«Дене жаттығуларымен қалыпты және өз уақытында шұғылданып отырған адам ауруды құртуға бағытталған ешқандай емдеуді қажет етпейді».

Әбу Әли Ибн Сина.

         Денсаулық сақтау технологияларының мақсаты – балаларға адам өмірі мен денсаулығына саналы көзқарас қалыптастыру, денсаулық туралы білім қорын толықтырып және дамыту біліктілігін сақтау, қолдап және қорғауға, қауіпсіз мінез-құлық негіз құзыретін көтеріп, мектеп жасына дейінгі балаға салауатты өмір салтын және өмір қауіпсіздігі ережелерін дербес және нәтижелі шешуге ерік беру.

Міндеттері:

  • Баланы сауықтыруда, оқытуда, дамытуда адекватты жағдай жасау;
  • Балалардың денсаулығын сақтау және қимыл белсенділігі және ақыл ойының еңбекке қабілеттілігін көтеру;
  • Қалыпты эмоционалды күйін және психоэмоционалды күшін түсіруге жағдай жасау.

Денсаулық сақтау технологиялары 3 бағытта жүргізіледі:

  • СӨС жүргізуге оқыту
  • Денсаулықты сақтау және ынталандыру
  • коррекциялық

Денсаулықты сақтау және ынталандыру бағытына мына технологиялар кіреді:

  • Динамикалық үзіліс
  • Ритмопластика
  • Қимылды және спорттық ойындар
  • Пальминг
  • Саусақ жаттығулары
  • Релаксация
  • Ойын сауықтыру жаттығулары
  • Тыныс алу жаттығулары

Ритмопластика – аптасына 1 рет жүргізіледі. Ритмопластика жаттығуын жүргізу кезінде балалардың музыкалық есту қабілеті, ырғақ сезімі, икемділігі және әсемдігі дамиды және дұрыс сымбаты қалыптасады. Көркемдік құндылығына, тұлғаның физикалық жүктемесіне және оның жас ерекшелік көрсеткішіне сай келуіне назар аударылады.

     Динамикалық үзіліс баланың  шаршағанына қарап, оқу іс –әрекеті барысында 2-5 мин жүргізіледі. Динамикалық үзіліске көзге арналған жаттығулар, тыныс алу жаттығулары, саусақ жаттығулары мен т.б. жаттығулары элементтері кіріктіріліп, оқу іс-әрекетінің түріне қарай жүргізіледі.

  • Қимылды және спорттық ойындар дене шынықтыру оқу іс-әрекетінің және сенуеннің бір бөлімі ретінде, топта аз, орта дәрежелі қимылда жүреді. Ойындар баланың жас ерекшелігіне, уақыты мен орынына сай жүргізілу керек.
  • Релаксация Жағымды және жағымсыз эмоциясының теңгерімділігі баланың психикалық денсаулығына қажет, жанының жайбарақаттығын сүйемелдеу және өмірді сүйетін мінез-құлық қамтамасыздандыруы. Жұмыс жүргізу үшін жайлы әуен қажет (Чайковский, Рахманинов, Моцарт, өзіміздің ұлттық композицияларымыз),  табиғат әуендері.
  • Саусақ жаттығулары жеке жүгізіледі, немесе топпен күнделікті жүргізіледі. Ұсақ моторикаларын жаттықтырып, сөйлеуді, кеңістікте ойлауды, зейінін, қан айналамын, қиялын, жылдамдық әрекетін ынталандырады. Барлық балаларға ұсынылады, әсіресе сөйлеуінде ақауы бар балаларға. Үзіліс уақыттың ыңғайлы кезінде жүргізіледі.
  • Пальминг (көзге арналған жаттығу) күннің бос уақытында көзге ауырлықтың түсі қарқынына қарай, күнделікті 3-5 минуттан жүргілдеді. Көз бұлшықеттерінің статикалық күш салуын төмендетеді, қанайналымын жақсартады. Жүргізілу кезінде көрнекіліктер пайдаланылады.
  • Тыныс алу жаттығулары дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстарының барлық түрінде қолданылады. Бала ағзасының тіндерінде оттегі алмасуын белсендендіреді, оның жұмысын тұтастай қалыптандырады және үйлесімдендіреді.
  • Ойын сауықтыру жаттығулары ұйқыдан кейін 5-10 минут жүргізіледі. Бұл кешенге төсекте ояну, жалпақтабандылықтың алдын-алу, дұрыс сымбатты қалыптастыру, ауқымды жуыну жаттығулары кіреді. Бізде осы мақсатта арнайы денсаулық кілемшелері дайындалған. Бұл кілемшелерде балалар ұйқыдан кейін жүріп өтеді. Кілемшелер баланың табанынын өте жақсы уқалап, бұлшықеттерін және бабанының байланыс аппаратын нығайтады, ағзаны түгел қорғайды.

