Тақырыбы:  

Фонетика. Дауысты дыбыстар. Дауыссыз дыбыстар. Буын және тасымал

Жоспар

І Кіріспе:

Фонетика – тіл білімінің негізгі саласы.

ІІ Негізгі бөлім:

2.1. «Қазақ тілі фонетикасы туралы жалпы түсінік»

2.2. Дауысты дыбыстар ерекшелігі;

2.3. Дауыссыз дыбыстың жасалуы

2.4 буын мен тасымалды меңгерту;

Аңдатпа

Ғылыми жоба кіріспе және негізгі мәселені қамтитын екі тарау мен қорытындыдан тұрады. Кіріспеде зерттеуге түсіп отырған тақырыптың өзектілігі, қарастырылып отырған нысан жөнінде мағлұмат беріліп, ғылыми жобаның мақсаты және ол мақсатқа жету үшін қандай міндеттерді орындау керектігіміз көрсетілді. Ғылыми жобаны сәтті жазып шығу үшін қандай әдіс-тәсілдер қолданылғандығы айтылды. Сонымен қатар ғылыми жобаның теориялық және практикалық мәні қандай, жұмыс құрылымы қандай екендігі де сөз болды.
Негізгі бөлім екі тараудан тұрады: «фонетика – тіл білімінің енгізгі саласы» деп аталатын бірінші тарау және «Дауысты дыбыстар ерекшелігі; Дауыссыз дыбыстың жасалуы» деп аталатын екінші тарау. Бірінші тарауда екі мәселе қарастырылғандықтан, оны іштей екі тараушаға бөлуді жөн көрдік:
Бірінші тараудың «фонетика – тіл білімінің енгізгі саласы» деп аталатын бірінші бөлімінде қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы ғылыми зерттеулер жайында,қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметтер бойынша дыбыстардың жіктелуі,сондай-ақ фонетикалық құбылыстар жайынан қысқаша мәлімет берілген.
Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесі» деп атап, осы бөлімде фонетика тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін сала екендігі,тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда, фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады.Осыған байланысты қазіргі фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық),

басылымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады.
Екінші тарау толығымен дауыты  және дауыссыз дыбысын қарастыруға арналды.

Сонымен қатар, буын мен тасымалдың ерекшеліктерін атап көрсеттік. Қорытынды бөлімде ғылыми жоба жазу барысында  тақырыпқа байланысты нәтиже жасалды.
Жұмыс барысында негізгі мәселені қарастырмас бұрын тақырыпқа байланысты библиографиялық көрсеткіш құрастырылды. Ол үшін қала және облыс кітапханаларында бар әдебиеттер толық қарастырылып, барлық мәліметтер жинақталды. Сондай-ақ интернет жүйесінде бірсыпыра жұмыс жасалды.Көркем әдебиеттерден мысалдар теріліп, картотека жасалды.

Ғылыми жоба тақырыбының өзектілігі. «Фонетика .Дауысты дыбыстар.Дауыссыз дыбыстар .Буын және тасымал » атты ғылыми зерттеу жұмысына қазақ тілі сабақтарында және сабақтан тыс уақытта дауысты дыбысы кездесетін сөздердің дұрыс айтылу,жасалу,жазылу жолын меңгерту мен жалпы қолданысының жолдарын көрсету жатады. Қазіргі қазақ тіл білімінде тілдік құбылыстардың бірқатары терең зерттелгенімен зерттеуді одан әрі қажет ететін құбылыстар немесе зерттелген құбылыстардың зерттей түсетін тұстары да баршылық. Міне, осы тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізудің өзі ғылыми жұмысының өзектілігін көрсетеді. Ғылыми жобаның мақсаты мен міндеттері.

Ғылыми жобамыздың негізгі мақсаты – қазақ тіл біліміндегі фонетика ғылымының  жалпы түсінік бере отырып, дауысты және дауыссыз  дыбысының айтылу, жазылу құбылыстарын анықтау, оларға толық түсініктеме беру,меңгерту және жалпы қолданысының жолдарын көрсету жатады. Алға қойған мақсатымызға жету үшін мынандай мәселелерді жүйелі түрде дәлелдеуді міндет етіп қойдық:
– фонетика жүйесін зерттеу;
– дауысты жәе дауыссыз  дыбысының айтылуы мен жазылуындағы ерекшелігін қалыптастыру;
– сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;
– буын және тасымалдарға тоқталып, мысалдар теріп, талдау;
Зерттеу нысаны. Бұл ғылыми жоба фонетика саласын толық айқындауға арналады. Мұндай құбылыстарды көрсету үшін біз көркем әдебиетке, атап айтсақ, ертегілерге жүгіндік. Мәселен, балаларға арналған «Ер Төстік», «Қаңбақ шал», «Сыбызғы сыры», «Алдар көсе мен Шығайбай» ертегілерінен мысалдар теріліп алынды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеудің әдістері. Ғылыми жоба жұмысының мақсатына орай сипаттама, салыстырмалы әдістер басшылыққа алынды. Жиналған материалдарды іріктеу, талдау және жүйелеу әдістері қолданылды.

Кіріспе

Адамның коғамдағы қатынасының ең маңыздысы — тілдік катынас. Әрбір халықтың өзіндік ерекшелігімен байланысты болатын тілдік катынас ауызша жэне жазбаша түрде жүзеге асады. Ауызша тілдік қатынас сөйлеу аркылы орындалады. Сөйлеу — адамзат іс-әрекетінің ерекше формасы. Сондықтан сөйлеу психология, физиология, логопедия, тіл білімі, т.б. ғылымдардың карастыратын нысаны.

