір оқиғаларға құрылады, әрі осы оқиғалар көбіне нақты бір мекенмен, тау-таспен, өзен-көлмен баланыстырылады. Мұндай аңыздар жер-су аттарына байланысты немесе топонимикалық деп аталады. Себебі олар белгілі бір жағрафиялық нүктенің неліктен солай аталатынын түсіндіреді. Мұндай аңыздарға Бурабай, Баянауыл, Қарағанды, Жекебатыр, Шайтанкөл, Екібастұз,т.с.с. жер аттарымен байланысты аңыздар жатқызылады.

Аңыздар – халықтың ауызекі шығамашылығының ерекше жанры, оларда халық қиялы нақты жадығаттарды еркін сапырып, оқиғаларды өзінше пайымдайды.

Махаббат хикаялар

Қазақ аңыздарының үлкен бір тобын ғашықтардың қайғысымен, өлімі немесе айрылысуымен аяқталатын махаббат хикаялары құрайды. Бұларға Зарина ханшайымның, Айша бибі арудың, Балқаш қыздың бастарынан өткен оқиғалары жатады.

Батырлар туралы аңыздар

Қатыгез жауларға қарсы ерлікпен шайқасқан ата-бабаларымыздың қаһармандығын паш ететін батырлар жайындағы аңыздар да ауыз әдебиетінде айрықша орын алады. Бұлардың қатарына сақ патшайымы Томирис Отанын қорғау жолына өз өмірін құрбан еткен бақташы Шырақ жайындағы аңыз-әңгімелерді жатқызамыз. Бұл оқиғалардың аңызға айналу себебі сол уақыттан бері талай ықылым заман өтіп кеткендігі ғана емес, олар шын болды ма, жоқ па, ешкім дәлелдеп бере алмайтындығы.

Тарихи аңыздар

Ең ақырында, тарихи деректер мен оқиғаларды халық қиялы мүлде өзгертіп жібергендіктен, ақиқаттың өзі а уақыт өте келе аңыздық сипат алған қазақ аңыздарының бір тобы бар. Моңғолдардың атақты әміршісі Шыңғыс хан, оның ұлы Жошы хан және басқалар хақындағы кейбір аңыздар бұған дәлел болып табылады.

Тарихтың терең қойнауларынан орын алып, аңызға айналған оқиғалардың өтірік-шынын тексеріп жатудың өзі ақылға сыймайтын нәрсе. Олар ойдан шығарылған уақиғалар болғандықтан да-аңыз. Бір қызығы, әдеби немесе ғылыми шығармаларда мифтік бейнелерге айналатын немесе керісінше болатын тарихи тұлғаларға ,оқиғаларға тікелей байланысты аңыздар да көптеп кездеседі. Қазақ әдебиетінде Қорқыт, Алаша хан бейнелері осындай. Олардың өмірінде шын болғандығына кейбір зерттеушілер күмәнмен қарайды. Себебі олардың есімдері тарихи шежірелерден табылмай отыр. Сондықтан да қазіргі уақытта мұны дерек-құжатпен дәлелдеу қиын.

Қиял – Ғажайып ертегілер 

Қиял – Ғажайып ертегілер – халық арманын қиял-ғажайып бейнедегі кейіпкерлер арқылы тілге тиек етеді. Қиял – Ғажайып ертегілер алғашқы қауымдық қоғамда туа бастаған деген болжам бар. Оны ертегілерде кездесетін өте ертедегі қоғамдык өмірдің қалдыктарынан байқауға болады. Мысалы, матриархат заманына тән аналық ру мен көптеген әдет – ғұрыптардың көріністері (жұптық ұйым, аналық мекен, аналық неке, кувада, авункулат, т.б.), ерте замандағы анимизм, тотемизм, магия сияқты діни нанымдар мен сенімдер, т.б. Бірақ көне дәуірдің бұл көріністерін кейінгі заманда халық тек қиял деп түсінген. Сол себепті ертекшілер әңгімесін ерте уақытта болған деп ескертеді. Қазақтың Қиял – Ғажайып ертегілері жанрлық жағынан біркелкі емес. Оның құрамында алғашқы қауымға тән қарапайым миф, хикая, әңгімелермен бірге батырлық ертегілер кездеседі, сондай-ақ, тұрмыс-салтқа байланысты шығармалар ұшырасады. Демек, біздің Қиял – Ғажайып ертегілерміз жанр жағынан синкретті, яғни дараланбаған. Қазақ Қиял – Ғажайып ертегілердің тағы бір ерекшелігі – үнемі трансформациялық процесте болуы, яғни бір жанрдың екіншіге ауысып отыруы. Осы себепті Қиял – Ғажайып ертегілерінің біразы жанрлық өзгеріске ұшыраған, олар қиял-ғажайып пен тұрмыс-салт ертегілерінің аралық жанры сияқты. Кей жағдайда Қиял – Ғажайып ертегілері бүтіндей тұрмыс-салт оқиғаларын баяндап келеді. Қиял – Ғажайып ертегілердің сюжетіне, поэтикасы мен құрылысына батырлық жыр үлкен ықпал еткен. Көптеген Қиял – Ғажайып ертегілердің сюжеттік желісінде батырлық жырларындағыдай тұрақты кіріспелер мен қорытындылар бар. Әдетте, сюжеттің кіріспесінде ертегі қаһарманның кәрі ата-анасы мен оның дүниеге келуі туралы баяндалады: қартайғанша перзент көрмей, қу бас аталған құдайдан бала сұрап, әулие-әмбиелердің басына түнеп, жалбарынады. Кемпір-шалдың тілегі қабыл болып, бала сүйеді. Ол – ертегінің бас кейіпкері, батыр, ержүрек жауынгер. Ал қаһарман туралы әңгіме біткен соң негізгі сюжетке жалғасатын қорытындыда кейіпкер мен оның жанындағылардың бұдан кейінгі тағдыры сөз етіледі. Қорытындыдағы бас кейіпкер көп жағдайда, негізгі сюжеттегі қаһарманның баласы немесе інісі болады. Ол ендігі жерде ағасы не әкесі бастап, үлгере алмай кеткен істі тындыруы тиіс. Қазақ Қиял – Ғажайып ертегілерінің сюжеттік құрамы біркелкі емес. Әлденеше халық, ұлтқа ортақ халықар. Сюжеттер де, көрші халықтар ертегілерінің нұсқалары да, қазақтың өзіне тән оқиғалар да ертегілерге негіз бола береді. Бұл кездейсоқ емес. Қазақ халқы өмір бойы басқа халықтармен қоян-қолтық аралас, тығыз қарым-қатынаста болды. Ерте заманда туып, көне дәуірдің көріністерін сақтап келсе де, Қиял – Ғажайып ертегілер қазақ халқының тұрмысын, салтын бейнелейді, күнделікті өмірін көрсетеді. Қиял – Ғажайып ертегілердің бас қаһарманы, эстетикалық мұраты – халық арманы. Қазақ ертегілерінің бас қаһармандары, аңшы-мерген, жауынгер-батыр, кенже бала, тазша және басқа да әлеум. Теңсіздіктен жәбір көрген, әділдік іздеген бұқара өкілдері («Қаңбақ шал«). Бұлардың бәрі халық арманынан туған кейіпкерлер, яғни қияли-тарихи құбылыс. Кейінгі дәуірде, адамзат рулық қоғамға көшкен кезде халықтың арманы өз руын бөтен елден, шапқыншы жаудан қорғайтын жауынгер-батыр болды. Бұл бейне қазақ ертегілерінің біразында кездеседі. Рулық қоғам ыдырай бастаған кезде – арман басқа. Енді ол – ыдырап бара жатқан қоғамның дәстүрін қолдаушы, ата жолын қуушы. Қиял – Ғажайып ертегілер өмірге тікелей жақындап, бұқара арманын дәріптейді, халық эстетикалық мұратқа айналдырады.

Әр төбеге, әр биікке көтерілген сайын алдыңнан шығып, үн-түнсіз мүлгіп тұрған туған өлкеңнің ескерткіштері… Қай шебердің қолынан шыққаны белгісіз, бірі – арада бірнеше ондаған жылдар өтсе де міні құрымай әлі тұрса, бірі – сол уақыт үрдісіне шыдамай желден, жаңбырдың, қардың суынан мүжіле бастапты. Бір жағы опырылып түскен ескерткішті айнала жүріп, кезінде көрерге көз керек асыл туындының қазіргі күйіне ішің удай ашиды. Белгісіз шебер өзінің ой-арманын да, өз халқының салт-дәстүрлерінің ең озық үлгілерін де тоғыстырып әкеліп, тастың бетіне өрнек қылып төгіпті. Үңіле бергің, көре түскің келеді. Құлағыңа алыстан еміс-еміс бір сарын келгендей. Сол сарын ғасырға жуық уақыттан соң артынан келіп тұрған, алдындағы ескерткіштің кімге арнап салынғанынан да, оның кезіндегі тарихынан да мақұрым жолаушыға жол табар бағытты көрсеткендей. Ол жол-кезінде mac бетіне өрнектеліп оймышталған жазулар. Қазір олардың алды кетіп, кейбіреулері көмескі тарта бастаған. Сол жазуға үңіліп, оқи білсең ғана сүрлеуге түсетінің, іздеген бағытыңа бет аларың анық. Алған бағытыңнан тағы да ауытқып кетпеуің үшін тек жазуды оқи білу ғана емес, осы Маңғыстаудың Қаройы мен Үстірт үстін мекендеген ата-бабаларыңның ру-шежіресін жете білуің тағы керек екен. Сонда ғана әлгі құлап жатқан ескерткіш саған жөнін айтады екен, бір жағы опырылып төбешікке айналған туынды өз еңсесін көтере бастайды екен. Өзіне деген сенің шексіз сүйіспеншілігіңді, тынымсыз ізденісіңді сезгеннен кейін ғана құпиясын ашады екен. Ал, қызық үшін жол кезіп жүргенге сол сырын ашпас, мәңгілік мүлгіген күйінде жата береді екен.

АДАМ АТА және ХАУА АНА жайлы аңыздар

Бізге жеткен аңыз-әңгімелердің көбінде осы күнгі халықтар Адам ата мен Хауа ананың тоғызыншы буыны — Нұх пайғамбар мен оның зайыбынан туған Хам, Сам, Яфас деген үш ұлынан тарайды. Топан су кезінде әкесі Нұх пайғамбардың кемесіне отырған сол үш ұлы әйелдерімен аман қалады да, олардан тараған ұрпақтар өзара қыз алысып, қыз берісіп жүріп өсіп-өне бастайды. Ғасырлар өте, олардың ұрпақтары үлкен үш топқа бөлініп кетеді.

Хамның ұрпақтарынан Африка, Америка және мұхит, теңіз жағалауындағы қара түсті халықтар өрбісе, Самның ұрпақтарынан Араб, Жүһид (Еврей) халықтары пайда болады. Яфастан Иран, Тұран деген екі бала туады. Иранның   ұрпақтарынан   қазіргі   Иран,   Ауған,   Юнан, Хинді, Латын, Француз, Неміс, Славян халықтары шықса, Тұраннан Қытай, Қарақытай, Жапон, Корей, Түрік, Татар-монғол, Манжур, Тұңғыз, Фин-Угор елдері өсіп-өнеді. О басында бір тілде сөйлейтін Нұх пайғамбардың ұрпақтары өсіп-өне келе әлденеше тайпаларға бөлініп, қоныстары қашықтаған сайын өмір тіршілігі де, тілдері де өзгере бастайды.

Ерте заманда Қытай мен Түріктің тілдері бір-біріне ұқсас болған. Жүре келе өзара жауласып, ара қатынастары алшақтайды, соған сәйкес өмір тіршілігі, тілдері бөлектеніп кетеді. Бұл оқиға біздің пайғамбарымыздың заманынан мыңдаған жылдар бұрын болған. Жылдан жыл, ғасырдан ғасыр озған сайын ескі тілдер де өзгеріп, өркендей берген. Кейде тілдердің езгеруі бір оқыс жағдайға да байланысты болған дейді ескі шежіредегі аңызда. Мысалы: «Темір деген бір зор (күшті) патша топан су екінші рет бола қалған жағдайда одан құтылуға айла жасамақ болып, керемет биік мұнара салдыра бастайды. Ол бітуге таяу қалғанда, бір күні күтпеген жерден күшті дауыл шықса, әлгі мұнарасы күл-талқан болып құлайды. Сол мұнарада істеп жүрген адамдардың тілдері де лезде өзгеріп кетіпті». Қазіргі заманда дүние жүзінде үш мыңдай жеке-жеке халықтар өмір сүріп, олар сегіз мыңдай тілде сөйлейді екен. Олардың ішінде Азияда— 153, Африкада — 114, Еуропада — 53, Америкада — 423, Австралияда — 117 тілде сөйлейтіндігі айтылады.

Шежіренің барлығы дерлік қазақтың арғы тегін арабқа немесе монғолға апарып тірейді. Түрік деген атау сөз арасында ғана кездеседі, онда жеке адамдардың атымен талданады, қауымдық ұғым сезілмейді, тайпалардың пайда болу, өсу мерзімдері түсініксіз. Мысалы:  1-шежіре: Адам атаның (аты Абыл Башыр) тоғызыншы буыны — Нұх пайғамбар. Оның отыз алтыншы буынынан Өзбекхан, одан Байшора, Жаншора, Қарашора (Бекшора) деген үш ұл туады да, қазақтың үш жүзінің негізін құрайды. Бұл адам баласының өсу дәуірінің 45 буынын немесе – бір ғасырда орта есеппен төрт буын өсіп шығады десек, ол небары 1120 жылдай уақытты ғана қамтиды. Сонда бұл қайсы дәуірдің арасы?

Осы Өзбекхан тұсында қазақ рулары 92 баулы Өзбек деп аталған дейді. Бұл шежіреде қазақ деген атау түбімен жоқ. Ол кейін «қас-сақ» деген сөзден шыққандығы айтылады.

