КУРСТЫҚ ЖҰМЫС 

Тақырыбы: «Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оны жетілдіру жолдары» 

(Туризм экономикасы пәні бойынша)

МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………..

 

1. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оны жетілдіру жолдары  

 

1.1 Өндірістік үрдіс – кәсіпорынды ұйымдастырудың негізі…………..
1.2 Кәсіпорынның жалпы және өндірістік құрылымы, түрлері……….
1.3 Өндірісті ұйымдастыру түрлері мен нысандары……………………….
1.4 Өндірістік үрдістерді ұйымдастырудың негізгі принциптері…….
2. Туристік кәсіпорынның өндірістік құрылымы
2.1 Туристік кәсіпорынның өндірістік үрдістері…………………………….
2.2 Туристік кәсіпорындардағы негізгі өндірістік үрдістерге сипаттама туристік өнімдер, туристік фирмалар, туристік маркетинг……………………………………………………………………………………..  

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………

 

 

 

КІРІСПЕ

Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі жол көлігінің, халыққа сауда, мәдени, дәрігерлік қызмет көрсетудің дамуымен тығыз байланысты. Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз боп қаланды. Туризмнін тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлык саласына және қоғамның әл ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып, Үкімет туризмді Қазақстан экономикасының маңызды секторы деп анықтады.

Туризм жоғары табысты және қарқынды түрде дамып келе жатқан сала болып табылады. Әлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша дүние-жүзілік өндірістік – сервистік нарық айналымының 10%, әлемдік жиынтық ұлттық табыстың 6%, дүниежүзілік инвестицияның 7%, әрбір 16 жұмыс орнын, дүниежүзі бойынша тұтынушылар шығындарының 11% және барлық салық түсімдерінің 5% туризм саласы қамтиды. Бұл мәліметтер туризм индустриясының жоғарғы экономикалық тиімділігінің айғағы болып табылады және таза экономикалық тиімділікке енетін туризмді дамыту арқылы қол жеткізуге болады.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Туризмнің дамуында туристік кәсіпорындардың құрылымына ерекше мән беру керек. Өйткені құрылым кәсіпорынның дамуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін элементтердің іс-әрекеті. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы оның бөлімшелері арасындағы еңбек бөлінісін сипаттайды. Туристік кәсіпорындардағы негізгі өндірістік үрдістер туристік өнімдерді дайындау, ұйымдастыру және жылжытумен байланысты. Туристік кәсіпорындардағы негізгі өндірістік үрдістерді туристермен жұмыс, турларды ұйымдастыру және өткізу бойынша партнерлермен жұмыс істеу деп қарауға болады. Туристік қызметтер нарығының әрі қарайғы дамуы мен бәсекеге қабілетті туристік өнім өндіруі үшін әртүрлі бағыттарды қолдану қажет. Осындай бағыттардың бірі – туристік агенттіктер мен турфирмалар қызметінде маркетингті қолдану болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оны жетілдіру жолдарын анықтап, тақырыпты ашу.

Мақсатқа сай бірнеше міндер қойылды:

  • өндірістік үрдіс-кәсіпорынды ұйымдастырудың негізін анықтау;
  • кәсіпорынның жалпы және өндірістік құрылымы, түрлерін ажырату;
  • өндірісті ұйымдастыру түрлері мен нысандарын анықтау;
  • өндірістік үрдістерді ұйымдастырудың негізгі принциптерін талдау;
  • өндірістік құрылымды жетілдіру жолдарын айқындау;
  • туристік кәсіпорынның өндірістік үрдістерін анықтау;
  • туристік кәсіпорындардағы негізгі өндірістік үрдістерге сипаттама беру;
  • туристік өнімдер, туристік фирмалар, туристік маркетингті ажырату.

Курстық жұмысты жазу барысында Л.М.Михалинаның,  З.Я.Горбылеваның,  Ю.Н.Борисованың,  Б.Р.Омаровтың, К.Т.Омаровтың оқулықтары пайдаланылды.  2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму стратегиясы да тақырыпты ашуда қолданылды.

Курстық жұмыс талдау, жинақтау, саралау, топтау әдістерін қолдану арқылы жазылды.

Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

  1. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оны жетілдіру жолдары
    • Өндірістік үрдіс – кәсіпорынды ұйымдастырудың негізі

Кәсіпорындарды құру және олардың құрылымдық бөлімшелерінің негізіне өндірістік үрдістер жатады. Өнімді өндірумен байланысты кез келген технологиялық үрдіс түрлі операциялар көлемін, оның ішінде негізгі, қосымша, қызмет көрсету, басқару және т.б. жұмыстарын іске асырады. Дайын өнімді жасауда жоғарыдағы көрсетілген операциялардың рөлі түрліше. Өнімді қалыптастыру негізгі өндірістік үрдістер кезінде шығады, ал басқа үрдістер оны жасауға тек ықпал етеді. Мұның барлығы тиісті бөлімшелерді қалыптастырудың негізі болып табылады.

Өндірістік үрдіс-дегеніміз шикізаттар мен материалдардың дайын өнімге айналу үрдісіне бағытталған жеке еңбек үрдістерінің жиынтығын көрсетеді. Өндірістік үрдістің мазмұны кәсіпорынның және оның өндірістік бөлімшелерінің құрылуына тікелей әсер етеді.

Өндіріс сипатын анықтайтын өндірістік үрдістің негізгі факторларына еңбек құралдары (машиналар, құралдар, ғимараттар, жабдықтар және т.б.), еңбек заттары (шикізат, материал, жартылай фабрикаттар) және еңбек күші, яғни адамдардың белгілі мақсатқа бағытталған қызметі жатады.

Кәсіпорынның өндіретін өнімінің күрделігіне байланысты жай (қарапайым) және күрделі өндірістік үрдістер болып бөлінеді. Жай өндірістік үрдістерде шикізат немесе материалдың бір түрін бірыңғай өңдеу арқылы дайын өнім өндіріледі, күрделі үрдістерде бірнеше паралельді жай үрдістердің қосарлануы арқылы көп бөлікті өнім дайындалады.

Технологиялық операция деп бір немесе бірнеше жұмысшылармен бір жұмыс орнында нақты бір еңбек затымен орындалатын өндірістік үрдістің бөлігін айтады.

Өндірістік үрдіс өнім дайындаудағы бағыты бойынша негізгі, көмекші және қызмет көрсету үрдістеріне  бөлінеді.

Негізгі үрдістерге еңбек затының нысаны мен кесімі, ішкі құрылымы, сыртқы түрі, оның құрамдас бөліктерінің өзара орналасуы өзгеретін технологиялық үрдістер жатады.

Көмекші үрдістер негізгі үрдістердің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Оларға мысалы, негізгі өндіріс қажеттіліктері үшін құрал дайындау, құралдарды жөндеу, бу дайындау және т.б. жатады.

