Кәсіпорынның мақсаты оның қызметінің соңында қандай нәтижені көздейтінін көрсетсе, стратегиясы осы нәтижеге жету жолдарын, бағыттарын анықтайды. Әрбір кәсіпорынның стратегиясы өзгеріп отырған нарық жағдайын ескеріп, кәсіпорынға жаңа шешімдер қабылдауға еркіндік береді.

Кәсіпорынның стратегиясыоның нақты жағдайына қызмет ету ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Бірақ барлық кәсіпорындар стратегиясын анықтау барысында мынадай мәселелерді шешкені жөн.

  1. Қандай өндірісті тоқтату керек?
  2. Қандай өндірісті жалғастыра беру керек?
  3. Алдағы уақытта қандай өндіріске көшу қажет?

Кәсіпорынның рыноктағы іс -әрекетінің негізгі үш бағыты бар:

1) – өндіріс шығындарын барынша азайту.

Өндіріс шығындары неғұрлым аз болған сайын кәсіпорын өз өнімінің бағасын бәсекелестерге қарағанда төмендете алады. Соның нәтижесінде бұл өнімнің рыноктағы үлесі артады. Бұл үшін кәсіпорын стратегиясын жоспарлағанда өндірісті және жабдықтауды жақсарту шараларын жаңа технологияны игеруді, өнімнің өзіндік құнын арзандату жолдарын қарастырады;

2) – өнім өндіруде мамандандыруды жоғарылату.

Бұл бағыттың негізгі –мақсаты – өндіріс өнімінің сапасын жақсарту, тұтынушылар бағасы жоғары болса да, сапалы өнімді таңдайды. Сондықтан да бұл бағытты таңдаған кәсіпорындар қалайда өз өнімінің сапасын жоғарылатуды көздейді. Бұл үшін жақсы дизайнерлер, жақсы дамыған маркетинг жүйесі болуы керек;

3) – кәсіпорын өз қызметін рыноктың белгілі бір бөлігіне ғана арнайды.

Бұл бағытты таңдаған кәсіпорын рыноктағы бір өнім түріне деген сұранысты зерттеп, соған сай өндірісті ұйымдастырады, яғни осы өнімнің өзіндік құнын төмендету немесе осы өнім өндіруіне жеке мамандану саясатын жүзеге асырады. Кәсіпорын бүкіл рынокқа ғана емес, тек оның бір бөлігіне нақты тұтынушыға, оның сұранысына қызмет етеді.

Қазір нарықтық жағдайда іс жүзінде басты бағытты көздейтін стратегиялар эталондық стратегиялар деп аталады. Ол үш топқа бөлінеді:

Бірінші топтағы стратегиялар:

– өндіріс өнімінің сапасын жақсарту;

– жаңа өнім өндіруді бастау;

– рынокта өзінің артықшылығын көрсету.

Екінші топқа – стратегияның интеграциялықдамуы, яғни жаңа құрылымды қосу арқылы кәсіпорынның өсу жолдары жатады. Кәсіпорын қосымша бөлімшелер ашуы мүмкін, жабдықтаушыларын өз қарамағына енгізіп алу, өндірілген өнімді тұтынушыларға жеткізетін жаңа құрылымдар ашу.

Үшінші топ- бұл мақсаттылықпенқысқарту стратегиясы. Егер кәсіпорынның өндірісі ұзақ уақыт бойы өсіп келіп, ең соңғы кезде ол құлдырай бастаса, рыноктағы өзгерістерге қарай пайда әкелмесе, онда кәсіпорын нысаналы түрде жоспарға өз өндірісін қысқартуға мәжбүр болады.

а) жою стратегиясы –егер де кәсіпорын ары қарай өндірісін жүргізе алмайтын болса, онда өз қызметін түпкілікті тоқтатады;

б) ұзақ мерзімді көзқарасұзақ мерзімде пайда алуды көздемей, қысқа мерзімде, қысқа уақытта барынша пайда алуды мақсат етеді;

в) қысқарту стратегиясы– кәсіпорын өзінің бір бөлімшесін жабады немесе сатады. Егер де бұл бөлімше басқа бөлімшелерге қарағанда пайданы аз табатын болса, оған жұмсалатын қаржы басқа бөлімшелерді дамытуға жұмсалады.

Кәсіпорын алға қойған стратегиясын жүзеге асыру үшін өзінің іс – әрекеттерін қай бағытта, қаңдай заңдар негізінде орындайтынын анықтайды, яғни өзінің саясатын және тактикасын белгілейді, алға қойған стратегиялық мақсатқа жету жолдары анықталады.