2-шежіре: Нұх пайғамбардың кіші баласы Яфастан — Тұран, одан Түрік, одан Сақ, оның шөбересі Әннас сақаба (араб), оның оныншы буыны Оғызхан, одан Сейілхан, Жайылхан. Жайылханнан Өзбекхан, одан Қазақ, Созақ, Ұзақ. Қазақтан Ақарыс (Ұлы жүз), Жанарыс (Орта жүз), Бекарыс (Кіші жүз) туып, қазақ рулары осы үшеуінен өрбиді.

Бұл шежіреде Нұхтан Өзбекханға дейін он  буын немесе әр буында орта есеппен 30 жыл десек, 570 жыл ғана. Егер ол Алтын Орда ханы Өзбекхан болса, онда ол Нұх пайғамбардан көп кейін шыққан Иса пайғамбардан соң, немесе біздің жыл санауымыздан кейінгі 1312 жылы таққа отырған. Бүл нұсқада Түрік, Араб, Монғол аралас айтылады. Сонда ол қайсы Нұх, қайсы Өзбекхан?

3-шежіре: («Рауан» шежіресі), мұнда Нұх пайғамбардан кейінгі   аталар:   Сам — Тарақ — Азар — Ыбырайым —Ысқақ — Табиғи — Сақ — Әнсары — Халит — Әннас (Сақаба) — Сыбай — Алаш — Жайылхан — Қазақ —Жұман — Әбілхайыр. Одан Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс (Үш жүз) туады да, Оғызхан, Өзбекхан аталмайды. Бұл нұсқада Нұхтан қазаққа дейін 14 буын, немесе 420 жыл ғана. Түрік деген түбімен жоқ. Осыған ұқсас бір шежіре 1980 жылдың бас кезінде Шымкент өңірінде қолдан қолға ауысып жүрген еді.

4-шежіре: (Әбілғазы шежіресі), онда адам атадан Нұх пайғамбарға дейін 9 буын. Нұхтан Яфас, одан Тұран, одан Түрік, оның сегізінші буыны Оғызхан, оның 6 буыны Қиян (Қият). Бұл монғол халқының түп атасы делінеді, сонда Оғызхан түріктің емес, монғолдың түп атасы сияқты. Бұл шежіреде Оғызхан ат қойған Қаңлы, Қыпшақ, Қарлықты түрікке жатқызып, «Үйсін елінің сүйегі монғол-татар» дейді. Жалайыр мен Қоңыраттың тегі монғол екендігі баса айтылады. Мұны Мұхамеджан Тынышбаев та қуаттайды.

Бұл мысалда Адам атадан үш жүзге дейінгі өсіп-өркендеу шежіресі айтылады. Ал жүзден кейін де күдікті жері көп. Атап айтқанда, 1398 жылы туған Жарықшақтан (бір шежіреде солай айтылады), біз шежіре жазған 1947 жылға дейінгі 500 жыл мөлшерінде ұлы жүздегі Албан, Суан, Дулат деген үлкен-үлкен тайпалар өсіп шыға келеді. 1456 жылы туған Сиқымнан (Дулаттың баласы) 1947 жылға дейінгі 490 жылда «Сиқым көп пе, қиқым көп пе» деген қалың ел пайда болады. Бұл дерекке қарағанда, Жарықшақ немересі Сиқымды 58 жасында көрген сияқты, осы мерзім ішінде Албан, Суан, Дулат деген тайпалардың қыруар үрім-бұтағымен өсіп шығуы мүмкін бе?

Қазақ Кеңес Энциклопедиясына жүгінсек, Дулат біздің заманымыздың ІІ-IIІ ғасырында Үйсіннің құрамында жүрген үлкен тайпалардың бірі екендігі айтылады. Дулаттың «ағасы» Сары Үйсін – біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырдағы Сақ тайпасының құрамындағы ірі ел. Сол сияқты Сары Үйсін, Албан, Суан, Дулаттың «атасы» Бәйдібек бай бір деректе Х-ХІ ғасырда немесе бұдан 900 жыл бұрын Шыңғысханнан арғы замандарда өмір сүрген адам делінсе, екінші деректе ол 1346-1419 жылдарда өткен дейді.

Қарасай батыр туралы жазған мақаласында («Егеменді Қазақстан») белгілі жазушы Балғабек Қыдырбекұлы: «…шежіре қуалаушылардың көбі VШ-ғасырда өмір сүрген Сары Үйсінді (Түргеш), Шапырашты, Ысты, Ошақты, Албан, Суан, Дулатты беріге әкеле салады… Ал енді біреулер шежірені шала білгендіктен VII ғасырдың аяғында туып, VIII ғасырдың басында өмір сүрген Бәйдібектің немересі Шапыраштыға үш-төрт атадан қоса салады», – деп жазды.

Шежірелердегі айтылып жүрген Бәйдібек Шыңғысхан тұсындағы Майқы бидің бесінші буыны сияқты (Майқы би — Бақыти — Үйсін — Ақсақал — Қараш би — Бәйдібек). Бұл XIV—XV ғасырдың арасына сәйкес келеді. Қазақ шежіресін бір кісідей білетін құрметті Асанбай Асқарұлынан 1985 жылдың көктеміндегі кездесуде: «Осы Бәйдібек баба мен Домалақ ана қай жылдары өткен кісілер?»— деп сұрағанда: «Олар Шыңғысханнан соң ХІV-ХV ғасырларда өткен ғой»,— деген. Қазақта (Үйсінде) шешен Майқы, көсем Майқы деген екі Майқы болғандығы айтылады. Көсем Майқы Шыңғысханды таққа отырғызған он екі бидің бірі — атақты Майқы би дейді. Бәлкім, Бәйдібек те екеу болған шығар?

Шежірелердегі тағы бір түсініксіз нәрсе — Үйсін, Қаңлы, Жалайыр деген тайпалардың Шыңғысхан заманындағы Үйсін Майқы би, Қаңлы Қоғам би, Жалайыр Келмағамбет би деген үш ағайынды (Төбе бидің балалары) адамнан пайда болуы. Тарихи деректерде бұл тайпалар біздің заманымыздың бас кезінен белгілі.

Әлімбай ақсақалдың айтуынша, Сыр мен Қаратал өзендерінің аралығын мекендеген бұл үш тайпа ел Үйсін Майқы би, Қаңлы Қоғам би, Жалайыр Келмағамбет билер тұсында өзара одақ құрып, Майқы бидің әкесі, Үйсіннің қарт биі — Төбе бидің төңірегіне топтасады. Ортақ ұран етіп Үйсін ұраны — «Бақытиды» қабылдайды. Таңбалары: Үйсінде — «сүргі», Қаңлыда — «көсеу», Жалайырда — «тарақ» таңба болып қала берген. Бұл одақ кейін ұлы жүз атауына негіз болған. Бұлардың тікелей туыстығы жоқ, тек ұран астында ғана біріккен. Шежіре жазушылар оларды Төбе бидің баласы деп жаңсақ жазған.

Ал арабтардың (Мұхаммед пайғамбардың) түріктермен кездесуін ескі шежіренің бірі былайша баяндайды: «Мұхаммед пайғамбардың Әбдужаһил деген патшамен дін үшін болған алғашқы соғысында, соғыс майданында жиналған екі жақтың әскерлері өздерінің белгіленген шебінде сап құрып тұрады да, соғыс басталу дабылын күтеді. Ол біраз уақытқа созылады. Осы кезде Әбдужаһил жағына жан-жақтан көптеген атты әскерлер келіп қосыла береді. Мұсылмандар жағына ешкім келмейді. Бұл жағдай сақабалар арасында қобалжу туғызады. «Кәпірлер көп, біз азбыз, соғысқа түскенде халіміз не болмақ?»— деп олар өзді-өзі пікір алысып жатқанын Мұхаммед пайғамбар естіп қалып, сақабаларға қарап: «Сендер қобалжып әскер арасына үрей туғызбандар, біздің жағымызда Алла-Тағаланың өзі тұр, ақыры жақсы болады!»— деп басу айтады. Біраз уақыт өткенде көп атты әскерлер келіп, мұсылмандарға жақын жерден сап құрып тұра бастайды. Осы кезде соғыс дабылы қағылып, кәпір-мұсылман әскерлері майданға түседі де, бір-бірімен найзаласып, қылыштасып кетеді. Аздан кейін кәпірлер жағының басымдығы байқала бастайды. Олар мұсылмандарды ығыстырып, бірнеше топқа бөліп жібереді. Халдерінің ауырлығын сезінген Мұхаммед пайғамбар жаңа келген қосындарға қарап: «Мұсылмандарға жақтасып ұрысқа түсіңдер!»— дейді. Олар козғалмапты. Арабша түсінбеген шығар деп парсыша айтады, тағы да қозғалмай тұра береді. Сонда Мұхаммед пайғамбар төрт шаһарияларына қарап: «Бұлар не арабша, не парсыша түсінбейді ғой, қай нәсілден екен, біліңдерші»,— дейді. Шаһариялардың бірі — Әбубәкір Сыдық оларға барып, тілдеседі де, қайтып Мұхаммед пайғамбарға келіп: «Олар түріктер екен, Түркістан тарапынан келіпті»,— дейді. Сонда Мұхаммед пайғамбар оларға түрікше өтініш жасайды. Түріктер соғысқа түседі де, асқан ерлік көрсетіп, кәпірлерді көп шығынға ұшыратады. Оларды майданды тастап қашуға мәжбүр етеді. Жеңілген кәпірлерді қуып тастап, майданға қайта оралған мұсылман жағы, өліктерін жинастырып, жерлеп болғаннан кейін Мұхаммед пайғамбардың қасына жиналады. Ол жерге түрік қосындары да шақырылады.

Мұхаммед пайғамбар дін үшін болған алғашқы ірі соғыста мұсылман жағының жеңіске жеткенін ризашылықпен атап өтеді. «Алла Тағала әмісе жар болғай!»— деп дуа қылады. Түріктердің мұсылмандар жағында соғысқа түсіп үлкен қайрат көрсеткендеріне сүйсініп: «Түріктер бұдан былай менің үмметім болсын, кімде-кім оларға тіл тигізсе күнәһар деп есептелсін»,— дейді.

Сұрастырып қараса түрік қосыны 92 рудан жиналған екен. Сондықтан оларды «92 баулы түрік» деп атайды.

Қыпшақ бірлестігі дәуірлеген кезде олар «92 баулы қыпшақ», ал Алтын Орданың атақты ханы Өзбекханның тұсында «92 баулы өзбек» атанып кетеді. Бұл кезде олардың арасында монғол тектес тайпа да бар еді.

«Мұхаммед пайғамбар біздің жыл санауымыздан бергі 570 жылы туып, 630 жылы дүниеден өткен»,— дейді Сәбит Мұқанов өзінің «Халық мұрасы» кітабында. «Орта Азия жерін арабтар 712 жылы жаулап алған»,— дейді профессор Ә.Қоңыратбаев. Сонда түріктер Әннас сақабадан бұрын пайда болған ескі ел емес пе? Қалайша одан өрбуі мүмкін?

Белгілі тіл ғалымы марқұм Құлмат Өмірәлиев: «Қай шежіреде болмасын, барлық рулар өздерінің тарихын өз аталарының, әрі кетсе аталастарының тарихынан ары асыра алған емес. Ал ХVШ-ХІХ ғасыр қазақтарына келсек, олар өздерін бір шежіреде Мұхаммед пайғамбардың сақабасынан шығарса, бір шежіреде тарих басын Шыңғысхан дәуіріне әкеп тірейді»,— дейді.

Әдебиетіміздің көрнекті өкілі С.Мұқанов өзінің «Халық мұрасы» деген кітабында: «…Қожалардікін санамағанда қазақта жазба шежіре ХV ғасырға дейін болмаған».

«…Үйсін,  қаңлы,   қыпшақ,   найман,   керей  аталатын рулар арғы көне замандарда қандас болған халық емес. Әкімшілік құрған хандықтардың аты, олардың құрамында әлденеше рулар болған».

«…Шежіренің бірқатары түрік тілдес халықтың шығу тегін Әннас сақабадан бастайды. Олай ету – бұларды Мұхаммед пайғамбарға, арабтарға, мұсылманшылыққа жақындату болған. Бұл қожалардың ісі»,—деп жазыпты.

Жазушы Салғараұлы Қойшығара «Асыл мұра» айдарымен «Қасиетті қадірлей біл, ағайын» деген «Зерде» журналының 1991 жылғы бірінші санында жариялаған мақаласында: «…Шежіреде түркілер мен арабтардың бір кісінің екі баласынан тараған ұрпақтар етіп көрсетілуінің өзі-ақ тарихтан хабары жоқ жан үшін де қисынсыз болып көрінері анық.

Бұл ретте ғылымға белгілі екі дерек бар:

  1. Академик Әлкей Марғұлан атап көрсеткендей, араб жұртына монғол-қыпшақтардың билік құрған кезімен байланысты. Египетке сұлтан болған Бейбарыстың (1260-1279 жылдар),   Қалауының   (1279-1290 жылдар) кездерінде олар Иранға, Византияға қарсы күресте Алтын Орда қыпшақтарымен одақтасып, бірге күш жұмсаған. Жауынгер қыпшақ жұртын арабтарға жақындату мақсатында сол кезде-ақ «бұлардың түп атасы — біз» деген әңгіме таратқан болатын. Осының нәтижесінде уақыт оза келе: «Түркілердің түп атасы арабтан тарайды»,— деген жаңсақ шежіре нұсқасы пайда болған.
  2. Энциклопедист-ғалым Шоқан Уәлиханов: «Қазақтардың ата-тегін арабтан бастау – ойдан шығарылған жалаң әңгіме. Оны бұлай айтудың себебі болған еді.  Қырда әкімшілік   жүргізген   кезде   патша   ұлықтары   олардың шежіре-аңыздарын сұрай берген соң, бізді атты қазаққа (солдатқа) қосайын деп жүр деп сезіктеніп өздерінің шын туысын (шежіресін) айтпай, біз Мұхаммед пайғамбардың ұрпағымыз, арабпыз деп көрсеткен»,— деп жазды.

