Тақырыбы:                                                  

 

Нағашы атам-Кәрібай Мүрсәлімұлының ақындық жолын зерделеу

                                        МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………….5

І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1. Қазақ әдебиеті.Қазақ әдебиетінің     жіктелуі.……………………………………………………………………………..6

1.2 ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті, тарихи әлеуметтік жағдай……………………………………………………………………………7-10

ІІ. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

2.1.Кәрібай Мүрсәлімұлының өмір жолы     …………………………………………………………………………………….

2.2. Кәрібай Мүрсәлімұлының шығармашылығы …………………………………………………………………………………….

ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………….

Аңдатпа

Зерттеу мақсаты: оқушыларды кітап оқуға қызықтыру, соның ішінде нағашы атасы Кәрібай Мүрсәлімұлының шығармашылығының әсерін түсіну.

Зерттеу болжамы: егер балалар поэзиялық шығармаларды оқыса, кітап көп оқыса қоғамда өз тілінде таза, сауатты сөйлейтін, өз тілін құрметтейтін, оқушылар саны көбейер еді. ХХ ғасыр басындағы қазақтың тарихи-әлеуметтік жағдайы, қазақ әдебиеті өкілдері, соның ішінде нағашы атасы-Кәрібай Мүрсәлімұлының өлең-жырларын оқырманға насихаттау.

Зерттеудің жаңалығы:Нағашы атамның өмір жолынан мәліметтерді жинақтай бастадым. Өлеңдерінің жинақ кітабын алып, тақырыптарға бөліп оқыдым. Мектепте үзілістерді сыныптастарым бұрын босқа жүгіріп жүруші  еді. Енді олар нағашы атамның өлең-жырларын қызыға оқи бастады.

Қазіргі таңда оқушыларға кітап оқу қиын және оқығысы келмейді. Осыған қарамастан айналамдағы достарымның мойынын кітап оқуға, поэзияны сүюге қызықтыра білдім.

Жұмыстың өзектілігі:

Қазіргі кезде жастар мен жасөспірімдер ойын автоматтары, интернет-кафе сияқты зиянды ойындарға әуес болып бара жатыр. Ал кітап оқудың осылардан артықшылығы, айырмашылығы өте көп екенін дәлелдеп, насихаттау. Осы кезде балалар  кітап оқымайды. Поэзияның түрлерін, оларды қызыға оқу ұмытыла бастаған. Сондықтан оқушыларға кітап оқудың пайдасы көп екенін дәлелдегім келеді.Демек,Кәрібай Мүрсәлімұлының өлең-жырларын ата-бабадан мирас болып келе жатқан ұлттық құндылықтардың қатарына кіргізуді, өлеңдерін кейінгі буынға насихаттау болып табылады.

Зерттеу әдістері:

– талдау

– талқылау

– жинақтау

– сараптау

Зерттеу кезеңдері:

I ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті өкілдерінің қатарына кірмеген Кәрібай Мүрсәлімұлының өмір жолын зерделеу.

Мақсаты: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті өкілдерінің қатарына кірмеген Кәрібай Мүрсәлімұлының шығармашылығын жүйелеу

II Кәрібай Мүрсәлімұлының шығармашылығы.

Мақсаты: Кәрібай Мүрсәлімұлының шығармашылығын анықтау.

III Кәрібай Мүрсәлімұлының өлеңдерін талдау.

Мақсаты: жиналған өлеңдерді талқылау, тақырыбын ашу.

Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы:

Кіріспе

Қазіргі ғылым мен білім қарыштап дамыған сәтте, оқушы білімін арттыру үшін мемлекетімізде көптеген іс-шаралар жүзеге асып жатыр. Дәл бүгінгі таңда өзекті мәселенің бірі-оқушыларды кітап оқуға қызықтыру. Бұл өте күрделі мәселенің біріне айналғаны айтпай-ақ ақиқат. Себебі, қазіргі оқушы әлеуметтік желі арқылы өзіне қажетті білімді ала алады, білімін жетілдіре алады,-деген ой қалыптасып бара жатыр. Алайда, оқушы кітапты қолмен ұстап, көзбен көріп отырып, оқығанға жетері жоқ екенін өкінішке орай ұмыта бастағанымыз қынжылтады.