Өндірістік үрдістерді ұтымды ұйымдастыру қағидаларын екі категорияға бөлуге болады:

–  Жалпы, нақты мазмұнына байланысты болмайды

–  Арнаулы, нақты өндірістік үрдістерге арналады.

Уақыт бойынша және кеңістікте кез келген өндірістік үрдісті ұйымдастыруға бағынышты болатын қағидалар:

–  Мамандыру қағидасы, өндіріс үрдісіне жұмыс орындары және кәсіпорынның жеке бөлімшелерінің арасындағы еңбек бөлінісі мен оның шоғырлануын көрсетеді;

–  Паралельдік қағидасы, белгілі бір өнімді дайындауға байланысты өндірістік үрдістің жеке бөліктерінің бір уақытта орындалуын білдіреді;

–  Пропорционалдық қағидасы, кәсіпорынның өзара байланысты бөлімшелерінің уақыт бірлігіндегі салыстырмалы түрдегі тең еңбек өнімділігімен сипатталады;

–  Тура-дәлдік қағидасы, еңбек заттарының, шикізаттар мен жартылай фабрикаттардың өндіріске жіберілуінен бастап, дайын өнімді алуға дейінгі қысқа қозғалыс жолдарымен жүруін айтады;

–  Үздіксіздік қағидасы, операциялар арасындағы тоқтаусыз жұмыс істеуді талап етеді;

–  Ыңғайластыру қағидасы, барлық өндірістік үрдістің автоматтандыруына және механикаландыруына, адамның денсаулығына зиянды, ауыр, біркелкі қол еңбегін болдырмауға бағытталады[2].

  • Кәсіпорынның жалпы және өндірістік құрылымы, түрлері. 

Өндіріс       деп   нарықтың дамуы мен өмір сүруіне қажетті материалдық игіліктерді дайындау үрдісін айтады. Өндіріс мазмұны үш элементтен тұрады:

–  ұтымды жұмыс немесе еңбектің орындалуы

–  адамның ұтымды жұмысына қажетті еңбек заттарының болуы

–  еңбек заттарын өзгертуге қажетті еңбек құралдарының қатысуы.

Өндірістік бөлімшелер, жұмыскерлерге қызмет көрсету орындары, кәсіпорындарды басқару, ұйымдастыру кешені, олардың саны, бір-бірімен байланысы, өндірістік алаңда орналасуы мен жұмыскерлер саны мен құрамы, өнімді өндіру қабілеті, мұның бәрі кәсіпорынның жалпы құрылымын құрайды.

Кәсіпорынның ұтымды өндірістік құрылымын құру келесі тәртіппен жүргізіленеді:

а) кәсіпорынның цехтар құрамын және оның берілген өнімді өндіруді қамтамасыз ететін қуатын анықтау

б) әрбір цехтың және қоймаларын орналасатын өндірістік алаңдарын есептеу

в) кәсіпорынның ішіндегі барлық тасымалдау жұмыстарының сыртқы жалпы орталық жолдарымен өзара байланысын жоспарлау

г) өндірістік үрдістің орындалуына байланысты еңбек заттарының цехтар арасындағы ең қысқа маршрутын белгілеу және т.б.[1]

Өндірістік бөлімшелерге – цехтар, бөлімшелер, негізгі өнімді сынау, бақылау, тексеру жүргізетін зертханалар, бұйымдар, материалдар мен жартылай фабрикаттарды, пайдалану кезінде жөндеуге және бұйымдарға қызмет көрсету үшін қажетті запас бөліктері, технологиялық мақсаттар үшін керекті өндірілетін энергияның түрлері және т.б.жатады.

Ағындық жүйе – өндірісті ұйымдастырудың негізгі обьектісі. Ағындық жүйе бірнеше секцияларға бөлінеді.Секция еңбек заттарына әсер етудің жалпы сипаты бар бірнеше операцияларды біріктіру арқылы құрылады.

Кәсіпорынның өндірістік құрылымы кәсіпорында орындалатын жеке өндірістік үрдістердің өзара байланысты бөліктерінің ұйымдастыру-техникалық белгілеріне қарай бөліну жүйесін анықтайды.

Өндірістік құрылымның түрлері. Кәсіпорынның өндірістік құрылымының үш түрі бар. Олар заттық, технологиялық және аралас (заттық-технологиялық).

Заттық құрылымда кәсіпорынның негізгі цехтары, оның  бөлімшелерінің әрқайсысы өнімнің бір түрін, бөлігін немесе бөліктердің бір тобын өндірумен айналысады. Заттық құрылым көп жағдайда көп сериялы және жаппай өндірісті құрастыру цехтарында қолданылады. Мысалы: автомобиль зауыттарының двигатель, тарату қораптарын дайындау, кузовтар өндіру цехтары, аяқ-киім өндірісінде – аяқ-киімді құрастыру цехтарын жатқызуға болады.

Технологиялық құрылым өндірістің технологиялық даралығын анықтайды. Мысалы: оған құю, ұста, кесу, механикалық құрастыру цехтарын жатқызуға болады. Өндірістік құрылымның мұндай түрі цехты басқарушылардың жұмысын жеңілдетеді, жұмыскерлерді орналастыруда және өнімнің бір номенклатурасын өндіруден екіншісіне өту кезіндеөндірісті қайта құруда жеңілдік туғызады.

Аралас (заттық-технологиялық) құрылым бір ғана машина жасау зауытында негізгі цехтардың әрі заттық, әрі технологиялық қағидаға негізделіп ұйымдастырылуын сипаттайды. Мысалы: машина жасау кәсіпорындардағы жалпы өндірістің дайындау цехтары, технологиялық қағидамен, механикалық-құрастыру цехтары заттық қағида бойынша орналастырылады.

  • Өндірісті ұйымдастыру түрлері мен нысандары

Кәсіпорында өндірісті ұйымдастырудың бірлік, сериялық және жаппай болып үш түрге бөлінеді.

Бірлік (жеке) өнім өндіретін өндірісте тек өнімнің  жеке түрі ғана өндіріледі. Әрбір өнімді дайындау оның өндіріс жағдайына, өндіру ерекшілігіне қарай ұйымдастырылады.

Жаппай өндірісте өнім көптеп өндіріліп, онда өндірістік жағдай, қолданылатын материалдар, құрал-жабдықтар мен өңдеу тәртібі бірдей болып келеді.

Сериялық өндірісте өндірелетін өнімнің көлемі шектеулі болып, өндіріс берілген серияға бейімделіп ұйымдастырылады.Сериялық өндіріс серияның шамасына қарай көп, орташа және аз сериялы болып үшке бөлінеді.

Өндірістің шоғырлануы немесе кәсіпорындардың іріленуі, яғни өндірістің ірі кәсіпорындарға айналуы ғылыми-техникалық прогрестің жедел дамуымен, машина қуаттарының өнімділігінің өсуімен, басқару техникасының жетілдіруімен, өндірілетін өнім көлемінің өсуімен тығыз байланысты.

