1. Аграрлық сектор статистикасы

2017 жылы Аграрлық сектор бойынша статистикалық деректерді қалыптастыру кезінде статистикалық жұмыстар Жоспарын (1-бөлім. Статистикалық байқау, 1.Жалпы мемлекеттік статистикалық байқау, «Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы статистикасы»; 2-бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен қалыптастырылған Ресми статистикалық ақпарат, «Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы статистикасы»), бекітілген нысандарды және оған нұсқаулықтарды, қолданыстағы әдістемеліктерді, сондай-ақ  осы ұсынымды   басшылыққа алған жөн.

2017 жылға арналған статистикалық жұмыстар Жоспарына сәйкес аграрлық сектор статистикасы бойынша келесі нысандар бойынша 16 жалпы мемлекеттік статистикалық байқау жүргізу қарастырылған: 

– жылдық мерзімде:

24-сх «Мал шаруашылығының жағдайы туралы есеп»;

29-сх «Ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін жинау туралы»;

1-сх «Ауыл шаруашылығы құралымының қызметі туралы есеп»;

2-аңшылық «Аңшылық пен аулау туралы»;

1-балық «Балық аулау және акваөсіру туралы»;

1-орман «Сүрек дайындау және орман өсіру мен  орман шаруашылығы жұмыстарын жүргізу туралы есеп»;

4-сх «Себілген егістіктің қорытындысы туралы есеп»;

49-сх «Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында құрылыстар мен имараттардың болуы»;

А-005 «Шағын шаруа немесе фермер қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтарындағы ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін жинау туралы»;

А-1 (түсімділік) «Дәнді дақылдың түсімділігін зерттеу сауалнамасы».

– тоқсандық мерзімде:

3-сх (майлы) «Майлы дақылдар тұқымдарының қолда бары және қозғалысы туралы»;

А-008 «Шағын шаруа немесе фермер қожалықтарында және жұртшылық шаруашылықтарында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру»;

1-СЗЦ «Сервистік-дайындау орталықтарының қызметі туралы»;

1-СПК «Ауыл шаруашылығы кооперативінің қызметі туралы».

 – айлық мерзімде:

24-сх «Мал шаруашылығының жағдайы туралы есеп»;

2-сх (астық) «Астықтың қолда бары және қозғалысы туралы».

2017 жылы статистикалық құралдарды жетілдіру мақсатында  салалық статистикалық нысандар қайта қарастырылды:

– «Сүрек дайындау және орман өсіру мен орман шаруашылығы жұмыстарын жүргізу туралы есеп» 1-орман нысанында респонденттерге жүктемені азайту мақсатында орман тұқымдарын дайындау құны және өткен жылғы орташа жылдық бағамен орман өсіру саласындағы көрсетілген қызметтердің құны көрсеткіштері алып тасталынды, сонымен қатар жабайы өсетін орман шаруашылығының ағаштық емес өнімдерін дайындау көрсеткіші бойынша өлшем бірлігі қосылды;

– «Астықтың қолда бары және қозғалысы туралы» 2-сх нысанының нұсқаулығындағы «Астық қолхаты» «Астық туралы» Қазақстан Республикасы заңына сәйкестендірілді;

– «Шағын шаруа немесе фермер қожалықтарында және жұртшылық шаруашылықтарында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру» А-008 нысанында респондентерге жүктемені азайту үшін кезең соңындағы мал мен құстың саны көрсеткіші, сонымен қатар ауыл шаруашылығы малдарының кейбір түрлерінің орташа саны көрсеткіші; мақсатқа сай еместігіне байланысты фермада өсірілетін өзге де үй құстары сонымен бірге өзге де құс жұмыртқасын өндіру алынып тасталды; мал шаруашылығы бойынша статистикалық деректерді аса сапалы қалыптастырудың маңыздылығына байланысты нысанға үй қояндары мен қояндардың терісін өндіру көрсеткіші сонымен қоса шаруашылықтарда өсірілген бұғылар санын сипаттайтын көрсеткіштер.