Бір кезде халықтың, қауымның емес, соларды билеуші аз ғана топтар мен жеке көсемдердің тарихына айналып кеткен шежіреге енді сын көзбен қарап, халықтық мазмұнын қайтарған абзал болар.

Бұрынғы замандарда, әсіресе құлдық дәуірде, ол өте ұзақ мерзімге созылды, жоғары лауазымды билеуші топтар немесе дәулетті адамдар өз шаруашылығына боданды адамдарды – жастарды көптеп ұстаған. Олардың ішінде ер-әйелдері де болды, солардың барлығы дүниеден ұрпақсыз өтті деп кім кесіп айта алады? «Қой ақсағымен мыңға жетеді» дейді халық даналығы, тайпалардың өсуіне солардың да үлесі аз емес екендігін еске алмаса болмас. Құл да, күңдер де негізінен өзге елдерден тұтқынға түскендерден болған. Шежірелерде қазіргі қазақ рулары тек атақты адамдардың ұрпағы болып көрінеді.

«Б. э. д. I ғасырда Үйсін Гунмосы (Күнбиі) кенеттен Ғұндарға шабуыл жасап, 40 мың адамды тұтқынға түсіріп, өзімен бірге алып кетіп құл етеді… Құл иеленушілік кең өріс алған» делінеді. Сол сияқты жаугершілік пен табиғи апаттардың салдарынан бір-бірімен араласып, сіңісіп кеткен аталар да аз болмаған. Мысалы: кешегі Абылай заманының өзінде қырғыздарға жасаған шабуылдан түскен тұтқындар Уақ ішінде қалып қойып, кейін келе оның Сарыбағыш деген бір атасына айналып кетеді. Шежіреде ол Уақтың баласы болып жазылған.

«Төле би шежіресінде Жаныс ішіндегі Оймауыт пен Бөгежелінің монғолдан ауысқандығы айтылады»,— дейді шежіреші Бақ Батырбекұлы. Қоңырат тайпасындағы Қырғызәлі деген рудың түбі қырғыз екендігі шежіре («Ана тілі») деректерінен белгілі болды. Мұндай жағдайлар қазақ тайпалары арасында жиі кездеседі. Демек, оларды сол тайпаның атасынан туды деу қате. Яғни жеке атақты адамдар ру басы болуы мүмкін, оның тікелей әкесі болуы күмәнді. Сондықтан болашақта шындыққа бейімдеу шежірені қайта жазып шығу қажет-ақ. Бұл оларды бөлектеу деген сөз емес. Қазіргі қазақ руларының шығу тегі әр түрлі болғанымен, қалыптасқаны — тарихи шындық. Тек ол қазақтың бір адамнан емес екендігіне мысал ғана. Руды енді ешкім де өзгерте алмайды. Бұдан былай бөлініп шығатын аталардың аты өзгеше аталғанымен (егер ондай сәт бола қалса) түпкі негізі сол күйінде қалуы даусыз. Біз енді оларды сол қалпында тануымыз керек. Қазақ ұлтындағы тайпалар мен рулар — оның бөлінбейтін мүшелері.

Қазақ шежіресі енді негізінен төрт сұраққа жауап беретін сияқты: рудың (атаның) аты, шығу тегі, қалдырған ұрпағы, олардың қан тазалығын сақтау шебі (қыз алыспайтын жері).

Сол сияқты ру ішіндегі қыз алыспайтын шептен өткен соң, тереңірек талдауды әрбір адам өз руының шежіресінен іздестіре берер. Жалпыға ортақ шежіреге оның қажеті аз.

Шежіренің жазылу тәсіліне баға бере келіп, профессор Ә.Қоңыратбаев: «Үш жүзді қожалардан таратудан гөрі, ертедегі тайпалар табиғатына Оғыз, Қыпшақ, Қазақ, Қарақалпақ деген онамастика жақын сияқты»,— дейді. Өте орынды сөз.

Ғалымдарымыз тұжырымдағандай, қазіргі шежіре деректерінің сыртында халқымыздың көне тарихы, сол дәуірдегі мәдениетті ортадан оқшау қалмай олармен тығыз қарым-қатынаста болып, егіншілік, мал шаруашылығы, қолөнер, сауда-саттық т. б. кәсіппен айналысқан, өздерінің қажетіне сай түрлі материалдық игіліктер жасаған, әрі ұланғайыр аймақты тұрақты иемденіп, өздерінше мемлекеттік билік-басқару жүйесін құрған. Сөйтіп, ерте заманнан бермен қарай мәдениеті дамыған көрші халықтармен қарым-қатынас жасау негізінде тарихқа мәлім болған тайпалар да болды.

Міне, біздің заманымызға (жыл санауымызға) дейінгі III ғасыр мен біздің заманымыздың I—III ғасырларында тарих аренасына шыққан Ғұн (Күн), Үйсін, Қаңлы қағанаттары осындай халықтың қатарына жатады.

Жазу мәдениеті дамыған көршілес елдер олар жайлы алуан түрлі деректер жинады. Ал бұл деректер бертін келе тарих қазынасына айналды. Бұл Мұхаммед пайғамбардың дүниеге келуінен бірнеше ғасыр бұрын болған. Дерек көздерінің өте күңгірт болғанына қарамай осы ежелгі Ғұн, Үйсін, Қаңлы бірлестіктерінің тарихы адамзат тарихының сол дәуірдегі күллі Орталық Азияға, Таяу Шығысқа, Шығыс Еуропаға қатысты тарихымен берік сабақтасып жатыр. Мұны бергі Түрік қағанаты, Оғыз, Қыпшақ, Қарахан бірлестіктерінің тарихына да қатысты айтуға болады. Демек, бүгінгі қазақ халқының тарихы өзінің бастау көзін сонау Ғұн, Үйсін, Қаңлы бірлестігі мен Түрік қағанаты, Қарахан қағанаты және Оғыз-Қыпшақ бірлестігі тарихынан алады екен. Олай болса, біз енді өз шежіремізді арабтың шығу тегі белгісіз бір сақабасынан бастап, әке мен балаға ауыса беретін жалаң тізбекпен жүргізгенше, ғылыми дәлелденген қауымдық сипаттағы Тұран, Түрік, Сақтан бастағанымыз жөн емес пе? Оқырмандар бұл тайпалардың (халықтардың) пайда болуы, өмір сүруі мен әр түрлі тармақтарға бөлінуі ұзақ дәуірдің жемісі екендігін ұғынғаны жөн.

ТҰРАН. Шежіре деректеріне қарағанда Нұх пайғамбардың үш ұлының кенжесі Яфастан — Иран, Тұран деген екі ұл туады. Бұл екеуі ер жеткенде екі үлкен аймаққа патшалық құрады. Тұран жұртына түрік, монғол-татар, манжур, тұнгуз, фин-угор халықтары қарайды. Бұлардың ішінде үстемдік көп ғасырға дейін түрік тайпасы жағында болады. Тұранның арғы жағында қауымдастық белгі беретін тарихи атау қазірше анық емес сияқты, сондықтан шежіре басын сол Тұраннан бастаған теріс болмас. Оның үстіне ол Нұх пайғамбардың немересі есебінде көрсетіледі. Сол себепті шежіренің бастапқы әсерін төмендетпейді.

Қазығұрт тауы жайлы аңыз-әңгіме

Қазығұрт тауы жөніндегі ең көне мәлімет әйгілі Нұх пайғамбардың кемесінің әлемді топан су басқанда бір таудың басына қайырлап, аман қалуы туралы аңызда айтылады. Бұл жөніндегі жыр қазақ арасына кең тараған, көне дүние. Осы ұзақ жырдың ең болмаса алғашқы екі жолы:

Қазығұрттың басында кеме қалған,

Болмаса ол әулие неге қалған,

деген сөздерді есітпеген қазақ азаматы кемде-кем шығар. Осы бір аңыз сарыны қолына қалам ұстаған көптеген азаматтардың шығармаларына арқау болған. Тіптен, арыға бармай-ақ, беріден қайтарғанның өзінде Валерий Брюсов «Қазақтың Пушкині» деп атаған Мағжан Жұмабаевтың көне Тұран өңірі мен Түркістан туралы жазған ұзақ ода жырында түркі әлеміндегі атақты жерлердің бәрін тізіп келіп былай дейді:

Балқашты баурына алған Тарбағатай,

Жоталы жер кіндігі — Памир, Алтай,

Қазығұрт қасиетті тау болмаса,

Топанда Нұх кемесі тоқтар қалай?

Ежелден жер емес ол қарапайым

Білесің тарихты ашсаң Тұран жайын.

Тұранға қасиетті құмар болған,

Ертеде Кей-Қысырау мен Зұлқарнайын.

Мағжан ақын осы толғауында түркі жері мен елін мадақтай келіп, Афрасиаф пен Фарабиді, Сыр мен Әмуды мадақтайды. Жоғарыда келтірілген осы үзіндідегі Кей-Қысырау мен Зұлқарнайынға біз соңынан тоқталармыз. Қазірше Нұх пайғамбар мен Қазығұртқа оралайық. Айтпақшы, Қазығұрт туралы біздің мезгілімізде кітап жазған қаламгер Сәуірбек Бақбергенов ағамыз болатын. Ол кісінің «Қазығұрттың басында кеме қалған» деген кітабы көпшілікке кеңінен таныс. Ал осы ғасырдың басында көбірек қалам тартқан ғалым – әйгілі шығыстанушы, академик Әбубәкір Диваев болатын. Ол кісінің еңбектері сол кездегі Ресей басылымдарында жиі жарияланған.

Иә, сонымен әуелі Нұх пайғамбар туралы.

Нұх пайғамбар туралы аңыздар әлемге ең көп тараған аңыз. Дүниенің төрт түкпірінде бұл аңызды білмейтін ел жоқ. Әсіресе осындай аңыздар өзен арналары мен теңіз жағалауын жайлаған елдерде кең тараған (Вавилония, Мексика, Греция, Индия, Австралия, Меланезия, Океания аралдары т.б.). Бұл жерде біз топан су туралы айтып отырмыз. Немесе Нұхты (Нойды) есітпеген ел көп болуы мүмкін, ал Топан су туралы аңыз көпшілік елде бар. Ал өздерін өркениетті санайтын елдердің бәрі Нұхтың атын біледі. Әрине, діні мен дүниетанымына байланысты әркім өзінше атайды, өзіне тартады.

Осы жерде өркениетті елдің ең алғашқы тасын қалаған Нұх пайғамбар жөніндегі мәселені бірде Нұх деп, бірде Ной деп қосарластырып жатпай басын ашып алайық.

Інжіл аңыздары бойынша бұл пайғамбардың есімі – Ной. Ол қырық күн, кырық түн толассыз жауған жауыннан жер жүзін топан су басқанда өз кемесінде әйелі және Сим, Хам, Иафет деген үш баласымен аман қалып, су тартылғанда кемесі бір тауда қайырлап, содан барып кейінгі жан-жануар мен өсімдік әлемі пайда болады. Міне, осы тауды иуда дініндегі ағайындар Синай тауы десе, Христиан дініндегі ағайындар Арарат тауы деп болжамдайды. Дегенмен осы інжілдегі аңыздың өзі бұрыннан келе жатқан көне аңыздын, қайталамасы ғана екенін де еске салып кеткен жөн. Ғалымдардың тұжырымдамасы бойынша Інжілге енген бұл аңыз көне Вавилонияның Гильгамеш туралы эпосындағы сарынның қайталамасы. Міне, Ной пайғамбар туралы аңыздағы деректер осылай. Осы аңыз дүние жүзіне көп тарап, әлемдік өркениетті дәуірдің  басталуын осылардын, есімімен байланыстырады.

Енді Нұх пайғамбар туралы аңызға келейік. Біріншіден, Інжілдегі Ной қазақ аңыздарында Нұх деп аталған. Екіншіден, Нойдың үш ұлы болса Нұхтың да үш ұлы бар. Тек сол үш ұлдың кенжесінің есімі ғана өзгешелеу – Иафес. Ал кемедегі жағдай өзгешелеу. Бұл жерде қазақтың көне аңызына ислам дінінің жасаған ықпалы да нышан беріп қалады. Дегенмен әлемдік өркениетті өмір осы тұстан басталды деп есептейтін болсақ қазақ дүниетанымы дәл сол тұсқа барып жапсарласып жатыр. Соңғы бірер ғасырда қазақ немесе жалпы түркі халықтарын бұрын мәдениеттен мақұрым қалған, тек Еуропаның әсерімен ғана мәдениет пен өркениетке жанаса бастады деп белден басып, теориясымақтарды алға көлденең тартатын ғалымдар осы бір көне дәуірге неге көңіл бөлмейтіні белгісіз. Әрине, олардың қазақты тек бұратана ел етіп көрсеткісі келген ниетін білеміз, тек кезінде соған қарсы тұра алмадық. Әрине, зиялы қазақ азаматтары бұған қарсы үн көтерді-ау, тек олардың дауысы өз айналасынан ары көтеріле алмады. Әйтпесе, әлемдік өркениетті осы тұстан нәр алды дейтін болсақ, басқа түркі халықтарын қайдам, қазақтар өзінің Қазығұртымен бой жарастырып, тайталасып тұрған жоқ па? Иә, солай. Қазақ халқының әлемдік өркениетке косылатын жері осы тұста.

