«Арайлы, алтын күз»

Адам  табиғатпен өте тығыз байланыста екенін біз білеміз. Адам да жылдың төрт мезгіліне бейімделеді. Яғни ауа-райына байланысты киімдерін ауыстырып тұрады. Қыста қар жауады,айналамыз қарға толы болады. Ал көктемде сол қарлар еріп, жылғалардан су ағады.Жан-жануарлар төлдеп,ағаштар бүршік жара бастайды.Жазда күн шуағы шығып, құстар сайрап,балалар асыр салып ойнап мәре-сәре болады. Маған осы жыл мезгілдерінің ішінде күз уақыты керемет ұнайды.

Себебі, күз мезгілі – өте ерекше мезгіл, жапырақтар сарғайып, жерге кілем салғандай болады.Құстар жылы жаққа ұшып,қамбаларға астық құйылады. Бұл күз уақытында қоңыр салқын суық ауа-райы жаңбырлы болып,  құбылып тұрады. Бау-бақшалардағы жеміс-жидектер жиналады. Аналарымыз қысқыға көкөністер тұздайды,шырындар жабады, тосап дайындайды. Күз бітіп қыс келеді, сосын келесі жылдың жақсылығын күтеміз. Әр мезгілдің адамдарға тартар өз сыйлығы бар…

You May Also Like

М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер – адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз, эссе

«Еңлік-Кебек» драмасында кейіпкерлер бойындағы сөз бен мінез шеберлігі айқын берілген.   Айшықты мінез…

Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңіндегі ақынның сұлулыққа деген көзқарасын талдап жазыңыз. эссе

Қазақ әдебиетінде өзіндің ақындық шеберлігімен әрі дарынды тұлғасымен із өалдырған ақындардың бірі…

Мамандықтың бәрі жақсы – мамандықтың бәрі қажет, эссе

ЭССЕ Мамандықтың бәрі жақсы – мамандықтың бәрі қажет Қоғамдағы еңбек нарығында өмір…

І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жоқтауындағы ақын өміріндегі Құлагердің орнын білдіретін өлең жолдарын талдап жазу, эссе

І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жоқтауындағы ақын өміріндегі Құлагердің орнын білдіретін өлең…