– «Шағын шаруа немесе фермер қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтарындағы ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін жинау туралы» А-005 нысанына жылыжайларда өнімдер өндіру бойынша деректердің бастыдан жиынтыққа сапалы таратылу үшін көкөністер мен гүлдерді өсіру үшін жылыжайдың жалпы алаңы көрсеткіші қосылды.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсынысы бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерінің дамуын бақылау үшін 2017 жылдан бастап тоқсандық жаңа статистикалық байқау «Ауыл шаруашылығы кооперативінің қызметі туралы» 1-СПК нысаны енгізілді. Барынша респонденттерді толық қамтуды және зерттеу нәтижеселері сапасын қамтамасыз ету қажет. Нысан бойынша көрсеткіштерді көрсету әдіснамасы бойынша сұрақтар туындаған кезде, уақытында түсініктеме алу үнін Комитетке хабарласу керек.

2017 жылы аграрлық сектор статистикасы бойынша статистикалық деректерді қалыптастырған кезде Комитет сайытында жарияланған Комитет төрағасының 2014 жылғы 5 желтоқсандағы  № 69 бұйрығымен бекітілген Комитет төрағасының 2015 жылғы 22 қазандағы  №165 және 2016 жылғы 29 маусымдағы №127 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен «Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) статистикалық жіктеуішін» қолдану қажет. 

Аграрлық сектор статистикасы бойынша көрсеткіштерді қалыптастыру жөніндегі ұсынымдар

Өсімдік шаруашылығы

2017 жылы өсімдік шаруашылығы бойынша негізгі ай сайынғы есеп 2-сх  нысаны болып қалады. Аумақтық органдар астықтың қолда бары және қозғалысы бойынша деректердің сапасын қамтамасыз ету үшін:

  • статистикалық нысанды толтыру бойынша түсіндірме жұмыстарын үнемі өткізу қажет;
  • деректер қорын Комитетке жіберер алдында облыс ішіндегі астық қозғалысы бойынша айырмашылықты мұқият пысықтап алу;
  • облыстағы шартты мал басынан шығатын және жемге шығару нормасын астықты халыққа сату бойынша деректеріді бақылауды күшейту ;
  • астық иесіне сақтауға берген, астық иесінен сақтауға алынған, астық иесіне және қайта сақтауға қайтарылған астық көлемін көрсететін деректердің баптарын бақылауды күшейту;
  • астықтың статистикалық есебінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында статистикалық байқау деректерін, астық нарығының қатысушысындағы дақылдың нақты қолда бары және сапасын тексеру бойынша қызметтерін  олармен іске асыру барысында қалыптасатын жергілікті атқарушы органдардың деректерімен  салыстыра тексеру бойынша жұмысты жалғастыру қажет,  айырмашылықтар анықталған жағдайда, алғашқы ақпараттың құпиялылығын көздейтін қолданыстағы заңнама шеңберінде жергілікті атқарушы органдарымен бірге олардың себептерін анықтап, жою қажет;
  • респонденттер есепте астықтың бақыланбайтын маңызды шығыс көлемін көрсеткен фактісі табылған жағдайда, әсіресе 4 тоқсанда түсімді жинағаннан кейін, жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп анықтап және себептерін жою қажет;
  • респонденттердің толық қамтылуын қамтамасыз ету үшін ай сайын астықты қайта өңдеу бойынша өнеркәсіп статистикасы деректерімен салыстыру қажет;
  • өзара сауда статистикасы деректерін, сондай-ақ астық экспортын толық қамтылуын қамтамасыз ету үшін әкімшілік дерек көзін пайдалану.

«Ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін жинау туралы» 29-сх нысаны бойынша (бұдан әрі – 29-сх) нысаны бойынша астықты жалпы жинау бойынша жылдық деректерді әзірлеу кезінде А-1 (түсімділік) «Дәнді дақылдың түсімділігін зерттеу сауалнамасы» (бұдан әрі – А-1 (түсімділік))  байқау нәтижесінде алынған деректерге  және 2-сх ерекше назар аудару керек. Әр аудан бойынша есептік деректерді серпінділікте мұқият талдау қажет, сондай-ақ түімділігін зерттеу деректеріне сәйкестігіне, рефакция коэффицентінің өзгеруіне талдау жүргізу қажет. Барлық сәйкессіздіктерді алғашқы деректерді «АЕО» РМҚ-ға жебермей тұрып жою қажет. Астық бойынша деректердің сапасын және дәйектілігін қамтамасыз етілуіне облыстық статистика департаменттерінің дербес орындаушылары және басшылары жауапты екендігін естеріңізге саламыз.

А-1 (түсімділік) нысанын зерттеу жүргізу кезінде Комитет Төрағасының 2015 жылғы 8 шілдедегі №108 бұйрығымен бекітілген «Дәнді дақылдар түсімділігін зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу бойынша әдістемесін» басшылыққа алу қажет. Осы әдістемелік құжатты 2017 жылы жетілдіру жоспарлануда екендігін назарға аударамыз, осыған байланысты әдістемеге және А-1 (түсімділік) нысан бланктарына өзгерістер енгізу бойынша  ұсыныстарды 2017 жылдың ақпан айының аяғына дейін аумақтық органдардан Комитет қабылдайды.

А-1 (түсімділік) нысаны бойынша зерттеу жүргізу үшін Комитет интервьюерлерді тартуға аумақтық органдарды қаржыландыруды қарастырды. Аумақтық органдар:

  • бекітілгеген әдіснамаға сәйкес дәнді дақылдардың түсімділігіне арнайы байқау жүргізу сапасын қамтамасыз ету;
  • түсімділікке арнайы зерттеу жүргізу бойынша интервьюерлерге дайындықты және бақылауды күшейту, интервьюерлер жүргізген байқауды мұқият тексеру және күман туғызу фактілерін болдырмау қажет.

А-1 (түсімділік) нысаны бойынша іріктемелі зерттеу жүргізу үшін бас жиынтықты құруға 2017 жыл бидай және күріш еккен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тізімін әзірлеу қажеттігі туралы естеріңізге саламыз.

2017 жылы дәнді дақылдар еккен ауыл шаруашылығы өкілдіктерінің тізімін дайындау кезінде жандандырылған ақпаратты алу үшін әкімшілік деректерді жергілікті атқаршы органдардан қолдануды ұсынамыз, сонымен қатар  егіс компаниясы кезінде 2-сх нысаны бойынша деректерді жинау кезеңінде респонденттерден тізімді қалыптастыру үшін қажет ақпаратты анықтау керек.

Бас жиынтық үшін тізімдерді ұсыну мерзімдері туралы Комитетке қосымша хабарланатын болады. Зерттеу үшін қалыптастырылған іріктемелер  сіздің мекенжайыңызға шілденің басында (оңтүстік аймақтарға) және тамыздың басында (қалған аймақтарға) жолданатын болады.

Түсімділікке зерттеу жүргізу кезінде аудандар кесіндісінде, түсімділік пен  шығын бойынша жеке-жеке есеп беру кезінде алынған сынамалар есебін көрсете отырып, жұмыс барысы туралы ақпаратты әрбір он күн сайын Комитетке тапсыру қажет. Түсімділікке арнайы байқау жүргізуді сапалы және дәйекті деректердің қамтамасыз етілуіне облыстық статистика департаменттерінің дербес орындаушылары және басшылары жауапты екендігін естеріңізге саламыз.

