Әртүрлі былғарылық тері шикізатының тауарлық сипаттамасы
Әртүрлі үй жануарлары мен жабайы аңдар және теңіз жануарларының
ӛңдеуге жарамды терілерін тері шикізаты деп атайды. Сүт қоректі
жануарлардың тері жабынының құрылысы негізінен ұқсас болып келеді.
Алайда әртүрлі жануарлардың терілері құрылысы, химиялық құрамы,
қалыңдығы, пішіні, салмағы, кӛлемі(аумағы), топографиялық бӛліктерінің
ара қатынасы, жүн жабынының қоюлығы (нығыздығы), жүн талшығының
жуан-жіңішкелігі мен ұзыңдығы т.б. қасиеттері бойынша ӛзара
айырмашылықта болады.
Сонымен қатар бір түрлі жануар терілерінің ӛзі тауарлық қасиеттері
бойынша тұқымы, орналасқан ӛлкесі, бағым күтім жағдайы, азықтануы,
жынысы, жасы, сойылған мерзімі қатарлы ықпалдың әсерімен ерекшеленеді.
Сондықтан тері шикізатын ӛдірісте ӛңдеген кезде жоғарыдағы
айырмашылықтар мен ерекшеліктері бойынша жіктеп енгізу арқылы
технологиялық процесстерді сәйкестендіру (үйлестіру) кӛзделеді.
Тері шикізатының негізгі түрлеріне сиыр, жылқы, қой, ешкі, шошқа
және жабайы тұяқты аң терілері жатады.
Терінің ӛңдеу тәсілі мен ӛндірістік мақсатын анықтау оның сапасы мен
тауарлық қасиеттеріне негізделеді. Мысалы сиыр терісі әдетте аяқ киім,
техникалық және ер-тұрмандық мақсатта пайдаланылады, ал қой терісі
негізінен киім-кешектік максатқа арналып ӛңделеді.
1.4.2 Жылқы терісі
Сиыр терісіне қарағанда жылқы терісінің қалыңдығы біркелкі емес. Жон
терісі ӛте қалың, арқа бӛлігі жұқа. Арқа бӛлігінде тер және май бездері
кӛптеп арналасқан. Коллаген талшықтары жіңішке, талшық шоғырларының
ӛрімі нығыз емес. Жылқы терісінің жон мен арқа бӛлігінің (артқы және
алдыңғы бӛлік) айырмашылығына байланысты ӛндірісте оларды екіге бӛліп
жеке-жеке ӛңдейді. Яғни ӛңдеу технологиясы әртүрлі. Бұл екі бӛлікті жая
мен жон арқа аралығында бір-біріне қарама-қарсы бағытта ӛскен жүн
(қылшық) арқылы ажыратуға болады.
Жаяның екі жағында бірдей мӛлшерде екі сопақша бӛлік симметриялы
түрде орналасқан. Бұлардың құрылысы ӛте тығыз және берік. Дерманың орта
бӛлігінің кӛлденең қимасын микроскоппен қарағанда әйнек немесе сіңір
сияқты кӛрінеді. Сондықтан бұл бӛліктерді «шпигель» (неміс тілінде «айна»)
деп атайды.
Гистологиялық құрылысы бойынша жылқы терісі сиыр терісінен
біршама айырмашылықта. Эпидермистің қалыңдығы дерманың жалпы
қалыңдығының 2-3%–на тең. Емізікті қабат дерманың жалпы қалыңдығының
35-40% иеленеді. Талшық (жүн) дорбашығы кӛптеп орналасқандықтан
құрылысы сирек. Торлы қабат сиыр терісіне қарағанда аз дамыған. Жіңішке
талшықтар терінің барлық аумағында сирек құрылым түзеді, тек шпигельде
ғана нығыз.
Тер және май бездері күшті дамыған, әсіресе бауыр бӛлігінде тұтастай
қабат тәрізді орналасқандықтан терінің торлы және емізікті қабаттарының
беріктігін азайтады.
Құлынның терісін жүн жабынының жағдайына қарай үлпек жүнді
бұйым (ГОСТ 21275-75) немесе былғарылық (ГОСТ 28425-90) мақсатта
ӛңдейді.
Ӛңделмеген үлпек жүнді құлын терілері ГОСТ 21275-75 техникалық
шарттарға сәйкес жасына байланысты
құлын терісі:
жылбысқы (жеребок-склизок) – тумаған немесе ӛлі туған құлындардың
терілері,
еміп жүрген құлын терісі (жеребок-сосун) – 3 айға дейінгі құлын
терілері
құлын терісі (жеребок-уросток) – 3-6 айға дейінгі құлын терілері деп
бӛлінеді.
Былғары шикізат ГОСТ 28425-90 техникалық шарттарға сәйкес былғары
шикізаты жануарлардың түріне және терілердің салмағына байланысты ұсақ,
ірі және шошқа терісі шикізаты болып бӛлінеді.