Сөйлеу тілдік бірліктерге сүйенеді. Тілдік бірліктердің ең кішісі жэне негізгісі — фонемалар. Жеке тұрғанда ешбір мэні жоқ дыбыстар белгілі бір жүйемен тіркесіп сөзді кұрайды, яғни сөздің өмір сүру амалы тілдік дыбыстарға тікелей байланысты болады. Кез келген тіл өзінің қалыптасқан фонемалык жүйесі аркылы карым-қатынас кұралына айналады.

Тіл білімнің бір саласы болып табылатын фонетика (грек т. рһопе  — дыбыс) тілдің дыбыстық жүйесін зерттейді. Тіл дьібыстары — күрделі кұбылыс. Дыбыс сөйлеу    мүшелерінің белгілі бір араласымы (комбинациясы) аркылы жасалады. Дыбыстардың тіркесуі тілде калыптаскан белгілі бір заңдылыктарға негізделеді.

Фонетиканың зерттеу нысандары: тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың жасалуьі, тілдің дыбыстық құрамы мен өзіндік ерекшеліктері, дыбыстардың өзара іштей жікелуі, үндесу заңы, дыбыстардың тіркесу ерекшеліктері, сөз ішіндегі дыбыстардың үндесуі, қатар келген дьібыстардың бір-біріне зсер етуі, буын, екпін, орфография мен орфоэпия және олардың арақатынасы, дүрыс сөйлеу, сауатты жазудың принциптері, т.б.

Дыбыстардың жасалуы мен өзгеру заңдылыктарын меңгеру аркылы тілдің лексикалык жэне грамматикалық бірліктеріндегі құбылыстарға ғылыми тұрғыдан түсінік беруге болады. Сонымен қатар сөздердің пайда болуы мен дамуындағы ерекшеліктерді түсіндіруге, тілдердің туыстығын табуға да фонетиканың беретін мүмкіндігі зор. Сондыктан фонетика тіл білімінің лексика, сөзжасам, морфология, синтаксис салаларымен байланысты.

Тіл уакыт өтуімен өзінің ішкі заңдылыктарымен жэне сырткы экстралингвистикалық факторлардың әсерімен дамып отырады. Кез келген тілдің калыптаскан дыбыстык жүйесі де тарихи даму кезеңдерін басынан өткереді. XXI гасыр казак тіл білімінің тарихи кезеңі болып табылады. Қазақ тілінің мемлекет аясында қолданысының кеңеюі тіл мәдениетін жогарлатуды талап етуде. Тіл мәдениеті фонетика саласын да қамтиды. Мәселен, сөйлеу актісіндегі сөздерді дұрыс дыбыстай білу, жазуда тілдік нормаларды сақтау, сөйлеуде дыбыстық жүйемізде калыптасқан зандылықтарды дұрыс колданы білу, т.б.

Фонетика – тiл бiлiмiнiң арнаулы саласы бола отырып, тiлдiң лексикасымен де, грамматикасымен де астарласып, байланысып жатады. Фонетика – тiл дыбыстары және дыбыс заңдарымен ғана шектелiп қоймайды. Тiл дыбыстары, олардың құрамы, тiлдегi  дыбыстардың өзгеру заңдылықтары туралы мәселелер фонетикада, әрине, маңызды орынға ие. Алайда, тiл дыбыстары туралы мәселенiң фонетикады басты орынға ие болуы фонетиканың басқа да маңызды обьектiлерiнiң болуын жоққа шығармайды. Жазудың теориясы сөйлеудiң деректерiне, тiл дыбыстарының фактiлерiне негiзделедi. Фонетика ғылым ретiнде жалпы және жалқы фонетика болып бөлiнедi. Жалпы фонетика жалпы тiл бiлiмiнiң бiр саласы ретiнде адамның сөйлеу аппаратының  дыбыстық мүмкiндiгi айқындайды, тiл дыбыстары классификациясының принциптерiн белгiлейдi. Л.В.Щербаның айтқанындай,  Жалпы фонетиканы акустикадан да, физиологиядан да басқаша, лингвистикалық айрықша пән ретiнде бөлiп қарау, оны тiл дыбыстарының адамдардың тiлек қатынас жасау процесiнде атқаратын қызметiне орай, әлеуметтiк ғылымдардың қатарында қарау керек».

«Кез келген ғылым үшін, ерте ме, кеш пе, оның өзін-өзі біртұтас дүние ретінде танитын, өзінің әдістерін ойластыратын және фактілер мен құбылыстар арқылы өзі қолданатын түсініктерге назар аударатын сәті келеді», – деп Л.С.Выготский әр кезеңді даму жолдарының өзіндік ерекше, жаңа ғылыми қадамына назар салуды көздеген.

