Тауар қорлары – бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі.

  • Аяқталмаған өндіріс, материалдар
  • Шикізат, заттар, фабрикат, қосалқы бөлшектер
  • Сатуға арналған дайын материалдар мен басқа да активтер
  • Тауарлы-материалдық қорлар

Тауарлы-материалдық қорлардың жіктелуі

  • Шикізаттар мен материалдар
  • Отын
  • Жартылай фабрикаттар

ФИФО әдісі – бос ақыларды алғашқы сатып алу бағасы бойынша бағалау әдісі. Бірінші кезекте сатып алынған құндылықтардың нақты өзіндік құны жұмсалған материалдарға жатқызылады деп есептеледі, яғни бірінші келген – бірінші кетеді.

ЛИФО әдісі – қорларды соңғы сатып алынғандардың бағасы бойынша бағалау әдісі.Соңғы алынған қорлардың өзіндік құны бірінші кезекте жұмсалғандардың құнын анықтау үшін қолданылады, ол ай соңындағы қорлардың өзіндік құны бірінші сатып алынған қорлардың өзіндік құны бірінші сатып алынған қорлардың өзіндік құнымен есептеледі деген тұжырымға негізделген әдіс.

Арнайы сәйкестендірілген есептеу әдісі әдетте бірімен бірін алмастыруға болмайтын немесе кәсіпорында ерекше тәртіппен пайдаланылатын (асыл металдардың, асыл тастардың т.б.) нақтылы бір материалдық қорлардың бағасын есептеуге арналған. Бұл әдіс жұмсалынған материалдар мен істелген жұмыстардың нақты өзіндік құнын есептеп шығаруды көздейді. Сондай-ақ бұл есетпеу әдісі сатылып алынғанына немесе кәсіпорынның өзінде өндірілгеніне қарамастан арнаулы жоспарлауға арналған материалдардың өзіндік құнын есептеуге арналған.

Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі бойынша кәсіпорынға кіріске алынған әрбір материалдық қорлардың бағасы оның кіріске алынғандағы шоты бойынша бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық қорлар түрінің орташа өзіндік құны ұйымдағы материалдардың есепті айдың басындағы қалған қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған материалдар құнының жиынығын материалдардың ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы кіріске алынған тиісті материалдарының сандарының қосындысына бөлу арқылы анықталады.

  Саны (дана) Бағасы (теңге) Сомасы (теңге)
А) Қаңтар айының бірінші жұлдызына кәсіпорынның қоймасындағы материалдардың қалдығы 50 100 5000
Қаңтар айында кіріске алынған материалдық қорлар
1-Топтамада

2-Топтамада

3-Топтамада

4-Топтамада

5-Топтамада

100

80

90

100

70

110

120

130

140

150

11000

9600

11700

14000

10500

Кіріске алынған материалдық қорлардың жиынтығы
  440 56800
Бастапқы қалдықпен қоса есептегендегі қалдығы
  490 61800
Ай бойы материалдық қорлардың шығыс етілгені
ФИФО әдісімен бағалағанда 250   28200
ЛИФО әдісімен бағалағанда 250   34900
Ай соңындағы материалдық қорлардың қалдығы
ФИФО әдісімен бағалағанда 240   33600
ЛИФО әдісімен бағалағанда 240   26900
You May Also Like

Денсаулық сақтау технологиясын педагогикалық үрдісте қолданудың маңызы

«Дене жаттығуларымен қалыпты және өз уақытында шұғылданып отырған адам ауруды құртуға бағытталған…

Бағытталған соққы, артқа пас бергенен кейін шабуылдау.

Бағытталған соққы, артқа пас бергенен кейін шабуылдау. Баскетбол (ағылш. basketball, basket – себет (торқалта), ball – доп) —-…

Тауар өндірісінде өндіріс факторларын сатып алуға шығатын шығындарды талдау

Тауар өндірісінде өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілігі) сатып алуға шығатын …

Киіз үй және оның жабдықтары

Киіз үй және оның жабдықтары Киіз үй Шаруашылықтың шалқуына ілесе тас үй,…