1. Стандарттау бойынша халықаралық ұйым (ISO);

Халықаралық стандарттау ұйымы (ИСО) – халықаралық стандарттарды әзірлейтін және басып шығаратын әлемдегі ірі ұйым. ИСО – бір ел бір комитет – мүшені білдіретін 157 елдің стандарттау бойынша ұлттық ұйымдар (комитет – мүшелер) желісі. Орталық хатшылығы Женевада, Швейцария барлық жүйені үйлестіреді.  ИСО-ның негiзгi мақсаты стандарттаудың және қызметтердiң ұштасқан түрiн бүкiл дүние жүзiнде дамуын ынталандыру. Бұл iс-әрекет тауарлармен, қызметтермен халықаралық алмасу процесiнiң және интеллектуалдық меншiктiң, ғылыми-техникалық, технологиялық және экономикалық салаларының қызметтерiнiң дамуын қамтамасыз етедi.  ИСО-ның қызметiнiң тәжiрибелiк нәтижесi деп әр түрлi салалардың халықаралық стандарттарын қабылдауды және жариялауды дайындау арқылы халықаралық келiсiмге келудi айтады. Оларды әзiрлеу кезiнде ИСО барлық мүдделi жақтардың күтетiн мақсаттарын ескередi – өнiм (қызмет) өндiрушiлердiң, тұтынушылардың, ғылыми-техникалық өкiметтiк және қоғамдық ұйымдардың. Бүгiнде ИСО-ның жұмысына дүние жүзiнiң елдерiнiң 146-сының ұлттық стандарттау ұйымдарымен қатысады, оның iшiнде 94 ИСО-ның мүшесi, 37-корреспондент мүшесi және 15 – қол қойған мүшелерi (2003 жыл бойынша). ИСО-ның мүшелерi ИСО-ның кез келген техникалық комитетiнiң жұмысына қатыса алады, стандарт жобасы бойынша дауыс беруге құқылы, ИСО-ның Кеңесiнiң мүшелiгiне сайланады және Бас ассамблеяның отырыстарына қатысады. ИСО-ның корреспондент – мүшелерi ондай белсендi жұмыс жүргiзбейдi, бiрақ әзiрленiп жатқан стандарттар туралы толық ақпарат ала алады. Корреспондент – мүшесi болып негiзiнен дамып келе жатқан елдердiң ұйымдары болады. ИСО-ның қол қойған мүшелерi жарнасын төлейдi және халықаралық стандарттау туралы ақпарат алып отырады. «Қол қойған мүше» категориясы дамып келе жатқан елдер үшiн енгiзiлген. Қазақстан 1994 жылдан берi өзiнiң стандарттау, метрология және сертификаттау Комитетiмен ИСО-ның толық мүшесi.  Ұлттық стандарттау жөнiндегi ұйымдар өз елдерiнде ИСО-ның жетiстiктерiн жүзеге асырып отырады. ИСО-ның ақша қоры мүше елдердiң жарнасынан, стандарттарды сатудан және басылымдардан және т.б. тұрады. ИСО-ның ұйымдастырушылық құрылымы басқарушы және жұмыс органдарынан тұрады. Басқарушы органына Бас ассамблея, ИСО-ның Кеңесi және оның комитеттерi, жұмыс органына – техникалық комитеттер (ТК), кiшi комитеттер және техникалық кеңестiк топтар жатады. ИСО-ның жоғарғы орган Бас ассамблея болады, ол – лауазымды адамдардың және мүше болып сайланған делегаттардың жиналысы. Әрбiр мүше үш делегатты представлять етуге құқығы бар. Мүше – корреспонденттер мен қол қойған мүшелер бақылаушы ретiнде ғана қатыса алады. Бас ассамблеяның сессияларының арасындағы үзiлiсте ИСО-ның жұмысын ИСО-ның Президентi басқаратын Кеңес жүргiзедi. Кеңес он сегiз мүшеден тұрады – үш жылға сайланатын стандарттау жөнiндегi ұлттық ұйымдардың өкiлдерi. Кеңес Бас ассамблеяны шақырмай-ақ ИСО-ның мүшелерiнен кеңес алу үшiн сұрақтарды жiбере алады немесе мүшелерге Кеңестiң шешiмiн жiберуге құқылы. Кеңестiң отырысында шешiм көпшiлiгiнiң даусымен қабылдана бередi. Қажет болғанда отырыстардың арасындағы мерзiмде кеңес шешiмдi хат алмасу жолымен де қабылдайды.Кеңес техникалық комитеттердi басқаратын Атқарушы бюро құрылған.  Бүгінгі таңда ИСО жұмысы нәтижесі ағылшын және француз тілінде (терминология үнемі беріледі және басқа тілдерде беріледі) 620000 астам беттен тұратын 16000 халықаралық стандарт болып табылады.