Негізгі бөлім:

2.1. «Қазақ тілі фонетикасы туралы жалпы түсінік»

Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесі.
Бірінші тараудың «Қазақ тілі тарихи даму жолы» деп аталатын бірінші бөлімінде қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы ғылыми зерттеулер жайында, қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметтер бойынша дыбыстардың жіктелуі, сондай – ақ фонетикалық құбылыстар жайынан қысқаша мәлімет берілген.
Бірінші тараудың екінші бөлімін «Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесі» деп атап, осы бөлімде фонетика тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін сала екендігі, тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда, фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады. Осыған байланысты қазіргі фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады

Фонетика – тіл білімінің саласы. Мектепте фонетиканы дұрыс, сапалы оқыту мұғалімнен үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Оқушы фонетиканы дұрыс меңгеріп, әдеби тілдің  нормасына жаттығады, сөздердегі дыбыстардың айтылуын, жазылуын, естілуін дәл айта білуі, сондай-ақ сауатты жаза білуі тиіс. Оқушы сөзді немесе дыбысты дұрыс айта алмаса, дыбысты ауыстырып айтатын немесе жазатын болса, әдеби тілдегі сөйлеу дағдысын бұрып, сөзді дұрыс, сауатты жаза алмайды.

Қазақ тілінің тарихи даму жолы. Қазақ тілі – сан ғасырдан бері ата – бабадан мирас болып келе жатқан киелі дүние. Ол халықтың алтыннан да қымбат кені. Тіл – адам баласының әлем бейнесін тану жолындағы түсінігінің, ойының, сезімнің, идеясының, дүниетанымының көрінісі. Тілде қазақ халқының барлық құнарлы ойы, құнды қиялы көркем сөзбен кестеленген. Сондықтан да тілдің болашағын бағамдау үшін, оның кешегі өткен тарихын білу – қажеттілік.

Алғашқы зерттелулерде қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы бірізді пікір де, қазақша терминдер де жасалған жоқ. Нағыз ғылыми зерттеу А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов еңбектерінен басталады деп білеміз. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті Н. И. Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан «Материалы к изучению киргизского наречия» («Ученые записки Казанского университета») деген еңбегінен кездестіре аламыз. Ильминский қазақ тіліндегі дыбыстарды екі топқа жіктеп, дауыстылардың сегіз түрін (а – ä, е, ы, і, о – ö, у – ÿ), дауыссыздардың он тоғыз түрін (п, м, w; т, д, н; ж, з, ш, с; р, л, j; k¨, ѓ, к, г, ң) атап өтеді (дыбыстарды өзара артикуляциялық жуықтығына қарай жіктеп көрсеткен).

Фонетикалық жаттығулар

Фонетикалық жаттығулардың міндеті – оқушылардың айтылған буындар мен дыбыстарды айыра алуын және оларды дұрыс, анық айтып берулерін қамтамасыз ету.

Фонетикалық қателер

Балалар мектепке келгенде сөйлеу мүшелері (аппараттары) жетілген, есту мүшелері дамыған, яғни сөздердің мағынасын ажырата алатын және практикада пайдалана алатын дәрежеде болады. Дегенмен балалардың сөйлеу тіліне зерттеу жүргізіп бақылаған ғалымдар оқушылардың тіл дыбыстарына байланысты кемшіліктерінің барлығын байқаған. Ол туралы С.Ф.Иванова «…значительная часть учащихся 5 класса не владеет достаточно четкой членораздельной речью, что отражается и на их науках письменной речи плохая дикция часто является ошибок типа описок», деген пікір айтады [2, 102].

Мысалы, жазылуы айтылуы

домбыра домбұра

жорық жорұқ

Оқушылар басқа тілден енген сөздерді сол тілде қолданылуына байланысты сіңісіп кету нормасына көңіл бөлмейді.

Фонетикалық талдау

Фонетиканы өту барысында сабақта талдау жасалады.Талдауда сөздің дұрыс жазылуына ғана көңіл бөлініп қоймай, сонымен қатар сөздің дұрыс айтылуына да талдау жасап отыру керек. Себебі фонетиканы өту арқылы оқушыларға сауаттылықпен қатар дұрыс сөйлеуді де, яғни орфоэпиялық норманы меңгертеміз.

Фонетикалық талдау мазмұнына қарай дыбыс жүйесі бойынша талдау, үндестік заңы бойынша талдау болып екіге бөлінеді. Фонетикалық талдау көлеміне қарай жай талдаукүрделі талдау болып бөлінеді. Фонетикалық талдау орындалу орнына қарай тақтада талдауорнында отырып талдау болады. Қазіргі таңда фонетикалық талдауды сатылай комплексті түрде жүргізу құпталып жүр.

Фонетика бойынша берілетін білімнің мүмкіндік деңгейіне қойылатын талаптар:

— дыбыстардың фонемалық қасиеттерін білу, сөздің лексикалық мағынасы мен дыбыстардың өзара байланысын түсіну;

— фонетикалық терминдерді дұрыс пайдаланып, тілдік категориялардың мәнін ұғу;

— дауысты, дауыссыз дыбыстардың іштей жіктелуін білу, оларды артикуляциясына қарай айыра білу;

— қазақ тілінің халықтық сипатын танытатын тілдегі дыбыстық үйлесім мен үндестіктің (сингармонизм) тіл мәдениетімен байланыстылығын ұғыну және орынды пайдалану;

— қазақ әліпбиінің құрамындағы төл дыбыстар мен орыс тілінен енген дыбыстардың өзара қарым-қатынасын меңгеру;

— ауызекі сөйлеу және жазба тілдеріндегі сөздерді әдеби тіл нормаларына сай қолдана білу, орфоэпиялық, орфографиялық заңдылықтарды түсініп, оның коммуникативтік біліктілікпен байланысын тану.