СӨС жүргізуге оқыту бағытын кіретіндері

  • Дене шынықтыру оқу қызметі
  • Таңғы жаттығу
  • Белсенді демалыс
  • Өзін-өзі сылау

 

Таңғы жаттығу күнделікті әуенді сүйемелдеу арқылы 6-8 мин жүргізіледі. Әуенді сүйемелдеу әрбір жаттығуды алып жүру керек. Сонымен баланың ритмикалық дағдысы мен ептілігі қалыптасады.

Дене шынықтыру оқу қызметі аптасына 2 рет жас ерекшелігіне қарай бағдарлама талабына сай жүргізіледі (дәстүрлі, мазмұнды ойын, кіріктірілген , сауықтыру). Олар қимыл дағдысы мен ептілігін оқытуға бағытталады. Жүйелі дене шынықтыру оқу қызметі бала ағзасын нығайтып және иммунитетінің көтерілуін қамтамасыз етеді. Дене шынықтыру оқу қызметі музыка бала ағзасының психологиялық және физиологиялық жағдайының жақсаруына мүмкіндік береді.

Өзін-өзі сылау бұл уқалау, бала өзі атқарады. Ол қанайналымды жақсартады, ішкі ағзалар жұмысының жүйеленуіне көмектесіп, сымбатты түзейді. Сылау адамның физикалық нығаюына ғана емес, психологиялық сауығуына да мүмкіндік жасайды. Бала үшін уқалау- сколиоздың , салқын тигеннен болатын аурудың, вегетативті дистонияның алдыналу.

Белсенді демалыс (денешынықтыру уақыты, сауықтыру мерекелері, музыкалық уақыты, “Денсаулық күні”). Балалардың бос уақытын, мерекелерін ұйымдастыруда балалар өзара қатынаста болады. Сайыс тапсырмаларын, қимылдық тапсырмаларды орындау арқылы аса ерекше жүктемесіз қимылда болады. Өздері меңгерген қимыл дағдылары мен ептілігі негізінде балалардың өзіндік әртістік, қимылында жинақылық дағдылары байқалады. Дене шынықтыру мерекелері мен ойынсауықтары міндетті түрде музыкамен сүйемелденуі керек, себебі музыка баланың сезімін, эмоционалдық ортасын дамытады. Музыка баланың қимыл реттін бекітеді, музыкалық шығарманың мінезін түсініп, есте сақтау, музыкалық бейімі қалыптасады. Баланың серуенде белсенді қимыл әрекетте болуы үшін спорттық құралдармен жабдықталу керек.

Түзету бағытына(коррекциялық)

Артикуляциялық жаттығулар

Музыкотерапия

Ертегі терапиясы

Арттерапия

Артикуляциялық жаттығулар артикуляциялық аппараттарды жаттықтыруға арналған жаттығулар (ерін, тіл, төменгі жақ), дыбыстың дұрыс айтылуына қажетті, дыбыстың айтылуын нақтылауға, бұрыннан құралған дыбыстың айтылуының бұзылуын жеңуге көмектеседі. Дыбыстың айтылуында кемшіліктері бар балалармен тәрбиешілер жұмыс істейді. Оны үнемі қадағалап отырады.