Өндірістің шоғырлану деңгейін негізгі екі көрсеткішпен анықтауға болады:

–  Кәсіпорынның шамасымен

–  Ірі кәсіпорындардың жалпы өнеркәсіптегі алатын үлес салмағымен.

Тік шоғырландыру – бұл бір кәсіпорында шикізат өндіруден өнімді өткізуге дейінгі өндіріс сатылары кешенінің шоғырлануы.Тік шоғырландыру-өндірістің шоғырлануының дайындау сатыларының бірі.

Көлденең шоғырлану – өзара технологиялық байланыспаған өндірістерді білдіретін әр түрлі салалардың фирмалары мен кәсіпорындарының бір басқару мен бақылауға шоғырлануы.

Капиталдың шоғырлануы – капиталдық жинақталу есебінен өсу үрдісі, яғни қосымша құнның бір бөлігінің капиталға айналуы.

Өндірістің шоғырлануы – өндірістің ірі және өте ірі фирмалар мен компаниялар аумағында көптеп шоғырландыру үрдісі.

Басқарудың шоғырлануы – белгілі бір обьектіге қатысты жүзеге асырылатын басқару функцияларының жинақталуы.

Мамандандыру – кәсіпорынның негізгі қызметінің белгілі-бір өнімнің, тауардың және қызметтің түріне байланысты мамандануын айтады.

Маманданудың үш нысаны бар:

–  Заттық

–  Бөліктік

–  Технологиялық (сапалық)

Кооперациялау деп белгілі бір өнім түрін бірігіп дайындайтын фирмалар арасындағы ұйымдық, өндірістік және басқа да байланыстар жиынтығын айтады.

Кешенділеу – бір фирма шеңберінде әр түрлі өнеркәсіп салаларының кәсіпорындарын үйлестіру.

Кешенділеу келесі белгілермен сипатталады:

–  әр түрлі сала кәсіпорындарының бірігуі

–  өндірістің техника-экономикалық бірлігі және пропорционалдығы

–  энергетикалық жүйенің бірлігі

–  бір аймақта орналасуы

–  негізгі өндірістерге қосымша цехтар мен қызметтердің орталықтандырылған қызмет көрсетуі

–  басқару бірлігі.

Қазіргі кезде кешенділеудің бағыттарына мыналар жатады:

–  өнімді өндіру сатыларының үйлесімділігі

–  шикізатты, мұнайды, көмірді кешенді қайта өңдеу

–  қалдықтарды тиімді пайдалану (ағаш өңдеу комбинаттары)[3].

1.4 Өндірістік үрдістерді ұйымдастырудың негізгі принциптері

Өндіріс үрдісінің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін ең тиімді еңбек үрдісінің үлесуін және өндірістің материалдық элементтерін белгілі бір жүйеге келтіруін қамтамасыз ету қажет: олардың үздіксіз, жоғары өнімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және өндірістің тапсырыс ырғағын түпкілікті қорғау. Сонымен, өндіріс үрдісі уақыт пен кеңістік жағдайында үлестілігі болу керек. Өндірістік үрдісті былай ұйымдастыру қажет, егер де бірлестіктер, кәсіпорындар, фирмалар, өндірістік бөлімшелердің ұжымдарының бірлескен жұмыстары жоғары сапалы және шығындарды аз жұмсай отырып, өнімдерді ең көп шығаруды қамтамасыз ететін болса.

Өндірістік үрдістерді ұтымды ұйымдастыру мыналарды қамтуы қажет:

Кәсіпорынның өндірістік құрылымы оның бөлімшелері, кооперациялары арасындағы еңбек бөлінісін сипаттайды. Өндірістік үрдісті кеңістікте оңтайлы тұрғызу – оның тиімділігінің қажетті шарты.

Кәсіпорынның өндірістік құрылымы оның жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ететін элементтердің өзара іс-қимылын тұлғалайды

Кәсіпорынның өндірістік құрылымының басты элементі жұмыс орны, өндірістік учаскелер және шаруашылық болып табылады.

Жұмыс орны деп жұмысшы нақты өндірістік операцияны орындайтын өндірістік ауданның бөлігі. Ол операцияны орындау үшін қажетті барлық құралдар және техникамен жабдықталады.

Өндірістік учаскелер – бірдей және біртекті өнімдерді жасайға арналған технологиялық операцияларды орындайтын аймақтық жұмыс орындарының жиынтығы;

Шаруашылық – белгілі қызмет көрсету арқылы негізгі және көмекші өндірістің қызмет етуіне мамандандырылған өзара байланысты ішкі бөлімшелердің жиынтығы.

Кәсіпорынның құрылымын қалыптастыру сыртқы (салалық, аймақтық, жалпы құрылымдық) және ішкі (сипаты және шығарылатын өнімнің мөлшері, кәсіпорынның негізгі қорларының ерекшеліктері мен мүмкіншіліктері, мамандандыруының деңгейі, т.б.) факторларына байланысты болады.

Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы – бұл құрамы және оның ұйымдық бөлігінің мөлшері (жұмыс орны, бөлім, қызметі), олардың құрылуының ара-қатынасы және нысандары. 

1.5 Өндірістік құрылымды жетілдіру жолдары.

Өндірістік  жетілдірудің         негізгі  факторларына мыналар жатады: Өнім көлемі. Кәсіпорын неғұрлым ірі болған сайын, оның өндірістік цехтарының саны көп болмақ, ағындық жүйе күшті және мамандандырылған цехтардың саны шағын кәсіпорындарға қарағанда көп болады.

  1. Пайдаланылатын материалдардың сипаттамасы. Өндірістік үрдістің орындалу барысында өнім сапасын арттыру мақсатымен материалдардың көп түрі қолданылатын болса, онда өндірістік құрылым да күрделі болады.
  2. Өндірісті шоғырландыру, мамандандыру және кооперациялау деңгейі мен нысандары.
  3. Қолданылатын техника, технология және өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру нысандары.

Кәсіпорын құрылымын толық сипаттау үшін түрлі көрсеткіштер қолданылады. Олардың ішіндегі негізделері:

  • оның құрамына кіретін бөлімшелердің жалпы тізімі;
  • бөлімшелер қызметкерлерінің саны;
  • жабдықтардың қуаты;
  • өндірістік қорлардың құны;
  • өнім шығару көлемі;
  • мамандандыру және механикаландыру;
  • күрделі қаржының құрылымы[2].
  1. Туристік кәсіпорынның өндірістік құрылымы

2.1 Туристік кәсіпорынның өндірістік үрдістері 

Туристік кәсіпорынды атқарылатын қызметтердің интеллектуальды көрсетуіне бағытталған шаруашылық субъектілері деп қарастыруға болады.

Өндіріс қызметі сериялық, параллельді, талдау элементтерімен сипатталады.

