Қарттар – елдің данасы

Қартымыз бар еліміздің данасы,

Айтқан сөзі біздер үшін әрқашанда бағалы,

Құрметтейік,қастерлейік үлкен қарттарды,

Қазағымыз қарттарымен қадірлі.

Қазақ елінің әр шаңырағындағы қарттарымыз біздің қазынамыз,халқымыздың данасы.Қазақ халқы ‘‘Қарты бар үйдің қазынасы бар’’ дейді.Бізді кішкентайымыздан үйдегі ата –аналарымыз үлкенді сыйлау керек,үлкен қарт ата-әжелеріміздің тілін алу керек олар тек жақсылық ойлап,дұрыс жолға тәрбиелейді дейді.Себебі,ата-әжелеріміз көпті көрген,жақсы мен жаманды,арам мен адалды,ақ пен қараны ажыратып, бұл өмірден көп тәжірибиесі бар адам ретінде бізге әрқашанда жол сілтеп,жақсы болғанымызды қалайды.Қай жерде болмасын,үлкен ата-апаларымыз өзінен кіші баласына,қызына,келініне,немере-шөберелеріне туыстарына әрқашанда өз ақылдарын айтып,нақыл сөздер айтып,өздерінің даналығын көрсетіп отырады.

Менің де үйімде қарт әжем бар.Мен ол әжемді қатты жақсы көремін.Әке-шешем ылғи да,әжеңді сыйла,тілін ал деп үлкендерді сыйлау керек екенін үйретеді.Әжем үйде бізге нақыл сөздерін жас кезіндегі қазақ халқының көрген қиыншылығын бізге әңгімелеп отырады.Бізге “сендер бақыттысыңдар,осы күнімізге шүкір,сендер тәуелсіз елдің ұрпағысыңдар” деп,бізді еліміз,жеріміз үшін жанын қиятын азамат-азаматша болыңдар деп ақылдарын айтады.  Шынымен де, «қарт адам – қазына» деген сөздермен толықтай келісемін, себебі қария, ақсақалдар – үйдің берекесі, ақылын айтар дана кісілер.  Шаңырақтың шаттығын сақтап, бірлігін бекем етуге ақылып айтар елі мен жерінің кеңесшісі, үйдің ажарын кіргізіп отыратын да– осы кісілер.

Қарттар – тарих, қазына, ел қазығы.«Есік алды төбе болса, ерттеп қойған атпен тең. Ақылды қартың болса, жазып қойған хатпен тең»,«Ақылды қария – ағып жатқан дария», «Қариясы бар үй – құты бар үй» екені ақиқат. Аталарымыз: «Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда дәулет бер» деп тілектерін аллаға сыйынып айтып жүреді. Қазақтың қарттық шағындағы бағым – күтім, қамқорлыққа алу , сыйлап құрметтеу әдет – әдебі тәрбиелеген балаларының қолында. Бұл қазақ халқының бір дәстүрі тәрізді. Сондығынан болар қазақ бақыттыда,баянды қартаяды.

Ел-жұрты үшін,біздер жас ұрпақ үшін өмір бойы күресіп келген қарттарымыз еліміздің қазынасы.Бұл кісілер өткен тарихпен,қазіргі заманды байланыстырушы ақылшы,данамыз.Біз қазіргі заманның жас ұрпақтары қарттарымызды сыйлап,ол кісілерден үлгі-өнеге алуымыз қажет.Үлкен ата-әжелеріміздің жолымен жүріп,бүгінгі күнді ертеңгі болашақпен байланыстыратын біз боламыз.

You May Also Like

«Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен әдемі әсірелеудің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз, эссе

«Сүйінбай мен Қатаған айтысы» өнер өлкесіндегі саф алтын қазына болып саналады. Қазақтың…

С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі қарт Томар-Омардың Балзия мен Аманайдың елге жетуіне күмән тудыруының себептерін талдап жазыңыз. эссе

«Заманай мен Аманай» шығармасы бізге Сәукеленің байырғы тарихынан сыр шертеді.Мұнда жетпіс үшке…

Алико Данготе туралы, эссе

Эссе. Алико Данготе өте қарапайым саудагердің отбасында дүниеге келген. Оны бірі білер…

Теңге тарихы, эссе

Теңге тарихы “Ақша қымбат тұрады Ақша ақшадан туады” Теңге дегеніміз – айырбас…