Кіріспе
1 Жылқыларды ұстаудың жүйелері мен әдістері
1.1 Жылқылардың биологиялық ерекшеліктері
1.2 Жылқыларға арналған қораларға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар
1.4 Ат қорадағы қолайлы микроклимат көрсеткіштері
1.6 Айғыр гигиенасы
1.8 Айғырдың жыныстық пайдалану нормасы
2 Бие гигиенасы
2.1 Бие сауу гигиенасы
2.2 Құлын өсіру гигиенасы
2.4 Су және мал суару гигиенасы
2.6 Мал азығы мен азықтандыру гигиенасы
2.8 Малды жайылымда күтіп-бағу гигиенасы
3 Ат қораны күту
3.1 Ат қора температурасы
3.2 Жұмыс жылқыларын ұстау гигиенасы
3.4 Жылқы терісің күту
3.6 Жылқы тұяғын күту
3.8 Жылқыны күту ережелері
4 Спорттық жылқыларды ұстау гигиенасы
4.1 Жылқының ас қорыту және зат алмасу ерекшеліктері
4.2 Жылқыларды бордақылау гигиенасы
Қорытынды

Мазмұны

Кіріспе 

Басқа мал түлігінің ішінде жылқының алатын орны ертеден-ақ ерекше болатын. Өндіргіш күштер мен техниканың мыңдаған жылдар бойы жетілуіне орай жылқының мән-маңызы да өзгереді. Жылқының шаруашылыққа пайдалы қасиеттері ұшан-теңіз. Ол мінсе-көлік, сүті-қасиетті диеталық сусын, еті-дәмді тағам. Осы қасиеттерін былай қойғанда ертедегі диқандар оны жер өңдеуге пайдаланып, еңбек өнімділігін арттырған. Жылқыны спорт пен әскерге пайдалануы да оның маңызының күшейіп, мәнінің артуына зор ықпалын тигізеді. Қазіргі кезде жылқы санын арттыру, оны өз төлінен өсіру, ауыл шаруашылығы және тасымалдау жұмыстарына тиімді пайдалану міндеттері қойылуда. Шаруашылықтарда құлын өсіріп, етке сойылатын жылқыны мемлекеттік сатып алу тәртібі белгіленеді. Қазақстанның тиісті аймақтарында етті бағыттағы тебінді жылқы шаруашылығын жетілдіру, сондай-ақ қымыз өндіретін фермалар ұйымдастыру мәселелері де қарастырылған. Жылқы өсірумен айналысатын кісілерді материалдық ынталандыруды күшейту шаралары да қарастырылуда. Бұрыннан бар тұқымдарды, аталық ізімен аналық ұялары одан әрі жетілдіру және жаңадан шығару мақсатымен жылқы шаруашылығында селекциялық тұқым асылдандыру жұмыстарын жақсарту жөнінде көптеген шаралар белгіленуі қажет. Жылқының зат алмасуына атқаратын жұмысы да ықпал етеді. Ауыр қара жұмыстағы жұмыс аттары мен жылдам қимылдайтын мініс және спорт аттары энергетикалық мұқтаждығын алғашқы 3 сағат мерзімінде желінген жемшөптің жеңіл қорытылатын көмірсулармен қанағаттандыратының ескеріп, осы мерзімде оларды толықтыруды ойластыру қажет. Ол үшін жылқыға жеңіл қорытылатын энергетикалық қуаттылығы жоғары жемшөп етінде шырынды қызылша, сәбіз, картоп секілді тамыр-түйнек жемістілерді береді. Бірақ бұл азықтар аттың ас қорыту жолындағы ашық үрдісін өрістеп, атқарылатын жұмысына кедергі келтіретіндіктен, олардың кӛліктік және мініс аттарына берілетін мөлшерін шектейді. Бұл курстық жұмыстың мақсаты – жылқы түлікті өсіру, өркендету. Ол үшін жылқыны дұрыс бағып-күту, ұстау жүйелерін ұйымдастыру, шаруашылық жағдайында санитарлық-гигиеналық талаптарды кеңінен енгізу бұл саладағы негізгі міндеттер.

1 Жылқыларды ұстаудың жүйелері мен әдістері 

Ж.Мырзабеков пен П.Ибрагимовтың (2004 ж.) еңбектерінде жылқыларды ұстау мен әдістерін баяндады. Жылқыны республикамызда әртүрлі бағытта пайдаланады.Атап айтқанда ол күш көлігі ретінде, ет – сүт өндіру үшін, асыл тұқымды мал өсіру мақсатында, спортқа қолдану, әрі донор ретінде де пайдаланады. Жылқы күш көлігі ретінде үш бағытта қолданылады: міну, жегу және жүк арту ретінде. Жылқыны асыл тұқымды бағытта қолданудың басты міндеті-асылдандыру және асыл тұқымды жас мал өсіру. Тауарлы жылқы шаруашылығы – бұл жылқы етін, шипалы сусын – қымызды өндіреді. Арнаулы бордақыда бағып, оны сойса жылқы еті өте шипалы тағам екендігін айтпай-ақ білуге болады. Мысалы, жылқы етінде 17-ден 24 пайызға дейін белок бар, ал 1-ден 2 пайызға дейін май бар, орташа калориясы 940-1566 Дж аралығында болады екен. Ал енді жылқы майы биологиялық активті компоненттерге өте бай. Қазақстанда өсірілетін спорттық аттар дүние жүзінде басты орындар алған. Мысалы, үш дүркін олимпиада чемпионы,  бірнеше рет Одақ чемпионы Абсентті айтуға болады. Бұл туралы алпысыншы жылдары Абсентті Қазақстанның бірінші жұлдызы деп атады. Н.Керімбаевтің (1968) еңбегі бойынша жылқыны бағып-күтуіне сипаттама берді. Географиялық және климаттық жағдайға байланысты әрбәр зонада жылқыны күтіп-бағудың өзіндік ерекшеліктері болады.Жылқы шаруашылығында оның екі жүйесі қолданылады:қорада және табында.Бұл жүйелерді қолдану жылқының тұқымына,шаруашылықта малды қолдану бағытына,жергілікті жердің жағдайына және шаруашылықтың экономикалық жағдайына байланысты болады. Жылқыны қорада ұстау жүйесі еліміздің барлық аудандарында асыл тұқымды,тауарлы соның ішінде қымыз өндіру кәсіпорындарында қолданылып келеді.Жылқыларды қорада ұстаудың өзі әжіреде(денникте) және топтап ұстау тәсілі болып бөлінеді. Мысалы, айғырларды, жас жаратылатын малдарды әжіреде ұстайды;асыл тұқымды және жұмысқа пайдаланатын құлынды биелерді,жарататын жас малдарды, желгіш және ауыр салмақты жылқыны әжіреде немесе секцияда ұстайды, жұмыс көлігін-қорада байлап ұстайды.

Жылқыны қорада ұстағанда міндетті түрде аттарды серуендету үшін шарбақ (паддоки)тұрғызу қажет. Айғырлар үшін шарбақтың көлемі 600 м, жас жарататын малдар үшін 400 м, ал басқа жылқы топтары үшін 200 м. Жұмыс көлігінде шарбақ тұрғызудың қажеті жоқ, бірақ малды күтіп-тазалау үшін далада оны байлайтын орын қажет.

Жылқылардың шарушылықтағы бағытына қарай жаздыкүні тәулік бойы,немесе тек күндіз жайылымда бағады да,ал түнде қорада ұстап,аздап азықтандырып қояды. Жылқыларды табындық жүйеде ұстаудың екі түрі бар: сүрыпталған табында және жетілдірген табында (жақсартылған).     

Сұрыпталған табын жүйесінде жылқыларды жылдың көп уақытысында табында бағады, мұнда жынысы жағынан да, жасы жағынан да біріңғай топ болу керек.Ал жылдың суық кезінде осы топтарға қора жай салу керек.Бұл жүйені асыл тұқымды және тауарлы фермаларда қолдануға болады.

Жетілдірген табын жүйесінде жылқылар жыл бойы жайылымда – табында болады.Күннің бұзылған кезінде (-15-20 )малды жеңілдеу қора, қалқан базаларда ұстайды(айғырларға,буаз биелерге),ал қалған мал басына жайылым басында қалқан немесе уақытша бастырмалар ұйымдастырылады (ол жерде аздаған жем-шөптің қоры болуы керек). Бұл жүйе тауарлы шаруашылықтарда қолданылады. Сұрыптаған табын жүйесімен жылқыларды күтіп-баққанда енесінен құлындарды 6-7 айлық жасында ажыратуды ұйымдастыру керек. Барлық жүйелерде жылқыларды күтіп-баққанда биелердің құлындау мерзімдері бір маусымда өтеді,яғни жылдың бірінші жартысында[1]. 

1.1 Жылқылардың биологиялық ерекшеліктері 

Б.Әкімбековтің (2007) дерктерінде биелердің өнімділігіне жөнінде мәлімдемелер берген. Жылқының өнімділігін,асыл тұқымды қасиетін және денсаулығын сақтау үшін ең басты зоогигиеналық шаралардың бірі азықтандыру ережесін қатал орындап, малды күтіп-бағу жүйесін сақтау керек. Азық рационында барлық жұғымды заттардың, оның ішінде протеиннің қажетті мөлшері, минералдық заттар (кальций,фосфор,натрий,хлор және т.б.) және витаминдердің (каротин,витамин Д, В, С) тағы басқа да құнды заттардың болғаны дұрыс. Жылқының ас қорыту және қарынның анатомиалық құрылыс ерекшелігін ескеретін болсақ, онда жылқы азықты басқа малдарға қарағанда аз мөлшерде қабылдайды. Жылқыны азықтандыру үшін құрама жемді көбірек беру керек, ал енді шөптің өте жақсы жарамдысы – тоғайдағы шөп, жоңышқа, беде (тимофеевка), ат қонақ (костер), арпабас (житняк), бидайық және т.б.

Майдаланған азықтың тәуірі – сұлының сабаны және оның майдасы, дәнді азықтардың сабанын кесіп беру керек және піскен картопты беруге болады. Ал шырынды азықтың ішінде өте құндысы сәбіз, қант қызылшасы. Жылқыны азықтандырудағы құрама жемнің ішіндегі ең жағымдысы – арпа, сұлы, жүгері, бидай ұны, күнжара, қонақ және азық бұршағы.Американдықтар аттарды азықтандыруда мынандай қоспа жасайды: 12 бөлік жүгері, 4 бөлік сұлы, 1 бөлік күнжара.Әрине жаздыкүні ең жақсысы жайылымдағы көк шөп. Е.Демеуғалиевтің (2000) пайымдауынша, малды, әсіресе биелерді азықтандырғанда оның қоңдылығының төмендігіне аса көңіл аудару керек, себебі, ол нашар азықтандырғаннан немесе ішек – қарынның қабынуынан,тісінің жоқтығынан, зат алмасудың бұзылуынан, құрт ауруынан болуы мүмкін. Мұндай биелерді жекелеп азықтандыру керек.

Ал енді биенің қоңдылығын және денсаулығын сақтау үшін оларға әр уақытта минералды (макро – микроэлементтерді) заттарды және витаминдерді беріп тұру өте маңызды рөл атқарады. Жаздыкүні әр атқа 30-50 г,ал қыстыкүні 20-30 г тұз беріп тұру керек, егер биелерге сапасы төмен шөп,соның ішінде қышқыл дән көбірек болса немесе шөп жаңбырдың астында қалып қойса және жаздыкүні құрғақшылықта жиналса, ондай шөптің құрамында әдетте кальций мен фосфор жетіспейді. Сондықтан осындай жағдайды болдырмау үшін алдын ала азықты лабораторияда зеттеу жүргізіп, керек кезде жылқыға бор немесе сүйек ұнын, әртүрлі сүзінді, үшкальцийфосфат және басқа да қосымшаны құрама жемге араластырып беру керек. Жылқыны вита миндермен қамтамасыз ету үшін ең бірінші оларды сапалы шөппен азықтандырып және шөп ұнтағын, сәбіз, асқабақ берген жөн. Ал жаздыкүні әрдайым жайылымда бағып немесе орылған шөппен азықтандырған жөн. К.Дүйсембаевтің (1972) мәлімдеуінше, жылқының ең құнды азықтандыру жүйесі – ол малдың тәбетін ашумен қатар,жем-шөптің сіңімділігі және тез қорытылуы сол үшін ең бірінші ірі шөппен, содан кейін шырынды, ең соңында құрама жеммен, ал одан кейін тағы да ірі шөппен азықтандырған пайдалы. Жылқыны азықтандыру кезінде бір азықтан екінші азыққа көшу жүйесі біртіндеп өтуі тиіс. Ал егер бір азықтан екінші азыққа бірден өтетін болса онда мал азыққа тез үйрене алмайды,осыдан барып малдың ас қорыту жүйесі бұзылады, іші өтеді, ішек қатады, іштің бұрап ауруы және метеоризм пайда болады. Алматы облысы Қарасай ауданындағы КИЗ тәжірибе шаруашылығы сауынды биелерге оның сүтін және сүттің сапасын  арттыру үшін көк шөп пен жүгері, жоңылған және құрама жемге сұлы беруді ұсынған. Сол кезде бір биеден алынатын сүт орташа есеппен алғанда 1,5 литрден артады екен. Ал енді жылқыны борсыған, көгерген, шіріген және қыста қатып қалған, сонымен қатар жем-шөпке әртүрлі улы шөптер және оның дәні бар қоспалармен азықтандыруға болмайды. Мұндай жем-шөп малға өте қауіпті ауру туғызады, көбіне малдың өліміне себеп болады. Жылқыларды тәулігіне үш рет суарып тұру керек, ал жаздың ыстық кезінде 4-6 рет. Әр жылқыға судың қажетті мөлшері ауа райының жағдайына, малдың жасына байланысты болады (тәулігіне 20-60 литр су керек етеді). Қорада ұстағанда жылқыларды автосуарғыш арқылы суарған тиімді. Жылқыны азықтандырғанға дейін суарады. Оларды дәнді дақылдармен (сұлы, арпа, бұршақ тұқымдастары,бидай) азықтандырудың алдында суаруды естен шығармау керек, себебі дәнді дақылдар асқазанда оның сөлінің нашар бөлінуінің арқасында дұрыс қорытылмайды.

