Теңге тарихы

“Ақша қымбат тұрады

Ақша ақшадан туады”

Теңге дегеніміз – айырбас құрал ретінде барлық адамдармен қатынасқа түсетін және басқа тауарларды бағалауға қызмет ететін кез келген тауардың символы.Соның ішінде әлемдік айналыс құралы ретінде қолданылады.

Теңге әр мемлекеттің өзіндік символы. Теңге өмірдің маңызы емес,бірақ барлық маңыздылар соған тәуелді.Қазіргі ғаламда болып жатқан жағдаяттардың барлығы да осы ақшаға  байланысты деп ойлаймын.

Ақша

Шіркін, ақша,

Жолда жатса,

Бұрмас па едің мойныңды!

Төніп барып,

Уыстап салып

Толтырмас па ең қойыныңды! – деп Қасым ақын жырлағандай ақшаның құдіреті қандай? Иә адамды аздыратында, тоздыратында осы ақша, ақшаң көбейген сайын шегі жоқ таныстарда көбейеді және байланыстырады Демократиялық теңсіздікті мығым орнатуға кепілдік беретін де осы  ақша.

Тәуелсіздік -халқымыздың мақтанышы

Тәуелсіздік-еліміздің жаттандысы

Тәуелсіздік-ұлтымыздың азаттығы,

Тәуелсіздік-жеріміздің ғажаптығы     дегендей Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін біздің теңгеміз әлемдік қолданысқа енді. Қазақтың теңгесі 1993 жылы 15 қарашада айналымға енді. Ал, 1997 жылы 13 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев алғаш теңгенің айналымға түскен күнін «Ұлттық валюта күні» деп жариялады өз Жарлығында. Елдің егемендігін жаңа жар салған аумалы-төкпелі уақытта төл теңгемізді дүниеге әкелу тәукелді қадам болатын. Мемлекеттегі экономикалық қиындыққа қарамастан, қазақ ұлтының тұңғыш валютасы жарық көрді, тәуелсіз елдің айналымына түсті. Осылайша Қазақ даласының ұлы тұлғалары Әл-Фараби, Абылай, Абай, Жамбыл, Сүйінбай, Шоқандарды бейнелеген алғашқы Қазақстан Республикасының теңгелері жарыққа шығып, айналымға түскені шын тәуелсіздіктің көрінісі болды.Тарихи мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі қазақ елінің аумағында алғашқы күміс монета XV ғасырда пайда болған. Отырар қаласында «таньга» деген атпен құйылған монета заманауи теңге атауының шығуына себепкер болды. Ал Қазақстанның ұлттық валютасы, төл теңгеміздің тарихы 1992 жылдан бастау алады. Алғашқы қағаз ақша Ұлыбританияда басылды. Ұлттық валютаның бекуі ел экономикасының аяғынан нық тұруына да септігін тигізді. Сол кезде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы құпия түрде арнайы топты жинады да, ақшаның дизайнын жасатуға Англияға жібереді. Лондонда жасалған теңгеміз 1993 жылы қарашада кеңес ақшаларын теңгеге ауыстыру жөнiнде шешiм қабылданды. 15 қараша күні таңертеңнен бастап құрамында қауiпсiздiк қызметi мен iшкi iстер органдарынан, облыс әкiмдiгiнен, Ұлттық банк өкiлдерi бар арнайы комиссия жаңа ақшаны жан-жаққа бөлуге кiрiстi.Ал теңгенің айналымға түсуі Егеменді елімнің қаржылай да тәуелсіз екенін тағы бір жария етуі болатын.Арада айтылып жатқан әңгіменің не туралы екенін байқай алмасаңыз ,онда ол жерде ақша әңгіме  болып жатыр.Қазіргі таңда төл теңгеміз доллар сияқты неге тұрақты емес? Не себепті? Менің ойымша әлемдегі нарықтық экономикамен тығыз байланыста болуында деп ойлаймын.Жетпіс жыл бодауда болған Қазақстан тек қана шикізаттың Отаны болды.Әлемдік нарықтық бәсекеде біздің теңгеміз әлсіздік танытуда.Менің ойымша бұл уақытша ғана құбылыс.Себебі біздің Тәуелсіздігімізге небәрі 30 жыл!

Қазақстан теңгесі – Қазақстан Республикасының  ұлттық валютасы. .

Қорытындылай келе менің ойыма келгені: жиырма сегіз жылдан астам тәуелсіздік ел тарихымызда мемлекет мәртебесін өсіру мен экономикасының нығаюы жолында теңгенің орыны ерекше болды. Жиырма сегіз жылдық ғұмырында теңге тәуелсіз елдің маңызды рәмізі екенін дәлелдеп шықты. Теңгенің болашақтағы қызметіне де сеніміміз мол. “Ұлттық теңге-тәуелсіздігіміздің нышаны”.

You May Also Like

Қыс келбеті, эсселер

Әкемнен үйрендім эссе

Әкемнен үйрендім «Әкем аты шапқан сайын өрлейді» Менің аты – жөнім Өміртай…

Құстар – табиғаттың көркі, эссе

Құстар – табиғаттың көркі! Құстар өзгеше болып жаратылған құбылыс иесі. Бейне біздің…

Қош келдің жайдарлы жаз, эссе

Қош келдің жайдарлы жаз Маусым айы – жаздың басы. Осы айда туған…