2.2. Қазақ тілінде дауысты дыбыстар ерекше қызмет атқарады. Себебі дауыстылар немесе вокализмдер (лат. Вокаііз — дауысты) — «сөздің жаны», «сөздің жанды тамыры». Қазақ тілінің фонетикасы жайындағы зерттеулердің көпшілігі дауыстыларға арналған десек те болады. Дегенмен казіргі казақ тіліндегі дауысты дыбыстардың саны мен сапасы жөнінде элі күнге дейін бірізділік болмай келеді. Бұл қазақ тілінің дыбыстык құрылымына, буынға, т.б. қатысты кейбір мәселелердің шешілуіне киындықтар туғызып тұр.

Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар туралы алғашқы пікірлерді орыс ориенталистері Н. И. Ильминский, В. В. Радлов, П. М. Мелиоранский, И. Лаптев, Н. Созонтов т.б. зертгеушілердің еңбектерінен атауға болады. Бұл зерттеулерде қазақ тіліндегі дауыстылардың саны, табиғи ерекшеліктері дәл нақтылап айтылған жоқ. Мысалы, а жэне ә, е жэне і дыбыстарының ара жігі ажыратылмай, бірінің орнына бір қолданылды. Сонымен қатар й мен у дауыссыздарының да тілдегі бейнесі айқындалмады.

Дауысты дыбыстар туралы нақты зерттеулер А. Байтұрсынұлы есімімен байланысты. Ол өзінің 1912 жылы «Айқап» журналында жарияланған «Жазу тәртібі» деп аталатын мақаласында: «Қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Оның бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты. Дауысты дыбыстар: а, о, ұ, ы, е», — деп анықтайды да, ойын эрі қарай дамытып: «дауысты дыбыстар а, о, ұ, ы осы тұрған күйінде жуан айтылады», — дейді де, сөздің алдында дәйекше (араб графикасында қолданылатын белгі) тұрса, «сөздің ішіндегі дауысты дыбыстарды жінішке айтамыз», — дейді. Осылай зерттеуші тіліміздегі төрт жуан дауысты және олардың төрт жіңішке сыңары болатынын көрсетеді. Мұнда ол дауыстыларды араб графикасына негіздеген.

А. Байтұрсынұлы еңбектерінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесіндегі 9 дауысты дыбысты көрсетеді. Олар: а, ә, е, о, о, ұ, ү, ы, і.

Латын жазуына көшумен А.Байтұрсынұлы көрсеткен дауыстыларымыз жеке-жеке таңбаланды да, өз ішінен жуан — жіңішке, ашық — кысаң, еріндік — езулік түрде жіктелді.

Белгілі лингвист Қ. Жұбанов 1935 жылы «Қосар ма, дара ма?» деген макаласында сөз ішіндегі ұу, үу, ый, ій түрінде келетін дыбыстар тіркесіне айрықша көңіл аударады. Ал автордың «Қазақ тілі грамматикасы» еңбегінде (1936) бұлар косынды дауыстылар қатарына енді. Қ.Жұбановтың аталған еңбегі табиғаты элі толық таныла алмай келе жатқан ұ және й дыбыстарының тілдегі ерекшеліктерін мүмкіндігінше дэл танытуға тырысты жэне өзінен кейінгі көптеген зерттеулерге өзек болды.

1938 жылдың басында Қазакстан Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Советі «Қазак тілінің әліппесі мен емлесіне кейбір өзгерістер енгізу туралы» кабылдаған каулысы бойынша ең алдымен жазудың принципі өзгерді. Бұғанға дейін жазуда басшылыққа алынатын фонетикалык принцип морфологияльщ принципке ауыстырылды. Қазақ алфавитіне жаңадан х, ф, в таңбалары енгізілді. Қаулыға сәйкес қазақ тілінде а, ә, е, о, ұ, ү, ы, і, и, у, ө дауыстылары нақтыланып, саны 11-ге жеткізілді.

1940 жылы орыс жазуына көшуге шешім кабылданып, орыс тілінен енген терминдердің мүмкіндігінше қалпын сақгап жазуға ден койылғандықтан, дауыстылардың саны тағы да ұлғайды. Осыған орай, С.Аманжолов «Жаңа алфавиттің принциптері», «Жаңа алфавитті үйренушілерге көмек» деген макалаларында казак тіліндегі дауыстылар санын 14-ке жеткізді. Қалыптасқан 11 дауыстыға орыс тілінен енген сөздермен бірге келген э, ю, я әріптері косылды [3].

Осы мақаладан кейін жарық көрген тілші М. Балақаевтың «Қазақ тілінің грамматикасында» 13 дауыстылар (а, о, ұ, ү, і, э, (е), у, и, я, ю) көрсетеді [8,14].

1944 жылы Ғ. Бегалиев пен Н. Сауранбаевтың педучилище окушылары мен бастауыш мектептерінің мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілінің грамматикасы» деп аталатын оқу кұралы жарық көрді. Мұнда бұрыннан келе жаткан дауыстыларға э дыбысы косылып, дауыстылардың саны 12 деп көрсетілді. Бұл пікір 1953 жылы жарық көрген «Қазақ тілі» оқу кұралында да қайталанады.