Енді қазақ арасында тараған аңызға тоқталайық. Мұнда да топан су, мұнда да кеме, мұнда да үш баласы бар бір жанұя. Тек кеменің тоқтаған жері Синай да емес, Арарат та емес. Кеме аласа ғана тау Қазығұртқа қайырлаған. Осы жерде біз Нұх пайғамбар жөнінде шығыстағы араб-парсылар арасында тараған нұсқасына да тоқтала кетейік. Сол аңыздардың жиынтығы Бурһанеддин ұлы Қазы Насреддин Рабғұзидің «Рабғұзи киссалары» («Қисса Рабғұзи») атты 1310-жылы жазылған кітабында топтастырылған. Осы кітаптың баяндауы бойынша Нұх пайғамбар топан суды Алладан өзі тілеп алған. Оны мұсылман дініне еніңдер деп үгіт-насихат таратқаны үшін кәпірлер тас пен кесек атып зәбірлеген. Осыдан (кәпірлерден) құтылу үшін ол Аллаға жалбарынып, топан су жіберуін өтінеді. Осы топан судың басы таңсәріде нан жауып тұрған бір кемпірдің тандырынан басталып, соңынан барлық жерден су шыға бастайды. Аспаннан жауын жауады. Кәпірлердің бәрі судан қашып, тауға өрмелейді. Тек судың деңгейі сол ең биік деген таулардан қырық кез жоғары көтеріледі. Кәпірлер опат болады. Солардың ішінде Нұхтың үлкен ұлы Канан да кетеді. Өйткені ол кәпір болатын. Шыныдан сандык, соғып, соның ішінде аман қалуды қарастырғанмен одан ешнәрсе шықпайды. Кеме тоқтаған соң жаңа өмір басталады. Рабғұзидің жазбаларында Нұхпен бірге кемеге мұсылман дінін қабылдаған сексен кісі қосыла мінген. Бұдан әрі кітапта Нұхтын қызы туралы, тағы басқа әңгімелер бар.

Топан су жайлы аңызды Әбілғазы өзінің «Түрік шежіресі» атты кітабында да келтіреді. Бұл автор өз баянын Адам атаның топырақтан жаралғанынан бастап, оның ұлдарының билік жүргізген мезгілдеріне тоқталады. Өзі мың жыл жасаған Адам ұрпағының ең көбейген мезгілі Мәһлайыл билік жүргізген тұс еді дей келіп, осы тұста Бабыл жұртында (Вавилония) Сос атты қала салдырғанын, кенттердің көбейгенін айтады. Осы Адамның ұрпақтарының бірі Нұх екі жүз елу жасқа келгенде құдай Тағала оны пайғамбар етіп, ел арасына жіберді. Нұх халықты мұсылмандыққа жеті жүз жыл үгіттегенде ері бар, әйелі  бар барлығы сексен адам ғана мұсылмандыққа бас иеді. Осыған ренжіген Нұх құдайдан әлгі адамнан басқаның бәрін жоқ қылуын өтініп, дұға оқиды. Осы дұғасы қабыл болып, Нұхқа құдайдың атынан Жәбірәйіл елші болып келіп, топан су басатынын, сондықтан әлгі сексен адаммен қоса барлық жануарлар мен өсімдіктерден бір-бір жұптан кемеге отырғызып, аман қалуына әрекет жасауын тапсырады. Нұх пайғамбар осылай етті. Кемеге раджаб айының алғашқы күні мінген топ алты ай он күн су үстінде болып, мұхаррам айының оны күні жағаға шығады. Кеменің қайырлаған жері Шам жұртындағы Мүсіл шаһарының Жудда тауы. Кемеде көпшілік адам ауруға шалдығады. Ақыры Нұхтың үш ұлы мен үш келіні ғана сау қалып, қалған адамдардың бәрі қайтыс болады. Нұх пайғамбар үш ұлын үш жаққа: Хам атты ұлын Үндістан жаққа, Сам атты ұлын Иран жаққа, Иафес атты ұлын Солтүстік жаққа жібереді. Осы үшеуінің кенжесі Иафестен Түрік, Хазар, Сақлап, Орыс, Мең, Шын, Кеймар, Тарих атты сегіз ұл өрбиді. Иафес өлерінде өз орнына Түрікті отырғызып, патша деп жариялайды. Ол өзіне аса ұнаған Ыстық көл деген жерді мекен етіп, тұрып қалады. Міне, осы Түріктен Түтік, Хакал, Барсажар, Амлак атты төрт ұл қалады. Түркі тұқымдас халық осы Түріктен тарайды.

Міне, Батыс пен Шығыс елдеріндегі Нұх пайғамбар мен Топан су туралы аңыздар осылай өрбіген. Мұның бәрінде де сол халықтардың өздері ұстанған діннің әсері бары тайға таңба басқандай білініп тұр. Ал Қазығұрт туралы аңызда керісінше өмірге деген ынтықтық басым келеді. Айтпақшы, Әбілғазы нұсқасындағы Бабыл жерінде қала соқты деген тұсқа көне Вавилонияның Гильгамеш туралы эпосының жаңғырығы деп ескерте кеткенбіз. Әбілғазы нұсқасында да дінге қанша матастырғанмен сол Вавилонияның аты және аталып тұр. Осының өзінен-ақ бұл аңыздың ислам діні пайда болудан әлдеқашан бұрын шыққанын байқауға болады. Көне аңызды әрбір дін өз ыңғайына икемдестіріп алғаны көрініп тұр.

Осы топан судың Қазығұртқа байланысты нұсқасындағы ерекшеліктерге тоқталудан бұрын, барлық, нұсқаларда айтылатын жайларды жиынтықтап, бір ізбен баяндап өткен жөн секілді. Сонымен, Нұх пайғамбар кемесіне барлық жануар мен жәндікті, тал мен шөпті немесе солардың дәнін (ұрығын) жұптап жайғастырғанда кемеден орын берілмей қалғандары да болған. Соның бірі шайтан. Бірақ шайтан кемеге кірудің жолын табады. Кемеге жануарларды айдап кірерде шайтан есектің кұйрығынан ұстап, кері тартып жібермей тұрған. Осыны көрген Нұх: «Әй, малғұн, неге тұрсың? Кір кемеге!» деп айқай салады. Осы сөзден кейін шайтан зып беріп кемеге кіріп кетеді. Нұх пайғамбардың: «Сен неге кірдің?» деген сұрағына «Өзіңіз: «кір малғұн!» деп менің атымды атап бұйырдыңыз ғой» — деп жауап береді. Пайғамбар қарсы келе алмай калады. Ал шайтанды кіргізбеудің мынадай себебі бар еді. Нұх пайғамбар барлық өсімдіктің ұрығын жинастырғанда жүзімнің ұрығын таба алмай кояды. (Оны шайтан ұрлап алған болатын). Барлық хайуанаттардан сұрап, еш нәрсе өнбеген соң шайтаннан сұрайды. «Жүзімнің ұрығына үш мәрте су құюды маған тапсырсаңыз тауып берейін» деп жауап қатады шайтан. Нұх келісім береді. Ал кемеден шығып, ұрықтарды жерге шашып, өсімдік пен жеміс өсірер кезде шайтан уәде бойынша жүзімді үш рет суғарды. Тек алғаш рет түлкі қанымен, екінші рет жолбарыстың қанымен, үшінші рет доңыздың (шошқаның) қанымен суғарды. Осының әсерінен арақ-шарап пайда болды. Оны ішкен адам алдымен түлкі болып, өмірінде көрмеген адаммен ауыз жаласады, одан соң жолбарыс болып бар дүниесін онды-солды шашады, ал соңынан доңыз болып, еш нәрсемен ісі болмай адамгершілік қасиеттерден жұрдай болады. Соңынан Нұх пайғамбар көп азаптанып жүріп, жүзімді және екі рет суғарады. Оның бірі — пейіштегі Ранжбибил бұлағының суы еді де, екіншісі Салсабил бұлағының суы болатын. Осыдан барып шырын (сусын) мен мейіз пайда болады.

Міне шайтанның осындай шайтандык жасайтынын біліп, оны кемеге отырғызбаудың амалын қарастырғанда ол өзінше айла жасап «малғұн есектің емес, менің атым» деп кемеге кіріп алған болатын. Айтпақшы, кемеге алғаш кірген шегіртке (кейбір деректерде кұмырсқа) дейді. Кеменің ішінде үш түрлі хайуанат жоқ болыпты: доңыз, мысық, тышқан. Ұзақ жүрген кеменің іші әбден ыласталғанда Нұх пайғамбар жаратқанға және жалбарынады. Ол «пілдің арқасын сыйпа» деп нұсқау береді. Осы нұсқауды орындағанда пілдің тұмсығынан доңыз түседі. Ол хайуандардың нәжісін жеп, кемені тазартады. Кемеден орын алып алған шайтан шайтандығын жасамай жүрсін бе? Барып доңыздың арқасын сыйпаса мұрнынан тышқан түсіп, ол қашып жүріп кеменің ағашын кеміріп, еденін теседі. Осы жерден су атқылай бастағанда Нұх пайғамбар және жоғарыға жалбарынады. Жоғарыдан: «Бұл тышқанның ісі. Жолбарыстың арқасын сыйпала» деген нұсқау келеді. Жолбарыстың арқасын сыйпалағанда оның мұрынынан мысық түседі. Түсе сала-ақ тап беріп, тышқаннын көзін жойып, сазайын тартқызады. Бірақ атқылаған су тоқтамайды. Енді Нұх пайғамбар айналасындағылармен ақылдасады. Сонда жылан:

—  Мен тесікті бекітіп, суды тоқтатсам не берер едіңіз? — деп сұрайды.

—  Не тілесең соны беремін, – деп жауап қылады Нұх пайғамбар.

—  Кімнің қаны тәтті болса соны беріңіз.

—  Құп болады, — дейді әбден амалы таусылған Нұх пайғамбар. Жылан суға сүңгіп кетеді де кеменің тесілген жерін тауып, тығын болып жата қалады. Қалғандары кеме ішіне жиылған суды сыртқа төгіп, кемені судан тазартады. Сонан соң тесікті мықтап бекітеді. Ал кеме тоқтап, бәрі жерге түскенде жылан Нұх пайғамбардан өз уәдесін орындауды талап етеді. Нұх пайғамбар қай мақұлықтың қаны тәтті екенін анықтау үшін масаға бұйрық беріпті. Маса бәрінің қанын татып көріп, адам қанынан тәтті қан жоқ екенін байқап, осыны баяндауға келе жатқанда алдынан қарлығаш кездесіп қалады. Ол масаның адам қаны тәтті екен деп жауап беруге келе жатқанын білген соң айла жасап:

–  Онда менде бір жалап көрейін, тіліңді шығаршы, – депті масаға.

Маса тілін шығара бергенде қарлығаш оны тұмсығымен үзіп алып, маса сөйлей алмай дүңгене болып қалады. Ол Нұх пайғамбарға келгенде қарлығаш та соңынан келіп тұрған екен. Нұх пайғамбар масаның қырылдап тұрғанына қарап:

—  Ей, саған не болған? Кімнің қаны тәтті екен? — деп сұрағанда қарлығаш жұлып алғандай:

—    Әлгінде ғана маған «бақаның қанынан тәтті қан жоқ екен» деп келе жатқан. Кешігіп келгені үшін сіздің сұсыңыздан қаймығып сөйлей алмай тұр ғой, — деп жауап беріпті маса үшін.

Нұх пайғамбар жыланға бақаны соруды бұйырады. Ал жылан болса қарлығаштың адамға болысып, өзіне қастандық жасағанын сезіп, оған тап бергенде тек кұйрығының ортасын тістеп қалған екен дейді. Қарлығаштың құйрығының айыр болуының себебі осы екен. Сол заманнан бері қарлығаш өз ұясын үйге салып, адаммен бірге тұруға үйір болған екен. Ал жыланның үйдің боғаты мен төбесіне өрмелеп жүретіні, сол баяғыда қарлығашта кеткен кегінің есесін қайтармақ болған әрекеті.

Ұзақ уақыт жүзіп, кеме тау басына қайырлағанда енді айналадағы судың қаншалықты тартылып, жердің құрғауын байқау үшін барлаушы жіберетін мезгіл келеді. Сол кезде қарға: «Мен барайын», — деп тілек білдіреді.

—  Онда саған біреу кепіл болсын, — дейді Нұх пайғамбар.

—  Мен кепілдік беремін, — дейді қораз.

Қарға ұшып кетеді. Су тартылған, тек айналада сасып жатқан өлексе көп. Қарға осыларға мәз болып, келген жұмысын мүлде ұмытып кетеді. Кепілдік берген қораз кеменің басына шығып, қанша айқай салғанмен қарға қайта оралмайды. Осыған ренжіген Нұх пайғамбар қарғаны қарғайды, ал қораздың қанатын қысқартып, ұша алмайтын етеді. Қораздың әлі күнге дейін биікке шығып шақыруы — сол баяғы өзі кепіл болатын қарғаны іздеп жүргені болса керек.

Нұх пайғамбар бұдан соң барлауға көгершінді жіберіп, тек жерге қонбауын ескертеді. Бұл көгершін де өлексе қуып кетпесін деген сақтық болса керек. Кеуіп қалған жер ғой деп қонған жері батпақ болып шыққан соң ол тез қайтып келгенде тырнақтарындағы батпақты көрген Нұх көгершінді де жазалайды: оның аяғының, түкті болуы осы алған жазасы дейді жұрт. Енді барлауға ақ кептер ұшады. Ол жерге қонбайды, айналаны түгел шолып, ақыры құрғак, жерге барып қонады да қайтарда бір тал жапырақты тістей қайтады. Ақ көгершіннің аяғының қызыл болуын азап суының сасығынан болған дейді. Нұх пайғамбар ақ көгершінге риза болып: «Сенің өмірің адамдармен бірге болсын, адамдар саған үйінен орын берсін», — деп бата береді.

Міне, осыдан кейін барып Нұх пайғамбар мен оның серіктестері жерге түсіп, жайғасады. Аңыздың осы бөлігінде араб-парсы аңыздарымен салыстырғанда мынадай өзгешеліктер бар. Рабғұзида масаның қызметін атқарған ара, адам қанын емес, етін жеуді талап етеді жылан. Оның үстіне қарлығаштың қызметін айтқанмен құйрығының неге айыр екенін айтпайды (ең болмағанда біздің қолымызға түскен нұсқада бұл жоқ). Әрине, кеменің тоқтаған тауы жоғарыда айтқандай аласа болғанмен басқа тау –Жудда тауы.