Сол себепті, ХХ ғасыр басында қазақ әдебиеті өкілдері қатарына кірмеген көптеген ақын-жазушылардың қазақ топырағында өмір сүргенін, тіпті кейбірі қазір де өмір сүріп жатқанын ел ішінен кездестіруге болады. Соның бірі де, бірегейі-менің нағашы атам Кәрібай Мүрсәлімұлы.

Мен атамның жырлар жинағын иқолға алғаннан кейін, үлкен ойға қалдым. Артына қаншама жыр қалдырса да, аз ғана ауыл адамдары ғана білетін, атамның асыл мұраларын неге, болашақ ұрпаққа мұра етіп жеткізбеске, неге оқырманға осы жырларын зерттеп, таратпасқа деген сияқты үлкен ойлар жетегінен барып, осы зерттеу жұмысымды қолға алуды жөн көрдім. Зерттеу барысында атамның өлеңдерін сыныптас достарыма, басқа да достарыма насихаттауды жөн көрдім.

І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1. Қазақ әдебиеті. Қазақ әдебиетінің жіктелуі.

Қазақ әдебиеті  — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан-ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады.Халық фольклоры мен поэзиясының негiзi сол тайпалар шығарған ертегi, аңыз, мақал-мәтелдерде жатыр. Батырлардың отаншылдық сезiмi, туған халқының азаттығы жолындағы күрестерiн жырға қосқан батырлық эпостар («Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», т.б.), халық арасына кең тарап, сүйiктi шығармасына айналған, жастардың адал махаббаты, алмағайып тағдыры жырланған лиро-эпикалық дастандар («Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Қыз Жiбек», т.б.) қазiргi қазақ әдебиетінiң өз алдына мол мұрасы болып саналады;

Қазақ әдебиетінің жіктелуі

Егер қазақ әдебиетін тарихи өлшеммен бөлсек, төмендегідей жіктеледі:

  1. Көшпелі тайпалық әдебиет
  2. Ежелгі дәуір әдебиеті
  3. XV—XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті
  4. XIX ғасыр — XX ғасырдың бас кезіндегі әдебиет
  5. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті
  6. Тәуелсіз қазақ әдебиеті

Ал жанрлық жағынан бөлсек:

  1. ауыз әдебиеті
  2. жазба әдебиеті

1.2 ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиет.

Бұл белесті кезең де әдебиеттің өз уақытына сай жедел  дамыған, жаңғыру үрдісі кең, мазмұны  барынша  бай  әдебиет  болуымен ерекшеленеді. Әр жылдарда оның тарихи-теориялық  мәселелері де жан-жақты байсалды зерттеліп  отырды. Академиялық зерттеу еңбектерінің ішінде 1961 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиетінің тарихы» үштомдығының тұтас бір кітабы осы  ХХ ғасыр  әдебиетінің тарихына арналған еді.Осы кезеңнің әдеби талдаулары өткен  ғасырдың өзінде көрінекті әдебиетшілердің  жарыққа шығарған жинақтарында жарияланды. М. Әуезов, С. Мұқанов,Қ. Жұмалиев, С. Қирабаев, З. Қабдолов, Т. Кәкішев, Р. Бердібаев, Р. Нұрғалиев, Ш.Елеукенов, М. Қаратаев, М. Жармұхамбет, т.б. әдебиет зерттеушілердің  еңбектерінде талданды.                    Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жылдарында рухани дүниенің жаңғыруына,әдебиетті жаңа ұлттық таным өресінен тануға ұмтылыс  басымдық пен жүргені  аян. Сол мақсатта көптеген бұрыннан мағлұм шығармалар мен авторлардың  дүниетаным тұжырымдары тарихи шындыққа сәйкес талданды. ХХ ғасыр басындағы  қазақ әдебиеті мен қазақ қоғамының  тарихы арасындағы жанды байланысқа баса назар аударылып, содан туындайтын көркемдік шындық пен тарихи шындықтың  аражігіне жете көңіл бөлінді.

