Тақырыбы: Құрманың пайдасы

МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе ……………………………………………………………………………………1

ІІ. Негізгі бөлім

  1. 1 Құрма өсімдігіне сипаттама және оның тарихы…………………….2
  2. 2 Құрманың түрлері……………………………………… 4
  3. 3 Құрманың медициналық тұрғыдан пайдалары…………………. 5
  4. 4 Тәжірибе. Құрманы таңдау жолдары…………………………………………………………………6

Аннотация                                                                                                        

Құрма- арабтардың күнкөрісінде маңызды орын алатын иісі мүлдем білінбейтін бірақ дәмі тіл үйіретін тәтті жеміс. Бұл жеміс тарихшылардың айтуы бойынша,адамзат тарихының 3500- 4000 мың жыл бұрын пайда болған.Құрманың 500 –ге тарта түрі субтропиктік және тропиктік аймақтарда таралған.Мен құрма жемісін зерттей отырып, қазақ халқыма құрманың қасиеті мен пайдасын жеткізгім  келді. Бұл ғылыми жұмысымда құрманың ерекше қасиеттері мен емдік ерекшеліктерін  кеңінен насихаттап нақты деректер  келтірдім.Сонымен бірге құрма жемісінің емдік қасиеттерінің тиімді пайдаланудың жолдары көрсетілді.

Финики-сладкий фрукт, обладающий не совсем выраженным запахом, но привкусом, который занимает важное место в жизни арабов. Этот плод,по мнению историков, зародился 3500 – 4000 тысяч лет назад в истории человечества.Около 500 видов хурмы распространены в субтропических и тропических регионах.Изучая плоды финики, я хотел донести до казахского народа свойства и пользу финики. В этой научной работе я привел конкретные факты, популяризировав уникальные свойства и лечебные особенности финики.Также были продемонстрированы способы эффективного использования целебных свойств плодов финики.

Dates are a sweet fruit that has not quite a pronounced smell, but a taste that occupies an important place in the life of Arabs. This fruit, according to historians, originated 3500 – 4000 thousand years ago in the history of mankind.About 500 species of persimmon are distributed in subtropical and tropical regions.Studying the fruits of dates, I wanted to convey to the Kazakh people the properties and benefits of dates. In this scientific work, I have given specific facts, popularizing the unique properties and medicinal features of dates.The methods of effective use of the healing properties of the fruits of dates were also demonstrated.

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі –құрманың құрамы мен емдік қасиеттерін анықтау,дәріптеу.

Зерттеудің мақсаты: Құрманың өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның пайдалы жақтарына терең талдау жасау. Құрманы тұрмыста пайдалану және оның емдік қасиеттерін ашып көрсету.

Міндеттері:

– Құрма өсімдігіне сипаттама жасау және оның тарихын танып-білу;

– Сан түрлі дерттің шипасы — құрма екенін анықтау;

– Құрманың медициналық тұрғыдан пайдаларын зерттеп білу;

– Тәжірибе жүзінде құрманы қалай таңдау керектігін көрсетем;

ІІ Негізгі бөлім

  1. 1 Құрма өсімдігіне сипаттама және оның тарихы

Құрма — тік шаншылып, 24 метр биіктікке дейін өсетін  құрма пальмасы. Құрма ыстық климатты аймақтарда өсіріледі. Құрма өсіру шаруашылығымен айналысатын елдерге: Сауд Арабиясы, Ирак, Алжир, Мысыр, Судан мемлекеттері жатады . Құрма туысына ағаштар және бұталы өсімдіктер жатады.

Құрманың 500-ге тарта түрі бар. Құрманың бойында көмірсулар (60-65%), мыс, темір, мырыш, кобальт, калий, фосфор, күкірт, бор, алюминий, кадмий, сонымен қатар тиамин, ниацин, рибофлавин, фолацин, пиридоксин, К дәрумені, тағамдық талшықтар, фтор, селен, пектин және аминоқышқылдардың 23 түрі бар.

Кептірген жемісінде 52% қант, 48% глюкоза болады. Құрма тұқым күйінде және телу, ұластыру арқылы өсіріледі.

Құрманы тұқымынан өсіргенде 5-7   жылда, ұластырылғандары 3-4 жылда жеміс береді. Ірі ағаштары жылына 250 кг-ға дейін өнім береді.