1954 жылы «Қазіргі казақ тілі» деген атпен көлемді еңбек дүниеге келді. Бұл еңбекті қазак тілі жөніндегі ғасырға жуық зерттеулердің қорытындысы деп атасак та болады. Мұның фонетика тарауын академик С. Кеңесбаев жазған. Бұл окулыкта казак тілінде 11 дауыстылар көрсетіледі. Оның тоғызы монофтонг, екеуі (и,у) дифтонг. Бұл пікірмен келісе отырып, белгілі тіл маманы К. Аханов «Тіл біліміне кіріспе» (1973) атты окулығында эрі карай жалғастырады. Тілші қазак тілінде он бір дауысты дыбыс барын куаттайды.

Бүгінгі күнге дейін айтылған пікірлер мен калыптаскан көзкарастарды таразылап, казак тілінің табиғатын жаңа кырынан зерттеу барысында фонетист ғалым Ә. Жүнісбеков «Строй казахского языка. Фонетика» деген еңбегінде казак тілінде 9 төл дауысты бар деп көрсетеді.

Тілші С.Мырзабеков сөздерінің кұрамындағы и, у дыбыстарын тілшілеріміз айтып жүргендей дифтонг та, дифтонгоид та емес, әріп деп карастырып, олардың эркайсысы екі дыбыстың үу, ыу, іу, ый, ій косындысы екенін айтады [22,25].

Бүгінгіге дейінгі қазак тілінің дауысты дыбыстары жөніндегі зерттеулерді жинақтай келе, тіліміздің байырғы сөздерінің күрамында тоғыз (а, ә, о, о, ұ, ү, ы, і) дауысты дыбысы бар екені анық. Тіліміздің дамуына байланысты негізінен орыс тілдерінен енген сөздермен толыққан сөздердің эсерінен тек орыс сөздерінде кездесетін э дыбысымен қосқанда дауысты дыбыстардың санын он екі деп көрсетеміз. Олар:             а, ә, е, и, о, ө, ү, ү, у, ы, і, э.

Қазак тіліндегі дауысты дыбыстар жалаң (монофтонг) және кұранды (дифтонг) болып екіге бөлінеді. Жалаң дауыстыларға мыналар жатады: а, ә, ы, і, ү, ү. Құранды дауыстыларға жататындар: е, и, о, ө, у.

Дауысты дыбыстардың түрлері.

Қазіргі қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар акустикалық және артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай төмендегідей жіктеледі:

Жуан дауыстыларды айтқанда, жіңішкелермен салыстырғанда, тіл сәл артка карай тартылады, ортасы көтеріліңкірейді, жіңішкелерді айтканда тіл сәл ілгері жылжиды. Бұған көз жеткізу үшін дауыстылардың жуан және жіңішке сыңарларын (а//ә, о//ө, ү//ү, ы//і) катар айтып көруге болады. Дауыстылардың тіл катысына карай жіктелуін дұрыс меңгеру тіліміздегі сингармонизмді түсінуге мүмкіндік жасайды. Тіліміздегі сөздердің бірыңғай жуан, не жіңішке буынды болып келуі тілдің қалпымен байланысты.

Еріндік дауыстыларды айтқан кезде ерін дөңгеленіп, сүйірленеді де, езуліктерді айтканда ерін екі жаққа қарай тартылып, езу жиырылады. Еріндік дауыстыларды жақсы білу тіліміздің ерін үндестігін тануға көмектеседі.

Ашық дауыстыларды айтканда үстіңгі жақ қозғалмай, астыңғы жак барынша төмен түседі де, кысаңдарды айтқанда бір — біріне жуықтай түседі. Алайда ауаның еркін шығуына кедергі жасамайды.

Қазақ тіліндегі дыбыстардың жакқа қатысын зерттей келе, С.Мырзабеков былайша жіктейді:

  1. Ашық дауыстылар: а ,ә;
  2. Жартылай ашық: ө, о, е;
  3. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.[22]

Ал о, ө, е дауыстыларын зерттеуші ғалым Ә. Жүнісбеков ашыққа да, қысаңга да қоспай, өз алдына дифтонг дыбыстар деп бөліп қарайды. Тілші еңбегінде и= й+і (ій), о= у+ұ (уұ), ө= у+ү (уү) деп, әнтек айтылатын, й, у дыбыстарының күші 40% болатынын эксперимент жолымен дәлелдейді

2.3. Айтылу кезінде ауаның еркін шықпай, кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.
Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болады.

Дауыссыздардың басты ерекшеліктері:
– дауыссыздардың жасалатын орны – ауыз және көмей қуыстары;
– дауыссыз қатаңдарда мүлде үн болмаса, ұяңдарда – үннің қатысы жартылай болады да, ал үнділерде – бәсең үн болады;
– дауыссыз қатаң және ұяңдардың ішкі сапасы – таза салдырдан тұрады деуге болады ал, үнділерде сөйлеу мүшелерінің (тіл, ерін, жақ) бір-біріне жуықтауы, түрленуі, көлемін өзгертуі көмей арқылы келген ауаға пәлендей кедергі бола алмайды;
– дауыссыз қатаң және ұяңдарды – көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге мүлде болмаса, ал үнділерді керісінше – көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге болады;
– дауыссыздардың үн сапасында – жаңғырық болмайды;
– дауыссыздар сөз ішінде жалқы тұрып буын құрай алмайды.
Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар жүйесін мына дыбыстар құрайды: б, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ш.

Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі
Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар дауыс қатысына және жасалуына қарай өзара бірнеше топтарға бөлініп, жүйеленеді. Олар:
– үн мен салдырдың қатысына қарай: қатаң, ұяң және үнді дауыссыз дыбыстары;
– айтылу жолына қарай: шұғыл, ызың және діріл дауыссыз дыбыстары;
– жасалу орнына қарай: ерін және тіл дауыссыз дыбыстары.

1. Қатаң дауыссыздар
Тек салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз.
Қатаң дауыссыздарға мыналар жатады: к, қ, п, с, т, ш
2. Ұяң дауыссыздар
Үн мен салдырдың қатысы арқылы жасалған дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атаймыз. Ұяң дауыссыздарда үннен гөрі салдыры басым болады.
Ұяң дауыссыздарға мына дыбыстар жатады: б, г, ғ, д, ж, з.
3. Үнді дауыссыздар
Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан гөрі үн басым болатын дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз.
Үнді дауыссыздар жұмсақ таңдайдың қалпына қарай екіге бөлінеді:
– ауыз жолды: й, л, р, у;
– мұрын жолды: м, н, ң.
4. Ерін дауыссыздары
Сөйлеу мүшелері: қос еріннің түрліше қызмет атқаруы нәтижесінде жасалған дауыссыз дыбыстарды ерін дауыссыздары деп атаймыз.
Ерін дауыссыздарына мыналар жатады: б, м, п, у.
5.Тіл дауыссыздары
Сөйлеу мүшесі болып табылатын тілдің түрліше қызметі арқылы пайда болатын дауыссыз дыбыстарды тіл дауыссыздары деп атаймыз.
Тіл дауыссыздары тілдің қатысына қарай үшке бөлінеді:
– тіл алды: д, ж, з, й, л, н, р, с, т, ш;
– тіл ортасы: г, к;
– тіл арты: ғ, қ, ң.
6. Шұғыл дауыссыздар
Фонациялық ауа тербелімінің ауыз қуысында толық тосқауылға ұшырауынан пайда болатын дауыссыз дыбыстарды шұғыл (тоғысыңқы) дауыссыздар деп атаймыз
Шұғыл дауыссыздарға мыналар жатады: б, г, ғ, д, к, қ, м, н, ң, п, т.
7. Ызың дауыссыздар
Фонациялық ауа тербелімінің ауыз қуысында саңылау өткелі арқылы өтуінен пайда болатын дауыссыз дыбыстарды ызың (жуысыңқы) дауыссыздар деп атаймыз
Ызың дауыссыздарға мыналар жатады: ж, з, й, л, с, у, ш.
8. Діріл дауыссыз
Фонациялық ауа тербелімінің ауыз қуысында дыбыстау үзілісі мен тосқауылға ұшырауынан пайда болатын дауыссыз дыбысты діріл дауыссыз деп атаймыз.
Ол р дыбысы болып табылады.

2.3. Қазақ тіліндегі сөздердің айтылуы мен жазылу заңдылықтарының дыбыстық жүйеге негізделетіні тілдегі құбылыстарға ғылыми тұжырымдар жасау әрекеттерін күрделендіре түседі. Зерттеу  жұмыстарының нәтижесінде ұсынған қағидалар уақыт өте келе тілдік қолданыстағы қайшылықтарға себеп болады. Тіл біліміндегі ғасырлар бойы сұрыпталған заңдылықтар кейбір ережелердің шеңберіне сыймай жатады. Бұл – қалыпты құбылыс. Ғылыми зерттеу үдерісі мен оқыту үдерісі үнемі сәйкестік тауып, үйлесімді нәтиже бере бермейді.Әсіресе, ғылыми зерттеу нәтижесінің шынайылығы оқыту үдерісі барысында айқындала түседі. Осы тұрғыдан келгенде, қазақ тіліндегі буын мен оның түрлеріне берілген анықтамалар мен ғылыми тұжырымдар да оқыту үдерісі кезінде көкейкесті мәселелер туындатады. Фонетика саласының аясында ерекшеленетін буын және оның түрлері ережелік деңгейдегі нақты анықтаманы иелене алмай келеді.Оқулықтардағы ережелерден аңғаратынымыз – буынның жазылуда емес, айтылу кезінде ажыратылатындығы. Назар аударайық:

– Сөздегі бір дауыстының я дауысты мен дауыссыздардың дауыс толқынымен бөлшектеніп айтылатын тобын буын деп атайды /1/;

– …сөздегі фонациялық (дыбыс жасайтын) ауаның қарқынымен үзіліп, бөлшектеніп шығатын бір дауысты немесе бірнеше дыбыс тобы буын деп аталады /2/;

– Сөздерді айтудағы дауыс құйылысының бірнеше толқынмен бөлшектеніп үзіліп-үзіліп айтылуындағы ауаның бір толқынын буын дейді /3/. ба-ла-лар, ә-ке, а-та, ат-ты.

Қазақ тілінде үш түрлі буын ьар

Ашық буын дауыссыздан басталып, дауыстығааяқталады, нетек дауысты дыбыстан тұрады а-на, ә-же, қа-ла, да-ла, ба-лат.б.

2.Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып,дауыссыз дыбысқа аяқталады ас-та-на, ек-пін, ек-ше, ар-шы т.б.

3.Бітеу буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады бал-шық, бат-пақ, бөл-шек, таң-дау, сақ-тау, көк-тем, жар-ғақ т.б.