Ұлттық әдебиетті жедел  дамытқан Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Сәбит Дөнентаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәкен Сейфуллин тұлғалары мен  әдебиет- тегі мәртебелі жаңашылдық қызметіне арнайы назар аударылды. Сол арқылы Алаш ұранды кезеңнің көркемдік  шындығы зерделенді. Ұлттық әдебиеттің өрісін кеңейтіп, өресін биіктеткен бұл ұлы жаңашыл дарындардың дәстүр жалғастығы ХХ ғасырда да қанат жайды. Әдебиеттің поэтикасы  байыды, тәжірибесі молықты. Баспасөз бен әдебиеттің  байланысы  артты.     Қоғам мен әдебиет аралығындағы байланыс барынша айқындық сипат  алды. Әдеби байланыс өрістеді. Тұтастай алғанда, ХХ ғасырдың басында әдебиет  жаңа сипаттармен толысып, ұлттық сананың  сара көрінісіне жол ашты. Еліміздің егемендік алуы өз тарихымызды бұрынғыдай көп ұлтты  мемлекеттің  құрамында емес, дербес зерттеп, ұлтымыздың әрқилы тарих асуларында ұтқаны мен ұтылғанын, жеткені мен  жете алмаған тұстарын кең ашып, тәуелсіздік  жолындағы күрес  идеясының заңды жолын  көрсетуді  талап ететіні даусыз. Халықпен, ұлт мәдениетімен бірге қайшылықты жолдан өткен әдебиетіміздің тарихы да осы талғаммен қайта қарауды  қажет етеді.

Ресейдегі XX ғасырдың басындағы революциялық қозғалыс ұлттық шет аймақтардың, соның ішінде Қазақстанның қазақ әдебиеті да жағдайына әсер етті. Саны аз ұлттық зиялылар осы жағдайды пайдаланып, тәуелсіздік пен бостандык үшін, халықты ғасырлар бойындағы ұйқыдан ояту үшін қос езгіден: патша өкіметінің отаршылдық бұғауынан және жергілікті патриархаттық-рулық зорлық-зомбылықтан құтылу үшін күрес бастады. Зиялылар халықты тәуелсіздік жолына шығарды, білімді, ғылымды, өнерді меңгеруге шақырды. Бұл үрдісте қазақ халқының өмірін бейнелеуге және оның мүдделерін қорғауға өз үлесін коскан казақ әдебиетінің рөлі соңғы орында қалған жоқ. Қазақ жазушылары мен ақындарының алдыңғы қатарлы бөлігі Абайдың ағартушылық, демократиялық дәстүрін жалғастырып, оларды отаршылдыкқа қарсы күрес идеясымен байланыстыруға тырысты. Ұлттық қозғалыстың басында тұрған А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың әдеби-шығармашылық, коғамдық-саяси қызметінің революциялық-демократиялық бағытта болғаны айқын. Олар ұлт-азаттық идеясына шығармашылық кызметінде ғана емес, өздерінің қоғамдық-саяси қызметінде де ерекше мән берді. Бұған олардың 1905 жылғы бүкіл халықтық революцияға қатысуы, конституциялық-демократиялық партияның съезінде қазақтардың тәуелсіздігін талап етуі, бұл идеяны «Қазақ» газетінің (1913—1918) беттерінде нысаналы бағытта дамытуы, сондай-ақ патша өкіметі құлағаннан кейін Алаш автономиясын құруға әрекет жасауы айғақ болып табылады.
А.Байтұрсынов (1873-1938) — XX ғасырдың басындағы казақ әдебиетін бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күрес идеясымен байытқан ақын. Оның «Маса» деген поэтикалық жинағы (Орынбор, 1911) халықтың ауыр, құқыксыз жағдайына, оны отаршылдықтан азат етуге, дамудағы мешеулікке, надандыққа арналған, екінші жағынан, туынды білімге, ғылымға, мәдениетке шақыру болып табылады. Ақынның отандастарының бойында жоғары азаматтық сезімді оятуға ұмтылысы зор. А. Байтұрсыновтың «Қырық мысал» деген кітабы (Петербург, 1909) Крылов мысалдарының үлгісімен жазылған туындылар жинағы болып табылады Крылов мысалдарының сюжеттерін негізге алып, Байтұрсынов оларды қазақ өмірінен алынған мысалдармен толыктырып, еркін аудару арқылы түпнұсқа қазақ мысалдарын туғызған.