Туристік кәсіпорындардағы негізгі өндірістік үрдістер туристік өнімдерді дайындау, ұйымдастыру және жылжытумен байланысты.

Туристік кәсіпорындардағы негізгі өндірістік үрдістерді туристермен жұмыс, турларды ұйымдастыру және өткізу бойынша партнерлермен жұмыс істеу деп қарауға болады.

Туристік кәсіпорындардағы қосымша өндірістік үрдістер қатарына мынадай қызмет түрлері жатқызылады: шетелдік төлқұжаттар мен визаларды дайындау және т.б.

Виза ашу үрдісі – бұл әр мемлекетте, әр ұлтқа әр түрлі құжаттар мен әр түрлі құрылымдар болады. Қазақстан Республикасында туристер бір ай болатын болса, онда виза ашу міндетті емес, ал одан көп уақытқа болатын болса онда міндетті түрде виза ашу керек. Виза үш айға, алты айға, тоғыз айға одан да ұзағырақ берілуі мүмкін. Ол туристің қалауы бойынша. Визаны ашу үшін біз туристің құратын және өтінішін шетелдік істер министірлігіне (МИД) тапсырамыз, ол жерде сол турист жайлы, не мақсатпен келетіні туралы, қанша уақытқа келетіні туралы, Қазақстан Республикасына заңына сәйкес барлығы қарастырылып, соңында шешім қабылданады.

Қызмет көрсету үрдістеріне мыналарды жатқызуға болады: компьютерлік техника, оргтехника, байланыс қызметтерін көрсету, өндірістік үрдісттерді программалық жүргізу, қызметтің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, транспорттық қызмет көрсету, өндірістік орындар мен аймақтарда қызмет көрсету.

Кәсіпорынның өндірістік құрылымы мыналарды іске асыру керек:

  • өнімді алудағы және өндірістегі шығынды азайту;
  • шаруашылықтар мен учесткелерді тиімді мамандандыру, еңбек өнімділігін арттыру;
  • ұйымдастырушылықтың салыстырмалы түрде қарапайымдылығы, сәйкесінше объектілерді жоғары деңгейде басқару;
  • өндірістің тікелігі;
  • кәсіпорынды кеңейту мүмкіндігі.

Өндірістік құрылымды жасау кезінде туристік кәсіпорындар сәйкесінше құрылымдық бөлімшелерге бөлінуі керек.

Туристік кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымын қызметтің келесі бағыттарына маманданған топтар (бөлімдер) құрайды:

  • турларды дайындау және ұйымдастыру;
  • турларды басқару;
  • турлар мен клиенттермен жұмысты іске асыру;
  • жарнама және маркетинг;
  • ақпараттар мен талдау[4].

Әрбір топ сәйкес бағыттағы қызметтерді орындайтын арнаулы бөлімшелердің жиынтығынан тұрады.

2.2 Туристік кәсіпорындардағы негізгі өндірістік үрдістерге сипаттама (туристік өнімдер  туристік фирмалар туристік маркетинг) 

Туристік өнім бұл туристік экскурсиялық кәсіпорындардың туристерге ұсынатын кешенді қызметі. Негізгі туристік қызметтерге мыналар жатады: орналастыру, тамақтандыру, транспорттық қызметтер, транспортпен бірге (туристерді аэропорттан қонақ үйге жеткізу және қонақ үйден аэропортқа жеткізу жатады), экскурсиялық қызметтер, оған аудармашы гидтің қызметі кіреді).

Туристік өнімнің құрылымы мен құрамы, қызмет көрсету пішініне (топтық немесе дербес), туризм түріне (рекреациялық, ғылыми – танымдық, істік, ғылыми, діни, этникалық), қызмет көрсету сыныбына (люкс, бірінші, туристік, экономикалық), қызмет көрсету жиынтығына (негізгі және қосымша) тәуелді туристер қажетсінуіне сәйкестігі тұрғысында қалыптастырылады.

Туристік кәсіпорынның өзінің тауарына деген рыноктық мүддені өткізуі рынокқа ұсынылатын өнімдер құрылысын талдаумен, олардың тіршіліктік циклының сатыларын зерттеумен, бәсекелестік қабілетінің жайғасымы мен бағалануымен байланысты маркетингілік зерттеулер жүргізу қажеттігін айқындайды. Туристік кәсіпорынмен ұсынылатын өнімдер құрылымы, оларды оптималдау (үйлестіру) мақсатында, тұрақты түрде талданып отыруы керек.  Бұл кәсіпорынға негізгі бәсекелестері мен сату көлемінің жоғарылау қарқынына салыстырмалы, рыноктағы үлесіне сәйкес өзінің әрбір өнімдерін сыныптауға мүмкіндік береді. Туристік өнімнің рыноктағы орынын дәл білу оларды өткізу келешегін бағалауға мүмкіндік береді.

Өнімнің тіршілікті циклінің тұжырымдамасы, кез – келген өнім, қандай бір керемет тұтынушылық қасиетке ие болмағанымен, ерте ме кеш пе рыноктан басқа, барынша жетілдірілген өніммен ығыстырылып шығарылатынынан алынады. Тұрақты болып қалатын шама – тек қана қажетсінудің болуы, ал оларды қанағаттандыру құралдары өзгеріп отырады. Рынокқа ұсынылатын әрбір өнім өзінің анықталған тіршілік циклінде болады, осы кезеңнің ішінде ол өзінің сатып алушысын табады.

Туристік өнім өзінің дамуында бірқатар бірізді деңгейлерден өтеді (өсу мен жетілдірілу  арқылы нарыққа енгізуден  түсуіне дейін), динамикада талдауды қажет ететін, сату мен пайданың көлемінің ауытқуымен сипатталады.

Туристік өнімнің маркетингілік зерттелінуінің маңызды бағыты болып оның бәсекелесу қабілеттілігін анықтау табылады. Осы кезде алынған нәтижелер келесі мәселелерді шешуде қолданыла алады:

  • өнімдерді жетілдіру және жаңарту қажеттігін негіздеуде;
  • бәсекелестік қабілеттің анық бір деңгейіндегі өнімдерді өткізудің мүмкіндікті көлемін бағалау;
  • туристік өнімді өткізу үрдістерін басқару;
  • нақты рынокта баға стратегиясын таңдау;
  • кәсіпорындарда және т.б. өнімдердің бәсекелестік қабілеттіліктерін басқару жүйесін қалыптастыру және жетілдіру.

Туристік өнімді таңдау кезінде тұтынушы оның өзі үшін маңызы бар ерекшеліктеріне ғана бағдарланады:

– бұл өнімнің сапасы мен пайдалылығын көрсететін параметрлер, өйткені  оны таңдаудың маңызды шарты болып тұтынушы көңіл аударатын қасиеттері мен сипаттамаларының тура келуі табылады.