Ал егер жылқыны дәнді дақылдармен азықтандырғаннан кейін суаратын болсақ, онда асқазанда дәнді дақылдар ісінеді, содан соң ашиды, осыдан барып қарын кебеді де ауыржағдай туғызады. Мұндай жағдайда жылқыны 40-50 минут азықтандырғанға дейін немесе азықтандырғаннан кейін 2 сағат өткен соң суару керек. А.Төрехановтің (2006) еңбегі бойынша, жылқыны қыстыкүні өзеннің, тоғанның, көлдің, суат (ойық ) жерінен суаруға болмайды, себебі малға cуық тиеді және буаз бие іш тастауы мүмкін.

Сол себептен буаз биені қыстыкүні температурасы 12-15 С сумен суарған жөн. Буаз биенің рационына көлемді азықты енгізуге болмайды. Оған өте жұғымды, жеңіл қорытылғыш, өте сапалы және әртүрлі жем-шөпті енгізу ұсынылуы керек. Ауа райының аяз және тайғақ кезінде буаз биені жайылымға тек шөптің басындағы шық еріп түскен кезде ғана жіберуге болады. Буаз бие үшін ең тәуір жем-шөп тоғайдағы дәнді өсімдіктер, ірі бұршақты шӛптер, шөптен жасалған ұн, бидай ұны, сұлы, ішінің кебуінен сақтану үшін бұршақты шөпті дәнді өсімдіктермен қосып береді, ал құлындауына бір ай қалғанда оның рационының 1/3 көлемінің бөлігін кеміту керек.

Буаз биені жиі серуендетіп оны жүйелі пайдаланған жөн және ауа райының жақсы күні таза ауада көбірек жүргізу керек. Ал буаз биенің организміне қолайлы әсер ететін жағдай оны жайылымда бағып-күту. Буаз биені ат қорада ұстағанда қораның ішіндегі әжіренің жарық, таза, құрғақ болғаны жөн. Ал енді құлындағаннан үш күн өткеннен кейін биеге құлынымен бірге жүйелі серуен ұйымдастырған жөн. Одан ары қарай биені құлынымен ауа райының жақсы күні далада – паддокта, шабындықта немесе жайылымда бағып – күту дұрыс.Мұндай биені жем-шөп нормасымен азықтандыру керек.  Қ.Бозымовтің (1993) мәліметі бойынша тебінді жылқылардың терісі қалың және тығыз болуымен сипатталады. Бұл қасиетті жылқыны жазда ыстықтан, қыста ызғарлы аяздан сақтайды. Қысқа қарай олардың терісінің жүн қабаттары қарқынды өсіп, жүніндегі түбіт мөлшері көбейеді. Қысқа қарағанда жаз маусымында тебінді жылқылардың жүн қабаттарының ұзындығы 2-3 рет қысқарады. Бұл жылқы ағзасының ауа райы жағдайына бейімделуі деп түсінуге болады. Жергілікті жылқы тұқымдары тебінге бейімділігі арқасында қысқа қалың қарға (40-50) қарамастан жайыла береді. Олар шөлді және шөлейт жерлерде өсетін ерекше өсімдіктермен қоректеніп қоңдылығын жоғарлатады. Қолайлы жағдайларда тебінді жылқылар тез қоңданып ағзасына 15-20 пайыз май жинайды, ал азықтың тапшылық кезеңде сол жинаған майды тиімді түрде баяу жұмсайды. А.Кузнецовтің (1991) деректерінде жергілікті жылқы тұқымдары қыс қатал болып тебіндегі азық қоры тапшыл болғанда, қыстан шыққан жылқы 25-30 кг салмағын жоғалтады, бірақта олар іштегі ұрпағы дұрыс өсіріп , аман-сау құлындайды және тез қонданады, биелерді көп сүт береді, сондықтан құлындары тез өсіп жетіледі. Тебінді жылқы тұқымдарын тиімді азықтандыруды ұйымдастыру үшін, маусымға байланысты қорек тапшылығын қолдан келгенше бәсеңдету және жайылымның отты кезін тиімді пайдалану болып табылады[2].

1.2 Жылқыларға арналған қораларға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар 

   Асыл тұқымды шаруашылықтарда малды қорада баққанда айғырлар үшін 5-10 басқа, ал биелер үшін 40-50 басқа қора салады; жарататын жас малға да 40-80 басқа қора салады.Қазіргі уақытта әр шаруашылық жылқыға арналған қораларды өздеріне лайықтап салуда. Тауарлы және асыл тұқымды шаруашылықтарда малды табында баққанда 40 ірі жылқыға арнап қора салады, жеңілдеу батырманы 100 басқа арнап салады да, ал жаратуға арналған жас малдарға арнап 40 басқа салады.Сонымен қатар жеңілдеу қора, бастырма және малдарды күтіп-қарайтын қоралар салынуы тиіс. Қорадағы әжірелердің саны жұмыс көлігі үшін 20 пайыз аттардан аспауы керек, биелерді табында баққанда жеңілдеу қора қалқанын 10 пайыз басқа арнап салу керек, жас малдар үшін осы қалқан -5 пайыз мал басынан аспауы керек, ірі жылқылар үшін қымыз өндіретін фермада 25 пайыз мал басына мал басынан қора салынуы тиіс. Барлық қораларда жемді, ірі шөпті және төсенішті сақтау, арба әбзелдерін (инвентарная) басқа да мүліктерді сақтайтын бөлме және су құятын ыдыс алаңы, душ бөлмесі болуы керек. Биелер және айғырлар үшін арналған қораларда биені қашыруға арналған манеж болуы тиіс, ұрықты тексеруден өткізу бөлмесі,жаратуға арналған жас малға бөлек бөлме және оларды жегуге, ерттеуге, серуендетуге арналған манеж, суы бар душ әжіресі, ал енді қымыз өндіретін фермада бие сауатын бөлме, сүт пен ашытқы дайындайтын бөлме, сүт-қымыз құятын, ыдыс жуатын және басқа да қосымша бөлмелер,суықтату камерасы және лабаротория қарастырылады. Мал фермасының территориясында бұдан басқа да қосымша бөлмелер және құрылыстар орналасуы керек: мал дәрігерлік обьектілер, манеж, автотаразы, канализация, су ,электр және жылу жабдықтары, ұстахана, шеберхана, жылқыны серуендететін механикалық жетектегіш, жем-шөптің, төсеніштің, шаруашылық мүліктер (құрал-саймандар), қи қоймасы, әкімшілік және тұтыну бөлмелері. Жылқы шаруашылықтары айнала қоршалап жел өтіне қарсы ағаштар егілгені дұрыс.

Ат қора және оның ішіндегі жабдықтар технологиялық жобалау нормасына сәйкес болуы тиіс. Ат қора тік бұрышты, Г бейнелі (кескінді) және П кескінді формада салынады. Ат қорада мал орны және әжіре екі қатар орналасады; қораның орталығында жем-шөп тарататын және қи шығаратын ені 2,6-3 м жол өткелі болуы тиіс. Жылқы зауыттарында бие үшін әжірелер қораның ортасында орналасады ( әжіре саны әр қатарда 12 пайыздан көп болмауы керек), ал қабырғаның екі шетінен ені 2 м жүретін жол қалдырады. Жұмыс көліктеріне арналған қорада аттар төрт қатар орынға орналастыралады. Әр қатарда ат тұратын орын саны 30 пайыздан аспау керек. Ал қораның ортасында кезекшіге арналған бөлме, ат әбзелдері және құрал-саймандар тұратын, жем-шөп қоятын бөлмелер және су құятын ыдысқа арналған алаң, сонымен қатар асыл тұқымды малға арналған қорада – манеж болуы тиіс.

Жеңілдеу қорада топта күтіп-бағатын 25 басқа арналған секция болуы тиіс және ірі аттарға арналған секцияда әжірелер болуы керек. Жұмыс көліктеріне жеке-жеке арналған орын болған жөн, ал асыл тұқымды аттар әжіреде тұрады. Әжіреде жем-шөп салатын ақыр болуы тиіс.Қораның ішіндегі ауаның температурасы 6С шамасында,салыстырмалы ылғалдылығы -75 пайыздан аспауы керек.Ол үшін желдеткіштер жақсы және ыңғайлы орналасуы керек.Қораның ішіндегі канализация дұрыс жұмыс істеуі тиіс. Малдың астына құрғақ сабаннан (ағаш үгіндісінен) төсеніш салған жөн. Күніге аттарды тазалап оның тұяғының жағдайын қадағалап тұруы керек. Жарататын жас малға арналған қораны әжіремен жабдықтайды, әжірелердің екі жағында жем-шөпке, қиға арналған жол болады. Мұндай қораның ортасына аттарды жегуге, ерттеуге және серуендетуге манеж жоспарлау керек. Жас малға арналған қораны секцияларға бөледі. Әрбір секциядан серуендейтін алаңға шығатын есік (биіктігі 1,2 м) болуы тиіс. Ат қораның қақпаларының ені 2,7 м, биіктігі-2,4 м кем болмауы керек. Қораның биіктігі еденнен – төбеге дейін мына төмендегідей болуы керек: асыл тұқым малға арналған қораның биіктігі – 3м; тауарлы ферма қорада – 2,4-2,7 м; манеждің биіктігі – 4,5 м. Жылқыны топтап ұстайтын қалың төсеніші бар қораның биіктігі 3,3м. Қораның қабырғасының және төбесінің ішкі беті жылтыр болуы тиіс және ақ сырмен сырлануы керек. Ат қора таза ауа келетін және лас ауа шығатын табиғи желдеткіш құбырларымен, канализациямен және электр жарығымен жабдықталуы тиіс.

Қорадағы еденді тайғанамайтындай етіп жасау керек. Ол ылғал өткізбейтін, жылуды аздап өткізетін, зәрі садыра өткізбейтін және дезинфекциялық заттарға төзім бере алатын болуы тиіс.

Еден ағаштан болғаны жөн, сонымен қатар кірпіштен, асфальттан, саз балшықтан да болуы мүмкін. Еденнің еңкіштігі жем – шөп, қи шығаратын жолға қарай әр 1 м ұзындыққа 1,5 см болуы керек. Терезенің төменгі жақтауынан еденге дейінгі биіктік 1,8-2,1 м болуы керек. Ат қорадағы ең басты құрал-жабдықтар. Әрбір мал орны, әжіре,астау белағаштарымен, сырықпен және тақтайлармен бөлінеді.Осы бөлінетін белағаштардың жуандығы 10-12 см, мал орнының алдыңғы жағынан 1м, ал артқы жағынан еденнен 65см биіктікте болуы тиіс. Сырықпен қоршалғанда оны қабырғаға көлденең қағады. Әрбір сырық аралығы 50-60 см, оның қабырғасының биіктігі 1,8 м, ал жем-шөп таситын жағынан 1,4м болуы тиіс. Тақтаймен бөлінген қалқанның (бөгет) қалыңдығы 4-5 см таза тақтайдан, ал оның биіктігі жоғарыдағы сырық ағашпен қоршағандай болуы керек және қалқанның төбесі қаңылтырмен жабылуы тиіс. Мұндай мал орнында жылқыны байлап (ноқталап) ұстайды. Әжірені бөлетін қалқанды жалпақ тақтаймен немесе торлап жасайды. Мұндай әжіре ішінде жылқыны байламай бос ұстайды. Мал тұратын орынды әр малға жеке-жеке арналған ақыр болуы тиіс, ал оның ұзындығы осы мал тұратын орынның ұзындығына сәйкес болуы керек. Осы ақырдың үстінен аттар шөпті шашып тастамас үшін алынып салынатын торлап қалқан болуы тиіс.Ақырдың жартысы жем салу үшін бөлінеді.

Мұндай ақырдың үстіңгі ені 60см , төменгі ені 40см, ал тереңдігі 40см болғаны жөн. Жалпы ақырдың еденнен биіктігі 1 метр болуы керек. Жылқыны топтап ұстағанда ақырдың ұзындығы, сол қораның ұзындығындай болуы керек, бірақ ірі малдар үшін әр басқа 1м шамасында, ал жас малдар үшін 0,6м болуы керек. Әжірелердегі ақырдың ұзындығы 1,2 метр болады және оны сол әжіренің бұрышына орналастыру керек. Жекеленген автосуарғышты бір-бірден әр әжіреге немесе әр мал орнына орналастыру керек. Топтап суаруға арналған астаудың ұзындығы әр басқа 0,6 м кем болмауы керек, ал еденнен биіктігі жекеленген суарғыш үшін 0,9-1 м, топтап суарғыш үшін 0,5-0,7 м болуы тиіс [3].