Міндеттер қоюға сәйкес 29-сх нысаны бойынша бағдарламалық кешенге шаруашылықтардың барлық санаттары бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын жалпы жинау туралы жиынтық деректерді қалыптастыру үшін А-005 «Шағын шаруа немесе фермер қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтарындағы ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін жинау туралы»  нысаны (бұдан әрі – А-005 бойынша нысаны) бойынша зерттеу деректері негізінде қалыптасатын басқа шаруа немесе фермер қожалықтарының және жұртшылық шаруашылықтарының ақпаратын қосу қажет. Комитет осы сауалнама бойынша зерттеу жүргізу үшін іріктемені қалыптастырып, 2017 жылғы тамыздың соңына дейін сіздердің мекенжайларыңызға жіберетін болады. Бұл ретте, шаруа немесе фермер қожалықтары және жұртшылық шаруашылықтарының санаттары бойынша жеке ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптары бойынша таралған деректерді есепті жылдағы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптары туралы жалпы жинау бойынша таралған деректер А-005 нысаны зерттеу деректері бойынша қалыптасқан осы дақылдардың егістік алқаптары мен орташа түсімділігі туралы деректер бойынша бақылау қажет, қажет болған жағдайда Комитетпен келісіп зерттеудің таралған деректерін жекелеген ауылшаруашылығы дақылдары бойынша түзету қажет екенін еске саламыз.

А-005 нысанын зерттеу жүргізу кезінде Комитет Төрағасының 2016 жылғы 8 шілдедегі № 298 бұйрығымен бекітілген «Өсімдік және мал шаруашылығында іріктемелі зерттеу өткізу әдістемесін» басшылыққа алу қажет. Бағбандық кооперативтерінде өсімдік шаруашылығы бойынша (жоғарыда көрсетілген әдістеменің 5-тарауы) жылдық статистикалық ақпаратты қалыптастыру әдістерінің өзгергеніне назар аудару қажет.

4-сх «Себілген егіннің қорытындысы туралы» нысаны бойынша статистикалық байқауға барлық ауыл шаруашылық кәсіпорындары қамтылуы тиіс. Шаруашылықтардың барлық санаттарында ауыл шаруашылығы дақылдарының егісі бойынша толық көріністі қалыптастыру үшін міндеттердің қойылуына сәйкес әр шаруашылық бойынша есепке алу және шаруа немесе фермер қожалықтарын есепке алу жөніндегі 2017 жылғы 1 шілдеде жандандырылған шаруа немесе фермер қожалықтарындағы және жұртшылық шаруашылықтарындағы егіс алқаптары бойынша Ауылшаруашылық статистикалық тіркелімі деректерін қосу қажет. Қала аумағындағы шаруа немесе фермер қожалықтары және жұртшылық шаруашылықтарының егістік алқаптары бойынша деректерді алдын ала қалыптастыру кезінде, Комитет Төрағасының 2016 жылғы 2 желтоқсанындағы   №298 бұйрығымен бекітілген «Өсімдік және мал шаруашылығында іріктемелі зерттеу өткізу әдістемесінің» 6-тарауындағы ережені басшылыққа алу қажет. 

Мал шаруашылығы

2017 жылы негізгі ай сайынғы  мал шарауашылығы бойынша есеп 24-сх (айлық) «Мал шаруашылығының жағдайы туралы есеп» (бұдан әрі – 24-сх (айлық) нысаны бойынша есеп қалатынын,  барлық ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын және шаруа немесе фермер қожалығын қамтитын, мал шаруашылығының орта және ірі тауар өндірісінің өнімі жатады. Мал шаруашылығы өнімінің орташа және ірі тауар өндірісіне жататын ауыл шаруашылығы құрылымдарының тізімін жергілікті атқарушы органдарынан сұрап (ҚР АШМ 14.12.2010ж. №08-1-12/10311-И хатына сәйкес беріледі) және 2017 жылдың қарашасында Комитетке тапсыру қажет. Жыл бойы  осы тізім ауыстырылмауы керек.