ИСО-ның Кеңесiне 7 комитет бағынады:

ПЛАКО (техникалық басқару бюросы), СТАКО (стандарттаудың ғылыми принциптерiн зерттейтiн комитет), КАСКО (сәйкестiктi бағалау жөнiндегi Комитет), ИНФКО (ақпарат жүйесi және қызметтер жөнiндегi комитет), КОПОЛКО (тұтынушылардың мүддесiн қорғайтын комитет), РЕМКО (стандарттар үлгiсi жөнiндегi Комитет).

ПЛАКО ИСО-ның жұмысын жоспарлау, жұмыстың техникалық жағын ұйымдастыру және үйлестiру жөнiнде ұсыным дайындайды. ПЛАКО-ның жұмыс саласына техникалық комитеттердi құру және тарату жөнiндегi ұсыныстарды қарау, техникалық комитеттер айналысуы керек стандарттау саласын анықтау жатады.

СТАКО халықаралық стандарттардың принциптерi мен әдiстемелерi жөнiнде ИСО-ның кеңестiк әдiстемелiк және ақпараттық көмек көрсетедi. Комитеттiң күшiмен стандарттаудың негiз болатын принциптерiн зерттеу жүргiзедi және осы салада оңтайлы нәтижеге жету жөнiндегi ұсыным дайындайды. СТАКО терминологиямен және сауданы дамыту үшiн халықаралық стандарттарды қолдану жөнiнде семинарлар ұйымдастырады.

КАСКО өнiмдердiң, қызметтердiң, процестердiң (жұмыстардың) және сапа системасының стандарттардың талабына сәйкестiгiн растау мәселелерiмен айналысады. Комитет сынақ және өнiмдердiң, қызметтердiң, процестердiң (жұмыстардың), сапа жүйесiнiң сәйкестiлiгiн сертификаттау бағалау жөнiнде және сынақ зертханаларының және сертификаттау органдарының компетенттiгiн растау жөнiнде басшылық құжаттарын әзiрлейдi, ұлттық және аймақтық сертификаттау жүйесiнiң өзара мойындауына және қабылдануына, сол сияқты сынақ саласындағы халықаралық стандарттарды пайдалану және сертификаттауды растауға жағдай жасайды.

ИНФКО стандарттар қоры мен автоматтандырылған дерекқор базасында стандарттауды ақпаратпен қамтамасыз жөнiндегi жұмыстарды ғылыми-әдiстемелiк және тәжiрибелiк тұрғысынан басшылық етедi, стандарттарды және техникалық регламенттердi сатуды ұйымдастырады.

ДЕВКО дамып келе жатқан елдердiң стандарттау саласындағы сұранымын зерттейдi, осы салада бұл елдерге жағдай жасау жөнiндегi ұсынымдар әзiрлейдi, дамып келе жатқан елдердегi стандарттаудың барлық жақтарын талқылауды кең көлемде ұйымдастырады, дамыған елдердегi оқыту орталықтарында стандарттау жөнiндегi мамандарды даярлайды; дамып келе жатқан елдер үшiн стандарттау жөнiндегi оқу құралдарын әзiрлейдi; стандарттау саласында өнеркәсiбi дамыған және дамып келе жатқан мемлекеттер екi жақты ынтымақтастықты дамытуды ынталандырады.

КОПОЛКО тұтынушылар мүддесiн қамтамасыз ету мәселелерiн және осыған стандарттау арқылы жағдай жасау мүмкiндiгiн зерттейдi; стандарттарды жасауға тұтынушылардың қатысу тәжiрибесiн талдап қорытады; стандарттау саласында тұтынушыларды оқыту жөнiндегi бағдарламаны құрастырады; халықаралық стандарттар туралы қажеттi ақпараттарды таратуды ұйымдастырады; халықаралық және ұлттық стандарттардың тiзiмiн мерзiмдi басып шығаруға дайындайды; тұтынушылар үшiн пайдалы басшылық құжат құрастырады: «тұтыну тауарларының салыстырмалы сынақтары», «тұтынушылар үшiн тауарлар туралы ақпараттар» және т.б.