1.4 Ат қорадағы қолайлы микроклимат көрсеткіштері

Мұндай қораның ортасына аттарды жегуге, ерттеуге және серуендетуге манеж жоспарлау керек. Жас малға арналған қораны секцияларға бөледі. Әрбір секциядан серуендейтін алаңға шығатын есік (биіктігі 1,2 м) болуы тиіс. Ат қораның қақпаларының ені 2,7, биіктігі – 2,4 кем болмауы керек.

Қораның биіктігі еденнен – төбеге дейін мына төмендегідей болуы керек: асыл тұқым малға арналған қораның биіктігі – 3 м; тауарлы ферма қорада – 2,4-2,7 м; манеждің биіктігі – 4,5 м.

Жылқыны топтап ұстайтын қалың төсеніші бар қораның биіктігі 3,3 м. Қораның қабырғасының және төбесінің ішкі беті жылтыр болуы тиіс және ақ сырмен сырлануы керек. Ат қора таза ауа келетін және лас ауа шығатын табиғи желдеткіш құбырларымен, канализациямен және электр жарығымен жабдықталуы тиіс. Қорадағы еденді тайғанамайтындай етіп жасау керек. Ол ылғал өткізбейтін, жылуды аздап өткізетін, зәр, садыра өткізбейтін және дезинфекциялық заттарға төзім бере алатын болуы тиіс. Еден ағаштан болғаны жөн, сонымен қатар кірпіштен, асфальттан, саз балшықтан да болуы мүмкін. Еденнің еңкіштігі жем-шөп, қи шығаратын жолға қарай әр 1 м ұзындыққа 1,5 см болуы керек. Терезенің төменгі жақтауынан еденге дейінгі биіктік 1,8-2,1 м болуы керек.

1-кесте –Ат қорадағы қолайлы микроклимат көрсеткіштері

 

Мал топтары Ауа темпера-турасы, °С Салыстыр-малы ылғалдылығы,пайыз Ауа қозғалыс жылдамдығы,

м/с

Зиянды газдардың концентраци
Опт. Мин. СО2 пайыз NН3 гм3
Ересек жылқылар

Әжіредегі құлынды биелер

Құлындар енесінен ажыратылған

Тренингтегі малдар

Жұмыс аттары

4

 

 

 

 

8

 

 

 

6

 

 

4

 

 

4

6

 

 

 

 

15

 

 

 

10

 

 

8

 

 

6

60 – 80

 

 

 

 

50 – 70

 

 

 

60 – 70

 

 

60 – 80

 

 

60 – 80

0,3 – 0,5

 

 

 

 

0,1 – 0,3

 

 

 

0,2 – 0,3

 

 

0,2 – 0,4

 

 

0,3 – 0,6

0,25

 

 

 

 

0,15

 

 

 

0,20

 

 

0,20

 

 

0,25

20

 

 

 

 

10

 

 

 

15

 

 

20

 

 

20

Ат корадағы еңбасты құрал-жабдықтар.Әрбір мал орны, әжіре, астау белағаштармен, сырықпен және тақтайлармен бөлінеді. Осы бөлінетін белағаштардың жуандығы 10-12 см, мал орнының алдыңғы жағынан 1 м, ал артқы жағынан еденнен 65 см биіктікте болуы тиіс. Сырықпен қоршалғанда оны қабырғаға көлденең қағады. Әрбір сырық аралығы 50-60 см, оның қабырғасының биіктігі 1,8 м, ал жем-шөп таситын жағынан 1,4 м болуы тиіс. Тақтаймен бөлінген қалқанның (бөгет) қалыңдығы 4-5 см таза тақтайдан, ал оның биіктігі жоғарыдағы сырық ағашпен қорша-ғандай болуы керек және қалқанның төбесі қаңылтырмен жабылуы тиіс. Мұндай мал орнында жылқыны байлап (ноқталап) ұстайды. Әжірені бөлетін қалқаңды жалпақ тақтаймен немесе торлап жасайды. Мұндай әжіре ішінде жылқыны байламай бос ұстайды.

Мал тұратын орында әр малға жеке-жеке арналған ақыр болуы тиіс, ал оның ұзындығы осы мал тұратын орынның ұзындығына сәйкес болуы керек. Осы ақырдың үстінен аттар шөпті шашып тастамас үшін алынып салынатын торлап қойған қалқан болуы тиіс. Ақырдың жартысы жем салу үшін бөлінеді. Мұндай ақырдың үстіңгі ені 60 см, төменгі ені 40 см, ал тереңдігі 40 см болғаны жөн. Жалпы ақырдың еденнен биіктігі 1 м болу керек.

Жылқыны топтап ұстағанда ақырдың ұзындығы, сол қораның ұзындығындай болуы керек, бірақ ірі малдар үшін әр басқа 1 м шамасында, ал жас малдар үшін 0,6 м болу керек. Әжірелердегі ақырдың ұзындығы 1,2 метр болады және оны сол әжіренің бұрышына орналастыру керек.

Жекеленген автосуарғышты бір-бірден әр әжіреге немесе әр мал орнына орналастыру керек. Топтап суаруға арналған астаудың ұзындығы әр басқа 0,6 м кем болмауы керек, ал еденнен биіктігі жекеленген суарғыш үшін 0,9-1 м, топтап суарғыш үшін 0,5-0,7 м болуы тиіс [4]. 

1.6 Айғыр гигиенасы

Айғырды байлаусыз, кең әжіреде (көлемі 3,2×3,2×5,5 м) және жарық, таза, құрғақ, жақсы желдетілетін, өтпе жел соқпайтын қорада күтіп-баққан дұрыс. Қораның едені өте жақсы тапталған саз балшықтан жасалып және еденге ұдайы төсеніш салып қою керек.

Шағылыстыру кезеңінің басталуына 1-1,5 ай қалғанда айғырлардың азықтандыру нормасын көбейту керек. Ал шағылыстыру кезеңінде айғырларды жеке – жеке тәулігіне 3 реттен азықтандыру керек (күндік рацион құрамы: 60 пайыз – құнарлы азық, 35 пайыз – ірі азық және 5 пайыз – шырынды азық). Айғырларды әрі жеткіліксіз, әрі артық азықтандыру оның жыныс активтілігіне өте залал келтіреді. Салмағы 500 кг айғырдың рационына тәулігіне 5 кг сұлы, 1 кг ұнтақ және 6-8 кг шөп енгені абзал. Рационның құрамын оқтын-оқтын ауыстырып тұрған жөн. Азықтандыруға мынандай жем-шөптер қолдануға болады: қырдағы, тоғайдағы, егілген шөптер, дәнді өсімдіктер, бұршақты шөптер (сұлы, арпа, жүгері майдаланған күйінде), тары, ұсақ бұршақ, сәбіз, қызылша, картоп, көк шөптен жасалған ұн, малдан өндірілген азық (сүт, жұмыртқа, ет-сүйек ұны), минералды-витаминді қоспалар, ал соңында айғырдың әр уақытта жалайтын тұзы болуы тиіс. Шағылыс біткен соң айғырдың рационынан қосымша азықты алып тастайды, құрама жемді 4 кг дейін төмендету керек, оның орнына шөп мөлшерін көбейткен дұрыс [5].

1.8 Айғырдың жыныстық пайдалану нормасы

Айғырларды азықтандыру серуендету мерзімімен тығыз байланыста болғаны жөн және мұны жүйелі түрде өткізу керек. Сонымен қатар айғырларды шағылысқа дайындағанда оның организміне қолайлы әсерін тигізетін жағдай айғырларды таза ауада және күннің көзінде көбірек жүргізіп тұру қажет.

Үйірге қосып шағылысқа жіберетін айғырларды оқтын-оқтын шаптырып қойғанның маңызы зор. Ат қорада күтіп-бағатын айғырларды шағылыс кезінде ең кемі күн батқанға дейін қоршалған алаңда және қоршалған шабындықта (левада) бос ұстаған дұрыс, егер мұндай жағдай болмайтын болса,оңда кҥніне 40-50 минуттай айғырды ерттеп мініп немесе жеңіл арбаға жегіп тер шыққанша ары-бері шауып жҥру керек немесе айғырды 2-3 сағатқа жеңіл жұмысқа пайдалану керек.

Осының бәрі айғырдың ұрығына және айғырдың қабілетіне (потенция) пайдалы әсерін тигізеді. Ал енді айғырды өте зорлап шаршаганша мінген жағдайда немесе ауыр жұмысқа салса, онда айғырдың барлық жағдайына керісінше әсерін тигізеді.

Жазды күні айғырларды салқын суға түсіріп (бассейнге) немесе өзендерге, көлдерге тоғытып тұрған дұрыс, күніге олардың денесін және айына бір рет тұяқтарын тазалау керек. Айғыр тұрған әжіреден қиды және су төсенішті күнделікті шығарып тазалап отыру керек [5].

Айғырдың жыныстық пайдалану нормасы Ұрықтандыру әдісі Айғыр жасы Бие саны Шағылыстыру және ұрықтандыру саны
Күніне Мезгілге
Қолдан ұрықтандыру Толық

жасты (4…12жас)

Жас және кәрі

35…40

15…20

1…2

1

175

75

Үйірлі ұрықтандыру

Жасанды

Ұрықтанды

Толық жасты

Жас және кәрі

Толық жасты

20…25

12…15

150 кем

емес

1

 

2 Бие гигиенасы 

Жылқы өнімділігін, асыл тұқымды қасиетін және денсаулығын сақтау үшін ең басты зоогигиеналық шаралардың бірі азықтандыру ережесін қатал орындап, малды күтіп-бағу жүйесін сақтау керек.

Азық рационында барлық жұғымды заттардың, оның ішінде протеиннің қажетті мөлшері, минералдық заттар (кальций, фосфор, натрий, хлор және т.б.) және витаминдердің (каротин, витамин Д, В, С) тағы басқа да құнды заттардың болғаны дұрыс.

Жылқының ас қорыту және қарынның анатомиялық құрылыс ерекшелігін ескеретін болсақ, онда жылқы азықты басқа малдарға қарағанда аз мөлшерде қабылдайды. Жылқыны азықтандыру үшін құрама жемді көбірек беру керек, шөптің өте жақсы жарамдысы – тоғайдағы шөп, жоңышқа, беде (тимофеевка), ат қонақ (костер), арпабас (житняк), бидайық және т.б.

Майдаланған азықтың тәуірі – сұлының сабаны және оның майдасы, дәнді азықтардың сабанын кесіп беру керек және піскен картопты беруге болады. Ал шырынды азықтың ішінде өте құндысы сәбіз, қант қызылшасы.

Жылқыны азықтандырудағы құрама жемнің ішіндегі ең жағымдысы арпа, сұлы, жүгері, бидай ұны, күнжара, қонақ және азық бұршағы. Американдықтар аттарды азықтандыруда мынандай қоспа жасайды: 12 бөлік жүгері, 4 бұлік сұлы, 1 бөлік күнжара. Әрине жаздыкҥні ең жақсысы жайылымдағы көк шөп. Малды, әсіресе биелерді азықтырғанда оның қоңдылығының төмендігіне аса көңіл аудару керек, себебі ол нашар азықтандыр-ғаннан немесе ішек-қарынның қабынуынан, тісінің жоқтығынан, зат алмасудың бұзылуынан, құрт ауруынан болуы мүмкін. Мұндай биелерді жекелеп азықтандыру керек. Ал енді биенің қоңдылығын және денсаулығын сақтау үшін оларға әр уақытта минералды (макро- микроэлементтерді) заттарды және витаминдерді беріп тұру өте маңызды роль атқарады.

Жаздыкүні әр атқа 30-50 г, ал қыстыкүні 20-30 г тұз беріп тұру керек, егер биелерге сапасы төмен шөп, соның ішінде қышқыл дән көбірек болса немесе шөп жаңбырдың астында қалып қойса және жаздыкүні құрғақшылықта жиналса, ондай шөптің құрамында әдетте кальций мен фосфор жетіспейді. Сондықтан осындай жағдайды болдырмау үшін алдын ала азықты лабораторияда зерттеу жүргізіп, керек кезде жылқыға бор немесе сүйек ұнын, әртүрлі сүзінді, үшкальцийфосфат және басқа да қосымшаны құрама жемге араластырып беру керек. Жылқыны витаминдермен қамтамасыз ету үшін ең бірінші оларды сапалы шөппен азықтан-дырып және шөп ұнтағын, сәбіз, асқабақ берген жөн. Ал жаздыкүні әрдайым (үнемі) жайылымда бағып немесе жаңа орылған шөппен азықтандырған жөн. Жылқының ең құнды азықтандыру жүйесі – ол малдың тәбетін ашумен қатар, жем-шөптің сіңімділігі және тез қорытылуы сол үшін ең бірінші ірі шөппен, содан кейін шырынды, ең соңында құрама жеммен, ал одан кейін тағы да ірі шөппен азықтандырған пайдалы.

Жылқыны азықтандыру кезінде бір азықтан екінші азыққа көшу жүйесі біртіндеп өтуі тиіс. Ал егер бір азықтан екінші азыққа бірден өтетін болса, онда мал азыққа тез үйрене алмайды, осыдан барып малдың ас қорыту жүйесі бұзылады, іші өтеді, ішек қатады, іштің бұрап ауруы және метеоризм пайда болады.