Ал енді Нұх пайғамбардың кемесінің Қазығұртқа қайырлағаннан кейінгі уақиғасы қазақ аңыздары бойынша былай өрбиді.

Кеме тоқтаған соң Нұх пайғамбар қасындағы серіктестерімен жерге түсіп, өздерімен бірге аман сақтап қалған хайуандар мен жануарларды өріске жіберіп, алып келген тұқымдарын жерге сеуіп, жаңа өмірді бастайды. Бұл енді рухани арылудан (тазарудан) кейінгі жаңа өмір. Осы өмірдің өркендеуі туралы халық арасында сақталып қалған талай-талай жырлар бар. Белгілі жазушы Шерхан Мұртаза өзінің «Егемен Қазақстан» газетінде жазған мақаласында Нұх пайғамбардың кемесі қайырлады-ау деген өзге таулар туралы поэма бары-жоғын білмейтінін, ал Қазығүрт туралы поэма бар екенін айтады. Рас, өзге таулар туралы поэма (халық жаратқан көне туынды мағынасында) бары-жоғы бізге де белгісіз, тек Арараттың арғы-бергі бетіне барып жүргенде ешкімнен есіте қоймадық, ал Синай тауына байланысты эпос бола қойса оны еврей ағайындар әлдеқашан-ақ бүкіл әлемге таратып үлгіретін еді.

Қазығұрт тауы туралы поэма біреу емес, екеу. Оның екеуі де еш жақтан келген емес нақ, осы таудың өз баурайында өмірге келген. Өйткені, оларды қанша балталасаң да Қазығұрттан бөліп әкете алмайсың. Соның бірі төрт түлік туралы. Әрі ол ешқандай діни немесе қияли қоспасы жоқ таза халықтық ұғымдағы өмірдің өз талабымен, өмірдің өзіне бағышталған туынды. Бұл жырда коғамдық дамудың  нышаны жатыр, казақ дүниетанымының негізгі темірқазығы қағылған.

Қазығұрттың басында кеме қалған,

Болмаса ол әулие неге қалған.

Топан суда бір бота жатып қалып,

Ойсыл қара деген сөз содан қалған.

… Топан суда бір құлын жатып қалып,

Қамбар ата деген сөз содан қалған.

…Топан суда бір бұзау жатып қалып,

Зеңгі баба деген сөз содан қалған.

… Топан суда бір қозы жатып қалып,

Шопан ата деген сөз содан қалған.

Міне, жыр осылай жалғасып кете береді. Ең алдымен қазақ халқына етене жақын төлдер аталады. Әрі осы төлдердің ең алғашқы ұрпақтары айтылады. Қазақ арасында, тіптен, осы жырларды есітіп-білмеген кісілердің өзі халық, арасына кең тараған «Жылқының пірі -Қамбар ата», «Түйенің пірі – Ойсылқара», «Қара малдың пірі – Зеңгі баба» деген нақылдарды жақсы біледі. Ондағы Қамбар ата, Ойсылқара, Зеңгібаба, Шопан ата деген сөздерді құрметпен, ілтипатпен атап, қағазға түскенде үлкен әріппен жазады. Осы жерде егер төрт түлік малдың пірлері, атасы осылар болса неге сол аттарымен аталмай басқаша аталады деген сұрақ тууы мүмкін. Міне, бұл жырлардың өте ертеден келе жатқанын да дәлелдейтіні осы тұс. Дәл осы жерде біз халық ұғымындағы ислам діні келуден әлдеқайда бұрын пайда болған тотемизм мен шаманизм нышандарын байқаймыз. Ерте кездегі адамдардың өздері қасиетті санайтын заттар мен мүліктерінің атын атамайтынын еске аламыз. Мысалы, қазақ ішінде қасқырды көбіне «ит-құс»деп атайтын әдет бар. Өйткені, қасқырды қасиетті жануар деп түсінеді. Бұған көне аңыздардағы «Көкбөрі» туралы ұғым әсер еткен болуы мүмкін. Тіптен, қасқырды түркі халкының ата-тегіне байланыстырады емес пе сол аңыздар. Осындай ұғым өзге халықтарда да бар. Сонау Қиыр Солтүстікте жатқан Саха халқы аюдың атын атамайды. Кім біледі, біздің қазақ әйелдерінің күйеулерінің туыстарының атын атамайтын әдеттері де сол заманнан қатар келе жатқан ғұрып шығар. Басқа жақты анық біле бермеймін, ал осы Қазығұрт маңында соңғы кездерге дейін әйелдер осы төрт түліктің аталарының атын тіке атамайтын. Мұнда да үлкен сыр жатса керек.

Ал Қазығұртқа байланысты екінші жыр — таулар соғысы. Бұл тіптен де Қазығұрттың өзіне ғана тән дүние. Оның үстіне оның өмірге келуінің өзі де заңды құбылыс. Өйткені, Казығұрт батыс Тянь-Шань тауларының батысында жекеленіп жатқан тау. Шығысында төбесінен қар кетсе де мұз кетпейтін Қаржан мен Өгем тауларының шыңдары желкесінен қарап тұр. Нұх пайғамбардың кемесі осы шыңдардың біріне тоқтамай неге аласа ғана тауға тоқтады деген заңды сұрақ туатыны айдан анық. Себебі Қазығұртты әлгі шыңдардан Өгем қойнауы ғана бөліп тұр. Міне, дана халық мұның да жауабын тауып, үйлестіре қойған. Бұл туралы да жыр бар.

Нұх пайғамбардың кемесі «енді біздің төбемізге тоқтайды» деп көкіректерін керіп, масаттанып тұрған биік шыңдарға тоқтамай Қазығұртка келіп тоқтағанда әлгі алып таулар Қазығұртқа қарсы соғыс жарияламақ болыпты. Осыны есіткен Қазығұрт бар әлемге жар салып:

Ордабасы ұлыма айт,

Қызылсеңгір қызыма айт, — деп бастаған өлеңінде Қазығұрт тауының батыс жағындағы кең далада нақ өзі сияқты жекеленіп тұрған таулардың бәрінің атын атап барып, ең соңында «Қыңыраққа бар да қайт», — деп бітіріп жеті тауға елші жұмсайды. Осыны есіткен әлгі соғысқұмар таулар тез-ақ ниетінен қайта қояды. Ал Қазығұрттың осы көмекке шақырған ұл-қыздары мен бауырлары атанған таулардың бәрі аласа таулар. Оның үстіне сол аймақта қасиетті саналатын таулар. Мысалы, қазір Ордабасы тауын білмейтін адам жоқ біздің елімізде. Тіптен, біздің еліміз түгілі көрші елдердің президенттері де келіп, тағзым етіп кеткен қасиетті орын. Ал Мансары тауын жергілікті тұрғындар осы күнге дейін «Мансар әулие» деп құрмет тұтады. Сол жердің бір қасиетті сыры бар деп жаңбырлы-бұлтты күндері қасына көп жолай да қоймайды. Тіптен, соңғы жылдары бір жаңбырлы күні сол таудың бауырына өрмелемек болған әскерилердің машинасының таңғажайып оқиғаға ұшырағанын әлі айтып жүреді. Осылардың ішінде шеткерірек жатқаны — Қыңырақ – Әлгі жырдың бір нұсқасында «Қыңыраққа бар да қайт» деп айтылса екінші нұсқасына «қайтарыңда Қыңыраққа бар да қайт» деп айтылады. Аңыз бойынша өз аты ең соңында айтылғандықтан, әрі көзге ілмегендей болып «бар да қайт» дегеніне шамданып Қыңырақ қыңырайып, шеткерірекке барып орналасыпты дейді. Дегенмен осы Қыңырақ тауының басқа да бір сыры бар. Бұрынғысын біз біле бермейміз, қазіргі фашистермен болған соғыс жылдары мен соның алды-артында ауыл-ауылдын, бәрінде су диірмен болатын. Сол диірмендердің негізгі құралы — диірментас. Осы диірментастар тек Қыңырақ тауының тасынан жасалатын. Ауыл қанша алыс болса да күндеп-апталап жол жүріп барып, диірментасты сол таудың тастарынан қиып әкелетін. Кезінде біз іргедегі таудан қимай сонау ит арқасы қияннан (әрине, қашықтық өлшемі балалық шақтағы түсінік қой) барып тас қиятынына таң қалатынбыз. Қазіргі ұғыммен бұл онша қашық жер емес. Бірақ қазір бізді ойландыратын таудың аты. Әрине, оны қыңырату деген сөзден шықты деу шындыкқа жанаса бермейді. Ал тарихқа жүгінсек көне түркі тілінде «қыңырақ» деген атау бар. Ол әрі қарудың атауы. Осыны көптеген ғалымдар әр түрлі жорамалдап жүр. Академик Радлов түркілердің жалпақ қылышы деген түсінік берген. Осы тұжырым дұрыс болса таудың аты осы қарудын атына байланысты шығуы әбден мүмкін. Өйткені, қаруды жанығанда (қайрағанда) кез келген тасты қайрақ ету көңілге қонбайтын нәрсе. Ол үшін тас әбден катты, нығыз  болуы қажет қой. Міне, таудың аты тасының осы қасиетіне байланысты «қыңырақты жанатын тасы бар тау» деген мағынада Қыңырақ аталып кетуі әбден мүмкін.

Осы арада кейін қайта оралып жатпау үшін халық аңыздарының негізінде жазылған «Оғызнама» кітабына да бір тоқтала кетейік.

«Оғызнама» кітабының айтуынша Иафеске түріктердің әдет-ғұрыпы бойынша лақаб ат беріледі. Лақабы — Олджай хан (Олжа хан). Оның иелігіндегі жерлердің шекарасын Түркістан аймағында дей келіп, жаз жайлауын Инант-шахардың (кейбір әзербайжан ғалымдары осы қаланы казіргі Аягөздің маңында болу керек дейді) маңындағы Ортаг пен Куртаг, ал қыс қыстауын Барсук (Борсық) пен Қарақұм деп көрсетеді. Оның үстіне осы аймақта Талас және Кәрі (көне) Сайрам дейтін екі қала бар екенін айта келіп, Олджай хан өз астанасы етіп әрі үлкен, әрі алтынмен апталған қырық, қақпасы бар Сайрам қаласын тандағанын айтады. Ал сол көне Сайрам Қазығұрттың етегіне жайғасқан. Осы Иафестен тараған ұрпақтан Оғыз хан туылғанда оның жері Талас пен Сайрамнан бастап Бұхараға дейінгі жерлерді алып жатты дейді осы көне кітаптар. Ал Қазығұрт тауы болса осы аймақтың дәл ортасында. Әрі ерекшеленіп тұр.

Енді осы әлемдік топан су мен Нұх пайғамбардың кемесіне байланысты аңыздардың басқа елдердегі нұсқалары мен соңғы жылдары соған байланысты жасалған әрекеттер мен зерттеулерге де бір зер салып өткен жөн секілді. Ең алдымен осы Топан су дегеннің өзі болған ба, жоқ па, ғалымдар болған дейді. Болғанда біздің жыл санауымыздан бұрынғы 2369-жылы болған дейді. Кейде тіптен, соны тура сәуір айының 2-күні болған деп көрсетеді. Бұл ғалымдардың Топан су жөніндегі болжамы, ал онда Нұх пайғамбардың кемесі болған-болмағанын анықтау үшін дәлел керек. Міне, сондықтан да ғалымдардың Нұх пайғамбардың кемесін іздегендегі негізгі мақсаттары сол Топан судың болғанын дәлелдей түсу. Егер Нұхтың кемесі сол кезбен сәйкес келетін болса онда ол қазіргі жыл санауға шаққанда бұдан 4367 жыл бұрын болған оқиға (біз 1998-жылдың, есебімен алып отырмыз). Осы жерде айта кететін бір мәселе — осы Топан судан аман қалған кеме жөніндегі аңыздар өте ерте заманда-ақ хатқа түскен. Бұл жөнінде біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырда өмір сүрген вавилон оқытушысы Беросус (кейде Берос деп жазады) алғаш рет жазған болса, соңынан төрт ғасыр өткен соң белгілі көне дүние тарихшысы Иосиф Флавий жазып кеткен. Осы ғалымдардың екеуі де кеменің қайда жасалып, қайда тоқтағанын өздерінше дәл көрсеткен. Соларды салыстырып көрсек Араратқа сәйкес келеді-мыс.

Нұх пайғамбардын кемесі мен Топан су туралы аңыз Христиан дінін ұстаушылардың діни кітабы «Інжілде» айтылған. Соның «Ветхий завет» дейтін бөлімінде Құдайдың бұйрығымен әрі тікелей жоспарымен жасалған кемеге Нұх пайғамбар үй-ішімен жайғасады. Біз жоғарыда   кеменің қалай жасалып, қалай жүзіп, қалай тоқтағанын баяндап өткенбіз. Тек сол баяндауда өзімізге тән шығыстық нұсқасын айтып едік, ал «Інжілде» бұл мәселе өзгешелеу айтылады:  кемеге Нұх пайғамбар әйелімен және оның үш баласы әйелдерімен ғана отырған. Кемеге артылған жануарлар мен жәндіктердің жеті жұбы «таза» («чистый»), жеті жұбы ыпылас («нечистых») болған. Кеменің өзі үш қабатқа бөлініп, төменгі қабатында жануарлар жайғасып, ортадағы қабатқа азық-түлік пен жем-шөп жайғастырылып, ал жоғарғы — үшінші қабатына Нұх пайғамбардың отбасы жайғасқан. «Інжілде» кеменің көлемі де дәл көрсетілген: ұзындығы 157 метр, көлденеңі 26 метр, биіктігі 16 метр. Мұнда да қырық күн жаңбыр жауады, судың деңгейі жүз елу күн бойы бір қалыпты болып тұрып, содан соң ғана тартыла бастайды. Ақыры жетінші айдың 17-жұлдызы күні кеме бір тауға тоқтайды. Христиан дініндегілердің қасиетті кітабы осы тауды Арарат тауы деп көрсетеді.

