Шегіртке мен құмырсқа (И. А. Крыловтан) 

Бұл мысалдан түйгенім «Қыстың қамын жазда ойла». Еңбек түбі береке дегендей құмырсқа қысқы азығын жазда ойлап, азық жинап, еңбек етеді.

Ал шегіртке болса,  көңіл көтеріп, би билеп, ән салып, қызықпен секіріп жүреді.  Солай көңіл көтеріп жүргенде жаздың кезінде барлық уақытын зая жібереді.  Жаз бітіп, күз де келеді.  Бұрынғыдай сауық – сайран салып, әндетіп жүретін мезгілдің уақыты емес. Салқын күзден тоңады, қарны ашады. Тамағы да жоқ. Шегіртке өкінеді. Бірақ одан пайда жоқ. Осылай күн өтіп, қыс та келеді. Жағдайы қиындап кетеді. Құмырсқадан көмек сұрайды. Құмырсқа шегірткеге ақылын айтады. Көңіл көтеріп, ән салып жүргенде қыс болатыны, тоңатының, аш болатыныңды білмедің бе? Деп ұрсады.

Сондықтан, алтын уақытымызды бағалап, шегірткенің іс әрекетін қайталамай, өзімізге жақсы түсінік алуымыз қажет. Көңіл көтеремін деп, ән саламын деп уақытты текке жібермей, ертеңгі күніміздің қамын жеп, ебек етуіміз керек.

You May Also Like

Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» өлеңіндегі замана келбетін сипаттап жазыңыз. эссе

Мұрат Мөңкеұлы қазақ халқының суырып салма ақыны, төкпе жырауы болып табылады. Ол…

Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы, эссе

Эссе Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы Әл Фараби саяси пікірлерінің бірін «Қайырымды…

Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз. эссе

«Алаш идеясы» – қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы. Алаш ардақтыларының көтерген ұлттық…

Алтын күз келді эссе

Алтын күз келді. Жапырақтар сарғайып, жерге түсіп жатыр. Жерге сары кілем төсеп қойғандай…