Ол араб графикасы негізінде әліпби жасады. 1912 жылы басталған бұл жұмыс 1924 жылы «Жаңа емле» ретінде ресми қабылданды. А. Байтұрсынов «Оқу құралы» (1912) және «Тіл кұралы» окулықтарын жазды, олар үш бөлімнен: фонетика, морфология, синтаксис бөлімдерінен тұрады.

А. Байтұрсыновтың оқулықтары қазақтар үшін ғана емес, сонымен қатар бүкіл түркі тілдес дүние үшін де жаңалық болды. Кейініректе ол әдістемелік сипаттағы «Баяншы» (1926), «Тіл жұмсарту» (1928) деген кітаптар шығарды. Әдебиеттану жөніндегі тұңғыш еңбек-«Әдебиет танытқыш» (1926) та Байтұрсыновтың туындысы.
        М.Дулатов (1885-1935) — Ахмет Байтұрсыновтың халық бостандығы жолындағы күрес жылдарында да, әдебиет саласында да онымен қатар жүрген серігі. Оның «Оян, қазақ!» (Уфа, 1909) жинағы-халықтардың проблемалары өткір көтерілетін алғашқы туындылардың бірі.

«Бақытсыз Жамал» — уақыты жағынан бірінші жазылған казақ романы. Онда патриархаттық-рулық ғұрыптар мен соқыр сенімдердің құрбаны болған қыз — Жамалдың ауыр тағдыры суреттеледі. Сонымен бірге романда туып келе жаткан жаңалыктың өшіп бара жаткан ескілікпен тартысы, жас ұрпаққа өз қарастарының ғасырлар бойындағы негіздерді жақтаушылармен қақтығыстары көрсетілген. Роман жастардың бойында еркіндік сүйгіш идеялардың туындау үрдісін ашып көрсетуімен де тартымды. М. Дулатов орыс және шетел классиктерінің (Пушкин, Лермонтов, Шиллер, Токай) бірқатар туындыларын аударды. Дулатовтың қазақ көсемсөзін дамытуға да қосқан үлесі баға жеткісіз.
        С.Торайғыров (1893-1920) — тәуелсіздік ісіне, халыктың прогресс пен мәдениет жолымен дамуына зор үлес коскан ақын. Ол өткір сыни бағыттағы, әділетсіз өмір бет пердесін ашатын, надандық пен қараңғылықты түйрейтін туындылар жазды. Торайғыровтың пікірінше, халық өз тағдырын өзі жасайды, бұл үшін оған ұйқыдан оянып, ілгері жүру және басқа халықтар сияқты даму керек. Отаршылдыққа қарсы күрескен бауырларына ынтымақтастық ниет көрсете отырып, С. Торайғыров «Таныстыру» деген поэмасында (1918) Дулатовты, Байтұрсыновты, Бөкейхановты «күн», «таң», «ай» деп атайды. Сұлтанмахмұт қазақ әдебиетін оның көркемдік-эстетикалық дамуы тұрғысынан байытты. Бұлармен қатар ол қазақ әдебиеті үшін жаңа жанрларды қалыптастыру мен дамыту ісінде біраз іс тындырды. Оның өлеңмен жазылған «Қамар сұлу», «Кім жазықты» романдары, «Адасқан өмір», «Кедей» поэмалары, лирикалық елендері, көсемсездік, сын мақалалары оның көркемдік ізденістерінің сан қырлы және жан-жақты болғанын ашып көрсеттті.