РЕМКО стандарттар үлгiсiне (эталонға), оларды жасау мен аттестациялауға қатысты мәселелер жөнiнде тиiстi басшылық құжаттар әзiрлеумен айналысады. Одан басқа РЕМКО халықаралық метрологиялық ұйымдармен бiрге, атап айтқанда, халықаралық заңды метрология ұйымымен стандарттау үлгiлерi жөнiндегi ИСО-ның қызметiн үйлестiрушi болады.

Халықаралық стандарттарды әзiрлеудiң тәртiбi. Халықаралық стандарттарды әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды техникалық комитеттер, қызметтердiң нақты бағыттары жөнiндегi олар құрған кiшi комитеттер және жұмыс тобы жүргiзедi. Техникалық комитеттер жалпытехникалық және техниканың нақты саласында iстейтiн комитет болып бөлiнедi. 26 жалпытехникалық техникалық комитеттер жалпытехникалық және салааралық мақсатты шешедi. Мысалы, оларға «Дәлдiк шегi және қондыру» 3 техникалық комитеттер, «Техникалық сызбалар» 10 техникалық комитеттер, «Өлшеу бiрлiгi» 12 техникалық комитеттер, «Үйлестi сан» 19 техникалық комитеттер, «терминология» 37 техникалық комитеттер. Қалған техникалық комитеттер нақты техника саласында iс-әрекет жасайды. («Автомобильдер» 22 ТК, «Қондырғылар» 39 ТК және т.б.). Егер техникалық комитет жүргiзiп отырған жұмыстардың ауқымы үлкен болса, онда кiшi комитеттер құрылады. Мысалы, «Әуелiк және ғарыштық ұшу аппараттары» 20 ТК-ға жиырма кiшi комитеттер кiредi. Халықаралық стандартты әзiрлеу процедурасы төменгiдей жүргiзiледi:

Халықаралық стандартты әзiрлеуге мүдделi ИСО-ның мүшелерi, техникалық комитеттер немесе ИСО Кеңесiнiң комитеттерi (ИСО-ның мүшесi емес ұйымдар) ИСО-ның Кеңесiне стандарттауды әзiрлеуге тапсырыс жiбередi. ИСО-ның Кеңестiк Бас хатшысы Атқарушы бюроға тиiстi ТК құру туралы ұсыныс бередi. Егер Атқарушы бюро ұсынылып отырған стандартты халықаралық маңызына көзiн жеткiзсе, оның мүшелерiнiң көпшiлiгi «ия» деп дауыс берсе және оның бестен кем емес мүшелерi жұмыс тобына кiрмек болса, онда стандартты әзiрлеуге техникалық комитет құрылады. Барлық мәселелер, әдетте, мүшелердiң келiсiмге келу негiзiнде жүргiзiледi.эКелiсiмге келгеннен соң, стандарт жобасын техникалық комитет мүшелердiң дауысын жинауға жiберу орталық секретариатқа бередi. Халықаралық стандарттау жобасына дауыс беруде келiсiмге келу принципiнен басқа, ИСО стандартты әзiрлеу тәртiбiн дайындағанда, оның барлық мүдделi жақтарға түсiнiктi болуын қамтамасыз етедi. Егер жобаны дауыс берген мүшелердiң 75 пайызы қолдаса, онда ол халықаралық стандарт ретiнде жарияланады. ИСО-ның техникалық жұмыстарында 35 елден келген 40 мыңнан астам сарапшылар қатысады. Жыл сайын 800-ден астам халықаралық стандарттар қайта қаралып немесе жаңадан қабылданып жатады. Бүгiнгi күндерге дейiн ИСО-ның 14 мыңнан астам стандарттау қабылданған. Техникалық әртүрлi саласында әзiрленген стандарттар келесi түрде бөлiнедi: машина жасау – 29,5%, химия – 3,4%, металл емес бұйымдар – 12,2%, руда мен металдар – 9,1%, ақпарат техникасы – 8,8%, денсаулық сақтау және медицина – 3,1%, негiз болатын стандарттар – 3,3%, қоршаған орта – 3%, буып-түю және тауарларды тасымалдау – 1,8% және т.б. ИСО-ның өзектi мәселесi – стандарттар қорының құрылымын жетiлдiру. Болашақта әлеуметтiк сала мен ақпарат технологиясы ИСО-ның жұмысында басым болуы керек. ИСО-ның стандарттары дүние жүзi елдерiнiң арасында тауарлар, қызметтермен және идеялармен алмасуды жеңiлдететiн өнiмдерге (қызметтерге) қойылатын тиянақты өңделген техникалық талаптар. Көбiнесе, бұл техникалық комитеттердiң техникалық мәселелер жөнiндегi келiсiмге келудегi жауапты қатынасымен түсiндiрiледi, оның үстiне осыған қол жеткiзуге ТК төрағасы жеке жауапп бередi. Өз мазмұнына қарай ұлттық стандарттардан ИСО-ның стандарттары тек 20%-ы ғана нақты өнiмге талап қоятындығымен ерекшеленедi. ИСО-ның стандарттарының негiзгi бөлiгi қауiпсiздiк талабын, өзара алмасу, техникалық сәйкестiк, өнiмдi сынақтан өткiзу әдiсi, сол сияқты басқа жалпы және әдiстемелiк мәселелердi қамтиды, яғни өнiм өндiрiлетiн және пайдаланылатын елдерге тәуелдi болмай, өндiрушiлер мен тұтынушылардың өзара түсiнушiлiгi мүмкiн болмайтын шекте ғана қамтиды.