Кәсіпорын стратегиясын орындау үшін өз қызметінде мынадай шарттар орындалуы тиіс:

кәсіпорынның мақсатты стратегиясы сол кәсіпорынның барлық қызметтеріне түсінікті болу керек;

стратегияны орындауға қажетті қорға уақытылы жеткізіліп тұруы қажет. Бұл үшін кәсіпорын басшылығының әр деңгейі өзіне белгілі мақсаттары мен міндеттерін нақты орындап отырған жөн;

басшылық кәсіпорынның ұйымдық жөнінде шешім қабылдау. Қабылданған стратегияны орындау үшін кәсіпорынның құрылымы тиімді ме жоқ па, осыған аса көңіл бөлінуі қажет

Нарық экономикасында еңбек  ресурстарының маңызы арта түседі. Өндірістің инвестициялық бағыты, ғылыми-техникалық прогрестің соңғы нәтижелерін қолдану, өнім сапасының артуы еңбек ресурстарына деген көзқарасты өзгертіп, еңбекке творчестволық жағынан қарауға және жоғары дәрежеде мамандар дайындауға ықпал жасайды.

Қазіргі  заманғы еңбек түрлерінде «еңбек  ресурстарын басқару» ұғымы кең  мағынада, нақтырақ айтқанда, кәсіпорынның, мекеменің персоналын пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған стратегиялық және оперативтік іс-әрекеттері ұғымында қолданылады.

Қазақстан  Республикасында  соңғы жылдары  персоналды басқару облысында  күрделі өзгерістерді бастан  кешірді – бұл білікті мамандардың тапшылығы.

Кадрлық  саясат кәсіпорын дамуының концепциясымен  толығымен құрамдасуы қажет. Өз  кезегінде персоналды басқару  концепциясы теориялық-әдістемелік  жүйені ұсынады, бұған мазмұны,  мақсаты, критерилері, және персоналды басқару әдістері жатады. Ол өзіне персоналды басқару әдістемесін, персоналды басқару жүйесін және басқару технологиясын қосады.

Еңбек ресурстарын басқару әдістемесі персоналды ұйымды басқарудың объектісі ретінде қарауды ұсынады, жеке тұлғалардың тәртібін, еңбек ресурстарын басқарудың әдістері мен принциптерін қалыптастырады.

Персоналды  басқару жүйесі мақсаттарды, функцияларды, еңбек ресурстарының ұйымдық  құрылымын, басшылармен мамандардың  тігінен және көлденеңінен байланысын, басқарушылық шешімдерді негіздеу, өңдеу және қабылдау шараларын қалыптастырады.

Персоналды  басқару технологиясы жұмысқа  іріктеу, қабылдау, іскерлік бағалау,  кәсіби бағдар берумен қалыптасуын,  оқыту, оның қызметтік карерасымен  қызметте көтерілуін басқару,  ынталандыру, еңбекті ұйымдастыру, келіспеушіліктер мен шиеленісті басқару, ұйымның әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету, еңбек ресурстарының жұмыстан шығуын, бұған қоса басшының кәсіподақпен жұмыспен қамту орталығымен байланысы, персоналдың қауіпсіздігін басқару жатады.

Кадрлық  мәселелерді ұғыну әлеуметтік  кәсіпорындарды басқару деңгейінде  ғана. Көптеген басшылар үшін  қызметшілермен жұмыс жүргізу-  тек қызметкерлерді тұрақты басқаруға  бағытталған іс-әрекеттер. Бұл-  дегеніміз- адам ресми құрылым  элементтерінің бірі ретінде ғана қарастырылады деген сөз, ал ол – персоналды басқарудың қазіргі заманғы тұжырымдамаларымен таныс емес екендігін көрсетеді.

Еңбек  ресурстарын дамыту үшін оперативті  басшылар мен кадрлық жұмысшылар  арасында жауапкершіліктің ұтымды  түрде бөлінбеуі.

ет.

You May Also Like

Тауарлы-материалдық қорлар есебі

Тауар қорлары – бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің…

Организмге майдың жеткіліксіз және артық түсуі

Организмде май алмасуларының бүзылыстары мына жағдайларда байқалады: —  ішектерде майлардың ыдыратылуы мен…

Тамақтануда минералды заттар проблемасының гигиеналық аспектілері

Тамақтануда минералды заттар проблемасының гигиеналық аспектілері Мақсаты: Студенттерді минералды заттардың физиологиялық маңызымен…

Сандық химиялық анализ, тест жауаптарымен

5В074800 – Фармацевтикалық өндірістің технологиясы Сандық химиялық анализ Келесі әдістердің қайсысы сандық…