ЭССЕ

Мамандықтың бәрі жақсы – мамандықтың бәрі қажет

Қоғамдағы еңбек нарығында өмір сүріп жатқан адамдар әр түрлі салада, әр түрлі мамандықта қызмет етіп жатыр. Мамандық дегеніміз – әрбір адамның өзі таңдап алған сүйікті ісімен айналысу деген сөз. Бірақ кейбір адамдар мамандық таңдаған кезде өзіне жақын, өзінің жүрегі қалап, бар махаббатымен, бар қалауымен еңбек ететіндей мамандықты таңдай алмайды. Мамандық таңдау – болашақ кәсібіңді, болашақ өміріңді қолға алумен пара-пар. Әрбір Қазақстандық мамандық таңдаған кезде, өз елінің болашағын қолына алу  жауапкершілігін сезінгені жөн. Сондықтан мен болашақта  мемлекетке адал қызметкер, соның ішінде нағыз патриот және жемқорлыққа қарсы күрескер, яғни, антикоррупционер болым келеді.

Антикоррупционер мамандығы тек қана мемлекеттік қызметте отырған адамдарға байланысты емес, ол қай салада болсын қызмет ететін кәсіп иелеріне, мамандық иелеріне байланысты.

Жемқорлыққа қарсы күрескер болудың ең үлкен дәлелі – адамның өз елін сүйетін патриоты болуынан көрініс табады. Жалпы мемлекетке адал қызмет пен патриот болу – ажырамас егіз ұғым.

Жақында теледидардан мемлекеттің қаржысын қымқырып, шетел асып қашып кетті деген мәндегі жаңалықты естіген күннен бастап, өз еліме адал қызметкер болуды өзіме мақсат қылдым. Осы мақсатқа жету жолындағы барлық қиыншылықтардан қиналмай өтуге тырысамын. Енді, адал қызметкер болу – менің болашақ мамандығым және болашаққа қойған үлкен мақсатым.

Адал қызметкер болу – әр азаматтың Отанына деген махаббатынан бастау алады. Ал, Отанға деген махаббат – кіші Отанға деген сүйіспеншіліктен бастау алады. Яғни, өзіңнің кіндік қаның тамып, туып өскен үйіңе, алғаш топырағын басып, суын ішіп, қозы-лақ қуып, балалық шағың өткен ауылыңа, бір нан болса да бөлісіп жеп, құлын-тайдай бірге өскен достарыңа,  оңымыз бен солымызды көрсетіп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген ата-анаңа, алғаш қолыма қалам ұстатып, басымнан сипап, білім нәрін берген мектептегі ұстаздарыңа деген сыйластықтан, шексіз алғыс білдіруден көрініс табады. Менің жүрегіме адалдықтың дәнін егіп, қанымды адалдықтың суымен суарған осылар.

Адал қызметкер болу – өзіңнің жеті атаңды білу. Қазақта «Жеті атасын білмеген – жетесіз»,  «Жеті атасын білмеген – жермен тең» деген сөз орамдары бар. Бұл сөз орамдары тек қана жеті атасын білуді меңзеп  тұрған жоқ, өзінің арғы тарихын, яғни қазақтың ұлан байтақ жерін қасық қаны қалғанша қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ата-бабамыздың ерлігін білу, солардың ерлігін ұрпаққа өлең-жырларына арқау еткен ақын-жазушы, жыршы, жырауларымыздың өлең, дастандарын жаттау,  кешегі репрессияда қаза болған қазақ зиялылары мен желтоқсанда тепкіленіп, шаштан жұлынған аға-әпкелеріміздің аруағын бас ию, кешегі аштықтан бұратылып, осы күнді армандап кеткендердің арманын жалғастыру. Иә, тарих қойнауына бір сәт көз жүгіртсең, бүтін бір қазақ елінің талай-талай белестерден өтіп, сол белестен өту жолында неше түрлі құрбандық бергенін көресің. Өткенге көз жүгірту арқылы – қазіргі бейбіт өміріміздің, тәуелсіздіктің  бал дәмін сезінеміз. Бүгінгі тарих – өткен тарихтың жалғасы. Сондықтан өткен тарихымызды білу – елін, жерін сүйетін, тіпті сүймейтін де әр азаматтың парызы, борышы, міндеті.

Тарихқа көз жүгірте отырып, өз еліне, жеріне адал қызмет еткен ағаларымыздан үлгі аламыз. Кешегі елін сатып, махаббатты бірінші орынға қойып, Қалмақ қызымен қашпақшы болған Нояндай туған інісін өз қолымен өлтірген батыр Баянның іс-әрекеті – еліне адал қызмет ете алмай жүрген кейбір тұлғалар үшін өте үлкен үлгі-өнеге деп ойлаймын.