  1. 2. Дүниежүзілік сауда ұйымы (WTO) — халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. Алғашқы кезеңде ДСҰ-ға 77 мемлекет кірсе, 2005 жылғы 11 желтоқсандағы соңғы мәлімет бойынша оған 149 ел мүше болды. Бұрынғы кеңестік елдерден оның қатарында Литва, Латвия, Эстония, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина (соңғысы 2008 жыл 5 ақпанында қабылданды) бар. ДСҰ-ға кіретін елдердің үлесі әлемдік тауар айналымның 95% құрайды, яғни Ресейді қоспағанда бүкіл дүниежүзілік нарықты қамтып отыр деуге болады. Және Қазақстанды қосқанда 30-ға жуық ел осы ұйымға кіру ниеттерін білдірді, олар бүгінгі таңда бақылаушы мәртебесіне ие. ДСҰ басты міндеті — іркіліссіз халықаралық сауда-саттыққа мүмкіндіктер жасау. Дамыған елдердің бастамасымен құрылған аталған ұйым халықаралық саудада экономикалық өсім мен адамдардың тұрмыс тіршілігін көтеруге ықпал етеді деп есептеледі. Бүгінгі таңда әлемдік сауда жүйесі негізгі бес ұстанымға сәйкес келуі тиіс:

— Саудада еш кемсітушіліктің болмау шарты, яғни бірде-бір мемлекет қайсыбір мемлекетке экспорт пен импортқа шектеушілік қоюға құқығы болмайды;

— Сауда кедергілерін азайту, немесе қайсыбір елдің нарығына шетелдік тауарлардың келуіне кедергі келтіретін факторларды жою, оларға бірінші кезекте кедендік алымдар мен импорттық квоталар жатады, басқаша айтқанда импортқа қойылатын көлемдік шектеулер;

— Тұрақтылық пен сауда шартының алдын-ала болжамдылығы, бұл шетелдік компаниялар, инвесторлар мен үкіметтер қолданыстағы сауда шарттарының кенеттен және бір тараптың еркімен өзгерілмейтініне кепілдік береді;

— Халықаралық саудадағы бәсекелестікті ынталандыру, яғни түрлі елдер фирмаларының тең құқықты бәсекелестігі үшін «әділетсіз» тәсілдерді жою, оған экспорттық субсидиялар (экспортшы-фирмаларға мемлекет демеушілігі), жаңа сату нарықтарын иелену мақсатында демпингтік бағаларды пайдалану;

— Жоғары дамымаған мемлекеттер үшін халықаралық саудада жеңілдіктер жасау. Нақ осы бап жоғарыда көрсетілген ұстанымдарға кереғар келеді, алайда ол әлемдік шаруашылыққа осал дамыған елдерді тарту үшін қажет болды. Бұл елдер алғашқы кезеңде дамыған мемлекеттермен бәсекелесе алмайтыны айдан анық, сондықтан да нашар дамыған елдерге ерекше жеңілдіктер қарастыру «әділетті» болар деп есептеледі.