Алматы облысы Қарасай ауданындағы КИЗ тәжірибе шаруашылығы сауынды биелерге оның сүтің және сүттің сапасын арттыру үшін көк шөп пен жүгері, жоңышқа және құрама жемге сұлы беруді ұсынған. Сол кезде бір биеден алынатын сүт орташа есеппен алғанда 1,5 л артады екен. Ал енді жылқыны борсыған, көгерген, шіріген және қыста қатып қалған, сонымен қатар жем-шөпке әртүрлі улы шөптер және оның дәні бар қоспалармен азықтандыруға болмайды. Мұндай жем-шөп малға өте қауіпті ауру туғызады, көбіне малдың өліміне себеп болады. Жылқыларды тәулігіне үш рет суарып тұру керек, ал жаздың ыстық күнінде 4-6 рет. Әр жылқыға судың қажетті мөлшері ауа райының жағдайына, малдың жасына байланысты болады (тәулігіне 20-60 литр су керек етеді). Қорада ұстағанда жылқыларды автосуарғыш арқылы суарған тиімді. Жылқыны азықтандырғанға дейін суарады. Оларды дәнді дақылдармен (сұлы, арпа, бұршақ тұқымдастары, бидай) азықтандырудың алдында суаруды естен шығармау керек, себебі дәнді дақылдар асқазанда оның сөлінің нашар бөлінуінің арқасында дұрыс қорытылмайды. Ал, егер жылқыны дәнді дақылдармен азықтандырғаннан кейін суаратын болсақ, онда асқазанда дәнді дақылдар ісінеді, содан соң ашиды, осыдан барып қарын кебеді де ауыр жағдай туғызады. Мұндай жағдайда жылқыны 40-50 минут азықтандырғанға дейін немесе азықтандырғаннан кейін 2 сағат өткен соң суару керек.

Жылқыны қыстыкүні өзеннің, тоғанның, көлдің, суат (ойық) жерінен суаруға болмайды, себебі малға суық тиеді және буаз бие іш тастауы мҥмкін. Сол себептен буаз биені қыстыкүні температурасы 12-15 ° С сумен суарған жөн.

Буаз биенің рационына көлемді азықты енгізуге болмайды. Оған өте жұғымды, жеңіл қорытылғыш, өте сапалы және әртүрлі жем-шөпті енгізу ұсынылуы керек. Ауа райының аяз және тайғақ кезінде буаз биені жайылымға тек шӛптің басындағы шық еріп түскен кезде ғана жіберуге болады. Буаз бие үшін ең тәуір жем – шөп тоғайдағы дәнді өсімдіктер, ірі бұршақты шөптер, шөптен жасалған ұн, бидай ұны, сұлы, тамыр жемісті (сәбіз, қылша) азықтар жатады. Буаз биенің ішінің кебуінен сақтану үшін бұршақты шөпті дәнді өсімдіктермен қосып береді, ал құлындауына бір ай қалғанда оның рационының 1/3 көлемінің бөлігін кеміту керек.

Буаз биені жиі серуендетіп оны жүйелі пайдаланған жөн және ауа райының жақсы күні таза ауада көбірек жүргізу керек. Ал буаз биенің организміне қолайлы әсер ететін жағдай оны жайылымда бағып-күту. Буаз биені ат қорада ұстағанда қораның ішіңдегі әжіренің жарық, таза, құрғақ болғаны жөн. Ал енді құлындағаннан үш күн өткеннен кейін биеге құлынымен бірге жүйелі серуен ұйымдастырған жөн. Одан ары қарай биені құлынымен ауа райының жақсы күні далада – паддокта, шабындықта немесе жайылымда бағып-күту дұрыс. Мұндай биені жем-шөп нормасымен азықтандыру керек [6]. 

2.1 Бие сауу гигиенасы

Басқа малдарға қарағанда бие сүтінде белоктың қасиеті, аминқышқыл құрамы, микроэлементтердің саны және ферменттер, қанттың мөлшері бойынша әйелдердің сүтіне өте жақын екен. Осыған орай елімізде және шет елдерде жас сәбилерге бие сҥтін беру қалыптасқан, ал осы бие сүтінің барлық құрамы мен көрсеткіштері, сонымен қатар оның шипалық қасиеті ең бірінші сауылған бие сүтінің сапасына байланысты. Әрбір сауынды биеден суалғанша (жылына) 2000-2500 литр сүт алуға болатыны анықталған.

Биені сауу тәсілдері – қолмен және механикалық әдіспен сауады.

Қазақ халқының тұрмыс ерекшеліктеріне сәйкес және табындағы жылқыларды бағу мен жаю жағдайларына қарай қолмен сауу әдісі қалыптасқан. Бұл әдісті қолданғанда, күндіз құлындарды енесінен бөлек ұстайды және 1-2 сағат сайын оларды сауып алады да, түнге қарай құлындарды қосып жібереді.

Таңертеңгі өрістен соң құлындарды желіге байлап қояды. Содан соң 12 сағат өткеннен кейін биелерді айдап келіп емізуге құлындарды босатады. Құлын 2-3 мәрте сорғаннан кейін оны енесінің алдына ұстап тұрып, саууды бастайды. Сауатын адам биенің сол жағынан келіп оң аяғымен тізерлеп отырады, ол тік бұрыш жасап бүгілген сол аяғының үстіне сҥт ыдысын қояды. Оң қолымен биенің артқы сол аяғын құшақтай отырып оң жақтағы емшегін ыдыс ілінген сол, қолымен сол жақтағы емшекті сауады.

Сүт сауу процесі емшектерді қысып тартуға негізделген, ал мұның өзі бармақ пен сұқ саусақтың көмегімен жоғарыдан төмен қарай қысып созу арқылы жүзеге асырылады. Тәжірибесі мол сауыншылар емшектерді екі қолымен алма кезек тартып сауады. Биелерді сауу кезінде ақырын сөйлесу және тыныштық сақтау керек, өйткені қандай болмасын бөтен дыбыстар, айғай-шу сүттің бөлінуін тежейтін рефлекстердің қозуына ықпал жасайды. Тыныш ортада жеделдетіп сауу, сондай-ақ шелекке шапшып құйылған сүттің дыбысы бұл рефлекстерді бәсеңдетеді және сүттің бөліну процесін күшейтеді.

Сауу кезінде емшекті қатты қысуға немесе тартуға болмайды, өйткені мұның өзі биелердің ауырсынуына және тынышсыздануына, шала сауылуына себеп болады. Үрку мен ауырсыну бір жағынан сүттің бөліну рефлексін тежейді, ал екінші жағынан бүйрек үсті бездерінің қызметін қоздырады. Мұның соңғысы қан құрамындағы адреналиннің бөлінуін күшейтеді, ол болса тамырларды тарылтады, сөйтіп сүт безіне окситоцин гармондарының келуіне кедергі жасайды.

Биелерді күн тәртібінде белгіленгендей дәл уақытында сауып отыру керек. Уақытты өзгерту, сүттің тартылуын немесе өздігінен иіп кетуін туғызады, сапасын төмендетеді және сүт безі ауруға шалдығуы мүмкін.

Көшпелі халықтар қолданылып келген қолдан сауу әдісі осы күнге дейін Орта Азияның, Қазақстанның, Ресейдің (Башқұртстан, Якутия, Татарстан) көптеген шаруашылықтарында қолданылады және жылқы өсірудің табындық жағдайларына қарай жетілдіріліп келеді.

Бұл әдістің негізгі кемшілігі – өнімсіздігінде, өйткені құлындарды байлауға және ағытуға көп уақыт жұмсалады. Қолдан сауу кезінде тәуліктегі сүттің басым көпшілігін құлындар емеді.

Биелерді қолдан сауудың өзі қиын және қауіпті, әсіресе малға жақындағанда сауыншылардан ерекше ептілікті талап етеді. Сондай-ақ мұндай әдістің негізгі кемшіліктерінің бірі – сүт сапасы төмен болады.

Биелерді машинамен сауу бірінші рет 1961 жылы Қазақ мал шаруашылық ғылыми-зерттеу институтында жүргізілді. Биені машинамен сауу үшін шаруашылықтарда ДДА-2 дейтін екі режимді сауу аппараттары қолданылды.

Биені машинамен саууға іріктеу және оған үйрету. Биенің формасы мен көлемі біркелкі бола бермейді. Сиыр желініне қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар.

Бие желінінің сыртқы формасымен оны машинамен сауғанда сүт болу ерекшелігінің арасында белгілі бір тәуелділік бар.Осыған байланысты биені машинамен саууға іріктеп аларда желіннің формасымен оның жетілуіне айрықша мән берген дұрыс. Биені машинамен саууға іріктеп алардағы негізгі қойылатын талаптар: малдың желінсауға шалдықпауы. Желін формасы мен емшек көлемі және машинамен сарқа сауылуы. Машинамен сауардан бір ай бұрын биені іріктеп алу керек, сондай-ақ биеде желінсау ауруының бар-жоғы тексеріледі. Шаруашылықта бұл жұмысты мал дәрігерлер атқарады. Желінсау (сүт безінің қабынуы) ауру биеден сау биеге жұғыуы мүмкін. Ауырып жазылған биенің сүті кеміп, сапасы төмендейді, көбінесе желіні қатады. Желінсауы бар биені әбден жазылғанша басқа биелермен қосып саууға болмайды. Машинамен саууға желіннің бөліктері біркелкі жетілмей және емшектерінің ұзындығы 3,5-4 см болуы тиіс. Емшегі қысқа әрі шағын ешкі желіндес бие машинамен саууға жарамайды. Сыңар емшекті бие де машинамен саууға жіберілмейді. Әдетте желіні тостаған тәрізді биелердің емшектері ұзын және сүтті болып келеді.

Биені машинамен саууға үйрету кезінде оны тез иітуге және сүтін сарқа алуға дағдыландырған жөн. Алғашқы күні сауу қондырғысын орнатқаннан кейін биелерді қораға кіргізіп,вакуум насостың электродвигателін іске қосып, сауу шелегін вакуум жүйесіне қосады. Бие шуға және сауу машинасына біртіндеп үйрене бастайды. Осындай тәсілмен бірнеше күн үйреткеннен кейін биені саууға кірісе беруге болады. Емшекке сауу стакандарын кигізгенде кейбір биелер тынышсызданады. Осы жағдайда сауыншы шыдамдылықпен биені сылап-сипап тыныштандырғаны абзал. Алғашқы 7-10 күн биелер аппаратқа үйрене қоймағанмен де, кейіннен тез көндігіп кетеді. Жаңадан сауылатын биелерді сауыншы сақа биелермен бірге сауын қондырғыларында дағдыландырып, біртіндеп үйреткені жөн. Әдепкіде сауыншының жұмысы едәуір қиындайды, бірақ оның есесіне тұмсалар машинамен саууға тез дағдыланатын болады.

Биені тәулігіне 6-7 рет сауатын болғандықтан сүттің сапасын жақсарту жөнінде жүргізілетін санитариялық жұмыстар жоғары дәрежеде болуы тиіс. Бие сүтіне сауу мезгілінде оның желінінен зиянды микробтар түсіп, сүт сапасын төмендетуі мүмкін. Сол себептен бие желінін жуу үшін сиырда қолданатын жуғыш-дезинфекциялық ертінділер кеңінен қолданылады. Әр сауын алдында биенің үрпісіндегі алғашқы сүтті бөлек ыдысқа сауып алу керек.

Сонымен қатар, бие сҥтінен әзірленетін қымыздың сапалы болуы ыдыс-аяқтардың, сауын шелегінің, сауын аппаратының таза болуына байланысты.

Сауу аппаратараттарын дұрыс әрі дер кезінде күтіп ұстау, сүтті санитариялық тұрғыдан таза алуға және тетіктердің пайдалану мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.

Резеңке тетіктерді, әсіресе резеңке емізікті күтуге айрықша көңіл бөлу керек. Өйткені, кебінесе резеңкеге май сіңіп, ісінуден бұзылады. Соның салдарынан ескіреді, сызаттар түседі. Сүтпен жанасатын резеңке тетіктердің пайдалану мерзімінің ұзақтығы оны қолданғаннан кейін тазалау сапасына, күтіп ұстау және сақтау тәртібіне байланысты.

Әр сауыннан кейін пайдаланған аппараттар мен сүт ыдыстарын, сондай-ақ жабдықтарды алдымен сүттің жұғынын кетіру үшін жылы сумен (25-30°С) жуып, соңынан ыстық сумен шаяды.

Қымыз шаруашылығындағы ветеринариялық сақтық шаралар. Қымыз фермасында қызмет ететін адамдар малдан адамға және керісінше жұғатын әртүрлі індетті аурулардың таралу жолдарын жетік біліп, оны болдырмау шараларын ұдайы қарастырып отыруы қажет. Шаруашылықтағы малдарға түрлі жұқпалы аурулардан аман сақтау мал дәрігерлерінің тікелей міндетіне жатады. Әсіресе, сауын биелерді маңқа, туберкулез, желінсау ауруларының алдын алу шараларын сақтау қажет.

Сауын биелерді әрбір сауын алдында тексеріп шығарады. Егер желінінде ісік, жарақат білініп сүтінен қан, ірің аққан жағдайда дереу мал дәрігеріне қарату керек. Желінсаудың алдын алу үшін арнайы тесттермен және тұндыру тәсілімен әр айда 2 рет тексеріп тұру қажет [7]. 

2.2 Құлын өсіру гигиенасы 

Ең бастысы жаңа туған құлындарды суықтан (қорада температура 6-10°С болу керек), алғашқы дымқылдан және желден сақтау керек. Сондықтан оларға құрғақ, таза әрі жылы төсеніш керек.