– бәсекелестік қабілетті анықтау үшін өнімдерді нақты қажетсінуге сәйкестік дәрежесі бойынша салыстыру ғана емес, сонымен қатар солармен байланысты тұтынушының шығыныныңда ескерілуі маңызды болып табылады. Бұл кезде ескеретін нәрсе: сатып алынған зат тек міндетті шартты белгілейді, қажетсінуді қанағаттандырудың бастапқы пункті. Қосынды жұмсалған шығындар екі бөлімнен тұрады: бір жолғы (туристік өнімнің сатылу бағасы) және ағымдағы (жеткен орынындағы жұмсалатын шығындар – экскурсиялар, қосымша тамақтану, көлік, көңіл көтеру және т.б.), жалпы бұл жұмсалған шығындардың жалпы сомасы тқтынушы үшін қажетсінуін қанағаттандыру бағасы ретінде алынады (тұтыну бағасы)

Турөнімді жылжытудың негізгі құралының бірі болып, халықаралъқ көрмелер мен кездесулерге қатысу болып табылады. Олар турөнімге ғана емес және турфирмаға назар аударуға мүмкіндік береді. Маркетингтік бөлімнің мұндағы қызметі болып жатқан, болашақта болатын кәсіби көрмелер туралы ақпарат жинау болып табылады. Көрмеге турфирманың өнімін көрсететін жарнамалық материал дайындалады. Көрмеге дайындалу кезінде шетел тілдерінде визиттық карточкаларды қажетті көлемде дайындайы қажет. Ең негізгісі жарнамалық стендті жасауы қажет. Туристік көрмелерге қатысудың екі мақсаты бар: 1) партнерлік байланыстарды және агенттік тораты кеңейту; 2) өзінің өнімдеріне түпкілікті тұтынушыларды тарту.

Туристік фирманың жұмысы.

Қандайда бір турда сұраныс болса, сол клиентке оның бағасы, тұру шарттары, сол елдің ерекшеліктері, қонақ үйлер жайлы ақпаратпен қамтамсыз етеді және пайдалы кеңестер береді, буклеттер мен жарнамалық проспектілерді ұсынады.

Бұл жұмысты бағытына қарай сату жөніндегі менеджер немесе директор атқарады, сонымен қатар туристерге қызметті ұсыну ережелерімен таныстырады.

Содан кейін клиенттің көзіңше орынның бар-жоғы жайлы ақпарат алу үшін тур операторға тапсырыс жасалады. Егер орын бар болған жағдайда клиент таңдаған сапарының (саяхатының) құнының 50% немесе толығымен төлеуі тиіс.

Директор немесе менеджер, өздерінің бағыттары бойынша операторға брондау тапсырысын жібереді және 3 күндік мерзімде турды бекітеді.

Тур құнын операторға турды бекіткеннен кейін жібереді, тур құны комиссия %-ын қоса, прайст – бетте көрсетілген баға бойынша төлейді.

Содан кейін тұру, авиабилеттер (таңдалған турға байланысты темір жол билеттері), медициналық сақтандыру ваучері бар конверт жіберіледі. Конвертті сондай – ақ тура кетер кезде ғана ашуға болады. Бұл жағдайда тур оператордың өкілі белгіленген уақытымен бір жерге келеді (мысалы, Алматы халықаралық әуежайынан ұшу алдында, тур оператор фирмасының өкілдерінің бәрі туристерді табло арқылы қарсы алады.

Сонымен қатар, жолдама беріледі, ол туристік фирма мен клиент арасында келісім шарт жасалады.

Ереже бойынша тапсырысты алдын-ала жасайды, бірақ саяхаттың алдыңда клиентке қажет болса, иструктаж жасалады (кедендік рәсімдеулер, визалық рәсімдеулер), арнайы әдебиетті алуды ұсынады (жергілікті карта, жол бағдары, сөздік және тағы басқа).

Туристік фирманың ұйымдастыру және басқару құрылымы компанияның міндеттері мен стратегиялары арқылы анықталады, бірақ әдетте жалпы жетекшілік жасайтын және фирманың жалпы стратегиясын жасайтын басшы, сонымен қатар маркетинг және жарнама, бухгалтерия, делдалдық операциялар бөлімдері болады.

Бірінші бөлім туроператорлармен келісім-шарт негізінде турларды жоспарлау және жүзеге асыру бойынша жұмыстарды атқарады. Әрбір маусымның басында маркетинг бөлімі беретін сұраныс пен нарықтың жағдайына қарай әр түрлі бағыттар бойынша топтарды жинау жоспары жасалады, ол сұраныс белгілі уақытқа жеке турларды беруі үшін туроператорға жіберіледі. Келісім-шарттарды қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың барлығы–топтарды қалыптастыру, жетекшілер мен гид-аудармашыларды іріктеу, визалық рәсімдеу және сақтандыру кезінде қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету де осы бөлімнің міндеті.

Фирманың жұмысын бақылауды бухгалтерлік бөлім жүргізеді, себебі ол бөлімге құралдардың есебі және қозғалысы және әр түрлі шаруашылық операциялардың жүзеге асырылуы жайлы ақпараттар түседі.

Туристік бизнестегі бухгалтерлік есептің жүргізу тәртібі ҚР Конститутциясында, ҚР Азаматтық кодексінде, 2001 ж. 13 маусымындағы № 211 – II (22.02.02 ж. № 296 — II  өзгертулермен) «Қазақстан Республикасында туристік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңында реттелген.

Туроператорлар турагенттер лицензияны алу үшін азаматтық құқық сақтандыру келісім шартын бекітіп, он мың бір айлық  есептік көрсеткішінен кем емес сақтандыру сомасын әкелуі керек.

Туристік индустрия субъектілердің қалыптасқан шаруашылық жүргізу жағдайында бухгалтерлік есеп  жүйесін нақты ұйымдастыру керек, қаржылық есеп берулерді пайдаланушыға уақытылы және шынайы жасап ұсынуы қажет, активтер мен тапсырмалардың жағдайы туралы мәліметтерді уақытылы алуы керек.

Отандық туристік қызметтер нарығына жүргізілген талдау көрсеткендей, туристік қызметтер нарығының әрі қарайғы дамуы мен бәсекеге қабілетті туристік өнім өндіруі үшін әртүрлі бағыттарды қолдану қажет. Осындай бағыттардың бірі – туристік агенттіктер мен турфирмалар қызметінде маркетингті қолдану болып табылады.

Туристік маркетинг – бұл фирманың маркетингтік қызметінің маңызды аспектісі туристік қызметке баға қалыптастыру болып табылады.

Туристік маркетингтің мынандай ерекшеліктері бар:

  • туристік маркетингте сұранысты ынталандыру міндеті тұтыну тауарлары нарығымен салыстырғанда әлдеқайда аз деңгейде;
  • туристік өнім туралы ақпараттың шынайылылығын қамтамасыз ету қажеттілігі;
  • туристік маркетинг консюмеризм қағидаларын (тұтынушы құқықтарын қорғау) толық түрде қолдануға бағытталған болуы керек;
  • маркетингтің маңызды рөлі маусым аралық кезеңде байқалады, сондықтан диверсификация шараларын жүзеге асыру қажет.