Міне, осы оқиғаға байланысты, әсіресе, Арарат тауына байланысты соңғы кездері мерзімді баспасөзде кең етек алған хабарлар мен болжамдардың бірқатарына тоқталып өтейік. Жұрттың айтуына карағанда Арараттың төбесінде жатқан кеменің қалдығын тұңғыш көрген адамдар орыс ұшқыштары Заболоцкий мен Лесин екен. 1916-жылы осы екі ұшқыш-лейтенанттар барлау жасап жүріп, таудың үстіндегі бір белгісіз нәрсеге көңіл аударады. Әрі ол кемеге ұқсас зат көлдің ішінде жатады. Осы хабарды есіткен бөлім командирі (сол кезде бұл маңда яғни Арарат тауынан қырық шақырым жерде Ресейдің 3-авиация полкінің әскери-барлау базасы орналасқан екен) Александр Коор Ресей патшасы Николай ІІ-ге арнайы хабар жібереді. Патша (ол да бала кезінен Нұх пайғамбар туралы аңыздар есітіп өскен ғой, тіптен, осы кемені іздеушілердің бәрі де бала кезінен осы аңыздарды құлағына құйып өскен, сондықтан да кеме туралы сыбыс шықса елең ете қалатын жандар екені анық қой) тез арада арнаулы топ құрып, зерттеушілер жіберуді міндеттейді. Сол 1916-жылдың жазында бір тобында 50 солдат, екінші тобында 100 солдат бар отряд Арараттың екі тұсынан жорыққа аттанған. Ақыры олар алғашқы 4800 метрлік биіктікте жатқан кемені тауыпты-мыс. Тек тауып қана қоймай оның іш-сыртын өлшеп, жасалған құрылыс материалдарын да тексеріп шыққан. Кемеге пайдаланылған ұстындардың диаметрі 60 см жететін олеандр ағашынан жасалып, қазіргі лак сияқты бір қоспалармен бояп тасталған болып шығады. Сарбаздар кеменің қабырғасын бұзып, ішіне кіргенде үлкенді-кішілі көптеген бөлмелерді көреді. Бұл топтың адамдары жылдың он бір ай бойы мұзға құрсалып жатқандықтан кеме шірімей аман сақталған деп топшылап, жорықтан қайтқан күні-ақ патшаға хабар жібереді. Николай патша кемені қалайда төменге түсіріп, Астанаға алып кету үшін экспедиция ұйымдастырмақ болып шешім қабылдапты, тек басталып кеткен төңкеріс бұл ойын іске асыруға мүмкіншілік бермеген.

Ал енді екінші хабарға тоқталайық. Бұл да орыс ұшқышы, бұл да лейтенант. Тек фамилиясы өзге – Росковицкий. Осы ұшқышпен жасалған интервью 1939 жылы Американың Калифорния қаласында шығатын «Нью Эден Мэгэзин» журналында жарияланған. Сол интервьюде былай жазылған: «Мен оның үстінен бірнеше рет айналып ұшып өттім. Ол көлемі жөнінен қаланың бір орамындай  немесе қазіргі әскери крейсер секілді еді. Ол көлдің жағасында төрттен бір бөлігі суға батып жатты. Оның корпусының бір жағында біртіндеп алынып тасталған ағаштардың орыны білініп тұрды, ал бортында көлемі алты метр келетін төрт бұрышты есіктің орны үңірейіп тұрды. Бұл мені ерекше таң қалдырды. Өйткені, қазіргі кемелердің өзінің мұндай үлкен есіктері болмайды ғой» («Комсомольская правда», 20 ақпан, 1998 жыл). Бұдан ары оқиға былай суреттеледі. Росковицкий көргендерін капитанына айтады, ал ол «бұл Нұх пайғамбардың кемесі болар» деп тұжырым жасап, патшаға рапорт жібереді де, тауға Росковицкийдің өзін қосып, инженерлік ротаны аттандырады. Бір айдан кейін бұлар кемені табады. Бәрін зерттеп шығып, қорытындыларын Петербургқа жібереді. Росковицкий өз интервьюінде есте қалғандарын былай деп айтады: «Кеменің іші көптеген бөлшектерден тұрады. Кейбірі ұсақ болғанмен екінші біреулері төбесі биік әрі кең болатын. Ағаштары воск секілді затпен майланып тасталған, ал кеме құрылысы аса жоғары біліктілікпен жасалған. Мамандардың анықтауы бойынша кеме кипарис тобына жататын суға шірімейтін олеандр ағашынан жасалған екен». Міне, бұл жолы да кейбір ғана қосымшасы болмаса жоғарыдағы мәліметтер түгел қайталанған, тек мұнда бәрін тындырған Росковицкий болып шыққан. Оның үстіне бұл болжам бойынша Петербургке аттанған хабаршылар тек қана революцияның үстінен шығып қана қоймай тура барып Лев Троцкийдің қолына түскен. Ол хабаршылардың өзін атып тастап, бүкіл жасалған қорытындылар мен алып келген айғақтарды жойып жіберген. Осы жерде барлық құжаттарды жойып жіберген Ленин-Сталин немесе солардың басқа бір серігі болмай Троцкийдің дәл өзі болуында да бір сыр жатқан секілді. Троцкий – еврей, демек иуда дінінің өкілі. Ал орыстар бұл кемені христиан діндегілерден басқаларға жолатқысы жоқ. Сондықтан да дәл қазіргі кезде «бізді христиан дінінің қасиетті мүлкі – Нұх пайғамбардың кемесіне әдейі жолатпай отыр» деп ислам дінін ұстанатын түріктерге қарсы байбалам салып жүр. Нұх пайғамбардың кемесін көзімен көргендердің бірі деп куәге тартылып жүргендердің бірі Джордж Хагопиан. Бұл куәнің айтуы бойынша 1905 жылы он жасар немересі Джорджды ертіп, атасы Арарат тауына көтерілген екен. «Ол кезде мен таудың етегіндегі ауылда тұратынмын, – деп еске алады Хагопиан. — Біз атам екеуміз жоғары қарай ұзақ көтерілдік. Бір кезде сол қол жағымызда төменде жатқан түрі үлкен кемеге ұқсайтын бірдеңе көрінді. Оның бүкіл денесін қар көміп жатыр, ал төбесінде ұзынша тесік көрінеді. Атам мені демеп бір мұз жартасының үстіне шығарды, сол жерден секіріп кеменің үстіне түстім. — Атамның маған: «Бұл қасиетті кеме, ал адамдар мен жануарлар әлдеқашан шығып кеткен мұның ішінен», — деген сөздері әлі есімде. Біз ауылға қайта оралғанда мен балаларға көргенімді айтып мақтана бастап едім, олар келемеждей жөнелді. Сөйтсем, олар мен барған жерге әлдеқашан-ақ барып, көріп қойған екен». Хагопиан 1972 жылы қайтыс болған. Өкінішке орай ол топографиядан сауаты шамалы болғандықтан картадан қай жерге барғанын көрсетіп бере алмаған, ал оның өзін қатыстырып экспедиция ұйымдастыруға – қаржы тапшылығы қол байлау болыпты. Бірдеңені бастаса түбіне жетпей қоймайтын ғалымдар осы Хагопиан айтқан әңгімелерді жазып алған таспаны «алдағанды айқындайтын» машинаға салып, талдау жасап көргенде детектор: Хагопианның айтқанының бәрі рас деп тұжырым жасапты-мыс.

Нұх пайғамбардың кемесі туралы және бір хабарды жұртқа жария еткендер — Түркия әскерилері дейді кейбір жазбаларда. 1959 жылдың жазында барлау мақсатымен Араратты айналып ұшып жүрген Түркия ұшқышы А.Куртис таудың бауырында жатқан кеменің қаңқасын көреді. Бірақ түсірілген сурет бойынша (фотография) өлшегенде бұл кеменің көлемі «Інжілдегі» кемеден әлдеқайда үлкен болып шығады: ұзындығы – 167 метр, ені — 50 метрден кеңдеу, ал биіктігі «Інжілдегі» сияқты 16 метр. Келесі жылы 428-звеноның ұшқышы капитан Грегор Шаингхаммер Арараттың үстінен ұшып бара жатып жерге мынадай хабар береді: «Үлкен жүк вагонын немесе баржаны көріп тұрмын…». Сол жылы-ақ түрік әскерилері экспедиция аттандырып, жартылай мұзға батып кеткен кемені тауыпты. Сол экспедицияға қатысқан біреудің айтуынша кеменің қабырғасына солдаттар динамит койып, қопарылыс жасапты. Осы арқылы пайда болған тесіктен ішке кіргенде онда үйіліп жатқан шіріген ағаштан басқа ешнәрсе таппапты.

Міне, осы кезден бастап мерзімді баспасөзде түрік үкіметі христиандардың қасиетті мүлкін жұрттан жасырып келеді деген қауесет қаулап жүре береді. Осыған ерегіскен кейбір жандар Арараттың төбесіне қалайда шығып, кемені көруге барынша әрекет жасай бастады. Солардың бірқатары Араратқа көтеріліп те жүр. Мысалы, 1984 жылы Рон Вьят Араратқа шығып, кемені тауып, тасқа айналған ағаштың бірнеше кило үгіндісін сындьірып алып, контрабанда жолымен Нью-Йоркке апарып, жұрттың көңілін аудару үшін көрмеге қояды. Түркия үкіметі мұны ұлттық заңдылықты бұзудың өрескел әрекеті деп жариялап, Араратқа жасалатын ресми экспедицияның бәріне тыйым салып тастайды. Дегенмен, Вьят 1985 жылы Дэвид Фесолдпен бірге Араратқа және көтеріледі. Бұл жолы экспедиция ара қашықтықтары бірдей етіп қағылған темір құрсауларды көріп, мұның Нұх кемесі екеніне анық көзіміз жетті деп есептейді. Сол жолы кеменің көзге көрінбейтін астыңғы жағын радиолокация әдісімен тексергенде радардың экранында бес қатар киль анық байқалады. Бұл шторм кезінде кеме дауылдан қорықпайды деген сөз. Осы әдіспен кеменің ішкі жағын да тексеріп, макетін сызады. Бірақ бұлар түрік ұшқыштары келтірген көрсеткіштермен сәйкес келмейді. Сондықтан да түрік ұшқыштарының тапқан нәрсесі туралы батыс баспасөзі: «Олардың 1960 жылы не тапқаны әлі күнге дейін жұмбақ күйінде қалып отыр» — дегеннен басқа ешнәрсе айта алмайды.

Нұх кемесін табу үшін он бес жыл бойы тынбай әрекет жасап жүрген және бір азамат италияндық химик Анджело Палего. Ол 1985 жылы тамыз айында алғаш рет Араратқа келіп, бірден кемені көре қоймақ болған. Бірақ қасиетті саналатын кеме бірден көзге оп-оңай көріне қойсын ба – химикті жиһанкезге айналдырып бес жыл сарсаңға түсірген. Осы аралықта Палего бес рет экспедиция ұйымдастырған. Солардың бірінің қатарында Эверестке тұңғыш шыққаны үшін ұлы альпинист деп аталып кеткен Рейн-хольд Месснер болыпты. Ақыры, 1989 жылы 11-шілде күні 4300 метр биіктікте Палего бірі мен бірі қатар жатқан екі мұз жарығына кез болады. Әрі олар түзу төртбұрыш жасап жатыр екен. Бұл табылған олжа мұзартта жатқандықтан оған жетіп, ұстап көруге мүмкіншілік болмайды. Дегенмен мұздың ішінен анық байқалған секілді. Дұрыс төртбұрышты өлшегенде 100×25 метр болып шығады. Тапқан заттарының алып көлемі жөнінде осыдан қорытынды жасайды. Палего өз болжамдарын былай жасаған: 1848 жылы қар еруінің салдарынан мұзда жылым пайда болып, өзі де сейсмикалык кауіпті өңірде тұрған Арараттың бойына су құйылып, қопарылыс болған. Соның салдарынан кемені құрсап тұрған мұзарт екі айырылып 100 және 55 метрлік бөлшектерге бөлініп кеткен. Үлкен бөлшек 4300 метрлік биікте қалып қойған да кіші бөлшек жылжып дәл сондай биіктікте тоқтаған. Палего өзі көрген белшекті 100 метрлік үлкен бөлшек деп есептейді. Соңынан 55 метрлік кіші бөлшек және екіге бөлініп, төмен жылжып, 4065 метрлік биіктіктегі Паррау шыңына тұрақтаған. Палего Нұх пен балаларының каютасы осы кіші бөлікте деп есептейді.

Бірақ осы жұмбақты шешуге басқа бір себеп кедергі болды. Ол тау массивінің шығыс бөлігін өз ықпалында ұстап отырған курд қозғалысшыларының әрекеті еді. Курдтар итальяндық ғалым мен оның серіктерін кепілдікке алып, жиырма жеті күн бойы ұстап отырған. Дегенмен Палего курд жасақтарының командирін үгітіне көндіріп, қарулы адамдарын қосып беріп, қарауылдап жүргеніне көніп, Агора қойнауына рұқсат алады. Осы жолы түсірілген кинотаспа соңынан сенсация жасайды — таспадағы көрінген денелерді ғалымдар Палего айтқан екі кіші бөлшек деп бағалапты. Бар қалған өмірін осы кемені тауып зерттеуге бағыштаған Палего қалайда Араратқа қайта баратынын айтатын көрінеді.