Құлын кезінде организмнің жетік қарқынды өсуі енесінің сүтіне байланысты. Құлынның 1 кг салмағы 10 литр енесінің сүтін қажет етеді. Сол үшін құлынды биені жұмысқа салуға болмайды. Құлын енесімен бірге жайылымда жүргенде 1-1,5 ай кезінде шөпке үйрене бастайды. Ал енді екі айлық кезінде жем беруге де болады. Құлынға жемді беруді 200-300 г бастайды да кейіннен оның көлемін көбейте береді, ал енді енесінен ажыраған кезде 2,5-3,0 кг дейін жеткізеді. Қыстыкүні құлындарға арналған рационда дәнді көне бұршақ пішендері, сәбіз, сҧлы, арпа, күнжара, жүгері және азықтық бұршақ болғаны дұрыс.

Құлынның рационына витаминді, минералды қоспалар және балық майын енгізеді.

Құлынды кейбір шаруашылықтарда 8-12 бастан топтап, жарық, кең қорада ұстайды. Мұңдай секцияларда жем-шөпке арналған ақыр, су ішетін ыдыс болуы тиіс.

Құлынды мұндай қорада топтап ұстағанда қораның іші таза, ауада басқа жарамсыз иістер болмауы керек, желдеткіштер жүйесі үздіксіз жұмыс істеп тұруы тиіс. Сонымен қатар жел өті болмауы керек.

Құлынды топтап баққанда оны жынысына, жасына, қоңдылығына қарай бөледі. Жас, кейін туған және нашар құлындарды бөлек бөліп, бөлек топ құрайды. Ұрғашы және еркек құлындарды бөлек бағады. Енесінен ажыраған құлындарға (6-8 айлығында) жақсы жайылым ұйымдастырады және қыста оларға сапалы, құнарлы жоңышқа, бидайық және шөптен жасалған ұн беріледі. Құлынның астауында сәбіз, жалайтын тұз, кальций, бор болғаны дұрыс. Жаздыкүні күндіз табиғи немесе көп жылдық шөп егілген жасанды жайылымда бағады, ал түнге қарай шарбаққа немесе секцияға қамайды. Құлындардың тұяқтарын, терісін қадағалап тұру керек.

Жарыстыруға арналған құлындарды әр күні бір бағытпен жүгіртіп отыру керек. Мұндай жаттықтыру құлын организмінің жетік өсуіне, төзімділікке үйренуіне, жеке жаттығуына, өзінің ықпалын тигізеді [8].

2.4 Су және мал суару гигиенасы

Су кешенді табиғи байлық болып табылады және дҥниежҥ-зілік мұхит (94%), жер асты суы (4%), мұз бен қар (2%), өзен, көл және батпақ суларынан тұрады. Барлық су қорының (1,5 млрд км ) тек 2 пайызы ғана тұщы су үлесіне тиеді.

Адам өмірі үшін, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі үшін су аса қажет. Сонымен қатар су сыртқы орта факторлары есебінде жануарлар денсаулығына едәуір әсер етеді. Сондықтан мал организмі ҥшін судың алатын орны ерекше. Ол ерекшелік организмнің құрамының үштен екі бөлігінің судың үлесіне тиюімен қатар оның құрамында зиянды заттар мен қауіпті микробтардың болуымен оның малды өсірудегі санитариялық орны жан-жақты көрсетілген. Су дегеніміз негізгі биологиялық сұйық. Су организмге үш сұйық күйде (фазада) кездеседі: клетка ішінде, клетка сыртында және трансцеллюларлық. Оның ең көп мөлшері клетка ішінде жиналады. (40-50 пайызы). Клетка сыртындағы суға қан плазмасы, клетка аралық сұйық және лимфа жатады. Трансцеллюларлық сұйық (ішек-қарын жолындағы, перикардтағы, плеврадағы, құрсақ қуысындағы, көз ішіндегі, буын қалтасындағы) тамырлардан кілегей қабат арқылы бөлінген.

3-кесте –Тәулігіне жайылымда бір мал тұтынатын су нормасы, л/тәулік

 

Мал түлігі Шалғай дала және шөлейт аудандардың жайылымдарында
Жазда, қыста, күздің басында Қыста, күзде, көктемнің аяғында
Сиыр 30 – 60 25 – 35
Қой, ешкі 2,5 – 6 1 – 3
Жылқы 25 – 50 20 – 35
Түйе 50 40

 Жылқы түлігін тәулігіне 3 рет, ең жақсысы азықтандырудың алдында немесе пішен жеп болған соң және сұлы берерден бұрын суарған дұрыс. Ыстық күндері ауыр жұмысқа жегілген ат тәулігіне 4-5 рет суарылады. Жылқы суымай тұрып суық су беруге болмайды. Терлеп тұрған жылқы суық тиіп ауырады және арқасынан ыстық өтеді. Олар әсіресе, тҧяқтың ревматикалық қабынуына тез шалдығады. Жұмыс біткен соң жылқы 30 мин. суытылады. Содан соң суға шыланған пішен салынып, 1 сағат өткен соң жарты шелек салқындау су беріледі. 30 мин. кейін қайталап суарылады. Жылқыны жұмыстың аяқталуына 30-40 мин қалғанда суарған жақсы, сонда жұмыстан соң, жем-шөпті құмарта, обырлап жейді. Жылқы суды асықпай ішуі ҥшін шелектегі суға бір уыс сабан салынады. Кешкі азықтандырудан соң, жылқының еркін су ішуіне мүмкіндік беру керек. Жемді (арпа, сұлы) суарып болғаннан кейін немесе азықтандырғаннан кейін, ең кем дегенде екі сағат өткеннен кейін суарған дұрыс. Жылқыны табында баққан кезде (өрісте, жайлауда баққанда)  жаздыкүні тәулігіне 3 рет, күз бен көктемде – 1 рет, қыста – 1 рет (онда да талтүсте) суарылады. Енелерін еміп жүрген құлын жылдың жылы мезгілінде суатқа енелерімен бірге түсіп, еркін су ішуіне мүмкіндік беру керек [8].

2.6 Мал азығы мен азықтандыру гигиенасы

Ең бастысы малдың денсаулығы мен оның өнімділігі азық мөлшері мен санитариялық тұрғыдан қауіпсіздігіне байланысты екені белгілі. Кейінгі кезде азықтың құндылығының төмендеуіне байланысты және де рацион құрамының тапшылығы мал денсаулығына зиян келтіріп, олардың өнімділігін едәуір азайтты. Малды азықтандыру – олардың денсаулығына, өнімділігі мен өнім сапасына тікелей әсер ететін сыртқы ортаның маңызды факторларының бірі. Жануарлардың азыққа деген қажеттілігі олар-дың тіршілігін қамтамасыз етуде, өсу және семіру кезінде денеге жаңа ұлпалардың қалыптасуы мен жаңаруына, өнім өндіруге, репродуктивті қызмет пен денсаулықты сақтауға керекті энергия мен қоректік және биологиялық белсенді заттардың барлығымен анықталады.

Қорек арқылы организм, ассимиляция процесінде өліні тіріге, ал диссимиляция кезінде, керісінше, тіріні өліге айналдыра отырып, сыртқы орта заттарын қабылдайды.

Емдік рациондар. Малды диеталық азықтандырғанда оның ауруының себептерімен патогенезі, малдың жағдайы, түлігі, тұқымы, жасы, жынысы, қоңдылығы мен өнімділігі ескерілуіге тиіс. Емдік рационның бірнеше түрі болады:

  • көмірсутектік диета – организмнің жағдайы ауырлап, мал жем-шөп жеуден қалғанда (пневмония, улану, интоксикация, кетоз кезінде) белгіленеді;
  • белоктық диета – ауру малды өте құнарлы азықтандыру қажеттілігі туындағанда белгіленуге тиіс;
  • жайылымдық диетаға өкпесінің, асқазан-ішек жолының, бауырының, бүйрегінің және т.б. созылмалы ауруы бар мал көшіріледі;
  • жемсіз диета – мал гастритпен, гастроэнтеритпен ауырып тұрғаннан кейін оның асқазан – ішек жолы әлсірегенде белгіленеді. Бұл диета малдың асқазаны мен ішектерінің моторлық, секреторлық қызметінің жақсаруына мҥмкіндік жасайды;
  • жартылай рациондық диета жүректің, бүйректің, бауырдың, асқазанның жіті ауруы кезінде пайдаланылады;
  • азықтың белок құрамы азайтылған диета нефроз, гепатит, энтероколиттік шіру процесі басым кезінде белгіленеді. 

2.8 Малды жайылымда күтіп-бағу гигиенасы

Қазақстан үшін жайылымдардың маңызы өте жоғары екені белгілі. Себебі республика жағдайында мал азық қорының шамамен 50 пайызы осы жайылымда. Алайда, жайылымдардың негізгі бөлігі (70 пайыздайы) шөлейт, жартылай шөлейт жерлерге орналасқан-дықтан олардың өнімділігі мардымсыз (0,5-5,0 ц/га). Бұл жайылымдар жыл мезгіліне байланысты алмасып пайдаланады. Шамамен барлық жайылымдардың 32 пайызы жаздық, 44 пайызы көктемгі – күздік, 12 пайызы қыстық деп белгіленсе, ал қалған 12 пайызы жыл бойы пайдаланатын жайылымдар. Басты мақсат осы әртүрлі жайылымдарды санитариялық-гигиеналық тұрғыдан дұрыс пайда-лана білу шаруашылық, экономикалық және ветеринариялық жағынан өте пайдалы.Бұл тарауда жайылымдарға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар, оларды пайдалану мерзімімен тәртібі және әр түліктік жайылымға деген сұранысы мен пайдалану ерекшелігі атап көрсетілген.

Жайылымға қойылатын зоогигиеналық талаптар.Малды жайылымда ұстаудың гигиеналық маңызы жоғары. Жайылымда осы шөптен дайындалған пішенмен салыстырғанда қоректік заттар 1,5 есе артық. Шөпті кептіру барысында ондағы азықтық заттардың бір бөлігі жоғалып қана қоймайды, сонымен қатар олардың мал организміне сіңімділігі нашарлайды (шөппен салыстырғанда пішеннің қорытылу деңгейі 15-20 пайызға төмен). Көк шөптің құрамында мал организмінің қажеттілігін қанағаттан-дыратын әртүрлі витаминдер бар. Көк шөптің қөрамында пішенмен салыстырғанда каротин мөлшері 10 есе жоғары болатыны белгілі. Жайылымдық кезеңді малды толыққұнды азықтандыру оның резистенттілігін, сонымен қатар өнімділігін жоғарылатады.

Жүрек-қантамыр, тыныс алу, ас қорыту, эндокриндік және жүйке жүйесінің қызметін және зат алмасуды жақсартатын моцион (серуен), кҥн сәулесі және қолайлы ауа ортасы жайылымдық кезеңнің маңызды гигиеналық факторлары болып табылады.

Жайылымдық кезеңде мал өнімдерінің (сүт, ет, жүн) көлемі артады және өзіндік құны төмендейді. Көптеген аймақтарда жайылымдық шөптің азық бірлігінің өзіндік құны басқа азықтармен  салыстырғанда 1,5-3 есе төмен. Жылқы үшін тығыз топырақты дөңестеу жердегі құрғақ бітік (қою), бірақ шөбі биік емес жайылым оңтайлы. Батпақты, дымқыл тұяқты жаралайтын өрісті жылқы төлі онша сүймейді. Фермаға жақын, шөбі бітік қою өріс жас төлдерге, төлдеуге жақын буаз немесе мол өнімді сауын сиырына, төлдеген саулық қой немесе құлынды биелерге қалдырылады.

Шаруашылықта жайылымда бағылатын түлікті дайындау, жоспарлау тәртібі қатаң сақталады [9]. 

3 Ат қораны күту

Ат қора (орыс. конюшня) – жылқы күтетін орын. Ат қораның еліміздің әр аймағының ерекшелігін ескерген, бірнеше қалыпты жобасы бар. Әр шаруашылық қора саларда жергілікті ауа-райын, өсіретін жылқы тұқымының ерекшеліктерін ескеріп, осы жобалардың лайықтысын пайдаланады. Ат қора су жинамайтын биіктеу, құрғақ жерге салынады. Қораның биіктігі, әр жылқыға қажетті орын аумағы, қора ішін бөлу тәртібі өсіріп отырған жылқының тұқымына, өнім бағытына, жасына қарай әр түрлі болады. Ат қораның жанында, не ішінде жем, ер-тұрман, жегу әбзелін сақтайтын қоймалар болады. Асыл тұқымды жылқылар қорадағы жеке-жеке үйшіктерде ұсталады, ал саяқтарды топ-тобымен бос қамайды.Жылқы денсаулығын сақтауда ат қора тазалығының зор маңызы бар. Лас дәліз, әжіре және ат тұратын орын жылқыға түсетін түрлі тері аурулары мен басқа да аурулардың басты себебі. Сондықтан ат қораға да, оның маңына да қи, көң жиналмау керек, ат қора дәлізінің лай құйылған едені әрбір тазалаудан соң сыпырылып, ылғал тұстарына құм төсеу, ойылған тұстарына қайтадан лай құю қажет. Егер ағаш еден болса оны да әрбір тазалағаннан кейін сыпырып отырған жөн. Ат тұратын орындар мен әжірелерге әр уақытта жаңа құрғақ және жұмсақ төсеніш төсеп отыру керек. Сондай-ақ ат қораның қабырғасы мен төбесі кемінде айына екі рет шылаулар мен шаңнан тазартылуға тиіс. Ат қора қабырғалары мен аралық қабырғаларының кемінде жылына екі рет әктеліп тұруы қажет. Егер желдетіп тұрмаса ат қораның ауасы түрлі зиянды газдар жиналып бұзылады да жылқының тыныс алу жолдарын тітіркендіреді. Ат қораның ауасы таза болуы үшін ауық-ауық желдетіп тұрған дұрыс. Тіпті қыстың аязды күндерінің өзінде есік-терезелерді 10-15 минут ашып қойған пайдалы. Мұндайда тек өкпек жел соқпаса болды. Жаздыкүні әрине, есікті де, терезені де, желдету трубаларын да үнемі ашып тастаған жақсы. Бірақ бұл кезде де, әсіресе тершең мал тұрған қорада өкпек желден сақ болу қажет. Оңтүстік аудандарда, егер жылқы күндіз ат қорада тыныстайтын болса терезеге сабаннан бойра тоқып ілген немесе әйнектерін көк бояумен бояп тастаған дұрыс. Осындай қаракөлеңкеде жылқы жақсы тынығады, оның үстіне шыбын шіркейлер де мазаламайды [9].