Туризм саласында маркетингті қолдану туристік қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылардың мүдделерінің келісілгендігіне мүмкіндік береді. Туристік фирма қызметінің масштабы, турфирма дамуының жалпы стратегиясы мен қызметкерлердің кәсіби мамандану деңгейіне байланысты маркетингті қолдану бағыттары да әртүрлі болуы мүмкін.

Маркетингтің мақсаты – фирма ұсынатын қызметтерге нақты және жасырын сұранысты анықтап, фирманың бар ынтасын осы қызметтерді өндіру, қайта бөлу, өткізу және жылжытуға бағыттау. Яғни, туристік маркетинг турфирманың туристік өнімдері мен қызметін өткізу нарығын кеңейту мақсатында турфирма әкімшілігімен жүзеге асырылатын функциялардың жиынтығы болып табылады.

Туризмдегі маркетинг коммерциялық мақсаттағы тұтынушылардың туристік қызметтерге сұранысын, қажеттіліктерін анықтау бойынша стратегиясын қалыптастырады. Сонымен қоса, туристік маркетинг турфирмалар қызметін, туризм саласындағы аймақтық, ұлттық және халықаралық деңгейдегі мемлекет саясатын ұйымдастырады.

Маркетинг үрдісі – бұл нарықты зерттеу арқылы сұраныс пен потенциалды тұтынушыларды анықтау, қажетті қызметтерді қалыптастыру, өндіру, қайта бөлу және тұтынушыларға өткізу сияқты бір-бірімен байланысқан іс-әрекеттер жүйесі. Маркетинг үрдісін жүзеге асыру үшін маркетингтік технологиялар қолданылады сұранысты анықтау, қызметтерді өндіруді жоспарлау, баға белгілеу, тауарлар мен қызметтерді жылжыту және өткізуде қолданылатын әдістер.

Туризмдегі маркетинг аса маңызды болып табылады, себебі туристік қызметтерге сұраныс өте икемді болып келген және «қанығу феномені» деп аталатын маусымдық ауытқулармен ерекшеленеді.

Әлемдік туристік ұйым туристік маркетингтегі негізгі 3 міндетті бөліп көрсеткен:

– тұтынушылармен байланыс орнатып, ұсынылып отырған демалыс орны олардың талаптарына сай келетіндігіне сендіру;

– туристік өнімді өткізуге мүмкіндік туғызатын жаңалықтарды ендіру;

– қызметтерді нарықта жылжыту шаралары қорытындыларын талдау және осы қорытындылар туризм саласындағы мүмкіндіктерді қаншалықты қолдан-ғандығын көрсететіндігін бағалау[7].

Туристік бизнестегі маркетингтің алар орны ерекше және ол сұранысты мақсатты түрде басқару үшін қолданылатын құралдардың байланысқан жүйесі болып табылады.

Туристік маркетинг белгілі бір міндеттерді шешу үшін қолданатын әдістердің жүйесі болып табылады. Ол психологиялық және әлеуметтік факторлар тұрғысынан қарағанда тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырып, туристік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық жағынан тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді.

Туристік нарық субъектілерінің қызметінде маркетингті қолданудың мәні – тұтынушылар және сыртқы ортамен (демографиялық, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік-мәдени, саяси, ғылыми-техникалық) тиімді байланыс орнату арқылы нарықта тұрақты қызмет ету жолдары мен әдістерін іздестіру болып табылады.

Туристік фирманың тиімді қызмет етуі үшін маркетингтің негізгі міндеттері келесідей болуы тиіс: жаңа бизнес-идеяларды қалыптастыру; маркетингтік ақ-паратты қолдану және синтездеу; тұтынушылармен (нақты және потен-циалды), партнерлармен бизнес-орта динамикасын, өндірістік потенциалын және фирма мүмкіндіктерін ескере отырып фирма шеңберінде және одан тыс жұмыс жасау.

Бұл міндеттерді шешуде тиімді іскерлік ұсыныстарды қарастырып, олардың негізінде фирма қызметінің стратегиясын анықтаудың маңызы зор. Осы таңда нарық сегменті тұсындағы әртүрлі туристік өнімнің потенциалды тұтынушыларын іздестіру жұмыстарын жүргізу қажет. Нарық конъюнктурасын талдау (нарық сыйымдылығы; туристік өнім номенклатурасы; тұтынушылардың төлем қабі-леттігі; құқықтық, сауда-экономикалық және экологиялық жағдайлар; географиялық орналасу; табиғи орта), туристік өнімді өткізу жүйесін қалыптастыру, фирманың ұйымдық құрылымын ұйым-дастыру және нарық нишасының (бір немесе бірнеше) мүмкіндіктерін жүзеге асыру перспективаларын ескере отырып қызметкерлерді жұмысқа алу сияқты сұрақтар актуалды болып табылады.

Қазіргі кезде турфирмалар ең жиі қолданатын маркетинг құралдары – әртүрлі коммуникация құралдары болып табылады.

Маркетингтік коммуникация құралдары туристік өнімді нарықта жылжытуға мүмкіндік береді. Алайда, турфирмалар жарнаманы басқаларынан жиі қолданады. Жарнамалық ақпараттың кең таралған тасымалдаушысы баспа құралдары, радио және теледидар болып табылады. Туристік индустриядағы жарнаманың өзіне тән ерекшеліктері бар. Олар келесідей:

– туристік жарнамадағы ақпараттың неғұрлым шынайы және нақты болуы үшін жауаптылық;

– дәстүрлі тауарлар сияқты туристік қызметтердің сапасы, дәмі, пайдалылығы болмайтындықтан, олар жарнаманың ақпаратпен қамтылғандылық және пропа-ганда сияқты функцияларының дамуын қажет етеді;

– туристік қызметтер ерекшелігі объектіні неғұрлым кең түрде сипаттайтын құралдарды қолдануды қажет етеді. Сондықтан туристік индустрияда кино, фотоматериалдар, суреттер жиі қолда-нылады;

–   туристік өнім жарнамасында ерекше сауда ұсынысы болуы керек.

Қазақстанда жоғары табысты және қарқынды түрде дамыған туристік қызметтер нарығын қалыптастыру үшін жалғыз жарнаманы қолдану жеткіліксіз. Ол үшін туристік агенттіктер мен турфирмалар өздері қолданатын маркетинг құралдарының өрісін кеңейтуі қажет.

Маркетингті өз қызметін басқару концепциясы ретінде қолдану арқылы турфирма пайдасын максималдап, нарықта тиімді орынды иемденуге мүмкіндік алады.