Салмағы 8 кг-ға дейін жететін бір шоғырына мыңнан аса жеміс бітеді. Әр ағашынан 40-80 кг жеміс алуға болады. Шамамен 150 жылға дейін өмір сүреді.

Ғылыми деректер құрманың шыққан жері ретінде Парсы шығанағын көрсетеді. Жеміс өсетін құрма пальмасы – Африка мен Азияның шөлді аймақтарында көптеп кездеседі. Жергілікті тұрғындар құрманы «оазис патшайымы», тіпті кейде «өмір ағашы» деп атайды екен.

Бүгінде піскеніне, кепкеніне, көлеміне, пайдасына, дәміне, түр-түсіне қарай бөлгенде, құрманың 18-ге жуық түрі белгілі. Оның екі түрі кең тараған. Жаңа піскені, кепкені, ірісі, кішісі, емге жарамдысы, дәмі, түр-түсіне қарай құрманың көптеген түрлері бар

  1. 2 Құрманың түрлері.

Құрма – адамзат баласының барлығына танымал, ең көне жеміс болып табылады. Өзінің нәзік, тәтті әрі құнарлы сипатымен қазіргі таңда да көптеген әлем елдеріндегі маңызы зор жеміс болып отыр. Құрманың құрамында А,В1, В2, Е, С, Р дәрумендері, натрий, калий, магний, калций, темір, фосфат, қант, антиоксиданттар, органикалық қышқылдар, ақуыздар, көмірсулар бар. Арабтар: «құрма жеңіз де, тісіңізді қорғаңыз» деп айтып жатады. Бұлай дейтіндері тегін емес, оның құрамындағы кальций мен темір тіс күтімі үшін аса қажет микроэлементтер екендігіне таласымыз жоқ. Жеміс құрамындағы қанттар, әсіресе глюкоза, фруктоза және калий жүрек-тамыр жүйесін қамтамасыз етеді. Қан аздыққа да өте пайдалы. Жеміс бета-каротинге бай болғандықтан, көру қабілетін жақсартып, тыныс алу жүйесін қамтамасыз етеді. Ол сергіткіш әсер беріп, жұмыс істеу қабілетін күшейтеді. Мамандар миға салмақ түсіретін, қарбаласта жұмыс істейтіндерге жемісті үзбей  жеп тұруға кеңес береді. Ұмытшақ болсаңыз, құрмамен жолдас болыңыз. Құрамындағы каротиннің көптігі теріге де пайдалы.

Бетке безеу шыққанда, бетте ұсақ тесіктер пайда болғанда олармен бірден-бір күресуші құрма жемісі болып табылады. Бұл жемістен бетке маска жасаған да, денеге арналған гель қолданған да пайдалы. Ол денені ылғалдандырады және жасартады.Ғалымдар бұл жемістің барлық жаңа қырын және таңқалдырарлық ерекшелігін әрі таңдаулы ас екендігін ғана емес, небір түрлі ауру- сырқаудың таптырмас емшісі екендігін анықтап отыр. Құрманың құрамында үлкен мөлшерде қант бар екен, яғни 60-65 пайыз. Бұл барлық жемістермен салыстырғандағы ең үлкен көрсеткіш.                                           4

Құрманың құрамында ойдың жүйелі болуына және денсаулыққа пайдалы 10 түрлі элемент бар. Бүгінде ғалымдар адам баласының тек құрма мен суды азық етіп, бірнеше жыл өмір сүре алатындығын анықтап отыр .Сонымен қатар, құрмада ағзаға тез сіңетін және де жылдам ыдыраушы қант шырыны бар. Ол ағзаның белсенділігін арттырып, жылу күшімен  қамтамасыз етіп отырады. Құрмадағы  қант шырыны ағзада қант құрамын мөлшерден асырушы кәдімгі  қанттан, глюкозадан айырмашылығы көп. Қант құрамындағы қанттың көтерілуі бірнеше сырқаты бар жандар үшін өте қауіпті, соның ішінде қант диабеті кезінде. Қан құрамында қанттың көбеюі іш құрлысқа зиянын тигізеді. 

2.3 Құрманың медициналық тұрғыдан пайдалары.

Соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулер нәтижесінде құрманың көптеген қасиеттері ашылған. Түркиядағы әйгілі Сема емханасының Тағамтану және диета бөлімінің маманы Хайреддин Мутлуның айтуынша, құрма лиф, минерал, фенол тұрғысынан әрі натрий, калий, магний, калций, темір, фосфат секілді минералдарға өте бай. Атап айтқанда, ол құрманың қасиеттерін былай жүйелеп көрсеткен: Протеин, май, көмір суын (углевод) – үшеуін қатар қамтитын бірден бір жеміс. Тамақ ауруына, жөтелге пайдалы; B1, B2 витаминдерінің қатар кездесуі бауырды сауықтырады; Қатерлі ісіктен (рак) сақтайды, жүрек қан тамырларына таптырмайтын ем; Жас құрма теріге оң ықпал етеді, жүктілік пен күнге күюден түскен дақтарды кетіреді; Жеңіл босануға септігін тигізеді. Босанған әйелдердің әлсіреген денесін тыңайтып, сергектігін арттырады. Құрамында фосфор мен калцийдің молдығы сүйек ауруларынан қорғайды;   Құрамындағы темір қан аздыққа пайдалы; Мидың жұмыс істеу қабілетін күшейтеді;.Жүйке жүйесінің шаршауын басады;  Құрма – қатерлі ісік (рак) ауруына қарсы заттарға бай.

Әсіресе, құрманың магнийге өте бай болуы, оны барлық өзге пайдалы тағамдар мен жемістердің ең алдынғы қатарына шығарған. Магнийдің маңызды болуының мәні мынада: ол адам ағзасында аса қатерлі рак ауруының пайда болуына тосқауыл қояды. Осы себепті де құрманы тағам ретінде үнемі қолданушы аймақ тұрғындары мұндай аса қауіпті дерттің барын білмейді.

2.4 Тәжірибе. Құрманы таңдау жолдары.

Жеміс-жидекпен көкөніс аларда мұқият қарап, таңдап алатынымыз секілді, құрманыда сыртқы қасиеттеріне мән беріп таңдау керек.

Біріншіден, құрманың түсі біркелкі қанық қоңыр түсті және жылтыр болмауы керек. Құрманың беті жылтыр болса,оны қантты шәрбәтпен өндеген болуы мүмкін.Құрманың кемшіліктерін  жасырып әрі тәтті дәм беру мақсатында осылай өнделеді.Мұндай құрма жабыспақ болып келеді.Сондықтан оның үстіне қоқыс пен шаң- тозаң тез жиналғыш келеді.Оны қалай тексереміз?Құрмаға полиэтилен пакетін кигізсе, ол жабысып қалады.

Екіншіден, зақымдалмаған қабықты құрма алған дұрыс.Себебі жарылған жерлеріне зиянкестер шоғырлануы ықтимал.

Үшіншіден ,құрманың ішінде сүйегі не дәнегі болғаны дұрыс.

Төртіншіден,құрманың жұмсақ болғаны да,қатты болғаны тұтынушы үшін аса пайдалы емес.Себебі тым  жұмсақ болса, құрамында ылғалдың көп деген сөз.Ал тым құрғақ болса,ұзақ сақталған немесе піспей қалған болуы мүмкін.Сондай-ақ құрманың артық иісі,арасы бос болмауы тиіс және бетінен қант айқын көрініп тұрса,тұтынбаған абзал.

ІІІ бөлімі: Қорытынды.

Бір сөзбен айтқанда, түрлі витаминге бай, тойымды әрі емдік қасиеті мол құрма – ғажап жеміс. Ендеше, осы ғажап жемістен дәм татқан сайын жомарттығы шексіз Жаратушы иемізді еске алып, шүкіршілік етейік…

Ұсынысым:

Елімізде арнайы құрма өсіретін жылыжайлар салынса;

Құрманың пайдасы туралы зерттеу жұмыстары кеңінен жүргізіліп, қарапайым халыққа дәрігерлер тұрғысынан насихатталса.

You May Also Like

Арқа жерінің тарихи тұлғалары, ғылыми жоба слайд

Маленькая батарейка и её большой вред, исследования

Тема исследования «Маленькая батарейка и её большой вред» Оглавление Введение Основная часть…

Туған жер  – тұнған шежіре, ғылыми жоба

Туған жер  – тұнған шежіре. «Отан өз іргеңнен, тарих өз көкірегіңнен бастау…

Теңдеу- математиканың іргетасы, ғылыми жоба слайд