3.1 Ат қора температурасы

Егер жұмыс аттарына арналған қораның температурасы Целси бойынша 7-8 градус болса, құлынын емізіп жүрген биелер қорасының температурасы 10-12, құлын қораның температурасы 10-12, айғырлар қорасының температурасы 8-10 градус болса қалыпты деп есептеу керек. Жаздыкүні ат қораның іші қоңыр салқын, ал қыстыкүні бірқалыпты жылы болуға тиіс. Кейбір жылқы заводтарында қораларға (әсіресе құлын қораларға) от жағылады. Бірақ мұны пайдалы деп айту қиын.

Өйткені өте жылы жерде ұстаған жылқыға суық тигіш, соның салдарынан ауруға шалдыққыш келеді.Сондықтан да ат қорада малдың өзі бөлген жылуды сақтау үшін мынадай шаралар қолдану керек.

  1. Ат қора міндетті түрде суық жерге және жел өтінің бағытына ұзынынан немесе бұрышымен салынуға тиіс. Жылуды көп жоғалтуға себепші болатын есік-терезелерінің жел ӛтіне қарсы салынбауы тиіс.
  2. Егер ат қора жылу өткізетін материалдардан тұрса, оның қабырғасы арқылы жылу көп жоғалады. Әсіресе ат қора қабырғасын табиғи тастан қалауға болмайды. Кірпіштен, ағаштан, сабаннан, кесектен және лай құйылып тұрғызылатын ат қоралар ең жақсы ат қора болып саналады. Лайдан құйылып тұрғызылатын қабырғалар өте мықты келеді, шығын да көп жұмсалмайды, оның үстіне жергілікті жердің материалы-ақ жарап жатыр. Сондықтан дербес шаруашылық иелері осыны қатты ескеруге тиіс. Жылу сақтау үшін ат қораны жалпы жылытудың да зор маңызы бар. Есік қос қабат етіліп, ешқашан саңылаусыз, тығыз жабылатын болуға тиіс. Қораның қабырғаларын сабан лаймен сылап, әрбір қыстың басында бүкіл тесік-саңылаулары бітеліп тұруы керек. Төбесінің де қабырғаға тығыз етіліп жабылғаны дұрыс.

Еден. Кейде ат қора едендеріне лай құйылады. Мұндай еденнің ат тұяғына пайдасы ұшан-теңіз. Оның үстіне жылы да таза болады. Ондай еден былай жасалады: әуелі 0,3-0,5 м тереңдікте жер қазылып, тегістеледі. Содан соң 15-20 м қалыңдықты кірпіштің ұсақ кесектері кірпіштің жұқа қабатынан сыртқа тез. Сөйтіп оның үстіне 20-30 см қалыңдықта жақсылап иленген лай құйылады. Мүмкіндік болса лайды сабан қосып илеген дұрыс. Бірақ лай қабатын 20 сантиметрден жұқа құюға болмайды. Өйткені кірпіштің ұсақ кесектері кірпіштің жұқа қабатынан сыртқа тез шығып қалады да, еден де бүлінеді, еңбек те еш кетеді. Бұл лайға жаңа сөндірілген әк қосуға да болады. Мұндай еденді қораға жылқыны еден кепкен соң кіргізу керек. Лайдан құйылған еденге тұрақты күтім қажет. Әйтпесе еден ойылып, ойлы-қырлы болады да мұндай қорада тұрған мал оңды тыныға алмайды, тіпті ауруға шалдыққыш келеді. Цементтелген еден өте суық, тайғақ болады. Сондықтан жылқы тұру үшін жарамсыз. Кірпіш еден біршама жылы болғанымен лайдан құйылған еденге қарағанда суық тартып тұрады. Ағаш еден де жылы болады. Бірақ малдың өз зәрінен-ақ ылғал тартып тез ісінеді.

Соның салдарынан мал тайғақтап тұра да, жүре де алмайды. Төсеніш құрғақ, жұмсақ, жылы, ылғал тартқыш болуы керек.Қазіргі кезде төсеніш ретінде сабан, ағаш үгіндісі, ағаш бұтақтары, шым тезек, мүк, жапырақ пайдаланылады. Осылардың ішінде ең жақсы төсеніш – қара бидай және бидай сабаны. Ол жұмсақ, құрғақ және жылы, оның үстіне ылғалды да жақсы сіңіреді. Ылғал тарауы жөнінен шымтезек сабаннан әлдеқайда жақсы. Бірақ жылы төсеніш малды суық тиюден сақтайтындықтан осындай қасиетке бай сабанды алдыңғы орынға қоямыз.Сабан төсеніштің нормасы ретінде мынандай көрсеткіштер ұсынылады: айғырларға тәулігіне 3-4 кг, құлынды биеге 5-6 кг, саяқ ат пен жұмыс атына 2-3 кг, жаратылып жүрген тай-құнанға 3-4 кг, енелерінен бөлінген құлынға 1-1,5 кг. Төсеніш ауыстыру тәртібі мынадай: таңертең тазарту кезінде әжіреден немесе мал тұратын орыннан ылғал, қимен былғанған сабанды сыртқа шығарып тастайды да, құрғағын айырмен мұқият бөліп алып, сілкіп-сілкіп бұрышқа жинап қояды. Содан соң әжіренің немесе мал тұратын орынның еденін сыпырып, астына жинап қойған сабанды шашады да, үстіне жаңасын тастайды. Кешкілік те төсеніш осылай ауыстырылады. Егер жылқы күні бойы қорада болмаса ертеңгілік жаңа төсеніш төсеудің қажеті жоқ. Оның есесіне күні бойы еден кеуіп тұрады [10]. 

3.2 Жұмыс жылқыларын ұстау гигиенасы 

   Жұмыс көлігінің денсаулығының жақсы болуы, жұмысқа төзімділік қабілетінің артуы, оны жұмысқа тиімді пайдалану арқылы дұрыс іске асырылады. Жұмысқа тиімсіз пайдалану жылқыны ауруға соқтырады, оның төзімділігі нашарлайды, одан жақсы өнім алынбайды. Жылқыны жұмысқа пайдалану қабілетінің жоғарғы болуы және оның денсаулығының мықты болуы бірнеше жағдайларға байланысты: -оның массасы, жасы, қоңдылығы (жылқының жұмысқа деген қабілеттілігінің 4-5 жасында толығады); -жылқының жұмысқа жаттығуы және дайындығы (жаттығуы жетіспесе жылқы терлейді және тез шаршайды); -жұмыс әбзелдерінің денеге дұрыс орналасуы және оның ыңғайлығы; -жұмыс күнінің режмиі (азықтандыру, демалыс уақыты); -ауа райының жағдайы, жолдың сапасы және жер бедері; -физиологиялық факторлар әсері. Көліктің жұмыс істеу қабілетін екі көрсеткішпен анықтайды: аттың күшімен және жол қашықтығымен. Күш килограммен есептелінеді, ал жол қашықтығы – шақырыммен. Көлік аттарын жеңіл және жеңілдеу жұмысқа салу, оларды дұрыс азықтандыру (алдымен ірі азық беріледі, сосын шырынды азық , ең соңынан құнарлы азық) және дұрыс күтіп-бағу – олардың күшінің тез жиналуына, бір қалыпты болуына, төзімділігіне әсерін тигізеді (күнделікті терісін тазалау, жазда жуу немесе шомылдыру – су температурасы 18С төмен емес).

Ал керісінше, болған жағдайда жас жылқының өсуі тежеледі, өкпенің қабынуы, жүрек, аяқ ауруды байқалады. Сонымен қатар жұмыс көлігінің жұмысқа төзу қабілеті оның жаттығуына да байланысты.Жұмысқа жаттыққан жылқы – төзімді, организмі шыныққан, қатайған болып келеді, жүйке жүйесіне де, бұлшық еттеріне де,басқа да органдардың қызметіне әсерін тигізеді. Жұмыс көлігі әр кезде қоңды болғаны дұрыс. Осыған орай оларды үш топқа бөледі: бірінші топ – өте үлкен, мықты және денсаулығы зор жылқылар; екінші топ – орташа жұмысқа қабілеті бар, бір қалыпты жұмысқа пайдаланатын жылқы: үшінші топ – ұсақ, нашарлау, кәрі және жас құлынды биелер, мұндай жылқыны – жеңіл жұмысқа пайдаланады.

Жұмысқа көп атты жегіп пайдаланғанда оларды дұрыс таңдап алу керек, ол аттардың жасы, қоңдылығы, төзімділігі, салмағы, биіктігі, қадамының ара қатынасы және нерв жүйесінің типтігі бірдей болғаны дұрыс. Жұмыс күнінің ұзақтығы 8 сағаттан аспауы керек. Ыстық күні ауаның ылғалдылығы көп буланғанда, жұмыс көлігі тез шаршайды және ыстық өтуі мүмкін. Сондықтан мұндай күндері көлікті жиі-жиі суарып тұру керек, оқтын-оқтын атқа демалыс беру керек. Өте ылғал реті жылқыны көлеңкеге демалдырған жөн [10]. 

3.4 Жылқы терісің күту

Жылқыны дұрыс күтіп-бағу үшін ат қорада су құйылып кеспек, қи шығаратын қол арба немесе зембіл, сыпырғы, жылқыға су беретін шелек, ноқта, жүген, щетка, ат тарақ, жал тарақ, шұға, сүлгі, губка, тұяқ қырғыш болу керек. Шелектер, кеспектер, оттықтар үнемі таза болуға тиіс. Ер, жүген, ноқта тазалап сүртіліп, вазелинмен, қамыт, әмілдірік, құйысқан, қайыстар таза қайың қара майымен майланады да арнайы орында сақталады.

Тері организмді түрлі сыртқы әсерлерден – суықтан, ыстықтан, ауаның құрғақтығынан, ылғалдылығынан, көптеген жарақаттау жағдайларынан т.б. сақтайды. Сонымен бірге ол организмге ауру тарататын микроб енгізбейді. Терінің бұлардан да басқа атқаратын маңызды рөлі бар. Ол май бездері арқылы тері майын шығарады. Осы тері майы терінің үстіңгі беті мен жүнін майлап, оларды құрғап кетуден сақтайды. Тер бөлу саңылаулары арқылы да құрамдас заттардан тұрады. Бұл тұрғыда тері рөлінің барлығы осындай. Егер оның қызметі бұзылса, бүкіл организм қатты уланады. Тазарту – тері күтімінің ең пайдалысы болып табылады. Қорада күтіп-баққанда жылқы кемінде тәулігіне екі рет тазартылуы тиіс. Тазалау жұмысына щетка, ат тарақ, шұға, сүлгі, губка, бір буда сабан, тұяқ қырғыш және жапырақ пайдаланылады. Тазарту техникасы мынандай: жылқы әжіреден немесе ат тұратын орыннан дәлізге не болмаса ат байлайтын діңгегі бар жерге шығарылып байланады. Содан соң жылқы иесі сабан будасымен үстіне жабысқан ласты, қиды түсіреді.

Щеткамен тазалауға содан кейін ғана кіріседі. Егер аттың мінер жағынан тұрсаңыз щетканы сол қолыңызбен, қамшылар жағынан тұрсаңыз оң қолыңызбен ұстау керек. Жылқы басы мен мойнынан бастап тазартылады. Содан соң ғана кеудесі мен аяқтарына көшуге болады. Әуелі щетканы жылқы жүнінің құлату бағытына, содан кейін оған қарсы жүргізген дұрыс. Щетканы жылқы денесіне осылай бірнеше рет жүргізген соң ат тарақпен тазарту қажет.

Ат тараққа тұрып қалған шаң мен ласты сілкіп тазартып отырған жөн. Бұл тарақты басқа жұмысқа қолдануға болмайды. Жылқы жүнінен шаң, қайызғақ әбден алынды-ау деген кезде терісі шұғамен, ал жүн өспеген тықыр тұстары ылғалданған губкамен жақсылап сүртіледі. Тұяққа жабысып қалған түрлі нәрселер тұяқ қырғышпен, тазартылып артынан жуылады. Аттың құйрығы мен жалы арнайы жал тарақпен таралады.

