Күн сәулесінің атмосферада жұтылуы және оған байланысты

Әрекеттесуі Күн сәулесінің энергиясың Жер бетіне түсетін  қарқындылығы атмосферадан тыс шеткі қабатпен салыстырғанда едәур төмен себебі  оның атмосфералық қабаты арқылы өтетін жарықтық сәулелермен болатын бірқатар атмосферадағы процестердің әсерінен төмендейді. Күн бетінің физикасын  ұлғайтқыш оптикалық аспаптардың көмегімен бақылай отырып, біз  оның бетіндегі күңгірт аймақтарды , күн дақтарын, күн алауларын және жарық шашатын  аймақтарын   бақылауға болады. Күнің  сәулеленудің жалпы қарқындылығы мен оның толқын ұзындықтарына таралуы, әсіресе спектрдің ультракүлгін аймағында, тіптен дерлік өзгермейтіндігі анықталған. Жердің магнитосферасы.  Күн желінің Жердің магниттік өрісіне әсер етуінен қалыптасатын ғарыштық кеңістіктегі жағдайлар Күн бетінің жағдайына тағы басқа бір құбылыс – күн желі өте күшті әсер көрсетеді. Бұл негізінен Күн шектерін тастап әрі қарай күн жүйесі арқылы секундына жүздеген километр жылдамдықпен зымырауға жеткілікті энергияға ие болатын протондардан тұратын заттың ретсіз орынауыстыруы. Мұндай бөлшектер ағынының Жердің магниттік өрісімен әсерлесуі полярлық шұғылалардың пайда болуына себепкер болады және радиотолқындардың таралуына бөгет болады. Дегенмен де Жер бетіне Күннен орасан зор – жылына 66,8∙1016 кВт сағ жуық энергия түседі. Алайда атмосферадағы әрқилы күрделі әсерлесулердің салдарынан жер бетіне күн энергиясының тек бір бөлігі ғана жетеді. Атмосфераның Жер бетінен 25 км және одан да қашықтағы жоғарғы қабаттарында ультракүлгін сәулеленудің жұтылуы мен шашырауы жүреді. Толқын ұзындығы 0,32 мкм-нан аз фотондардың әсерінен озонның О2 және О-ге ыдырауы жүреді. Осылайша, ультракүлгін сәулеленудің барлық дерлік энергиясы О, О2 и О3- тің ыдырау және бірігуінің тұрақты процесін қолдауға жұмсалады, осының нәтижесінде атмосфера арқылы өту кезінде ультракүлгін сәулелену аз энергиялы сәулеленуге түрленеді. Және де бұл біздің бақытымыз, өйткені ультракүлгін сәулелену теріні күйдіреді, көзді зақымдайды және тіпті өлім қаупі болуы да мүмкін. Су тамшылары да күнмен сәулеленуді дәл осылай күшті шашыратады. Олардың жоғары тығыздығы кезінде, мысалы ауыр бұлтта, шашыраудың күштілігі сондай, тіпті фотондардың 80%-ы кері ғарыш кеңістігіне қайта шағылады. Күн сәулесінің атмосфера арқылы өткенде туындайтын өзгерістік жағдайлар Күнмен сәулелену атмосфера арқылы өту кезінде тағы бір айтарлықтай кедергіге тап келеді – бұл су буының, көмірқышқыл газының және тағы да басқа сәулеленуді жұтатын қосылыстардың молекулалары. Атмосферамен әсерлесудің нәтижесінде Жер бетіндегі күнмен сәулеленудің қарқындылығы оның атмосфераның жоғарғы қабаттарындағы мәнімен салыстырғанда екі еседен астам азаяд. Осылайша энергияның спектрлік таралуы да елеулі өзгереді.  Күн сәулесінің  спектрлік сипаттамасы. Бұл эффектілердің барлығы атмосфераның құрамына тәуелді болады және бір орыннан екіншісі орынға дейін байқаларлықтай өзгереді. Күн сәулесінің өтуіне үлкен қалалардың атмоферасының едәуір ластануы, теңіз жағалауындағы су буының жоғары мөлшері, бұлттылық және т.б. кедергі келтіреді. Бірақ, шамасы, жер шарының кез-келген нүктесіндегі күн сәулесінің қарқындылығын анықтайтын негізгі фактор болып оның жүріп өткен жолы болып табылады

You May Also Like

Еңбек рыногы және тұрғындарды жұмыспен қамту

Еңбек нарығы – бұл нарықтың ерекше түрі, онда жұмыс күші тауар ретінде…

Стандарттау бойынша халықаралық ұйым

Стандарттау бойынша халықаралық ұйым (ISO); Халықаралық стандарттау ұйымы (ИСО) – халықаралық стандарттарды…

Еңбек ақының мәні және оны реттеу, дипломдық жұмыс

КІРІСПЕ     Қазақстан Республикасы экономикалық  даму кезенінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық…

Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оны жетілдіру жолдары

Қарастырылатын сұрақтар:  Өндірістік құрылым және оның түрлері.  Өндірістік құрылымның негізгі көрсеткіштері және…