Туристік қызметтерге тұтынушылар қоятын талаптардың жоғарылауы мен бәсекелестіктің күшеюі туристік ұйымдардың маркетингке бет бұрып, сыртқы орта өзгерулеріне бейімделу және бәсекелестік күрестегі жетістіктерді қамтамасыз ету үшін стратегиялық маркетингтік жоспарларды қалыптас-тыруына әкелді.

Қазіргі таңда Қазақстанда туризм индустриясы қалыптасу кезеңінде және әртүрлі өзгерістерге ұшырауда. Туристік қызметтің барлық сфераларында еңбек бөлінісі, туристік фирмалар қызметінің мамандануы сияқты қызметті ұйым-дастырудың жаңа формалары ізделуде.

Туристік нарықтың микродеңгейде дамуы нарық пен сұранысты жан-жақты зерттеуге негізделген маркетинг әдістерін қолдану, турфирма қызметін ұйымдастырумен анықталады.

Маркетинг қызметінде «маркетинг – миксті» қалыптастырудың мәні зор. Туризмдегі «маркетинг – микс» – бұл нақты нарықтық жағдайды ескере отырып, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған практикалық маркетинг құралдары мен шараларының жиынтығы. Ол тауарлық, баға, өткізу және коммуникациялық саясаттар жиынтығы болып табылады.

«Маркетинг – микс» жүйесінде баға ерекше мәнге ие. Өз өнімін өткізу кезінде турфирма икемді баға саясатын жүргізуі керек. Туристік фирма қолданатын бағалар жыл мезгілдеріне байланысты өзгеруі мүмкін. Мысалы, мезгіл аралық кезеңде сұранысты ынталандыру үшін турфирма төмен бағаларды, әртүрлі қосымша қызметтерді қолдана алады. Маркетингтің талаптары тек жоғары сапалы өнімді қалыптастыру және оған нақты баға орнатумен шектелмейді. Сонымен қатар, бұл өнімді тұтынушыға дейін жеткізу қажет. Турфирманың өткізу стратегиясы оның мақсатты нарықтағы тиімді қызметін жүргізуге мүмкіндік береді. Өткізу желісін қалыптастыра отырып, турфирма тұты-нушылардың туристік қызметтерді сатып алғанға дейінгі және сатып алғаннан кейінгі ыңғайлы жағдайын қамтамасыз етіу керек.

«Маркетинг-микстің» соңғы және маңызды құрамдас бөлігі – маркетингтік коммуникация жүйесі. Туристік қызметтер нарығында бәсекенің өсу жағдайында тұтынушылардың сұранысын ынталандыру үшін жарнамамен қоса, коммуникациялық саясаттың басқа да құралдарын: жеке сатулар, жылжыту стратегиясын, жәрмеңкелер және басқа да ұйымдастыру шара-ларын қолдану қажет.

Туристік қызметтер нарығында өз орнын тауып, онда белсенді позицияға ие болу үшін нарық талаптарын туристік фирма мүмкіндіктерімен салыстыру керек. Бірде бір ірі компания бүкіл нарықты қамти алмайды, сондықтан ол нарықтың жеке учаскелері сегмент тұсында қызмет жасайды. Туристік нарық сегменті қандай да бір ортақ сипатқа ие тұтынушылар тобы. Тұтынушыларды географиялық, демографиялық сипаттары, табыс деңгейі және т.б. бойынша жіктеуге болады. Яғни сегменттеу – потенциалды тұтынушылардың қажеттіліктеріне сай қызметтерді ұсынуға, нарық сыйымдылығын анықтауға бағытталғын, адрестік жарнаманы жүргізуге мүмкіндік беретін мақсатты нарықтарды бөліп қарастыру.

Фирманың тиімді маркетингтік қызметінің шарты – туристік нарықты зерттеу, яғни туристік қызметтер сұранысына әсер ететін факторларға жүйелік талдау жүргізу болып табылады. Бұл факторлар әртүрлі болып келеді, бірақ оларды келесідей негізгі топтарға біріктіруге болады: экономикалық, демографиялық, географиялық, әлеуметтік-мәдени, бағалық, мемлекеттік реттеу және бұқаралық ақпарат құралдары. Жоғарыда аталған факторлар сыртқы болап келеді және индивидуалды тұтынушының юақылауынан тыс.

Туристік қызметтің нарықтағы жағдайы нақты және бағаланбалы болуы мүмкін. Нарықтағы үлесті нарық сегменттерін талдау арқылы фирмаға нарықтағы қызметтің алдағы кезеңдердегі жағдайын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл туристік қызметтің нақты жағдайы. Бағаланбалы жағдай фирманың қазіргі уақыттағы нарықтағы позициясын анықтау бойынша қорытынды болып табылады. Бәсекелестер қызметін, турфирманың нарықтағы күшті және әлсіз жақтарын зерттеп, оларды жарнамалық қызметте қолдану.

Туристік саладағы жарнаманың өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл ерекшелік коммерциялық жарнаманы үйлестірумен сипатталады, яғни туристік өнімдер мен қызметтерді жылжыту және оны тұтынушыға өткізу, туризм объектісі ретінде таңдалған мемлекетке қызығушылық пен жағымды имиджді қалып-тастыруға бағытталған туризм пропагандасы.

Туристік фирманың тиімді қызмет етуінде жоғарыда аталған факторлармен қатар, туристік тауарлар мен қызметтерді барынша деңгейде тұтынушыларға қолайлы етуге бағытталған өткізу жүйесі де маңызды рөл атқарады. Қызметтер «қорын» қалыптастыру мүмкіндігінің болмауы оларды өткізудің мәнін арттырады.

Туристік өнімді өткізу жүйелері мен каналдарын талдау, өткізу желісінің құрылымын зерттеу, оны көтерме фирмалар (туроператорлар) және бөлшек фирмаларға (турагенттер) жіктеу, туристік нарықтың барлық сегменттерін қамту сияқты іс-әрекеттермен байланысты. Өткізу жүйесінің дамуы бір жағынан мамандануға, ал екіншіден интернационализациялауға алып келеді. Тіристік өнімді жылжыту және өткізу каналының бірі – нақты өнімге емес, жалпы фирмаға назар аударуға мүмкіндік беретін халықаралық жәрмеңкелер мен көрмелерге қатысу.

Көрмелердің келесідей түрлері бар:

–  кәсіпқойлар мен жалпы қауымға арналған туристік көрмелер;

– белгілі бір критерийлер бойынша ұйымдастырылатын маманданған көрме-лер, мысалы қысқы спорт түрлеріне байланысты көрме;

–  түрлі бағыттағы жәрмеңкелік экспозициялар.

Туризмнің валюталық кірістердің көзі, халықаралық байланыстарды нығайту, халықты жұмыспен қамту құралы ретіндегі рөлі күннен күнге артуда.