Шағын шаруа немесе фермер қожалықтары және жұртшылық  шаруашылығы бойынша көрсеткіштерді есептеп қалыптастыру қажет. Жиынтық есепте қайталануды болдырмау мақсатында шағын шаруа немесе фермер қожалықтары бойынша әр аудан үшін есеп беруі қажет, егер аталған орта және ірі тауар ауыл шараушылық өндірушілер қатарынан респонденттер санатынан есеп бергендердің деректерін есепке алусыз есептелуі тиіс.

Комитеттің сайтында жарияланған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 224 бұйрығымен бекітілген «Мал шаруашылығы бойынша статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру әдістемесіне» сәйкес, есептеуді қатаң түрде жүргізу қажет. Әдістемеге сәйкес ай сайынғы есепті  жүзеге асыруда, қолдағы сенімді әкімшілік дереккөздермен есепті түзетуге болатындығын белгілейміз. Бұл ретте, жыл бойы мал дәрігерлік қызметпен расталмаған әкімдіктің деректерімен мал басының өндірісінің өсімі есебінен жөнсіз өсуін жіберуге болмайды.

Әр шаруашылық бойынша есеп кітабын және кент, ауыл (селолардың), ауылдық (селолық) аймақтар әкімдерінің шаруа және фермер қожалықтарының есеп кітабын жүргізу  сапасының сақталуына үнемі тиісті бақылау жүргізу қажеттігін ескертеміз. Егерде әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабына немесе шаруа және фермер қожалықтарының есепке алу кітаптарына  түзетулер енгізілген жағдайда, ондағы табылған сапасыз жазбалар айқындалған дәлелдерден кейін, бұл өзгертулер мал шаруашылығының жұртшылық шаруашылығы мен шаруа немесе фермер қожалығының ай сайынғы негізгі көрсеткіштер есебінде ескерілуі тиіс.

А-008 нысаны бойынша бақылау жүргізу іріктемесін Комитет қалыптастыратын болады және 2017 жылы  наурыз айының басында  сіздің мекен жайыңызға жіберіледі. Осы зерттеу кезеңділігінің өзгеруіне және нысанға жаңа көрсеткіштердің қосылуына байланысты интервьюерлердің осы зерттеуге уақтылы және сапалы дайындығын қамтамасыз етіп, байқау жүргізу кезінде олардың жұмыстарына бақылауды күшейту қажет. Осы статистикалық байқауды жүргізген кезде Комитет Төрағасының  2016 жылғы 2 желтоқсандағы №298 бұйрығымен бекітілген «Өсімдік және мал шаруашылығында іріктемелі зерттеу өткізу әдістемесін» басшылыққа алу қажет.

2016 жылғы 24 –сх «Мал шаруашылығының жағдайы туралы есеп» (бұдан әрі -24-сх (жылдық)) нысаны бойынша жылдық  есеп, мал шаруашылығының орта және ірі тауар  өндірісінің өніміне қатысты, 2016 жыл бойы  24-сх (айлық) есебі бойынша есеп берген заңды тұлғалармен қатар, шаруа немесе фермер қожалығыда ұсынуы қажет. Аудандар бойынша жиынтық есептер қалған шаруа немесе фермер қожалықтары бойынша бастапқы есеп ұсынған, аталған санатта ірі және орта ауылшаруашылығы өндірушілерінің есебінсіз болуы қажет.

2017 жылы қаңтар-желтоқсанға мал шаруашылығының негізгі көрсеткіштері бойынша жедел деректерді  қалыптастыру және жариялау кезінде 2016 жылдың соңғы деректермен салыстыру қажеттілігіне назар аударамыз. 

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымын есептеу

2017 жылға арналған  статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес «Қазақстан Республикасында ауылшаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы» жедел-ақпаратын  ай сайынғы жариялау көзделген. Облыстық деңгейде  жалпы шығарылым көрсеткішін қалыптастыру ай сайын жүзеге асырылуы тиіс. Есептеу үшін Комитеттің сайтында жарияланған Комитет төрағасының 2015 жылғы 9 қарашадағы №175 бұйрығымен бекітілген «Ауыл, орман және балық шаруашылықтары өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымын есептеу әдістемесін» пайдалану қажет.