Бұларға қоса, буынды айшықтай түсетін шарттар беріледі:

– Буынды дауысты дыбыстар ғана жасай алады;

– Қанша дауысты болса, сонша буын болады;

– Жалаң ашық буын мен тұйық буындар сөздің ортасында, соңында келмейді;

– Сөздер буын арқылы ғана тасымалданады;

– Сөздер тасымалданғанда келесі буын дауыстыға басталмайды.

Осыншама қағида оқулықтардың бәрінде бірыңғайлық сипат алады. Бұларды білген оқушының буын мен оның түрленуінен қателік жіберуі мүмкін емес секілді көрінеді. Егер қанты сөзі неліктен қа-нтыжойқын сөзі неліктен жо-йқын болып бөлінбейді десеңіз, оған да жауабы дайын. Өйткені, ереже бойынша қатар келген екі дауыссыздың екіншісі келесі буынға көшеді.Бұл- буынның жылысуы.Сонымен қатар, буын қос дауыссызға басталмайды деген ережеміз тағы бар. Бірақ, буын туралы ережелер көбейген сайын, буын ұғымын түсіндіру қиындай түседі. Суық, қуақы, туынды, қиын, киім, қиық сөздерінінің су-ық, қу-а-қы, ту-ын-ды, қи-ын, ки-ім, қи-ық түріндегі буынға бөлу үлгісі беріледі /4/.Бұл үлгі жоғарыда көрсетілген ережелердің бәріне қайшы келеді; келесі буынның дауыстыға басталмайтындығын, жалаң және тұйық буындардың сөз ортасы мен соңында келмейтіндігін, айтылу кезіндегі сөздердің толқынды бөлшегін жоққа шығарады. Бұның бәрі буынға берілген анықтаманың негізінде күмәнді тұстардың бар екендігіне мегзейді. Өйткені, буынға берілген ереже оны оқыту барысында екінші рет еске алынбайды. Буынның түрлерін сұрыптағанда да буынның ережесі естен шығарылып, тек дауысты мен дауыссыз дыбыстардың қатар келуіндегі орын тәртіптері ғана қағидалық мәнді иеленуге сеп болады. Жалаң ашық буын мен тұйық буындардың неліктен сөздің ортасы мен соңында келмейтіндігі туралы ешқандай түсінік берілмейді.Шынында да, неліктен бұлай? Шәкірттер тарапынан осындай сұрақ қойылатын болса, ешбір оқулықтан жауап таба алмайсың. Ал оқытушы  дұрыс жауаптан жалтара алмайды.Дұрыс жауаптан  жалтарса, оқытушы емес.

Яғни, буын сөздердің айтылу барысындағы толқынды бөлшегінен емес, ырғақты бөлшегінен құралатын секілді.Егер сөздің ортасы мен соңында шартты түрде жалаң ашық және тұйық буындарды айтатын болсақ, сол ырғақ бұзылады. Сондықтан, бұл буындарды сөздің ортасы мен соңында келмейді дегеннен гөрі айтылмайды деген жөн сияқты. Буындардың кірігуі немесе буындардың жылысуы дегендердің бәрі – осы айтылу ырғағынан туындаған қағидалар. Ұл ма екен – Ұлмекен, Қара ой – Қарой, Қара ағаш – Қарағаш түрінде біріксе, жалаң ашық буын мен тұйық буынның қағидасына сүйенгендіктен емес, айтылу ырғағы бұзылатындықтан бірікті. Фонетиканың Буын тақырыбын оқыту үдерісінде сол буын сөзінің өзін буынға дұрыс бөліп бере алмаймыз. Мәселенің бәрі дауыссыз бен дауысты дыбыстың арасында келген У және И дыбыстары бар сөздерді буынға бөлгенде күрделене түседі. Осы тұста олардың қосарлы дыбыстан тұратынын ерекшелеуге тура келеді. Әрине, олардың емле ережесі бойынша қалай жазылатындығы дыбыстар жүйесін өткенде баяндалып, түсіндіріледі. Бірақ буынға бөлген тұстағы / айтылуындағы / ерекшелігі үнемі назардан тыс қалады. Буынның фонациялық ауаның қарқынына / айтылу ырғағына / негізделетін ережесін естен шығарамыз. Сөздің құрамында қосымша жалғанғанда өзгеріске ұшырап отыратын буынның түрі – екі дыбыстан тұратын ашық буын мен бітеу буындар. Өзгеріске ұшырағанның өзінде, олар бірінің орнына бірі ауысады.Егер буын сөзін бу – ын үлгісінде бөлшектесек, қосымша жалғанғанда бу – ы – ны немесе бу – ын – ы  қалпына ауысады. Екі нұсқа да ережеге қайшы. Жиын сөзі де жи – ын түрінде алатын болсақ, дәл сондай кереғарлыққа тап болады. Оқулықтарда аталмыш екі дыбыстың (У мен И) әрі жеке, әрі қосарлы болып келетіндігі жайлы көрсетіледі. Бірақ қандай жағдайда ондай ерекшелік иеленетіні нақты айтылмайды.Ал бұл екі дыбыс сөздің басында ғана / у дауысты болғанда / жеке дыбыс ретінде қызмет атқара алады: у-лы, и-не. Басқа тұста, буынға бөлген кезде, дауысты дыбыс қызметінен айырылады. Осының салдарынан өзінен кейінгі дауыстымен бірігіп айтылады: бұ-уын, жы-йын немесе бұ-уы-ны, жы-йы-ны. Егер осы күнге дейін дәстүрге айналған қағидамыздан айнығымыз келмесе, онда «шартты түрде» деген ескертуді қайталап отырудан арылмауымыз керек. Бұл жерде бір буынды сөздердің құрамындағы  У мен И дыбыстарын дауыстыға жатқызып, ашық буын күйінде ұсынылған тұжырымдарды дәлел ретінде келтіруге болатын шығар. Алайда, оларға дауыстыдан басталатын қосымшалар жалғағанда дәстүрлі тұжырымдар күмәнді болып қалады.