Енді соңғы кезде осы кеме жөніндегі әңгімелердің қайта қозғалып, өрши түскеніне себеп болған жағдайға тоқталайық. Бұл АҚШ барлаушыларының әрекетіне байланысты болған оқиға. 1949 жылы Түркия үстінде ұшып жүрген американдық шпион-ұшақ көзінің бір қиығын салып, сол кездегі КСРО аумағын зерттеумен болады. Солардың бірі Арараттың батыс ылдиында жатқан белгісіз бір затты байқап ұзақ тексереді. Ақыры оның Америкаға қауіп төндіретіндей қауқары жоқ екеніне көздері жетіп, мүмкін мұз бен қар үйіндісі және белгісіз бір көлеңкелер екеніне күмән келтірмей жайына қалдырады. Бірақ жетпісінші жылдардағы жетіле түскен ұшақ-шпиондардың аса қуатты фотоаппараттармен түсірген суреттерінде әлгі құпия бейне қайта көріне бастайды. Сол суреттерге қарап белгісіз бейненің ағаш бұйымдарын анықтап, оның өзінің алып кашалоттың каңқасына немесе кемеге ұқсайтынын байқаған. Осы белгісіз бейнені «арарат аномалиясы» деп атап, енді жердегі кетіп бара жатқан машинаның нөмірін анық көрсете алатын КН-9 және КН-11 жер серіктері арқылы бақылап отырған. Ал осы бақылаудың қорытындысы — әскери құпия. Белгісіз бейнеге қайта көңіл бөлінудің себебі – 1978 жылғы жер сілкінісі болса керек. Осыдан соң кеменің денесі мұз кұрсаудан әжептәуір деңгейіне дейін босанып, көзге анық көріне бастаған көрінеді. АҚШ әскерилері қанша құпия ұстағанмен еміс-еміс хабар ғалымдардың құлағына шалынған соң, олар үкіметтен осы суреттерді жария етуді талап ете бастаған көрінеді. Акыры АҚШ қорғаныс министрлігінің барлау бөлімшелері ғалымдарға бірнеше суреттерді берген (Бұл суреттер 1949 жылы америка ұшағынан түсірілген және 1987 ылы Түркия әуе күштерінің түсірген суреттері). Оған қоса эксперттер жазған мынадай қорытынды қосыла жіберіліпті: «Аномалияның координаттары:

. Теңіз бетінен деңгейі 4000 метрдей. Аномалия Арарат биіктігін құрсап жатқан мұзарттың шетіне орналаскан. Мүмкін, бұл көп жылдан бері әбден нығыздалып қалған қар мен мұз үгінділері болуы». Ең соңғы түсірілген суреттерді беруден американ әскери орындары бас тартқан. Дегенмен, 1997 жылы «Вашингтон пост» газеті ЦРУ қызметкерлерінің өз көздерімен көрген суреттер туралы айтқандарын жазған. Мұнда және де белгісіз бейнені кемеге балайды. Белгілі зерттеуші әрі жазушы Чарльз Берлиц соңғы кезде Араратқа жасалған экспедицияға жол нұсқаушылық қызмет көрсеткен  Арслан дейтін мырзадан интервью алыпты. «Мен соңғы 50-60 жыл төңірегінде Нұх кемесін көргендердің саны өте көп екеніне сенімдімін, – дейді Арслан мырза.  Ол шынында да жұрт болжамдап жүрген мөлшерде – Ахора қойнауының оң қол жағында екі мың метр биіктікте жатыр».

Міне, соңғы кездерде шет елдерде Нұх пайғамбардың кемесі туралы у-ду туғызған әңгімелер осылар. Осылардың қайсысы шындыққа жанасатынын, қайсысының ойдан шығарылған қисын екенін сол әңгімелердің авторларының арына салудан басқа амал жоқ. Дегенмен, шет елдіктердің осы әрекеттеріне ризашылық білдірмеуге де амалың жоқ. Өйткені, олар әрекет жасап жатыр, болмаса да болдыруға тырысуда. «Қазығұрттың басында кеме қалған» деген сөздерді еске алу керек емес пе еді? Ал Ресей болса бұл мәселені көптен-ақ айналдырып жүр. Осыдан он-он бес жыл бұрын «Вокруг света» журналы Нұх кемесін тәптіштей жазып, тіптен, сол кемеге артылған адам мен жануарлардың салмағы мен бойын өлшеп, талай сүлбе жасаған. Соның бәрі аңызды да, кемені де біржола иеліктеріне алып, әлемдік өркениеттің бірден-бір бастаушысы бізбіз деген қағиданы тұжырымдап алу.

Және бір айта кетер жай – «Аргументы және факты» апталығында жарияланған бір мақала жөнінде. Нұх пайғамбардың кемесі туралы мәселе ду көтерілгенде бір оқырман хат жазып, осы мәселелердің рас-өтірігінің арасын ажыратып беруді өтінген. Сол сұраққа байланысты бір ғалымның жауабы жарияланды. Ғалым өз жауабында Арараттағы белгісіз заттың тексерілгенін, оның кеме емес керісінше зат сақтау үшін бе, корғаныс жасау үшін бе соғылған құрылыс екенін айтады. Талай өзгеріп жатқан табиғатта мұндайдың бола беруі мүмкін екенін айтқан. Ал жалпы кеме туралы аңыздың көптеген елдерде бар екенін, тек оның қайда тоқтағанын дәлелдейтін ғылыми айғақ немесе нақтылай зат жоқ екенін ескерткен.

Сондықтан осы бір белгіге көне тарихтан қалған үлес деп қарап, оны зерттей түсу керек. Мүмкін ол ескерткіш Қазығұрт маңын және бір өркениетке апарып жалғастыруы мүмкін. Жалпы, Қазығұрт маңында осындай жұмбақ жерлер кеп. Соларды мұқият зерттеу абзал жұмыс болар еді.

Нұх пайғамбардын кемесінің Арарат тауына тоқтағаны жөнінде тілге тиек етіліп жүрген және бір мәлімет авторлары – әйгілі жиһанкездер Марко Поло мен Гильом де Рубрук. Марко Поло өзінің «Миллион» деген еңбегінде Араратқа келіп, тау төбесін сәукеледей боп басып жатқан ақ мұздың ішіндегі «қара дақты» көріп, соны суреттеп жазған дейді. Ал Гильом де Рубрук Арараттың үстіне шықпаған, тек етегіне келіп, сондағы тұрғындардың әңгімесін есіткен. Бұл саяхатшы-елшінің Монғол хандығына барып, қайтар жолында Нахичевань қаласына келгендегі есіткен әңгімелерінің негізінде жазылған жазбалары. Рубрук осыны былай баяндайды: «жоғарыда аты аталған қалаға (Наксуа) жақын жерде Ной (Нұх) кемесі мәңгіге орын тепкен тау бар. Ол тау біреу емес – екеу, екіншісі үлкендеу, сол таулардың етегінде Аракс өзені ағып жатыр. Сол жерде Цеманум дейтін қала бар. Бұл «Сегіз» деген мағына береді екен. Оның бұлай аталуына себеп болған нәрсе – кемеден шыққан сегіз адам әлгі екі таудың үлкенінде қала орнатқандықтан. Осы тауға кеп адамдар шығамыз деп әрекет жасапты, тек одан еш нәрсе шықпаған. Маған кездескен бір епископтың айтуы бойынша тау басына қалайда шығамын деп әрекет жасаған бір монахқа кеменің ағашының бір түйірін әдейі әкеліп берген періште бұл әрекетін қайтып жалғастырмауын тапсырыпты. Бір қарағанда бұл тау онша биік емес, ниет қылған адамның оп-оңай шығуына болады. Тек маған бір қарт кісі бұл тауға ешкімнің шықпайтыны жөнінде салиқалы әңгіме айтып берді де, мұндай әрекет жасауға болмайтынын дәлелдеді. Таудың аты «Массиске, — деді ол, — ешкімнің көтерілуге құқы жоқ, өйткені ол — әлемнің анасы». («Путешествия в Восточные страны», Алма-Ата, «ұылым», 1993, стр. 168).

Міне Рубруктың кітабындағы жазылған сездер осылар. Рубрук жазбаларындағы атауларға түсінік бере кетпесек, оқырманды шатастырып алуымыз мүмкін. Біріншіден, Рубрук өзі алғаш келген қаланы Наксуа деп атайды. Бұл қазіргі Нахичеван. Ол кездерде Нахчеван, ал араб географтарының жазбаларында Нашева деп аталған көне қала. Ал таудың Үлкен бөлігіндегі Цеманум деп атаған қала Рубруктың қолжазбаларының түрлі-түрлі көшірмелерінде әр қилы жазылған. Семенрум, Семеним, Сема-иурум. Бұл сөздер, әсіресе, соңғы атау араб тіліндегі Темаін деген атауға жақын. Арараттың етегіндегі бір қаланы орта ғасырлык парсы авторлары (Ибн Хаукал, Масуди) осылай атаған. Ал Массис деген атау Арараттың армянша аталуы. Армяндардың да, жалпы христиандардың да көне дәуірлерден келе жатқан сенімдері бойынша бұл таудың басына шығуға болмайды – ол адам баласы өрбіген қасиетті тау деп есептеледі. Рубруктың осы таудың етегіне келген мезгілін анықтау үшін оның өзінін Нахичеван қаласынан 1255-жылдың 13-қаңтарында жолға шықтым деген сөздеріне көз жүгіртіп өтудің өзі-ақ жеткілікті.

Жалпы, әңгіме Рубрукқа байланысты болғандықтан осы жерде сол дәуірдің географтарының бір қатесі жөнінде айта кеткен жөн. Оның үстіне Рубрук Қазығұрт тауын да көрген, тек оны Кавказ тауы деп есептеген. Сол заманның географтарының көбі Қазығұрт тауын (немесе Батыс Тянь-Шань таулары деп түсіне беру керек) Кавказ тауына дейін тұтас созылып жатқан бір-ақ тау деп есептеген яғни теңізден теңізге дейін созылып жатқан тау деп есептеген (Үнді мұхитынан Қара теңізге дейін). Тіптен, Орал тауларының өзін осы алып тауға бір бүйірінен келіп қосылып жатқан үлкен таудың тармағы деп түсінген. Сондықтан Рубрук: «Жетінші күн дегенде біздің Оңтүстік жағымызда өте биік таулар көріне бастады, әрі біз бау-бақша сияқты егін салу үшін өңделетін суармалы жері мол жазықтықка келіп жеттік… біз Сарациндардың Кинчат деп аталатын бір қаласына тоқтадық. Келесі күні біз тауға тіптен жақын басқа бір кентке келдік. Мен тау жөнінде сұрастырып, мұның Кавказ таулары екенін білдім». Әрине, жергілікті халық бұл тауларды Кавказ деп түсіндіруі мүмкін емес. Олар Қазығұрт немесе Қаржан деп айтуы мүмкін, тек өзінің географиялық тұжырымдары бойынша, әсіресе, Исидор Севильскийдің анықтамаларына құдайдай сенген Рубрук бұл тауларды Кавказ деп атайды. Рубрук осы жерде бастауын таудан алып, бүкіл даланы суландырып барып, құмға сіңіп жатқан бір үлкен өзен туралы да айтады. Әрі жергілікті тұрғындар осы өзеннің суын қалай бұрғысы келсе солай бұрып, арық, шығарып алып, егістікке пайдаланып жатқанын жазады. Нақ осы жерде жүзім өсімдіктерін көріп, екі рет шарап іштім дейді. Ғалымдар Рубруктың атаған Кинчат дейтін каласының орнын әлі анықтай алған жоқ, тек ол басқа авторлардың жазуындағы Кенжид қаласы болар деп тұжырымдайды. Ал сол Кенжид (мұның басқаша да атаулары бар) қаласының орнының өзі де анықталмаған — бірде Арыстың бойына әкелсе, бірде Бадамға орналастырып, ал кейде Боралдай мен Бөгеннің бойына апарады. Осы жолы Рубрук өзі қалайда көрмек болған Тараз қаласына соға алмаған. Ол өз жазбаларында Таласты сұрағанымда ол жоғарыда айтылған таулардың етегінде екенін, бұл жолдан әжептеуір қашық екенін айтты дейді. Осыған қарағанда Рубруктың жолы Құмкент, Байқадам арқылы өтсе керек. Содан Ілеге барған.

Міне, егер Рубруктың жазғандарына сенетін болсақ онда Нұх пайғамбардың кемесі туралы аңыз Арарат тауының етегінде тұратын халық үшін сол кезде-ақ белгілі болған, бірақ оған ешкім көтеріліп, көзімен көрмеген. Өйткені, тау – қасиетті тау, киелі тау деп есептелген. Осыған байланысты екі мәселенің басы ашық: біріншіден – кеме қалсын-қалмасын әйтеуір, сол Нұх кемесі мәңгіге аялдады деген орынды сонау ерте заманда-ақ христиан дініндегілердің қасиетті орын санап, қастерлеуі; екіншіден – тауға шығып, кеменің қалдығын көзбен көруге ислам дініндегілер кесір жасады дейтін тұжырымның Рубрук жазуында (демек, көне замандағы ұғымға) сәйкес келе бермейтіндігі. 

Бурабай туралы аңыздар

«Арқада жер жетпейді Бурабайға» дегендей, Бірабайдың төсінде аңызға толы «Оқжетпес» бар. Сол тау туралы бізге жеткен аңыздарға тоқталайық. Тіпті, ол туралы ақындардың өлеңдерінде де кеңірек айтылады.

Бурабай туралы аңыз-әңгімелер. 

