Қажетті өнімдер:

– 2 қызылша;
-1 пияз;
– 2 картоп;
– 2 сәбіз;
– 200 г қақталған тауық еті;
– 2 жұмыртқа; -1-2 анар;
-1-2 тісше сарымсақ;
– грек жаңғақтары;
– майонез;
– тұз, бұрыш.

Дайындалуы:
1. Қызылша, картоп, сәбіз, жұмыртқаны қайнатыңыз.
2. Піскен көкөністерді үлкен көзді үккіштен өткізіңіз.
3. Сарымсақты қысқыштан өткізіп, майонезбен араластырыңыз.
4. Тауық етін қалауыңызға қарай тураңыз.
5. Пиязды қуырып, тұздаңыз.
6. Тәрелкенің ортасына стақан қойып, көкөністерді ретімен қабаттай саламыз. Арасы-на майонез жағуды ұмытпаңыз.
7. Мынадай ретпен салсаңыз болады: картоп-қызылша (жартысы) + сәбіз+ грек жаңғақтары + қуырылған пияз + тауық еті + қызылшаның қалғаны. Осылардың арасына майонезді жағып отыруды ұмытпаңыз.
8. Стақанды алып тастап, бетін анар дәндерімен толықтай көмкеріңіз.
Салатымыз дайын! Ас дәмді болғай!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Елдікті сақтаған ерлік, өлең

Экологиялық проблемалардың экономикалық аспектілері. Қазақстанда шешілу процесі

Экологиялық проблемалардың экономикалық аспектілері. Қазақстанда шешілу процесі Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім Экологиялық…

Көздің жасаурағанын емдеу

Жұмыртқаны суға пісіріп, сыртқы қабығымен бөліп, ортасындағы сары уызын алып, орнына құмшекер…

Жылқы терісі

Әртүрлі былғарылық тері шикізатының тауарлық сипаттамасы Әртүрлі үй жануарлары мен жабайы аңдар…