Күзеу. Жаратылып жүрген асыл тұқымды жылқыны тазартумен бірге күзеу де керек.Әсіресе жұмыс үстінде көп терлейтін атты күзеген жақсы. Бірақ күзелген жылқыға суық тез тиетінін есте ұстаған жөн. Сондықтан да жылы қорасы жоқ кісілерге жылқыны кезеудің қажеті жоқ. Жуу. Жылқы күтудің ең пайдалы шарасы осы. Ол теріні түрлі лас қоспалардан, терден, өзінен бөлінген майдан тазартып, бұлшық еттерді қатайтады, өкпені жетілдіріп, нерв жүйесін нығайтады, жалпы организмді шынықтырады. Жылқыны жылдың жылы маусымында шамамен аптасына екі рет жуған дұрыс. Барлық жастағы жылқыны да жууға, әсіресе суға жүздіруге бола береді [10]. 

3.6 Жылқы тұяғын күту

Жылқы тұяғын жылқышы да да, оны мініп жүрген кісі де жақсы күтуге тиіс. Ол қанша сәйгүлік болғанмен тұяғын бүлінсе іске аспайды. Тұяқ жарақаттың, жер басар жиегінің мүжіліп, сынуының, дұрыс тазарта білмеудің, дұрыс тазаламаудың, ауру зардабының, лас қорада күтіп-бағудың т.б. салдарынан бүлінеді. Тұяқ күтудің негізгі шаралары мынандай:

1) тұяқты таза ұстау;

2) мүмкіндігінше жылқыны көп жүргізу. Әйтпесе қозғалыссыз ұзақ тұрған     аттың тұяғын ауруға шалдығады;

3) дер кезінде және дұрыс тазарту, сондай-ақ дұрыс тазалау.

Тұяқты таза ұстау үшін оны күнде тазартып жуып, шүберекпен сүртіп тұру керек. Тұяқтың жер басарын арнайы тұяқ қырғышпен тазалау қажет. Жылқы жұмыстан оралысымен тұяқтың жер басарына жабысқан қарды, батпақты, қиды тазалап, тұяқты сүрткен, тілерсектен төмен қарай жақсылап уқалаған дұрыс. Содан кейін ғана оны қораға кіргізуге болады. Тұяқты ешқандай маймен майлауға болмайды. Сондай-ақ тұяқ сыртына жабысқан ласты қыру өз қолыңды өзің кескенмен бірдей.

Өйткені бұл оның қорғаныш қабатын бұзып, соның салдарынан тұяқ ылғалын жойып, тез сынғыш келеді.

Тұяқ тазарту. Тұяқты дер кезінде және дұрыс тазартуға аса зор мән беру керек. Тұяқ үнемі өсіп отырады. Егер ол кесілмесе, беталды өсіп, өз қалпынан айырылады. Бақайы да қисаяды. Осының бәрі малдың ақсауына әкеп соқтырады. Жылқыны жайылымда күтіп-баққанда тұяқ қыры бірте-бірте мүжіледі. Бірақ ол бірқалыпты мүжіле қоймайды да, тұяқ та, бақай да қисаяды. Осыған орай тұяқты жылына кемінде екі рет тазартып тұрған жөн. Тазарту үшін тұяқ атауызы, тұяқ пышағы мен түрпі пайдаланылады. Тазарту техникасы мынандай: егер аттың тағасы болса, ең алдымен сол ескі тағасы алынады.Содан соң ғана тазартуға кірісуге болады. Егер тұяқ тым өсіп кетсе, онда ең бірінші тұяқ қышқасымен тұяқты қысып ұстап, содан келіп тұяқ пышағымен оның табанын тазарта бастайды. Тұяқты тым етіне жақындатып кесуге болмайды. Мұндай мал ақсап қалады. Әсіресе жылқы табынындағы тұяқ өскінін тазартқанда сақ болу керек. Тазартуды пышақпен қырып жатқанда тұяқ жоңқасы шыға бастағанда-ақ тоқтатқан дұрыс. Жер басарын тазартып болған соң тұяқты тұяқ атауызымен қысып ұстап, оның қырын түрпімен тегістейді. Дұрыс тазартылған тұяқ қыры жер басарынан, әрі кеткенде жарты сантимертдей асып тұруы қажет.

   Тағалау. Тұяқ тазартылып болған соң, егер қажет болса, атты тағалау керек. Ол үшін ең алдымен таға дайындау мақсатымен өлшемі алынады, содан кейін тағаны тұяққа орнықтырып, ең соңында қатайту ғана қалады. Өлшемді жіңішке шыбықпен-ақ дәл алуға болады. Ең алдымен тұяқтың ұзындығы өлшенеді. Ол үшін шабықтың бір ұшы тұяқтың ұзындығы Өлшенеді. Ол үшін шабықтың бір ұшы тұяқтың шығыңқы тұсына, екінші ұшы өкшелігіне тақалады. Содан кейін енінің, ең соңында өкшелігі бұрыштарының өлшемі алынады. Алынған өлшемдер дайын тағаны таңдауға немесе жаңасын жасауға мүмкіндік береді. Таға таңдалынып немесе жаңадан жасалып болғаннан кейін, ол суытылып, тұяққа орналастырылады. Дұрыс орныққан таға тұяқтың табан жиегінде тығыз тұруға тиіс. Жер басары мен таға арасында сондай-ақ таға мен тұяқ қырының арасында саңылау қалуға болмайды. Сөйтіп тағасы тұяқ қабырғасына сай келетін шегеге қалдырған тесік тексеріліп болған соң тағалауға кіріседі. Тұяққа орныққан тағаны қолмен ұстап тұрып, балғамен жайлап әуелі ішке шеге, содан кейін сыртқы шеге қағылады да, дереу олар қайырылады. Егер қағып жатқанда ат аяғын тартып қалса, шеге тұяқтан өтіп, етке тиді деген сөз. Мұндай жағдайда оны суырып алып қайта қаққан дұрыс. Екі ілгіш шегені қағып болған соң аттың тұяғына жер бастырып, тағаның дұрыс қағылғанына көз жеткізеді. Қажет болса жөндеп, кезекпен қалған шегелерді, әуелі ішік, содан кейін сыртық шегелерді қағады. Шегелер түгел қағылып болған соң қышқышын шегенің қайырылған басып тақап қойып балғамен ұрады. Содан кейін шегелердің қайырылған ұштарын өткір қышқышпен кесіп тастайды. Шегенің қалған ұшы мен тұяқ аздап егеледі де, шеге тойтарылады. Сөйтіп тағалау да аяқталады. Ат тұяғын тазартақан секілді 1-1,5 айда бір рет қайта тағалып отырады.        Бұдан артық жиілетуге тісі тез тозады. Сондықтан қайта-қайта шегелеп , тұяққа зиян келмес үшін шегенің орнына бұрандалы шеге (винт) қолдаған орынды. Тағаланған атпен жұмыс істеген кезде оның тағасына аса зер салып отырмаса болмайды. Таға үнемі тығыз жатуға тиіс. Сәл болса тұяқты құртады. Тай-құнан бас үйретілген соң, онда да алдыңғы аяқтары ғана тағаланады [11]. 

3.8 Жылқыны күту ережелері

Жылқының мінезін ескере отырып, оған батыл әрі жылы шыраймен қарай білген жөн. Жақындағанда жылқыны үркітіп алмау үшін дыбыстап шақырады. Кермеде тұрған жылқыға артынан бұруға болмайды, оны алдынан барып кермеден артқа шегіндіріп алып шығады. Механикалық тазалау жылқының жұмысын жеңілдетеді, оның шаштарының жиналуын көбейтеді, жылқы күтімінің гигиеналық жағдайын жақсартып, ат қораларын таза ұстауға мүмкіндік береді. Пневматикалық тазалау кезінде түлеген кезде түсетін шаш болмай,қайызғақ ауамен темір тарақ және резинка түтік арқылы шаңсорғыштың вакуум шелегіне тартылады. Механикалық тазалау кезінде пайдаланылатын темір тарақты жылқы терісінің үстімен ептеп, баспай жүргізеді. Жылқылар шаңсорғыштың немесе мотордың шуына, қолмен тазалағаннан гөрі тез үйренеді және қозғалмай тұрады. Одан кейін тазалау сапасы жақсарып, жылқы түктері жұмсақ әрі жылтыр болып қалады. Механикалық тазалауға арналған жабдық, қажетті жағдайда жылқының миозит ауруын емдеуге тиімді, әрі массаж жасауға мүмкіндік береді. Тұяқты тазалап, қарау үшін жылқыны қысқа ағашқа байлайды, содан соң алдымен алдыңғы, содан соң артқы аяқтарын көтеріп тазалайды, қарайды. Сол жақ алдыңғы аяғын тазалап, қарау үшін жылқының иығының астына бетімен бұрылып тұру қажет, сол қолмен жылқының иығынан тіреп, оң қолмен аяқ-қолын жоғарыдан төмен қарай сипай отырып, бақайды ұстап, тізелік буынынан бүгіп, аяқ-қолын көтереді.

Бүгілген аяқ-қолын сол қолына алып, ағаш пышақпен немесе ілмешекпен тұяғының жүрекше таптарының балшығын тазалайды. Сосын барып тағасын қарайды. Сол жақ артқы аяғының тұяғын тазалап, тағасын қарау үшін жылқының басына жақын келіп, мойнын, арқа және сауырын жәймен сипайды және оң аяғын жылқының артқы аяғына қарсы қойып, сол аяғын орнында қалдырады. Әрі қарай сол қолымен жылқының жамбасына сүйеніп, ал оң қолымен жамбасын төмен қарай сипай отырып, бақайдан буыны тізеден жоғары асып кетпейтіндей етіп жылқының аяғына салады. Бұдан кейін тұяғын тартып, тағасын қарайды. Оң жақтағы артқы және алдыңғы аяқ-қолдарын да осыған ұқсас етіп тазалайды.Тұяқ мүйізінің бетін ұшты нәрсемен тазалауға немесе май жағып, әртүрлі әдіспен жылтыратуға болмайды, өйткені ол мүйізінің бұзылуына әкеп соқтырады.

Тағаны қарағанда оның бетінің беріктігін, тісі мен шегелерінің бүтіндігін ескерген жөн. Сонымен қатар таға шегелерінің шеттері тұяқ мүйізінің бетінде тегіс жатыр ма, тұяғының сынық жерлерінің бар-жоқтығына көңіл аудару қажет. Тағаны қарап, тазалағаннан кейін оны сумен жуып, шүберекпен мықтап сүртеді. Жұмыс қабілеттілігіне арттыру үшін жылқыны дұрыс азықтандыру, суару және бағып күтудің маңызы зор. Жылқыны азықтандырғанда оның қоңдылығына мен атқаратын жұмысының ауырлығын ескереді. Жұмыс аттары жарық, құрғақ, ауасы ауысатын қорада ұсталулары керек. Ат қоралары жарық болуы үшін – биіктігі 2 метрден кем емес терезелерін оңтүстікке қаратып, ауасы жеткілікті болуы үшін бір басқа келетін аумағын 30 шаршы метрден кем болмастай, қабырғасының биіктігін 3 метрден асырып салады. Терезесінің көлемі еден көлеміне 1:15 арақатынасынан кем болмауға тиіс. Еден саз балшықтан не асфальттан салынғаны жөн. Керме қоршауларының өлшемі – 1,75*3 м, аумағы – 5,25 шаршы м, күндізгі бөлмелерінің көлемі – 3*3,5 м, аумағы – 10,5 шаршы метр етіп жасалады. Жылқы төлін әр басына 5 шаршы метр келетіндей жалпы бір бөлмеде ұстайды. Ат қоралары жем-шөп салатын астауларымен, суарғыштармен, жылқы байлайтын сәкілермен жабдықталуы керек. Онда жем-шөп пен төсенішті, ат жабдықтарын, инвентарды, құрал-сайманды сақтайтын бөлмелер жабдықталып, жас-жыныстық тобына байланысты жылқы басын азықтандыру, тұяқ азықтандыру, тұяқ пен тағаны тазалау мерзімі белгіленген табель іледі [12].

4 Спорттық жылқыларды ұстау гигиенасы

Спорт жылқыларының жұмысқа қабілеті мен контуренттік қасиетін бірқалыпты ұстау үшін олардың гигиеналық режимі мен оларды бағып-күту және жылқыларды тиімді шынықтыру ерекшеліктерін байланыстырып дұрыс пайдалану керек. Жылқыларды әжірелермен (көлемі 3х4м ) жабдықталған ат қораларда ұстайды. Қора таза, жарық және құрғақ болуы керек.

Әжірелердің едені тығыздалған топырақ, құрамында 5-6 пайыз цемент болуы керек. Қолданылатын төсеніш құрғақ, қалың,газды сіңіруі жоғары (сабан,ағаш үгіндісі) болуы керек. Қорадағы қиды күнделікті тазалап, төсеніштерді ауыстырып, науаны тазартып, қабырғалардағы, төбедегі, терезелердегі шаңнан тазартып тұру керек. Уақтылы дезинфекция жасау үшін хлорлы әкті пайдаланады және бұл затты қолданғаннан кейін міндетті түрде қора ауасын тазартады.Спорт жылқыларының жұмыс қабілетін арттырудың маңызды гигиеналық әдістері малдың тұяғын, терісін, аяғын, дұрыс күту, оларды шомылдыру және белсенді моционға шығару болып табылады. Бұл әдістерді жүргізу техникасы жұмыс аттарын күтіп бағу техникасына ұқсас. Сонымен бірге спорт аттарына арналған ат қораларға жылы жылы бар душ орнатады.