Халықаралық электротехникалық комиссия (ХЭК)

Халықаралық электротехникалық комиссия 1906 жылы әлемнің электрлік машиналарының параметрлерін стандарттау және осы саладағы терминологиямен айналыса алатын мекемелерді құруда қызығушылық танытқан 13 елмен құрылған болатын. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ИСО құрылғаннан соң, ХЭК оның құрамында автономды мекеме болды. Барлық ұйымдық және қаржылық мәселелер, сондай-ақ стандарттау нысандары нақты бөлінген болатын. ХЭК ИСО қызметінің аясына кірмейтін электротехника, байланыс және құралдарды құру саласындағы стандарттаумен айналысады. ХЭК қызметінің негізгі мақсаты – халықаралық стандарттарды және басқа да құжаттарды жасау жолымен стандарттау және сонымен шектес мәселелерді халықаралық істестікке жұмылдыруға жәрдемдесу. ХЭК(40 астам елдердің) мүшелерінің саны, ИСО мүшелерінің санымен салыстырғанда азырақ. Бұл дамып келе жатқан көптеген едердің әлсіз электроникаға, электротехника және байланысқа ие болумен немесе электроникасы, электротехникасы және байланысының мүлде жоқ болуымен негізделген. ХЭК мемлекет – мүшелерінің басым көпшілігі онда стандарттау бойынша өзіндік ұлттық ұйымдарымен таныстырылған. Кейбір елдерде стандарттау бойынша (Францияда, Германияда, Италияда, Бельгия және т.б.) ұлттық орган құрылымына кірмейтін ХЭК – ке қатысу жөніндегі арнайы комитеттер құрылған. ХЭК-тің жоғары жетекшілік ететін органы ХЭК мүшелері болып табылатын елдердің барлығы ұсынылған Кеңес болып табылады. ХЭК-тің әр мемлекет – мүшелерінде кезекпен өткізілетін кеңесінің жыл сайынғы отырысы, мекеме қызметі мәселелерінің жалпы қарастырылуына арналады. Шешім көпшіліктің дауыс берулері арқылы қабылданады. ХЭК президенті шешімді дауыс беруге қүқылы, оны ол дауыстарды теңдей бөлу кезінде жүзеге асырады. ХЭК-тің негізгі үйлестіруші органы стандарттау бойынша техникалық комитеттердің қызметтерін қадағалайтын, қызметтің жаңа бағыттарын анықтайтын, әдістемелік құжаттарды рәсімдейтін, техникалық жұмыстарды ұйымдастыратын, басқа ұйымдармен қызмет жасау мәселесін шешуге қатысатын және кеңестің барлық тапсырмаларын орындайтын қызмет Комитеті болып табылады. Қызмет Комитетінің бағынуында кеңестік топтар жұмыс атқарады. Оларды комитет нақты мәселелер бойынша техникалық комитеттер қызметін үйлестіру қажеттілігі туындаған жағдайда құруға қүқылы. Мысалы, екі кеңестік топ қауіпсіздік нормаларының әзірлемесін өзара бөліп алды. Қуат қауіпсіздігі мәселесі бойынша кеңестік комитет (АКОС) тұрмыстық қуат құралдары, радиоқуаттық құрылғы, жоғарывольттік жабдық және т.б. бойынша 20- ға жуық ТК және ҚК қызметін үйлестіреді. Электроника және байланыс мәселесі бойынша кеңестік комитет (АСЕТ) стандарттаудың басқа нысандарымен айналысады.

Одан басқа, қызмет Комитеті халықаралық стандарттарды құру бойынша жұмыстардың неғұрылым тиімді үйлесулері үшін қуаттық магниттік сиымдылық бойынша Үйлесімдік тобын (ҚМСҮТ), ақпараттық техника бойынша Үйлесімдік тобын (АТҮТ) және өлшемдер үйлесімділігі бойынша Жұмысшы тобын ұйымдастыруды мақсатқа лайық деп санады. Халықаралық стандарттарды тікелей даярлайтын ХЭК органдарының техникалық құрылымдары ИСО құрылымына ұқсас: техникалық комитеттер (ТК), қосалқы комитеттер (ҚК), жұмысшы топтар (ЖТ). ХЭК-те 200 – ге жуық жұмысшы топтар, сонымен қатар 80 ТК қызмет етеді. әрбір ТК жүмысына 15-25 ел қатысады. ТК және ҚК секретариаттарының көбін Франция, АҚШ, Германия, Ұлыбритения, Италия және Нидерланды жүргізеді.

ХЭК халықаралық стандарттарын екі екі түрге бөлуге болады:

-салааралық сипаты бар жалпы техникалық стандарттар;

-нақты өнімге техникалық талаптары бар стандарттар.