ІІ. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

2.1. Кәрібай Мүрсәлімұлының өмір жолы

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті өкілдерінің қатарына кіре алмаған, дегенмен өзінің шығармашылығымен әдебиетте өзінше өрнек салып кеткен қаншама ақын-жазушыларымыз ел ішінде болған. Солардың бірі де, бірегейі-нағашы атам Кәрібай Мүрсәлімұлы.

Кәрібай Мүрсәлімұлы  1936 жылы қазіргі Астрахан ауданы Қоскөл ауылында дүниеге келген. Атам орта шаруалы отбасынан, әкесі қарапайым шаруа болған. Әкесі бес жасында соғысқа аттанады. Небәрі бес жастағы бала әкесін қатты сағынады. Әрине ол кездегі балалар қайсысы болмасын әкесін сағынған. Себебі, балалықтың бал дәурені әке мейірімінен тыс қалады.Кейін 9 жасында Қансоғарлық соғыс бітеді. 10 жасында атам хат таниды. Мұндай зеректікті көрген әкесі, көп ұзатпай  12 жасында мектепке береді де, әкесіне қолқанат болып, жұмысқа барады. Жастайынан кетпен мен қаламды бірге ұстап, өмірде асыл да бағалы жырларын қалдырған.

Балалық шағы арман болып қала бергенде, есеп шотқа қызыға береді. Кейін есейгенде Алматыдағы Ауыл шаруашылық институтына оқуға түседі. Ауыл шаруашылық институтын ойдағыдай  «жақсы» деген бағамен бітіріп шығады.

1957 жылы менің әжем Кәкешке үйленеді. Атам мен әжем қазіргі Астрахан ауданы Колутон ауылына көшеді. Кейін 1958 жылы тұңғыш ұлы  Далбай туылады. Атам жұмысқа тұрып отбасын асырайды, ол Колутонның есебін басқарады.

Атам өз өмірінде 1000-нан астам кітап оқыған, сол кітаптың біразын оқып болғаннан кейін, атамның шабытты оянады. Атамның алғашқы өлеңдері шығады.

Атамнан он бала дүниеге келеді.Олар:

1958  жылы  Далбай

1963 жылы  Бахыт

1960 жылы Тілектес

1965 жылы Абай

1967 жылы Баян

1969 жылы Асқар

1971 жылы Абзал

1977 жылыСауле

1982 жылы Даурен

Дыбыс деген қызы өмірден ерте қайтқан.

Менің атамның алғашқы өлеңі «Анаға сағыныш» пен «Жаңа жыл» өлеңі болған.

Атам әкім болуға үміткерлердің бірі болады. Әкім болуға да көп жігері кетеді. Қанша болсын ант берді де, сөз берді де, ақыры атам жеңгенін біледі. Әкім болғандықтан атама үй беріледі. Оның орнына балабақша салдыртады.          Зиратты алдырып мектеп салдыртады, ол мектеп күні бүгінге дейін сақталып тұр.

Атам- немере-шөбере сүйіп кеткен бақытты жан. Немерелерінің есімдері: Ғабит,  Бейбіт, Мақпал, Салтанат, Нияз, Айдын, Байдәулет,Данагүль, Дархан, Қанат, Рахат, Ерлан, Дильназ, Үмітжан, Мақсат, Асхат және мен Аружан.

Ал шөберелеріннің есімдері:Нұрғали, Асанәлі, Дәмелі, Інжу, Көркем, Дария.

Менің атам 2007жылдан бері өлең жазбады. Себебі, сол жылы атам көлік апатына түскен еді. Жазған өлеңдерінің кітабы 2008 жылы «Қүлтегін» баспасынан жарыққа шыққан. Атам 2012 жылдың 13:00 уақытында дүниеден озды. Өмірінің соңына дейін еліне адал қызмет еткен атам, ағайын-туыс, дос-жаран, халқының арасында зор беделге ие болған кісі.

2.2. Кәрібай Мүрсәлімұлының шығармашылығы

Атам шығармашылықпен сонау бала кезінен айналысқан болу керек. Жалпы атамның жинағына 197 өлеңі енген.