Қыс және күз мезгілдерінде душ қабылдаған жылқылардың үсті міндетті түрде кебуі керек. Ол үшін жылқыны жылы жабумен жауып, әжіреге кіргізеді. Терлеп тұрған жылқының тері кебуі үшін және оларды суықтан ауырмауы үшін жылқы жүнін арнайы электр машинасымен қырқу керек. Азықтық рационды әр жылқыға жеке құрады,және олар сапалы болуы керек. Азықты науаға күнделікті бір уақытта және аз мөлшерде салады. Бұл кезде әртүрлі азықтармен азықтандыруға және суаруға аса көңіл аудару керек. Азықтандыру кезінде ат қораларда тыныштық сақтау керек. Спорт жылқыларының жұмыс кезінде организмінде жүретін физиологиялық процестерді білу арқылы керекті және шекті шынықтыру жұмыстарын, жылқының жұмыс істеуі мен дем алу қатынастарын, шынықтыру және жарыстан кейінгі қайта қалыптастыру процестерін анықтауға болады. Спорт жылқыларының жылына белсенді дем алу мерзімі 1-1,5 айды құрайды. Спорт жылқыларын шынықтыру жарыс түріне байланысты белгілі бір жобада және уақтылы жүргізілуі тиіс. Бұл кезде шынықтыру мерзімі мен қайталану дәрежесі, шынықтыру компоненттері (көлемі мен интенсивтілігі) және жылқыны дем алдыру түріне байланысты болады.  Егер шынықтыру кезінде жылқыны дем алдыру уақыты ұзарып кетсе организмде бұрын пайда болған шартты рефлекстік байланыстар бұзылады және жылқының жұмысқа қабілеті нашарлайды. Спорт жылқылары бір-бірінен мінез-құлқы, темпараменті және тағы басқа қасиеттері бойынша ерекшеленеді, сондықтан әр спорт жылқысына жеке күтіп-бағуды ұйымдастыру керек [13]. 

4.1 Жылқының ас қорыту және зат алмасу ерекшеліктері

Жылқының басқа малдан басты айырмашылығы – бұлшық еттерінің жұмысы болып табылады. Ол қасиеті ас қорыту мен зат алмасуының ерекшеліктерін анықтайды. Жылқылар көмірсулы қосылыстарды – углеводты әрбір 3 сағат жұмыстан кейін шығындап отырады. Сондықтан жұмыс кезінде жылқыларды үстеме қоректендіру өте маңызды.Жылқылардың қарны бір камералы, күйіс қайыратын малдармен салыстырғанда ірі азықтарды онша қорытып сіңірмейді. Жылқы ағзасына қажетті қоректік заттардың пайдалы жұмысқа аз ғана мөлшері шығындалады. Жылқының тіл жақсы дамыған, сондықтан қатты заттарды бөлшектеп уатады. Мүйізді ірі қара малдардың қарнына қарағанда жылқының қарны 7-8 есе кіші, ішектері қысқа. Жемді, концентратты жақсы қорытады. Жылқы денесінің құрғақ заты протеин, май мен күл түрінде анықталатын минералдық заттардан тұрады. Жас құлын денесінде протеин көп түзіліп, май аз болады да, өсе дене құрамындағы май үлесі артады.Содан барып жас ет қара, яғни таза бұлшық етті, протеинді болса, сақа, әсіресе, бордақыланған мал етінде май үлесі молаяды. Мал денесінің (бұлшық еттің) протеині желінген азық протеинінің аминқышқылдарынан түзіліп, дене құрылысын қамтамасыз етсе, дене ( ет) майы организм қажеттілігінің артылған энергиясының қоры ретінде байланады. Желінген азықты қорытатын жылқының ас қорыту жүйесінің құрылысының өзіндік ерекшеліктері бар. Олар ауыз қуысынан басталады. Жылқының күрек тістері өткір, жемшөпті мүйізді ірі қара малдай жалмамай қырқып жеп, түбелікті азу тістерімен түбегейлі мұқият шайнап, мол сілекейлеп, аумағы сиырдікінен 10 еседей тар бір бөлімді қарнына ішек сөлінің ферменттерімен түбегейлі… протеин – аминқышқылдарынан, майы май қышқылдарына, көмірсулары моноқанттарға ыдыратылады да, соңғылары аш ішек түгімен қанға сіңіріледі. Сіңірілмеген, яғни қорытылып үлгермеген қоректік заттар қорытылмаған тезек ( қи, нәжіспен) қалдықтарымен сыртқа шығарылады. Жылқы жайылым отын, шалғын шөбін, көп жылдық екпе шөптерден атқонақ, еркекшөп, беде және жоңышқа жақсы жеп, жұғымды пайдаланады.Бұл түліктің сазды, томарлы жердің шөбін, өлең, қоға, қырықбуын, мия сияқты шөптерді онша сүйсініп жемейді. Сұлы, арпа, тары сабаны мен топанын да жейді, бірақ олады алдын ала булап, жұмсарып, жеммен араластырып берген жөн.       Шырынды азықтардан сәбіз, қызылша, турнепс, сапалы сүрлем мен картоп берген пайдалы. Жылқы басына тәулігіне жуып тазартып қызылшаны – 10-12 кг, атқаратын жұмысына қарай сүрлемді – 8-12 кг беруге болады. Картопты пісіріп берген дұрыс. Жылқының сүйсініп жейтін ең жұғымды жемі сұлы. Сұлыны жылқыға шектеусіз жеткізуге болады. Оны жеңіл қорытып,ешбір зиян шекпейді, тек тісі мүжілген кәрі аттарға сұлы дәнін алдын ала мыжып беруге болады. Еліміздің оңтүстігінде жылқыға көбінесе арпа дәні мен жармасын береді. Ас қорытуға оң ықпал ететін диеталық азық ретінде бидай кебегін жегізеді. Жүгері дәнін жармалап, басқа азықтармен қосып берген жөн. Протеинді азықтардан жылқыға күнбағыс пен зығыр күнжарасын, шротын енгізуге болады. Жазда жылқыны жайылым отына жаяды. Отты жайылымда бағылған жылқыны қосымша жемдемей – ақ жұмыс атқаруға болады. Жайылым ең арзан жем-шөп көзі болғандықтан жылқы ұстау шығынын арзандату үшін маусымдық жайылымдарды жыл он екі ай пайдалануға тырысу қажет. Ол үшін әсіресе қазақы жылқының тебіндеуге бейімділігін жете қолдану қажет.      Жайылым оты жетіспеген жағдайда ғана жылқының тұқымына, жасына, жынысына, өнімділігіне, физиологиялық ахуалы мен атқаратын жұмысына байланысты өзгеретін қоректік заттарға мұқтаждығын, яғни азықтандыру нормасын, қосымша азықтармен толықтырады. Жылқы азықты баппен өте ұқыпты, мұқият шайнайды. Бір жұтқанда 15-20 г сабан, топан ( мякина), жемдерден (сұлы, арпа, кебек т.б.), шырынды азықтардан (сәбіз, қызылша, картоп, шөптер т.б.) жұта алады. Жылқыға берілетін рацион құрамында құрғақ заттың 16 %-ті клетчатканың үлесіне тиеді, егер клетчатка 16%-тен артық болса, онда рациондағы алмасу энергиясы төмендейді.     Жылқыда термен бірге көп мөлшерде тұз біртіндеп бөлінеді. Осындай кезде жылқыны суытпаса организмінде қан плазмасының осмостық шоғырлануы көбейіп, жұмыс кезінде капилляр қан тамырларының қозғалысын қиындатады да, жүректің бұлшық еттеріне күш түсіреді. Жылқыны азықтандыру жеке қасиетіне, жаттығуына, қозғалыс жылдамдығына, жұмыстың ұйымдастырылу тәсіліне, азық алмасуына, жұмыс кезіндегі дем алуына байланысты. Жылқы азықтандыру – тірілей салмағына, сыртқы түріне, жұмыс қабілеттілігіне, тұқымы, жынысы, қимылы, қоректену ерекшеліктеріне байланысты болады. Мініс жылқылары 100 кг салмаққа 12-15 км жылдамдықпен қозғалатын болса, әрбір шақырым жолға 0,0267 азықтық өлшем қажет етеді. Егер жай жүріспен қозғалатын болса, онда 0,02 азықтық өлшем қажет етеді. Қоңдылығы нашар жылқы болса, 3-4 азықтық өлшемді, 150 г-ға дейін сіңірімді белоктық затты көбейтеді. Жылқыға 100 кг тірілей салмағына көп жылдық дәнді дақылдардан және аралас дала шөптеріне 2,4 кг беде – 1,4-1,5 кг, әр түрлі шөптерден – 3-3,4 кг дәнді, жусан, сораңнан – 3,2 кг қажет етеді. Жылқыны күніне 4 рет азықтандырады : бірінші ірі азықты жеп тауысқаннан кейін концентрат беріледі [14]. 

4.2 Жылқыларды бордақылау гигиенасы

Табында жылқыны бордақылау кезінде қауіп-қатерден сақтану үшін жем-шөп қоры болуы тиіс. Ол үшін шөл, шөлейт жерлерде бір жылқыға 1-3 ц, қарлы жерде 5-10ц шөптің қоры болуы тиіс. Шөлейт, шөлді жерлерде малды семірту әсіресе көктемгі және күзгі уақытта, ал таулы аймақтарда жаздыкүні жүргізген дұрыс. Жылқыны табында бордақылау кезінде оларды сумен қамтамасыз етуге аса көңіл аудару керек және жылқыны күніне үш рет суару керек. Табында семірткен жылқының етінің сапасы жоғары болады, жылқы тез семіреді, салмағы тәулігіне 1,5-2 кг дейін өседі. Жылқыны қолда ұстап семірту немесе бордақылау. Бордақы жылқыны жасы, салмағы, қоңдылығы бойынша іріктеп алады. Жылқыны бордақыға қойғанда оларға ветеринариялық, зоотехникалық шараларды жүргізеді және олардың қоңдылығын анықтайды, өлшейді, құрт ауруларына қарсы емдік шаралар жүргізеді. Жылқы қолда бордақылағанда оларға көк шөп, құрама жем, сүрлем, пішендеме, картоп, жом және барда береді. Алғашқы күндері рациндағы ірі шөп және құрама жем 30%, шырынды шөп 40%, құрайды да, ал бордақылаудың соңғы күндері құрама жем 60%, ірі шөп-30% және шырынды шөп – 10% құрайды [15].

Қорытынды 

Қорыта айтатын болсақ, қазіргі кезде жылқы санын арттыру, оны өз төлінен өсіру, ауыл шаруашылығын және тасымалдау жұмыстарын тиімді пайдалану міндеттері қойылуда. Шаруашылықтарда құлын өсіріп, етке салатын жылқыны мемлекеттік сатып алу тәртібі белгіленеді. Қазақстанның тиісті аймақтарында етті бағыттағы тебенді жылқы шаруашылығын жетілдіру, сондай-ақ қымыз өндіретін фермалар ұйымдастыру мәселелері де қарастырылған. Жылқы өсірумен айналысатын кәсіпкелерді материалдық ынталандыру күшейту шаралары да қарастырылуда. Бұрыннан бар тұқымдарды, аталық ізімен аналық ұялары одан әрі жетілдіру және жаңадан шығару мақсатымен жылқы шаруашылығында селекциялық тұқым асылдандыру жұмыстарын жақсарту жөнінде көптеген шаралар белгіленуі қажет. Бұл курстық жұмысымның басты мақсаты – жылқыны жасына әрі жынысына байланысты күтіп – бағуды, тиімді ұстау жүйелеріне, азықтандыру мен суаруда, соларға арналған қора – жайларға қойылатын гигиеналық талаптар және жылқының денсаулығын нығайту мақсатында жүргізілетін ветеринариялық – санитариялық және гигиеналық шараларды іс – жүзінде ұйымдастыру мен енгізу жолының маңызы көрсетілген. Жылқыны ұстау, күтіп – бағу барысында санитарлық – гигиеналық талаптарға сезімталдығымен ерекшеленеді. Сондықтан олардың өнімділігі мен денсаулығын зоогигиеналық талаптардың жоғары деңгейде болуына тікелей байланысты. Әсіресе, өте жоғары күтімді жас жаңа туған құлындар керек етеді. Жылқыны бағып- өсіру кезінде шаруашылық жағдайында оларды толық құнды әр түрлі азықтармен азықтандыру, микроклиматы қолайлы қора – жайларда ұстап , ветеринариялық – санитариялық шараларды дер кезінде жүргізіп, қатаң сақтау табысқа жеткізу кепілі. Басқа түліктерге қарағанда жылқыны күтіп – бағуды, оларға дүниежүзілік деңгейде салынған әрі салынып жатқан жылқы заводтары, қымыз және ет шаруашылықтары қол жеткен табыстары баршылық. Ендігі мақсат осы жетістіктерімізді бұл салада әрі қарай дамытып жалғастыру.

You May Also Like

Таза қиынбалқитын металдарды алу технологиясының ерекшеліктері, дәріс

№ 1 дәріс. Кіріспе. Таза қиынбалқитын металдарды алу технологиясының ерекшеліктері. Көптеген жүз…

Іштің қатуын емдеу

<Ауруын жасырған өледі> деген сөз бар емес пе, ендеше, кейбіріміздің үлкен дәретке…

Түйесу кен орны. Жалпы экологиялық мәселелері

«Түйесу кен орны. Жалпы экологиялық мәселелері» Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысының тұрғын елдерін…

Есептеуіш техниканың даму тарихы және құрылымдары

Есептеуіш техниканың даму тарихы және құрлымдары Ең алғашқы пайда болған есептеу құралы…