Тәуелсіздік – ел тұғыры!

Тәуелсіздік – халқымыздың

бостандығы мен дербес даму жолындағы

сан ғасырлық күрес тарихының нәижесі

Н.Ә.Назарбаев

     Тәуелсіздік – еліміздің ең басты мерекесі. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген ең басты байлығы – Тәуелсіздік. Тәуелсіз ел болғандығымыздың арқасында Қазақстан деген ел бар екенің және сол елдің қазіргі таңда алар белестері көп екенің барлық әлем мойындау үстінде. Сонымен қатар, дүниенің бір бұрышында қазақ деген халықтың үлкен істер тындыра алатын өресі мықты, өрісі кең халық екенін әлем білді. Тәуелсіздік –  Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн.

16-желтоқсан – еліміздің егемендігін жариялаған күн. Сол күні көгімізде тәуелсізідік туы желбіреді. Содан бері 29 жыл өтті. Осы өшпес жылдар белесінде Қазақстан экономикасы қарыштап дамыды. Саясаттағы сындарлы бағыт өз жемісін беруде. Береке-бірліктің арқасында әлем таныған іргелі мемлкетке айналдық.

Ғасырлар бойы арман еткен егемендікті қазақтың басына қонған бағы, астына орнаған тағы деуге болады. Қазақ елі талай белестерді бағындырды. Желтоқсанда өз өмірлерін қиған жұлдыздай жарқыраған ата-бабаларымыз Қазақ халқына азаттықты сыйлап кетті. Еліміздің болашағы үшін жан аямай, қиындықтарға қарамай, сынақтарға сынбай күресе білді. Осылайша күллі жаһанға қазақтың қайратын, айбынын танытты.

Қазіргі тәуелсіз Қазақстан – ата – бабаның орындалған шұғылалы арманы, сарғайып күткен сағынышы және де қазір олардың асқақ арманы орындалды десек қателеспейміз. Сондықтан да тәуелсіздік бізге қандай жолмен келгенің, сол үшін қандай қиыншылықтардан өткенің қазіргі ұрпақ ешқашан естен шығармауы керек. Тәуелсіздікке ынтымағы жарасқан, ауыз бірлігі берік, ешқашан алған бетінен қайтпайтын, сындарға шыдай білген халық қана қол жеткізе алатынын өткеніміз нақты дәлелдеп берді.

Тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін оның өз заңдары мен талаптары болуы қажет. Осы негізде ата заңымыз қабылданып, ата заңға сүйене отыра қоғамдық келеңсіздіктерді реттейтін, адам құқықтарын қорғайтын заң жобалары қабылданды. Қабылданған заңдарды жүзеге асырушы сот билігі өз біліктіліктерін көрсете білді. Жылдан-жылға дамып, өркендеп келе жатқан біздей жас мемлекеттің алар жетістіктері мен бағындырар белестері өте мол деп нық сеніммен айтуға болады.

Қазірде елімізге тыныштық заман орнап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман келді деп мақтанышпен айта аламыз. Қазақстан күн сайын дамып, өркендеп, көркейіп келе жатыр. Қазақстанның көптеген қалалары күннен күнге көркейіп, түрлі ғимараттар, өнеркәсіп орындары, көз тартарлықтай құрылыстар салынып жатыр және осы елді одан әрі дамытып, барлық мемлекет тамсанып қарайтындай ету біздің яғни, жастардың қолында. Оған негіз –  «арыстандай», «жолбарыстай», «қырандай» күшті ата-бабаларымыздың қаны бар жас ұрпақтың ұтымды ұмтылыстары. Мен қазақ болып туылғаныма, осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма бақыттымын. Өйткені, мен Тәуелсізбін, тәуелсіз елдің патриотымын!

You May Also Like

Мен өз мамандығымды жақсы көремін, эссе

ЭССЕ Тақырыбы: «Мен өз мамандығымды жақсы көремін» Мен өз мамандығымды жақсы көремін.…

Мой любимый предмет, эссе

Эссе Мой любимый предмет Может, удивительно, но это математика. Очень многие не…

Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңіндегі әлеуметтік мәселелерді талдаңыз. эссе

Адам  бойына  біткен  сараңдық, өзгені қойып, дүние-байлығын өзіне қимай құл етеді. Қазақтың…

Ұлы Абайдың «Бірінші қарасөзі» мен «Масғұт» дастанынының арасындағы үндестікті тауып, талдап жазыңыз. эссе

«Абай дана, Абай дара қазақта…» Міне, бұл сөздер бүгінгі жастардың да егде…