Алғашқы өлеңдері шағын –шағын бала тілімен жазылған екенін байқауға болады. «Теке» деген өлеңінде:

Есіктен терезеге секірер тек,

Бір емес ол шырақ әлденеше.

Өзі ойнап, өзі жылайды,

Болар көз жасы көл десе,..жас бала туралы сөз етпек болса, «Бақа» өлеңінде:

Бақ, бақ мен бақа,

Ойнамайсың ба, байқап қара.

Шақырмасаңда барамын,

Пимам басы қайқы шана,-деп балалық шақтың қызықты ойындарының бірі сырғанақ тебу кезі жөнінде сөз еткен. Сонымен қатар, «Тарғыл мысық» деген өлеңінде:

Бізде бар тарғыл мысық

Оның көзі қысық.

Түк көрмеген болады,

Ісінің бәрі ұрлық,-деп ұрлықтың зиянды жаман қасиет екенін ұнатпағанын айтады.

Атамның көптеген өлеңдері сол кездегі әлеуметтік-теңсіздікті сөз етсе, бір топ өлеңдері құрдастарына, басқа да лауазымды кісілерге арналған болуы керек. «Қ»-ға деген өлеңінде:

Не қыл дейсің сен маған,

Алғам жоқ малыңды тартып ойлап қара.

Бір емес, екі емес әлденеше

Сыбайсың түп атамнан Жеке дара.

Сен кім, мен кімойлайсың ба?

Арғы атамыз бір екенін болжайсың ба?

Болайын мың риза сендей ағайынға,

Ағасы інісін тіресуге тапқанына.

Уа, сен елестетші өткен күнді,

Төрт аяқтап тезек түбін тепкеніңді.

Аузыңнан көбік шашып, жын шашып,

Лағаттап ұлы атамызға жеткеніңді.

Дейді ұлы атамыз Мұстафаға қонған аруақ,

Сендей жындыны неге таппайды бірақ.

Мүмкін сол адамның желі соққанды шығар

Жүргенің екі бүктеліп сен бір тірі аруақ.

Айырмайсың үлкен-кіші, іні-қарындасты

Бірге туып бірге өскен бауырласты.

Аузыңа  не түссе, құсып-тышып,

Жас адамға өлім тілеп не қара басты,-деп өзінің ағайынына қатты ренжулі екенін сөз еткен. «К»-ге деген өлеңінде ақын құрдасының мерей тойына арнап тілек айтқан.

Құрдасым бүгін елуде,

Той жасады елінде.

Көк ала қошқар сойылып,

Ат шапттыртты Есілге.

Алыс-жақын достарын,

Нағышы-жиен, қарындастарын.

Құда-құдағи, сырласын,

Алдырды жиып хатпене.

Төр басында Қабиден,

Тамада оны білмеген.

Қасында оның жолдасы,

Тиыштық бұрын көрмеген…деп,-досын барша жұртқа таныстырып, тілек білдірген. Жалпы атамның жиырма сегізге жуық арнау өлеңдері бар екен. Олар: «Қ-ға», «Д…ағайға», «Е-ге», «К-ге», «Бекболат-ау, Бекболат», «Қарағым, айналайын, Алма», «Айман», «Ғабитке», «Бейбітке», «Дәуренге», «Анашым», «Жас келін, Салтанатқа», «Мақпал деп қойдық атын», «Қ-ға», «А-ға», «Жан едің асылдан жаратылған», «Д-ға», «Б-ға», «Біреуге», «Атама», «Әкеме», «Немерелеріме», «Әжеме», «Данагүлге», «Анаға сағыныш», «Байдәулетке», «Жеңгей», «Жеңеше», «Жігіттерге», «Бөгенбайдың туғанына 300 жыл», «Мағжанның мүсініне қастандық жасалғанда» т.б.

«Бөгенбайдың туғанына 300 жыл» өлеңінде:

Халқың міне, жерің әне Бөгенбай,

Бас иемін тағдырыңа ойланбай.

Үш жүздің басын қосып, әу десіп,

Жоңғарды жерімнен қудың ойланбай.