Мемлекетке адал қызмет ету мамандығын меңгеру – әркімнің өз отбасынан бастау алады. Себебі, ата-ана балаларын адалдан тамақтандырса, адал тамақты жеп өскен ұрпақтан ертең мемлекетке адал қызмет ететін тұлғалар тәрбиеленіп шығады. Бұрынға ата-бабаларымыз ешқашан балаларын рұқсат етілмеген (ұрланған, біреуден зорлықпен тартып алынған, бисмилләһсіз сойылған, белгісіз жақтан келген) тамақпен тамақтандырмаған. Тіпті қасиетті кітап Құран Кәрімнің өзінде Алланың рұқсат еткендерінен жеңдер, тыйым салғандарынан тыйылыңдар делінген. Яғни үнемі адалдан ішіп, адалдан киіну керектігі жайлы айтылған. Оның мәнісі неде? Бойындағы қаны адал адамнан адал қызметкер пайда болады. Егер адамның жүрегінде арамдық болмаса, ол қазіргі адамдар жасап жатқан қиянатшылдық, жемқорлық, өсімқорлық, сыбайластық сяиқты әрекеттерден аулақ болады.

Осы орайда пайғамбарымыздың (с.а.с): «Адамның денесінде бір кесек ет бар. Сол ет таза болса, барлық дене таза болады, сол ет ластанса, барлық дене ластанады. Ол – жүрек» деген сөздері есіме келіп отыр. Яғни, адамның адал болуы, адал қызмет етуі осы жүректен бастау алады деп ойлаймын. Сондықтан еліне адал қызмет ететін ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, ең алдымен, олардың жеген тамағы мен сол тамақтың әсерінен жүрекке тигізген пайдасына назар аударумыз қажет сияқты.

Патриоттық сезімге толы, халқына адал қызмет етуші адам ретінде  бүгінгі бізге үлгі болушы – елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Елбасымыз халқы үшін ерінбей еңбек етіп, елімізді дамыған елу елдің қатарына қосу үшін түрлі сртатегияларды ойлап тауып, қарзіргі жайнаған жас қала Астанамызды бүкіл әлемге танытты. Тәуелсіздік пен Елбасы – қазақ елінің маңдайына біткен бақыты.

Ойымды қорытындылайтын болсам, адал мамандық иесі болу үшін соғысқа барып ерлік жасаудың қажеті жоқ. Бауыржан Момышұлы ағамызша айтсам: «Барлық халық пен ұлт – барлық ұлы мен тамаша нәрселерді жасауға қабілетті, әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуі тиіс». Яғни, еліміздегі ұлтаралық достастық пен бейбітшілік пен келісімнің көрінісі – өз еліңді, жеріңді, сол елде өмір сүріп жатқан адамдар мен жан-жануарларды сүю. Ары қарай тарихымызды түгендеп,  елбасымыздың ерен саясатына үнемі қолдау көрсету. Айналамыздағы барлық Аллаһ жаратқан жаратылысты жақсы көрсек, Аллаһтың назары да біздің елімізге түсері анық. Бір-бірімізді жай ғана жақсы көрсек, барлық жақсы істің бастауы содан басталмақ. Сондықтан жай ғана бір-бірімізді жақсы көрейік,  әрбір қазақстандықтың тағдыры – біздің тағдырымызбен байланысты деп қарайық. Тағдыр жолымызды бір арнаға түйістіріп, барлық қиыншылық пен кедергілерді бірге өтіп, барлық мамандық иелерін халқымызға адал қызмет етуге  шақырамын. Яғни, адамдардың бір-біріне деген жақсы көру сезімін білдіру, солар үшін адал қызмет етудің өзі – үлкен мамандық иесі болуды талап етеді деген сөз.

You May Also Like

Т. Ахтановтың романға “Шырағың сөнбесін” атауын беру себебін оқиға желісіндегі дәйектер арқылы дәлелдеп жазыңыз. эссе

Тахауи Ахтанов қазақ прозасындағы шоқтығы биік тұлғаламыздың бірегейі. Өмірбаяны  туралы қысқаша сыр…

Тәуелсіздік бәрінен де қымбат қасиетті ұғым, эссе

«Тәуелсіздік бәрінен де қымбат қасиетті ұғым» «Барлық игіліктерден ең ұлы – тәуелсіздік»…

Мерейлі отбасы, эссе

Мерейлі отбасы     Отбасы-адамның жақсылық жасауға үйрететін ең бірінші әлеуметтік ортасы. В.А.Сухомлинский Отбасы-…

Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазыңыз, эссе

Ақан сері құлагер сипаты Ақан серінің «Құлагер» өлеңі туралы Қазақ халқы әнші…