Музыкотерапия – музыка балалардың психологиясына әсерлілігімен өте күшті. Ол жүйке жүйесінің жағдайына ықпалы күшті (тыныштандырады, босаңсытады немесе керісінше қобалжытады, еліртеді), әртүрлі эмоционалдық кейіпке ендіреді (тыныштықтан, қимылсыз күйден және жайсыз күйге, жабыраңқылық немесе агрессия). Сондықтан да балалармен музыка тыңдағанда мәніне көбірек көңіл бөлу керек. Музыканы жұмыс барысында қолданғанда әуеннің мінезіне ырғағына және дауыс қаттылығының ерекшелігінің бала психологиясының жағдайына әсер етуін ескеру керек. Қосымша технология ретінде күйзелістің алдын алуға, эмоциональдық күйді көтеруге көмекші ретінде пайдаланылады. Музыкатерапиясы оқу іс –әрекетін сүйемелдеуде өте кеңінен пайдаланылады (бейнелеу, құрастыру, айнала қоршаған ортамен таныстыру т.б. оқу іс-әрекеттерінде) Жайлы музыка, қуаныш сезімін шақыратын,тыныштық, махаббат, кішкентай тыңдаушының эмоционалды жағдайын үйлестіруге, зейінін шоғарландыруды дамытуға қабілетті.Сондай ақ музыканы бала ұйықтайтын уақытында пайдалану баланың ұйқы алдында босаңсып, тыныштануына көмектеседі.Бала ұйқыға жатқанда көздерін жұмып көз алдыларына өздерін орманда, теңіз жағасында, немесе басқа да жағымды әсер қалдыратын орында жайлы музыка тыңдату керек. Соның әсерінен бала өте жақсы деалады.

Ертегі терапиясы психотерапияның құрамдас бөлігі. Баланың ертегі сюжетіне әсерленуі, кейіпкердің қиыншылықтарына алаңдауы оның келешекте өз алдында пайда болатын кедергілерден қиналмай өтуіне іштей дайындығын туындатады. Практикалық психологияның ертегілік терапия бағыты баланың жақсылық пен жамандықты айыруына, мінез-құлықтық стереотиптерді тануына көмектесіп, адамдардың өмірде алдынан шығатын сан түрлі қиыншылықты ең соңында жеңе аларына деген сенімін нығайтады.

Арттерапия бұл бейнелеу өнерімен емдеу дегенді білдіредіАрттерапия”–терминi(artөнер, artterapyөнер арқылы терапия жүргiзу) көбiне ағылшын тiлдi халықтар қоныстанған елдерде  кеңiнен тараған. Арттерапия – ауру адамның психоэмоциональды халiне шығармашылық арқылы  ем жүргiзу және әсер етудi бiлдiредi.

       Алғаш  бұл термин 1938 жылы Адриан Хиллдiң санаторияда туберкулез ауруына шалдыққандардың көңiл-күйлерiн сипаттау жұмысында қолданылады. Кейiннен бұл термин өнерге қатысты барлық терапияның салаларында (музыкалық терапия, драмалық терапия, бимен терапия жүргiзу т.б.) қолданыла бастайды Бiрақ көптеген мамандар мұндай анықтамаларды өте кең әрi нақты емес деп санайды. Отандық психотерапиялық әдебиеттерде кей кездердеИзотерапияжәне Сурет терапиясытерминi қолданылады, бiрақ олар ағылшын тiлдi аналогқа келiңкiремейдi және мән мағынасын тарылтады.

You May Also Like

Күнделікті көк шай ішудің 6 себебі

Күнделікті көк шай ішудің 6 себебі Көк шай – баламалы медицинаның кереметі.…

Дизайн және жарнама

Дизайн және жарнама Жарнама дизайны-бұл дизайнның жаңа саласы, ол бейнелеу дағдылары мен…

Талшықты оптикалық байланыс жүйелері туралы толық ақпарат

МAЗМҰНЫ   Кіріспе   1 Талшықты – оптикалық байланыс жүйелерінің қазіргі жағдайы…

Күн сәулесінің атмосферада жұтылуы және оған байланысты әрекеттесуі

Күн сәулесінің атмосферада жұтылуы және оған байланысты Әрекеттесуі Күн сәулесінің энергиясың Жер…