Сөздің жолға сыймаған бөлігін келесі жолға көшіру тасымал арқылы буын жігінен жасалады.Мысалы,қа-лам, қа-зір, мек-теп сияқты сөздерді тасмалдау қажет болса, осы көрсетілген буын жігінен бірінші буынды жазып, екінші буынды келесі жолға тасмалдауға болады. Сөзде бірнеше буынболғанда да, сыйған буындар жол соңына жазылып, қалған буындарыкелесі жолға тасмалданады. Мына сөздерді осы көрсетілгендей буын жігінен түрліше тасмалдауға болады ақыл-дастық, ақылдас-тық, ха-барландыру, хабар-ландыру, хабарлан-дыру т.б.

Тасымалдауға болмайтын жағдайлар да бар

Бір дауысты әріпті жол соңында қалдырып, сөздің қалған бөлігін тасымалдауға болмайды. Мысалы: әке, ана, әже, ата, осы, өмір, өнер, әзір сияқты сөздер тасымалданбайды.

Сол сияқты сөздің ең соңғы бір дауысты әріптертұратын буынын тасымалдауға болмайды. Мысалы, армия, Жәния сияқты сөздердегі соңғы я әрпі келесі жолға тасымалданбайды.

Бас әріптен қысқарған сөздер тасымалданбайды: МТС, РТС т.б.

Қысқартылып алынған кісі аттары тасымалданбайды: А.Құнанбаев, М.О.Әуеуов, С.Мұқанов т.б.

Цифрмен алынған сандарды оларға қатысты қысқарған сөзден бөліп тасымалдауға болмайды: 15м, 30см, 60 т.б.

ҚОРЫТЫНДЫ
Мемлекеттік ұлттық тіліміздің баршаға ортақтығы белгілі бір заңдылықтардың, нормалардың болуын талап етеді. Ол нормалардың тіл білімінің барлық салаларында болатыны анық. Тілдің дыбыстық және мағыналық табиғаты мен таңбалануы, сандық ерекшеліктерінің үйлесімді болып келуі. Сауатты жазудың кепілі орфографиялық ережелерді мұқият сақтап отыруда.
Қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты мәселелерді жылдар бойы ғалымдар мен әдебиеттанушылар қауымы зерттеп, халыққа үздіксіз қызмет етуде. Дегенмен де қазіргі қазақ тіл білімінде тілдік құбылыстардың бірқатары терең зерттелінгенімен зерттеуді одан әрі қажет ететін құбылыстар немесе зерттелген құбылыстардың зерттей түсетін тұстары да баршылық.
Қазақ тілі түркі тілдес халықтардың ішіндегі сөздік қоры жағынан өте бай, дамуы жағынан да көш озық тұрған тіл. Кезінде түрколог В.Радлов «Әлем тілдерінің ішінде мен үш тілді ұлы деп білемін. Ол―орыс, француз, қазақ тілдері»―деп баға берсе, тағы бір әйгілі түрколог С.Е.Малов: «Түркі халықтары ішіндегі ең суретшіл образды тіл―қазақ тілі. Қазақтар өзінің шешендігімен де, әсем ауыз әдебиетімен де даңқты»―деген болатын.
Қорыта келгенде , «Қазақ тілі сөздерінде «ң» дыбысының қолданысы атты ғылыми жобада «ң» дыбысының айтылу, жазылу ерекшелігіне байланысты нәтиже жасалды, «ң» дыбысын айтуды үйретудің бірнеше әдіс-тәсілдері, фонетикалық жаттығулар мен балаларға арналған қазақ ертегілерінен мысалдар теріліп көрсетілді. Қазақ тілін ерекшелендіретін, оған ерекше әсер беретін  дыбыстың айтылуы мен жазылуын біз, қазақ жұрты, міндетті түрде білуіміз керек.

You May Also Like

Әлемдегі абакус пен есепшот, ғылыми жоба

«Әлемдегі абакус пен есепшот»   Мазмұны: Кіріспе………………………………………………………………………………………8 I тарау Негізгі бөлім 1.1 …

Кәрібай Мүрсәлімұлының ақындық жолын зерделеу, ғылыми жоба

Тақырыбы:                       …

Күн энергиясы дәстүрлі емес энергия бағыттарының бірі, ғылыми жоба

Тақырыбы:  «Күн энергиясы дәстүрлі емес энергия бағыттарының бірі» Бағыты: Жас ғалым Секциясы:…

Бөлмедегі өсімдік-Қазтамақ, ғылыми жоба

Жобаның тақырыбы: «Бөлмедегі өсімдік-Қазтамақ» Жобаның өзектілігі, қызықтылығы  Менің  осы қазтамақ гүлін таңдаған…