«Түйесу кен орны. Жалпы экологиялық мәселелері»

Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысының тұрғын елдерін сумен қамтамасыз ету үшін Түйесу және Сауысқан жер асты су кен орындарына ауызсу өндірумен айналысады. 2009 жылы мекеме «Самруқ Қазына» Ұлттық қорының компаниялар тобының қатарына кірді. Жер асты суларының ең ірі кен орындарының бірі – Түйесу.Сауысқан және Түйесу жер асты суымен аймақтың келесі елді мекендері ауыз сумен қамтылады:  Жаңаөзен қаласымен оған қарасты Теңге, Қызылсай, Рахат, Сенек, Құланды, Ақ құдық,Ұштаған, Бостан қоныс елді мекендері пайдаланады. Түйесу ауыз су кенорны 1964-66 жылдары зерттелген, негізгі мақсат мұнай өндіріс салаларын және оның жұмыскер елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету болып есептелді. Осы кенорыны 1967 жылдан бастап эксплуатацияға берілген. Түйесу кен орыны 1971жылы ашылған. 1999 жылы Түйесу кенорнының пайдалы көлемін қайта зерттеу арқылы эксплуатациялық қоры анықталды – су алу қуаты күніне 7000-7500 метр куб. Түйесу кенорнындағы сорап станциясынан Жаңаөзен қаласына дейін жүргізілген магистралдық су құбырының ұзындығы 46 шақырым. Жалпы су қоры 27 скважинадан тұрады, соның қазіргі кезде 23 скважина жұмыс жасап тұр.
Түйесу кен орны 1971 жылдан бастап осы күнге дейін 50 жыл бойы жұмыс жасап тұр. Түйесудың қоры көп негізі алынуға тиісті су мөлшері 120 000 000 млнм³. Қазіргі таңға дейін  90 000 000млнм³ қоры алынды. Қазіргі уақытта  30 000 000 млнм³ су қоры бар. Түйесу кен орнын 2020 жыл эксплуатацияға берілед.Түйесу кен орнының қорында қанша су бар екенін тексереді.Түйесу кен орны44 жылдан бері тұрбалары ауыстырыл маған,құбырлар ескірген, сораптары тозған екен. Ұзақ жылдардан кейін су деңгейі төмен түскен. Осының салдарынан экологиялық процестер:өсімдік тамырлары қураған, құм жалаңаштана бастаған.Әуелгі кезде бұл жерде жүзгендер, сексеуілдер және де бұл жерлерде құмда өсетін өсімдіктердің бәрі болған.Ұзақ жылдар бойы суды алғаннан кейін,су төмен түскеннің әсерінен өсімдіктің тамырлары қураған бұл бір.Екіншіден осы жердегі Сексеуіл және Жүзген деген өсімдіктер болды,оларды ел шауып алып отын ретінде пайдаланған.Қазіргі таңда осы жерде орман  шаруашылығы деген  шаруашылық ашылып айналасы қоршалған. Бұл бастаманы әуелі бастаған Түйесу кен орны екен.Тағыда айта кетерлік жағдай бұл жерге,егін шаруашылығын салуға болмайды.Себебі жер асты сулар көздерінде рұқсат етілмеген,су кодексінде солай көрсетілген.

Ұсыныстар                                         

1.Түйесу кен орнының су құбырлары, сораптары ескіріп қалған.Сораптармен құбырларды ауыстыру қажет.

2.Түйесу кен орнынан шығып жатқан тұшы су ГОСТ стандартқа сәйкес келеді екен. Менің ойымша сол жерден баклашкамен су шығарып сатуға, мини зауыт ашуға болады.Біріншіден халықты табиғи сумен қамтамасыз етуге болады. Екіншіден жұмыс орны ашылады.Сенек ауылының тұрғындары жұмыспен қамтамассыз етіледі.

3.Бұл жерде Сенек ауылында құм арасында жылтырап жатқан кремний элементті бар.Осы  құмдағы кремний элементімен шыны өндірісін ашуға болады.

You May Also Like

Бас ауыруының үй жағдайындағы емі

Басы ауырмайтын адам жоқ шығар сірә?! Көбіне оған эмоциялық шаршау бас миы…

Жаңғақтың шипасы

Қан қысымыңыз өте жоғары болса, онда о,5 стақан жержаңғақты қабығымен қоса банкіге…

Еңбек рыногы және тұрғындарды жұмыспен қамту

Еңбек нарығы – бұл нарықтың ерекше түрі, онда жұмыс күші тауар ретінде…

Кәсіпорынның мақсаты оның қызметінің соңында қандай нәтижені көздейтінін көрсетсе

Кәсіпорынның мақсаты оның қызметінің соңында қандай нәтижені көздейтінін көрсетсе, стратегиясы осы нәтижеге…