Бірінші түрге терминологияға, стандарттық кернеулер мен жиіліктерге, сынақтардың әр түріне арналған нормативті құжаттарды жатқызуға болады. Стандарттардың екінші түрі стандарттау нысандарының кең диапозонын -тұрмыстық қуат құралдарынан спутниктік байланысқа дейін қамтиды. Жыл сайын ХЭК бағдарламасына халықаралық стандарттау бойынша 500 – ден астам жаңа тақырып енгізіледі. МЭК 2 мыңнан аса халықаралық стандарттарды қабылдады. Олар мазмүны бойынша ИСО стандарттарынан нақтылықпен ерекшеленеді: оларда өнімге деген техникалық талаптар енгізілген ХЭК стандарттауының нысандарына ғана емес, сондай-ақ сертификаттау сәйкестілігінің қауіпсіздік бойынша стандарттарының талаптарына сәйкес расталуының қажетті элементі үшін маңыздылығы бар. Халықаралық саудада маңызды мәнге ие осы саланы қамтамасыз ету үшін, ХЭК нақты тауарлардың қауіпсіздігіне халықаралық стандарттар жасайды. ХЭК саласының қызметіне жарақат қауіптілігі, электрлік тоқпен зақымдану қауіптілігі, өрт қауіптілігі, жарылыс қауіптілігі, химиялық қауіптілік, жабдықтарға (дыбыстық, инфрақызыл, радиожиіліктік, ультрокүлгін, ионданған, радиациялық) сәуле шашырау қауіптілігі кіреді.Тұрмыстық электроқұралдар мен машиналар үшін қауіпсіздік талаптарын белгілеу бойынша ХЭК-те жүргізілген жүмыстардың маңыздылығын ескерген жөн. ТК61 «Тұрмыстық электроқұралдардар қауіпсіздігі» әр елде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге түрлі қатынас жасаумен байланысты барлық электротұрмыстық құралдар мен машиналарға деген талаптарды белгілейтін 40 – тан астам халықаралық стандарт шығарылған. Халықаралық стандарттардың осы салада дайындалуы ХЭК-те электротұрмыстық құралдар мен машиналарды олардың ХЭК халықаралық стандарттарына сәйкес болуы үшін сертификаттау жүйесін құрумен байланысты ерекше мәнге ие. Тәжірибе ХЭК халықаралық стандартының елдер – мүшелерде тікелей қоданылуы үшін ИСО стандарттарына қарағанда едәуір жарамды екенін көрсетеді. ХЭК стандарттарының әзірлену процедурасы ИСО-да пайдаланылатын процедураға ұқсас. ХЭК ИСО-мен стандарттаудың, сертификаттаудың, сыналатын зертханалардың аккредитациялануы мен әдістемелік аспектілердің маңызды мәселелері бойынша ИСО/ХЭК бірлескен жетекшілік пен директорлықты даярлай отырып қызмет жасайды. ИСО/ХЭК біріккен бағдарламалық комитеті, техниканың шектес салаларына қатысты мәселелер бойынша екі ұйымның жауапкершіліктерін бөлумен айналысып, олардың ортақ жұмыстарын жоспарлайды. Болашақта ХЭК және ИСО қызметі біртіндеп жақындайтын болады: бірінші саты – халықаралык стандарттарды дайындаудың ортақ ережелерін жасау, ортақ ТК құру (мұндай тәжірибе ақпараттық технология мәселелері бойынша бар), екінші саты – қосылу мүмкіндігі, оның үстіне көптеген елдер ИСО және ХЭК-те стандарттау бойынша бірдей органдармен таныстырылған.

You May Also Like

Баланың ақыл-ойын қалай дамытуға болады?

Баланың ақыл-ойын ерте жастан бастап түрлі жаттығулар жасау арқылы дамытады. Бірақ мұндай…

Қорғасын өндірісінің шаңдарын электртермиялық балқыту әдісімен кешенді өңдеу, дәріс жоспары

6 дәрістің Қорғасын өндірісінің шаңдарын электртермиялық балқыту әдісімен кешенді өңдеу Дәрістің конспектісі:…

Сәбіз жайлы қызықты мәліметтер

Сәбіз жайлы қызықты мәліметтер. Сәбіз бүкіл елде таралған өнім. Ол пайдалылығымен ғана…

Жәндіктер туралы жұмбақтар

Жәндіктер туралы жұмбақтар Бар екен бір мақұлық ұннан майда, Өз басын айдайды…