Тұлпарыңның ізі жатыр алда ойнақтаған,

Осы жерде талай жауыз өлім тапқан.

Қанша аналар, сәби зар жылады,

Қисықкөз қалмақтан зорлық көрген.

Көз алартып көрген емеспіз басқа елге,

Басқалар неге қызығады біздің жерге.

Қызықса да буынса да өзі білсін,

Бере алмаспыз жерімізді тірімізде,-деп ел-жерімізді жат қолына ешқашан бермейтінімізді айтып өткен.

«Мағжанның мүсініне қастандық жасалғанда» өлеңінде:

Не деген сұмырай тас мүсінге,

Қалай қол жұмсады кешше неме.

Атса да бітпеген өшпенділігі

Жағасына жармасқан тірісінде.

Ол өлмейді, оныкі өлмейді,

Өлмеске қалды сом өлең жыры.

Не бітірмекші қиратып мүсінді,

Ақыным тірі, рухы ел ішінде.

Жетпеді ме көрген оның азабы,

Ел күңіренді болғанда ол қазалы.

Сен қуандың ба, қазағым жылағанда,

Халық жауы ол емес, сен елдің жауы.

Естіген құлақ, көрген көзге ұят,

Бір емес, екі мүсінді қиратқан.

Ол жастарға сенді, жастарға сенсе,

Болашақ мызғымас достыққа сенді.

Тастың да жаны бар,

Бірде қарсылық қылар.

Байқа, сақта басыңды,

Кетпесін тиіп түйірі,-деп тас мүсінді қиратқан қаскөйге өз көңіліндегі назын өлең жолдарымен жеткізген.

Атам «Балалық» деген өлеңінде балалық шақтың қызығы мол кездерін еске алады.

Күні кеше емес пе,

Асыр салып асық ойнаған көшеде,

Жасыл талдан ат мініп,

Күнде қосқам жаратып бәйгеге.

Сол бір қызық есімде

Кетті ұтып, кейде ұтылып асықтан

Кетті талай асығым

Қара ши борбай бала қолында.

Оған мен қамықпан,

Бүгін берсем, ертең алдым басқадан

Алтын жастық балалық

Орын тептің өшпестей өмірден,-деп балалық шағын сағына жырлаған.

Атам ауылына деген сағынышын  мына бір өлеңінде айтып кеткен.

Ауылым алыс емес,

Мына қырдың астында.

Күнде көрсем деймін мен.

Ауылдың жасы қартын да.

Сағындым қарт аналар,

Құрт-ірімшік қайнатқан.

Қолдарынан дәм татқан,

Талай тарам жол тартқан.

Биік ақ сары ажарлы,

Өмірден өткен аяулы.

Сіздерге сәлем бергенде

Көргендеймін анамды.

Ардақты менің анашым,

Құрт-майын дәмдеп сақтаған,

Еш бүкпесі жоқ басқаға,

Жесін деп ортаға тастаған,-деп, анасына деген сағынышының ауылдың  ақ әжелерін көргенде арта түсетінін айтып өткен.

Атам бір өлеңінде өзінің өмір жолы жайлы Мұқағали Мақатаев атамыздың «Отыздан асып барамын» өлеңіне еліктей отырып, сөз еткен.

Елуден асып барамын,

Жасымды неге сұрадың.

Орта жасқа келгенде,

Не бітірдің демексің ғой қарағым.

Жасымда балам жер жырттым,

Егін ордым, болдым дихан.

Пішен ордым, мал бақтым,

Қырманнан астық тартқанмын.

Қырманда астық тазарттық,

Ұйқысыз таңды қарсы алдық.

Шаршауды білмейтінбіз,

Қайтарда қосылып ән салдық.

Қыздарда әнге салатын,

Сылдырап алтын сырғасы.

Жеңге де бізге қосылып,

Мәз болып бір сәт қалатын.

Алтыбақан ортада,

Жастар алған қоршауға.

Екеу-екеу тербеліп,

Ән қалықтаған аспанға.

