Қош келдің жайдарлы жаз

Маусым айы – жаздың басы. Осы айда туған жерге, туыстарына саяхат, қыдыруын басталады. Балалар жазғы демалыстарына шығып, қуанып, асыр салып достарымен таңңын атысымен кешке дейін ойнайды. Жазда күн көзі ең көп түсетігн мезгіл. Әр мезгілдің үш айы бар, ал жаздың ең ыстық айы шілде. Шілдеде күн ұзақ түн қысқа. Күннің ыстығы сонша күшті болады, құм да, тас та тіпті қызып кетеді. Шілдеде шөптің бәрі толығымен піседі, піспегені қалмайды.  Бұл уақытта табиғатта көп өзгерістер болады. Сол табиғаттың кереметін  туған жерде тамашалап, көре аласын. Мен өзім жаз кезінде балаларымды ертіп алып, қайың жұрттқа, ата-енеме жол тартамын. Көлікпене келе жатып, туған жерге жақындаған сайын терезеден жазғы жасыл көк дала жайылған жібек кілемдей, қызылды-жасылды көк ала жол маңайынан созылады.  Мен өзім Шығыс Қазақстан облысының тұрғынымын. Бұл жердің табиғатын екінші Швецариямен салыстырады. Жазда Өскемен ыстық болады, бірақ әр жазда әртүрлі болады. Әке-шешеме жеткеннен соң тыным таппай саяжайға барамын. Ол жерде бақшаның жұмысы көп. Не ексен, соны орасың дегендей, қалай еңбектеңсең, егіндерін жемісін береді. Әрине біздің көп жейтін жемістеріміз алма, алмұрт, жүзім және көкөністер. Біз оларды жаз бойы суарып, шөбін жұлып күтеміз. Біздің саяжаймызға жазда алыстан құстар ұшып келді, олар да шуласып, аспанда шыр-көбелек айналып жүреді. Дауыстары бұлбұлдай сайрап , біздің саяжайды таңертен ерте және кешке таман әсем әуенге толтырады. Жаздың түні қандай десеңізші! Ай сүттей жарық. Айы шарбақтай жарқырап, жер бетіне күміс сәулесін себеді. Ал арайлы таңың айтсаңшы, ой, шіркін! Жарқырап тау артынан күн шығады, таңмен бірге оянған құстар әні көңілінді әдемі үнге әлдилейді. Аспанда қалықтаған бұлт аз . Күн тас төбеге көтеріледі де, жер беті оянсың дегендей, мол нұрын төгеді. Күн жерге түсіп, ыстық болады. Бақшамыздағы жеміс-жидектер сары, қызыл түске  бояна басталады.
Жаз айларындағы әрбір күн өте тамаша, суға түсесін, аяғынды ыстық құмға қыздырасын, жеміс- жидектерге молынан тоясын, балық аулайсын, табиғат аясына саяхатқа шығасын, қымыз ішіп, атқа мініп, балқарағай дәндерін шағып, әжемнің құрт-май, ірімшігін жеп рахатқа бөленесің.
Міне, осылай жазда өтіп кетеді. Әне-міне дегенше, күзде келіп, балалар да сабақтарына жол тартады.

You May Also Like

Мен өз мамандығымды жақсы көремін, эссе

ЭССЕ Тақырыбы: «Мен өз мамандығымды жақсы көремін» Мен өз мамандығымды жақсы көремін.…

Мақсат туралы эссе

ЭССЕ МАҚСАТ ТУРАЛЫ Біздің жасап жүрген іс-әрекеттеріміздің барлығы да мақсатты түрде жүзеге…

«Спорт – денсаулық кепілі» деп неге айтады? эссе

 «Спорт – денсаулық кепілі» деп неге айтады?  Спорттың пайдасы көп. Спортпен шыныққан…

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды сыни көзқараспен талдап жазыңыз. эссе

Адамзат қоғамының осы уақытқа дейін ұлы құндылығының бірегейі-адамгершілік. Сол адамгершілік атауының тамырына…