Ұсақ былғары тері шикізаты тобына бұзаудың, құлынның, ботаның (10 кг),
сонымен қатар қозы және лақтың тері түрлері жатады.
құлын терісі:
жылбысқы (склизок) – тумаған немесе ӛлі туған құлындардың терілері, жас
құлын терісі (жеребок) – желін еметін және жүріп жайылуға жарайтын 5кг-ға
дейін салмағы бар құлын терілері
құлын терісі (выметка) – жылқы тӛлінің салмағы 5кг-нан 10 кг-ға дейінгі
терілері,
Ірі былғары шикізатына салмағы 10 кг-нан асатын терілердің барлық
түрлері жатады.
Жылқы терісі (конина) – салмағы: жеңіл – 10-17 кг, ауыр 17кг-нан
жоғары.
Жылқы терісінің алдыңғы бӛліктері (конский перед) – салмағы: жеңіл –
12 кг-ға дейін, ауыр 12кг-нан жоғары.
Жылқы терісінің артқы бӛліктері (конский хаз) – салмағы: жеңіл – 5 кг-ға
дейін, ауыр 5кг-нан жоғары.
Жылқы терісінің алдыңғы бӛлігінің қалыңдығы 1,5-3,0 мм болса, артқы
бӛлігінікі 2-4 мм. Жарамдылығы әртүрлі болғандықтан, шикізат кезінде
жылқы терісін алдыңғы және артқы терісі деп екі бӛлікке бӛліп, әртүрлі
партияларға сұрыптайды. Жылқының жая бӛлігінің терісі ӛте тығыз келеді,
үйкеліске тӛзімді, мықты, берік, су және ауа ӛткізбейді, ұлтан жасауға
пайдаланады. Терінің арқа бӛлігі етіктің басы мен қонышына арналып
ӛңделеді. Тайдың терісін артқы және алдыңғы бӛлікке бӛлмейді, етіктің
жоғарғы бӛлігіне арнап хромдық илеу әдісімен ӛңдейді.
Жүн жамылғысы қысқа, қатты қылшық талшықтардан және түбіттен
тұрады. Қылшық талшық емізікті қабатына кӛлбеу орналасқан.
Жылқы қылдары ұзындау, жуан, серпінді, үзілуге тӛзімді болғандықтан,
әртүрлі сырлауыш щеткаларды, тастарды немесе металлдарды тегістейтін
шарықтарды, сырт киімдердің жағасын тіктейтін қылшық, жиһаз бен матрац
ішін толтыру, қыл арқан, музыкалық аспаптар ішектерін, қармақ жіптерін,
майлы дәндерді салуға арналған қаптарды, сүзгілерді дайындауда
таптырмайтын шикізат болып табылады
ГОСТ 12859-67 «Жылқы және ірі қара малдары қылы» бойынша
жылқының қылын қатты, жұмсақ, тарам қылы және ұйысқан деп бӛледі.
Қатты – жылқы және жылқын терісінің құйрығынан қырқылып
алынған
жилка – жылқы терісінің құйымшағынан қырқылып алынған, будаға
байланған, 60 см-ден ұзын, біркелкі жуандықтағы қылы
нағыз құйрық (косица (хвост-оригинал)) – жылқы терісінің
құйымшағынан қырқылып алынған, будаға байланған, 45 см-ден ұзын
шорт кесілген (подкос) – жылқы терісінің құйымшағынан қырқылып
алынған, будаға байланған, 45 см-ден қысқа
кесік (обруб или подрез) – тірі жылқының құйрығының тӛменгі
бӛлігінен қырқылып алынған, будаға байланған, 10 см-ден қысқа. Қылы
жылтыр, түзу, иілгіш.
Жұмсақ – жылқы терісінің мойын, бас, аяқтарынан қырқылған алынған
жал (грива) – жылқы терісінің мойын, басынан қырқылған алынған,
будаға байланған, 10 см-ден қысқа (шоқытығының кекілі (холка-челка) де
кіреді). Қылы жіңішке, аздаған ирегі бар.
шаша қыл (конская щетка) – аяқтарынан (тұяғының үстіңгі жағынан)
қырқылып алынған, будаға байланған. Қылы жіңішке, түзу, ақыры кенет
ұшталған болады.
құлын қылы (хвост жеребенка) – құлынның құйымшағынан қырқылып
алынған, будаға байланған, жұмсақ, жіңішке, бұйра.
Тарам қыл және ұйысқан – тарам қыл (очес), ұйысқан (свалка) деп
бӛледі.
тарам қыл (очес) – жылқыны тазалаған және сұрыптап іріктеген кезде
алынатын жал және құйрығының шатасқан қылдар.
ұйысқан (свалка) – жылқы және жылқы терісінің жал және құйрығынан
қырқылып алынған жабағыланып, шатасқан қалдар.

You May Also Like

Mathcad – қолданбалы программа пакетімен танысу

Mathcad – қолданбалы программа пакетімен танысу Mathcad – компьютерлік математикалық жүйесі. Дербес…

Қамқор әпке, шығарма

Адамның табиғи ырғақтары. Биоритмология

Адамның табиғи ырғақтары. Биоритмология Биологиялық жүйелерде тіршіліктің барлық деңгейінде кездесетін оралымды құбылыстар…

Туған жерім- мақтанышым

Туған жерім- мақтанышым «Туған жер-алтын бесігім» дегендей, туған жерсіз адамның күні жоқ.…