Жар құштым, сенің анаң,

Сендер үшін жаратылған.

Қадірле, пір тұт, әрқашан,

Ол саған өмір сыйлаған…деп, өзінің өмір жолын жырлаған.

Сонымен қатар, атамның мерекелік іс-шараларға арналған бір топ өлеңдері бар. Олар: «Жаңа жыл», «Сен барасың құдалыққа», «Сыйға тартты қарындас», «Елуден асып барамын», «Айт», «Қойылған ас», «Жаңа жыл», «Әйел-ана», «Қырық жыл», «Ораза, мұсылман шарты», «Жетпіске», «Туған күнге» , «Қонақта», тағы басқа.

Әлеуметтік-теңсіздік, қоғамда болып жатқан келеңсіздікке де атам біпа мойын бұрып, өзінің жырларына арқау еткен. Олар: «Ақша, ақша және де ақша», «Бұртия бер», «Түсіңе қарасам қарындасым», «Көрдім мен», «сары маса», «Бақ іздеп қайтем», тағы басқа.

Көңіл-күйге байланысты өлеңдері де баршылық. Олар: «Балалық», «Не сыйласам қоштасарда», «Маса қызартты», «Бақытым бар бір адам», «Қара қыз», «Не жазсам, не  болған», «Мана шағын шығарма»,«Көңіл шіркін, қартаймайды» т.басқа.

Атамның бір топ өлеңдері әзіл-қалжыңға толы екенін де көрдім. Олар: «Четыре брат», «Жолдасым түс көріпті», «Жастар күлсе күлсін» , тағы басқа.    Сондай-ақ атамның біраз өлеңдерінің әні бар. Олар: «Арыс бойында» өлеңінің сазымен, «Жаралы аққу» , «Сол жақсы, сұлу қыз» , «Құстар қайтып барады» әнінің сазымен, «Қараторғай», «Бұлбұл құс төр ішінде» т.б.

ІІІ. Қорытынды

Қорытындылай келе,  атамның өлеңдерінен келешек ұрпақтың алары мол деп ойлаймын. Әр жолынан көркемдік нақышты, философиялық үлкен ойды байқауға болады. Атамның өлеңдерін достарыма оқуларына ұсынысымды білдіру арқылы оларды поэзиялық шығармаларды оқуға, өздері еліктеп өлеңдер жазуға талпыныстарын оятсам нұр үстіне нұр болар еді деп ойлаймын.

Оқушының ақыл- ойын дамыту үшін балалар арасында түрлі кітап оқуға тартатын іс-шаралар түрлерін көбірек ұйымдастырса, балаларға ата-аналар кітаптар жинауына көмектессе болар еді. Бала кітап оқуы үшін түрлі тақырыпта ертегілер, басқада қызықты кітаптарды таңдауға бағыт беріп, тауып беріп  отырса кітап оқуға деген қызығушылығы арта түсер еді. Сондықтан кітап оқытуды ұйымдастыруға ата-ана мен мұғалімнің де рөлі зор.

You May Also Like

Сиырдың тыныс тіршілігі, ғылыми жоба

Тақырыбы: Сиырдың тыныс тіршілігі Зерттеу жұмысымның мақсаты: Төрт  түліктің бірі сиырға деген сүйіспеншілікті…

Квадраттық функция құрылыста, ғылыми жоба

Зерттеу жұмысы  Бағыты: Жаратылыстану-математика бағыты Секция:  математика Тақырыбы: Квадраттық функция құрылыста Мазмұны:…

Цифpлы caуaттылықтың жacөcпіpімдepдің зaмaн тaлaбынa бeйімдeлуінe әcepі, ғылыми жоба

Ғылыми жоба  Тaқыpыбы: «Цифpлы caуaттылықтың жacөcпіpімдepдің зaмaн тaлaбынa бeйімдeлуінe әcepі» Aңдaтпa  Зepттeу…

Ақша тарихы және оның қазіргі қалпы, ғылыми жоба

Бағыты:  Экономика Жоспары: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 2.1. Ақша тарихы 2.2.…