Осы көрсеткіштер бойынша аумақтық органдардың барлық есептері негізделген және Комитетпен алдын ала келісілуі қажет. Аталған талаптар ай сайынғы есеп, сонымен қатар алдын-ала және болжамалы есептерге қатысты  аумақтағы органдар жергілікті атқарушы органдардың  сұранстары бойынша жасайды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) көрсеткішінің қалыптастырған кезде аудандар бөлінісінде  келесіні ескеру қажет.

Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімінің бакыланып отыратын түрлері (ет, сиыр сүті, тауық жұмыртқасы, бидай, картоп және т.б.) бойынша құндық көлемі әрбір аудан үшін әдістемеге сәйкес, өндірістің құндық көріністе және облыс бойынша, егер ол болмаған жағдайда орташа республикалық әрбір өнім түрлерінің орташа бағасы деректеріне негізделген.

Комитетпен келісілген әдістемеге сәйкес басқа өнімдердің құндық көлемі және қызметі  тұтас аумаққа есептелінеді, содан кейін басқа өнімдер көлемі және қызметін тиісті өткен жылға облыстық көлемде әр аудан бойынша үлес салмағы бойынша есептелінеді. 2016 жылдың жылдық деректерін алу үшін  2015 жылдың деректері пайдалануы тиіс. Аңшылық, орман және балық шаруашылығының өнім (қызмет) көлемі  есесптері ұқсас жүргізіледі.

Жалпы шығарылымның көрсеткіштері мен нақты көлем индексі есепті жылдың жедел деректеріне сәйкес, ай сайын қалыптастырылады,  сонымен бірге, жылдық есептеу нақты жылдық деректеріне сәйкес, келесі есепті жылдың мамыр айында  жүзеге  асырылатындығына назар аударамыз. Қорытындысында жедел (қаңтар-желтоқсан) мен нақты жылдық деректердің арасындағы айырмашылық қалыптасады. Айлық деректердің серпінділік кестелерін қалыптастыру үшін мұрағаттық қордағы өткен жылдың жедел деректерімен алынған жылдық деректерді есепке ала отырып, қайта есептеу қажет. Қайта есептеу алгоритмі «Ауыл, орман және балық шаруашылықтары өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымын есептеу әдістемесінің» 5 бөлімінде нақтырақ жазылған.

Жоғарыда көрсетілген әдістеме бойынша жалпы шығарылым және нақты индекс көлемінің ақпаратын салыстыру мақсатында 2017 жылғы 1 тоқсанында 2010-2014 жылдардағы серпінділік қатарларды қайта есептеу бойынша жұмыс өткізілетін болады. Республика және облыстар бөлінісі бойынша көрсеткіштер қайта есептелетін болады. Аудандар бөлінісінде көрсеткіштерді ары-қарай есептеу үшін қорытынды аумақтық органдарға жеткізілетін болады. Аудандар бөлінісіндегі серпінділік қатарларды қайта есептеу бойынша жұмысты аумақтық органдарға 2017 жылдың 2 тоқсанының аяғына дейін бітіру қажет.

You May Also Like

Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті басқаруды ұйымдастыру 

2. Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті басқаруды ұйымдастыру  2.1. Мемлекет деңгейінде сыртқы экономикалық…

Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оны жетілдіру жолдары, курстық жұмыс

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС  Тақырыбы: «Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оны жетілдіру жолдары»  (Туризм экономикасы…

Көлік тасымалдары және оның тиімділігі

Су көлігі       Су көлігі – энергияны пайдалануы жағынан көліктің ең арзан түрі.…

Әбдіжәміл Нұрпeйіcoв, сценарий

Әбдіжәміл Нұрпeйіcoв ДИКТOР 1: Туғaн жeрің –туғaн aнaңдaй ыcтық. Тacы мeн тoпырaғынa…