Туризм жоғары табысты және қарқынды түрде дамып келе жатқан сала болып табылады. Әлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша дүние-жүзілік өндірістік – сервистік нарық айналымының 10%, әлемдік жиынтық ұлттық табыстың 6%, дүниежүзілік инвестицияның 7%, әрбір 16 жұмыс орнын, дүниежүзі бойынша тұтынушылар шығындарының 11% және барлық салық түсімдерінің 5% туризм саласы қамтиды. Бұл мәліметтер туризм индустриясының жоғарғы экономикалық тиімділігінің айғағы болып табылады және таза экономикалық тиімділікке енетін туризмді дамыту арқылы қол жеткізуге болады[6].

Әлемдік туристік ұйымның анықтағаны бойынша, туризм тек экономикалық ғана емес, әлеуметтік, мәдени, экологиялық және саяси құбылыс болып табылады. Осыған орай, туристік маркетингті жоғарыда айтылған факторларды ескере отырып қолдану керек. Сонда ғана ол туристік фирмалар мен туристердің қажеттіліктерінің кең көлемде ескерілуіне септігін тигізеді.

Туризм саласындағы жаңа эконо-микалық және шаруашылық жүргізу механизмі, әлеуметтік – экономикалық кешенді басқарудың әртүрлі формалары сәйкес механизмінің, яғни маркетингке деген қажеттіліктің туындауына әкелді.

Еліміздің әлеуметтік – экономикалық жағдайын тұрақтандырудың бірден – бір бағыты ретіндегі туризм дамуының перспективасы, аймақтар экономикасының динамикалық дамуы, валюталық түсімдердің жоғарылауы және т.б. маркетингті микро және макро деңгейде қолданудың жаңа бағыттарын қалып-тастыруды талап етеді.

Туристік қызметтер нарығына жүргізілген талдау көрсеткендей, туристік қызметтер нарығының әрі қарайғы дамуы мен бәсекеге қабілетті туристік өнім өндіруі үшін әртүрлі бағыттарды қолдану қажет. Осындай бағыттардың бірі – туристік агенттіктер мен турфирмалар қызметінде маркетингті қолдану болып табылады.

Ең алдымен, туристік фирма өз қызметінде маркетинг концепциясына сүйенуі керек. Қызметкерлер құрамында маркетолог маманның болуы маркетингтік шараларды жоспарлап, оларды нақты тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. Туристік фирма өз қызметінде баға бойынша жылжытудың маркетингтік стратегиясын қолдануы керек, яғни бағаны уәделеу – турфирма сатылған турлар басқа жерде және төмен бағамен сатып алуының мүмкіндігімен келіседі; саудалық привилегия – егер тұтынушылар шығынға ұшы-раған туроператордан турды сатып алған болса, ақшаны қайтарып беру кепілі, демалудың жекелей түрлеріне деген тұты-нушылар қажеттіліктерін ескеру, іскерлік сапарларға шақыру.

Туристік фирманың маркетингті қолдануы оның нарықта жетістікке жетуіне, өз қызметінде жоғарғы тиімділікке және бәсеке қабілеттілікке жетуіне септігін тигізеді.

ҚОРЫТЫНДЫ 

Кәсіпорындарды құру және олардың құрылымдық бөлімшелерінің негізіне өндірістік үрдістер жатады. Өндірістік үрдіс дегеніміз шикізаттар мен материалдардың дайын өнімге айналу үрдісіне бағытталған жеке еңбек үрдістерінің жиынтығын көрсетеді. Өндірістік үрдістің мазмұны кәсіпорынның және оның өндірістік бөлімшелерінің құрылуына тікелей әсер етеді.

Туристік кәсіпорынды атқарылатын қызметтердің интеллектуальды көрсетуіне бағытталған шаруашылық субъектілері деп қарастыруға болады.

Туристік кәсіпорындардағы негізгі өндірістік үрдістер туристік өнімдерді дайындау, ұйымдастыру және жылжытумен байланысты.

Туристік кәсіпорындардағы негізгі өндірістік үрдістерді туристермен жұмыс, турларды ұйымдастыру және өткізу бойынша партнерлермен жұмыс істеу деп қарауға болады.

Туристік кәсіпорындардағы қосымша өндірістік үрдістер қатарына мынадай қызмет түрлері жатқызылады: шетелдік төлқұжаттар мен визаларды дайындау және т.б.

Туристік өнім бұл туристік экскурсиялық кәсіпорындардың туристерге ұсынатын кешенді қызметі.

Негізгі туристік қызметтерге мыналар жатады: орналастыру, тамақтандыру,транспорттық қызметтер, транспортпен бірге (туристерді аэропорттан қонақ үйге жеткізу және қонақ үйден аэропортқа жеткізу жатады), экскурсиялық қызметтер, оған аудармашы гидтің қызметі кіреді.)

Өндірістік құрылымды жасау кезінде туристік кәсіпорындар сәйкесінше құрылымдық бөлімшелерге бөлінуі керек.

Туристік кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымын қызметтің келесі бағыттарына маманданған топтар (бөлімдер) құрайды:

  • турларды дайындау және ұйымдастыру;
  • турларды басқару;
  • турлар мен клиенттермен жұмысты іске асыру;
  • жарнама және маркетинг;
  • ақпараттар мен талдау.

Туристік фирманың ұйымдастыру және басқару құрылымы компанияның міндеттері мен стратегиялары арқылы анықталады, бірақ әдетте жалпы жетекшілік жасайтын және фирманың жалпы стратегиясын жасайтын басшы, сонымен қатар маркетинг және жарнама, бухгалтерия, делдалдық операциялар бөлімдері болады.

Туристік қызметтер нарығының әрі қарайғы дамуы мен бәсекеге қабілетті туристік өнім өндіруі үшін әртүрлі бағыттарды қолдану қажет. Осындай бағыттардың бірі – туристік агенттіктер мен турфирмалар қызметінде маркетингті қолдану болып табылады.

Сонымен туристік кәсіпорынның өндірістік құрылымы өндірістік үрдістерден құралады. Олар туристік өнім, туристік фирмалардың қызметтерін құрайды, ал туристік маркетинг турфирманың туристік өнімдері мен қызметін өткізу нарығын кеңейту мақсатында қолданылады.

You May Also Like

Тамақтануда минералды заттар проблемасының гигиеналық аспектілері

Тамақтануда минералды заттар проблемасының гигиеналық аспектілері Мақсаты: Студенттерді минералды заттардың физиологиялық маңызымен…

Приложение для мест, где можно провести время в одиночку или с компанией 

Приложение для мест, где можно провести время в одиночку или с компанией …

Анар білезігі

Қажетті өнімдер: – 2 қызылша; -1 пияз; – 2 картоп; – 2…

Физикадан есептерді шығару тәсілінде алгоритмді қолдану

Физикадан есептерді шығару тәсілінде алгоритмді қолдану    Есеп шығару физиканы оқыту процесінің…