 (І нұсқа)

Бұдан жүз жыл бұрын ба, әлде мың жыл бұрын ба, кім біледі, Арқаның Көкшетауының бауырындағы бір алаңқыда әрі батыр, әрі асқан аңшы бір кісі мекендепті. Кәсібі бүркіт салып, аң аулау болыпты. Ол кезде Көкшеге ауып келген «Оралдың ақ иығы» атты орасан күшті бүркіттер мекендейді екен. Батыр аңшы бір күні аң аулап келе жатып, қазіргі «Оқжетпес» атала­тын, бейне алып күшті дәу қолмен текшелеп үйіп қойғандай үшкір найзаланған биік тас таудың шың басына бір бүркіт адам тәрізді жәндікті бүріп қона бергенін көріп қалыпты. Сол арада: «Апырмай, мұның жемі адам тәрізді ғой», – деп ойлай­ды да, жалма-жан садағын ала салып, бүркітті көздеп тартып жіберіпті. Зулаған оқ үшкір таудың ортасынан аса, көзделген шың тасқа жетпей жерге түсіпті. Құтқара алмайтынын сезген батыр аңшы көңіліне жаман ой түсіп, дереу үйіне жүгіріп келсе, әйелі зарлап жылап отыр екен. Жаңағы бүркіттің бүрген жемі батыр аңшының жалғыз баласы екен. Ашына күйінген батыр аңшы: «Ең болмаса, қызымның сүйегін көмейін» деген оймен «Құлап өлсем, жаным артық па», – деп тәуекелге бел байлап, құс болмаса бұрын адам шықпаған найза тауға шығып, қызының сүйегін алып, түбіне жерлепті. Ал тас тауға «Оқжетпес» деп ат қойған екен.  

 (ІІ нұсқа)

Ертеде Қарауыл ауылдарының бірінде елдің көркі, бірақ дұшпандардың көз құрты болып апалы-сіңлілі үш қыз өмір сүреді. Үшеуі де бірінен-бірі өткен хас сұлулардың өзі болады. Орталарындағы жалғыз бауырлары Оқжетпес беті қайтпас ба­тыр болып өседі. Үш апасын қызғыштай қорғап, қамқоршы бола біледі.

Әбден өшіккен жау қапылыста баса көктеп, елді шауып, үш ару мен бауыры Оқжетпесті анталап қоршауға алады. Төртеуі шегіне атысып, кейін жылжи береді. Бір кезде ту сырттарына қараса, сыңсып тұрған жасыл орман, бау-бақша, мөлдір көл, көгілдір тауларды көреді. Құс жыртылып айырылады. «Туған жердің мұндай балауса бағын арам ниет дұшпандардың қара табанына қалай таптатамыз, қасиетті топырағымызды қалай ойрандатамыз, өзімізді қалай қорлатамыз?» – деп қайраттанған Оқжетпес пен оның үш ару қарындасы қатарласып, жауға қасқая қарсы тұра қалады да, шапса, алмас қылышы майыры­латын, сүңгітсе, қара найзасы қайырылатын, атса, оғы асып түсе алмайтын қамал тасты тік қаптал құзар шыңдарға айна­лып кетеді.

Көкшетау таулары үстіндегі аспан көкпеңбек нұрлы, ауасы тұнық мөлдір болғандықтан да «Көкше тау» деп аталады. Осы таулардың арасында ертеректе бір бай әрі би қоныстанған екен. Ол бай бимен бірге бір еркін де тәккаппар ақбас бура мекен еткен. Ол бураның әсемдік түрі, биік тұрпаты, қалың жүннің ақтығы көрген адамды қызықтырмай қоймайды. Талайлардың қолына түсіп үлгеріпте шыққан Бура, сытылып қашып құтылып кете беретін болған. Бура жалғыз жүріп, жалғыз тұрып, ешкімге басын имей үйреніп кетеді. Ол суды тек тазалығы мен мөлдірлігі үшін Күміскөл атап кеткен бір ғана көлден ішеді. Күн сайын келіп, тал түсте су ішуге келіп, келетін соқпағы да біреу болатын.
Бура қасиетті еді. Жау қосындарының жақындағанын күні бұрын сезіп, боздаған жылаған дауысымен халыққа төнген қауіп жайлы хабар беретін. Бура ханның ауру сырқатын ерте біліп, ерекше тынышсызданып, күңірене боздап, беймаза болатын. Үрейлі күндердің алдында ақ бура толассыз, тоқтаусыз ақыратын.Ақырғанын естігендер, төңіректегі адамдар мен далалардың халқы асығыс жиналып, жау шапқнышылығын қайтару үшін жасақтар құрып, бірігетін. Ақ бураға құдайдай табынып, пәле жаладан қорғау үшін Тәңір жіберген әулие жануар деп санап жүрді.
Жылдар өтіп, адамдар арасынан залым пайда болып, өзі сияқты басбұзар, сұмдардан құралған топ құрып, кедейлерді тонап, аң құс, адамдар деп қарамай қырғынға ұшыратты. Олар жануарлар мен адамдарға, жабайы аңдар мен құстарды қырып жойды. Адамдарға таяп жақындап келгенде бура ақырып хабар жеткізетін. Қарақшылардың жолдары болмай, Аңдар қаскөй жауыздардан құтылды. Бура, ерекше қасиетін біле тұра, Аңдар ғана құтылджы. Хабар беретін кезін біліп алып,өлтірмекші болды. Күндердің күнініде қалың орманды ақ омыраумен келе жатып, аңшылардың қолына түседі.Бір қарақшы ұзын жебесімен бураны атып, бураның кеудесін көздеп, садағымен атып жібереді. Жебенің оғы киелі жануардың көкірегін өтіп, өркешін тесіп шығады.Аузынан қан кетіп, тұяқтарымен тапап тасмамақшы болып, өзін зәбірлеуші, тапап тасмақшы болып, ақыра боздап, атын қамшап қашып кетеді.Жарақат алған бура, кері бұрылып, өзі туып өскен, көлдің жағасына келді.Жан тәсілім етер алдында басын қағба жаққа қаратып, көзін жұмалы. Сол қалпында қос өркешті ақ бура көзін жұмады. Бура қос өркешті ақ тауға айналып, тұрып қалады. Биіктігі 690м. Өркешінен әлі күнге дейін жануарды көктеп төкен, сорайып щшығып тұр. Ақ бура мекен еткен жер. ауыл, мейірін қандыра сусындаған күміс көлде Бурабай деп аталды

Бүркіт пен оның балапандары (аңыз-әңгіме)

Баяғыда таудың қиясын мекендеген бір ерекше қасиетті қыран өмір сүріпті. Өзгелерге өрлігімен өнеге болған әлгі бүркіт бір жылы өмірінде бірінші рет үш балапан басып шығарыпты. Балапандардың қанаттары қатайып, ұясынан ұшып шығуына аз уақыт қалғанда бүркіт үш балапанын уысына қысып, теңіз төсіне алып шығыпты. Ұшып келе жатып ол, өзіндік өмірге қанат қаққалы тұрған балапандарынан соңғы рет сынақ алып, былай деп сұрапты: -Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мәпелеп бағып-қаққанымды жақсы білесіңдер. Ертең өскесін, осының өтеуі ретінде маған қандай жақсылық жасайсыңдар?

Біріншісі айтыпты: -Анашым, сенің ақ сүтіңді ақтау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Мен сені өмір бойы қанатыма мінгізіп алып жүрем. Дүниенің төрт бұрышын түгел аралатам, таңғажайып тамашаларды көзіңмен көретін боласың.

Бүркіт басын шайқап, уысындағы балапанын теңізге тастап жіберіпті. Бірінші балапан теңіз тұңғиығына батып кете барыпты. Сосын екіншісіне бұрылып: -Ал сен не айтасың,-депті.

Екіншісі айтыпты: -Анашым, мен сені ел аралатып, босқа әуре қылмаймын. Ғаламның барлық кереметтері мен қызықтарын алдыңа әкеліп берем, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады.

Бүркіт тағы да басын шайқап, уысын жазып жібергенде, екінші балапан да біріншінің соңынан кете барыпты. Бүркіт үшінші балапанына бұрылып, жарықшақ толы дауыспен былай депті: -Ал, сен мені қалай жарылқамақсың?

Сонда үшінші балапан былай деп үн қатыпты:

-Анашым, өтірік қанша тәтті болса да, саған ащы ақиқатты ақтармасқа амалым жоқ. Маған жасаған жақсылықтарыңның шеті де, шегі жоқ екенін, оны өтеуге менің барлық ғұмырым жетпейтінін жақсы білемін. Дегенмен, менің өмірім сені әлемді аралатуға да, сан түрлі ғаламаттарды алдыңа алып келуге де арналмайтынын айтқым келеді. Мен, сенің маған жасаған жақсылықтарыңның барлығын өз балапандарыма жасау үшін өмір сүретін боламын.

Кәрі бүркіт сонда ғана көкірек кере терең дем алып: -Біздің әулет аманатын алға апарар, қыран деген атқа лайық бола алар ұрпақ туылғанына көзім енді жетті,- деген екен.

Екі қасқыр (аңыз)

Баяғының қарттары енді ғана ес біліп келе жатқан немерелерін алдына алып, өнегелі өсиеттерді ақылды аңыз, есті ертегі түрінде жастайынан келер ұрпақтың құлағына сіңіре береді екен. Сондай кемеңгер қариялардың бірі немересіне өмір сырын былай деп айшықтап айтып жатыр екен:

-Әр адамның көкірегінде екі қасқырдың өзара тайталасына ұқсас тартыс жүріп жатады. Оның бірі күншілдік, қызғаныш, өзімшілдік, өтірік сияқты жаман қасиеттерді бейнелесе, екіншісі – сенім, шындық, мейірім, адалдық секілді жақсы қасиеттерді бейнелейді. Бұл екі қасқыр сәт сайын, қадам сайын айқасып, өмір бойы күресумен болады …

Сонда зерделі немересі атасының сөзін бөліп, былай деп сұрапты:

-Ал ең соңында қай қасқыр жеңеді?

Атасы сәл ойланып, немересінің пайымдылығына сүйсіне отырып, жауап беріпті:

-Сен қайсысын көбірек қоректендірсең, сонысы жеңеді.

Бір жұлдызды құтқару (аңыз)

Кіріспе: Ер жігіт көлді қотарып, тауды қопарып тастамағанмен, жұрттың жағдайын жақсарту үшін  қарлығаштың қанатымен су сепкеніндей сеп бола алса, тамшының тасты тескені емес пе?

Аңыз: Теңіз жағасын жағалап  келе жатқан бір кісі бір нәрселерді жерден алып теңізге лақтырып жатқан бір баланы көреді. Жақындағанда оның толқынмен жағаға шығып қалған теңіз жұлдыздарын құтқармақ болып жатқанын байқайды. Ал көкжиекке дейін созылып жатқан жаға болса, теңіз жұлдыздарына толып-ақ қалған екен.

-Сен не істеп жатырсың?-деп сұрайды әлгі кісі.

-Бұлар ертең су қайтқанға дейін жағада қалып қойса, өліп қалады ғой,-дейді бала таңырқап.

-Бұл ақымақтық қой!,-дейді қызбаланып әлгі адам, -қарашы олар қаншама, жағада мың емес, миллионы жатыр. Бір өзің ештеңе өзгерте алмайсың, сенің осы жасап жатқан тірлігіңнің мәні бар ма?

Бала жерден келесі теңіз жұлдызын қолына алып, шамалы ойланып тұрып, былай депті:

-Менің жасаған тірлігімнің мәні мен маңызы өте зор, әсіресе …  мына бір теңіз жұлдызы үшін.

Түйін: Халық айтқандай, төбе түйірден, теңіз тамшыдан құралады. Өзгелер үшін жақсы нәрсенің бәрін бірден жасау мүмкіндігін күткен адам ештеңе жасамайды, өйткені ондай мүмкіндік сирек кездеседі.

Frontpage Slideshow (version 2.0.0) – Copyright © 2006-2008 by JoomlaWorks

Қорытынды 

Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Оқиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылған аңыз-әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейді.

Аңыз әңгімелерде көбінесе сараңдық пен сақилықты, жалқаулық пен қиқарлықты өткір сатирамен әжуалап сынау арқылы жастарды жаман әдет, жат мінездерден аулақ болуға баулуды мақсат тұтады.

Ал «Алдар көсенің шайтанды алдауы» деген әңгіменің сюжеті, құрылысы басқаша болып келеді. Халық ұғымында шайтанды ешкім алдай алмайтын болса, бұл әңгімеде Алдар көсе өзінің қулығымен шайтанды да алдап кетеді. Оның өтірік өліп тірілуі, шайтанға қазы алдыруы, үлкендігін бұлдап, шайтанның мойнына мініп қамшымен сабауы, шайтандар қорқатын тікен арасына тығылып, ала қаптағы алтынды алып құтылып кетуі арқылы адам айласы шайтанды да жеңеді деген идеяны білдіреді. Алдар көсе туралы аңыздардың қай-қайсысы болмасын оны тапқырлықтың өкілі етіп және ол қандай іс-әрекет жасаса да жазғырмай, сүйікті етіп көрсетуі Алдардың ел санасынан ұнамды кейіпкер түрінде тұрақты орын алғандығын аңғартады.

Қорыта айтқанда аңыз әңгімелер — халық ауыз әдебиетінің жанры. Оқиғасы шындық өмірден алынғанымен, ауызша айтылып таралғандықтан, фольклорлық сапалармен толыққан көркем шығарма.

Аңыздар тарихта шын мәнісінде болған әлдебір оқиғаларға құрылады, әрі осы оқиғалар көбіне нақты бір мекенмен, тау-таспен, өзен-көлмен байланыстырылады.

You May Also Like

Бесік жыры – тәрбиенің қайнар көзі, ғылыми жоба

«Бесік жыры» – тәрбиенің қайнар көзі» Пікір Оқушының «Бесік жыры – тәрбиенің…

Фонетика. Дауысты дыбыстар. Дауыссыз дыбыстар. Буын және тасымал, ғылыми жоба

 Тақырыбы:   Фонетика. Дауысты дыбыстар. Дауыссыз дыбыстар. Буын және тасымал Жоспар І…

Мектеп өмірінде қолдануға бағытталған жылулық құбылыстарды зерттеу нәтижесі, ғылыми жоба слайд

Күн энергиясы дәстүрлі емес энергия бағыттарының бірі, ғылыми жоба

Тақырыбы:  «Күн энергиясы дәстүрлі емес энергия бағыттарының бірі» Бағыты: Жас ғалым Секциясы:…